Натуралды және тауарлы өндірісті айырбас пен тұтынушылық құндарын салыстыру
Жоспар:
1. Натуралды және тауарлы өндірісті айырбас пен тұтынушылық құндарын салыстыру.
2. Құн заңының функциялары

Натуралды және тауарлы өндірісті айырбас пен тұтынушылық құндарын салыстыру. Құн заңының функцияларын әр түрлі мектептердің құн туралы тұжырымдағы ерекшелекті анықтау.
Жоспар:
1. Натуралды және тауарлы өндірісті айырбас пен тұтынушылық құндарын салыстыру.
2. Құн заңының функциялары
Натуралды шаруашылық дегеніміз патриархалды отбасы немесе қауымдық шаруашылық көлемімен шектелген, басқа шаруашылықтармен экономикалық байланыстары жоқ тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың мүшелерінің барлық қажеттіліктері тек сол шаруашылықта өндірілген өнімдер арқылы қанағаттандырылды. Өндіріс қолмен қимылға келтірілетін қарапайым еңбек құралдары арқылы жүргізіледі. Шаруашылыктың экономикалық негізі қауымдық меншік болды. Шаруашылық процестері көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерге сәйкес тікелей реттеліп отырды.
Натуралды шаруашьшық өте ұзақ уақыт мерзімді қамтыды. Ол алғашқы қауымдық қоғамнан бастап құл иеленуші және феодалдық қоғамдарда шаруашылықтың басым түрі болды. Натуралды шаруашылықтың қалдықтары қазіргі заманда да әлемнің кейбір елдерінде (әсіресе, Азия, Африка елдерінің кейбіреулері мен Тұнық мұхитының аралдық елдерінде) кездестіруге болады.
Натуралды шаруашылықтың ыдырауына, тауарлы өндірістің пайда болуына не себеп болғаны туралы айтпас бұрын, тауарлы шаруашылықтың мәнін түсініп алған дұрыс.
Тауарлы шаруашылық дегеніміз шаруашылық субъекттерінің әрекеттері рынок арқылы байланыстырылатын, өнімнің қоғамдық сипаты тікелей емес,жанама жолмен (рынок арқылы) анықталынатын, өндірісшілердің экономикалық оқшаулылығы мен зквиваленттік қатынастарына негізделген шаруашылық түрі.
Тауарлы өндірісте өнімді жеке экономикалық, оқшауланған өндірісшілер өздері тұтыну үшін емес, басқалар тұтыну үшін, рынокта сату үшін өндіреді. Демек, мұндай өндірісте шаруашылық субъектерінің қатынастары негізінде ақшалы-тауарлы қатынас түрінде көрініс табады, өндіріс пен тұтыну нарық арқылы байланыстырылады. Өнім тауар ретінде белгісіз біреулерге және белгісіз нарыққа өндіріледі. Белгілі Мажариялық (Венгрия) экономист, тоталитарлы-социалистік мемлекет солшыл ревизионист деп қудалаған Янош Корнап тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілерін төмендегідей қысқаша таныстырған:
1.Тауар өндірушілердің нарыққа тосқауылсыз кіру және одан кез келген уақытта шыға алу мүмкіншілігі;
2.Нарықта бәсекенің әділ жүргізілуі және оны көпшілік болып қолдау;
3.Жеке меншіктің еркін қалынасуы және қорғалуы;
4.Рыноктық жүйенің негізгі белгілері және қозғаушы күштері ретінде жеке инициатива мен кәсіпкерлік.
Тауарлы шаруашылық натуралды шаруашылыққа қарағанда экономикалық прогресті керемет жылдамдатты, өйткені ол шаруашылық субъектерін еңбек өнімділігін арттыруға, өндірістерін үнемі жаңалап отыруға объективті ынталандырады. Сондықтан тауарлы шаруашылық алғашқы қауымдық қоғамның соңғы кезеңі мен құл иеленуші дәуірден бастап бүгінге дейін дамытылып жатыр. Адамзат одан да прогрессивті шаруашылықтың түрін ойлап тапқан жоқ. Оған әзірше альтернатива жоқ.
Оку-әдістемелік әдебиеттерде тауарлы: өндірістің өмірге келу себептері мен шарттары деп қоғамдык еңбек бөлісуі мен өндірісшілердің экономикалық оқшаулылығы атап көрсетіледі. Бұл жерде себептері мен шарттарын (қажетті жағдайларын) шатастырмау керек. Ондай шатастыру үлкен методологиялық қателік болып табылады.
Қоғамдық еңбек бөлісуі тауарлы өндірістің, ақшалы-тауарлы қатынастардың қалыптасуының шарты. Ол өздігінен тауарлы өндірісті өмірге алып келе алмайды. Сондықтан қоғамдық еңбек бөлісуі тауарлы өндірістің пайда болуының негізгі себебі емес. Бірақ ол тауарлы өндірістің қалыптасуына қажетті жағдайларды жасап береді. Еңбек бөлісуі болмаса айырбас қатынастары орын алмайды, демек тауарлы өндіріс мүмкін болмайды.
Еңбек бөлісуі барысында адамдар белгілі бір өндірістермен шүғылданып, өнімнің белгілі бір түрін өндірумен мамандандырылады. Айырбас кезінде тұтыну қасиеттері әртүрлі өнімдер өзара айырбасталады. Ешкім бір түрлі затты дәл сондай тұтыну қасиеті бар затқа айырбастамайды, өйткені ешқандай қисын жоқ. Ондай әрекеттен нәтиже де шықпайды, пайда да таппайды. Демек,айырбас орын алуы үшін нарыққа өндірісшілер тұтыну қасиеттері мүлдем өзгеше әртүрлі тауарлармен келуі тиісті.
Егер, кейбір оку құралдарының авторлары сияқты, еңбек бөлісуін тауарлы шаруашылықта өмірге алып келетін себеп деп есептесек, онда бірден келесі көлденең сұрақтарға тап боламыз:
1.Неге алғашқы қауымдық қоғамда тауарлы өндіріс пен ақшалы-тауарлы қатынастар болмаған? Ол қоғамда еңбек бөлісуі болған еді ғой?
2.Неліктен экономикалық ғылым ақшалы-тауарлы қатынастарды тарихи өтпелі категория деп есептейді?
3.Егер болашақ қоғамдар ақшалы-тауарлы қатынассыз қоғамдар түрінде қалыптасатын болса, қоғамдык еңбек бөлісуі жойылып, адамдардың барлығы еңбектің бір ғана түрімен шұғылданады ма?
Қоғамдык енбек бөлісуі -- жалпылама және мәңгі экономикалық заң. Ешқашан еңбек бөлісуі жоқ қоғам болған емес және болмайды. Кез келген қоғамда қандай түрде болмасын, адамдардың арасында еңбек бөлісуі объективті орнайды. Тіпті көне замандарда, яғни адамдар жартылай жабайы өмір кешкенде де қарапайым түрде табиғи еңбек бөлісуі орнаған болатын (жас мөлшеріне және жынысына қарай). Кейінірек қоғамдық еңбек бөлісуі орнап (мал шаруашылығы мен егіншілік шаруашылықтарының бөлініп шығуына байланысты), ол уақыт өткен сайын тереңдеп отырды. Қазіргі таңда еңбек бөлісуінің тереңдегені соншалық, өндірісшілер көп жагдайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz