Жалпы білім беретін орта мектепте математикадан экономикалық білім берудің өзекті мәселелері


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Қабылбаев Қанат Ерсінбайұлы

«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАДАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

050109-Математика мамандығы бойынша

түлектік жұмысы

Ғылыми жетекшісі:

Педагогика ғылымдарының кандидаты,

профессор

Қ. И. Қаңлыбаев

Қазақстан Республикасы

Алматы қ.

2010 жыл

Жоспар

КІРІСПЕ

Еңбектің жалпы сипаттамасы

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Орта мектепте экономика мен математикалық статистика элементтерін оқыту әдістері

1. 1 Математикалық модельдеу әдісі

1. 2 Математика сабағында экономикалық білім беру

1. 3 Математикалық статистика элементтерін оқыту

2. Күрделі пайыздар

2. 1 Жылдық мөлшерлер

2. 2 Бір жыл бойына пайыздарды көптеп есептеу. е саны

2. 3 Бірнеше жыл бойы күрделі пайыздардың дүркінді есептеулерін

жүргізу

2. 4 Бөлшек уақыттың аралығында пайыздарды есептеу

2. 5 Өзгермелі пайыздық мөлшер

2. 6 Жылдық пайыз мөлшерін таңдау

2. 7 Кейбір әдеби және тарихи сюжеттер

2. 8 Ертеңгі төлемдердіі бүгінгі бағасы. Дисконттау ұғымы

IІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

1. ЕҢБЕКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Зертеудің көкейкестілігі соңғы жылдағы еліміздегі қоғам өмірінде және экономикада болып жатқан ауқымды өзгерістерге орай білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдіруге деген талап-тілектерден туындайды.

Орта мектептің жоғарғы сыныптарында саралап оқыту кезінде математика ғылымының қазіргі даму деңгейіне және осы пәнді оқыту саласындағы алдыңғы қатарлы озық ғылыми идеялар мен тәжірибелерге сүйену қажет.

Осы жұмыста саралаудың концепциялық мәселелері баяндалған, оларды оқу процесінде жүзеге асырудың кейбір жолдары анықталған. Аталған зерттеулерде саралаудың әртүрлі қырлары, мысалы, жоғары сыныптарды ұйымдастыру тәсілдері, оқытудың әртүрлі бағыттарын ажырату мен осы бөлінген бағыттарда математиканы оқыту мазмұнын қалыптастырудың арнайы экономикалық жолдарын іздеу қарастырылады. Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтардағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында оқушыларды саралап оқыту айрықша көкейкесті проблемаға айналып отыр. Болашақта республикамыздың экономикасына қажетті мамандарды дайындайтын техникалық жоғарғы оқу орындарында оқытуды жалғастыруды мақсат еткен оқушыларға математиканы оқытудың мазмұнын анықтау маңызды мәселе болып отыр.

Алайда осы күнге дейін әр аймақтың ерекшеліатері ескеріліп, жоғары сынып оқушыларына математикалық білім берудегі бағдарлық саралауға қойылатын талаптар жасалмаған.

Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйеге, біртұтас білім беру кеңістігіне енуі халықаралық деңгейдегі талаптарға сай болатындай мамандарды дайындау мәселесін тудырды. Қазақстан Республикасы мен шет ел мектептерінің математикалық білім беру мазмұнындағы айырмашылықтар білім беру эквиваленттілігі деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген халықаралық зерттеулер ТМД елдерінде оқушыларды дайындауда математиканың кейбір бөлімдері бойынша ауытқу бар екендігін көрсетті. Барлық дамыған елдердің орта мектеп бағдарламаларына ықтималдықтар теориясының элементтері енгізілген. Өйткені, ықтималдық-статистикалық материалдарды оқып үйрену оқушылардың жеке басын дамытып жетілдіреді. Оның осы күнгі ақпарат көздері мен қатынас жасау мүмкіндігін кеңейтеді, коммуникациялық қабілеттіліктері мен қоғамдық процестерде бағдарлану біліктілігін жетілдіреді, жағдайларды талдауына және ғылымға негізделген шешімдер қабылдануына мүмкіндік береді, өмірге деген көзқарасын кедейсоқ факторлар тобының заңдылықтары туралы саналы түрде алған түсініктерімен байытады. Бұл материалдар қазіргі білім стандартында енгізілген. Келтірілген дәлелдер оқушыларға статистикалық білім беру мәселелерінің маңыздылығын айқындайды.

Біздің елімізде мектептердегі математика курсының бағдарламасына ықтималдық-статистикалық білім элементтерін енгізу мәселесіне Қ. Бектаев, Б. С. Жаңбырбаев сияқты ғалым математиктер зор үлестерін қосты.

Оқушыларға статистикалық білім берудің обьектифті қажеттілігі мен оны практикада іске асырудың ғылыми әдістемелік тұрғыдан жеткіліксіз дәрежеде қамтамасыз етілуі арасында қайшылық бар екені анықталды. Бұл қоғамның қазіргі кездегі талаптарын ескере отырып, мектептерде математиканы оқытудың мазмұнын негіздеу және математика курсына статистиканы енгізудің әдістемелік жағынан мақсатқа сай жолын зерттеу қажет екендігін көрсетеді.

Экономикамыздың дамуына байланысты дамыған елдердің бәрімен әр түрлі салада қарым-қатынас, сату немесе сатып алу процестері басталды. Осы үрдістің одан әрі кеңеюі үшін біздің еліміздің мектептерінде, оның жоғарғы сынып оқушыларында әр түрлі деңгейде экономикалық білім болуы керек. Экономиканың әр түрлі саласындағы қарым-қатынастарда сауатты білік пен дағды ғана өз әріптестерімізбен тең дәрежеде әр түрлі сауда байланыстарды жүргізе аламыз.

Еліміздегі жер асты байлықтарын игеру, халық шаруашылығында, әр түрлі зауыт-фабрикаларда осы заманғы озық технологияларды қолданып, өндірісте ұлғайту үшін техникалық біліммен қатар үнемдеу тұрғысынан алғанда таза экономикалық білім қажет болатын жағдайлар жиі кездеседі.

Қазіргі заманға сай аса қуатты автоматты басқарылатын әр алуан робот машиналарды құрастырумен оны іске қосу мамандардан жоғары интеллект пен талапты мамандардың біліктілігін қажет етеді. Еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы, бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге талпынуы дүниежүзіндегі озық прогреспен технологиялық үрдістерді еліміздің өндірістерінде кеңінен қолданудың талап-тілегі республиканың мамандарының алдына қойылған үлкен сенім-міндеттерді жүктейді.

Кең қарыштап дамыған ақпараттық технологияны өмірде, өндірісте қолдану еліміздің экономикасының дамуында бұл құралдарды кеңінен қолдану еліміздің экономикасын еселеп өсіруге мүмкіндік береді. Бұл адамдардан көптеген білім-білік, ақыл-ой қызметінің дамуын талап етеді. Әр түрлі математикалық заңдылықтарды экономикалық процесстерде тиімді қолданудың зор мәні бар.

ЗЕРТЕУДІҢ МАҚСАТЫ: Орта мектептің жоғары сыныптардың оқу бағдарламасына экономика мен математикалық статистика элементтерін енгізу арқылы математикалық білім беруді жетілдіру.

ЗЕРТТЕУДІҢ ОБЬЕКТІСІ: Орта мектептің жоғарғы сыныптарында математиканы оқытуды саралау процесі.

ЗЕРТТЕУДІҢ ПӘНІ: Орта мектептерде математиканы оқыту процесінде оқушыларға ықтималдық-статистикалық білім берудің мазмұны және әдістемесі.

Зерттеу барысында біз мынадай болжам ұсындық: Егер жоғары сыныптарда математиканы оқыту жүйесі арнайы бағдарланса, сонымен бірге экономика мен математикалық статистика элементтерін енгізудің және оны оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген әдістемесі жасалып, тәжірибеге енгізілсе, онда оқу метериалдары оқушыларға неғұрлым түсінікті әрі дәлелді болады, сөйтіп ол болашақ мамандарың ойлау стилін сипаттайтын біліктіліктерді және қоғамның қазіргі даму деңгейіне сай дүниетанымдарын қалыптастыруға жағдай жасайды.

Алға қойылған мақсатқа жету келесі міндеттерді шешуді талап етеді.

  1. Саралап оқыту жүйесінде математиканың алатын орнын, жоғары сыныптардағы математикалық білім беру мазмұнын айқындау.
  2. Жоғары сыныптарда экономика мен математикалық статистика элементтерін оқытудың мазмұнын анықтау.
  3. Жоғары сыныптарда экономика мен математикалық статистика элементтерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін негіздеу.
  4. Жоғары сыныптарда экономика мен математикалық статистика элементтерін оқытудың тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеуде келесі әдістер пайдаланылды:

а) мемлекеттік деректік құжаттарды, заңдарды зерделеу;

б) зерттеу бағыты бойынша ғылыми-әдістемелік, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді талдау;

в) мұғалімдермен, оқушылармен, өндіріс саласының, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлерімен, жоғары оқыту орындарының оқытушыларымен, өндірістік оқыту шеберлерімен әңгімелесу, олардан сауалнамаалу, оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексеру;

г) берілген әдістеменің тиімділігін анықтау мақстында оқу тапсырмаларын дайындау, педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және жүргізу.

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030. барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты биылғы жолдауы, алыс-жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы педагогтары мен әдіскер-ғалымдарының зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері, білім тұжырымдары және білім беру саласына байланысты басқа да құжаттар.

ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҒЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЫНАДА:

  1. Жоғары сыныптардың математика курсына экономика мен математикалық статистика элементтерін енгізу қажеттігі көрсетілді және математикалық білім мазмұнын таңдаудың критерийлері анықталды.
  2. Жоғары сыныптар үшін математикалық білім мазмұнының моделі жасалды.
  3. Жоғары сыныптарда экономика мен математикалық статистика элементтерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері анықталды.

ЗЕРТТЕУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ:

Жоғары сыныптарда математикалық білім мазмұнын жетілдіруде басшылыққа алынған идеялар мен критерийлерді жаратылыстану ғылыми тобына жататын басқа да пәндердің мазмұнын құруда пайдалануға болады, экономика мен математикалық статистика элементтері тақырыптарының ұсынылып отырған мазмұны мен оны оқыту әдістемесін бағдарлы мектептердің тәжірибесіне енгізуге болады. Зерттеуде баяндалған теориялық негіздер мен практикалық ұсыныстарды педагогикалық жоғары оқу орындарында математика пәнінің мұғалімдерін дайындауда, мұғалімдер білімін жетілдіру иститутарының жұмыстарында, оқу-әдістемелік кешендердің жаңа буынын дайындау кезінде пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығы мен орындалған жұмыстың сенімділігі оның дидактиканың теориялық қағидаларына қайшы келмейтіндігі және зерттеуге қойылған міндеттерді шешудің мүмкіндігін растайтын эксперименттік тексеру нәтижелері көрсетеді.

Мектептерге ұсынылып отырған математикалық білімнің мазмұны мен құрылымы мемлекет пен құрылымы мемлекет пен қоғамның қойған талаптарын қанағаттандырады және онда басқа елдердегі осы салада қол жеткен табыстар ескерілген.

Ғылыми-жұмыстың негізгі қағидалары:

  1. Жоғары сыныптардағы математика курсының мазмұны және оны құрудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі.
  2. Жоғары сыныптардағы экономика мен математикалық статистика элементтерін оқытудың мазмұны мен әдістеиелік ерекщеліктері.
  3. Жоғары сыныптардағы экономика мен математикалық статистика элементтерін оқып үйрену бойынша әдістемелік ұсыныстар.

Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы: зерттеудің негізгі нәтижелері Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Математика теориясы және оқытудың әдістемесі» кафедрасының семинарларында талқылынды.

Зерттеу кезеңдері: зерттеу үш кезеңге сәйкес жүргізілді.

Бірінші кезеңде педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде және көтеріліп отырған проблемаға қатысты басқа да құжаттарға талдау жасау, жоғары сыныптарда математиканы оқытудың жағдайын айқындау мақсатымен сабақтарға қатысып, бақылау жұмыстарын жүргізу, мұғалімдер мен оқушылар арасында сауалнама алу арқылы зерттеудің алғы шарты, оның проблемасы, мақсаты, пәні, міндеттері анықталды.

Екінші кезеңде ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, казіргі кездегі математика ғылымының даму жағдайына, математикалық білім мазмұнын жетілдіру мәселесіндегі басты идеяларға, математиканы оқыту саласындағы алдыңғы қатарлы әдістерге сүйене отырып және қоғамның қойып отырған талаптары ескеріліп, мектептердегі математика курсының, оның ішінде экономика мен математикалық статистика элементтерін оқытудың мазмұны анықталды.

Үшінші кезеңде таңдап алынған теориялық мәселелерді практикада қолданып есептер шешіп көрсету сияқты жұмыстар жүргізілді.

ОРТА МЕКТЕПТЕ ЭКОНОМИКА МЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Саралап оқыту жоғары сынып оқушыларының әртүрлі топтарына материалды баяндаудың тереңдігі, мәліметтердің көлемі, қамтылатын тақырыптардың құрамы, сондай-ақ оқытудың мазмұна жағынан ерекшеленетін бағдарламалар бойынша оқытуды ұйғарады.

Жоғары сыныптарда оқыту жүйесі болашақ өндірістегі жоғары маманданған жұмысшылардың ерекше ойлау стилін қалыптастыруды көздейді. Сондықтан ондай сыныптарда математиканы оқытудың жалпы мақсаттарымен қатар оқытудың арнайы мақсаты да болады, ол оқушыларды ойлау стилінің бастамаларын қалыптастыру.

Ойлау үш құраушыдан тұрады; ұғымдық, бейнелік және практикалық. Қоғамның дамуы, өндірістің барлық буындарын механикаландыру мен автоматтандыру адамның еңбек іс-әрекетінің мазмұны мен сипатына түбегейлі өзгерістер енгізді. Өндірістік іс-әрекеттерді орындау процесінде ойлау операцияларының рөлі артады, яғни практикалық дағдылармен қатар интеллектуалдық біліктерді (жүйелеу, жалпылау, талдау, жіктеу, абстрактілеу, салыстыру, мәнін түсіну, жалпы және жекені айыра білу, мақсат қою, ой жүгірте алу) игеру талап етіледі. Бейнелер жасау және оларды қолдана білу біліктілігін қалыптастыру да маңызды болып табылады. Бұл білікті игеру мидың алғырлық, шапшаңдық, бейнелер мен схемаларға сүйеніп ойлау қабілеттігі, нақтылы өндірістік обьектілер динамикасын ескере отырып, бейнелер мен схемаларды түрлендіру сияқты арнайы қасиеттерін дамытуға байланысты. Оқушылардың әртүрлі ойлау стилін дамыту проблемаларын зерттеген психолог ғалымдардың еңбектерін талдау нәтижесінде ойлау стилін сипаттайтын біліктіліктер анықталған.

  • Нақтылы процестерді модельдеу /математикалық модельдер құру/.
  • Эксперименттік жұмысты дұрыс жүгізе білу, сондай-ақ есептеулердің, өлшеулердің, зерттеулердің және конструкциялау нәтижелеріне математикалық баға беру.
  • Есепті шешу үшін керекті алгоритмді немесе тиімді математикалық әдісті құру немесе таңдап алу;
  • Жалпылама алгоритмдерді қолдану;
  • Осы күнгі есептеуіш машиналарды пайдалана білу;
  • Жетілдірілген графикалық біліктіліктер.

Математиканы оқытудың мазмұнын таңдау мәселесінің әр түрлі қырлары көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған, олардың көпшілігінде оқытудың мазмұны оқытудың мақсаттары арқылы анықталады делінген.

Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың мақсаттары білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық болып бөлінеді.

В. А. Оганесян орта мектепте математикалық білім беру мазмұнын таңдаудың толықтық, кеңдік және дидактикалық маңыздылық сияқты жалпылама критерийлерін ұсынды. Экономика мен статистиканы оқытуда жоғары сыныптарда математикалық білім мазмұнын мынадай критерийлерді таңдап алуға болады.

1-кесте.

Жоғары сыныптарда математикалық білім мазмұнын таңдаудың критерийлері

Реті
Критерий
Мағынасы
Реті: 1
Критерий: Психофизиологиялық
Мағынасы: Оқу материалының мазмұны ойлаудың бейнелік құраушысын дамытуға ықпал ететіндей болуы, оқу материалдарын баяндау кезінде графиктік кескіндеуге сүйену
Реті: 2
Критерий: Құрылымдық- мазмұндық
Мағынасы: Барлық бағыттарға ортақ базалық математикалық дайындықты кеңейтетін және толықтыратын қосымша бөлімдердің бар болуы
Реті: 3
Критерий: Халықаралық маңыздылық
Мағынасы: Жаңа мазмұнды қалыптастыру кезінде бүкіл әлемдік масштабта математиканы оқытудың алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алу
Реті: 4
Критерий: Мазмұндық- әдістемелік
Мағынасы: Теориялық материалмен салыстырғанда практикалық есептерді шешуге көбірек уақыт бөлу.

Математиканы оқытуда есептерді пайдалану мәселесіне арналған зерттеулерде есептер математиканы оқып үйренудің құралы ғана емес, көбінесе оқытудың мақсаты түрінде болып табылатыны, яғни математиканы оқыту мазмұнына енетіні көрсетілген.

Математикада экономика мен статистиканы оқытудың мақсаты, оқушыларға математикалық модельді құра білуді үйрету; тапсырмаларды орындау үшін тиімді математикалық әдісті таңдай білуге үйрету; тәжірибелік жұмыстарды дұрыс жүргізе білу қабілеттілігін қалыптастыруға себептесу және есептеу, өлшеу, зерттеу және құрастыру нәтижелеріне математикалық баға беру; өз бетімен білім алу икемділігін қалыптастыру болып табылады. Аталған мақсатқа жетудің тиімді жолдарының бірі математиканы оқыту процесінде қолданбалы есептерді пайдалану болып табылады.

Математиканы оқыту процесінде қолданбалы есептердің ролі ең алдымен олардың педагогикалық тәжірибеге маңызды дидактикалық принциптерді (теория мен практиканың байланысы, дамытушылық және тәрбиелік, саналық және белсенділік /табысты енгізу арқылы анықталады/.

Оқыту әдістемесі нақтылы процестерді модельдеу біліктілігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс; оқу материалын баяндау кезінде мүмкіндігінше аталған бейнелердің графиктік кескіндеріне сүйену, яғни графикалық біліктіліктерді, ойлаудың бейнелік құраушысын жетілдіру; пәнаралық, әсіресе берілген оқыту бағдары үшін негізгі пәндер арасындағы, байланыстарды күшейту, сабақтарда қолданбалы есептердің арнайы түрлерін пайдалану; жуықтап есептеу әдістерін кеңінен пайдалану және оқытудың алгоритмдік қырын күшейту; оқытудың акцентін лекциялық жүйеге қарай жылжыту; практикалық және лабораториялық жұмыстардың санын көбейту. Техникалық жоғары оқу орнына түсетін оқулықтарда, ғылыми басылымдарда, анықтамалықтарда кездесетін статистикалық берілгендерді талдап, оны дұрыс түсіне білуі қажет. Экономика мен статистика элементтерін оқыту оқушылардың ойлау стилін қалыптастыруға игі ықпалын тигізеді, интеллектуалдық қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Статистикалық зерттеулер жүргізу қажетті деректерді жинау және оларды көрнекі бейнелеу кезеңін қамтиды, ол бейнелерді қайта кодтау біліктілігін (шартты-графиктік және шартты-белгілік) қалыптастыруға мүмкіндік береді. Статистикалық өлшеулер нәтижелерін көрсететіндей графиктер мен диаграммалар біртіндеп, деректердің жинала түсуіне сай толтырылатын белгілі бір статистикалық кестелер бойынша тұрғызылады. Сондықтан статистикалық кестелер құру процесінде жаттығу статикалық және жылжымалы бейнелерді график түрінде елестету біліктілігін дамытуды ұйғарады, бұл іс жүзінде бейнелерге амалдар қолдану біліктілігін жетілдіруді білдіреді.

Экономика сабағы қазір барлық жоғарғы оқу орындарына, мектептерге ене бастады. Россия білім академиясының жалпы орта білім Институты әлеуметтік-экономикалық білімді және жалпы білім беретін мектепте тәрбиені дамыту концепциясын талдаған, бірінші және он бірінші барлық сыныптарға дейін экономикадан оқулықтар жарыққа шыға бастайды, өндіргіш, бизнес, микро-макроэкономика және т. с. с. . көптеген материалдар жарияланды. Шыныда да бүгінгі күні Россия әлемдік экономикалық жүйеге енуде және үшінші мыңжылдық қарсаңында өмірдің өзі экономиканың негізгі заңдарын мектепте оқытуды талап етеді. Экономикалық білім және экономикалық ойлау экономика курстарын оқытумен ғана шектелмейді. Жалпы жағдайда мектеп дисциплинасында математика бойынша экономикалық мазмұнның ролі ерекше болады. Мұның өзі математикалық аппараттың көмегімен талдаумен анықталады, бұл VII-XI сыныптардың алгебра курстарында келтірілген. Математика мен экономиканың байланыстары пайда әкеледі, математика кең өріс алады, ал экономика-жаңа білім алудың үлкен құралы. VII-IХ және Х-ХІ сыныптарда математика курсы программасына экономикалық білімді енгізу математиканың өзін тереңдетіп оқытуға сәйкес келеді.

1. 1 МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР ӘДІСІ

1. МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР ТҮСІНІГІ

Егер мынадай сұрақ қойылса «Қазіргі математика физикалық, астраномиялық, биологиялық, экономикалық, гуманитарлық және басқа құбылыстарды оқытуда қандай жағдаймен қолданылады?», онда жауап мына түрде болады; «оқыту құбылысының математикалық моделін құру және талдау көмегімен». Математикалық модель деген сөзге әркім әрқалай жауап береді. Кейбіреуі-робот, корабльдердің қозғалу моделі, ал басқаларында -адам ағзасының ішкі құрылысы, ал үшіншілерінде-ұшақ моделі. Кей «модель» сөзінің орнына «макет», «көшірме» т. б. сөздер қолданылады. Барлық мүмкін болатын модельдердің ішінде ерекше рольді математикалық модель алады. Математика ақиқат обьектіде қолданылады, оның ішінде математикалық модельде құбылысты математикалық модельмен оқыту математикалық модельдеу деп аталады. Математикалық модельдеудің схемалақ процессі келесі кестеде көрсетілген;

Қоршаған әлемнің құбылысы
Оның жуықтап жазылуы, негізгі қасиеттер мен қатынастардың математикалық тілде жазылуы, математикалық есептердің жазылу түрлері
Математикалық есептердің шешуі, шешімінің зерттелуі
Қорытынды оқыту құбылыстарының жаңа қасиеттері, белгілі нәтижемен салыстыру

Мысал; белгілі ағылшын физигі Дж. К. Максвелл /1831-1879/ классикалық электродинамиканың математикалық мделін құруды оқығанда, модель теңдеуінің талдауына электромагниттік толқындардың пайда болуын алдын-ала айтты. Бұны кейін неміс физигі Г. Герц /1857-1894/ж. эксперимент түрінде дәлелдеді.

Экономика мен математика мыңдаған жылдар бойы байланысты. Сандардың пайда болуы, олардың аталуы және белгіленуі, санау жүйесінің құрылуы және ол негізгі математиканы құрады, бұл өмірге практиканың, өндірістің, айырбас пен сауданың есепиерімен шақырылды. Қазіргі экономика математикалық әдісті кеңінен қолданады. Бұл әдістер экономикаға көптеген негізгі экономикалық теорияның жағдайларын, оқылған экономикалық есептерден теориялық қорытынды алу, ауа-райын болжау, хабарлама беру және экономикалық мінездемелер арасында әртүрлі байланыстар құруда дәл және жүйелі түрде талдауға мүмкіндік береді. Экономикалық процесстерді модельдеудің ерекшелігі әртекті және біртекті пәндерді модельдеуден құрылады. Мысалы, сауда және қазіргі өндіріс шарттары 10млн атаудан тұрады. Экономикада техникалық модельдеуден басқа әлеуметтік процестер кездеседі. Онда 1-ші жоспарда адамның тіртібі, қоғамдағы адамның арасындағы қатынас қарастырылады және т. б. бірақ әлеуметтік процестердің математикалық моделі әлі дұрыс талданбаған. Бірақ әлеуметтік-экономикалық процестердің экономикалық проблемалары көп. Осы проблемаларға математикалық моделдеу әдісі қолданылады.

1. 2 МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Осыған орай заман талаптарына сәйкес білім беру салаларында ең алдымен білім мазмұнын жаңарту жұмысы кеңінен қолға алынуда. Оқыту процесінде, тек мұғалім өзінің іс-әрекетінің дұрыс болуына қарап қоймай, оқушылардың да танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға көңіл аударылуы тиіс.

Оқушылардың танымдық қызығушылық әрекетін қалыптастыру мен дамытудың басты шарты оқыту процесін жетілдіру.

Оқыту-таным процесі, оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін күш немесе себептер болады.

Бала жақсы оқуы үшін, алдағы өмірде білімнің керек екенін түсініп, сол білімге қызығуы қажет. Мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті-оқыту болса, оқу оқушының өзіндік танымдық түсінігіне, біліміне, ізденуіне ықпал ететін құбылыс болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Математиканы оқыту әдістері
Бастауышта математикалық білім беру
Математикадан факультативтік сабақтар
Математикалық білім беру
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Функционалдық сауаттылықты дамыту
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
Математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты және оқыту әдістері
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz