Жөкей ақын



ЖӨКЕЙ АҚЫН

Жұбаназар Асанов,
филология ғылымдарының докторы.
Ақтөбе

«Ақтөбе . ежелгі жыр мен күйдің мекені», . дейді академик Рахманқұл Бердібай. «Қазақта 400.ге тарта батырлар жыры бар, соның дені осы аймақта туған», . дейді профессор Тұрсынбек Кәкішев. Бұл білімпаздар ғылыми негіздемелерге сүйене отырып, Ақтөбе өңірін эпикалық ауданға жатқызады. Эпикалық жырларды тудырушылар ғана емес, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізген арқалы жыршылар да мұнда мол ұшырасқан. Мысалы, Н.Байғанин әрі эпик ақын, әрі жыршылық дәстүрді сақтаушы болған. Нұрпейісті өз үйінде әлденеше рет қонақ қылып, жыршылық өнерін тексерген Әбділда Тәжібаев: «Біз әдетте «Қырымның қырық батырын» Мұрын жырау айтты дейміз. Ол рас, бірақ бұл батырларды Нұрпейістің де бір кезде айтқанын ұмытпауымыз керек», . деп куәлік береді. Осылайша эпостардың ұрпақтан ұрпаққа жетуі өз кезегінде эпикалық жаңа жырлардың тууына себепші болған. Ақтөбе жеріндегі есте жоқ ескі заманнан атадан балаға жалғасқан ол дәстүрдің Совет дәуіріндегі көрнекті өкілдерінің бірі Жөкей Шаңғытбайұлы еді. Жөкей ақынның аты тұңғыш рет аталып отырған жоқ. Оның есімі Ә.Қоңыратбаевтың филология факультеттерінің 1.курс студенттеріне арналған «Қазақ фольклорының тарихы» атты оқулығына енген. Оқулықтың 244.249.беттерінде ақынның «Құл мен қыз» дастанына біршама талдау жасалынған [қараңыз: Ә.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. . Алматы, Ана тілі: 1991].
Жөкей 1901 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келеді. Бала кезінен осы аймақтағы жырланған эпостарды жатқа айтуға дағдыланады. Кейіннен өзі де жанынан дастандар шығарады, олары «Кене хан», «Елемес.Аман», «Құл мен қыз», т.б. Жөкей шығармаларын туысы Жәкібай Сағынбайұлы жатқа айтып, ел ішіне таратады. Жыршылық өнер қазір кейбіреулер айтып жүргендей оңай шаруа емес. Эпикалық жырларды жатқа білу . қиын іс, ал оны айтқанда ел.жұртты ауызға қаратып ұйыту . одан да қиын. Жыршылықтың әуезді дауыс, саз аспабында (қобыз, домбыра) шебер ойнаудан өзге де толып жатқан кілтипандары бар. Әр аймақтың өзіндік жыр айту машығы дейтін тағы бар.
Өкінішке орай Жәкібай, Садуақас, Құдабайлардан соң, Ақтөбе өңірінде бұл үздік өнер үлгісі мүлдем мүсәпір күйге түсті. Мұрағаттардан шаң басқан, күзелген, «түзелген», жүдеген эпикалық жырларымызды табуға болатын шығар, бірақ аймақтағы жыршылық үлгісін қайыра табу қиын шаруаға айналарына күмән жоқ. Отарлық езгі кезінде Ақтөбе облысын ұзақ уақыт басқарған өзге ұлт өкілдері жыршылық өнерімізді, аталған саңлақ өнерпаздарымызды кейін серіпті. Тәуелсіздік алғалы да нешеме жыл, әйткенмен, отаршылдар қалыптаған сол «дәстүр» әлі де өзінің берік ұстынын бұзбай, «өміршеңдігін» нақты іс жүзінде көрсетуде. Бұл орайда өзінің

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жөкей ақын

Жұбаназар Асанов,
филология ғылымдарының докторы.
Ақтөбе

Ақтөбе – ежелгі жыр мен күйдің мекені, – дейді академик Рахманқұл
Бердібай. Қазақта 400-ге тарта батырлар жыры бар, соның дені осы аймақта
туған, – дейді профессор Тұрсынбек Кәкішев. Бұл білімпаздар ғылыми
негіздемелерге сүйене отырып, Ақтөбе өңірін эпикалық ауданға жатқызады.
Эпикалық жырларды тудырушылар ғана емес, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізген
арқалы жыршылар да мұнда мол ұшырасқан. Мысалы, Н.Байғанин әрі эпик ақын,
әрі жыршылық дәстүрді сақтаушы болған. Нұрпейісті өз үйінде әлденеше рет
қонақ қылып, жыршылық өнерін тексерген Әбділда Тәжібаев: Біз әдетте
Қырымның қырық батырын Мұрын жырау айтты дейміз. Ол рас, бірақ бұл
батырларды Нұрпейістің де бір кезде айтқанын ұмытпауымыз керек, – деп
куәлік береді. Осылайша эпостардың ұрпақтан ұрпаққа жетуі өз кезегінде
эпикалық жаңа жырлардың тууына себепші болған. Ақтөбе жеріндегі есте жоқ
ескі заманнан атадан балаға жалғасқан ол дәстүрдің Совет дәуіріндегі
көрнекті өкілдерінің бірі Жөкей Шаңғытбайұлы еді. Жөкей ақынның аты тұңғыш
рет аталып отырған жоқ. Оның есімі Ә.Қоңыратбаевтың филология
факультеттерінің 1-курс студенттеріне арналған Қазақ фольклорының тарихы
атты оқулығына енген. Оқулықтың 244-249-беттерінде ақынның Құл мен қыз
дастанына біршама талдау жасалынған [қараңыз: Ә.Қоңыратбаев. Қазақ
фольклорының тарихы. – Алматы, Ана тілі: 1991].
Жөкей 1901 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келеді. Бала
кезінен осы аймақтағы жырланған эпостарды жатқа айтуға дағдыланады.
Кейіннен өзі де жанынан дастандар шығарады, олары Кене хан, Елемес-
Аман, Құл мен қыз, т.б. Жөкей шығармаларын туысы Жәкібай Сағынбайұлы
жатқа айтып, ел ішіне таратады. Жыршылық өнер қазір кейбіреулер айтып
жүргендей оңай шаруа емес. Эпикалық жырларды жатқа білу – қиын іс, ал оны
айтқанда ел-жұртты ауызға қаратып ұйыту – одан да қиын. Жыршылықтың әуезді
дауыс, саз аспабында (қобыз, домбыра) шебер ойнаудан өзге де толып жатқан
кілтипандары бар. Әр аймақтың өзіндік жыр айту машығы дейтін тағы бар.
Өкінішке орай Жәкібай, Садуақас, Құдабайлардан соң, Ақтөбе өңірінде
бұл үздік өнер үлгісі мүлдем мүсәпір күйге түсті. Мұрағаттардан шаң басқан,
күзелген, түзелген, жүдеген эпикалық жырларымызды табуға болатын шығар,
бірақ аймақтағы жыршылық үлгісін қайыра табу қиын шаруаға айналарына күмән
жоқ. Отарлық езгі кезінде Ақтөбе облысын ұзақ уақыт басқарған өзге ұлт
өкілдері жыршылық өнерімізді, аталған саңлақ өнерпаздарымызды кейін
серіпті. Тәуелсіздік алғалы да нешеме жыл, әйткенмен, отаршылдар қалыптаған
сол дәстүр әлі де өзінің берік ұстынын бұзбай, өміршеңдігін нақты іс
жүзінде көрсетуде. Бұл орайда өзінің жыршылық дәстүрін сақтап отырған, оны
жас ұрпақты тәрбиелеуде кеңінен қолдана бастаған Сыр бойынан өнеге алған
жөн дер едік...
Жөкей шығармаларын насихаттаған Жәкібай Сағынбайұлының жыршылық
шеберлігін баяндасақ, ұзақ әңгіме. Сондықтан аттамалап оның шәкірті
Сәдуақас жыршыға түсейік. Сәдуақас Құлжабайұлы немере ағасы Жөкейдің хисса-
дастандары, шежірелерін Жәкібайдан үйреніп, одан әрі жалғастырады. Жөкей
мұраларын жинақтап, баспаға беріп, жарыққа шығарамын деп көп арпалысады.
Советтік дәуірде ол мұратына жете алмай 80-жылдары дүниеден озады. Жиған-
тергені талапайға түсіп, көрінгеннің қолтығында кетеді.
Баршаға аян, жыршылар әлдебір дастанды бірден жырлай жөнелмейді,
әуелі желі тартып аңдысын аңдайды, тыңдаушыларын психологиялық жағынан
дайындап, бар ықылас-бейілдерін өзіне аударып алады. Сөйтіп көптің көңілі
құлаған дастанға ғана түседі. Бұл туралы академик Рахманқұл Бердібай:
Жыршылар жиналған жұртшылыққа ең алдымен өзінің репертуар құрамын
таныстырып, солардың көпшілік таңдаған біреуін ғана дауысқа салып,
белгілі бір шығармаға ғана жіп тағатын болған. Сонан кейін жырдың қысқаша
мән-жайы, бұрын мұны кім айтқаны қысқаша баяндалады, – деп жазады. Оның
өзін бастан-аяқ сүргіте бермейді, арасына адам сезімін, ақыл-ойын,
жадылап алатын парапсихологиялық амалдар қолданады. Жөкей туындыларын
жырлаған Сәдуақас желілерінің бірін қарайық:
...Жауһар гүлдей бақ ішінде ашылған,
Сөз сұлуы қалмай жерде шашылған.
Жақсы-жаман бұл дүниенің шырынын
Көзім көріп, денем сезді жасымнан.
Түйеге алған боз жорға аттай бұлғақтап,
Өтер дүние, кетер бір күн басыңнан.
Мынау заман жастарымның күні еді,
Домбыра алып, әр түрлі әнді қашырған.
Бұл дүниеден Ғали арыстан шер де өтті,
Дүлдүл мініп, зұлфықарын асынған.
Өткендерден талай ғибрат аларсың,
Көз жіберсең арттағы өткен ғасырдан.
Талай шешен, батыр, мырза ол да өтті,
Бір-бірінен күш-қайратын асырған.
Ойлап көрсең, жаратылыс заңдарын,
Өлмей, тозбай қалған бар ма асылдан? (қараңыз:
Жөкей Шаңғытбайұлы. Дастандар. Құраст., Ж.Асанов. – Алматы, 2007. 7-бет)
Бажайлай қарасаңыз, өмірдің тұрақсыз өткіншілігі туралы пәлсапа
қозғайтын мұндай жыр жолдары тыңдаушысының санасын өзге дүниеауи нәрседен
тазартып, ықылас-бейілдерін бірте-бірте өзіне аударта бастайды. Сөзімен
ғана емес, әсем даусымен, аспапта ойнау ерекшелігімен, сан алуан мақам
қолдануымен, жыр айту үстіндегі қимыл-қозғалысымен, ішкі сезімін көрсетер
мың құбылған кескін-келбетімен шаршы топты тегіс арбап өзіне қаратып алған
соң тақырып таңдау, оның ішінде нақтылы бір дастанды қалап алу жағын сөз
қылады:
...Жырлардың жаңа, тыңы бар,
Мұндай жырдың мыңы бар,
Жалған емес, тыңдаушым,
Кіршіксіз таза шыны бар.
Қиыншылық жылдарда
Отыз ай жатып ауырған
Жөкейдің зарлы мұңы бар.
Дүниеден кетті, шайырым,
Сөзімнің қандай міні бар.
Өзі өлсе де артында
Жеткізетін халқына
Мұрагері, тілі бар.
Айта берсем таусылмас:
Дәме сұлу, Айша қыз,
Кілем жайған, Шет Ырғыз,
Орқабай алып, Жанқожа
Жырлардан бастап толғайын,
Алтындай асыл сыры бар.
