Қаржылық талдаудың мәні және мақсаты



Мазмұны .

Кіріспе .
I
1.1. Қаржылық талдаудың мәні және мақсаты.
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық көзі. қаржылық есеп беру.
1.3. Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері және қаржылық жағдайды бағалау.
1.4. «Наурыз 5» ЖШС.нің даму тарихы, өндірістік кезеңдері, қызмет аясы. .

II . “ Наурыз 5” ЖШС.нің активтері мен пассивтерінің құрамы мен құрылымын талдау.

2.1. Кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымын талдау.
2.2. Кәсіпорынның меншікті капиталының айналымдылығын талдау.

III . “ Наурыз 5” ЖШС. нің қаржылық жағдайын бағалау және оны жақсарту бойынша ұсыныстар. талдау .

3 .1 . Баланс өтімділігін талдау .
3 .2 . Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
3 .3 . Қаржылық тұрақтылық жағдайын бағалау және оны жақсарту бойынша ұсыныстар.( бизнес жоспар)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болады .
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіліуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді .
Есеп тіркемелеріне шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі , көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті . Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет .
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді , кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап , соны басшылыққа ұсынуы керек , яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын , қаржы менеджментіне дейін өсіп айтарлықтай кеңейеді .
Қоғамда қаржылық талдау берудің орынсыз тілегінен емес , өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайды : салмақ , ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай , біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта болмасын бұл өтте маңызды . Қазіргі қоғамның әкімшілік - әміршілік жүйеде шығып , нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі . Басқаша айтқанда , жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік , басқарушылық , қатаң орындаушылық тәртіп ұқыптылық және үнемділік пен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері .
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекет талап етеді . Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда , материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп , тот басып жатуына , яғни миллиондаған теңгенің доғарылып , бекерге ысырап болуына жол бере алмайды . Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелуі үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді .
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып , олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты . Атап айтқанда , ішкі және сыртқы рынокты білікті серікті таңдауға қол жетті , өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады .
Дипломдық жұмыстың
Дипломдық жұмыстың объектісі – ның қаржылық жағдайы .
Дипломдық жұмыстың өзектілігі бұл қазіргі нарықтық экономика жағдайында кез – келген кәсіпорын сияқты “ ” ЖШС ның қаржылық тұрақтылықты қамтамсыз ету бұл оның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін, төлем қабілетін несие қабілеттілігін қамтамасыз етумен байланысты болғандықтан оның қаржылық жағдайын талдаудың маңыздылығында болып отыр .
Тақырыпты ашу мақсатында дипломдық жұмыста 3 тарау бойынша зерттеу жүргізілді . Бірінші тарауда қарастырылды. Екінші тарауда қарастырылды. Үшінші бөлімде “ ” ЖШС нің қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасалынып , оның көрсеткіштері анықталды .
Пайдаланған әдебиеттер .

1 . Назарбаев Н . А . Казахстан – 2030 . Процветание ,безопастность и улучшение блогосостояния всех казахстанцев . Послание Президента страны народу Казахстана .
2 . Шеремет А.Д. Сайфулин Р. С . Методика финансового анализа. – М : ИНФРАМ, 1995.
3 . Русак Н. А Анализ финансового положения предприятия . В учебнике “Анализ хозяйственной деятельности в промышленности ”. Под общ . ред. В.И. Стражева – Минск ; Высшая школа , 1995.
4 . Радионова В.М. Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции . – М: Изд – во “Перспектива”, 1995.
5 . Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности , строительстве и торговле .- М ;АО “ДИС”, “МВ -Центр”, 1994.
6 .Ковалев А.И. Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия .- М : Центр экономики и маркетинга ,1995.
7 . Балабанов И. Т. Анализ и планироваие финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. Пособие. – М: Финансы И статистика, 1994.
8 . Бухгалтерско – аудиторский портфель . (Книга предпринимателя. Книга бухгалтера . Книга аудитора) / Отв. Ред. Рубин Ю. Б. Солдаткин В.И. – М.: “ОМИНТЭК” , 1994.
9 . Артеменко В. Г. Беллендир М.В. Финансовый анализ : Учебное пособие.- Издательство “ДИС”, НГАЭ и У , 1997.
10. Маркарьян Э.А. Герасименко Г.П . Финансовый анализ – М, : “ПРИОР”, 1996.
11.О бухгалтерском учете . Указ Президента Республики Казахстан имеющий силу Закона , от 26 декабря 1995 г ., № 2732.
12. Стандарты бухгалтерского учета . Национальная комиссия Республики Казахстан. – Алматы, 1996.
13. Бухгалтерский анализ: Пер. С англ.- К: Торгово – издательское бюро ВНV, 1993.
14. Введение в бухгалтерское дело: Пер с англ: - К : Торгово – издательское бюро ВНV, 1993.
15 . Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту . Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк , январь 1995.
16 .Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита . Министерства финансов Республики Казахстан 21 .05 .97 . г №7 /бюллетень бухгалтера, 1997. №29.
17. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник / И.А. Богдановская , Г.Г. Виноградов , О.Ф.Моргун и др: Под . общ. ред. В.Истражева .- Высшая школа , 1995.
18. Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие). – “Бизнес – школа ”, Интел Синтез, 1994 .
19 .Лоханин И.М. Золкина З.К. Основы анализ финансового состояние пердприятия. Учебное пособие .- Ярославль, 1993.
20. Андреев В.А. Практический аудит . / Справочное пособие / .- М: Экономика, 1994.
21. Ковалев В.В. Финансовый анализ : Управление капиталом . Выбор инвестиций . Анализ отчетности . – М: Финансы истатистика ,1995.
22. Финансовый менеджмент : теория и практика : Учебник / под. Ред . Е.С. Стояновой .- М: изд – во “ Перспектива ”, 1996.
23. Чечета А.П. Анализ финансового состояние предприятия. / Бухгалтерский учет /. 1992 г №5.
24. Шеремет А.Д. Сайфуллин Р.С. Негашев Е.В. Методика финансового анализ предприятия . М: Научно – производственная фирма “ЮНИ - ГЛОБ” совместно с издательско - полиграфическим объединеннем “МП”, 1992.
25 . Анализ лпатежеспособности предприятий и организаций . Практическое руководство для гасударственных совместных и малых предприятий. – М: 1991.
26. Клайнер Г.Б. Петросян Д.С. Оценка финансового состояния предприятия ./ Финансовые и бухгалтерские консультации . Контакт . Инвест Фонд, 1995.
27. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятельности и аудит . – М : Перспектива, 1994.
28. Финансовый анализ деятельности фирма .- М: ИСТ- сервис , 1994.
29. Палий В.Ф. Новая бухгалтерская отчетность . Содердание и методика анализа. – М: Журнал “Контроллинг” 1991.
30. Баканов М.И. Шеремет А.Д. Теория анализ хозяйственной деятельности – 2 –е изд М: Финансы и статистика 1987.
31. Стоянов Е.А. Стоянова Е.С. Экспертная диагностика и аудит финансово – хозяйственного положения предприятия . – М : НКЦ “Перспектива”,1992.
32. Об организации работы по предоставлению предприятиям и организация кредитов, выделяемых на пополение собственных оьоротных средств . Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 7 январия 1993 г .№19.
33.Правила краткострочного кредитовния экономики Республики Казахстан . Утверждены Правлением Национального банк Республики Казахстан от 11 фебраля 1994 г № 1 / Бюллетень бухгалтера , 1994 г . №4 (5) Справочная серия.
34 . Малич В.А. Анализ Финансовой деятельности предприятия – С.- Петербург : СПбДНтП, 1992.
35.Такч В.И. Такч М.В. Управленческий учет : международный опыт. – М: Финансы и статистика, 1994.
36. Сатубалдин С.С. Учет затрат на произаодство в промышленности США.- М: Финансы, 1980.
37. Чумаченко Н.Г. Учет и анализ в промышленном производстве США – М: Финансы , 1971.
38. Мацкевичюс И.С. Организация бухгалтерского учета в странах – членах СЭВ. – М: Финансы и статистика , 1984.
39.Стуков С.А. Учет и контроль себестоимости промышленной пролдукции в

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны .

Кіріспе .
I
1.1. Қаржылық талдаудың мәні және мақсаты.
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық көзі- қаржылық
есеп беру.
1.3. Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері және қаржылық жағдайды бағалау.
1.4. Наурыз 5 ЖШС-нің даму тарихы, өндірістік кезеңдері, қызмет аясы. .

II . “ Наурыз 5” ЖШС-нің активтері мен пассивтерінің құрамы мен құрылымын
талдау.

2.1. Кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымын талдау.
2.2. Кәсіпорынның меншікті капиталының айналымдылығын талдау.

III . “ Наурыз 5” ЖШС– нің қаржылық жағдайын бағалау және оны жақсарту
бойынша ұсыныстар. талдау .

3 .1 . Баланс өтімділігін талдау .
3 .2 . Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
3 .3 . Қаржылық тұрақтылық жағдайын бағалау және оны жақсарту бойынша
ұсыныстар.( бизнес жоспар)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе .

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты
бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі
өзгерістер болады .
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы -
шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1
қаңтарынан қолданысқа енгізіліуі және қаржылық есеп беру
нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі
нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа
әдістемесін жасауды қажет етеді .
Есеп тіркемелеріне шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің
дәстүрлі бухгалтерлік қызметі , көптеген қаржылық ақпаратты
пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере
алмайтындығын тәжірибе көрсетті . Іскерлік шешімдер қабылдау үшін
бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет .
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр
түрлі әдістерін білуді , кәсіпорында қабылданған қаржылық
стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын
таңдап , соны басшылыққа ұсынуы керек , яғни оның қызметінің аясы жай
есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып
табылатын , қаржы менеджментіне дейін өсіп айтарлықтай кеңейеді .
Қоғамда қаржылық талдау берудің орынсыз тілегінен емес ,
өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайды : салмақ , ұзындық
өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы
мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара
салыстырмай , біріншісінің екіншісінен артық болуына қол
жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта болмасын бұл өтте маңызды . Қазіргі қоғамның
әкімшілік - әміршілік жүйеде шығып , нарықтық қатынасқа ену
кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі . Басқаша айтқанда ,
жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік жағдайында кеңінен орын алған
ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік , басқарушылық , қатаң
орындаушылық тәртіп ұқыптылық және үнемділік пен алмастыру -
нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері .
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі
мен өзгеше іс-әрекет талап етеді . Ол зауыт қоймалары мен ашық
алаңдарда , материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының
көгеріп , тот басып жатуына , яғни миллиондаған теңгенің
доғарылып , бекерге ысырап болуына жол бере алмайды . Кәсіпорын
мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелуі үшін осы
қорларды қозғалысқа келтіреді .
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір
нығайтып , олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді
өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты . Атап айтқанда , ішкі
және сыртқы рынокты білікті серікті таңдауға қол жетті , өйткені
болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған
байланысты болады .
Дипломдық жұмыстың
Дипломдық жұмыстың объектісі – ның қаржылық жағдайы .
Дипломдық жұмыстың өзектілігі бұл қазіргі нарықтық экономика
жағдайында кез – келген кәсіпорын сияқты “ ” ЖШС ның қаржылық
тұрақтылықты қамтамсыз ету бұл оның нарықтағы бәсекеге
қабілеттілігін, төлем қабілетін несие қабілеттілігін қамтамасыз
етумен байланысты болғандықтан оның қаржылық жағдайын талдаудың
маңыздылығында болып отыр .
Тақырыпты ашу мақсатында дипломдық жұмыста 3 тарау бойынша
зерттеу жүргізілді . Бірінші тарауда
қарастырылды. Екінші тарауда
қарастырылды. Үшінші бөлімде “ ”
ЖШС нің қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасалынып , оның көрсеткіштері
анықталды .

1 .1 . Қаржылық тұрақтылық мәні және оны талдауда пайдаланылатын
ақпарат көздері.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор . Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие
болуымен , сондай – ақ олардың меншік иелері , жұмысшылар ,
коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында
өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық
жауапкершілікте болумен байланысты .
Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтары
қарастырмас бұрын , “қаржылық жағдай” дегеніміз немесе “ қаржылық
жай-күй ” дегеніміз не соны анықтап алған жөн . Соңғы жылдары
шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі .
Профессор А . Д Шеремет “ Кәсіпорынның қаржы (активтер)
жағдайы қаржыны тарту пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен
(меншіктік капитал және міндеттемелер , яғни пассивтер )
сипатталады” деп жазған .
Профессор Н . А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды :
“Кәсіпорының қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау , тарту және
пайдаланумен сипатталады . Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
кәсіпорынның қалыпты өндірістік , коммерциялық және басқа да
қызмет қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамттамасыз
етілуімен және оларды мақсатқа сай , тиімді тарату және
пайдаланумен , сондай- ақ басқа шаруашылық субъектілермен қаржылық
қарым – қатынаста болу төлеу қабілеттілігі және қаржылық
тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу
мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді ”.
В. М. Родионов мен М.А Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы
“қаржы ресурстарының қалыптасуымен таратылуы және пайдаланумен
көрсетіледі” деп жазады.
М.Н. Крейнина , А. И. Ковалев және В . П. Привалов қаржылық
жағдай ұғымын былайша түсіндіреді; “ Қаржылық жағдай - бұл қаржы
рсурстарының қолда барын үлестіріліп таратылуы және пайдалануын
сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы ”.
Профессор И. Т. Балабанов “Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын
(яғни төлем қабілеттілігі , несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен
капиталды пайдалану , мемлекет алдында және басқа да шаруашылық
субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау . Шаруашылық
субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін
жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік :қаржылық тұрақтылық ; несие
қабілеттілігі ; капиталды пайдалану : валюталық өзін - өзі өтеу ”-
деп жазады .
С .А . Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі
сөздермен баяндайды : “Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар
көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру
қабілеттілігін кешенді түрде бағалау ”.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым
мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды бірақ олардың әрқайсысында бұл
ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар
. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін біріңғай көрсеткіштерге
қарағанда (мысалы еңбек өнімділігі қор қайтарымдылығы , өзіндік құн ,
жалпы табыс тиімділік) қаржылық жағдай түрі көрсеткіштерді есептеу
нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу
негізінде анықталатын анық . Қорыта келе , кәсіпорынның қаржы
жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз
қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
сенімді болуын , тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс
.
Біздің көзқарасымыз бойынша , сенімділіккәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілетілігін көрсетеді .
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып , біз бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз
жүргізу мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді .
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді ? Бұл сұрақ та
арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі . Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты “өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі , жұмыс
процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы”
деп түсіндіреді . Қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз
қаражаттарының байланысы деп жазады.
Енді біреулер “өз қаражаттары есебінен активтерге (негіз қорлар ,
материалдық емес активтер , айналым қаражаттары ) жіберілген
қаражаттарды жабатын , сондай- ақ өтелмеген дебитолық және
кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін
уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты
болып табылады” деп жазады .
Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин өте ықшам түрде
анықтайды . Олардың ойынша “ Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем
қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар
жағдайы”.
В .М . Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей
түсіндіреді : “ Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан
артуының өзіне тән айнасы қаржылық тұрақтылық болып табылады .
Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып , оларды тиімді қолдану
арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз
ететін , сондай – ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті
шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын
сипаттайды . Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлігі болып табылады”. Осы еңбегінде бұл афторлар одан әрі
мына анықтаманы келтіреді .
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігін сақтай отырып табысты өсіру негізде
қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын
көрсететін қаржы ресурсының жағдайы .
В . Г . Артеменко мен М .В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
“Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде
артуы . Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және
оларды тиімді пайдалану арқылы өдіру және өнімді сату процесінің
үздіксіз болуын жағдай жасайды . Сондықтан да қаржылық тұрақтлық
барлық өндіріс шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады жән
кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады”
Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы , ол ең алдымен әр дайым
табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді . Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді
өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның
мөлшері мемлекетпен жабдықтаушылармен , несие берушілермен ,
жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті
дәрежеде болуы тиіс . Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы
үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан
кейін , осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық –
техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға
және басқаларға мүкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет .
Айта кету керек біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы
айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық , әйткенмен біз
олардың кейінгі шешімдерімен келесе алмаймыз. “ Қаржылық
тұрақтылықтың мәні қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру тарату
және пайдаланумен анықталады”- деп жазды В .Т .Артеменко мен М .
В . Беллендир .
Біздің ойымызша бұл ұғым А . Д . Шеремет мен В .С . Сайфуллин
дәлірек және анығырақ түсіндіреді . Олар қаржылық тұрақтылықтың
мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз
етілуі деп түсіндіреді .
Э . А . Маркарьян мен Г . П. Герасименко да дәл осындай көзқараста
“ Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептеу мүмкіндігі”
немесе “ Сауда несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың
нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы
және толық орындау мүмкіндігін көрсетеді төлем қабілеттілігі ,
қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады” Кәсіпорынның
жұмысы нарық жағдайына өтеу мен бірге оның қаржылық жағдайы және
оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиеленісе түсті
.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В. М. Радинова және М.А. Федотова келесідей түрлері
жүктейді :
1) Пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы:
2) Нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі
емес:
3) Құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі:
4) Әрекет ету уақты бойынша - тұрақты және уақытша .
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады , ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес .
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық . Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім
мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді . Сондай ақ
, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды
болып табылады .
Кәсіпорынның өндірілген өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі -
активтердің тиімді құрамы мен құырлымы , сондай –ақ кәсіпорынның
басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады . Ағымдағы
активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел
қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан
тұрады .
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі маңызды факторларының бірі – бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрлымы , оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы . Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы
соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса , соншалықты ол өзін
жайлы сезіне алады .
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес сонымен қатар
оны тарату құрлымы , әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі
де өте маңызды болып табылады .
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы(мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін
тигізеді . Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тарататын
болса , оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады ,
алайда сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі – яғни кәсіпорын
өз кредиторларымен уақтында есептесе ала ма жоқ па? – деген қауіп
туады .
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық
кепілінің бір түрі ретінде резерфтерге үлкен роль берілген .
Жоғарыда айтылғандардың қорыта келе , кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына әсер ететін мынандай ішкі факторларды атап көрсетуге
болады:
1) Кәсіпорынның салалық топқа жатуы:
2) Шығарылған өнімнің (жұмыс қызмет) құрылымы және оның төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі :
3) Төленген жарғылық капиталдың мөлшері:
4) Шығындардың көлемі , олардың ақшалай табыс пен салыстырғандағы
динамикасы:
5) Қорлар мен резервтерді , олардың құрамы мен құрылымын қоса
алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы
6) Кәсіпорындарды басқару тиімділігі .
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері , қоғамда үстемдік етуді техника мен технология , төлеу қабілеті
бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі , Қ Р үкіметінің
салық және несие саясаты , кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі
заң актілері , сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар
жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен ( салық органдары , банктер , жабдықтаушылар, сатып
алушылар , акционерлер және тағы басқалар ) өзара қарым – қатынасы
үлкен әсерді . Сондықтан да серіктестіктермен реттелген іскерлік
қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден – бір шарты болып
табылады . Әрине акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке
ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты
кәсіпорындарға салады . Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін , тек
бүгінгі күн ғана емес , болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы
көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс .
Сондай – ақ , бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір
пайызбен алғысы келетін , ал заем мерзімі біткен уақытта облигация
иелеріне де қатысты . Кез келген коммерциалық кәсіпорын сиақты
банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз
қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды сондықтан оны беру
туралы шешім қабылдай отырып кез келген банк өз клиентінің
қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді .
Басқаша айтқанда , кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы
кәсіпорынға несие беру орынды ма , жоқ па ал бұл сұрақты дұрыс
шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қанша мерзімге деген
сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады .
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі
жоғары кәсіпорындармен келісім шартқа үлкен ықыласпен отырады .
Тіпті қаржы органдары әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның
жағдайы тұрақты болғанын қалайды себебі тек осындай кәсіпорын ғана
салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық
төлей алады .
Осылайша қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және
оның іскерлік қарым – қатынастағы потенциалын анықтайды ,
кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа
қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты
дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды . Кәсіпорының қаржылық
жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл –
талдау ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға , оның шаруашылық
қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай
жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік
кәсіпкерлік қызмет арасында байланыстырушы қызметін атқарады .
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді : кәсіпорын осы мерзімге
дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады . Қаржы
ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де
кәсіпорынның дамуына байланысты қажетіліктерге жауап бере алуы өте
маңызды болып табылады , себебі қаржылық тұрақтылықтың
жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның
дамуына қажетті қаражатының болмауына , ал көп болуы – дамуға
кедергі жасап басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын
шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін .
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады
:
1) Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі:
2) Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті ,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті
зерттеу:
3) Айналым капиталдың көлемін оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
4) Қаржы – есептік және несие ережесін сақтау;
5) Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрлымын
зерттеу;
6) Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі , оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
7) Баланыстық өтімділігін , кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының
және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін анықтау;
8) Кәсіпорын табыстылығын бағалау;
9) Кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін , сондай – ақ
олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп
шығару;
10) Кәсіпорының іскерлік белсенділігін анықтау;
11) Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау , яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады . Және ол 3 сатыны қамтиды ;
жабдықтау , өндіріс және өткізу ; бұлардың жиынтығы коммерциялық ,
өндірістік және қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде
меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс
әкелетін қызмет болып табылады . Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдалануына , есеп және несие тәртібін
сақтауға меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдығына сондай – ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі
мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс .
Кәсіпорын қызметінің қаржылық , өндірістік және коммерциялық жақтары
арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар . Осылайша
қаржылық қызметінің жетістігі көбінесе өндірістік – сату
көрсеткіштермен анықталады . Кәсіпорынның өзі алатын төлемдері
және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына алдын ала
қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына өнім сапасының қажетті
деңгейге сәйкестігін және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге
байланысты болады .
Жоғарғы сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның
қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді . Өндіріс
процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары
кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуі кедергі жасайды
нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді . Кері байланыс
та бар , ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың
келіп түсуінің іркілісіне демек өндіріс процесінің тоқтауына
әкеліп соқтыруы мүмкін .
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен
анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді
өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды , сның ішінде қаржылық
ресурстарды соншалықты аз жұмсайды . және керісінше шикізат пен
материалдар шығындарынның нормасының өсуі , еңбек өнімділігі
деңгейінің төмендеуі басқа да ресурстардың мөлшерден тыс
жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының
қажеттілігіне себепші болады . Еңбек және материалдық ресурстар
шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында , содан соң табыста
талап қорытылады . Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның
өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып , оның жалпы
қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады .
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз
кезеңіндегі қойылған мақсатарға қол жеткізу үшін қажетті
жағдайларды туғызады оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып
табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық
жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді .біздің ойымызша қаржылық
жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған
мыналар жатады .
1) Кәсіпорын активтерінің құрлымдық және құрамдық динамикасын
талдау;
2) кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және
құрлымдық динамикасын талдау;
3) Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын абсалюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау ;
4) Баланс өтімділігін талдау ;
5) Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін
талдау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық
негізі қаржылық есеп беру болып табылады .
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсанда № 2732 “ Бухгалтерлік есеп
туралы ” заң күші бар Жарлығына сәйкес , 1998 жылдан бастап қаржылық
есеп беруге мыналар жатады:
1)Бухгалтерлік баланс;
2)Қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп ;
3)Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп .
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болды , сондайақ қаржылық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған
материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен
бірге оқылады .
Түсіндірме хатта берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай
саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың
талаптарына сай басқада ақпараттар жазылуы тиіс . Мысалы оған
субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы қаржылық
есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады .
Нарықтық географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер қызмет
түрлері туралы ақпараттар , баға өзгерісінің әсер туралы
мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады .
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында
анықталған жеңілдетілген түрде толтырып , көрсетуге рұқсат етіледі .
Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез – келген екеуі
орындалғандағана ( соңғы 2 қаржылық жыл үшін ) маңызы ие болады ;
1) Зейнетақыны жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдірді есептеу ,
сондай –ақ айыппұл санкцияларын , салық және басқа ҚР төлемдерін салу
үшін жылдық табыс ҚР заңмен көрсетілген 10000 есе есептік
көрсеткіштен аспайды :
2) Қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50 – ден аспайды ;
3) Активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен
аспайды.
Қазіргі кезде біздің қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп
негізгі шамалары бойнша халықаралық есеп стандартының талаптарына
сай келеді , себебі ҚР – да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті
халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді
жүргізіледі , ол біріншіден негізін құраушы нарықтық қатынастар
болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен ,
екіншіден , біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке
кіруімен байланысты. ҚР – да бухгалтерлік есепті реформалау процесі
барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда
болды және бағыты өзгереді .
“Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті” №2 “ Бухгалтерлік
баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар” деген стандартында
көрсетілгендей ,- бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы
және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдердегі
қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы маңызды әрі
дә ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады .
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін
және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру
бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша
ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен
басқарушы оргындардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен
міндеттемелерді бағалу үшін қажетті пайдалы ақпараттарды
сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық
шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды .
Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер
субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды ,
сондай – ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге
сенімді болуын талап етеді . Бұл нәтижесінде субъектінің өз
жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу , пайызды төлеу
несиені қайтару және табысты тарту қабілетін анықтайды . Егерде
қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын қызметін және
оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын
ақпаратпен емес, сонымен қатар барлық қажеті ақпараттармен
жабдықталған болса , онда яғни қолданушылар ақша қаражаттарының
айналдыру мүмкіндігін оғанда жақсы бағалайды . Бірақ коммерциялық
құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа
шек қояды , дегенімен олардың ішінде кейбіреулері ( тергеу органдары,
ревизорлар, аудиторларлар ) өкілдер болған жағдайда қаржылық
есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете
алады . Қолданушылар басты көзі ретінде сенуі тиіс .
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерін
қызметі жөнінде қаржылық ақпараттарды жүйелендірген бірден –бір кезіне
әртүрлі ұйымдық – құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің
өзара негізге байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға
қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналады .
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі
қызметін бухгалтерлік баланыс атқарады .
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның
қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады .
Біріншіден баланыс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік
жағдайын таныстырады . Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді
, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай ,
кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін
ақтай ала ма , соны білдіреді . Екіншіден басшылар кәсіпорынның
басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесідегі өз орны таңдап алынған
стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы ресурстарды пайдалану
тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару
бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік
алады . Үшіншіден , баланыстың мазмұны оны ішкі қолданушы сияқты
сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді . Мысалы
аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз
тексеріс жұмысын жоспарлауда сондай – ақ клиенттің сыртқы сыртқы
есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын әдейі
жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін
көмек алады , ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды
.
Баланс ақпараттар негізінде
Сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде
жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы
шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын
тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің
орындылығын және басқа шешімдердің бағалайды . Бухгалтерлік баланс -
қаржылық есептің негізгі түрі болып отырып ол есепті кезеңдегі
кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын , ағымдағы активтердің
айналымдылығы мен өтімділігі меншік капитал мен міндеттеменің қолда
барын , дебиторлық борыштың динамикасы мен жағдайы және
кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анқтауға
мүмкіндік береді . Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын
орналастыру тиімділігін оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі
шаруашылық кезеңге жетуі , қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын ,
сондай – ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік
береді.
Осылайша бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттық ең қажетті түрі болып
табылады .
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланыс екі бөліктен ; актив және
пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді . Активтер баланс
кәсіпорынның есепті кезеңдегі бақылып , тұратын отыратын мүмкіндік
және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі . Пассивтер
кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша
міндеттемелері болып табылады , оларды өтеу мүілік құнының немесе
келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады . Мүліктің
түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері
бойынша топтастырылады . Осының нәтижесінде баланстың активі мен
пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық
топтарының аз ғана санына құралады , ал оның ішінде әр топ өз
алдына жеке – жеке элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден
тұрады .Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтермен
қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады .
Баланс актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік бұл яғни баланс
бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде ( шегінде ) қатаң ,
белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік
дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша : өтімділік дәрежесі
аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін , демек басында
баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады
, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары
өтімді активтер жазылады . Осы принцип бойынша активтердің
қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары ( ағымдағы активтер
) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар кассадағы
, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары , сондай
– ақ басқада ақша қаражаттары .
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жетілдік
дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылды : төлем
мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға
дейін .
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік
баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де
жаңаша сипатталады . Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы
дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші
ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйеді . Осыған орай ағылшын
тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе
құралдарының авторларының пікірлері теориалық көзқарас болып
табылады . Жоғарғы оқу орындарында экономикалық мамандық алатын
студенттерге , бизнес мектептермен экономикалық лицейлерге арналған
ағылшын авторының “ Бухгалтерлік талдау ” деген оқулығында
келесідей анықтама берілген : “ Баланс – бұл кәсіпорынның белгілі
бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады .
Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол
нені алуға тиіс , соны көрсетеді ( немесе активтер бұл
кәсіпорынның иелігіндегі және адуға тиісті мүлкі ); пассивтер –
бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы .
Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс .
Ағылшын ғалымдары шығарған “ Бухгалтерлік іске кіріспе ” деген оқу
құралында былай жазылған : Баланс бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға
тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын
пассивтердің тізімі . Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің
( іскерлік қызметтің ) қаржы жағдайының бейнесі
болып табылады . Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие
болады және де активтер сомасы әр қашан пассивтер сомасына тең
болуы тиіс . Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін
келесідей сипаттайды ;
“ Активтер – бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе
.
Пассивтер - басқа біреуге тиісті нәрсе . “ Пассив ” термині таза
бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы
дегенді білдірді .
Капитал – пассивтердің арнайы түрі .
Капитал алғашқы капиталмен қызметте қалдырылған табысты қоса
алғандағы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады ;
Әлемдік банк өңдеп шығарған “ Қаржылық есеп , аудит , есеп беру
бойынша нұсқаулар ” оқулығында бұл ұғымдары былайша түсіндіреді ;
“ Баланстық есеп – бұл белгілібір кезінде жасалған және осы
кезеңдегі ұйымның жалпы қаржылық жағдайын бағалау үшін
пайдаланылатын фотосурет . Қаржылық жағдай ұғымымен тікелей
байланысқан баланстық есеп элементтері дегеніміз бұл активтер ,
пассивтер және капитал . Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы
жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта
қолда бар ресурстар туралы ақпаратты қамтиды . Ол сондай –ақ ,
бұл активтерді қаржыландыру көздері туралы ақпараттан тұрады .
Мысалы , бұл көздер қарызға алынған ба , жоқ , әлде меншікте ме ”
Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың бөлімдері ( жақтары ) мен
элементтері келесідей анықталады ; “ Актив дегеніміз – бұл өткен
жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақты
кәсіпорынға экономикалық табыс әкеленетін ресурс .
Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы
міндеттемесі . Оны өтеу экономикалық табыс алу мен байланысты
кәсіпорын ресурстарының шығынына ( сыртқа кетуіне ) әкеліп
соқтырады .
Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы
кәсіпорынның өзіндік қаражатты ”.
Көріп отырғанымыздай , бухгалтерлік баланс және оның элементтері
туралы бұл анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша
оқулықтарымызда берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді . ҚР – дағы
бухгалтерлік есеп туралы заңды жасаушылар негіз ретінде батыс
ғалымдарының еңбегін алып отыр . “ Қаржылық есептің , субъектінің
қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан негізгі элементтер
активтер , меншікті капитал және субъектінің міндеттемесі ” болып
табылатын айта келе , олар қаржылық есептің бұл элементтеріне
келесідей сипаттама береді
“ Активтер – бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі , мүліктік ,
жеке мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады .
Міндеттеме – бұл тұлғаның ( қарыз адамның ) белгілі бір әрекетті
басқа бір тұлғаның ( несие берушінің ) пайдасына жасайтын міндеті
– мүлікті беру , жұмыс атқару , ақша төлеу және басқалар немесе
белгілі бір іс - әрекетен бастарту , ал несие берушінің қарыз адамнан
өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар . Меншіктік
капитал – бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан
кейінгі активтер ”
Сонымен , қаржылық есептің негізгі элементтерін анықтамасын
түсіндіруге батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп айтуға
болады .
Баланс бухгалтерлік есептің “ Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп
берудегі негізгі анықтамалар ” № 2 стандартымен анықталады . Ол
активтерден капитал және міндеттемелерін мәнін анықтайлы , сондай
–ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген
талаптардан тұрады . Баланстан ұзақ мерзімді ағымдағы
міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады . Баланста ағымдағы
активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау ,
қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын
бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын
ақпараттармен қамтамасыз етеді .
Пайдаланушылар үшін қаржылық есептің өте пайдалы екендігіне БЕС –2-
нің 7 – пунктінде ерекше көңіл бөлінген . Онда былай жазылған ; “
барлық маңызды ақпараттар , қаржылық есепті қолданушылар үшін анық
және түсінікті болатындай дәрежеде ашылуы тиіс .”
БЕС – 2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары
негізінде құрастырған бухгалтерлік баланс көлденең түрде 1 -
кестеде көрсетілген көрсеткіштерден тұрады .
БЕС - 2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс .
Активтер Меншікті капитал және міндеттемелер
1 . Ұзақ мерзімді активтер 1 . меншікті капитал
Негізгі құралдар ; - жарғылық капитал
- жер - дивиденттер
- құрылыстар мен ғимараттар Қайта бағалау сомасы
- машиналар мен жабдықтар - негізгі құралдардың
- инвестицияның
- басқа негізгі құралдар Резервтік капитал
жинақталған тозуы бөлінбеген табыс ( жабылмаған зиян
аяқталмаған күрделі құрылыс )
Материалдық емес активтер : Жиыны :
- гудвилл 2 . Ұзақ мерзімді міндеттемелер
- патенттер , тауарлық белгілер- қайтарылуы қамтамасыз етілген
және басқалар несиелер
- материалдық емес активтердің- қайтарылуы қамтамасыз етілмеген
амортизациясы несиелер
Инвестициялар: - негізгі шаруашылық серіктестігі мен
- еншілес серіктестіктерге оның еншілес серіктестерінің бір –
инвес-тициалар біріне берілетін несиелері
тәуелді серіктестерге
инвес-тициялар
- басқадай инвестициялар - кейінге қалдырған салықтар
Дебиторық борыш : Жиыны :
- алынуға тиісті борыштар 3 . Ағымдағы міндеттемелер
- алынған вексельдер - қысқа мерзімді несиелер және
овердрафт
- ішкі топтың операцяалар - ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы
нәтижесінде пайда болған бөлігі
негізгі шаруашылық серіктестігі
мен оның еншілес
серіктестерінің арасындағы
дебиторлық борыш
- кредиторлық борыш
-акционерлік қоғамның лауазымды
тұлғаларының дебиторлық борышы
- сатып алушылар мен тапсырыс
Жиыны : берушілерден алынған аванстар
2 . Ағымдағы активтер
- тауарлы - материалдық - салықтар бойынша борыш
қорлар
- алдағы кезең шығындары - төленуге тиісті дивиденттер
ақша қаражаттары - негізгі шаруашылық серіктестігі
қысқа мерзімді қаржылық мен оның еншілес серіктестігі
инвестициялар арасындағы борыш
- Дебиторлық борыш : - акционерлік қоғамның лауазымды
тұлғаларына борыш
- ағымдағы активтерді сатып - басқадай несиелік борыштар
алуға қажетті аванстық
төлемдер
алынуға тиіс шоттар - төленуге берілген шығындар
алынған вексельдер
- ішкі топтық операцияалар
нәтижесінде пайда болған
негізгі шаруашылық серіктестігі- алдағы кезең кірістері
мен оның еншілес
серіктестерінің арасындағы
дебиторлық борыш
- Акционерлік қоғамдағы - алдын ала қарастырылмаған жағдайға
лауазымды тұлғалардың байланысты бөлінген төлемдер
дебиторлық борышы
Жиыны ; Жиыны ;
Барлығы ; Барлығы ;

