Қазақстан мұнай газ саласының қазіргі жағдайы


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Қазақстан мұнай газ саласының қазіргі жағдайы2

Қазақстан мұнайын тасымалдау мәселелері5

Қазақстанда мұнай-газ өндіру саласында жұмыс істеп жатқан шетел компаниялары8

Пайдаланылған әдебиет13

Қазақстан мұнай газ саласының қазіргі жағдайы

Соңғы жылдары мұнай, газ саласы біздің республикамыздағы жетекші салалардың бірі болып саналады, ол барлық өндіріс көлемінің 45 % құрайды. 1997 жылдан бастап көмірсутегілерін өндіруді үнемі ұлғайтып отыру көзделуде.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан мұнай өндіру бойынша Ресейден кейін екінші орында, дүниежүзілік қауымдастықтағы 90 елдің алғашқы отыздығына кіреді. 1999 жылы Қазақстанда 25, 9 млн. т мұнай өндірілсе ол 1997 жылмен салыстырғанда 0, 6 % - ке көп. Дүниежүзілік өнімде Қазақстанның үлесі 0, 7 % болды. Қазақстан территориясында 202 мұнай және газ кен орындары бар. Болжам бойынша өндірілуі мүмкін мұнай қорының жалпы мөлшері - 7, 8 млрд. тоннадай, ал табиғи газ мөлшері - 7, 1 трлн. м³ деп есептелуде. Мұнай және газ қорларының 70 % - тейі Батыс облыстарда шоғырланған. Олардың басым көпшілігі сортаң аймақтарда, 5 км және одан да әрі тереңдікте жатыр. Өндіріске дайындаған 202 кенорнындағы мұнайдың конденсатпен қосып есептегенде 3 млрд. тонна да, табиғи газ қоры 2 млрд. м³ деп есептелуде. Көрсетілген қорларды 169 көмірсутек кенорындарынан алу көзделуде, оның 87-сі мұнай кенорны, 17 - газ, 30 мұнай-газ, 45 - мұнай және газ конденсат кен орны. Аталған қорлардың ауқымды үлесі 12 ең ірі кен орындарына келеді, оның жартысынан жуығы Теңіз, Королевск, Қарашығанақ кен орындарында жатыр. Каспий теңізі мен оның жағалауындағы кен орындарының келешегі зор, ондағы қор 12 млрд. тонна көлемінде. Теңіз бен Қарашығанақ кен орындарында келешекте жылына 40 млн. тонна мұнай және 30 млрд. м³ газ өндіру көзделіп отыр.

Қазір мұнай 55 кен орындарында өндіріліп отыр. Ең ірі кен орындарына - Теңіз (мұнай), Өзен (мұнай-газ), Қарашығанақ (мұнай-газ конденсат), Жаңа жол (мұнай-газ конденсат), Қаламқас (мұнай-газ) кен орындары жатады.

Каспий теңізі мен оның жағалауларының қазақстандық бөлімінде көмірсутектердің болжамдық қоры 7-17 млрд. тонна аралығында деп бағаланады. Жақын 10 жылдықтар ішінде болжамдық қорлар дәлелденген санатқа айналады деген үміт бар. Батыс сарапшыларының аңдысын аңдып берген бағасының өзінде Каспий бассейні мұнайының ең жоғары экспорттық потенциалы жылына 100 млн. тонна шамасында болмақ. Арал бассейнінің болжамдық қоры шартты түрде 2 млрд. тонна отын шамасында. Арал бассейнінің газ-мұнай потенциалының жоғары мөлшеріне және оның тасымалдау торабында орналасуына байланысты геологиялық барлау жұмыстары жақын арада жүргізілмек. Мұнай өндіруші кәсіпорындар 1999 жылы 30, 04 млн. тонна мұнай және газ конденсатын өндірді, оның ішінде 26 595 млн. тонна мұнай, 3, 3 млн. тонна конденсат, 7, 173 млрд. м³ табиғи газ. 1998 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда мұнай мен газ конденсатын өндіру 115, 8 %-ке артты, оның ішінде мұнай өнімі 112 %-ке артқан. Егер 1999 жылы өндірілген көмірсутектердің көлемі 30, 04 тонна болса, 2000 жылы 33, 5 млн. тонна болды, 2005 жылы 60, ал 2010 жылы 88 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр. 1999 жылы Республикада мұнай өңдеу көлемі 5955, 1 мың тонна, яғни 1998 жылмен салыстырғанда 70, 2 %. Мұнай өңдеудің заводтар бойынша көлемі:

Павлодар мұнай өңдеу заводы (ПМӨЗ) - 668, 1 мың тонна, яғни 34, 7 %;

Шымкент МӨЗ - 3382, 7 мың тонна, яғни 91, 7 %;

Атырау МӨЗ - 1884, 3 мың тонна, яғни 67, 1 %;

Өндірілген мұнай өнімдері:

жағар май 1287, 3 мың тонна - 70 %;

авиакеросин 56, 5 мың тонна - 24, 5 %;

дизель отыны 1819, 4 мың тонна - 72, 5 %;

мазут - 2167, 7 мың тонна -74, 2 %;

сұйық газ 184, 5 мың тонна - 94, 6 %;

Мұнайдың әлемдік бағасының тоқтамастан өсуінің және қазіргі салық заңының жетілмеуі салдарынан мұнайды отандық мұнай өңдеу заводтарына тасымалдау экономикалық тиімсіз болып отыр. Мұның себебі:

мұнай өндіруші компанияларға мұнайды МӨЗ-на сатудан гөрі, шетке сату пайдалы, өйткені кедендік салық мұнай бағасының 0, 2 % - ін ғана құрайды. (мұнай бағасы 70 доллар болса, кедендік салық 14 цент қана т. б)

ал мұнайды отандық МӨЗ-на сататын болса, компаниялар қосымша құн салығына 20% төлейді. Есептеулер көрсеткендей, егер МӨЗ-ға сатылған 5, 9 млн. тонна мұнайдың орнына елдің ішкі рыногы қажет етіп отырғандай 12 млн. тонна мұнай сатылған болса, онда 1 тонна мұнайдың бағасы 100 доллар болғанда бюджетке қосымша 71, 2 млн. тонна және 101, 7 млн. доллар түскен болар еді.

Егер мұнай экспортымен айналысатын компаниялар бюджетке азғантай кедендік салықпен шектелсе, мұнайды қазақстандық МӨЗ-ға сатумен айналысатын компаниялар жалпы товар айналымының 20 %-ін құрайтын қосымша құн салығын төлейді (НДС-ҚҚС) . Яғни, екі жақта бір саламен айналысқанмен әр түрлі экономикалық жағдайда болады, мұндай жағдайларды түзеу жолдары төмендегідей:

Отандық МӨЗ-не сатылатын мұнайға салынатын ҚҚС жою;

Экспорттық мұнайға салынатын баж салығының мөлшерін отандық салығына теңестіру;

Баж салығын ҚҚС-тен көбірек етіп тағайындау;

2000 жылы мұнай және газ конденсат өнімдерін 33, 7 млн. тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр, ол 1999 жылмен салыстырғанда 4 млн. тоннаға артық, оның 30, 3 млн. тоннасы мұнай. Мұнай өндірудің өсімі «ТШО» бірлескен кәсіпорны, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг, Құмкөл компаниялары арқылы қамтамасыз етілмек.

Болжамдық қоры 13 млрд. т жететін Каспий теңізі қойнауындағы барлау жұмыстары одан әрі жалғастырылады. Шығыс Қашаған учаскесінде 4, 5км тереңдікте жүргізілген барлау-бұрғылау жұмыстары болжамның дұрыс екенін дәлелдеп берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 24 желтоқсанында қабылдаған № 1978 қаулысында 2000 жылы экспортқа шығатын мұнайдың мөлшерін 22 млн. тоннадан асырмау көзделген.

Қазақстан мұнайын тасымалдау мәселелері

Мұнайды сыртқа тасымалдау мәселелері 2000 жылдан бері айтылып келеді. Қазақстан Республикасы мен Ресейдің арасындағы 2000 жылдағы Хаттамасында отын энергетикалық комплекстерді ұлғайту жөніндегі келісімге және осы келісімді өзгерту және толықтырулар кіргізу жайлы Ресей Қазақстан мұнайын Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы және «АК Транснефт» ААҚ-ның мұнай құбырлары жүйесі арқылы 9, 5 млн. т дейін мұнайды шет елдерге шығаруға тиісті, оның 8, 5 млн. тоннасы алыс, 1 млн тоннасы жақын шет елдерге жөнелтіледі, осы келісімнің аясында қазақстандық өндірушілер өзара тиімді жағдайда өз мұнайын Ресей заводтарында өңдеп, мұнай өнімдерін Ресейде және шет елдерде сатуға мүмкіндік алып отыр.

Қазіргі кезде шетке тасымалдаудың басты бағыттары - Атырау-Самара, Кеңқияқ - Орск, Ақтау теңіз порты және темір жолдар торабы болып отыр. 2000 жылдың басынан бастап, Ресеймен қол жеткен келісім бойынша оның территориясы арқылы тасымалданатын мұнай мөлшері 9-14 млн. тоннаға дейін өспек, бұған Махачкала-Тихорецк-Новороссийск маршруты қосылмақ.

КТК-дан басқа Каспий аймағының мұнайын тасымалдауға Батыс Қазақстан - Қытай, Ақтау - Баку - Тбилиси - Джейхан, Қазақстан-Түркменстан - Иран сияқты балама жобалар жасалуда.

Мұнайды сыртқа шығару мүмкіндігін арттыру мақсатында Атасу станциясында (бекетінде) мұнай қотару темір жол эстакада комплексінің құрылысы аяқталды.

Құмкөл мұнайын Павлодар МӨЗ-на Шолаққорған мұнай айдау станциясы арқылы жеткізудің екінші тәсілі қарастырылуда.

«Казтрансойл» компаниясы Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының технико-экономикалық зерттеулерін жүргізіп жатыр, егер ол салынған жағдайда КТК құбырлар жүйесі және Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнайдың көлемін едәуір ұлғайтуға болар еді. КТК мұнай құбырын салу Қазақстан мұнайын тікелей Қаратеңіз жағалауларына шығаруға мүмкіндік туғызады.

Мұнайды Түркия арқылы Джейхан терминалына, Иран, Болгария, Греция, Қытай арқылы Тынық мұхитының Шығыс жағалауына шығарудың экономикалық, саяси жолдары қарастырылуда. Ұзындығы 1730 км болатын Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырын салу саяси жағынан маңызды жоба болып есептелінеді. Ол жылына 50 млн. тонна мұнайды өткізе алады, жобаның құны 2, 4 млрд АҚШ доллары.

Қазақстан-Түркменстан-Иран (Парсы шығанағы) мұнай құбыры жобасы географиялық жағынан алып қарағанда Қазақстан мұнайын Ақтаудан Иран порттарына танкерлерімен тасымалдау анағұрлым тиімді. Бұл жобаға қатысты шешілуге тиісті кейбір техникалық, технологиялық және саяси мәселелер бар.

Қазақстан Республикасы үкіметі және Қытай ұлттық мұнай - газ корпорациясы арасында жылына 20 млн. тонна мұнай өткізе алатын Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбырын салу жобасы жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл жобаның технико-экономикалық негіздемесі 1997 жылы біткенімен қаржы мәселесі шешілмегендіктен жоба бойынша жұмыстар тоқталып отыр. Мұнайды ішке, сыртқа тасымалдау, кәсіпорындарды басқаруды жақсарту, инвестиция тарту барлық ірі мұнай құбырлары үшін бірыңғай тарифтік саясат жүргізу мәселелерін шешуде Қазақстанның экономикалық мүдделерін сақтау мақсатында өкіметтің қаулысымен «Казтрансойл» мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы құрылды, оған қарайтын мұнай құбыр торабының жалпы ұзындығы 6300 км, ал су құбырларының ұзындығы 3400 км. 1999 жылғы тасымалдаған мұнайдың көлемі 25 млн. тонна, ол 1998 жылмен салыстырғанда 895 мыңға артық.

«Казтрансойл» МТҰК көптеген жобалар бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, олар: Атырау-Самара мұнай құбырының өткізу қабілетін арттыру; Павлодар-Шымкент мұнай құбырының Қарақайың-Атасу учаскесін қайта құру; Ақсай-Үлкен Шаған-Атырау мұнай құбырының жобасы т. б;

Компания Ақтау портынан Дюбендиге (Әзірбайжан) танкермен мұнай тасымалдаумен айналысып жатыр, осындай жұмысты Ақтау-Махачкала маршруты бойынша жүргізбек.

Қазақстанның ішкі рыногының шектеулі болуына байланысты Республиканың сыртқа жылына 100 млн. тоннадай (күніне 200 мың баррель) мұнай шығаруына мүмкіндігі бар. Қорыта келгенде 1999 жыл барысында еліміздің отын-энергетикалық кешені даму үстінде болды. 1998 жылдың аяғындағы мұнай бағасының құлдырауы Қазақстан мұнай-газ кешенінің жұмысына кері әсерін тигізді. Осындай қиын кезеңде ҚР үкіметі мұнай-газ саласына қолдау көрсетті. Мұнай мен мұнай өнімдеріне салынатын жол салығын акциздерді реттеу жөнінде келелі мәселелер шешілді. Мұнай тасымалдау тарифтерін есептеу әдістемесі қабылданып, мұнай өңдеу тарифтері реттелді, сондай-ақ ҚҚС бір жолға қойылды және т. б.

Қолданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан экономикасының жетекші саласы алдағы мақсатын орындап шықты - өндіріс қарқынын бәсеңдетпей өсу тенденциясын сақтап қалды.

Алдағы қиындықтарға қарамастан еліміздің дербестігін қамтамасыз ету жобасы орындалатын іс. Мұндай қорытындыны Республика мұнай-газ саласының минералдық шикізат базасының қал-жағдайы растайды.

Маңғыстау облысындағы мұнай өндірудің көлемі азаюының себебін ондағы мұнай қорының қиын алынатындығымен түсіндіруге болады. Кен орындарының 70 % іргелі шығындарды қажет етеді. Батыс Қазақстанға қазір 25, 56 млн. тонна мұнай өндіріледі. Яғни, бүкіл өндірістің 93 % -і (1кесте) .

Маңғыстау және Атырау облыстарында мұнай қорының 73 % жатыр. Атырау облысында 1996 жылмен салыстырғандағы өндірілген мұнай көлемінің едәуір өсуін ТШО ЖШС бірлескен кәсіпорны қамтамасыз етті.

1 кесте

ҚР-дағы облыстар бойынша мұнай өндіру, млн. т

Облыс: Облыс
1996ж.: 1996ж.
1999ж.: 1999ж.
Облыс:

Атырау

Маңғыстау

Ақтөбе

1996ж.:

7, 7

8, 6

2, 6

1999ж.:

11, 9

5, 6

2, 5

Қазақстанда мұнай-газ өндіру саласында жұмыс істеп жатқан шетел компаниялары

TEXACO INTERNAIONAL PETROLEUM CO команиясы Қазақстан рыногына 1970 ж. келді, 20 % акцияны сатып алып «Agip/Eni», «Britis Gas u Lukoil» компанияларымен бірлесе отырып Қарашығанақтағы алып кен орнын игеру бағдарламасын орындауда сенімді серік болды, ол кезде Texaco мен ҚР үкіметі арасында өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылған болатын. Кен орынның геологиялық қоры 1, 2 млрд. газконденсат және 1, 35 млрд. м³ газ, ол Оралдан 16 км жерде орналасқан. Кен орны 1979 жылы ашылып, оны игеру 2000 жылға белгіленген болатын. Күнделікті 100 барр. конденсатпен 450 млн. стандартты фут³ газ өндіріледі.

1998 жылы компания 65 % акцияларды иемденіп, Солтүстік Бұзашыдағы геологиялық барлау бағдарламасының операторы және серігі болды. Солтүстік Бұзачдағы кен орны Ақтау қаласынан 240 км жерде - мұнай қоры - 215-285 млн. тонна. 1998 жылы компания жобаның коммерциялық мүмкіндіктерін анықтау үшін мұнай газ қорын біртіндеп анықтау бағдарламасына кірісті. Қазіргі кезде күнделікті 2-2, 5 мың. баррель мұнай шығарылады. Жұмыс істейтіндердің 70 % жергілікті халық өкілдері.

Маркетинг саласында Texaco Алматы мен Астанада бензин құю станцияларын ашып отыр, олар халықаралық стандарттарға сәйкес салынған және қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындайды.

EXXON MOBIL Қазақстанмен байланысы 1993 жылы басталды. Ол кезде компания АҚШ жағынан Каспий теңізінің Қазақстан бөліміндегі көмірсутек потенциалын игеріп жатқан Каспий консорциумдағы бірден-бір мүше болатын. 1996 жылы консорциумның жұмысы аяқталған соң Қазақстан бөлімінің 12 блогы барлау жұмыстарына іріктеліп алынды. Осы жұмыстарды атқару үшін жаңа консорциум - ОКИОК құрылды. Бұл консорциумдағы компанияның үлесі 14, 3 %. Барлау бұрғылары 1999 жылдың тамызында басталды. EXXON MOBIL-ға теңіз мұнайын өндіріп жатқан «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорынның 25 % акциясы қарайды. ТШО акцияларын 1996 жылы сатып алғаннан бері мұнай өндіру көлемі күніне 100 мың баррельден 220-ға өсті, ал 2000 жылдың аяғына қарай күніне 260 мың бар-ға жетті. Компания сондай-ақ Каспий құбырлар консорциумының (КТК) 7, 5 % акцияларына ие. КТК теңіз мұнайын Қара теңіз арқылы Новороссийск портына тасымалдайтын құбыр салуда. Компанияның Алматыда май құятын екі станциясы бар және MOBIL маркалы өндірістік және машина майларын дистрибьютерлік жүйелер арқылы таратумен айналысады.

CHEVRON (Теңізшевройл) . 1990 жылдың, сәуірінде Қазақстан мен CHEVRON компаниясы Теңіз кен орнының бірлесіп (50х50) игеру мақсатында «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны құрылды. Қазіргі кезде бұл кәсіпорында Шевронның 50 %, Қазақойлдың 20 %, Ексон мобилдің 25 %, Lukarko-ның 5 % үлестері бар. 1979 жылы ашылған Теңіз мұнай кен орны әлемдегі ең терең әрі ірі кен орны болып есептеледі. 1990 жылдан бері ТШО мұнай өндіруді күніне 60мың баррельден - 215 мың баррельге дейін жеткізді. Жаңа заводтың іске қосылуына байланысты бұл көрсеткіш 260 мың баррельге жеткізіледі.

Мұнай өнімін жылына 17 мың тоннаға жеткізу мақсатында ТШО келесі жылдарда қосымша 1 млрд. доллардан аса қаржы енгізбек. ТШО стратегиясы маркетинг пен әр түрлі шикізаттарды (мұнай, сұйық газ, табиғи газ, күкірт) тасымалдаудың жан-жақтылығы мен сенімділігіне бағытталған. Қазіргі кезде мұнай темір жолымен, құбыр арқылы және баржалармен тасымалданады. Ең басты порттар - Қара теңізде - Одесса, Феодессия, Батуми, әрі қарай мұнайды Шығыс және Батыс Европа елдеріне мұнай танкерлерімен жеткізіледі.

ТШО-ның Қазақстанға тікелей төлеген ақшасы 1999 жылы - 330 млн. доллар болды (бұған қазақстандық мамандардың жалақысы, Қазақстан жабдықтаушыларының тауарларының бағасы мен көрсеткен қызметтерінің ақысы, «Қазақстан темір жолы», «ҚазТрансойл» компанияларына төленген қаржылар, үкіметке төлеген салықтар мен роялти, «Қазақойл» ҰМК - на қайтарылған қарыздары кіреді) . 2000 жылдың алғашқы алты айындағы төлемдер 400 млн. долларға жетті, ал жылдың аяғында 900 млн. доллардан асты. Қазіргі кезде ТШО штатында 68 % Қазақстан мамандары (басында 50), яғни 2200 қазақстандық азаматтар бар. Бұдан басқа ТШО-ның мердігерлік компанияларында 50 000 астам қазақстандықтар жұмыс істейді. 1996 жылы Шеврон Алматыда, 1998 жылы Астанада және Атырауда май құю станцияларын ашты.

Шеврон КТК-дағы ең ірі жекеменшік инвестор болып есептелінеді (15 %) . КТК құрылысы аяқталу кезінде инвестициясы - 750 млн. долларды құрайды. Қазір теңіз терминалы салынып жатыр.

OFFSHORE KAZAKHSTAN INTERNATIONAL OPERATING COMPANI (OKIOС) компаниясы Нидерланд корольдігінде Солтүстік Каспий акваториясында алты жылдық барлау жұмыстарын жүргізу үшін тіркелген. Консорциумның акционерлері болып 9 әлемге әйгілі компаниялар кіреді: Agip (14, 29 %), BP Amoco Kazakhstan ltd. (9, 5 %), British Gas International (14, 29 %), Inpex North Caspian Sea Ltd. (7, 14 %), ExxonMobil Kazakhstan (14, 29%), Philips Petroleum Kazakhstan Ltd. (7, 14 %), Shell Kazakhstan Exploration B. V. (14, 29 %), Statoil (4, 8 %), Totalfina Elf (14, 29 %) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасының мұнай газ саласының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасының газ өнімдерін пайдалануы
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі: тарихи аспектісі (1991-2007 жж. )
Экономикалық тәуекелділікті басқарудың теориялық негіздері
Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілігінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІМЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан Республикасы машина жасау өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайы мен болашағы
Мұнай туралы түсініктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz