Инфляция мәні, пайда болу себептері, түрлері



Инфляция термині латын сөзі – inflatio – вздутие – кампаю – деген ұғымды білдіреді.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775-1783 жылдары солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789-1774 ж.ж. Революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.
Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та азамат соғысы кезінде (1851-1865 ж.ж.) орасан зор гривналар ақша орнына қолданылған күміс кесек (450 млн. доллар) шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60%-ға дейін төмендеді.
Инфляция дегеніміз қағаз ақшанң құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылды делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың әл-аухатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығын басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән «ғажайып» құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Инфляция мәні, пайда болу себептері, түрлері

Инфляция термині латын сөзі – inflatio – вздутие – кампаю – деген
ұғымды білдіреді.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775-
1783 жылдары солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың
құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789-1774 ж.ж. Революция кезінде
өндірілген қағаз ассигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.
Алғашқы рет инфляция деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та азамат
соғысы кезінде (1851-1865 ж.ж.) орасан зор гривналар ақша орнына
қолданылған күміс кесек (450 млн. доллар) шығарылуына байланысты қолданыла
бастады, ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60%-ға дейін төмендеді.
Инфляция дегеніміз қағаз ақшанң құнсыздануына байланысты болатын
әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы басқаша айтқанда айналыстағы
ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп,
осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы
инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік.
Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз
ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылды делік. Мұның өзі қағаз доллардың
екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс
жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі,
ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның
құнсыздануы халықтың әл-аухатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің
көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар
тапшылығын басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма
бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының
қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар
бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін
құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция
тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән ғажайып құбылыс
емес. Ол – күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок
шаруашылығының түрі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір
проблемалардың бірі. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда
қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік
экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының
қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен
лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар
мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының
төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына
және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы
бұзылды.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай – күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
қолайсыз төлем балансы;
үкіметке сенімнің жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп
келді. Әді де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар
бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға
болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің
сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция
әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір
проблемаларының бірі болып есептеледі.
Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу
жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық
дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен
өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама –
қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі – ұлттық
шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным,
мемлекеттік кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Инфляциның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет.
Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық
факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындарды – бұл шаруашылық
сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің
монополизациялауы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік – саяси
сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы бюджет тапшылығы, мемлекеттік мемлекеттік борыштың
өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы
жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары
жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы
заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы
алшақтықтың көрінісі.
Инфляциның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыруы
қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді болып
келеді:
белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы
қаржыландырудың ауқымы;
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
мемлекеттік берешектің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді (инфляциялық тенденцияларды күшейте
түседі).
Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық
сұранымның артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.
Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы
бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен,
салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ
уақытта созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор – табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың
едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы
бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес
шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты.)
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден,
инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет
шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық
түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын
шиеленістіреді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді (22.1 сызбаны
қараңыз) қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты,
инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және
бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің
шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне,
мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне
ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын
құнсыздандырады, өйткені салықтың кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен
кейін уақыттың белігін бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан
мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік
берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені арыздарды тарту үшін мемлекет
өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары
көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз
сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз
нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық
пробемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді
инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың
құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың
бұзылуы және т.б.
Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі
деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда
қаржы қатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші – Іб
пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің (нарық
себеті) белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің
бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны
былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың
бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді, сонан
соң жүзге көбейтіледі:
Инфляция қарқыны
Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің
тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе):
1990-1; 1992-2,5; 1993-30,6; 1994-22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-
1,17; 1998-1,07; 1999-1,18; 2000-1,13.
Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және
одан жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса, онда
мұндай деңгей әсіре инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл
деңгей 1992 – 1995 ж.ж. ішінде айтарлықтай асып түсті.
Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін
мынандай критерийлер бойынша ажыратады:
бағалар өсуінің қарқыны бойынша:
баяу-баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны
сақталды, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;
өршімелі-баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;
әсіреинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың
арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;
бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:
теңдестірілген және теңдестірілмеген инфляция; теңдестірілген және
теңдестірілмеген инфляция; теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі
тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген
инфляция кезінде – олардың бір – біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады,
оның үстіне әртүрлі үйлесімде;
болжаулық (болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:
күтілген, болжалды және күтілмеген;
шығу немесе пайда болу орнына қарай:
импортталынған және экспортталынған;
сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен
немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған
инфляцияны ажыратады.
Қаржы ме нинфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша
бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және
шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).
Бірінші жағдайда ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен
байланысты өнімге, тауарларға және қызмтетерге сқранымның өсуінің салдары
болып табылады.
Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша
пайздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға
бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және
т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады.
Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі
салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл инфляциялық
шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтылынатын
компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың
көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырады, мұндай өнімді тұтыну
жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың
қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді (22.2
сызбаны қараңыз).
Нарықтық эконмиканың механизмі – бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың
банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында ол
жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында мемлекет шығыстарын
немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның
төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның
шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен
қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады.
Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, рынокта
тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр
болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне
мүмкіндік жасайды.
Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені
өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды,
жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді таңдай алмайды.
Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады
және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз
кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға –
халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді
шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланыс-сәйкестілігінің бұзылуы
әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның
көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-
жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы
20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен
байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы – 9%-ке артты.
Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына
циклдық және маусыздық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық
өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге,
салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен
ревальвациялануына, рынок конььюнктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық
байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне
көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Коньюнктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскін, инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ-ХХ
ғасырдың бас кезіне тән класикалық түрі) бағалардың динамикасы өзгеріп
отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия
фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек
өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың
тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай
құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің
жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне
көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс
материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын
өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында , баға төмендеуі
тиіс.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция
көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең
бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігін бұзылуы,
баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер
дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша
айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы
көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV=PO еске түсірсек, М мен Р
көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдай да бағаны инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы
милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық
табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық
байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша
төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша
массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті
тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне
ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық эконмиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта
көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа
мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигопиялық рынок. Ал
олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигопиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін
өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері
билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигопия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес
келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі
туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы
(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,
технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді.
Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын
ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын
арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық
бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетті
төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне -өзі дем беретін сипат алады, ол инфляцияны
күту нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және
біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің
инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.

Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі
қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық,
бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны
көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптен алады, өйткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары
баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер
қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар
бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен
деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдықтың барлық елдерінде де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Инфляция туралы
Инфляцияның пайда болу себептері және даму факторлары.Инфляцияға қарсы саясат
Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
Инфляцияның мәні, түрлерi
Инфляция; мәні, себептері және әлеуметтік жағдайы
Инфляция деңгейін өлшеу
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Инфляцияның мәні және мазмұны
Инфляцияның көрініс табу формалары және мәні
Пәндер