Алайда айта кеткен жөн , балансты құрудың түрін таңдау (
көлденең, яғни екі жақты немесе тікелей ) шаруашылық субъектілерінің
шексіз құқы болып табылады .
Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып
отыр , яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты ,
өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай ,
пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне
байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай .
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 – бөлімнен тұрады ;
1) Ұзақ мерзімді активтер ;
2) Ағымдағы активтер ;
3) Меншікті капитал ;
4) Ұзақ мерзімді міндеттемелер ;
5) Ағымдағы міндеттемелер .
Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды ; активтер ,
меншікті капитал және міндеттемелер . Қалған екі элемент- табыс және
шығын – қаржылық шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде
көрсетіледі .
Қаржылық жағдайда талдау барысында тек бухгалтерлік баланс
мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды .
Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау , себебі бухгалтерлік баланс
кемшілік шек қоюшылармен ада емес , олардың ең маңыздылығы
келесілер болып табылады :
1 . Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады . Баланста
келтірілген мәліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің
нәтижесін көрсетеді . Бұл жағдайда баланс ақпараттары
ретроспективалық және перспективалық талдау мақсаттары үшін
қолданылуы мүмкін .
2 . Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелерінде статус – квоны
сипаттайды , яғни пайдаланып жүрген есеп саясатын сай осы кезеңде
кәсіпорын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді ,
бірақ бұл жағдайға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді .
бұл сұраққа жауап беру үшін тек қосымша мәліметтер ғана емес ,
соымен қатар есеп және есеп беруде көрсетілмейтін көптеген
факторлардың талдануы қажет ( мысалы , ғылыми – техникалық прогресс ,
контрагенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар ).
3 . Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін
қажетті база жоқ . Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен
қамтамасыз етпейді . Сондықтан оның талдау динамикада жүргізілуі
тиіс және мүмкіндігінше көрсеткіштерге , олардың орташа салық
және орташа прогрессивтік маңыздылығына шолу жасаумен толықтыруы
тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі
есептік көрсеткіштерді ашық жариялау қажет . Бүл қажетті орташа
көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді .
4 . Баланс кәсіпорынның қаражаттарының айналым туралы мәлімет жоқ .
Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе
көптігін туралы қортындының баланстың көрсеткіштерін айналымның
сәйкес сомаларын салыстырғанан кейін ғана жасауға болады . Мысалы
екі кәсіпорынның баланстарындағы “ материалдар ” бабы бойынша
сомасы бірдей , яғни 5 млн теңге . Бір жылдағы материалдар айналымы ,
бірінші кәсіпорында 60 млн теңге , ал екіншеде 10 млн . теңге
құрады . Осыған сәикес бірінші жағдайда материалдардың қоры жылдық
тұтынушылырдың 1\12 (5\60) – ін ( айлық ) ал екінші жағдайда
1\2 (5\10), яғни жылдық тұтынудың жартысын ( жарты жылдық қор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық талдау
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Қаржылық жағдайы
Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау
«Қаржылық талдау» пәні бойынша дәріс тезистері
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі
Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Инвестициялық жобаны енгізудегі күтілетін табыстың анықталуы
Пәндер