Негізгі туынды айқаспалар және оларды анықтайтын параметрлер



Мазмұны
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2

II. Негізгі бөлім
1. Негізгі айқаспалар және оны анықтайтын параметрлер ... ... ... ... ... . 4
2. Туынды айқаспалар және оны анықтайтын параметрлер ... ... ... ... ... 7


III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 2

II. Негізгі бөлім

1. Негізгі айқаспалар және оны анықтайтын параметрлер
... ... ... ... ... . 4

2. Туынды айқаспалар және оны анықтайтын параметрлер ... ... ... ... ...
7

III. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .. 16

Кіріспе

Қазақстан Республикасының президенті текстиль өндірісін жаңа деңгейде
дамыту және Қазақстан текстилін дүние жүзінің бірінші қатарына шығару
мақсатымен осы өндірісті жаңа, жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен
қамтамасыз ету, талшық шикізатын талшық түрінен бастап, сапалы бұйымдарға
дейін толық өндіру, текстиль өндірісінде жұмыс істейтің мамандар алдында
мақсат қойды. Дүние жүзінің дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін текстиль
өндірісі сапалы да кең ассортиментnі бұйымдар шығару қажет. Осы мақсаттарға
жету үшін текстиль өндірісінің алдында үлкен тапсырмалар қойылып тұр.
Халықаралық нарыққа шығудың негізгі бағыты бәсекелестікке қабілетті -
сапалы иірімжіп өндірісіy дамыту, маталар және дайын бұйымдар
ассортиментіy кеңейту болып табылады.
Маталар ассортиментінде үнемі өзгерістер болып тұрады. Сәні кеткен
және сұранысы жоқ маталар өндірістен алынады, ал ассортиментті жаңарту
шикізаттың жаңа түрлерін қолдану, матаның айқаспа суреттерін және өңдеудің
түрлерін өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Жыл сайын қазіргі заманның
талаптарына жауап беретін маталардың жаңа түрлері өндіріледі.
Ассортименттің осылай біртіндеп жаңаруы, маталар сапасына қойылатын
талаптардың үнемі жоғарылау шарттарында, тұрғындардың сұранысын
қанаттандыруға мүмкіндік береді.
Ассортименттің жаңаруына маңызды дәрежеде өндіріске енгізілген
шикізаттың жаңа түрлері және озат технологиялық процесстер, сонымен қатар
сәннің өзгеріп тұруы әсер етеді.
Мата немесе маталық бұйымдар – бұл иілгіш, қалыңдығы аз, берік,
салыстырмалы түрде енді және үлкен ұзындықтағы өнім.
Мата құрылымы деп негіз және арқау жіптердің өзара орналасуын, олардың
бір-бірімен айқасуы мен байланысын айтады. Матаның қасиеті жіптердің өзара
иілуімен анықталады, яғни жіптердің белгілі орналасуымен және матадағы
жіптердің және жіптегі талшықтардың өзара үйкелісу күшімен. Мата құрылымы
келесі факторларға тәуелді:
- мата өндірілетін иірімжіп түріне және шикізат құрамына;
- талшықтың құрылымы мен түріне;
- иірімжіптің сызықтық тығыздығына;
- негіз және арқау иірімжіптің сызықтық тығыздығының қатынастық
коэффициентіне;
- негіз және арқау жіптердің диаметрлері қатынасы
коэффициентіне;
- негіз және арқау бойынша айқаспа раппортымен анықталатын,
матадағы негіз және арқау жіптер айқаспасына, негіз және арқау жабындылар
жылжуына, матадағы жіптер қабатының санына;
- негіз және арқау бойынша мата тығыздығының қатысты
коэффициенті;
- матадағы жіптердің орналасуына әсер ететін, негіз және арқау
жіптердің керілісіне;
- тоқыма станогында маталарды шығарудың технологиялық
параметрлеріне;
- маталарды өңдеу түрлеріне.
Барлық аталған параметрлер жиынтығы мата құрылымын анықтайды. Мата
құрылымын оның физика-механикалық қасиеттері: беріктігі, ұзаруы, қаттылығы,
күлтелілігі, қыртыстанбауы, үйкеліске төзімділігі, гигроскопиялығы, ылғал
өңдеуде отыруы, жылу сақтағыш және басқа қасиеттері анықтайды.
Мата сирек, тығыз және орташа тығыздықты болуы мүмкін. Тығыздығын
жоғарылатумен матадағы жіптердің байланысы арта түседі, сонымен қатар,
беріктігі, тозуға төзімділігі артады, матаның қаттылығы, салмағы, қалыңдығы
артады, созылғыштығы, ауа өткізгіштігі азаяды. Басқа да қасиеттері
өзгереді.
Матаның тығыздығы – 100 мм мата аймағында болатын жіптердің саны.
Бұл көрсеткішті негіз және арқау бойынша анықтайды.
Мата фактурасы деп оның бетінің құрылымын айтады, ол жұмсақ,
бедерлі және түкті болуы мүмкін. Әртүрлі фактураны түрлі иіру әдісімен
алынған иірімжіпті қолданумен, иірімжіп ширатуын, матаның айқаспа суретін
және оны өңдеу түрін өзгертуімен алады.
Әртүрлі белгілеудегі маталарды шығарып, олардың сапасын жақсарту үшін
олардың құрылымын, тоқу станогына жіптерді сабақтау және матаны тоқудың
ерекшеліктерін жақсы білу қажет. Бұл оқу құралы текстиль мамандығының
студенттеріне маталардың ассортиментін, қасиеттерін, құрылымын және оларды
жобалау әдістерін зерделеуге арналған.

Негізгі айқаспалар және оны анықтайтын параметрлер

Негізгі айқаспаларға жаймалы, саржалы және сатинді айқаспалар жатады.
Негізгі айқаспалардағы негіз бойынша раппорт арқау бойынша раппортқа
тең

Негіз жабындыларының саны былай болуы мүмкін немесе
Осыған сәйкес немесе
Бұдан шығатыны .
Жаймалы асқаспаны (24,а-сурет) келесі параметрлермен сипатталады:
айқаспа раппорты ; жабындылардың жылжуы ; негізгі және
арқау жабындыларының саны , яғни әр негіз жіппен арқау жіп айқасады.
Жаймалық айқаспалармен өндірілген маталардың ішкі және сыртқы түрі
бірдей болады. Тоқыма станогында теориялық түрде бұл маталарды екі
ремизада, төменгі тығыздықтағы негіз жіппен өндіруге болады. Көптеген
жағдайда негіз жіп бойынша матаның тығыздығына байланысты станокта 4 немесе
6 ремизаларды сабақтауды қолдана отырып, шашыраңқы сабақтауды пайдаланады.
Жаймалы айқаспа барлық шарттарда раппортта бір жіпке келетін
қиылысулардың саны (және ) көп болғандықтан, матадағы
жіптердің ең төзімді санын береді, яғни раппорт шектеуінде әр жіпке екі
қиылысудан келеді.

24-сурет. Жаймалық (а) және саржалық (б,в) айқаспалар

Егер негіз және арқауда мата жіптерінің сызықтық тығыздығы бірдей
және негіз бен арқау бойынша технологиялық тығыздығы бірдей болса,
матаның құрылымы квадратты деп аталады.
немесе болғанда, мата бетінде сәйкес көлденең немесе бойлық
ши-ши алынады. Мұндай әсерді сызықтық тығыздықтағы әртүрлі жіптерді
қолданған кезде де алады.
Жаймалы айқаспа мақта, жүн, және зығыр-пенька тоқымашылығында кеңінен
қолданылады. Жібек өндірісінде жаймалы айқаспамен салыстырмалы түрде
шектеулі маталардың түрлері шығарылады.
Атлас және сатин айқаспалары келесі негізгі параметрлермен
сипатталады: айқаспа раппорты , жылжу .
Атлас айқаспасы (25,а-сурет) матаның сыртқы бетіне ұзын негізгі
жабындыларды және жалаң арқау жабындыларды жасайды. Негіз
жіптерден біркелкі жылтырақ беттік жасау үшін болуы қажет.

25-сурет. Атласты (а) және сатинді (б) айқаспалар; дұрыс емес атластар
және сатиндер (в,г)

Атлас айқаспасын тұрғызған кезде вертикальды жылжу есепке
алынады. Сатин айқаспасында (25,б-сурет) матаның сыртқы беті ұзын арқау
жабындыларынан және жалаң негізгі жабындылардан жасалады,
жабындылардың жылжуы горизонтальды . Сатин айқаспасында болуы
қажет.
Атлас және сатин айқаспалары бөлшекпен белгіленеді: алымы айқаспа
раппорты, бөлімінде жылжу (атлас үшін , сатин үшін ), яғни
, мысалы, атлас 5-2, сатин 83. сатинді және атласты айқаспалар үшін
және шамаларды бүтін сан болуы қажет және ортақ бөлгіші болмауы
қажет.
Мысалы, егер , онда , егер болса, онда егер
, онда .

26-сурет. Төрт бұрышты сатин айқаспасы

Жылжуды таңдаған кезде әржіптің жалаң жабындыларын алдыңғы жіптің ұзын
жабындыларының ортасына жақын орналастыру қажет. Мысалы, раппорты
болатын атлас немесе сатин айқаспалары үшін 3 немесе 4 тең жылжуды
таңдау қажет. Жылжулары тұрақты сатин мен атластарды дұрыс деп атайды.
Кей жағдайда тұрақты жылжуды қолдану мүмкін емес. Мысалы, болса, онда
2-ден 4-ке дейінгі кез-келген сан 6 бөлінуі керек, сондықтан мұндай
раппорты бар сатин немесе атлас айқаспаларын ауыспалы жылжулармен тұрғызу
қажет, атап айтқанда 2, 3, 4, 4, 3, 2 жылжуларды тізбектей отырып (25,в-
сурет), мұндай жағдайда дұрыс емес сатин немесе атлас алынады.
Тәжірибеде тізбектелінген жылжулары 1, 2, 3, 2 (25,г-сурет) бар
раппорты бар дұрыс емес сатиндер мен атластар кеңінен қолданылады.
Тоқымашылықта сатин және атлас айқаспалы маталарды өндіру үшін
көптеген жағдайда ремизаға жіптерді қатарлап сабақтау қолданылады.
Атласты және сатинді айқаспаларды қолданған кезде төрт бұрышты
атласты және сатинді таңдаған жөн. Олардың екі көрші жіптерінің
жабындылары төрт бұрышты құрайды (26-сурет). Оларға жататындар атластар
(сатиндер) 52; 53; 103; 107.
Төрт бұрышты атластар немесе сатиндер матаның бетінде тегіс біркелкі
жалаң жабындыларды береді. Атласты немесе сатинді айқаспалар жібек және
мақта тоқымашылығында кеңінен қолданылады.

3.2 Туынды айқаспалар және оны анықтайтын параметрлер

Негіз жіп бойынша 32-ден жоғары емес әртүрлі айқасқан жіптерден
тұратын ұсақ өрнек түріндегі тоқыма суреті бар және эксцентрикті немесе
кареткалы тоқыма станоктарында өндірілетін матаны ұсақ айқаспалы деп
атайды.
Ұсақ өрнекті айқаспа тобына туынды айқаспалар жатады. Оларды негізгі
айқаспалардың түрін өзгерте отырып алады, сондықтан оларды туынды деп
атайды. Туынды айқаспалар туынды жаймалы, саржалы, сатинді және атласты
айқаспалар деп бөлінеді.
Жайма айқаспаларының туындылары. Оларды негіз немесе арқау жіптердің
бағыты бойынша жалғыз жабындыларды күшейту жолымен немесе жаймалық
айқаспалы жіптердің екі жүйесінің бағыты бойынша бірмезетте күшейтумен
алады. Жалғыз жабындылардың күшейтілетін бағытына байланысты туынды
жаймалық айқаспаларды, негізгі және арқаулы репс, рогожка деп бөледі.
Негізгі репсті негіз жіптер бойы негізгі және арқаулы жабындыларды
көбейте отырып алады. Негізгі репсті бөлшекпен белгілейді, бөлімі негізгі
жабындыларды күшейту дәрежесін көрсетеді, ал алымы – бірінші негізгі жіптің
арқау жабындысын жоғарылату дәрежесін көрсетеді. Мысалы, негізгі репс 44
(27,а-суретін қара) раппорт шектеуінде негізгі және арқау жабындыларын 4
есе күшейту арқылы алынған. Негізгі репс үшін негіз бойынша раппорт жайма
айқаспасының раппортына тең, яғни . Арқау раппорты тең жайма
айқаспасының арқау раппорты көбейтілген жоғарылату дәрежесіне тең.
Қарастырылатын мысал үшін жіп. Матаның бетінде ұзартылған негізгі
жабындылардан матаның сыртқы және ішкі жақтарында көлденең ши-ши пайда
болады. Ши-ши бедерлігін жоғарылату үшін және болуы қажет.
Негізгі репсті айқаспалы мата тоқу үшін қатарлы және шашыраңқы сабақтауды
қолданады.

27-сурет. Репс:
а – негізгі; б – арқаулы

Арқаулы репс негізгі репс принципі бойынша жасалынады, бірақ арқау жіп
бағытында жайма айқаспасының негізгі және арқаулы жабындыларын күшейту
жолымен. Арқаулы репсті негізгі репске ұқсас белгілейді. Арқаулы репстің
арқау бойынша раппорты жайма өрімнің арқау бойынша раппортына тең, яғни
, ал негіз бойынша раппорт күшейту дәрежесіне пропорционал түрде
жоғарылайды. 9,б – суретінде болатын арқау репс 33 өрімі
көрсетілген. Арқаулы репс айқаспалы мата тоқыған кезде оның бетінде
ұзартылған арқау жабындыларынан ұзына бойы ши-ши пайда болады. Бедерлі ши-
ши өрімін алу үшін және . Арқау репсті мата тоқыған кезде
матаның 1 дм-дегі негіз жіптер санына байланысты сурет бойынша ремизкаға
негіз жіптерді сабақтау және қатарлы сабақтау қолданылады. Мұндай матаны
тоқу қиындау болады.
Репс айқаспасымен маталардың көптеген түрін шығармайды. Негізгі репс
айқаспасын матаның жиектерін жасау үшін қолданады.
Жайма айқаспаның раппортында тек бір жіп негіз немесе арқау бағытында
күшейткен кезде жартылай репс деп аталатын жайма алынады. Негізгі
жартылай репс бөлшекпен белгіленеді, алымы – бірінші негіз жіп бағыты
бойынша күшейту дәрежесін көрсетеді, ал бөлгіш - осы бағыттағы арқаудың
жалғыз жыбындысын көрсетеді. 28,а-суретінде мысал ретінде және
болатын 31 негізгі жартылай репс айқаспасы көрсетілген. Арқаулы жартылай
репстің алымы - айқаспа раппортындағы бірінші арқау жіп бағытындағы негізгі
жабындыларды күшейтуді көрсетеді, ал бөлімі – осы бағыттағы жалғыз арқау
жабындысын көрсетеді. 28,б-суретінде және болатын жартылай репс
31 айқаспасы көрсетілген.
Рогожка немесе панама айқаспасын негіз және арқау бағытында (29,а-
суретін қара) жаймалы айқаспаның арқаулы және негізгі жабындыларын бір
мезетте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоқыма материалдарды өңдеу
Маталардың құрылымдық түрлерін анықтау жайлы ақпарат
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Жібек маталардың ассортименті
C# Тілінің негіздері
С++ тілінің базалық жабдықтары. Препроцессор директивалары
Бульдозерлердің жіктелуі. Б-170М01бульдозерінің гидро жетегін талдау
Стандарттау объектілері
Borland c++ builder
Автоматты басқару жүйелері туралы негігі түсініктер
Пәндер