Аллергологиядағы молекулалық зерттеу әдісі



1. Аллергологияда қолданылатын . молекулалық генетикалық зерттеу әдістер әдістеі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Аллергологиялық аурулар кезінде болатын гендік өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
3. Бронх демікпесін анықтауда қолданылатын молекулалық генетикалық зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Аллергологияда қолданылатын . молекулалық генетикалық зерттеу әдістер әдістеі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Аллергологиялық аурулар кезінде болатын гендік өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
3. Бронх демікпесін анықтауда қолданылатын молекулалық генетикалық зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

І. Кіріспе
1, Молекулалық-генетикалық әдістер.
Бұл әдістер ДНҚ фрагментін талдауға , оның жеке гендерін, сегменттерін тауып, бөліп алуға мүмкіндік береді.
Полимераздық тізбектік реакция
Соңғы жылдарда клиникалық практикада полимераздық тізбектік реакция әдісі кең қолданылып келеді ( ПЦР немесе Polymerase chain reaction, PCR diagnostics ). Бұл лабораторияға зерттеу үшін әкелінген әр түрлі биологиялық материалдағы инфекцияның қоздырғышын тікелей анықтаудың арнамалы және сезімталдығы жоғары әдіс болып табылады. Бұл қан, плазма, сарысу, зәр, қақырық, кез - келген биологиялық сұйықтықтар ( қуық асты безі сөлі, плевралық, жұлын ми, буындық сұйықтық, сілекей, асқазан сөлі, т.б.), асқазан, он екі елі ішек, аш ішек кілегейінің биоптаты, т.б.
Микробиологиялық зерттеу әдістерінен айырмашылығы, анализ генетикалық деңгейде жүргізіледі. ПЦР - технологиясы қолданылуының арқасында организмге енген микроорганизмнің ДНҚ бөлігінің сан алуан көшірмесін жасап шығаруға және анықтауға болады. Ол үшін зерттелетін сынамада арнамалы ДНҚ-ң 200 жұбымен бірге қысқа бөлігі болса жеткілікті.
ПЦР әдісі принципі жайында алғаш рет 1983 жылы Кэри Маллис сипаттап жазды. Бұл молекулалық биология саласындағы ең жоғары жетістіктердің бірі болды. ПЦР - анализі әдісін ашқаны үшін Кэри Маллис 1993жылы химия саласындағы Нобель сыйлығына ие болды.
ПЦР әдісі негізі болып термостабильді ДНҚ - полимераза ферменті көмегімен in vitro жасалған, қоздырғыштың ДНҚ бөлшегінің комплементарлық құрылымы табылады. Бұл фермент полимеразды тізбектік реакциясындағы барлық процесстерді бақылауға және катализдеуге мүмкіндік беретін, соның ішінде жоғарғы температурада өтетін керемет қасиеттерге ие болып келеді.
Клиникалық үлгінің ПЦР анализі үш негізгі сатыдан тұрады:
а) ДНҚ немесе РНҚ - ны белгілеу;
б) ДНҚ фрагменттерінің амплификациясы;
в) ДНҚ өнімдерінің амплификациясы детекциясы ( нәтижелерді тіркеу ).
Б і р і н ш і с а т ы д а зерттеу үшін алынған биологиялық материал арнайы өңдеуден өтеді, яғни сынамадан клеткалық материал, пептидтер, көмірсу, полисахаридтер мен белоктар жойылады, бірақ инфекция қоздырғышының арнамалы ДНҚ жіпшелері сақталып қалады. Бұл ПЦР анализдің келесі реакциясының тазалығын қамтамасыз етеді.
К е л е с і с а т ы ДНҚ - матрица мен ДНҚ жіпшелерінің құрылысы (ұзаруы) үшін, талдау жасалатын үлгіге ДНҚ -полимераза ферменті, төрт түрлі мононуклеидтердің ( А, Г, Т, Ц ) жеткілікті мөлшерінен тұратын ерітіндіні қосу арқылы жүзеге асырылады. ДНҚ - матрица (праймерлер) - инфекция қоздырғышының жасанды жолмен синтезделген қысқа ДНҚ бөлшектері, мұнда ДНҚ клондалуы жүзеге асырылады. Праймерлердің әрқайсысы ДНҚ фрагментінің бір ұшымен сәйкес келеді.
ДНҚ - амплификатор деп аталатын арнайы құрылғыда, алынған үлгіні қыздырған кезде, екі спиральді нативті ДНҚ денатурацияға ұшырайды, яғни ДНҚ бір спиральді екі жіпшелерге бөлінеді. Үлгіні салқындатқан кезде осы жіпшелердің соңғы бөліктеріне праймерлер қосыла бастайды және ДНҚ - полимераза ферментінің арқасында үлгіде бар нуклеотидтерден ДНҚ - ң екінші спиралі құралады. Осылайша екі бірдей екі спиральді ДНҚ жіпшелері алынады.
ДНҚ синтезінің бірінші циклы аяқталған соң, қайтадан осы екі спиральдің термиялық денатурациясы басталады. Нәтижесінде төрт бірспиральді ДНҚ жіпшелері пайда болады, ал үлгі салқындаған кезде екі спиральді төрт ДНҚ жіпшелері алынады.
Осылайша, амплификация циклын бірнеше рет қайталаған кезде, микроорганизмнің ДНҚ фрагменттерінің миллиондаған және миллиардтаған көшірмелері клондалады. Кейін ол полиакриламидті, агарлы гельде электрофарез немесе иммуноферментті анализді қолданғанда ( ПЦР- анализдің ү ш і н ш і с а т ы с ы) идентификацияға ұшырауы мүмкін. Осы мақсатта амплификация өнімдерінің қоспасына ДНҚ фрагментіне тігілетін арнайы ерітінділер қосылады. Ерітінділер зерттелетін үлгіде вирус, микроб немесе бактерия ДНҚ-cы бар екендігін көрсететін флуоресциация қабілетіне ие болып келеді.


1-сурет.Амплификация тәсілі бойынша ДНҚ синтезделу үлгісі.

ПЦР негізгі артықшылығы анализ жасау уақытының жылдамдығы (2-3 сағат), диагностиканың арнамалығы және жоғары сезімталдығы болып саналады. ПЦР зерттеуге кез-келген зерттеу материалын, соның ішінде басқа зерттеу әдістерімен қолдануға келмейтін материалдар - қақырық, кілегей, зәр, қан, сарысу, шәует, эпителий клеткаларының жағындысы, т.б. қолдана беруге болатындығы маңызды болып келеді.
Нуклеин қышқылдарының гибридизациясы әдісі. ДНҚ-ны рестриктазамен фрагменттерге бөлгеннен кейін, оларды полиакриламидті немесе агарлы гельде электрофарезден өткізеді. Содан соң, ДНҚ фрагменттерінің идентефикациясы жүзеге асады.
ДНҚ арнамалы фрагменттерін анықтау үшін , Саузерн бойынша блотгибридизация әдісі қолданылады.
Сонымен қатар, Гатри бойынша микробиологиялық ингибиторлық тест, гибридизация әдістері, биохимиялық микробиологиялық экспресс- әдістер - флюорометриялық, хроматографиялық, радиоиммунологиялық, пренатальді диагностикалық әдістер де тұқым қуалаушылық ауруларды құрсақішілік ұрықтық даму кезінде уақытында анықтау үшін көп мағлұмат береді және қазіргі кезде кең қолданылып келеді.

2-сурет.ПЦР диагностикасы құрылғысы.
2. Атопиялық дерматит пен аллергологиялық аурулардың гендік өзгерістері.
Профиллагрин геніндегі мутация филлагриннің өндірілуін тоқтатады, соның нәтижесінде әр түрлі популяциядағы Аллергиялық дерматит ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйе сүтінің сарысу белоктарының қасиеттері
Полимерлердің молекулалық массасын анықтау әдістері
Бензол молекуласының электрондық құрылысын МПДП әдісімен есептеу
Төмен молекулалық тұздармен комплекс түзуге бейім полимерлер - құрамында гетероатомдары бар бейиондық полимерлер
Төмен молекулалық түздармен комплекс түзуге бөлім полимерлер - құрамында атомдары бар бейиондық полимерлер
ДНҚ зерттеу әдістері. ДНҚ диагностикасының тура және көлденең әдістері. ДНҚ – фингерпритинг
Фенол молекуласының электрондық құрылысын есептеу
Метилорынбасқан пиперидин-4-он қосылыстарының электртотықсыздану кезінде түзілетін аралық өнімдердер
Геннің молекулалық биологиясы
Трансгендік ағзалар, фармацияда және медицинада қолданылуы
Пәндер