Қазақстандық сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметіндегі механизмді жетілдірудің болашағы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Сақтандырудың әлеуметтік . экономикалық мәні, оның іс . әрекет сфералары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2. Инвестициялық прцестерді сақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.Қазақстандық сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметіндегі механизмді жетілдірудің болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3. Сақтандыру компаниялары қорларының ақпараттық жүйесін жобалау
3.1. Ақпаратпен жабдықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.2. Программалық жабдықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3.3. Көліктерді сақтандыру бойынша есептер кешенін шешуге арналған бағдарламаға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі
қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық , шаруашылық және қаржылық
салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және
шаруашылық салалардағы заңдарды және нарық заңнамаларын қолданудағы
нарықтық қатынасқа көшу , нарықтық құрылымды құру мен іске асыру
біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы
дамыту үшін ғана емес , бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор
маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде
атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі , үлкен көлемдегі материалдық
және шикізаттық қорларға негізделген индустриялы экономикадан
ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін “ ақпараттық экономикаға ”
ауысу болып отыр.
Ғылыми – прогресс – білімнің жоғарылауымен және ақпарат
көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі
ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа
технологияның пайда болуы , оның жедел өсуі мұндай мәселелерді
шешуге жол ашты.
Ақпаратпен жабдықтау концепциясының басты идеясын
қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына ақпараттың және ақпарат
технологиясының үдемелі әсер етуін жете түсіндіру болып табылады .
Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты
жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен
автоматтандырылған жинауды , өңдеуді және манипуляциялауды іске
асырады.
Қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі – сақтандыру.
Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары шаруашылық жүргізу құқығына
негізделген кәсіпорын түрінде құрылады.
Сақтандыру ұйымдарының қызметі Қазақстан Республикасы
“ Сақтандыру туралы ” заңмен реттеледі.
Мен осы курстық жұмысымда сақтандыру компанияларын
басқарудағы экономикадағы ақпарат жүйелері қорларына шолу тақырыбын
қарастырамын.
3
1.Сақтандырудың әлеуметтік – экономикалық мәні ,
оның
іс- әрекет сфералары
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша
сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы
адам өмірінің , өндірістік және әлеуметтік – экономикалық қызметтің
барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл
өндіріс пен адам өмірінің қауіп – қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс
процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір
тіршілігі мен әл – ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу
үшін қоғамның , жеке өндірушілердің , олардың топтарының (салалық және
аумақтық аспектілерде)
натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де ,
сондай- ақ
ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс.
Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық түрінде
қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің
үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды , мүліктерді , өндіріс
процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып
келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты ;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда –
мемлекеттік , аймақтық деңгейде , кәсіпорын немесе оның
бөлімшесі,
жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше
белгілері бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
оның іс- қимылы ақша қорларын жасап , пайдаланумен
қосарланып
отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының
болуы;
ақша қорларын жасап , пайдалану кезіндегі сақтық
баламалылығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың
баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің
субъектісі болып келгендіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының
құрамды бөлігі болып табылады , қалған барлық жағдайда сақтық ісін
(қызметті , бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша
сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын
арнаулы қаржы – кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың
төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде.
Демек , сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған
кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және
оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру
және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша
сферасы.
4
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу , өтемдік, жинақтық және
бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы : бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу
ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына , мысалы, алдын алу
шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін
жоюға бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық
қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын
тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады ,
өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен – қолайсыз
оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы
бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып)
қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы
болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпы ұлттық
сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған.
Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа
(жалпымемлекеттік материалдық резервтерден , Үкіметтің резервтік
қорларынан) кәсіпорындардың , ұйымдардың , халықтың ерікті
қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін.
Бұл қорлар халыққа , өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін
жаңғыртуға , экологиялық тепе – теңдікті қалпына келтіру жөніндегі
шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы
қорларды-
әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап ,
пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға
бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс - әрекеті халықты әлеуметтік
қорғаудың қажеттігімен байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып
және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына
жете
отырып , адамдардың денсаулығы мен әл – ауқатын, олардың мүлкін ,
сонымен бірге Сақтандыру мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар
болып табылады. Бұл – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және
шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі
медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын
қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады , олар: бюджеттік және
сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің
5
қаражаттарын , яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады ;
жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың
түріне
қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары
арасындағы арнайы келісім шартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда
бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда
–
қос әдіс , үшінші бөлікте – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда
тек
сақтық әдіс пайдаланылады.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық ақшалай
иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің
элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары , мемлекеттік
бюджет қаражаттары , қаражаттардың ерікті аударымдары , қайыр көрсету
және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар
басқа айрықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе
материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан
, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыркға арналған
қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды , материалдық зияннан
сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын
сақтық қоры
материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында
қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады,
олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік
аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі : олар алдын
ала тұтыну қорларына да , жинаөтау қорларына да жатпайды. Ол – табыс
ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін
табыстардың бірден – бір бөлігі.
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі
коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы
сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты , бұлардың
қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуге түрленеді
және мұндай қызметтер көрсетудің еркін рыногында ұсынылады. Бұл
қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде
болады.
Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың сапасымен және бағаның
деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет
көрсетуді жақсартады , қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді,
ысыраптар мен зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық
қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін
төлеу үшін (сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай
6
оның пайда болмау мезетіне дейін) пайданылмауы мүмкін. Мұндай
жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін
коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде , бұл
табыстардың
бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін
көрсетудің
бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған
ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз
түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан
қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда
болуына жәрдемдеседі.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты
дамуына , халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз
жасауға , азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін
сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі , медициналық
сақтандыруды қоса алғанда , әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына
Тікелей қатысты.
Сақтандыру , табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның
шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық
ұйымдарының
қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді.
Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге
асыратын
сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы
немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи
тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты
қатынастар кешені.
Сақтандыру прцесі сақтандыру шарты негізінде не өзара
сақтандыу қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық
сыйақыларын төлеуге міндеттенеді , ал екінші тарап (сақтандырушы)
сақтық
Жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт
жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың
(сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар
сақтандырудың нысандары болып табылады :
міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті ;
сақтандыру объектісі бойынша – жеке және мүліктік ;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы
және
жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай
жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге
асырылады.
Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы
болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың
мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар
сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен
белгіленеді.
Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге
7
асырылатын сақтандыру.
Мүліктік сақтандыру – мүліктік сақтандыру мен сол мүдделерге
байланысты , азаматтық – құқықтық жауапкершілік және кәсіпкерлік
тәуелділікті қосқандағы сақтандыру.
Сақтық қызметі – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық
(қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан
Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның
лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен
лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға , сыныптарға
және
түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымының сақтық қызметі өмірді сақтандыру
саласы және жалпы сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында
мынадай сыныптарды қамтиды : өмірді сақтандыру ; аннуитеттік*
сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында
мынадай сыныптарды қамтиды : жазатайым жағдайдан және аурудан
сақтандыру ; медициналық сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір
жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру;жүктерді сақтандыру; мүлікті
сақтандыру
және т.б.
Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын
жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде
әзірлейтін және беретін сақтық өнімі болып табылады.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық
қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл
процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың
нәтижесінде бұзылса , толтырумен байланысты. Зиянның орнын
ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін
сақтық жарналары есебінен толтырылады , бұл жарналардың жиынтығы ,
жоғарыда айтылғандай сақтық қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп – қатерлер)
азаматтық – құқықтық жауаптылықты қоса алғанда , оларға байланысты
мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай
сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі
немесе бүлінуі
және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
8
1. Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің
сақтанушы ретінде іс – қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы
агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің
залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен
осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі , соның
ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушының
кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы
мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік
тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының)
пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
2005 жылдың басынан бастап “Сақтық төлемақыларына кепілдік
беру қоры ” өзінің тікелей қызметін бастады. Қор “Сақтық
төлемақыларына кепілдік беру қоры туралы ” заңға сәйкес жарғылық
капиталында Ұлттық банктің 100% - дық қатысуы болатын акционерлік
қоғам нысанында құрылған. Қордың қатысушылары сақтандырудың тек
міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары болады. Бүгінде
сақтандырудың мұндай оншақты түрі бар (қабылданған заңдарға сәйкес)
: әлеуметтік сақтандыру , көлік құралдары иелерінің және
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы , жекеше нотариустар мен
аудиторлардың азаматтық – құқықтық жауаптылығын сақтандыру , турагенттер
мен туроперацияларды , еңбек міндеттіліктерін атқару кезінде
қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс
берушінің жауаптылығын сақтандыру , қызметі үшінші тұлғаға (зауыттар ,
скважиналар және т.с .с.) зиян келтіру қаупі бар объектілер
иелерінің азаматтық – құқықтық жауаптылығын , өсімдік шаруашылығында
сақтандыру , экологиялық және медициналық сақтандыру.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және
экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелділігінен сақтық қорларға
қатыспайды. Осыған байланысты , республиканың экспорттық мүмкіндіктері
өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынан озық қарқынын
ескере отырып , отандық инвесторлар мен экспортерларды сыртқы қауіп
– қатерден қорғау саласында мамандырылған корпарацияны құру және
оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру
жөніндегі мемлекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының
дамыту институттарының бірі болып табылады , оның негізгі мақсаты –
2003 – 2015 жылдарға арналған Индустриялық – инновациялық даму
стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу . Корпорацияның орнықты
қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд.теңге мөлшерінде жарғылық
капиталы қалыптастырылған.
Қоғамның бірден – бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация
қызметінің негізгі бағыты – бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен
және
9
сыртқы саяси , реттеуші тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық
қорғауды қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен
инвестицияларды (қайта сақтандыруды) жүзеге асырады , сақтық төлемдерін
төлейді және контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде
корпорация сондай – ақ сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге
асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық кредиттер мен
инвестицияларды сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша
консультациялық , маркетинктік және ақпараттық қызметттер көрсетуді
жоспарлайды.
Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберінде
мыналар кіреді : сатып алушының дәрменсіздігі , өзара шартты орындауға
қатысушы импортшы (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтері
тарапынан экспортшыға немесе инвесторға қатысты дискриминациялық
сипаттағы шешімдер , іс - әрекеттер (әрекетсіздіктер) ; импортшы
(реципиент) елі өкіметтерінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге
асыруға , валютаны айырбастауға шектеу енгізуі ; экспроприациялау ,
мемлекет меншігіне айналдыру , тәркілеу ; революциялар , қоғамдық
тәртіпсіздіктер , соғыстар және т.с.с.
Сақтық ұйымы бола отырып , корпорация “ Сақтық қызметі
туралы” заңға сәйкес іс - әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты
сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша
сақтық (қайта сақтандыру ) ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі
меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10% - ын құрайды.
Тәуекелдікті сақтаандыруға корпорация алатын көлемдердің әлуетін
көбейту мақсатымен,
сондай – ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем
қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта
сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
10
1.2.Инвестициялық процестерді
сақтандыру.
Инвестициялық іс - әрекетті сақтандыру үшін мол қаржы
қажет. Қазақстандық сақтандырушылардың жеке мүмкіндіктері жетімсіз
болып отырған жағдайда сенімді қайта сақтандыру қорғанысының маңызы
зор. Отандық қайта сақтандыру жүйесі , жеке мүмкіндіктерін барынша
пайдаланған жағдайда , халықаралық қайта сақтандыру компанияларында
ірі тәуекелдер бойынша жауапкершілікті сақтандыруды қамтамасыз етуге
арналған. Бұл бағытта сақтандыру пұлдары көп істер атқара алады.
Қайта сақтандыру – шетелдік инвесторлардың Қазақстанға
келуіндегі және батыстық несиелердің берілуіндегі шарттардың бірі.
Ал қайта сақтандыруға байланысты валюталардың шетелдерге ағуы
шығындарды төлеу арқылы өтеуде. Сондықтан да ұзақ мерзімді жоспарда
қайта сақтандыру қаржы ағымның балансында болмақ .
Инвестицияны сақтандыру дегеніміз не? Кәсіпкерлік және қаржы
инвестицияларын сақтандыру бар. Қаржы инвестициялары тек инвесторға
пайда әкелетін құнды қағаздарды сатып алу ғана емес , қаражат
жұмсау қауіпсіздігін белгілі бір дәрежеде кепілдік беру деген сөз.
Қаржы рыногындағы операциялар сақтандыру объектісі ретінде
сақтандырудың басқа дәстүрлі объектілерімен салыстырғанда үлкен
өзгешелігімен ерекшеленеді.
Құнды қағаздарды сатып алу жөніндегі келісімдерді
сақтандырған кезде сақтандыру арқылы жабудың бірнеше тәсілдері болуы
мүмкін.
- капитал салудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін деңгейде
инвестордың жылдық табысы сақтандырылады ;
- дивиденттің жарияланған мөлшері мен дивиденттер есебіне
алынған төлемдер арасындағы айырмашылыққа тең дәрежедегі
көлем сақтандырылады ;
- акцияның номиналдық құны немесе нақты төленген сома
мөлшеріндегі акцияны не басқа құнды қағаздарды сатып алуға
салынған капиталдан айырылып қалу қаупі сақтандырылады ;
- құнды қағаздарды сатып алуға жұмсаған қаражаттан айырылып
қалу қаупі ғана емес , капиталды (не өткен жыл үшін нақты
төлемді) қауіпсіз жұмсау пайдасының көлемінде айырылып қалған
пайда да сақтандырылады.
Құнды қағаздарды сатып алу жөніндегі келісімдерді сақтандыруға
мүмкіндік беретін жоғарыда келтірілген бағыттардың әр қайсысы
сақтандыру компаниялары алатын жауапкершіліктің түрлі дәрежесін
көрсетеді , әрі ставкалардың түрлі деңгейін ғана емес , сақтандыру
төлемінің көлемін де айқындайды. Ставка мөлшері сатылып алынған
құнды қағаздар түріне , олардың номиналдық құнына , сатып алған
сәттегі нарқына,
эмитенттің қаржы жағдайына , сондай – ақ қауіпсіздік үшін қайта
11
сақтандырудың көлеміне , франшиза (шығынның өтелмейтін бөлігі)
мөлшеріне байланысты.
Бұл жерде сақтандырушы үшін , барлық сандарды , үшінші тұлға
– сақтандыру компаниясы арқылы реттеудің мүмкіндігі туады. Және ол
осындай жағдайда әріптесімен арадағы жақсы қарым – қатынасын сақтап
қала алады. Өйткені сақтандырушы сақтандыру компаниясынан төлем алған
соң рыногындағы инвестицияларға қызмет көрсету іс - әрекетін
сақтандыру шараларына қаржы рыногында жұм ыс істейтін тұлғалардың
кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды , құнды қағаздар нарқын белгілеуде
, индекстерді есептеуде жіберілетін түрлі қателіктерден сақтандыруды ,
биржалық емес айналымдағы құнды қағаздар операцияларына қызмет
ететін электрондық жүйе жұмысындағы үзілістерді сақтандыруды
жатқызады.
Сөйтіп, инвестицияны сақтандыру , құнды қағаздардың рыногқа
шығу , инвесторға қарай жылжу , қосалқы айналымда болу прцесіне ықпал
ететін басты факторлардың бірі болып табылады. Ол қор рыногының
әлемдік стандарт бойынша дамуына , инвестициялық айналымға қосымша
қаржы ресурстарының тартылуына және елдің қор рыногындағы
инвестициялық потенциалды жүзеге асуына жағдай жасайды.
Дүниежүзілік тәжірибеде құрылыс жұмыстарына тапсырыс
берушілерді сақтандыру ісі де кеңінен таралған. Мердігер тұлға
жұмыстарды көрсетілген смета шегінен шықпай аяқтауға міндетті болған
жағдайда сақтандырудың мұндай түрі өзекті болады. Мұндағы тапсырыс
берушінің нақты қаупі құрылыс жұмыстары үшін бөлінген қаражат
біткен, ал құрылыс әлі аяқталмаған жағдайда негізделеді, бұл, тапсырыс
берушінің алдында қайтадан келісім – шарт жасау немесе жұмыстарды
бұрынғыдан да жоғары бағаға атқаруға келісім беретін жаңа
мердігерді іздеу қажеттігі туындайды деген сөз.
Сақтандырудың мұндай түрінде әдетте, мердігер келісім –
шартта ескерілген ерекшеліктерге сәйкес жұмыстарын аяқтайды және
тапсырыс беруші істелген жұмыстар, материалдар мен құрал – жабдықтар,
қосымша мердігерлер үшін барлық шоттарды төлейді деген кепілдік те
болады. Демек әрдайым тек тапсырыс беруші ғана сақтанып қоймайды.
Өзін, тапсырыс берушінің жұмысты атқару және аяқталу барысына
қатысты кінәларынан қорғау үшін мердігер де сақтандыру келісімін
жасауы ықтимал.
Сақтандырудың айтылған түрі тапсырыс берушіге құрылыс
жұмыстары үшін берілген несиелерді сақтандырумен тығыз байланысты.
Тек бұл жағдайда, сақтандыру келісімін тапсырыс беруші кредитордың
пайдасына жасайды. Қарыз алушы қарызын қайтара алмаған жағдайда
сақтандыру компаниясы шығынды өтейді. Айырмашылығы сол.
Тапсрыс берушіні мердігерді аукциондық сауда процесіне
іріктеп алу барысында туындайтын әр алуан қауіптерден сақтандыру
Қазақстан сақтандырушылары үшін үйреншікті емес. Қаржы
инвестициясындағы
12
тәрізді мұнда да инвестор – кәсіпкер тек өзінің капиталын ғана емес,
нақты инвестициялық салымға байланысты түсетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz