Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдайды талдау



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5
1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 8
1.1. Инфляцияның экономикалық мазмұны 8
1.2. Инфляцияның формалары мен түрлері 10
1.3. Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік.экономикалық салдарлары 17

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 20
2.1. ҚР.да инфляция процестерін себептері және зардаптары 20
2.2. Инфляцияны тежеу шаралары мен әдістері 25
2.3. Инфляцияға қарсы саясат 26

3. 2008 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ 30
3.1. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы күрес саясатына баға беру 45
3.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның алдын алу шаралары 48

ҚОРЫТЫНДЫ 53
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57
ҚОСЫМША

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5

1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

8

1. Инфляцияның экономикалық мазмұны
8
2. Инфляцияның формалары мен түрлері
10
3. Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік-экономикалық
салдарлары
17

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
20

1. ҚР-да инфляция процестерін себептері және зардаптары
20
2. Инфляцияны тежеу шаралары мен әдістері
25
3. Инфляцияға қарсы саясат
26

3. 2008 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТІҢ
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ 30

1. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы күрес саясатына баға
беру
45
2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның алдын алу шаралары 48

ҚОРЫТЫНДЫ
53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
57

ҚОСЫМША
59

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Инфляциялық үдеріс барлық елдерде бар, ал
мәселе соның қандай дәлізде жүріп өтеріне байланысты. Әсіресе, елімізде
жылдың басында инфляция қарқын алды. Бірақ, соған қарамай Үкімет аталған
шаруаны уысында ұстап тұрарын мәлімдеуде. Инфляцияны тоқтатудың екі жолы
болса, соның бірі монетарлық тәсіл. Ұлттық банк бұл міндетін жақсы атқарып
келеді. Дей тұрғанмен, соңғы кезде әлемде шикізатқа деген сұраныс, тиісінше
баға да артып, шикізат сатудан түсетін валюта массасының көбейіп кетуіне
алып келді. Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдер мен жалақының өсуі де кері
ықпал етуде
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу уақыты таяған сайын ұлттық
экономикалық қауіпсіздікті сақтау еліміз үшін өзекті маңызға ие бола
түсуде. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік тиімді де, бәсекеге сай экономикасы
бар елдің ғана маңдайына жазылатыны туралы сарапшылар да көп айтады. Ол
мемлекеттік және шаруашылық субъектілердің мүддесін ұлттық дәстүрлер мен
құндылықтарды сақтай отырып, ұлттық және халықаралық құқықтық нормаға
сәйкес қорғауда саяси, құқықтық және экономикалық институттардың қызметіне
қатаң талап қоюды қажет етеді. Сонымен бірге сыртқы және ішкі экономикалық
қауіпсіздікке төніп келе жатқан қатерді анықтап, оны болдырмауға немесе
зардабын азайтуға арналған шараларды қабылдау пәрменіне де тікелей
байланысты екенінде дау жоқ.
Біз тұрақты инфляцияның пайда болу себебін, оның шығысын
көрсетіп және оның динамикасына қалай әсер ететінін түсінгіміз келеді. Көп
ғалымдар алдарына мынадай сұрақтар қояды: неге инфляцияны бақылау өте қиын,
неге жоспарлар мен үкіметтердің есептеулеріне қарамастан инфляция бар, неге
біз инфляция туралы уайымдауымыз керек, инфляция қандай зиян немесе пайда
алып келеді, инфляциядан айрылу үшін экономика құрылғыларын біз өзгерте
аламыз ба, мәселен алтын стандартына оралып, яғни қағаз ақшаларды алтынға
ауыстырып немесе инфляция кезінде бізге өмір сүруге оңай болу үшін
экономиканы қайта қөру керек пе?
Біздің елімізде ресми ғылымдар мен насихаттаумен социализм кезеңінде
инфляция болуы мүмкін деген пікірдің мойындалмағанына көп уақыт да болған
жоқ. Ал инфляция жасырын нысанда кішкене өлшемде болса да болды. Созылмалы
тауар тапшылығы кезінде, тұрақты баға кезеңінде де ақшалар өз маңыздылығын
жоғалтты.
Қазір инфляция үйреншікті болып, оның масштабы өсуде. Бірақ тек
халықтың кең қабаты ғана емес, оның қағидалы механизмдері, түсінігі және ол
туралы ақпараттармен мамандардың өздері де жетік иемденбеген.
Өзіміздің сарапшылардың да, халықаралық сарапшылардың да зерттеулері
экономикалық қауіпсіздікке төнген қатердің әлеуметтік-экономикалық жағдайға
жан-жақты әсер ететін өзіне тән кешенді сипаттамасы болатынын көрсетеді.
Cол сипаттамалардың бірі әрі негізгісі болып елдегі инфляция жағдайы.
.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Инфляция түсінігін анықтау, жалпы
сипаттама беру, Қазақстан Республикасындағы инфляцияны бағалау, инфляцияның
себептері мен зардаптарын анықтау, оның даму қарқынын бақылау, Қазақстан
Республикасындағы инфляцияға қарсы күрес саясатына баға беру, Қазақстан
Республикасындағы инфляцияның алдын алу шараларын зерттеу.
Зерттеліп отырған дипломдық жұмыс негізінен: кіріспеден, 3 бөлімнен,
қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлім, Инфляция: себептері, түрлері, салдары деп аталып,
теориялық негізге сүйенген. Онда инфляция ұғымына тоқталып, оның пайда
болу себептері мен көрінісі, түрлері мен формалары, сондай-ақ инфляцияның
даму факторлары және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары туралы
баяндалған. Және де инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру
әдістері көрсетілген.
Екінші бөлім, Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай туралы.
Бұл тарауда Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері мен елдегі
инфляцияның даму қарқыны мен себептері мен зардаптары жайлы мәліметтер
келтірілген. Қазақстан Республикасында антиинфляциялық саясатқа баға
берілген, сонымен қатар инфляция жағдайына байланысты статистикалық
мағлұматтар көрсетілген.
Үшінші бөлімді, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның алдын алу
шараларын зерттеу деп алып, Қазақстан Республикасында қазіргі кезде нақты
жүргізіліп жатқан антиинфляциялық шараларға баға беру.
Баға өсуі және факторлары Қазақстанда реформаның алғашқы жылдары
бағаның қозғалысы көптеген факторлармен айқындалды, олардың басымдары
мыналар болды: азық-түлік тауарларына және кейбір тауарларға арналған
бағаның белгіленген шекті деңгейін біртіндеп алып тастау, энергия
ресурстарына арналған бағаны ырықтандыру және ұлттық валютаның құнсыздануы.
Бүгінгі таңдағы инфляцияның өсуі көп себептерге негізделген және
тиісті органдар мен нарық субъектілерінің нақты іс-әрекеттеріне байланысты
күрделі көп факторлы құбылыс.
Қазақстан Республикасындағы инфляция қарқыны, оның пайда болу
себептері мен алдын алу шаралары. Антиинфляциялық саясат пен инфляцияның
әкелетін зардаптарын қарастыру – курстық жұмыстың басты объектілері болып
табылады.
Тұтастай алғанда 1996-2007 жылдары инфляция мынадай болды:
1996 жылы – 60,3 (; 1997 жылы – 28,7 (; 1998 жылы – 11,2 (; 1999 жылы
– 1,9 (2000 жылы – 17,8 (; 2001 жылы – 9,8 (; 2002 жылы – 6,4 (; 2003 жылы
– 6,6 (; 2004 жылы – 6,8 (; 2005 жылы – 6,7 (; 2006 жылы – 7,6 (; 2007
жылғы қаңтар-шілдеде – 5,1 (. 2007 жылғы қаңтар-шілдеде 2006 жылғы осындай
кезеңмен салыстырғанда тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге арналған
бағалар мен тарифтер 8,7 (-ға, азық-түлік тауарлары – 9,4 (, ақылы қызмет
көрсетулер – 9,8 (-ға өскен. 12
Жұмыстың жазу барысында белгілі экономистердің еңбектері
пайдаланылады,жұмыста ұйымның қаржылық жағдайы анализінің әдістері
пайдаланылған.
Сөйтіп, жұмыстың теориялық негізін отандық және шетелдік экономистері
Жүнісов. Б.А., Мәмбетов. Ұ.Е., Байжомартов. Ү.С. Нарықтық экономиканың
негіздері, Мәуленова С. С.,Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ.
Экономикалық теория, Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А.
Экономикалық теория атты оқулықтары.
Қазақстан Республикасындағы 2007 жылғы инфляциялық шолу (Дерек көзі:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) материалдары.

1.ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1.Инфляцияның экономикалық мазмұны

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның
пайда болуын ақшаның шығуы қызметімен байланыстырады. Инфляция термині
латын тілінен – inflatio – қампаю, ісіну, көтерілу деген мағына береді.
Инфляция -бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан, тауарлар және
қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ
оның сатып алу қабілетінің төмендеуін түсіндіреді. Инфляция бұл кез келген
экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Шынында да қауырт
жағдайларда, мысалы, соғыс, революция және сол сияқты кездейсоқ жағдайларда
экономиканы дамыту үшін мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен
қаржыландыру ақша айналымының күрт “көтеріліп”, қағаз ақшаның құнсыздануына
әкеп соғады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналымынан көруге
болады. Тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдары Азамат соғысы
кезінде “инфляция” термині пайда болды. Оның соңғы екі жылында доллардың
сатып алу мүмкіндігі 60% дейін төмендеген; XIX ғасырдың бас кезіндегі
Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791ж.ж. Француз революциясы;
әсіресе дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға
жетті. Осы келтірілген мәселелер инфляцияның бұрыннан келе жатқан айрықша
құбылыс екенін дәлелдейді. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен,
ол тек ақшаға тән құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс,
оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағыұұдайы өндіріс
сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция-дүниежүзіндегі көптеген елдердің
экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Инфляция сұраныс пен ұсыныс баланссыздығын, бағаның өсуінде көрінетін
басқа да ұлттық шаруашылық пропорцияларын түсіндіреді. Бірақ инфляция
кезінде барлық бағалар өседі деп айтуға болмайды. Бір тауарлардың бағасы
өсуі мүмкін, басқа тауарлардың бағалары тұрақты болып қалуы мүмкін, бір
тауарлар мен қызметтердің бағалары басқаларына қарағанда тез өсуі мүмкін.
Осы пропорция негіздерінде сұраныс пен ұсыныс арасында әр түрлі арақатынас
пен әр түрлі икемділік жатыр.
Инфляцияның мазмұнын әр автор әр түрлі жазып жүр. Мысалы, “Ақша,
несие, банктер” деген, 1998 жылы, Мәскеуден шыққан көлемді оқулықта (орыс
тілінде),: “инфляция, бағаның жоғарлағанын, тауардың жетіспеушілігінен
және тауармен көрсетілген қызметтің сапасыздығынан шыққан ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіншілігінің төмендеуі болып көрінеді”
делінген.
Бұл анықтаманың басты кемшілігі, айналымдағы ақша белгілерінің аса
көбейіп кетуінің инфляцияға тигізетін әсері көрінбейді.
1999 жылы, Алматыда шыққан “Толық экономикалық орысша-қазақша
сөздікте” инфляция былай сипатталады: “Ақшалай табыстың тауарлармен
көрсетілетін қызметтерден асып түсуі, рынокта қаржы активтерінің көбеюі
салдарынан тауарлармен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі”.
Мұндай анықтамадан байқайтынымыз, ең басты мәселе табыстың өсуінде
сияқты. Соның салдарынан айналымда ақша көбейіп кетеді деген ой туады.
Бірақ, бұл да теріс түсінік. Әңгіме табыста емес. Ол өскен жоқ, ал тауарлар
мен қызмет жетпегендіктен, олардың сапалары төмен болғандықтан, ұсыным
азайып, сұраным көбейгеннен кейін, айналымда ақша көбейген сияқты болып
көрінеді.
Енді инфляция дегеніміз не, осы сөздің басын ашып алайық. Инфляция –
қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық
құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің
тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлар
қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін
түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд.
Алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылды
делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады.
Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі
тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен
арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың әл-ауқатының дәрежесін
төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің
көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта та бұзылады. Инфляция тауар
тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген
норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция кешенде себептерінің негізінде пайда болады және оның
маңыздылары болып мыналар саналады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны
азайту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар немесе жай қағаз ақшалар
шығарылады. Тұтыну игіліктерінің көбеюіне айналмайтын, адамзат еңбегінің
мақсатынсыз шығындарына жол беретін мемлекеттің өндірістік емес шығындары
(әскери әскери шығындар)
Сұранымды ұсынымнан алшақтататын тауар тапшылығы және соның негізінде
бағаның өсуі, бірқатар өндірушілердің өз өнімдеріне, олардың тұтыну сапасын
арттырмайтын-ақ жоғары баға қою және негізінен қымбат тұратын өнім шығаруға
мүмкіндік беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақының өсуінің еңбек
өнімділігінің өсуінен алшақтауы және басқа себептер. Бұл себептер
мемелекеттік бюджеттің тапшылығының тұрақты ұдайы өндірілуіне және жиі-жиі
артық ақша эмиссиясына (эмиссия-айналысқа ақша және бағалы қағаздар шығару)
жағдай жасайды.
Жұмыссыздықпен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс
болады. Экономикалық ғылымда бұл құбылыс Филипс қисық сызығы деп аталады.
(ағылшын экономисі А. В. Филипстің атымен аталған және жұмыссыздықты
қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің заңдылығын ол алғаш рет
1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын).

Бұл Филипс қисық сызығы график түрінде былай көрінеді:

Филипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздықпен инфляция деңгейінің
өзара өзгеруін көрсетеді: Бұндай қисық сызық нысаны, жоғары жұмыссыздық
жағдайында инфляция төмен болатыннын білдіреді. Және керісінше,
жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранымды арттырады, бағаның өсуін
итермелейді.[2]
Батыс елдерінде жұмыссыздық деңгейімен инфляция деңгейінің арасындағы
өзара байланысты талдау негізінде жиынтық сұранымды реттеудің экономикалық
саясатымен оларды азайтудың шаралар жүйесі (салықтар нарқы мен басқа
тұтқалар) жасалып шығарылады. Швед экономист-ғалымдары Еста Рен (1913 ж.
туған) және Рудольф Мейднер (1914 ж. туған) 50-жылдпры жұмыссыздыққа қарсы
әрекет етумен инфляцияны ұстаудың экономикалық моделін ұсынды. Ол тарихта
Рен-Мейднер моделі деген атпен белгілі. Бірақ Филипс қисық сызығындағы
қалыптасқан экономикалық байланыстар жағдайында, барынша көп еңбекпен
қамтуға қол жеткізу инфляциясыз мүмкін емес.[1]

1.2.Инфляцияның формалары мен түрлері

Бағаның өсу қарқынына байланысты инфляцияны үш түрге бөледі:
a) Баяу немесе сұлама инфляция;
b) Қарқынды немесе секірмелі инфляция;
c) Ұшқыр инфляция немемсе гиперинфляция.
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де (жылына 10-20 %-тен аз) ақша
негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекетте
төтенше жағдайда тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2-3 %
деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептелінеді. Мысалы, 1992 жылы % Францияда
– 2,7 %, Германия мен АҚШ-та – 3,8 % құрады. Қарқынды инфляция кезінде баға
жылына 10-20 %-тен 200-300 %-ке дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп
ол бағаның одан әрі өсуіне әкеп соқтырады. Ал ұшқыр инфляция кезінде
ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен (500-1000 %-тен жоғары)
өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс
тіршілігі қиындай бастайды. Экономикалық тарих ұшқыр инфляцияның
таңқаларлық мысалдарын келтіреді. Инфляция 1985 жылы Боливияда – 3400 %,
1990 жылы Аргентинада – 2000 % құрады.[2]
Инфляция процестің сипатына қарай бөлінуі:
a) Ашық инфляция;
b) Жабық инфляция;
c) Инфляциялық шок.
Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар
мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция кейбір
тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің
баяулауымен сыйыса береді. Ал ол ашық инфляцияның нарық механизмін едәуір
бұрмалағанымен, әйтсе де оны толық бүлдіре алмайтынын көрсетеді. Яғни
бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады.
Жасырын немесе жабық инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция
реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында,
өнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын
экономикада, бартерлік айырбастың дамуында көрінеді. Жабық инфляция,
ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді
бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен
ұсынымның тепе-теңдік бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау
нәтижесінде пайда болады. Бұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің
экономикамызға тән болып отыр. Немемсе басқаша айтқанда, тауар тапшылығы
жағдайында бағаға мемлекет қатаң бақылау жасап отырады.
Зерттеу объектісіне байланысты инфляция:
a) Ұлттық;
b) Аймақтық;
c) Әлемдік болып бөлінеді.
Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме және бөлшек
сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің
дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы құрайды.
Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін инфляциялық
импульстарға байланысты:
a) Импортталған;
b) Экспортталған.
Елдің валюта курсы қатаң сақталып тұрған жағдайда импорттық
тауарлардың бағасының қандай болмаса да өсуі, елге инфляцияны импорттайды.
Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты
инфляция:
a) Балансталған (теңестірілген);
b) Баланстандырылмаған (теңдестірілмеген).
Біріншіде бағалар орташа және тұрақты өсіп отырады. Басқа
макрокөрсеткіштер сәйкестікте өзгеріп отырады. Екіншіде тауарлардың бағасы
секіріп өседі және бұл бір мезгілде жүрмейді, ал экономика өзгермелі
жағдайға бейімделуге үлгере алмайды.
Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты,
инфляция:

a) Бақылаудан шықпаған;
b) Бақылауға көнбейтін.

ЖҮӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың
өскен жағдайында:

a) Ақиқат инфляция;
b) Жалған инфляция.

Бағананың болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу
дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты:

a) болжауға болатын инфляция;
b) болжауға келмейтін инфляция;
Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға
байланысты:
a) сұраныс инфляциясы;
b) шығын инфляциясы;

Сұраным инфляциясының мәнін бір сөзбен былай деп сипаттауға болады:
Тым көп ақшалар тым аз тауарларды аулайды. Сұраныс инфляциясынарықтық
байланыстарды монополизм мен әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесінің ұсақ
үстемдігі болған жағдайда да орын алады. Олар айрықша нысан сипатында
болады. Мысал ретінде біздің экономиканы алсақ, онда ұзақ жылдар бойы
жасанды түрде төмен жұмыссыздық деңгейі сақталды. Оған табыссыз жұмыс
жасайтын бірталай кәсіпорындардың санын және артық жұмыс орнын, ең көп
еңбек шығынын қажет ететін өндірісті сақтау арқылы қол жетті, ал ол еңбек
өнімділігіне кері әсер етті. Ал жалақының еңбексіз табылған табысқа
айналуы, оны сұраныс инфляциясына айналдырады, бағаны өсіреді.[5]
Сұраным инфляциясын график түрінде 1 – суретте көрсетілген.
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы
сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика
жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса,
бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.

Шығын инфляциясы ұсыным мен шығындарды өзгерту нәтижесінде болуы
мүмкін. Шығын инфляциясының екі түрі бар:
a) жалақының өсуі әсерінен болатын инфляция;
b) ұсыным экономикасы механизмінің бұзылуы нәтижесінде пайда
болатын инфляция.

Шығындар инфляциясы график түрінде 2 - суретте көрсетілген:

Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным
қисығы солға қарай жилжыды (AS2 - AS1), баға даңгейі өседі (Р1 –Р2)
өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі
қысқарады.[1]
Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
• экономикадағы қамтитын аумағына байланысты - жергілікті және әлемдік
инфляция;
• жүру қарқынына байланысты – біркелкі (баға үнемі төмен қарқынмен
өседі), үздіксіз және сатылы инфляция;
• даму қарқынына байланысты – жылжымалы инфляция – онда бағаның өсу
қарқыны жылына орташа 5-10 проценттен аспайды; қарқынды инфляция -
онда бағаның өсуі жылына орташа 10 проценттен 50 процентке дейін (ал
кейде 100 процентке) жетеді; ұшқыр инфляция - онда бағаның өсуі жылына
100 проценттен асады; Халықаралық валюта қоры баға айына 50 процентке
өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі аса ұшқыр инфляция
(супергиперинфляция) деп аталады. Егер инфляция өндірістің
құлдырауымен ұштаса оны стагфляция деп атайды;
• әсер ететін факторлар бойынша – сұраныс инфляциясы және шығын
инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни
айналыстағы ақша массасы “көтеріліп”, соның салдарынан төлем қабілеті бар
сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бірқалыпты баға жағдайында
өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық
сұраныс экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінен жоғарылап, бағаның
көтерілуіне соқтырады.
Ақша массасының “көтерілуі” себептерінің ең негізгісі - әскери
шығындардың өсуі, яғни шығарылған әскери техника күнбе-күнгі өмірде
қолдануға жарамайтындықтан оның ақшалы эквиваленті бюджеттің тапшылығын
тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылады,
немесе ақша нарығына мемлекеттік зайымдар орналастырылады. Бюджет
тапшылығын жоюдың бірінші жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа
қосымша ақша массасын шығарудың алғашқы сатысында өндірістің дамуы,
жұмыссыздықтың азаюы және бағаның төмендеуі тепе-теңдік орнайды. Сондықтан
аз мөлшерлі инфляция пайдалы деген қорытынды шығады, себебі ондай инфляция
артық өндіру дағдарысынан және жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады.
Одан әрі бүкіл экономикада бос жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа
өнімді қосымша шығара алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің
құлдырауына, оның тиімділігінің төмендеуіне және инфляцияның қарқындауына
себепші факторлар әсер ете бастайды.
Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектелуі ұсыныспен салыстырғанда
айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарылатады және ақшаны
құнсыздандырады.
Шығын инфляциясы өндіріс шығынының көбеюіне байланысты әсіресе еңбек
ақының көбеюіне байланысты бағаның өсуі. Бұл жағдай №1 сұлбада көрсетілген.
өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты
туындайды. Ол - ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта
индекстеу қажеттігін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді
өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмен-деуіне, қолданып жүрген баға
бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап
қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады.
Нәтижесінде инфляциялық серіппе (спираль) пайда болады: бағаның көтерілуі
жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы
мен бағаның “инфляциялық серіппе” теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнімнің әрбір өлшемінің шығыны көтеріліп, соған
байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны
құрайтын элементтердің тек біреуі ғана. Сонымен қатар, тауар өндірісі
шикізат, энергия көздерін алу, транспорт қызметін төлеу шығындары
көтерілуіне байланысты да қымбаттайды. Шикізат пен энергия ресурстарының
және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығындардың өсуі –
бүкіл әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын фактор - өнімнің
әрбір өлшемінің шығындарын төмендететін жаңа технологияны пайдалану.
Шығын инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бірімен-бірі тығыз
байланысты. Оны мынандай жүйеліктен байқауға болады: (2-сурет). Қазіргі
кез келген экономика жүйесін инфляцияға ұшырататын – немесе сұраныс
инфляциясына немесе шығын инфляциясына әсер ететін факторлар.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға
ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша
инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы
мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау
болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияның
әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық
өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
1 кесте - Дамушы елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер
ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.


Көрсеткіштер Дамушы елдер

Бірінші топ Латын Америкасының дамушы мемлекеттері

Екінші топ Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран,
Египет, Сирия, Чили елдері

Үшінші топ Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Біріккен
Арабтар Әміршілігі, Катар, Сауд Аравиясы,
Бахрейн

Төртінші топ ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және т.б.


Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері
жатады, оларда 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың бас кезінде экономикалық
тепе-теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі
саясатта ақша шығару станогы мен үнемі индекстеу механизмінің
қолданылуы байқалып, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық
валютаның курсы төмендеді. Никарагуада, мысалы, 1990 ж. ақшаның
құнсыздануы 8500 процентке, Перуде-8291,5 процентке жетті.
Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет,
Сирия, Чили елдері кіреді, оларда да экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы
байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспансияға
(несиені ұлғайту) ерекше көңіл бөлінді. Бұл елдерде қарқынды инфляция
(бағаның жылдық орташа өсуі 20-40% шамасында) сақталып, бірен-саран
индекстеу жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.
Үшінші топқа жататын елдер – Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея,
Біріккен Арабтар Әміршілігі, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн – жеткілікті
деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы
инфляция (1-5%) сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген. Экономикасы
дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде
тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор роль атқарды,
жұмыссыздық бірқалыпты деңгейде жүруде.
Төртінші топқа дамушы мемлекеттер әлеміне теңгерілген бұрынғы
социалистік мемлекеттер кіреді (ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және
т.б.). Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы-бөлу жүйесінен нарыққа өту
барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады. Себебі,
инфляция факторлары, біріншіден, мемлекеттік бюджеттің бұрыннан келе жатқан
тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселелерінде анықталады; екіншіден,
құрылым факторлары, мысалы, тез қайтарылымы болмайтын ауыр өнеркәсіпке
салынатын инвестицияның қауыр өсуі; үшіншіден, “баға қайшысы” деп аталатын
ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасымен салыстырғандағы өнеркәсіп өнімдері
бағасының қарқынды өсуінің арасындағы үйлесімсіздік. Құрылым факторлары тек
бағаны қауырт көтеріп шығын инфляциясына жағдай жасап қана қоймай, сонымен
қатар сұраныс инфляциясының өсуіне әсерін тигізеді.
Бұл мемлекеттер өндірістің өсуі мен ішкі нарықтың аз сұранысы
арасындағы қайшылықтарды, бір жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни
ақша массасын басып шығарумен, екінші жағынан шетел займдарын көптеген
мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде бұл топтағы мемлекеттерде
көп мөлшерде ішкі және сыртқы қарыздар пайда болады.
Сонымен дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нышаны
- ақша айналымы жылдамдығының өсуі, ақша массасының жиынтық сатып алу
мүмкіншілігінің кенет төмендеуі және ақша айналысынан ұсақ монеталар түгілі
бірте-бірте ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы
қарыздың өсуі мемлекет ішінде доллардың немесе басқа шетел валютасының
қолданылуына жол ашады. Бұл процесс инфляцияның одан әрі қарқындауына және
елден капиталдың “әкетілуіне” соқтырады.

3. Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік-экономикалық
салдарлары

Қазіргі кезде инфляция мынадай факторларға байланысты:
1) Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға
пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс
аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық
несиеге толуы.
2) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке,
шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономикалық
саясатына байланысты факторлар жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның сұраныс
инфляция және шығын инфляция түрлерін қарастырайық.
Сұраныс инфляциясы мынадай факторлардың әсерінен туындайды:
• әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда
пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық
болып қалады;
• мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни
мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен
бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
• несиелік экспансиялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық
банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын
сипаттайды;
• импортталған инфляция, яғни валюталарын сатып алу барысында тауар
айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;
• ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.
Шығын инфляциясы мынандай факторлардың болуымен сипатталады:
• еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
• көрсетілген қызметтің маңызының артуы;
• бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе
жалақының өсуі;
• энергетикалық дағдарыс.
Инфляцияның философиясы мынада: бірте-бірте тереңдеуіне байланысты
экономиканы уақытша жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне кедергі
жасайтын факторға айналады. [5]
Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай
жағдайларға әкеп соғады.
Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен,
экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және
болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан (фирмалардан, үй шаруашылықтарынан) мемлекет
тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын
мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты
ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты
түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.
Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.
Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол – ақша басып
шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып
шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған
шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған
ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың
өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы
инфляциялық салыққа тең болады.
Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты
табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы
топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға
мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға
ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады.
Процент ставкасы өзгермеген болса, күтпеген инфляцияның нәтижесінде
кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын азайтуды
көздеп, банктер қарыз процентінің ставкасын жоғарылатады. Осы жағдай
өндіріске жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ
мерзімді аспектіде ЖҰӨ нақты көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра
түседі.
Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт
өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі.
Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қатер-қауіп өсе түседі.
Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар
қысқамерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі
құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы
өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл-ауқатын және жұмыспен
қамтылуын төмендетуі мүмкін.
Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс
өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.
Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің шамамен
жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін төмендетеді.
Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді
және тауар өндірушілер ойсырайды.
Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі.
Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі.
Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.
Алтыншыдан, ақша формасында жасалған нақты жинақтың құны төмендейді,
нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы,
бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның
жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан қашуға
жол ашады. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін
қосымша шығындар жасауға мәжбүр болады.
Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгереді және оның нақты
табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспансионистік фискалдық және монетарлық
саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік
борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске кіріседі.
Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет
ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы
төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді.
Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экономикалық өсудің төлемі
және оның стимулы болып табылады. Дефляция, керісінше, жұмыспен қамтуды
және өндірістік қуаттардың пайдалануын төмендетеді.
Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен
жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге мүмкіндік
бермейді. Бірақ, инфляциямен, бір жақтан, өндіріс көлемі және
жұмыссыздықтың, екінші жақтан, арасында тікелей өзара байланыс болмайды.
Оныншыдан, әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың
өндірісінің көлемі ұқсас емес бағытта жылжып отырады.[3]

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. ҚР-да инфляция процестерін себептері және зардаптары

Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның
ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи –
экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға
жүйелерінің құрылымдылық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды.
Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де
сәйкессіздіктер пайда болады.
Қеңес экономикасының 70 – ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық
өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып
тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан
диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
1) өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
2) ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
3) шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы
диспропорция;
4) әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік;
5) материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы
диспропорция т.б.
Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың
инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық
жүйесінде әрбір 10 -15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды
реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.[1]
Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі
мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас
Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы
негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының
шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда
өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал
өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну товарларының 60% сырттан
тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда товар
тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу
үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын.
1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы
2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция
қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (тенгені) енгізгенннен кейін
ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың
ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның
макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ
Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде
ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина
жасау көлемі 90 % - ке, ауыл шаруашылық пен азық – түлік шаруашылықпен
азық – түлік өндірісі – 50 -60% -қысқарды [3].
Тұтастай алғанда 1996-2007 жылдары инфляция мынадай болды:
1996 жылы – 60,3 (; 1997 жылы – 28,7 (; 1998 жылы – 11,2 (; 1999 жылы
– 1,9 (2000 жылы – 17,8 (; 2001 жылы – 9,8 (; 2002 жылы – 6,4 (; 2003 жылы
– 6,6 (; 2004 жылы – 6,8 (; 2005 жылы – 6,7 (; 2006 жылы – 7,6 (; 2007
жылғы қаңтар-шілдеде – 5,1 (. 2007 жылғы қаңтар-шілдеде 2006 жылғы осындай
кезеңмен салыстырғанда тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге арналған
бағалар мен тарифтер 8,7 (-ға, азық-түлік тауарлары – 9,4 (, ақылы қызмет
көрсетулер – 9,8 (-ға өскен. 12

2 кесте - 1996-2007 жылдары инфляция

1996ж 60,3%
1997ж 28,7%
1998ж 11,2%
1999ж 1,9%
2000ж 17,8%
2001ж 9,8%
2002ж 6,4%
2003ж 6,6%
2004ж 6,8%
2005ж 6,7%
2006ж 7,6%
2007ж 5,1%

1996-2007 жылдардағы инфляция диаграмма түрінде

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді.
Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша
конъюктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы
өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген
кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,
экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі
экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар
сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай
инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті
таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына
ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың
жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді.
Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады,
халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта
бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының
өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін
қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп
иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.
Кейбір экономистер инфляцияның онша жоғары емес деңгейі экономикалық
конъюпктураны жандандырады дейді. Тәжірибеде инфляцияның келесі негізгі
әлеуметтік-экономикалық салдарлары орын алады.

Ақша табысының құнсыздануы

Инфляция барлық ақша табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді.
Номиналды табыс-бұл адамның жалақы, рента, пайда немесе пайыз түрінде
алынатын ақша құралы болса, нақты табыс- номиналды табыс сомасына сатып ала
алатын тауарлар мен қызметтердің санымен анықталады. Егер номиналды табыс
тұрақты болса немесе инфляция қарқынына қарағанда баяу өссе, онда нақты
табыс төмендейді. Сондықтан инфляцияда белгілі табысы бар адамдар көп
зардап шегеді. Егер табыстың өсуі инфляция қарқынының алдында болса, онда
жанұя, фирманың қаржы жағдайы жақсарады. Егер сұраныстың икемсіз жағдайында
фирма өз өнімінің бағасын инфляция өсуіне дейін тезірек көтерсе, онда ол
инфляциядан зардап шекпейді. Бірақ көп фирмалардың ондай мүмкіндіктері жоқ,
демек инфляция кезінде олардың қаржылық жағдайы нашарлайды.

Табыс пен байлықтың қайта бөлінуі

Инфляция табыс пен байлықты қайта бөледі. Осылай несие берушілердің
арқасында қарызы бар адамдар байиды. Барлық жағдайларда дебиторлар ұтады;
себебі ссуда ақшаның белгілі бір сатып алу қабілеті бар кезінде алынады да,
ол сомаға аз сатып алу қабілеті бар кезінде қайтарылады. Сонымен қарызы бар
кәсіпорындар инфляциядан ұтады және мемлекеттің қарызы бар үкімет те ұтады.
Себебі инфляция оған қарыздарын сатып алу қабілеті болатын теңгемен төлеу
мүмкіндігін береді.
Бағалар бір-біріне күтпеген уақытта, тез және баланссыз өсетін болса,
онда бұл жағдай нарықтық экономикадағы кейбір субъектер үшін пайдалы, ал
басқалары үшін зиянды болады. Мысалы, бағаның бірден тез өсуін жоспарламай
кәсіпкер мен кәсіподақ арасында коллективті шарт жасалса, баға өскен
жағдайда жалданбалы жұмысшылар ұтылуы мүмкін. Басқа тауарлар мен
қызметтердің бағалары өскен жағдайда кәсіпкерлер де зардап шегуі мүмкін.
Сонымен инфляция табыс пен байлықты төлемді кейінге қалдырғандар пайдасына,
ал номиналды және ұзақ уақытқа, белгіленген шарт негізінде (несиеге процент
ставкасы, жалақы) ақша беретіндердің зиянына бөледі. Осындай қайта бөлуді
инфляцияның жылдамдығы, кездейсоқтық пен баланссыздығын күшейтеді.
Инфляция жылжымайтын мүлік құнын жоғарылатады. Сондықтан иеліктерінде
жылжымайтын мүліктері бар жанұялар мен фирмалар бай болады.

Ақша қаражаттарының пайдаланылуы

Инфляция кезінде нарықта сұранысқа ие болған тауарлы заттық
құндылықтардың бағасы өседі. Сондықтан халық пен кәсіпорындар өздерінің тез
құнсызданатын ақша қаражаттарын пайдалануға асығады, нәтижесінде де халық
пен кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі пайда болады.
Заттардың көп сатып алынуының нәтижесі сұраныс инфляциясының нығаюына
әкеледі. Оның алдын алу үшін мемлекеттің қатаң ақша саясаты керек.

Ұзақ мерзімді мақсаттарға мүдденің әлсіреуі

Инфляцияда ұзақ мерзімді инвестиция жасау ешкімге пайдалы емес, себебі
инвестицияға белгілі бір ақша салынады да, инвестициядан табысты басқа
ақшамен алады. Инвестицияның өсу қарқынынан жоғары тиімділікті қамтамасыз
ететін инвестиция ақылға қонымды болады.
Инвестиция мерзімі ұзақ болған сайын құнсыздану көп болады. Мәселен,
бір жоба үшін 200 мың теңге инвестиция керек болсын. Бірінші жылдың соңында
100 мың теңге табыс, екінші жылдың соңында 200 мың теңге, ал үшінші жылдың
соңында 50 мың теңге табыс табылады деп жоспарлансын. Бірақ инвестицияны
қазір шығару керек, ал табыс біраз уақыттан соң ғана түседі. Болашақтағы
ақша табысын уақытша бағалау үшін дисконттау операциясы қолданылады. Егер
инфляция қарқыны 15% деп болжалса, онда инвестициядан бірінші жылдың
соңында табыс мынаны құрайды. 100 мың теңге(1+0,15)=87 мың теңге. 2-
жылдың аяғында 200 мың алынады деп күтілуде. Бірақ уақыт факторын есепке
алғанда олар мынадай болады: 200 мың теңге(1+0,15)²=151,5 мың теңге. 3-
жылдың соңында инвестициядан табыс: 50 мың теңге(1+0,15)³=33,3 мың теңге
құрайды.
87+151,5+33,3=271,8 мың теңге. Байқағанымыздай бұл жоба инфляцияны
есептесек те пайдалы болып табылады.

Жиналған ақшаның құнсыздануы

Инфляция сонымен қатар фирманың амортизациялық қорының құнсыздануына
әкеледі, ол ұдайы өндірістің қалыпты процесін қиындатады. Инфляция
жинақтардың нақты құндылықтарын да, бұл банктегі салым, облигация,
сақтандыру немесе қолма-қол ақшасын да төмендетеді. Адамдар жинақ жасамауға
тырысады. Фирмалар пайдасының жартысын ағымдағы тұтынуға бағыттайды, бұл да
қоғамның қаржы қорының азаюына, өнеркәсіптің бәсеңдеуіне әкеледі.

Ақша қаражаттарын жасырын конфискациялау және нақты пайыздың төмендеуі

Инфляция салық арқылы халық пен кәсіпорындардың қаржыларын жасырын
конфискелеуіне алып келеді. Номиналды табысы өскен салық төлеуші бірден
салықты салық салудың жоғары тобынан (жоғары проценпен) төлейді. Осылайша,
халық пен кәсіпорындардың пайдасы деп есептелінбейтін және ағымдағы
шығындарға кететін табыстарының бір бөлігі алынып қойылады. Мұндай жағдай
тудырмас үшін дамыған Батыс елдері инфляция қарқынын есепке ала отырып,
салық ставкасына индексация жүргізеді. Өкінішке орай, мұндай индексацияның
тиімділігі аз болады, себебі баланстанбаған баға өсу кезінде байлықты қайта
бөлуіне әкеп соқтырады, номиналды табыстың нақтыдан ажырауының күшеюі және
бұл да әртүрлі топтарда, әртүрлі уақытта және әртүрлі жылдамдықпен
күшейеді. Бірыңғай индексация осындай нәзік айырылымдарды қамти алмайды, ол
барлық табыстарды заңды түрде бағалайды. Сонымен қатар инфляциядан мемлекет
те зардап шегеді, себебі салықтар мемлекеттік қазынаға түскен уақытқа дейін
олар құнсызданады.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың нашарлауының бірі - инфляцияның
тұрақсыздығы және өзгермелілігі. Инфляция кезінде бағалар тез өзгеріп
тұрады, ол тұтынушының дұрыс таңдауын қиындатады. Болашақтағы табыстарға
деген сенімділік төмендейді, шығындар мен пайданы болжау қиынға соғады.
Осылардың барлығы кәсіпкерлікке деген ынтаны, экономикалық активтілікті
төмендетеді.
Біз инфляцияның үй тұрмысына, фирмалар мен мемлекетке тигізетін
салдарын қарап шықтық. Осы талдаулардан байқағанымыз, инфляция қатты жоғары
емес қарқында өндірісті өсіру стимулы болуы мүмкін, бірақ экономикалық
процестің одан да көп бұзылуына алып келеді. Нәтижесінде инфляция қарқыны
өседі де қоғамда гиперинфляция болу қаупі төнеді. Ол да өзімен бірге
экономикалық қирауға дейін баратын күйретуші салдарлар алып келеді.
Гиперинфляцияның ең қауіпті салдары, бұл - өндірістік қызметтің
тиімсіздігінен делдалдық қызметке ауысудың болуы. Фирмалардың болашақта
баға өседі деп шикізаттар мен дайын өнімдерін жинап отыруы инфляциялық
қысымды күшейтеді. Өндірістің жалпы бәсеңдеуі басталады.
Осындай жағдайда қалыпты экономикалық қатынас бұзылады. Кәсіпкерлер
тауарларына қандай баға қоюды, ал тұтынушылар қанша төлеуді білмейді. Өнім
беруші фирма ақшасын тез арада алғысы келеді, өйткені ақша тез уақытта
құнсызданып кетеді. Несиелік қатынас бұзылады. Бюджет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары
Инфляцияның түрлері мен факторлары
Қазақстан Республикасындағы инфляция және инфаляциямен күресу жолдары
Ақша-несие саясаты жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы
Республикасындағы инфляция мәселесі
Қазақстанның ақша - несие саясаты
Қазіргі кездегі инфляциялық үдеріс және инфляцияны реттеу әдістері
Пәндер