Қаласаңыз, жарандар,
Қызықтың менде бәрі бар.
Ал, тыңдасаң, Жөкейдің
Опасыз атты жыры бар,
Көк тазы деп те атайды,
Аузында сарттың қаны бар.
Егесін жаудан құтқарған
Адамнан зият жануар...
...Қаласаңыз, Жөкейдің
Ер Талайлы, Әйімдей
Махаббат үшін жан кешкен
Атақты Құл мен қызы бар...
...Сөйлесем қалай болады,
Жөкейдің бұл да сөзі еді,
Елемес пен Аманды.
...Күлдіргілі сөз айтсам,
Көңілді қайда қоясың?
Айтсам ба деп ұсынам,
Жөкейдің Ой-қыр қожасын.
...Төбемді көкке теңейін,
Айтсам кетем термелеп,
Айтысын бай мен кедейдің (қараңыз: Жөкей
Шаңғытбайұлы. Дастандар. Құраст., Ж.Асанов. – Алматы, 2007. 8-бет).
Сәдуақас желісін зерделей отырып, Жөкейдің Кене хан, Елемес-
Аман, Құл мен қыздан басқа Дәме сұлу, Айша қыз, Кілем жайған, Шет
Ырғыз, Орқабай алып, Жанқожа батыр, Опасыз жар, Ой қожа мен қыр
қожа дейтін дастандары бар екенінен мәлімет аламыз. Бұлар совет үкіметі
тұсында ашық айтуға болатындары. Ал айтуға тыйым салынғандары айсбергтің су
астындағы бөлігіндей тым көп болса керек. Оларына салауат, осы барын,
белгілісін игеріп алсақ та қисапсыз олжаның астында қалар ек.
Жөкейдің Құл мен қызы – совет тұсында бағы жанып, баспа бетін
көріп, кітапқа түскен бірден-бір дастаны. Қазақ ССР Ғылым Академиясының
М.О.Әуезов атындағы әдебиет институты 1964 жылы шығарған Батырлар жырының
үшінші томындағы 53 бетті (472-524 беттер) қамтитын, 1395 жолдық ұзақ жыр
35 100 данамен Қазақстан шегінде тегіс таралған. Редакциясын басқарғандар
Мәлік Ғабдуллин мен Мұхамеджан Қаратаев. Кітап аннотациясында: Құбықұл,
Құл мен қыз, Айдос батыр жырларымен де оқушы жұртшылық осы кітап арқылы
бірінші рет таныс болмақ, – деп атап көрсетіледі. Кітап кіріспесін жазған
профессор Мәлік Ғабдуллин: ...Бұл міндетті орындауға кіріскен институт
Батырлар жырының осымен үшінші томын баспадан шығарып отыр. Әрине,
батырлар жырының ең таңдаулы үлгілерін баспа жүзіне шығару ісі мұнымен
аяқталып қоймайды, – дейді.
Аңдасаңыз, Жөкейдің Құл мен қызын ең таңдаулы жырлардың қатарына
қосып отыр. Әйгілі ғалым мұнымен ғана шектелмейді, бұл туындыға кеңірек
тоқталып: Оқушы жұртшылыққа ұсынылып осы томға енген жырдың келесі біреуі
– Құл мен қыз жырының екі варианты бар. Бірі – халық ақыны Жөкей
Шаңғытбаевтан, екіншісі – Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы Науқанов
Бақтыгерейден жазылып алынған. Бұл кітапқа кіріп отырған Жөкей
Шаңғытбаевтың (Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Сұлуқопа советі, Жаңа ауыл
колхозының тұрғыны) варианты. Өйткені Бақтыгерей вариантынан гөрі Жөкей
варианты көркемдігі жағынан болсын, оқиға баяндауы жағынан болсын жинақы,
сұлу. Құл мен қыз жыры бұрын еш жерде басылмаған. Қалың оқушы жұртшылыққа
бірінші рет ұсынылып отыр, – деп ақ-қарасын анықтап ашады.
Жырда Балпаң байдың қызы Әйім мен құлы Талайлы арасындағы махаббат
хикаясы баяндалады. Бірде ұлан-асыр той өткізіп, біздің Қыз Жібек сияқты
Әйім сұлу да жардан жар таңдайды. Сол тойда Талайлы бас палуан атанып, аты
бәйгеден келеді. Жамбыны атып түсіреді. Әйім Талайлыға ғашық болып қалады,
бірақ құлға қосылуға рұқсат жоқ. Содан екеуі қашады. Қуғыншылар
соңдарынан жетіп жігітті өлтіреді. Ілгері кеткен қыз мұны білген соң өзін-
өзі суға тастап, мерт болады.
Ақтөбе облысының территориясында Құл, Қыз аталатын жерлер бар.
Жер атауына байланысты ескі аңыз бар. Ақын сол аңызды дастанына арқау
еткен. Дастан жайын жетік білетін профессор Әуелбек Қоңыратбаев та: ХІХ
ғасырдың соңына қарай туып, ел аузында сақталып келген жырлардың бірі –
Құл мен қыз. Оның оқиғасы Мақпал қыз сюжетіне ұқсас. Жырдың екі түрлі
нұсқасы бар: бірі – халық ақыны Жөкей Шаңғытбаевтан, екіншісі Бақтыгерей
Науқанұлынан жазылып алынған. Бұл екеуі де Ырғыз ауданының ақындары. Жөкей
нұсқасын Ырғыз ауданы Ұзынкөл ауылсоветіне қарасты орта мектеп мұғалімі
Бітірбаев жазып алып, Қазақ ССР Ғылым Академиясына жіберген. Бұл нұсқа
көркем, әрі қызықты, – дейді. Оны талдаған ғұлама ғалым: Жыр Құл мен
қыз аталса да, оқиға ертедегі құлдық қоғам өмірінен емес, қазақ халқының
берідегі тіршілік-тынысынан хабар береді. Мұнда қазақ өмірінің сан алуан
ерекшеліктері, шындығы мен болмыс бітімі молынан қамтылған. Жыр сонысымен
де құнды. Сол себепті Құл мен қыз сюжеті Мақпал қыз, Сұлушаш,
Құралай сұлулармен тұрғылас трагедиялық махаббат жырының көркем бір
үлгісі болмақ, – деген тұжырым жасайды.
Жөкей туындылары қанша тігісін жатқызғанымен Совет үкіметіне
жақпады. Тек ыңғайын тауып, орайын келтіріп профессор Мәлік Ғабдуллин ғана
жырда әйел теңсіздігі әңгіме болған, революциядан бұрынғы таптық жағдай
көрсетілген деген сияқты нәрселерді алға ұстап, өзі құрастырып отырған
кітапқа салып жіберген. Болмаса мұнда Балпаң байдың адамгершілік жағы да
(өңкей қара емес), ас та төк той жайы да, бәйге, палуан, жамбы сияқты
сайыс ерекшеліктері де, үй тіктіру, ас беру реті де, яғни, қазақ ғұрпы мен
этнографиясындағы озық жақтар кең қамтылған. Ұлы Октябрь революциясынан
бұрын да қазақтың қайыршы, азып-тозған халық болмағаны айқын көрініс
тапқан.
Жөкей Шаңғытбайұлы жаз Ырғызды жайлап, қыс Сыр бойын қыстап жүрген
көшпендінің отбасында дүниеге келген. Сондықтан оны тап мына жерде туды
деп кесіп-пішіп айту қиын. Арабша оқып сауат ашады. Кейін ұзақ уақыт
колхоз, совхозда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біржан-айтыскер ақын
Біржан сал
Біржан сал және оның ақындық айналасы
Автоматтық өрт сөндіру қондырғылары
Біржан Қожағұлұлы (1834-1897)
Жаңа тұрпатты ұстаз жаңарған қоғамға қажет
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774-1860) бастаған көтеріліс
Төлеген Қажыбайдың сөз өрнегі
Тайынша ауданымен қиыр солтүстік - батыста
Ақмола облысы - Солтүстік Қазақстандағы облыс
Пәндер