Қазақстан мен Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұлттық мүдде мәселелерінің берілу ерекшеліктері



Кіріспе

І тарау. Қазақстан баспасөзіндегі ұлттық мүдде мәселесі
1.1 Қазақстан баспасөзіндегі ұлттық мүдде мәселесінің жазылуы
1.2 «Түркістан» газетіндегі ұлттық мүдденің көрініс табуы
1.3 «Жас қазақ» газетіндегі ұлттық мүдде мәселесі

ІІ тарау. Ұлыбританиядағы ұлттық мүдде мәселесі
2.1 Ұлыбритания баспасөзіндегі ұлттық мүдде мәселесі
2.2 «Times» газетіндегі ұлттық мүдде
2.3 «Guardian» газетіндегі ұлттық мүдде мәселесі

ІІІ тарау. Қазақстан мен Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұлттық мүдде мәселелерінің берілу ерекшеліктері
3.1 Ұлыбритания баспасөзіндегі Қазақстан мәселесі

Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
І тарау. Қазақстан баспасөзіндегі ұлттық мүдде мәселесі
1.1 Қазақстан баспасөзіндегі ұлттық мүдде мәселесінің жазылуы
1.2 Түркістан газетіндегі ұлттық мүдденің көрініс табуы
1.3 Жас қазақ газетіндегі ұлттық мүдде мәселесі
ІІ тарау. Ұлыбританиядағы ұлттық мүдде мәселесі
2.1 Ұлыбритания баспасөзіндегі ұлттық мүдде мәселесі
2.2 Times газетіндегі ұлттық мүдде
2.3 Guardian газетіндегі ұлттық мүдде мәселесі
ІІІ тарау. Қазақстан мен Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдарындағы
ұлттық мүдде мәселелерінің берілу ерекшеліктері
3.1 Ұлыбритания баспасөзіндегі Қазақстан мәселесі
Қорытынды

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Журналистика саласындағы даулы мәселелер мен
ізденістер жаңа заман талабына сай пайда болған жаһандану және оның
салдарымен байланысты. Қазір адамзат алдында ақпаратты қайдан аламын деген
сауал туындамайды, өйткені ақпарат көздері тым көп. Арада шекара жоқ. Бүкіл
әлемдік кеңістікте ақпарат толқыны толастар емес. Ал осы дүниежүзілік
ақпарат тасқынының ішінде абайсызда өзіңді қалай жоғалтып алмауға болады,
өз алдыңа қойған мақсат-мүддеңнен айнымайтындай жол қайда, қазіргі әлемдік
қауымдастық алдында тұрған мәселе осы. Біз де өзіміздің дипломдық
жұмысымызда ұлттық мүдденің ақпараттық қорғалуы деген мәселеге осы тұрғыдан
қарап, баға бердік. Өйткені ұлттық мүдделердің әлемдік ақпарат
кеңістігіндегі қорғалуының өзі жаһанданудың күн сайын өсіп келе жатқан
ықпалынан пайда болған.
Академик Сейіт Қасқабасов: “Бүгінгі таңда бізде қайшылықты екі үрдіс
жүріп жатыр. Бірі – тәуелсіздікке жеткеннен кейін өзіміздің көне тарихи,
мәдени мұрамызды білуге ден қойдық. Жетістігіміз де аз емес. Кемшілігіміз
де бар... Екіншісі – жаһандану мен ақпараттық кеңістігінің ашық болуына
байланысты шетелдік төмен сапалы “тобырлық” мәдениеттің дендеп енуі.
Әлбетте, шетелдің классикалық мәдениетінен қашуға болмайды. Алайда, бізге
келіп жатқаны өте сүреңсіз, қай жағынан болса да сын көтермейтін нәрселер,
оларды мәдениет туындысы деудің өзі қиын. Міне, осы екінші үрдістің ықпалын
азайтып, оны Қазақстан мәдени кеңістігінен ысыруды ойластырған абзал. Ол
үшін не істеу керек? Кеңес өкіметі уақытындағыдай “темір шымылдық” құру
мүмкін емес, қатал цензура қоюға да болмайды, тиым салып, қатаң бақылауға
алудың да реті жоқ. Ендеше, бір-ақ жол бар. Ол – мәдени-творчестиволық
бәсекеге түсу” дегені бар.[i]
Жаһандану мен ақпараттық дәуір екі маңызды мәселені тудырды. Оның
біріншісі қоғамда болып жатқан өзгерістерге адамдардаң бейімделуі, яғни,
ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың дамуы еңбекпен қамту
проблемасына ықпал етуі болса, екіншіден, индустриалды дамыған және дамушы
елдерді, байлар мен кедейлерді, тіптен, кәрі мен жасты тереңнен бөліп
көрсететін демократия мен теңдік арақатынасының шиеленісуі пайда болды.
Сондықтан, медиажаһандасу үрдісінде ақпараттық қауіпсіздік маңызды роль
атқарады.
Осы тұрғыда, Қазақстан Журналистикасы деген энциклопедияда жаһандық
ақпараттық қауіпсіздік жайлы: Жаһандық ақпараттық қауіпсіздік (ағыл.
information security) әртүрлі мемлекет БАҚ-тарының БҰҰ және ЮНЕСКО-ның
ұлттық дәстүрлердің, тілдердің, әдет-ғұрыптардың сақталу, ақпараттық және
психологиялық соғыстарды болдырмау, сондай-ақ баспа және электронды БАҚ-
тағы жарнама арқылы экономикалық қысымға жол бермеу мақсатында
мемлекеттердің ұлттық мүдделерін қорғайтын халықаралық конвенцияларына
сәйкес бірқалыпты іс-әрекет етуін қамтамасыз ететін сыртқы және ішкі
жағдайлардың жиынтығы. Спутниктік хабарлауды пайдалану шекара туралы
түсінікті жойып жіберді, себебі космостан келетін белгілерге тосқауыл жоқ.
Ақпараттық коммуникация жаһандануының жағдайында мәдени, экономикалық
және басқа да жалпы ресурстар мен құндылықтарды сақтаудың жаңа жолдарын,
түрлері мен құралдарын іздестіру керек,[ii]- делінген. Осыған сәйкес, біз
тақырып қылып алған мәселе қазіргі уақыт шындығындағы мемлекеттік бұқаралық
ақпарат құралдарының алдында тұрған бірден-бір өзекті, жақын арада шешімін
талап етіп тұрған мәселе десе болады.
Республикамыздың бүгінде әлемдік мәдени кеңістікке жеке субъект болып
енуі әлеуметтік шындық десек, оны ел Президентінің Қазақстанның 2030 жылға
дейінгі дамуының тактикалық және стартегиялық концепцияларын сараптауынан
тұжырымдауға болады. Жолдаудағы барлық мәселенің тоғысар тұсы – гуманистік
идея болып табылады. Бүкіл әлемдегі ғылыми мәдениет кеңістігіндегі терең
өзгерістер тұрғысынан алатын болсақ, гуманистік концепция батыстық және
шығыстық дәстүрдегі ағымдардың қақтығысы жағдайында ғұмыр кешуде. Ал,
келісімдік пен тепе-теңдік, өзара сұхбаттастық, рухани ортақтастық т. б.
мәселелер бұрын да айтылып, тұжырымдалып, әртүрлі ұмтылыстарға мұрындық
болғанын білеміз. Бірақ, дәл қазіргідей, рухани және мәдени шиеленістердің
өрістеп отырған кезіндегідей сұранысқа ие болмағаны ақиқат. ХХ ғасыр
мәдениетінің әр тұрпатты, сан алуан болуының себебі мәдениеттердің тоғысуы,
араласуы және тұтастануы екені баршамызға мәлім. Екі әлемдік жүйенің
арасындағы ұзаққа созылған қатерлі текетіресті адамзаттың санасында
апокалипсистік, эсхаологиялық көзқарастардың қалыптасуына әсер етті. Үлкен
дағдарысқа кез-келген адамзат рухы өзара құрмет пен ізгілік, парасаттылық
пен диалог арқылы тоқырауға жол бермеу әдісін тапты. Н. Ә. Назарбаев өзінің
Ғасырлар тоғысында атты еңбегінде: ХХІ ғасыр қарсаңында дүние жаңа
қатынастар қалыптастырудың атымен жаңа күрделі кезеңіне көшті. Дүниені тек
текетірестік тұрғыдан: Батыс-Шығыс, Күнгей-Теріскей, ұлы мемлекеттер –
үшінші дүние, ядролық клуб – былайғы әлем деп қарастыратын қағидадан бас
тартатын уақыт әлдеқашан болды,[iii]- деп атап көрсетеді.
Дипломдық жұмыста біріншіден, Қазақстандағы ұлттық баспасөз ұлт
мүдделерін қалай қорғайды, екіншіден, қазіргі өмір шындығының тұрғысынан
біздің мүдделерімізді қорғауға қандай құралдарды пайдаланғанымыз тиімдірек,
үшіншіден, Британ баспасөзі мемлекеттік, ұлттық мүдделерді қалай қорғайды,
төртіншіден, Ұлыбритания баспасөзінен біз қандай үлгі ала аламыз, деген
мәселелерге ерекше назар аударылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Журналистика саласында мүдде
мәселесіне қатысты Д. Баялиеваның “Қазақ баспасөзіндегі ұлттық әдет-ғұрып
пен салт-дәстүрдің жазылу проблемалары” атты еңбегі бар. Бірақ салт-дәстүр
ол біз қарастырғалы отырған ұлттық мүдде мәселесінің бір қыры ғана.
Сондықтан, біз қорғағалы отырған тақырып әлі толық зерттелмеген, тың дүние
екені рас.
Зерттеудің тәсілдік негіздері. Дипломдық жұмыс салыстырмалы
типологиялық материалдарды талдау, фактілер мен деректерді жүйелеп тексеру
әдісіне құралған.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу нысаны. Ұлыбритания мен
Қазақстанның баспасөз құралдары. Қазақ баспасөзінен Түркістан, Жас
қазақ газеттері мен Ұлыбритания баспасөзінен басты Times және
Guardian газеттері алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан,
қосымшалардан, сілтемелер тізімінен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

І тарау Қазақстан баспасөзіндегі ұлттық мүдде мәселесі
1.1. Қазақстан баспасөзіндегі ұлттық мүдде мәселесінің жазылуы

Қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев: Елдің елдігін сақтайтын -
әдебиеті, тарихы, жол-жорасы деген екен. Демек, бүгінгі қазақ
журналистикасының, баспасөзінің жайынан сыр шертпес бұрын қазақ
баспасөзінің өткенін саралап, бүгініміз бен болашағымызды кешегімізбен
сабақтасақ деп едік.
...Тағдыр біздің, қазақ халқының пешенесіне, онаң өзінің тума
журналистикасы дүниеге келер кезде, Ресейге бодандықты жазды. Оның мойнына
отарлық қамытты кигізді. Қазақ заманы – отыршылдық заманына айналды. Біздің
журналистикамыз да осындай заман ауқымында пайда болды. Соның құшағында,
құндағында дүниеге келді. Соның бауырында өсті... Сондықтан, туған
журналистикамыздың жай-күйін, тарихын, тарихи күресін сөз еткенде әңгімені
осы шындықты айтудан бастауға міндеттіміз. Ал, шындықтың тарихы қандай?
Онда не мазмұн-мәніс бар? Ендеше, алдымен, жүйе-жүйемен осыны сөз етіп
алайық. Әуелі журналистикамыздың тарихи дәуірлері мен ішкі кезеңдерін
атайық.
Біздің журналистикамыздың күні бүгінге дейінгі тарихын бес дәуірге
бөлуге болады. Қазіргі кезде бесінші даму кезеңін бастан кешіп отырмыз.
Қазақ журналистикасының бірінші дәуірі 1870-1913 жылдар арасын қамтиды. Бұл
дәуірді тұтас алғанда: қазақ журналистикасының мерзімді баспасөзі –газеттер
дүниеге келген, тууы, даму дәуірі деп атауымызға болады. 1870-1913 жылдар
арасында: Түркістан уалаяты газеті (1870-1882 жж.), Дала уалаяты газеті
(1888-1902 жж.), Қазақ газеті (1907 ж.), Серке (1907 ж.), Қазақстан
(1911-1913 жж.), Торғай газеті (1895-1910 жж.) сияқты мерзімді басылымдар
шығып тұрды. Бұл газеттер жазылып отырған ретіне қарай: Ташкент, Омбы,
Тройцк, Петербор, Орда-Орал, Орынбор қалаларында басылды. Сөйтіп, олардың
бәрі Қазақстанда, қазақтың өз ортасында емес, олардан сырт жерлерде жарық
көрді.
Қазақ журналистикасының алғашқы пайда болған кезеңі 1870-1913 жылдар
аралығында шығып тұрған әлгі аталған газеттер өмір сүрген дәуір шынында
қазақ, қоғамының тұтас отарлау езгісіне түскен, Ресей боданына айналған кез
еді. Сондықтан, ол қазақ журналистикасының қоғамда атқарған қызметі, қазақ
халқы арасында алған орны, тұтас тұрпат-тұлғасы: бодандық, тәуелділік
болды. Рас, аталған баспа орындарының қай-қайсысының бетінде де ресми
емес бөлім болғанымен, шамасына қарай қазақ халқының қоғамдық ой-санасын
ояту, дамыту, көтеру мәселелерімен айналысқанымен, бәрібір Ресейдің отарлау
саясатының қолпаштаушысы болды. Сол себепті жас журналистикамыз ол кезде
қазақ халқының өзіндік мүддесін жақтай да, қорғай да, сақтай да алмады.
Халықты шын мәнісінде біртұтас ұлт етіп біріктіру күресін уағыздай да,
жүргізе де, ұйымдастыра да алмады. Сол себепті тұтас алғанда, 1870-1913
жылдар аралығында қазақ журналистикасы өз ықпалынан тыс үстемдік жүргізуші,
билеуші, езуші мемлекеттің ұлттық мүддесі сойылын соғысқан, соның
қолпашшы журналистикасы болды. Сондықтан, ол табиғаты жағынан балаң
күйде, ұйымдық жағынан белгісіз-негізсіз, сипаты жағынан – жалтақ,
жағымпаз, екіжүзді, қорқақ, тұрақсыз, жалпысөзді болды. Сөз етіліп отырған
кезеңде әлгі аталған мерзімді басылымдар, осындай сипатта болғандықтан
бодандықта езіліп жатқан қазақ халқы бойына азаттыққа, тәуелсіздікке ұмтылу
сезімін оята алмады. Журналистика көтеруге борышты басты міндет, басты
борыш – халықтың ұлттық санасын ояту, тәрбиелеу ісін де жүзеге асыра
алмады. Бірақ, соған қарамастан, ол белгілі дәрежеде халықты ілгеріге
сүйреп, - прогресшіл рөл атқарды. Өйткені Ресей империясының ресми
органдары болған ол газеттер ырықтарынан тыс өз беттеріндегі ресми емес
бөлімдерінде жарияланған материалдары арқылы жергілікті халықты оқуға, өнер-
білімге, отырықшы болуға ұмтылдырды.
Сөйтіп, қолпашшы журналистикамыз, бір жағынан ұлттық
журналистикамыздың өсуіне негіз болды. Бұл журналистикамыздың прогресшіл
мәнінің өзі осыларда еді. Ол, сонысымен, журналистикамыздың бірінші
дәуірінде өзінің әлсіз де болса, болашақта өз халқы мүддесі үшін күрескер
қаруға айналуға негіз қалады.
Журналистикамыздың екінші дәуірінде – 1913-1918 жылдар аралығында:
Айқап (1911-1915 жж. Троицк) журналы, Қазақ (1913-1918 жж. Орынбор),
Алаш (1916-1917 жж. Ташкент), Ұран (1917-1918 жж. Орда) газеттері
дүниеге келді. Олардың біразы өз жерімізде шыға бастады.
Бұл кезеңдегі журналистикаға тән сипат Жауынгерлік! Ол қазақ халқының
мүддесі үшін: батылдық, жүректілік, турашылдық көрсетіп, шындықтың бетін
ашты! Кесімді сөз айтты, қайсарлық танытты, халықты ызыңдап оятты. Халықты
сақтауға шақырды, ұлттық рухты, ұлттық намысты көтерді; шыңдалд; азат,
тәуелсіз, егеменді ел болуға үндеді. Оның мән-мазмұны осындай болды. Осының
бәрін аталған басылымдар ұлттық сананы оятуға ұмтылыспен жүргізді. Күресті
ұлттық автономия құруға бағыттады. Сол үшін дербес автономияның саяси
билікші-жетекшісі – Алаш партиясын құруға күш салды. Қоғамды
демократиялық негізде дамыту үшін күресті.
Сөйтіп, осы екінші кезеңде нағыз ұлттық журналистиканың негізі
қаланды. Сол негізде ұлттың өзінің: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Халел, Жаһанша Досмағамбетов, Жақып
Ақбаев, Әлихан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев секілді идеолог, күрескер,
саяси көсемдері өсіп жетілді. Бұлар шын мәніндегі ұлттық журналистикамыздың
негізін қалады. Ал, ұлттық журналистикамыз осындай ұлт көсемдерін өсірді.
Сөйтіп, журналистикамыздың екінші дәуірі – ұлттық журналистика туған,
ұлттық жураналистиканың ғажап публицистері өсіп жетілген кез болды.
Сонымен, журналистикамыздың екінші дәуірінде нағыз ұлттық
журналистикамыз туып, дами бастап еді. Бірақ тағдыр-тарих бізге тағы
қабағын түйді. Заман кеңестікке өзгерді. Енді сол заманның журналистикасы
біздің болмысымызда да өмірге келді. Журналистикамыздың үшінші дәуірі
басталды.
Бұл – 1919-1925 жылдардың арасын қамтиды. Осы жылдар аралығын қамтитын
журналистикамыздың дәуірін: Қазақ журналистикасның Қызыл Империяның
қолшоқпарлық-қолтоқпақтық дәуірі деп атауымызға болады. Жалпы, қазақ
журналистикасының Кеңес дәуірі іштей екі кезеңге бөлінді. Оның біріншісі -
1919-1925 жылдар аралығын қамтитын: Қазақ журналистикасының толқымалы
күрес кезеңі. Екіншісі - 1926-1985 жылдар аралығын қамтитын Қазақ
журналистикасының тоталитарлық, билікшілдік-әміршілдік қызыл империялық
тәртіпке біржола қолшоқпар-құл болған кезеңі.
Журналистикамыздың үшінші дәуірінің толқымалы күрес кезеңінде:
Тіршілік (1918 ж., Ақмола), Үш жүз (1918 ж., Қызылжыр), Ұшқын -
Еңбек туы - Еңбекшіл қазақ(1919-1925 жж,. Орынбор) Хабаршы - Мухбир
- Көмек - Ұшқын - Тілші (1918-1925 жж., Верный), Дұрыстық жолы -
Сахара жады - Ерік тілі (1919-1920 жж., Орал), Түркістан кедейлері -
Ақжол (1920-1925 жж., Ташкент-Шымкент), Қазақ тілі (1919-1925 жж.,
Семей), Кедей туы (1921 ж., Орда), Кедей (1922ж., Астрахань), Кедей
сөзі (1920 ж., Қызылжар), Ауыл (1923-1925 ж., Қостанай), Ерік -
Жұмыскер тілі (1923 ж., Гурьев), газеттері мен Қызыл Қазақстан (1921-
1925 жж., Орынбор-Қызылорда), Сана (1923 ж., Семей), Таң (1925 ж.,
Ташкент), Шолпан (1922-1923 жж.) журналдары жарық көрді.
Бұл басылымдар беттерінде жарияланған материалдарда аракідік Әлихан
Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек
Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Сұлтанбек Қожановтың алаштық
идеялары сезіліп қалып жүрді. Оларда қазақ халқының мүшкіл халы көрініс
тауып, соған жанашырлық үн қатылды.
Содан кейін қазақ журналистикасының үшінші дәуірінің екінші кезеңі
басталды. Бұл 1926-1985 жылдар аралығы. Бұл аралық журналистикамыз қызыл
рухқа – Қызыл Империяның қолпаштаушы қол тоқпағына толық көшкен кезі. Обалы
не керек, 1926-1985 жылдар аралығында:
1) журналистиканың жаңа коммунистік жасағы жасақталды;
2) журналистика салаланды: радио, баспа, ақпарат агентік, теледидар
жүйелері қалыптастырылды. Оның бұрыннан бар саласы – мерзімді баспасөз –
газет-журналдар: саяси-қоғамдық (жалпы саясаттық); саяси-экономикалық;
мәдени-әлеуметтік болып жіктелінді. Мерзімді басылымдардың: республикалық,
облыстық, аудандық жалпы саясаттық буындары қалыптастырылды,
тұрақтандырылды. Өндірістік баспасөз өріс алды. Әдеби-мәдени басылымдар
өмірге келді.
Осылай журналистика салаларына коммунистік идеология ықпалы
кіргізілмеген ешбір тетік - тесік қалдырылған жоқ. Және
журналистикамыздың қай түрі, қай саласы, қай жүйесі болмасын бәрі-бәрі
әкімшілдік-әміршілдік, тоталитарлы идеологияға, тәртіпке бағындырылды. Одан
қия аттауға болмады. Қия бастың – қиылдың – жұлының үзілді. Жабылдың;
шабылдың; үнің өшірілді; қараң батырылды.
Міне, нақ осындай тоқбақтық, қолшоқпарлық, құлшылық тәртіпке көшкен
журналистикамыз үшінші дәуірдің екінші кезеңінде бос желең сөзді, ұранды,
жалтақ, қорқақ, жағымпаз, жандайшап болды. Ол осындай кесел-кесапат
дерттерге шалдықты. Жураналистикамыздың оқырмандары алдында сөйлер сөзі,
айтар жайы, уағыздар мәнісі, жүргізер насихаты, көрсетер өнегесі, сөйтіп,
коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің саясаты, ұраны ғана болды. Одан ол
ешқайда бұлтара алмады.
Содан қазақ журналистикасы да коммунистік партия қолында әкімшілдік-
әміршілдік тәртіп орнатысқан қуатты идеологиялық қаруға айналды. Ұлт
мүддесін ойлау оның қаперінен біржола шықты. Ол енді қазақтарды маркстік-
лениндік идеялар рухында тәрбиелеген, болашақ коммунизмнің адамы етіп
қайта қалыптастырған, оларды өзіндік қазақтық сезімнен, рухтан, намыстан
жұрдай еткен, өзіндік ұлттық салт-санадан, дәстүрден, мінезден, дағдыдан,
құлықтан жұрдай еткен коммунисшіл, кеңесшіл құралға айналды. Ол өз
тарихында сонау 1913-1918 жылдарда тәм-тұмдап бойына жинай бастаған
қазақтық ұлттық сипаттан мүлдем жұрдай болды. Керісінше, ол қазақ бойында
Ресей империясы үстемдігі кезінде тәрбиеленген: жалтақтықты,
жағынушылықты, жандайшаптықты, ауызалалықты, күндестікті, тағы осындай сан-
сан ауруларды әрі дамыты. Жоғарыдағылар, бастықтар алдындағы
ләппайлықты, құлдық ұруды, мадақты, тағы осындай жаңа дерттерді жаңадан
жетілдірілді. Қазақ бойына: шенқұмарлық, аяқтан шалу, өскенге тас лақтыру,
даңғазалық, көзбояушылық, тағы осындай кесапаттарды сіңіре түсті.
Ол (журналистикамыз) өз еркінен тыс мәжбүрлеуден қазақтарды жалпы
кеңестік халық етіп тәрбиеледі. Әсіресе, оны орысқа табынуға, орыс тілінде
сөйлеуге дағдаландырды. Өзіндік халықтық, ұлттық табиғатты ұмыттырды.
Сонымен, қорыта келгенде, журналистикамыз тұтас алғанда, өзі бастан
кешкен үш дәуірде ұлттық журналистика болып қалыптаса алмады. Екі Империя
қолындағы қолшоқпар қаруы болды. Әсіресе, оның үшінші дәуірінің соңғы
кезеңі журналистикамызда қып-қызыл сыртқы түр қалдырса да, мазмұны
социалистік етілді. Қазақ қолындағы ұлттық сана қаруынан гөрі сол халықты
басқа сипатты халыққа айналдыратын – коммунистік тоталитарлық қаруға
айналды.
1985-1990 жылдардағы қысқа Қайта құрылыс төртінші дәуірінде
журналистикамыз сипаты жағынан: дүбәра шоқпар; мән-мазмұны жағынан: жалтақ,
бойкүйез болды, тұтас алғанда, үшінші дәуірдің жалғасы болды. Сондықтан оны
кең айтып жатпаймыз.
Міне, бұл – төл журналистикамыздың бастан кешкен тарихының өткені.
...1991 жылдан тарих біздің халқымызға да оң рай білдірді! Бізге де оң
бетін бұрды. Оң қабағын ашты. Оң ықыласын жасады. Содан егемендік,
тәуелсіздік келді. Дербес, бодансыз мемлекет болуға қадам бастадық.
Өзіміздіқ қазақтық, Қазақстандық мемлекетімізді құра бастадық. Өз
әнұранымызды шығардық. Өз Байрағымызды көтердік, өз Рәмізімізге ие болдық,
өз мемлекеттік шаңырағымызды көтеріп, халықаралық одақтастыққа – Біріккен
Ұлттар Ұйымына құқықты мүше болдық. Бұрын бір-бірлеп жансыздандырылып,
жантәсілім болуға бет бұрып бара жатқан ана тілі – қазақ тілімізді
мемлекеттік тіл деп жарияладық. Өз өткенімізге, өшкенімізге, төл
тарихымызға, төл мәдениет, салт-дәстүрімізге, халық ардақ тұтқан әйгілі
бабаларымыздың – хандарымыздың, билеріміздің, батырларымыздың атын ашық
атап, оларды мақтан тұтып айтуға құқықты болдық.
Сөйтіп, жаңа заман, жаңа дәуір келді. Журналистикамыздың да бүгін
бастан кешіп отырған еркін, тәуелсіз дәуірі келді. Ол да еркіндікке ие
болды. Бұрынғы партиялық-кеңестік әкімшілдік-әміршілдік тепкі, езгіден
құтылды. Азат болды. Оның шын халықтық, қазақтық болу дәуірі жетті.
Сонымен, ұлттық журналистикамыз бүгін өзінің бесінші дәуірін бастан кешіп
отыр.
Ол енді өзінің туып, дамуының басты дәуірлерінде шеше алмаған басты
борышын – қазақтық рухты, намысты, ұлт ету борышын өтеуге, орындауға
кірісіп отыр. Сол үшін қазақ журналистикасы азат, тәуелсіз етіп, өзін
қайта құрып жатыр.
Қазір журналистикамыздың бар саласы жаңа замандық реңк алуда.
Баспасөзіміздің атасы – Егемен Қазақстан газетінен бастап жаңа замандық
нарықтық қатынастар заңдылықтарына сай, соған бейімделініп, республикалық,
облыстық, аудандық, саяси газеттердің бәрі ұлттық, қоғамдық-саяси,
әлеуметік басылымдарға айналдырылды. Қазақ әдебиеті қазір ұлттық
әдебиет, мәдениет, өнер газеті. Ана тілі, Қазақ елі, Түркістан,
Заман Қазақстан, Заң, басқа да газеттер нарық жағдайына бейімделген шын
қазақ рухты халықтық басылымдар. Халқымыздың әр әлеуметтік тобының мұң-
мұқтажын, мүддесін көздеп, қорғап шығып жатқан мерзімді басылымдар екі
астанада да, жер-жерде де жеткілікті.
Қазақ журналистикамыздың: радио, теледидар, ақпараттық агентіктер
салаларында да нақ осылай. Қаншама қазақтық-халықтық бағдарламалар, арналар
бар. Өзінің жеке меншік басылымын, студиясын, радиосын, теледидарын,
агенттігін ашамын, ұстаймын деушіге ырық, құқық берілді. Журналистикамызда
да ондайлар қазір жеткілікті.
Баспасөз бетіндегі ұлттық мүдде мәселесінің жазылуының өзіндік
ерекшеліктері бар. Мұны біреулері біліп жазса, екіншілері білмей жазады,
әсіресе соңғы кездері бұл тақырыпқа қалам тартып жүрген журналист, жазушы,
тарихшы, өнер қайраткерлеріне қойылатын талаптар артпаса, кеміп отырған
жоқ. Себебі, әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байлығын білу
үшін көп ізденіп, көп еңбектену қажет. Көрген-білгеніңді, біреуден
естігеніңді қағаз бетіне түсіре салып, бұл менің халқымның мәдениеті мен
салт-дәстүрі деп ұран салуға болмайды. Бұл орайда А.
Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейхановтардың мақалалары мен Абай, Шәкәрім,
Жүсіпбек, Мұхтарлардың қазақ халқының құндылықтарына арнап жазған еңбектері
күні бүгінгіге дейін мән-мазмұндарын жоймаған ғылыми зерттеулер болып
табылады. 1. Әрине, кеңес өкіметі тұсында да бұл тақырыпқа қалам тартқандар
аз болмады. Бірақ, оған үнемі біржақты идеологияның салқыны қолбайлау
болып, бөгет жасап отырды. 2. Біздер бұл еңбегіміздің алғашқы екі тарауында
жалпы ұлттық мүдде, оның түрлері, шығу тарихы, оның бүгінгі баспасөз
бетінде көрініс табуы туралы нақты деректерге сүйене отырып, біраз
мәселелердің басын ашуға тырыстық. Мысалы, тіл, әдебиет, өнер, этнография,
дініміз бен тіліміз не себепті басқаларға тәуелді болып отыр? Жас ұрпақтың
өз рухани байлықтарына енжар қарауларының себебі неде? Мектептерде, тіпті
бала-бақшалардан бастап жоғары оқу орындарында ұлттық мәдениет пен салт-
дәстүрге деген көзқарас қандай? Өз мәдениеттері мен салт-дәстүрлерінен
хабарсыз “интернационалистерді” қалай деп атауға болады? Міне, осындай сан-
салалы сауалдар кімді де болсын, әрине, өз халқына, ұлтына жаны ашитын
азаматтарды қашан да болсын толғантқан. Мәселен, сонау үш ұлы
ағартушыларымыз Шоқан, Ыбырай, Абай қазағым, халқым, ұлтым деп бастаған
істі ізбасарлары Ахмет, Әлихан, Міржақып жалғастырып, солардың атын тарихта
қалдыру жолында өздерін құрбан еткен. Яғни, олар туған халқының тарихы мен
мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің, тілі мен дінінің өшпеу жолын
қарастырған.
Осы орайда кейінгі ұрпақтың оларға деген өкпелерінің болуы мүмкін
емес. Бір кездері қараласа, енді мақтаулары керек. Солардан аманат болып
қалған мол мұраны игеруге ұмтылуы қажет.
Халқымыздың біртуар азаматы, ғалым Ә. Марғұлан айтқандай: “Мәдениет
дегеніміз – адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі, мұның
бәрі зор қоғамдық сипат екенін бір минут та ұмытпауымыз керек.”[iv] Сондай-
ақ ұлттық қасиет оның халықтық дәстүрлеріне қарап айқындалады десек, онда
бұл қасиеттерді түсінбей, болашақтан үміт күту дегеніміздің бос қиял
болатындығы ұққанымыз жөн.
Қорыта айтатын болсақ, еркіндік алған ұлттық мүдде мәселесі бұрынғы
жоғалтқандарын іздеп тауып, оны жаңа заманның талабына сай өркениетті
мәдениетпен сабақтастыра игеруге талпынуда. Әрине, мыңдаған жылдар
сұрыптаудан өткен ата-бабамыздың мол мұрасы, әдеп-ғұрпы, салт-санасы
әлемдік өркениетке ұмтылған бүгінгі ұрпақтың бойына мейлінше тереңдеп
сіңген сайын қазақ халқының рухани өмірі ешқашан да жұтаң тартпасы анық.
Ал, бұл жолда мәдениеті жоғары саналы адамды тәрбиелеуде баспасөздің алатын
орны ерекше. Сондықтан, мәдениетімізді жаңа белестерге көтеруде басты
салмақ түсетін баспасөзіміздің алдына үлкен мақсаттар қойылуда.
Егер де шығыс және батыс менталитетінің ерекшеліктеріне зер салып
қарасақ, онда қазақтың ұлттық идеясы мен мәдени тұрпатын, тілін, діни
сенімін біріктіріп тұрған ұғымдар ретінде Еркіндік түбі бірлікте деген
қазақстандық идеологияның ұсынынсын алсақ, онда ол евразиялық идеяның
түпнұсқасына айналар еді. Бұл дегеніміз мәдениеттер арасындағы
қатынастардағы жауапкершіліктің басты нысаны.
Тұрақты дамудың ұлттық стратегиясының басты бағыттары – экономикалық
жеткіліктілік, халықтың өзін-өзі басқаруы, әлеуметтік әділеттілік, қоршаған
ортаны қорғау мен оны тиімді игеру, халықтың санын өсірудің төтенше
демографиялық бағдарламасы, білім беру саласы мен ғылымды дамыту,
мәдениетті қолдау, халықаралық іскерлікті нығайту екендігі көпшілікке
мәлім. Бұларды жүзеге асыруда дифференциалды экономикалық және әлеуметтік
саясат, қоғамды демократияландыруды модернизациялау негізгі жол болады. Осы
жолда мәңгілік дүниетанымдық идеяларды теориялық методологиялық тұрғыдан
зерттеу қажеттілігі туады.[v] Сондықтан жеке адам мен қоғамның, қоғам мен
адамзаттың, ұлт пен ұлттар аралығындағы адами, мәдени жауапкершіліктің
келешегін айқындай қарастыру аса жауапты әрі мәнді орын алады.
Аталған үрдістен шыға білсек гуманитарлық құндылықтар аясындағы
философиялық концепциялардың имандылық деңгейін өрістете аламыз деп
ойлаймыз. Оның үстіне өте орынды айтылған: Культура – это явление
многообразное, сложное, противоречивое, живое и развивающееся. Сохранение и
многообразие национальных культур – условие развития человечества. Для
полуэтнического государства, каким явлется Казахстан, плюрализм культур и
межэтническое взаимодействие, становление этнокультурного образования и
поликультурного индивида – единственный путь цивилизованного
демократического развития[vi] - деген пікірге де толығымен қосыламыз.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың құндылығын ашып көрсетіп,
сұхбаттың адам игілігіне жарайтын ұлы күш екендігін дәлелдеген тұңғыш
философ Сократ болса, мәдениетті мәдениеттер сұхбаты ретінде түсіну қажет.
Мәдениетті жеке тұлғалар сұхбатының бір түрі ретінде қарастыру керек... -
деп осы заманымызда В.Библер айтқан екен.[vii] Әрбір ұлттық мәдениеттің бос
кеңістікте емес, адамдандырылған ортада әрекет ететіндігін білеміз, яғни,
мәдени кеңістік оқшау, өз алдына дербес қана дамитын құбылыс емес. Осы
ұлттық мәдениет пен кеңістік арасындағы байланысты Л. Гумилев былайша
тұжырымдаған: этностар биосфераның бір бөлігі болып табылады. Адамдар
қоршаған ортаны не өздеріне тәуелді түрде өзгертеді, не өздері осы ортаға
икемделе бірігеді. Кейбір оқшау қалған этностардан басқасы мәдениеттер
ағымында өркениеттер болып тұтастанады. Өркениет дегеніміз ортақ мәдени
өрісі бар мәдениеттердің болмысы. Мәселен, мұсылмандық суперэтнос
мәдениеттің шеңберінен шыға білген.
Тағы есте ұстауға тұратын аса маңызды бір жайт. 1995 жылы Грузияның
астанасы Тбилиси қаласында ЮНЕСКО-ның әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар
жөніндегі секторының ұйымдастыруымен өткен За солидарность против
терпимости, за диалог культур атты халықаралық форумда грузин философы
Мираб Мамардашвилидің өз ұлтының мәдениетіне қатысты берген анықтамасында:
В грузинской культуре есть один закодированный элемент. Я назову его
веселым трагизмом... Культура государства, которое выживало столько
столетий и не жило все это время, а выживало, т. е. боролась за свою жизнь
– такая нация трагична. И культура трагична...[viii] деген жүрекжарды
жолдарына байланысты. Бұл анықтама тек қана грузин халқының ғана мәдени
даму жолы емес, төрт жағынан мұхиттар қоршап тұрған алып Евразиялық
кеңістікті мекендеген халықтардң барлығына да ортақ. Бүгінгі күндері біз
бұл кеңістікті евразиялық идея деп атап жүрміз. Негізінен алып қарағанда
біздің еліміздің жаңа тұрпатта мемлекеттенуінің осы идеяға тікелей қатысты
екендігі де дәлелдеуді қажет етпейтін факт болып табылады. Осы форумның
жұмысындағы талқыланған басты мәселе мәдениеттер қарым-қатынасындағы өзара
төзімділік болған еді. Ал, біздің ойымызша, шыдамдылық немесе төзімділік
санаттарына тікелей қатысты басты ұғымдардың бірі – мәдениеттер қарым-
қатынасындағы рухани жауапкершілік ұғымы да қарастырылса, көтерілген мәселе
толымды болып, басы ашылмаған кейбір сұрақтар жауабын табар ма еді?
Қазақ елі өз егемендігін жариялағанннан кейін өткен он жыл уақыт
ішінде аса күрделі өзгерістер орын алды. Осы онжылдық қазақстандықтар үшін
жұлын кезеңдік қызмет атқарды десек, асыра айтқандық болмас.
Мемлекеттігімізді қайта құрудан, экономикалық, құқықтық, қауіпсіздік және
руханиятымызды қалпына келтіру шараларынан бастап жеке тұлғаның еркіндігі,
бас бостандығы, оның Конституциялық тұрғыдан қорғалуы т. б. қазіргі
жағдайда баршамызға мәлім шаралар жүйесі іске асырыла бастағаны, барлық
салалалық құрылымдарда мақсатты әрекеттердің нәтижесінде табысты істер
атқарылып жатқандығы тарихи қажеттілік. Еліміздің саяси-әлеуметтік бейнесін
анықтайтын құрылым демократия деп жүрміз. Мұндағы айтпағымыз, әлі де болса
мемлекеттің жеке тұлға алдындағы, жеке тұлғаның мемлекет алдындағы
экономикалық, құқықтық және рухани жауапкершіліктеріне байланысты мәселелер
біртұтас жүйеде емес, өз алдарына жекелей қарастырылуы басым сияқты.
1994 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.
Назарбаев Ресей астанасында М.И. Ломоносов атындағы мемлекеттік
университетінде сөйлеген сөзінде алғаш рет Евразиялық мемлекеттер одағын
құру жайлы ұсыныс жасаған еді. Дәстүрлілік тұрғысынан алып қарағанда, Ресей
Федерациясының тарапынан күтілген Евразиялық идея көпшіліктің таңданысын
тудырып, егеменді Қазақстаннан бастау алды. Сөйтсе де бұған дейін, 1993
жылы Ресейде жалпыевразиялық туыстықты уағыздайтын: Евразия. Народы.
Культуры. Религии. деген ғылыми-көпшілік журнал шығарыла бастаған еді. Бұл
– евразиялық кеңістіктегі рухани, мәдени және әдеби байланыстарды
жоғалтпауға, қайта жандандыруға және одан әрі дамытуға жасалынған алғашқы
қадам еді. Сөйтіп, мәдениеттер аралығындағы қатынастарға байланысты
жауапкершілік мәселесінің қажеттілігінің мәнділігі арта түсті.
Бүгінгі таңда мемлекетаралық қарым-қатынаста өзекті мәселеге айналып
отырған мәдени саланың бірі – діни болмысымызға байланысты. Бұл тақырыпта
қазіргі күндері бұқаралық ақпарат құралдарында аз айтылып жүрген жоқ.
Сонымен бірге жыл сайын діни бірлестіктер мен діни ахуалға байланысты
әртүрлі халықаралық конференциялар, симпозиум-семинарлар өткізілуде.
Мысалы, 1998 жылдың 25-29 қарашасында Алматы қаласында Сорос-Қазақстан
қоры ұйымдастырған Религиозные организации в постсоциалистических
странах атты конференция, 1999 жылдың наурыз айында Адам құқығы жөніндегі
халықаралық Хельсинкийлік Комитеттің Алматылық бөлімінде Қазақстан
Республикасының Сенім бостандығы мен діни бірлестіктер жөніндегі (1993
жыл, желтоқсан) Заңына талқылау жасау мен өзгертулер енгізу жайлы Дөңгелек
үстел өткізілді. Ал, 1999 жыл ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
ұсынысымен Рухани бірлік пен келісім жылы деп жарияланған еді. Оның
себебі кеңестер мемлекеті ыдырағаннан кейінгі жылдары қалыптасқан
экономикалық тоқыраушылықтың, саяси сенімсіздіктің, мәдени және рухани
жаттанушылықтың негізінде пайда бола бастаған рухани бос кеңістікті
толтыруға ұмтылыс салдарынан туған діни болмысқа деген көзқарастардың
түбегейлі өзгеріске ұшырай бастауына да байланысты. Осы атқарылған
шаралардаң негізінде республикамызда конфесиялы, келісімдегі діни ахуал
қалыптасты.
Қазір республикамызда ресми тіркеуден өткен 19 негізгі конфессияға, 21
деноминацияға жататын 877 тіркеуден қайта өткен діни бірлестіктер өз
қызметтерін атқаруда болса, тіркеуден қайта өтпегендер саны 2000-нан асады
екен. Миссионерлік іс-әрекетпен айналысуға 180 шетелдік азамат аккредитация
алған, оның үстіне әртүрлі мәдени орталықтар мен коммерциялық ұйымдардың
атын жамылып әрекет жасап жүрген миссионерлер де жеткілікті (2000 жылдың
наурыз айының`1-не дейінгі мағлұмат). 2001 жылы Орта Азия елдері мен
Қазақстанның қауіпсіздігіне байланысты өткізілген бірнеше мемлекетаралық
келісімдердің шешімдерін негізге ала отырып және Таяу Шығыста Палестина-
Израиль арасындағы, Орта Азиядағы, Ауғаныстандағы қақтығыстардың діни
экстремизмге айналу қаупін ескере отырып, қауіпсіздік мәселелеріне орай
болуы мүмкін қатерден бірлесіп қорғануы туралы қажетті келісім-шарттар
жасалды. Сонымен бірге республикамыздағы діни ахуалға байланысты діни
бірлестіктермен қарым-қатынас жауапкершілігін арттыру мақсатында үкімет
жанынан діни конфессиялармен байланысты іске асырушы Кеңес құрылды.
Мәдени, рухани, экономикалық, құқықтық және саяси жауапкершіліктердің
басы-қасында солардың мәнін ашып, мазмұнын талқыға ұсынатын субъектілер осы
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері. Яғни, қоғамдық және мемлекеттік
жауапкершіліктің ең маңызды бөлігі – азаматтық жауапкершілік мәселесі осы
саланың мамандарының үлесіне тиді деген сөз. Он жылдық тәуелсіздігіміздің
жалпы мәні мен мазмұнын бұқараның санасына жеткізіп қана қоймай, заман
талабына сай қоғамдық пікірлер толқынын қажетті деңгейде тудыра білу де осы
азаматтық жауапкершіліктің басты критериі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабында жауапкершілікті
белгілейтін немесе күштейтін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін
немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды
делінген. Мұндағы айтпағымыз ақпараттық жауапкершілік мәселесі қазіргі
қоғамдық тұрпатымыздың көрінісін бейнелеуші бірден-бір сала болғандықтан
оларға жүктелген жауапкершілік салмағы ауырламаса жеңілдемейді деген сөз.
Сондықтан келешек болмысымыздағы рухани және мәдени жауапкершіліктердің
негізін ақпараттық жауапкершіліктің деңгейі анықтайтыны анық нәрсе болса
керек. Олай дейтініміз ақпараттық тартыстар кезеңінде сақ болмасақ ертеңгі
күні опық жемесімізге кім кепілдік бере алады? Қазіргі ақпараттық
тартыстардың өзі бірнеше түрге бөлінетіндігі белгілі: ақыл-ойға әсер етуші
ақпараттар, эмоциялық деңгейдегі ақпараттар, діни ашылымдар ақпараты. Ал,
осылардың қоғамдық салаға әсерін жіктеп, саралап, зияндысы мен кеселдісін
әшкерелеу үшін ақпараттық қызметкерлерге жауапкершіліктің барлық түрлерін
игерулеріне тура келетіні айдан анық.
Қорыта айтқанда, Адамзат Баласының барлық жаңа жетістіктері, адам
бойындағы қасиеттерді жетілдіру негізінде жүзеге аспақ, олай болса біз
барлық күш-жігерімізді осы мақсатқа жұмылдыруымыз қажет[ix] деген пікірді
қолдай отырып, мәдениеттер қарым-қатынасының тірегі рухани жауапкершілікті
арттыруға қажетті ақпараттық жауапкершілікті арттыруға тиістіміз.

1.2 “Түркістан” газетіндегі ұлттық мүдденің көрініс табуы

Түркістан газеті Ұлыбританияның бірнеше ғасырлық тарихы бар
басылымдардан, еліміздегі 1919 жылдан бастап шығып тұратын Егемен
Қазақстан газетінен де әлдеқайда жас басылым. Ол небәрі еліміз егемендік
алған алғашқы жылдары 1994 жылы ғана шыға бастады. Бірақ соған қарамастан
салмақты ой тастап, салиқалы пікір айтар еліміздегі халықаралық саяси
апталығы. Біздің дипломдық жұмыс халықаралық журналистика кафедрасында
қорғалып жатқандықтан осы басылымның маңызы артығырақ болды.
Мемлекет пен құқық, экономика, дін, халықаралық қатынастар, шет ел
жаңалықтары деген тақырыптарда жазуда тілшілердің қызылсөзге бой ұрудан
гөрі білімділігі, таяздығынан гөрі көрегендігі, даурығудан гөрі
парасаттылығы байқалып-ақ тұрады. Ал газет бойындағы ұлт мүддесін
қорғаудағы қайраткерлікті тіпті мақала тақырыптарынан байқасақ та болады.
Н. Назарбаев: Мемлекеттік тіл бір ғана ұлттың тілі болып қалмауы
керек![x], Бізге Үлкен қазақ ұлы идеясы керек[xi], Қазақ мәселесі
дегеннен біздің билік неге шошиды?[xii] Әрбір істі елдік ұғымынан
қарасақ[xiii] Қаржы саласының қазақша сөйлейтін уақыты жетті[xiv],
Еуразиялық медиа-форум 2007: Жаһандық мәселелер төрде, ұлттық мәселелер
дәлізде қалды...[xv] Мақаланың атауларының өзінен қайнаған өмірге ұлттық
мұрат пен арманның асыл туын желбіреткен жауынгерліктің иісі аңқиды. Ал осы
айшықты қасиеттер біз жұмысымыздың бас жағында айтып кеткен мәдени-
творчестволық бәсекеге түсе алатынымыздың айқын дәлелі емес пе? Олай болса,
газет қазақ халқының ұлттық мүддесіне қатысты қандай мәселелерді көтереді
және оған қалайша баға береді деген басты сауалға келетін болсақ.
Біздің тап осы Түркістан газетін зерттеу объектісі етіп алғанымызды
тағы бір себебі газет қазақ мүддесінің жарияланатын нағыз мінбері,
қорғалатын мекені десек артық айтқан болмаймыз. Оған дәлел Қазақстан
Республикасы Парламентінің Мәжілісінің депутаты, ақын ағамыз Мұхтар
Шахановтың Ақпараттық диверсияны қалай тоқтатамыз?[xvi] атты мақаласында
маңызды мәліметтер беріледі. Ол мәліметтер біздің дипломдық жұмыспен
тікелей байланысты болғандықтан біз бұл мақаланы толықтай келтіруді жөн
көрдік.
Мекен-жайымыз республикамыздың бас қаласы Ақордаға өте жақын
орналасса да сенбі, жексенбі күндері Парламенттегі газет-журнал сататын
дүкен істемегендіктен және оның өзінен де іздеген басылымдарыңды табу
мүмкін болмағандықтан сағатқа жақын жол жүріп, сонау орталық базардағы
Алты алаш дүңгіршегіне қарай ағыламыз. Кейде өзім құралыптас
депутаттармен де, тіпті Президент аппаратында қызмет атқаратын жігіттермен
де сол маңда бас түйістіріп қаламыз. Жарты милионнан астам халқы бар,
кейбір мекемелерде орналасқан, мемлекеттік тілде бір-екі ғана басылым
ұшырасатын дүңгіршектерді қоспағанда Астана қаласында қазақ тіліндегі
басылымдар 4-5-ақ жерде сатылады десек, біреу сеніп, біреу сенбес.
Қазақ тіліндегі баспасөзді щектеу мен қорлаудың бұған теңдес түрін
ойлап табу қиын да шығар. Іздеген басылымдарыңды қазір негізінен тек осы
Алты алаш дүңгіршегінен ғана табасың. Оның өзін де дүңгіршек иесінің
өтінішіне сай сол кезгі қала басшысына арнайы хат жолдап мен аштырып едім.
Еліміздің жүрек қаласы болып есептелетін және халқының 60 пайызы қазақ
ұлтының өкілдері болғанымен мемлекеттік тілдегі басылымдардың осындай
бейшара халге түсуіне не себеп? Кеше ұзақ күн бойына көмекшім Пазылбек
Абсаттарұлы екеуіміз Астана қаласындағы 15-ке жуық дүкендер мен
дүңгіршектерді араладық. Атап айтқанда Жастар мөлтек ауданындағы жастар,
атышулы Әлем, Сұңқар сауда үйлерінде, т. б. дүңгіршектерді шолып
шықтық. Барлығында да Ресейден келген сан түрлі басылымдар сіресіп тұр.
Өзіміз ерінбей аралаған 15 сауда үйі мен дүңгіршектерде бірде-бір қазақ
басылымдарын кездестіре алмай жағамызды ұстадық. Япырмай, біз Қазақстанда
ма, әлде Ресей Федерациясында жүрміз бе? деген сұрақ кес-кестеді. Сорлы
қазақ тілінің өз республикасының бас қаласы Астанада осындай мүшкіл хал
кешуінің түпкі себептеріне көз жіберіп көрелік.
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі баспасөз құралдарының жалпы саны 453
басылым ғана. Оның 392-і газет, 61-і журнал. Енді мына қызыққа қараңыздар.
Казпочта акционерлік қоғамы, Казпресс ЖШС (АиФ Казахстан), Алма-медиа
баспа үйі ЖШС (Караван), Евразия-пресс ЖШС, Эврика-пресс ЖШС, Бико
ЖШС, Бурда-Алатау-пресс ЖШС арқылы Қазақстанға Ресей Федерациясының 5248
газет-журналы тарайды екен. Бұған өз республикамызда орыс тілінде және орыс
тілі араласқан басқа тілдерде шығатын 2303 басылымды қосыңыз. Ресейден
келіп жатқан баспа өнімдерінің Қазақстан Республикасының Мәдениет және
ақпарат министрлігінде 2728-і ғана тіркелген екен. Басқасының елімізге
қандай жолмен өтіп келіп жатқанын ешкім дөп басып айта алмайды. Әрине
бүгінгі таңда жең ұшынан жалғасатын пәре атты пәленің алмайтын қамалы жоқ
екені даусыз. Мәселен, кейбір Ресей басылымдары Қазақстан заңдары мен кеден
салығын және де өзге де салықтарды айналып өтудің оңай жолын тауып алған.
Олар өз материалдарын интернет арқылы тікелей Қазақстан баспаханаларына
жіберіп, сол арадан газет немесе журнал етіп бастыра береді екен. Бір ғана
мысал келтірейін. Ресей Федерациясының баспасөз министрлігінде ғана
тіркелген Аргументы недели газеті осындай қарақшылық жолмен ұзақ уақыт
бойына Астанадағы БМ, Алматыдағы Дәуір баспаларында басылып келген.
Әрине, сонау Ресей қалаларында жарыққа шыққан баспасөз өнімдерінің
бәрі бірдей іске алғысыз деп ешкім айта алмас. Олардың ішінде ғылыми таным-
түйсігі, ой-сана өрісі жоғары республика халқына пайдалы газет-журналдар да
аз емес. Бірақ заңдылық тұрғысынан келетін болсақ толып жатқан сұрақтар
туындайды. Қазақстан қалаларына орасан зор таралыммен тарап жатқан,
жоғарыда айтқан 5248 ресейлік басылымның тек жарымынан астамы бетіңнен
отыңды шығаратын, ар-ұяттан жұрдай, төсек қызықшылығын, қанішерлікті,
адамда қорлаудың, зорлаудың түр-түрін насихаттайтын баспасөз өнімдері бізге
соншама қажет пе? Міне, қараңыздар, сіздерге көрсету үшін бірнешеуін ала
келдім. Сұмдық емес пе? Бізде жезөкшелікті, зорлық-зомбылықты насихаттауға
тиым салатын заң бар. Енді бәріңіз білесіздер, елімізде арақ-шарап
өнімдерін жарнамалауға арнайы заң қабылданғанына да бірнеше жыл болды. Ал,
мына Перебургта орыс тілінде басылған Плейбой журналының осы жылғы сәуір
айндағы санында Русские победы. Байконур деген үлкен тақырып қойып
Русский лед арағын арнайы түрде Қазақстан халқына жарнамалап тұр. Бұдан
өзге Катюша, Парламент, Грантс, Балантинес, Водка Самураев,
Абсолют, Арарат, Царь водка, т.б. арақ-шарап өнімдері журналдың 13
бетін түгел алып жатыр. Басылымда тікелей Қазақстанға арналған беттер де
бар. Қазақстан заңдарын көпе-көрінеу мазақ ететін мұндай басылымдармен
республикамыздың прокуратурасы арнайы шұғылдануы керек деп білемін.
Елімізде ойда-жоқта бой көтерген осы проблеманы қорыта келе мынадай
ойларға табан тіредік. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің бейшара
күйге түсуінің бір себебі шетелдік баспасөз диверсиясына жол беріп
алғанымыз. Қазақстаннның барлық қалаларындағы жағдай осындай. Мұны
ақпараттық диверсия демесімізге хақымыз жоқ. Қазақ тілінде жарық көретін
Айқын, Түркістан, Ана тілі, Жас Қазақ, Жас Алаш, Қазақ
әдебиеті, Жұлдыз, Жалын, Жас қазақ үні, Алтын Орда, т. б.
басылымдарды айтпағанның өзінде тікелей Президент пен Үкіметтің саясатын
жүргізетін Егемен Қазақстан газетін жоғарыда аттары аталған Астана
қаласындағы сауда орындары мен дүңгіршектерінен таба алмайтынымыздың түпкі
себебін түсінген боларсыздар. Бұл әлде осы саладағы мемлекеттік тілге қарсы
кейбір космополит басшылардың арнайы ойластырған шаруасы ма?
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасында:
Мәдениет дегеніміз – адамның ойлау, өзіне де, айналасындағыларға да талдау
жасай білу қабілеті. Адамдарды ізгілікті, ақылды, адамгершілік
міндеттемелерді мойнына алатын сыншыл жанға айналдыратын да мәдениет. Кез-
келген мәдениет өзіндік ерекшелігі бар және теңдесі жоқ қазыналардың
қоймасы болып табылады. Өйткені әрбір халық өз дәстүрі мен рухани бейнесі
арқылы танылады. Қазақстан халықтарының прогресшіл ұлттық дәстүрі мен
рухани қазыналарын ауқымды дамыту әрбір халықтың ұлттық қазыналарын сақтауы
үшін кең мүмкіндіктер ашады. Іс жүзінде әрбір адамның қоғамынң мәдени
өміріне еркін араласуына, мәденитетті демократияландыру үшін жаңа
мүмкіндіктер ашуға шынайы құқығы қамтамасыз етіледі. ЮНЕСКО-ның бас
конференциясы қабылдаған халықаралық мәдени ынтымақтастықтың принциптері
декларациясының негізінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға
өріс алды, - деп көрсеткен.[xvii]
Сондай-ақ бұл тұжырымдарда: Мемлекет мәдениетті демократияландыру
үшін қажетті шаралардың барлығын қолданады. Мәдениеттің өзі де, оның
игіліктерін де пайдалануда ешкімге артықшылық бермейді және беруі мүмкін де
емес. Барлық халықтардың және олардың әрбір өкілінің мәдениетке қол
жеткізу мүмкіндіктері тең болады. Кез-келген халық мәдениетінің негізгі
және іргетасы тіл болып табылады, - делінген.[xviii]
Бұл арада жалпыхалықтық тілдің сан алуан қасиеттерін бағалауда, тілдің
тарихи дамуы мен көркеюі таусылмас байлық екендігі баршамызға аян. Рухани
мәдениетті үзбей жалғастыруда ана тілінің аясы кең, тамыры тереңнен тоғысып
жатыр. Сондықтан, қазіргі кезеңнің ең басты өзекті мәселесі – ол қазақ тілі
проблемасы.
Мәселен, осыған орай Түркістан газетінде Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Шахановтың-тың Тілді менсінбеу –
ұлтты менсінбеу[xix] деген депутаттық мәлімдемесі жарияланып, Парламент
мәжілісіндегі қазақ тілінің жай-күйі, министрлердің мемлекеттік тілге деген
қарым-қатынасы сөз етіліп, тіл мәселесінің мемлекеттігіміз бен ұлттық
мүддеміз тұрғысынан қаншалықты маңызға ие екендігі туралы тұжырымдар
жасалады.
Мәселен, мақала авторының мына сөздері көзі қарақты, көкірегі ояу
жанға ой салары мәлім: Тілін сыйламаған адам ұлтын сыйлауға қабылетсіз.
Республикамыздағы барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің тіліне, рухани байлығына,
салт-санасына құрметпен қарауға міндеттіміз. Біз еларалық, ұлтаралық
қатынастар арасында үлкен қызмет атқарып жатқан орыс тіліне де ешқашан
дауыс көтерген емеспіз. Олай ету кещелік, көргенсіздік болар еді. Қазіргі
таңда қазақ халқының тең жарымынан астамы өз ана тілінде оқи алмайтын
жағдайда тұр. Міне, біз осыған алаңдаулымыз. Тіл - әр ұлттың ең ұлы анасы.
Тіл жойылған сәтте ұлт жойылады. Әлемдегі өркениетті дамыған елу
мемлекеттің құрамына ену идеясын біз де қуаттаймыз, қолдаймыз. Бірақ,
елуінші емес, нөмірі бірінші мемлекетке айналсақ та тіліміз бен рухымыздан
айрылсақ ол біз үшін өліммен тең. Өз тілін, яғни, өз анасын сыйламаған адам
өзге ұлттың да абыройын асқақтата алмайды. Бұл әлемдік деңгейде дәделденген
қағида. Әлде, Лад қоғамы бізді ұлт ретінде жоғалып, тарих сахнасынан ерте
өшуімізді қалай ма? Барлық өркениетті елдер ұстанып отырған саясат
негізінде мемлекеттік тілді қорғау және дамыту жолындағы ісімізде ешқандай
әсіре ұлтшылдық жоқ екені даусыз. Сондықтан да, гуманистік рухтағы басқа
ұлт өкілдерінің бәрі бізді түсінетініне сенеміз.
Ал Елбасы Н.Ә.Назарбаев болса бұл жайында: Біз өзіміздің мәдени
тамырларымыздан едәуір ажырап қалдық. Оның есесіне өзге өркениеттер әсеріне
көбірек ұшырадық. Бұл жаман ба, жақсы ма, өз алдына мәселе, - деп жазған
болатын.[xx]
1996 жылдың қараша айында Алматыдағы ғалымдар үйінде халықаралық
Қазақ тілі қоғамының 3-құрылтайы өтіп, онда Қазақстанның әр түкпірінен
келген өз туған тіліне жанашыр азаматтардың пікір, тілектері ортаға
салынып, халық назарына ұсынылған болатын. Мәселен, сол кезде белгілі
жазушылар Нұрқасым Қазбек пен Дидахмет Әшімханұлы еларалық Түркістан
газетінде Ой да көп, уайым да көп айта берсең... деген проблемалық мақала
жариялап: Экономикалық базаның жоқтығынан қазақ мектептерінің білім беру
дәрежесінің төмендігі, оқулық пен әдістемелік құралдардың жетіспейтіндігі
қоғамымыз алдындағы орны толмас қасірет. Жау жағадан алғанда, бөрі етектен
аладының кері осы тұс болып тұр. Уызға жарымаған баладай, мемлекеттік
статусқа қаншама қиындықтармен қол жеткізсек те, Балық басынан шіриді
демекші, ел басшылары, ел ағалары орысша шүлдірлеуін тоқтатар емес. Қорыта
айтсақ, мемлекеттік тілдің мәртебе емес, құрметке мұқтаждығын көзіміз көріп
тұр. Сондай-ақ, әрқашан ресми адамдар ресми тілде сөйлесуі керек, - деген
өткір де қажетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҒАЛАМДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ
Айқын газетінде сұхбат жанрының берілуі
ЖАРНАМА- ТУРИСТІК НАРЫҚТА ӨНІМДІ ӨТКІЗУДЕГІ НЕГІЗГІ ЫНТАЛАНДЫРУШЫ КҮШ
Отандық және шетелдік басылымдардағы Қазақстан Республикасының имиджі
Толық циклді жарнама агенттіктеріне спаттама, мінездеме беру, олардың қызметтерін айқындау
Интернеттің журналистикаға әкелген жаңалығы
Толық циклді жарнама агенттіктеріне сипаттама, мінездеме беру, олардың қызметтерін айқындау
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Пәндер