Салт-дәстүрлерді орнықтырудағы мұғалімдердің қызметі



Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Ауыл-бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті мен дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді» деп көрсетіп, әрқашан ауыл мектебіне ерекше көңіл аударады. [1]. Шындығында, ауылдағы ең қасиетті шаңырақ-мектеп. Оны жөнге келтірмей басқа мекемелерді түзей алмайсың. Ауыл мектебінің мәселесі-қазақтың елдігінің мәселесі. Бұл ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты мәселе екендігі әлемдік даму үрдісінен хабардар көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға аян нәрсе. Ал, мектептегі басты тұлға-мұғалім. Осы мұғалімдер әлеуеті жеке тұлғаны қалыптастырудағы практикалық іс әрекетті жүзеге асыратын ерекше әлеуметтік зиялылар тобы.
Адамның жеке басының қалыптасу заңдылықтары, біріншіден, өзіне, содан кейін халық тарихына, экономикасына, тілі мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оқу-тәрбие үрдісінде өткен ғасырдың 70-90 жылдары қол жеткізген жақсылығымызды жауып тастамай жоғалтқан асылымызды түгендеудің маңызы ерекше. Өйткені, ұлттық сипаттағы халықтық тәрбиенің, яғни шәкірт бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар, намыс, ождан, атамекен, ата-ананы құрметтеу, кісілік, имандылық сияқты қасиеттерді дарыту ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыратын мол мұра болып табылады. Яғни, оқушыларды өз еліне, халқына, дәстүріне, тіліне, тарихына жақындату, ұлттық нәрмен сусындату қандай қоғамда да үздіксіз жүріп жататын процесс. Ол өткен, кеңес дәуірінде біршама қысылыс көргенімен мүлдем тоқтап қалмай басқаша түр мен мән ала отырып дами берді.
Халықтық дәстүр мен салт, өнеге мен тәлім негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесі туралы және оның әдіс-тәсілдері жөнінде бұрынды-соңды аз айтылып, кем жазылған жоқ. Бұл адамзат баласының мәңгілік тақырыбы. Әр халық өзінің жас ұрпағы қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өскендігін қалайды және бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүрлерді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде қолданып келеді. Қай халықтың болсын ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесіне үңілсек, осыны көреміз. Алайда, ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс оқшау тұрған құбылыс емес. Өзінің өмір сүрген қоғамының бағыт-бағдарымен, оның заңдылықтарымен бірге жүріп отыратыны белгілі. Тіпті, жазу-сызуды білмеген, білім мен мәдениеттен мешеу тайпалық дәуірдің өзінде де өз ұрпақтарын өмірге бейімдеп тәрбиелеу, еңбекке, қолөнерге, аңшылыққа үйрету дәстүрі әрбір ұлт өмірінен өзекті орын алған.
Алайда, Кеңестік дәурен өмір сүріп отырған кезеңде, соның ішінде өзіміз қарастырып отырған 70-80-ші жылдары да Қазақстанның ауыл-село мектептеріндегі тәрбие жұмысының бағыты түбегейлі өзгеріске түсті. Кеңестік жүйе мектептердегі тәрбие жұмысын партиялық идеология
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ауыл мектебі. 2003. №4. 4-бет.
2. Джумалиева Л.Т. 1975-1995 жылдардағы қазақ мектептері (даму тарихы және тағылымы). Тар.ғыл.канд. Диссертациясы. Алматы. 1997. 159 б. (97-98).
3. Тұрлығұлов Т. Басты тақырып-халық педагогикасы. //Қазақстан мектебі. 1991. №8. 18-19 б.б.
4. Төлепбергенов Т. Мөлдір бастаулар.//Қазақстан мектебі.1993. №5.
45-46 б.б.
5. Мақсұтова Г.Халықтық қалып-дәстүрден. //Қазақстан мектебі. 1990. №8. 27 б.
6. Мәженова З. «Қызғалдық» - қыздар клубы. // Қазақстан мектебі.1991. №4. 42 б.
7. Кенжебаев Ғ. Наурыз тарихы. //Алматы ақшамы. 22 наурыз 2002 ж.
8. Қазақ ССР.Қысқаша энциклопедия. 1986...........
9. Ғабдуллина А.Ұлттық тәрбиеге ұмтылыс. //Қазақстан мектебі.1991. №4. 42 б.
10. Дүйісмағамбетов М. Біржанның інілері, Сараның сіңлілері. //Қазақстан мектебі. 1990. №3. 25-31 б.б.
11. Матажанов К. Рухани уыз. //Қазақстан мектебі.1990. №2. 25 б.
12. Ісләмжанұлы К. Қазақтың отбасы фольклоры. –Алматы: «Арыс» баспасы, 2007.-332 б.(83-116).
13. Төлепбергенов Т. Мөлдір бастаулар.//Қазақстан мектебі.1993. №5. 44-45 б.б.
14. Тұрлығұлов Т. Басты тақырып-халық педагогикасы. //Қазақстан мектебі. 1991. №8. 19 б.
15. Нағметуллаев С. Тәрбие ісіне – тың серпін. //Қазақстан мектебі.1993. №5. 25 б.
16. Жүсіпов Ө. Табыс тасқыны толастамайды. // Қазақстан мектебі.1991. №4. 25 б.
17. Кенжалин Ж. Ой тоғысында-отаншылдық қасиет. //Ақиқат. 2003. №11. 12 б.
18. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Атамұра.,1999. 51-б.
19. Егемен Қазақстан. 1997. 21 мамыр.
20. Оңтүстік Қазақстан. 1989. 10 қаңтар.
21. Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві. 355-қ., 2-т., 457-іс., 31-п.
22. ОҚ ОМА. 355-қ., 2-т., 575-іс., 289-п.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Салт-дәстүрлерді орнықтырудағы мұғалімдердің қызметі

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Ауыл-бұл халық
өмірінің бейнесі, мәдениеті мен дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің
қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана бізден ауыл мәселелеріне,
соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді деп
көрсетіп, әрқашан ауыл мектебіне ерекше көңіл аударады. [1]. Шындығында,
ауылдағы ең қасиетті шаңырақ-мектеп. Оны жөнге келтірмей басқа мекемелерді
түзей алмайсың. Ауыл мектебінің мәселесі-қазақтың елдігінің мәселесі. Бұл
ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты мәселе екендігі әлемдік
даму үрдісінен хабардар көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға аян нәрсе. Ал,
мектептегі басты тұлға-мұғалім. Осы мұғалімдер әлеуеті жеке тұлғаны
қалыптастырудағы практикалық іс әрекетті жүзеге асыратын ерекше әлеуметтік
зиялылар тобы.
Адамның жеке басының қалыптасу заңдылықтары, біріншіден, өзіне, содан
кейін халық тарихына, экономикасына, тілі мен мәдениетіне тікелей
байланысты. Оқу-тәрбие үрдісінде өткен ғасырдың 70-90 жылдары қол жеткізген
жақсылығымызды жауып тастамай жоғалтқан асылымызды түгендеудің маңызы
ерекше. Өйткені, ұлттық сипаттағы халықтық тәрбиенің, яғни шәкірт бойына
халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар, намыс, ождан, атамекен,
ата-ананы құрметтеу, кісілік, имандылық сияқты қасиеттерді дарыту ұрпақтан-
ұрпаққа жетіп отыратын мол мұра болып табылады. Яғни, оқушыларды өз еліне,
халқына, дәстүріне, тіліне, тарихына жақындату, ұлттық нәрмен сусындату
қандай қоғамда да үздіксіз жүріп жататын процесс. Ол өткен, кеңес дәуірінде
біршама қысылыс көргенімен мүлдем тоқтап қалмай басқаша түр мен мән ала
отырып дами берді.
Халықтық дәстүр мен салт, өнеге мен тәлім негізінде жас ұрпақты
тәрбиелеу мәселесі туралы және оның әдіс-тәсілдері жөнінде бұрынды-соңды аз
айтылып, кем жазылған жоқ. Бұл адамзат баласының мәңгілік тақырыбы. Әр
халық өзінің жас ұрпағы қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ізгі
ниетті, ар-ожданы мол болып өскендігін қалайды және бұл мәселені өзінің
тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданылып,
сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүрлерді
педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде қолданып келеді. Қай халықтың болсын ұрпақ
тәрбиелеу тәжірибесіне үңілсек, осыны көреміз. Алайда, ұрпақ тәрбиесі
қоғамнан тыс оқшау тұрған құбылыс емес. Өзінің өмір сүрген қоғамының бағыт-
бағдарымен, оның заңдылықтарымен бірге жүріп отыратыны белгілі. Тіпті, жазу-
сызуды білмеген, білім мен мәдениеттен мешеу тайпалық дәуірдің өзінде де өз
ұрпақтарын өмірге бейімдеп тәрбиелеу, еңбекке, қолөнерге, аңшылыққа үйрету
дәстүрі әрбір ұлт өмірінен өзекті орын алған.
Алайда, Кеңестік дәурен өмір сүріп отырған кезеңде, соның ішінде өзіміз
қарастырып отырған 70-80-ші жылдары да Қазақстанның ауыл-село
мектептеріндегі тәрбие жұмысының бағыты түбегейлі өзгеріске түсті. Кеңестік
жүйе мектептердегі тәрбие жұмысын партиялық идеология негізінде жүзеге
асырды. Партия маркстік-лениндік ілім негізінде идеологиялық жұмыстардың
міндеттерін белгілей отырып, оқушыларды коммунистік тәрбиеге бой
ұсындырудың басты бағыттары мен түпкі мақсатарын айқындап беріп отырды.
Жүйелеп көрсетсек, басты-басты мынадай бағыттар басымдылығы негізделді:
біріншіден, коммунизм жеңістеріне құлай сенген, сол үшін аянбай қызмет
ететін жан-жақты дамыған, маркстік-лениндік іліммен әбден қаруланған,
қоғамдық өмірге партиялық-таптық тұрғыдан қарауға дағдыланған, коммунизм
ісіне берілген адам тәрбиелеу;
екіншіден, жеткіншектер бойында еңбекке, социалистік меншікке деген
коммунистік көзқарас қалыптастыру;
үшіншіден, өскелең ұрпақты коммунистік мораль рухында тәрбиелеу,
социалистік қоғам қағидаларын бұзушылыққа, жеке меншіктік психологияға,
тоғышарлық пен буржуазиялық идеологияға төзбеу;
төртіншіден, оқушыларға кең эстетикалық тәрбие беру, оны мазмұны
социалистік, түрі ұлттық социалистік мәдениет үлгісінде жүргізу т.б. [2].
Әрине, бұл көрсетілген бағыттардың көпшілігі негізінен адамзаттық ізгі
ниеттерді мұрат тұтты. Мәселе, сол ізгі ниеттердің барлығының партиялық,
таптық коммунистік идеологияға бағынып, әміршіл-әкімшілік жүйеде жүзеге
асырылуында еді.
Міне, осындай жағдайда ата дәстүріміздің шашылғанын теріп, жоғалғанын
іздеудің өзі мүмкін болмай қалды. Ғасырлар бойы қалыптасып, талай ұрпақ
тәрбиеленген ұлттық үлгі-өнеге қайнарының мөлдірін ылайлап, көзін бітеуге
небары жетпіс төрт жыл қажет болыпты. Өкінішке орай, бірнеше ұрпақ халықтың
рухани қазынасының кәусарына сусындамай шет қалды. Нәтижесінде, жас ұрпақ
жеті атасын білмей, шыққан тегін қадағалау қаға беріс қалды. Көпшілік
жағдайда жастардың рухани жағынан азғандауға да бой ұрғандығы байқалды.
Десек те, қазақ халқы тамыры тереңге кеткен алып бәйтерек секілді. Мектеп
оқушыларының санасына социалистік жүйенің бірегейлігі мен жеңімпаздығын,
коммунистік партияның жасампаздығын әбден сіңіру болған кешегі өктем,
әміршіл-әкімшіл жүйенің үстемдік құрып тұрған мезгілінде-ақ Қазақстанның
ауыл-село мектептерінде тәлімдік маңызы зор шаралар кеңінен жүргізілген
екен. Соның бірі - ұлттық салт-дәстүрді мүмкіндігінше насихаттап, балғын
ұрпақ бойына жұғысты етуге жасалған әрекеттер еді. Мұны жүзеге асырудың
бағыт-бағдары мен өзіндік тәжірибесі де қалыптасты. Енді осы бағыттағы
атқарылған істер мен оның тәлімдік тәжірибесіне тоқталайық.
Оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселесі тікелей сабақ процесінде жүзеге
асып отырды. Бұған республиканың әр түпкіріндегі ауыл-село мектептерінде
жүргізілген озық тәжірибелерді талдай отырып, көз жеткізуге болады. Ойымыз
шашыраңқы болмас үшін мұны тек еліміздің батыс өңіріндегі Гурьев облысы
(қазіргі Атырау) мектептері тәжірибесін талдай отырып қана көрсетейік.
Себебі, мұнда жеткіншек ұрпаққа ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді
үйретудің, оларды оқушылар санасына сіңірудің бірсыпыра оңды тәжірибелері
де жинақталған болатын. Облыстың Мақат ауданындағы М.Баймұқанов атындағы
мектептің биология пәнінің мұғалімі М.Мұқашеваның Қазақтың ұлттық әдет-
ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін биология сабағында уағыздау тақырыбындағы
жеке тәжірибесінің тәлімдік мәні зор болды. Ол 9 сыныпта Баланың өсуі мен
дамуы, Емшектегі баланың гигиенасы сабағында бағдарламалық материалға
қоса Шілдехана тойы және бесік жөнінде мәлімет береді. Көшіп-қонудың
ерекшелігін ескере отырып, сәби қамын ойлаған ата-аналар бесікті табады.
Оның құрамында терең ой мен шеберлікті көрсететін бөлшектер бар. Сол
шағынүйшіктегі бала төсегі, шүмек, жөргек, жаялық, қолбау –бәрі
ойластырылып, ақылмен жасалған. Сондықтан да бала денесі, заттары, киімдері
таза, ұйқысы тыныш болып дұрыс өседі.
Сондай-ақ, 10 сыныпта Қолдан сұрыптау, өсімдіктер сорттарының, мал
тұқымдарының көп түрлілігінің негізгі себебі деген тақырыпты өткенде мал
өсіру қазақтың ұлттық дәстүрі, шаруашылығы болғанына, әркім өз күн көрісін
түзеу мақсатында өсімдіктердің мол өнім беретін сорттарын (тары, сұлы,
бидай), жануарлардың сүтті, етті тұқымдарын (түйе, жылқы, қой) сақтап
отырғандығына көңіл бөлінеді. Оқушылар қазақтың бірқатар дертті шөппен
емдеу тәсілімен танысады. [3].
Осы облыстың Ембі ауданындағы №3 орта мектептің география пәнінің
мұғалімі Е.Жиенқұловтың халықтық дәстүр идеяларын пайдалануға бағытталған
ізденістерін ерекше атауға болады. Кезектегі сабақтың мазмұнына байланысты
жер, су атауларының шығу тарихы, сол жерде өмір сүрген белгілі адамдардың
өмірімен, халықтың әлеуметтік-шаруашылық жағдайларымен байланыстырумен
қатар оқушыларды осы бағытта ізденістер жүргізуге тәрбиелейді. Халықтық
болжау үйірмесіне қатыстыру арқылы оқушыларды халықтық болжау тәсілімен
ауа райының өзгерісіне алдын-ала болжам жасауға үйретеді. Ал, Исатай ауданы
Амангелді атындағы орта мектептің мұғалімі З.Қарабалин химия пәнінің оқу
бағдарламасында қарастырылатын кейбір табиғи химиялық заттарды ата-
бабаларымыз тұрмыс-тіршілігінде, халықтық емдеу ісінде ежелден пайдалана
білгенін оқушыларға нақты мысалдармен қызықты баяндайды. Мысалы, оқушыларға
халқымыздың өте ертеден таза күкірттің емдік, залалсыздандырғыш қасиеттерін
білгенін, күкіртті маймен қосып, онымен адамның және малдың терісіне шыққан
қышыма жараларды, кейбір асқазан сырқаттарын емдегенін, күнделікті тұрмыста
мүсәтірді дәнекерлеуде, халықтық емдерде, кайрақ тасты металдан істелген
бұйымдарды өңдеудің пайдаланылатынын айтты. [4].
Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын,
мұраларын оқу процесінде пайдаланудың осындай озық тәжірибелері сөз жоқ,
республиканың басқа да аймақтарында жүріп жатты. Соның нәтижесінде, ұлттық
салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың, халықтық өнеге мен тәлімнің негізінде
шәкірттерге тәрбие берудің тың жолдары мен бағыттары анықталды. Бұлар
негізінен оқу процесінен тыс уақытта жүргізілген тәрбие жұмыстарының сан
қилы салаларында жүргізілді.
Қазақ халқы қыз баланы ерекше қастерлеп, жанұяда дүниеге келген қызды
ырыс деп бағалаған. Қыз өссе елдің көркі деп олардың жүрегін жылылыққа
бөлеп, жандарын жаманшылықтан алыс ұстап өсірген. Оның себебі, қыздар
болашақ ана, жар, жанұя тәрбиешісі екендігін ескергендігі. Осы орайда,
Алматы облыстық №4 мектеп-интернатында өткізілген Алтын күз кешінің
тәрбиелік маңызы жоғары болды. Мұнда қазақ қызының ұлттық тағамды бабымен
пісіріп, ақ дастархан жаюы, қонақты әдеппен, жылы шыраймен қабылдауын
сыннан өткізді. Осы кештің әсерінен кейін Ал, қәне, қыздар деген
сыныпаралық жарыс ұйымдастырылды. Онда ұлттық киім үлгілері, сый қонаққа
табақ тарту рәсімі жасалды. [5].
Инабаттылығымен өз ортасына әдептілік нұрын себетін қыздар тәрбиесіне
назар аудару Семей облысы Аягөз ауданы Сарыарқа орта мектебінде де жақсы
жолға қойылды. Қыздар бойындағы адамгершілік, нәзіктік, ақылдылық ана
сүтімен сіңіп, тәрбие нәрімен ұштала түсетіндігі ескеріліп осы мектепте
Қызғалдақ клубы құрылды. Клуб секторларының жұмысында эстетикалық тәрбие
берудің жан-жақты жолдары қарастырылды. Би өнерінің тылсым құпиясына
Сымбат секторларына қатысқандар үңілсе, Әсемдік әлемінде
секторындағылар қонақ күтуден бастап, үйді таза ұстап, онда гүл өсіру және
өзінің жеке басының мәдениетін қалыптастыруға машықтанды. Замандас
секторындағылар ұлттық салт-дәстүрдің әрі жанашыры әрі жалғастырушылары
болса, Шебер қолдар, Аспаздық өнер сыры, Кітапқұмарлар секторларының
да өздерінің атына сай көтерер жүгі мен жауапкершілігі мол болды.
Клуб жұмысының жанды істері жайында ай сайын шығатын Қызғалдақ
қабырға газеті қызықты материалдар беріп отырды. Мұның өзі клуб жұмысын әрі
насихаттау, әрі атқарылған істерге есеп беру шарасы еді. [6].
Қызылорда облысындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектебінде
Шаңырақ клубы тұрақты жұмыс істеді. Онда қазақтың ата салтынан әңгімелер,
ақсақалдармен кездесулер өткізіліп, домбыра үйірмесі, айтыс, терме айтуды
үйрету, ою-өрнек, кесте, киім тігу, тоқу, зергерлік бұйымдар жасау
үйірмелері жұмыс жасады. Клубқа кең зал бөлініп, оған қазақтың ұлттық ою-
өрнектері, қараша үй, зергерлік бұйымдар, киім-кешек, қазақтың әдет-ғұрпы
мен салтын бейнелейтін 200-ге жуық экспонат қойылды. Осындағы №7 орта
мектеп ұжымы оқушыларды ұлттық қолданбалы өнерге баулыды. Оны еңбек пәнінің
мұғалімі Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Б.Қалназаров
басқарады. Оқушылардың үйірмесінде жасалған 300-ге жуық небір сәнді ағаш
бұйымдар облыстық, республикалық көрмелерге қойылды. Мұғалім сабақта тек
еңбекке қана үйретіп қоймай, сонымен қатар оқушыларды шығармашылыққа
үйретіп, эстетикалық тәрбие берді.
Көктем мерекесі Наурызды тойлау жер шарының көптеген халықтарының
тұрмыс-салтында бірнеше ғасырлардан бері орын алған. Сірә, ежелгі Еуразия
даласын жайлаған көшпелілердің дүниетанымдық түсінігі мен көзқарасы Наурыз
тойының қалыптасуына әсер етсе керек. Өйткені, бұл мейрамды ежелгі гректер
де, чуваштар да түрліше атаулармен тойлаған.
Көне деректердің көпшілігі ежелгі Русьте христиан дінін қабылдағанға
дейін Жаңа жылды 1-наурызда қарсы алу дәстүрі болғандығын айтады. XVIII
ғасырдың басына дейінгі ағылшындардың жаңа жылды 26-наурызда тойлағандығы
жөнінен де хабарлар бар.
Қазақ қауымы Наурыз мейрамын ұлттық мейрам ретінде ислам дініне кіруден
бұрын-ақ тойлаған. VIII ғасырдан бастап Қазақстанның оңтүстігіне
шапқыншылық жүргізген арабтар Наурыз мейрамын тұншықтыруға әрекеттер
жасады. Халқымыз араб шапқыншылығы тұсында бір ғасырға жуық уақыт Наурыз
мейрамын ашық, бұқаралық той ретінде тойлай алмай қалды. Бірақ, осындай
қысымға да қарамастан бұл мереке мейрам болып қала берді. Халықтың көне
салт-дәстүрден, мәдени мұрадан бас тартпай оны жадында ұстауы арабтар
саясатының біршама өзгеруіне әкелді. Енді олар Наурыз мейрамына ислам
дінінің кейбір қағидаларын енгізуге ұмтылды. Мұндағы мақсат осы ұлттық
мейрам арқылы жаңа дінді қазақ даласында кеңінен тарату еді. Алайда, бұл да
күткен нәтиже бермеді. Өйткені, күні бүгінге дейін бұл мейрамда ұлттық салт-
дәстүрден тыс ислам дініне қатысты ешқандай шаралар атап өтілмейді.
Ендігі тыйым салу Кеңес дәуірінде орын алды. Халықты өз саясатына идіру
үшін коммунистер басқа да алдарқату тәсілдерімен бірге 1920жылдан бастап
Наурыз мейрамын тойлатуды кең насихаттап, көпшіліктің көңілінен шықты.
Бірақ, қазақ жеріндегі Кеңестер билігінің әбден орныққан тұсында Ұлыстың
ұлы күнін тойлауға қарсы идеологиялық күрес майданы қайта жанданды.
Нәтижесінде, 1926 жылдан бастап оны тойлауға тыйым салынып, асыра
сілтеушілік үстем болды. [7].
Осы бұқаралық мейрамның бір халыққа ғана тиісті ұлттық мереке емес,
жалпыхалықтық той қуанышы екені ұзақ уақыт ескерілмеді. Наурыз мейрамын
тойлауға тыйым салынған арнайы заң шықпаса да жергілікті жердегі
белсенділер өте қырағылықпен жұмыс жүргізгендігін байқалады. Мұның дәлелі,
Кеңес дәуірінің күшінде тұрған кездегі жарыққа шыққан еңбектердің өзінде
Наурыз тойына дұрыс түсініктеме берілді. Мәселен былайша: Наурыз тойы
ежелгі түркі тайпалары мен көптеген шығыс халықтарының мезгіл есебі бойынша
жыл басына санайтын наурыз айының бірінші күні өткізілетін Жаңа жыл немесе
көктем мерекесі. Наурыз тойында молшылыққа жоралғы ретінде наурыз көже
беріледі. Наурыз тойында кәрі-жас құшақтасып көрісіп, бір-біріне оң ниетін,
арман-тілегін, жыр тақпақпен айтатын болған. [8].
Міне, заңмен тыйым салынған шара болса Наурыз мерекесіне мұндай шынайы
дұрыс түсінік берілмеген болар еді. Осы орайда, 80-ші жылдардың екінші
жартысындағы қоғамдық өмірдің қайта құрылу процесі Ұлыстың ұлы күнімен
халықтың қайта қауышуын жақындата түсті.
Кейбір жерлерде ел жадынан шыға бастаған Наурыз тойы ел санасынан
мүлдем өшпеген еді. 1988 жылдан бастап 22-Наурызды көктем мерекесі, Жыл
басы ретінде тойлау дәстүрі қайта жанданды. Бұл халықтық мейрамды қандай
тарихи кезеңде де, қандай қоғамда да күшпен тыйым салып, жойып жіберудің
мүлде мүмкін еместігін көрсетіп берді. Себебі, бұл ата-бабаларымыздың
мұрасы. Ол халықтың тарихи санасынан терең орын алып, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғаса берді. Наурыз мейрамы құт-береке басы ретінде саналып, үнемі күн
астынан қайта көтеріліп, айналасына шуағын шашқан дәстүріміздегі жол-
жоралғы салт-дәстүрдің бәйшешегі. Осы бәйшешегімізді аялай ұстап, ұрпақ
сабақтастығын жалғастыру, оны одан әрі жетілдіріп сапасын арттыру бүгінгі
жас ұрпақтың міндеті.
Халқымыздың тамаша дәстүрі-Наурыз мейрамын өткізуде оқушылардың
шешендігі, өнерпаздығы айқындала түсіп, тәрбиеге нәр құйғандай болады.
Мысалы, Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан) Абай ауданындағы
Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебінің мұғалімі Д.Мұздыбаеваның бірінші
сыныпта өткізген Наурыз мерекесі бар бояуымен, ұлттық нақышымен көпшілікті
риза етті. Бұдан соң мереке мектептегі орта және жоғары сыныптарды жалғасын
тапты. Шәкірттер халық ауыз әдебиетінің бір-бір кейіпкері болып өнер
көрсетті. Осылардың ішіндегі озығы Н.Шәріпқанова жетекшілік ететін 9-шы
сынып оқушыларының қойылымы совхозда өткен Наурыз мерекесінде көрсетіліп,
мектеп ұжымының мақтанышына айналды. [9].
Сондай-ақ, 80-ші жылдары балаларға ұлттық тәрбие беруде теңдесіз құрал
болып табылатын айтыс, терме сияқты құнарлы көне өнеріміз қайта жанданды.
Халқымыздың ұмытылып кете жаздап қайта жанданған, тұла бойына қайтадан бұла
күш жинаған аймаңдай ақиық өнері айтысқа қатысушылардың қатары жыл сайын
жаңа талант, жас күштермен толыға түсті. Мектептерде ересектер айтысына
еліктеп балалар айтыстары мен термешілердің конкурс сайыстары өткізіле
бастады. Балалардың, әсіресе айтыс өнеріне деген құлшынысы ерекше болды.
Республиканың түпкір-түпкірінде жас айтыскерлер сахнаға шығып, келмеске
кетті деп жүрген айтыс өнерінің өміршеңдігін дәлелдеді. 1989 жылы өткен
қазақ тілі мен әдебиетінің бірінші республикалық олимпиадасы халқымыздың
маңдайына біткен осы бір қасиетті өнердің лайықты мұрагерлері бар екендігін
дәлелдеп берді. Осы олимпиада арқалы ақын - маңғыстаулық оқушы Мэлс
Қосымбаевты, ойлы айтыскер шымкенттік Айгүл Асанованы танытқан еді. Ал,
келесі жылы Жамбыл қаласында өткен екінші олимпиадада сөз сайысына түскен
Шымкет облысы Алғабас ауданы С.Ерубаев атындағы орта мектептің 10-сынып
оқушысы Серік Әбдуалиев, Қызылорда облысы Арал ауданы №57 орта мектептің 9-
сынып оқушысы Гүлдәурен Нәренова, Жамбыл облысы А.Суханбаев атындағы
мектептің 9-сынып оқушысы Алтынгүл Қасымбековалар жас та болса қас
шеберлердей өнер көрсете алды. Жалпы оқушылар айтысы ел мұрасын қастерлеп
сақтап, үкідей үлпілдетіп, сол шырайлы қалпында халқына қайта ұсынған
дүлдүл айтыскерлеріміздің соңында сенімді ізбасарлар, дауысы қуатты жас
өрен өсіп келе жатқандығын аңғартты. Уақыт өте келе кешегі мектеп
оқушыларының көпшілігінің еліміздегі айтыс өнерінің майталман шеберлеріне
айналғандығына куәміз. [10].
Сонымен, өткен ғасырдың 70-80 жылдары Қазақстанның ауыл-село
мектептерінде жүргізілген тәрбие жұмысы барысында оқушылар санасында
халықтық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды қалыптастырудың бірегей тәжірибесі
жинақталған екен. Сол дәуірдегі саяси жүйенің қарсылығы мен қысымына
қарамастан бәйшешектей бой көтере берген ұлттық дәстүр өзінің өміршеңдігін
көрсетте алды. Оны белгілі бір қаулы-қарарлармен тоқтату немесе тиым салу
мүмкін болмады. Себебі ол, сан ғасырлар бойы тозбай небір қиын кезеңдерде
де сарқылмай ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани байлығымыздың көзі болатын.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қоғамдық пікіріне сілкініс
жасаған тарихи сәт болғандығы баршаға аян. Мұның үстіне бүкіл елдегі
демократия мен жариялылыққа бағыт ұстау саясаты ұлттық дәстүр мен салттың ,
өнеге мен тәлімнің ерекше дамуына мол мүмкіндіктер берді. Осы орайда, тарих
тылсымына тереңдей бойлап, халық зердесіне байыптай үнілсек, ұрпақ тәрбиесі
қай елдің, қай кезеңнің болсын толғақты мәселесі болып келгеніне көз
жеткізу қиын емес.
Ежелгі Египеттің папирустарында, Вавилонның қыш кітаптарында, Сократтың
жазбаларында, орта ғасырлық пергаменттерде, әл-Фараби еңбектерінде жастар
қолдан шығып барады, үлкенге құрмет, кішіге ілтипат азайды, балалар
еңбектен жиренетін болды, дәстүрді силамайды деген сары уайым сазының
әрқашан қылаң беріп отырғаны соның дәлеліндей. [11].
Бұл көкейтесті мәселе қай ғасырда болсын тек халықтың өткен
тәжірибесіне сүйенгенде ғана сәтті шешімін тауып отырған. Ал халықтың
тәрбие саласындағы бай тәжірибесі, халық педагогикасы деп аталатын күрделі
жүйені құрайды. Ол халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, дінімен, тарихымен,
өнерімен біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне, қоғамдық даму
сатыларына қарай жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра.
Халықтық педагогиканы оқу-тәрбие жұмысына енгізудегі басты мақсат-
оқушыларды биік адамгершілікке, қайырылымдыққа, жоғары жауапкершілікке,
өзінің ұлтын, халқын, Отанын қастерлеп, оған қалтқысыз қызмет етуге
тәрбиелеу, олардың білімге ынтасы мен қызығушылығын көтеру, алған білімін
табиғат, тұрмыс, өмір заңдылықтарымен байланыстырып, тәжірибеде қолдана
білуге, олардың ойлау қабілеттері мен тіл шеберліктерін дамытуға,
тапқырлыққа, суырып салма шешендікке, әдемілік пен әсемдікке, алғырлық пен
ептілікке, ерлікке, тұрмыс қажеттерін өздері өндіретіндей кәсіптің түрін
таңдай білуге, еңбекқорлық пен шынайы шеберлікке үйрету.
Әлем халықтарының даму сатылары, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері
қаншалықты ала-құла болса, бала тәрбиелеу дәстүрлері де соншалықты сан
алуан.
Мысалы, кезінде эскимостардың арасында алғаш болған европалықтар мен
американдықтар олардың өз балаларын соншалықты еркін, бетінен қақпай
өсіретіндіктеріне таң қалған. Балалардың мұхит жиегіндегі мұз қабаттар
үстінде қатерлі ойындар ойнауы олар үшін үйреншікті жай болған.
Ал ацтектер болса, балаларын жан шошырлық тәсілдермен жазалайтын
көрінеді, мысалы, бастарын жанып жатқан оттың түтініне қақтаған. Оған
керісінше, әлі алғашқы қоғамдық құрлыс ыдырай қоймаған Полинезия, Орталық
Африка, Мадагаскар және Отты Жер тұрғындары балаларын мүлде жазаламайды
екен. Мұндай қызғылықты фактілерді, әрине жалғастыра беруге болады. Бәріне
ортақ түйін-халықтық дәстүрлі тәрбиенің, адамзаттың ғұмыр бойы жинақтаған
тәжірибесінің қортындысы екендігі. Оның күрделі болмысында әр кезеңдегі
ұғым-түсініктердің, қоғамдық сананы, діни сенім-нанымдардың айшықты ізінің
жататындығы. Оның көп қабатты қыртысынан уақыт озып, қоғам дамыған сайын
көне дәстүрдің қай-қайсысының болсын екшеліп, жаңарып, кәдімгі табиғи
сұрыптауды еске түсіретін, ұзақ іріктеу жолынан өтетіндігі көрінеді.
Сондықтан да халық педагогикасы қоғамның барлық сатысына да ортақ.
Өмірлік жалпы заңдылықтар адамзат мәдениетінің қол жеткізген дана
пікірлер мен асыл ойларға, тәжірибелік тұжырымдарға бай. Халықтың дәстүрлі
тәрбие ісі адамзат ойына әрқашан нәр беріп, байытып отыратын осы қуатымен
бүгінгі педагогиканың да алтын желісі бола алады. Оның үстіне халық
педагогикасы- тамашалауды ғана қажет ететін көне дәуір ескерткіші емес, ел
тұрмысында, адамдар қарым-қатынасы мен отбасылық өмірде әлі де белсенді
қызмет ететін тірі, жанды құбылыс. Сондықтан да ол педагогика ғылымының
негізгі нысанасы болуы тиіс еді. Бірақ, өкінішке орай, кеңестік педагогика
ғылымында халық педагогикасының жалпы даму заңдылықтары мен әр халыққа тән
ерекшеліктерін ашып, дәстүрлі тәрбие ісінің озығы мен тозығын саралау
тәжірибесі кешендеп қалды. [12].
Тек 80-ші жылдардың екінші жартысында ғана ұлттық дәстүр мен салттың,
өнеге мен тәлімнің дамуына мүмкіндіктер жасалынып, халықтың ғасырлар бойы
жасаған мәдениеті мен рухани әлемі жандана түсті. Осыған орай, халық
педагогикасының нәрімен суарылып, өзінің тәрбиелік нәрін күні бүгінге дейін
жоғалтпай келе жатқан киелі мұралардың көзін ашудың маңызы зор болды.
Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың, халықтық өнеге мен тәлімнің
негізінде шәкірттерге тәрбие берудің жолдары мен бағыттарын анықтауда
Гурьев облысының Махамбет, Ембі аудандарында біршама ұнамды тәжірибелер
жинақталды. Бұл аудандардың әдістемелік кабинеттері оқу-тәрбие жұмысын
демократияландыру, ұлттық өнеге, ата-бабаның салт-дәстүрін насихаттау,
адамгершілік-имандылық қасиеттерді оқушы санасына дарыту мақсатында оқу
жылының басында оқу-тәрбие жұмысын халықтық педагогика дәстүріне негіздеп
жүргізудің бірнеше баптан тұратын бағдарламасын жасап, оны жазбаша
әдістемелік ұсыныстар түрінде аудан мектептеріне таратқан. Онда Атамекен,
Елім-ай бағдарламалары, ежелгі ел тәрбиесі, қазақ балалар фолклоры
басшылыққа алынып, оларды оқу-тәрбие жұмысына енгізудің жолдары
көрсетілген.
Махамбет ауданында халықтық педагогиканың ықпал ету аясын кеңейту
мақсатында мектеп пен селоның бірлескен халықтық тәрбие орталығын және оның
бөлімшелерін құру, халықтық тәрбие салаларына ата-аналарды тарту көзделген.
Осы ұсыныстарға байланысты Алға, Фурманов, Қызылүй, Еспол орталау
мектептерінде ата-аналармен бірлескен халықтық тәрбие – Атамекен
орталықтары құрылып, оның түрлі салалары – Аталар алқасы, Әжелер алқасы,
әкелер мен аналар клубы, жас үйелмендер мектебі жұмыс жасады. Бұл салалар
өздерінің жұмыс бағыттарына сәйкес үйірмелер мен ынталық клубтарға,
факультативтерге жетекшілік жасап, оқушыларды халықтық салт-дәстүрлерге
тәрбиелеуге, білім-дағды беруге тікелей араласты. [13].
Халықтық педагогика негіздерін мектептерде пән ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбітшілік пен келісім елі
Ойлау ұғымына түсініктеме
Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы Қазақстан тәжірибесі
Мектеп пен отбасы ынтымақтығын орнықтырудағы мұғалім ролі
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Отбасының қазіргі жағдайы
Оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың рөлі
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Пәндер