Қазақ ертегілері тілінің жиілік сөздігін компьютер арқылы түзу және олардың статолингвистикалық сипаттамасы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Жалпы тіл білімі кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ ТІЛІНІҢ ЖИІЛІК СӨЗДІГІН КОМПЬЮТЕР АРҚЫЛЫ ТҮЗУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СТАТОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Мамандығы: “021740 - Қолданбалы лингвистика”

Орындаған:

5 курс студенті А. Сауран

Ғылыми жетекші:

ф. ғ. д. профессор А. Қ. Жұбанов

Пікір жазушы:

филол. ғ. к. Ж. Қапалбеков

Норма бақылаушы:

ф. ғ. к. А. А. Таусоғарова

Қорғауға жіберілді:

« »2006ж.

Кафедра меңгерушісі

профессор Э. Д. Сүлейменова

Алматы 2006

Реферат

Диплом жұмысының тақырыбы: Қазақ ертегілері тілінің жиілік сөздігін компьютер арқылы түзу және олардың статолингвистикалық сипаттамасы.

Жұмыстың көлемі: 69 бет

Пайдаланған әдебиеттер саны: 45

Тірек сөздер: ертегі, жиілік сөздік, әліпбилі жиілік сөздік, кері-әліпбилі жиілік сөздік, статолингвистикалық сөздік.

Жұмыстың нысаны: 1988, 1989 жылдары «Жазушы» баспасынан жарық көрген қазақ ертегілерінің мәтіні. Қазақ ертегілерінің мәтіндерін негізге ала отырып, компьютер арқылы алынған неше түрлі жиілік сөздіктер.

Жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті: Жалпы тіл біліміндегі қолданбалы лингвистика, оның ішінде математикалық лингвистика, статолингвистика салаларына сүйене отырып, қазақ ертегілерінің жиілік сөздіктерін компьютер көмегімен құрастыру және сол сөздіктер бойынша ертегі мәтіндеріндегі лексикалық қорға статистикалық талдау жасап, негізгі сөз таптарының, соның ішінде етістік сөздердің статитикалық құрылымын анықтау.

- қазақ ертегілері мәтіндеріндегі сөз қолданыстарды сөз таптарына ажырату және оларды шартты белгілермен таңбалау;

- алынған нәтижені компьютер жадына енгізу;

- әліпбилі жиілік сөздік, кері-әліпбилі жиілік сөздік және жиілік сөздіктер түрін компьютер көмегімен құрастыру;

- статолингвистикалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қазақ ертегілерінің тілдік ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыста қолданылған дерек көздері: тілді статистикалық әдіспен зерттеуге қатысты ғылыми еңбектер, жиілік сөздіктер және қазақ тілінің дәстүрлі сөздіктері.

Жұмыстың жаңашылдығы: Қазіргі таңдағы лингвостатиститканың қолданылу аясы қазақ тіл біліміндегі алатын орны ерекше. Сонымен қатар, статистикалық әдіс тіл зерттеу ісіне қолданылу аясы кеңей, басқа да ірі ғылым салаларында сандық деректерге жүгунудің қажеттілігі туындап отыр.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 Қазақ ертегілері тілінің дәстүрлі лингвистикалық әдістермен зерттелуі . . . 10

1. 1 Қазақ ертегілерінің зерттелуі . . . 11

1. 2 Ертегілердің халықтық сипаты . . . 13

1. 3 Ертегілердің түрлері . . . 15

1. 4 Ертегілердің композициясы . . . 28

2 Қазақ ертегілерінің лексика-морфологиялық құрылымына статистикалық талдау . . . 30

  1. Қазақ тілін статистикалық әдіспен зерттеу мәселесі . . . 30
  2. Жиілік сөздіктердің түрлері және олардың қолданылуы . . . 35
  3. Қазақ ертегілері тіліндегі етістік сөздердің статистикалық құрылымын анықтау . . . 40

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67 ҚОСЫМША . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Тіл - адам қатынасының аса маңызды құралы. Оның қуаты мен құдіреті, ғажайып бейнелілігі мен алмас қылыштай өткірлігі әсіресе көркем әдебиет пен публицистикада көрінеді. Қазақ халқының тарихындағы сонау ғасырлардан жиналып келе жатқан мол қазынасының бірі - халық ауыз әдебиеті. Фольклордың қара сөзбен айтылатын ерекше мол түрінің бірі - ертегі. Қазақтың ертегілері есте жоқ ескі замандардан бастап бүгінгі күнге дейін болған талай ұзақ-ұзақ дәуірлердің кезеңдерінде туған, өсіп, көбейіп келген мол дүние. Мұндай ертегілерде халықтың ғасырлар бойына жиып-терген өмір тәжірибесі, тұрмыстан алған, шығарған қорытындысы айтылады. Соның бәрін ертегіге айналдырып, жастарға үлгі боларлықтай түйіндер жасалады.

Зерттеудің көп қырлы әдіс-тәсілдерінің бірі - лингвостатистикалық әдіс. Мұндай зерттеулер жеке шығарманың, яғни ақын-жазушы тілінің немесе ғылыми техникалық әдебиет стилі мен белгілі бір кезеңдегі баспасөз тілінің жиілік сөздіктерін жасау негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңда статистикалық зерттеулердің маңызы өте зор. Міне, осындай әдіспен қазақ ертегілерінің статистикалық құрылымының сыр-қырын зерттеу дипломдық жұмыстың басты өзектілігі деуге болады.

Жұмыстың нысаны: 1988, 1989 жылдары «Жазушы» баспасынан шыққан қазақ ертегілерінің мәтіні. Қазақ ертегілерінің мәтіндерін негізге ала отырып, компьютер арқылы алынған неше түрлі жиілік сөздіктер.

Жұмыстың мақсаты: Жалпы тіл біліміндегі қолданбалы лингвистика, оның ішінде математикалық лингвистика, статолингвистика салаларына сүйене отырып, қазақ ертегілерінің жиілік сөздіктерін компьютер көмегімен құрастыру және сол сөздіктер бойынша ертегі мәтіндеріндегі лексикалық қорға статистикалық талдау жасап, негізгі сөз таптарының, соның ішінде етістік сөздердің статитикалық құрылымын анықтау.

Жұмыстың міндеті:

- қазақ ертегілері мәтіндеріндегі сөз қолданыстарды сөз таптарына ажырату және оларды шартты белгілермен таңбалау;

- алынған нәтижені компьютер жадына енгізу;

- әліпбилі жиілік сөздік, кері-әліпбилі жиілік сөздік және жиілік сөздіктер түрін компьютер көмегімен құрастыру;

- статолингвистикалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қазақ ертегілерінің тілдік ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыстың әдістері: лингвистикалық талдаудың дәстүрлі әдістеріі, лингво-статистикалық, компьютерлік, құрылымдық, мәтін лингвистикасының әдістері және т. б. .

Жұмыстың тәсілдері: Бақылау, топтастыру, талдау, жинақтау, сөз таптарына ажырату, салыстыру.

Тілді, оның дамуы мен жеке адамның қалыптасуындағы ролін зерттеу - адамның бүкіл таным қызметінің қалыптасуын қарастыруда ерекше маңызға ие болып отырған ғылымның басты мәселесіне айналды [10, 35] . Ал танымдық кызмет баланың өзін көрмеген ортамен қарым-қатынас жасауы, яғни ұрпақтан-ұрпаққа бұрынғылардың тәлімі мен тәрбиесі, іс-тәжірибесінің берілуі процесінде қалыптасады. Балғын шақтан есейіп, ересектер қатарына өту барысында баланың психикалық дамуының негізгі бір формасы - өзара сөйлесу, пікірлесу арқылы өзгелердің іс-тәжірибесін бойына сіңіру болып табылады [10, 36] . Жеке адамның қалыптасып, дамуындағы балалар тілінің ролін, олардың сөйлесу қызметін зерттеу ғылымның басты міндеттерінің бірі болып отыр.

Заттар мен құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды атау және түсіндіру барысында ересектер баланың өз бетінше калыптасатын таным-түсінігінен гөрі күрделі әрі терең танымдық байланыстарды қалыптастырады.

Ырықсыз ес, ерікті әрекет пен қызығушылық секілді барлық жоғары психикалық процестер таным әрекетінің формалары ретінде өзара бірлікте іске асады да, содан кейін ғана бала тілі арқылы таным қызметінің психологиялық формасына көшеді. Алғашқы кездегі жоғары психологиялык қызмет екі адам арасындағы өзара бөліскен әрекетке келіңкірейді, яғни, бір адам екіншісінің іс-әрекетін арнайы тітіркендіргіштер арқылы, әсіресе сөйлеу арқылы реттеп отырады.

Өз зерттеулерін ғылыми тұрғыда негіздей отырып, бала тілін зерттеуге алғаш ден қойған психологтар болды. 40 жылдары О. Моурер фонологиялық даму теориясының негізін қалаушылардың бірі болды. Р. Якобсонның болжамы бойынша, балада алғашкы фонологиялық дағдылардың қалыптасуы алғашкы он - он екі айлық кезеңде басталады. Яғни, бұл бастапқы фонетика баланың өзін қоршаған ортаға, үлкендерге тән тілдің бастапқы бастапқы негізі болып табылады [11, 312] .

Кейбір теоретиктер (Р. Якобсон, 1969; Б. Московиц, 1971) баланың тілін туа бітті механизмнің, яғни сөйлеу қабілетінің дамуына немесе оның жан-жақты дамуының бір бөлшегі ретінде қарастырса, енді біреулері (Д. Ольмстед, 1971: Д. Стэмп, 1969) бала тілінің дамуын оның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына байланысты қалыптасатындығын дәлелдеуге тырысады. Б. Московицтің пікірінше, бала бірте-бірте айқындала түсетін дыбыстық бірліктерді айтуды үйрене бастайды, яғни СГ, ГС немесе СГС формасындағы буындардан ол өз бетінше дыбыстық кұрылымдар түзуге (сөздер кұрастыруға) бейімделеді [11, 312] .

Балалар тілін, олардың сәйлеу қызметін зерттеу тілшілер мен психологтарды әсіресе XX ғасырдың басында көбірек қызықтыра бастады. Осы кезеңде түрлі жастағы балалар тілін статистикалық әдіс-тәсілдермен зерттеуге арналған алғашқы ғылыми ізденістер пайда болды. Атап айтқанда, Н. А. Рыбников, А. Н. Гвоздев, Э. Штейнфельдт, А. Люблинская, М. Р. Львов, т. б. балалар тілін квантитативтік әдіспен зерттеушілердің алғашқы өкілдері болса. Қ. Молдабек 70 жылдардағы БСО мен БӘ мәтіндерін лингвостатистикалық әдіспен зерттеу арқылы балалар тілінің даму динамикасын анықтауға біраз еңбек сіңірді. Зерттеуде БСО мен БӘ мәтіндеріндегі сөз қолданыстардың игерілу, меңгерілу шамасын анықтау мақсатында қала және дала мектептерінде арнайы эксперименттер жүргізіп, зерттеу нәтижелерін лингвостатистикалық әдіспен зерттеу арқылы алынған қорытындылармен салыстыра отырып, мектеп окулықтарындағы мәтіндердің оқушылардың сөздік қорын кеңейту мен байыту мақсатындағы қызметіне лайықты бағалар берілген.

Бұл теорияның тиянақсыздығы кезінде кеңестік психологтардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде (Ф. И. Фрадкина, Т. Е. Конникова, Г. Л. Розенгарт-Пупко) дәлелденген болатын. Бүлардың зерттеуінде баланың жаңа сөздерді үйрену, тілінің дамуындағы бірден-бір қажетті нәрсе - үлкендерге еліктеу, олардың айтқанын қайталауға ұмтылу екендігі айтылған.

Үлкендермен қарым-қатынас жасау баланың тілін тез дамытады. Оның түсінетін және айта білетін сөздік қорының дамуы үлкендермен және өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына байланысты. Ол үлкендерден көмек сұрауы, өз ойын жеткізгісі келуі т. б. мүмкін. Немесе үлкендердің сұрағына жауап берумен қатар, өзі де сұрақ қоя бастайды. Ол алғашқы мынау не? Мынау қалай аталады? секілді сұрақтары арқылы үлкендердің өзіне назар аударуына жағдай туғызады. Әрбір сұрағына тиісті жауап алу арқылы бала әрбір заттың, нәрсенің өзіне тән атауы бар екендігін пайымдайды. 1 жыл 8 ай - 2 жастан кейін баланың сөздік қоры жедел дамиды. Егер 1, 5 жастағы баланың сөздік қоры 18-25-тен аспаса, 3 жастан кейін ол 1000-1200 сөзге жетеді. Мұның ішінде сөздік қордың басым бөлігін зат есімдер (60%), етістіктер (25-27%), сын есімдер (10-12% құрайды [8, 284-285] .

Н. А. Рыбников, Н. А. Менчинская, А. Н. Гвоздев секілді зерттеушілердің айтуы бойынша, 1 жыл 6 айдан 2 жыл 6 айға дейінгі жас кезеңінде баланың сөздік қорындағы зат есімдер саны 4 есе, етістіктер 8 есе, сын есімдер 5-6 есе өседі. Сонымен бірге жоғарыда аталған ғалымдар әрбір жас кезеңіндегі сөздік қордың қалыптасуындағы балалардың өзіндік ерекшеліктері мен сөздерді қабылдау және қолдану ерекшеліктеріне де баса назар аударады [8, 285] . Ал баланың алғашқы грамматикалық формаларды, яғни сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын меңгеруге бейімделуі жалпы динамикалық стереотиптің қалыптасу зандылығы негізінде жүзеге асады. Әртүрлі заттар мен құбылыстар арасындағы түрліше қатынастарды білдіретін грамматикалық құрылымдар баланың бойында әңгімені тыңдау және қайталау барысында қалыптасады әрі жетіліп отырады. Сонымен қатар тілдің грамматикасын меңгеру баланың жалпы дамуымен де (ақыл-ой қызметінің кеңеюі, өз бетінше ізденістері) сабақтас дамиды. Сондықтан да түрліше әрекет жасау барысында баланың мазмұнды өмір сүріп, ой-өрісін дамытуы, үлкендермен тілдік қарым-қатынас жасауы оның тілінің дамуына ықпал етеді. Олардың сөздік қоры молайып, алғашқы грамматикалық формаларды меңгеруі жетіле түседі.

Соңғы жылдардағы көптеген зерттеулерге сүйенсек, (Д. Мак Нейл, 1970; Р. Меньюк, 1969; М. Брейн, 1971 т. б. ), бала тілінің грамматикалық жағының дамуындағы олардың пікірлері бір бағытқа келіп саяды: бала тілінің грамматикалық жағы үнемі өзгерісте болып отыратын динамикалық үрдіс. Бала тілінің грамматикалық жағынан дамып, жетіліп отыруы ересектердің тіліне қатысты болғанымен, оған тәуелді емес. Ядешконың айтуы бойынша, баланың сөздік қоры жинақталумен бірге, оларда белгілі бір қателіктер жүйесі де пайда болады. Сөздермен еркін қарым-қатынас жасау барысында бала өз бетімен сөйлем құрастыра бастайды. Олар сөйлемдегі бастауышты немесе баяндауышты тастап кетеді, жіктеу есімдіктерін 3 жақпен алмастырады. Әсіресе, олар сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелерді жиі тастап кетеді [13, 61-62. ] Сөйлеу қызметі өзара байланысты екі формада көрінеді:

1) пікірлесінің сөзін түсініп тындау, 2) өз сөзі. Бұл ретте өз сөзіне қарағанда пікірлесінің сөзін түсінуі жедел түрде дамиды. Дауыстап сөйлеу негізінде проблемалық жағдайлар туғызуға байланысты іштей сөйлеу қалыптасады [8, 300] .

А. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. А. Рубинштейннің зерттеулері көрсеткендей, баланың психикалық дамуында оның алдыңғы ұрпақта жинақталған қоғамдық тәжірибе негіздерін игеруі үлкен роль атқарады. Бұл процесс қоршаған ортамен әңгімелесу және олармен бірге әрекет жасау нәтижесінде іске асады. Баланың қоршаған ортамен байланысы оның үлкендермен қарым-қатынас жасауына қатысты болады. Сондықтан да "іс-әрекеттің субъектісі жеке бала ғана емес, үлкендермен бірге әрекет жасаушы, яғни олармен қарым-қатынастағы бала болып табылады" [14, 9] .

Анық дәлелденген нәрсе - өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ бала үйренуге кабілетті болып келеді. Бұған қоса, адам ересек кездегіге қарағанда жас кезінде тез қабылдайды.

Таным қызметінің қалыптасу процесін зерттеу барысында психологияға қатысты ойлау мен сөйлеудің қатысы, балалар ойлауының негізі - арнайы оқытудың бала ақыл-ойының даму бағытын анықтайтын жалпылаушы процесі қарастырылуы тиіс.

А. С. Выготскийдің пікірінше, баланың білім мазмұнының қалыптасу процесі оның мінез-құлқы және ақыл-ойы дамуының бағытына байланысты анықталатын таным әрекеті арқылы іске әрі жетіліп отырады. Баланың қоршаған ортамен, адамдармен карым-катынасы әсерінде қалыптасқан таным-түсінігі танымдық байланыстар жүйесін құрайды. Демек, бала алғашқыда өзге адамдардың іс-әрекетін үйлестіруші, реттеуші қызметін атқара отырып, бірте-бірте өзінің де іс-әрекетін басқаруды үйренеді. Олай болса, ерікті іс-әрекеттің негізі тіл арқылы адамдардың өзара сөйлесуінде жатыр. Ал сөйлесу өз іс-әрекеттерін басқара білу механизмінің негізін құрайды.

Баланың сөйлей білуге деген алғашқы талпынысы - онын дамуының бастапқы кезіндегі басты нәрсе. Ол үлкендердің сөйлеген сөздерінен бірнеше мәрте қайталанатын белгілерді ептеп түсіне бастайды. Сөйтіп ол

т. б. сөздерге түсінетін сияқты көрінеді. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, екі жастан бастап бала тілі күрт дамиды. Мектеп жасына келген бала, яғни 6-7 жасар бала 3, 5-4 мыңға жуық сөз біледі екен. Демек, ол тілдің бүкіл фонологиялық жүйесін түсінеді. Олай болса, өз бетінше сөйлемдер құрастыра, өз ойын өзгеге түсіндіре, жеткізе алады.

Зерттеулер көрсеткендей түске, үлкендікке, заттың жай-күйіне байланысты ерекшеліктерді жас баланың естіп қабылдауынан гөрі, сол заттарды көріп, қолмен ұстап барып, ажырата қабылдауы 10-12 есе тезірек іске асады да, бала жадында ұзақ сақталады [10, 35-38; 14, 19-12; 15, 2816, 9] .

Жалпылама "сөзге" қарағанда, балаға сол зат, белгі, кұбылысты көрсету, оларды ажырата отырып көрсету арнайы үйретусіз-ақ тез қабылданады. Сөз жалпылама ұғым болғандықтан, бала тез арада өзі қабылдаған сөздерді белгілі бір топтарға бөле отырып меңгере бастайды (мысалы: биік, үшбұрыш, ащы т. б. ) . Баланың өз бетінше меңгеруі алғашқыда әрине, қателесусіз жүрмейді. Табиғаттағы зат пен құбылыс арасындағы байланысты білдіретін сөздер (кеңістік, сан т. б. ) сезімдік қабылдауға негізделеді де, балаға көрінбейтін болғандықтан, ол нәрселер мен байланыстарды үлкендер түсіндіреді, яғни елестетеді. Бұларды түсінуге талпыну және тілде қолдану баланың ойлау кабілетін дамытады.

Балада алғашқы кезде өз шамасын байқап көру қасиеті үлкендермен, заттармен байланысқа түсу, яғни сөз арқылы жүзеге асады. Алғашқыда ол зат пен құбылыстың аттары арқылы, ал кейінірек жіктеу есімдіктері арқылы, содан соң өзін басқа балалармен салыстыру арқылы жақсы және жаман қасиеттерді ажырата бастайды. Сөздік қорын дамыту арқылы бала ертегі, өлең тыңдауға, ән салуға, мәнерлі де мәнді сөйлесуге бейімделе бастайды.

Демек, баланың алғашқы даму сатысында оның физиологиялық және физикалық дамуы мен ойлау белсенділігі үлкендердің жүйелі тәрбиелік жүмыстарына байланысты болады. Өмірдегі құбылыстарды көру, есту арқылы бұл жаста бала психикасында үлкен өзгерістер байқалады. Ол өзін қоршаған әлемді тек байқаушы ғана емес, онда өзі әрекеттенуші де. Ол өмірде өзі көрген құбылыстарды, үлкендердің сөздері мен іс-әрекеттерін ойын арқылы ойнап, сол ойындарда колдана бастайды.

Дұрыс үйымдастырылған ойындарда балаларда жақсы дағдылар қалыптаса бастайды, яғни ойын - ойды дұрыс дамытады. Тек баланың ақыл-ой қызметін активтендіру және ұйымдастыру нәтижесінде ғана білімді меңгертуге болады. Н. А. Менчинскаяның пікірінше, "таным, танымның қалыптасуы өзара байланысты екі процестен тұрады: білімді игеру және оны қолдану".

Баланың екінші сигналдық жүйесі ретіндегі сөйлеуі бірінші сигналдарға карағанда жетекші орында болады, екінші сигналдар оған қызмет етеді. Ал сөздік қоры мен ойлау жүйесі нашар дамыған балалардың сөздік қоры, сөз байланыстары тек белгілі бір ғана бағытта болады да, әр түрлі жағдайдың өзгеруіне қарамай, олардың жауаптары бір жақты болады. Психикалық процестердің дамуындағы сөйлеудің (тілдің) ролі жайындағы келесі зерттеулер бұл саладағы зерттеулердің объектісіне жататын көптеген өзекті мәселелердің туындауына әкеледі.

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: балалар тілінің дамуы мен қалыптасуын зерттеу балалар психологиясы мен психолингвистиканың проблемаларын шешуде ғана емес, сонымен қатар тілдің табиғаты жөніндегі аса маңызды теориялық мәселелерді талдау, зерттеу барысында да ерекше маңызды. Әсіресе, бүл зерттеулер балалар тілі онтогенезін, ол арқылы лексикалық, грамматикалық категорияларының филогенезін, оның фонологиялық жүйесін және мәтін тудыру механизмдерін танып-білуде аса маңызды роль атқарады [9-1925] .

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында балаларды сөйлеу тілін зерттеу психологтар мен тілші ғалымдар назарын өзіне аударды, балалар ойлауының, ой-өрісінің деңгейін білдіретін алғашқы жиілік сөздіктер пайда болды.

Батыс Еуропа психолингвистикасына тән жасөспірімнің сөйлесу қызметінің қалыптасу процесін туа пайда болатын құрылымға жатқызатын көзқарастарға қарсы шыға отырып, қазіргі ғалымдар мен психологтар бұл физиологиялық, лингвоментальдық құрылымдар баланың сыртқы ортамен байланысы, яғни әлеуметтік әрекетінің нәтижесі екендігін көрсетті.

Адамның сөйлеу әрекеті, оның кұрылымдық-типологиялық ерекшеліктері жоғары лингвистикалық шамалар - лексикалық, морфологиялық, семантика-синтаксистік ерекшеліктер нөтижесінде қалыптасады.

Элькониннің пікірінше, бала қызметінің барлық жағы мазмұны, формасы бойынша қоғамға байланысты, сондықтан бала өз өмірінің алғашқы күндерінен бастап қоғамдық дене болып табылады. Оның адамзатқа тән мәдениетке жетуі белсенді әрекетіне байланысты болады.

Баланың сөздік қоры сыртқы жағдайлармен, динамикалық әрекетпен сипатталады. Баланың жеке іс-әрекеттерінің күшеюі және өзге балалармен көбірек араласуы оның өз жолдастарынан көргендері мен алған әсерін айту үшін монолог түрінде түсіндіру, айту қажеттілігін тудырады. Бұған қоса әрекеттердің өзара байланысуы, бір нәрсеге баға беру, бұйыру т. б. формасында да сөйлеуі үнемі даму үстінде болады. Мұның барлығы балалардың сөздік құрам мен тілдің грамматикалық құрылысын интенсивті меңгеруіне әкеледі де, олардың сөзі бір-бірімен байланысты, жүйелі бола түседі [13, 96] .

Заман қанша өзгерсе де, балалардың ой-санасын қалыптастыруда көркем әдебиеттің алатын орны зор. Ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан мәңгілік философиясы, тәлім-тәрбиесі мен өмірлік тәжірибесінің берілу процесіндегі баланың танымдық қызметі мен ұлттық сана-сезімінің қалыптасуында көркем әдебиеттің алатын орны аса құнды.

Балалардың көркем шығармаларды оқу процесінде меңгеретін әдеби тілі ойды тәртіпке, жүйеге келтіреді, баланың ой тасқындарын реттеп, оны ауыспалы мағынада бере білуге үйретеді.

Бүгінгі таңда балалардың білім деңгейі мен сана-сезімін қалыптастыру мен дамыту мақсатында көптеген іс-әрекеттер жүргізілуі тиіс. Мектепке дейінгі кезеңде балалардың практикалық іс-әрекеттерін жоспарлау мен бағыттау, реттеуге негізделген сөйлеудің жаңаша қызметтері қалыптасады. Сондықтан да ауызша тілді меңгерудің жүйесіз түрінен мектепте морфология мен лексиканы үйретудің жүйелі тәсілдеріне көшу үшін мектеп окулықтарындағы мәтіндердің сөздігіне мүмкіндігінше тілімізде жиі жөне сирек қолданылатын жаңа мәнге ие сөздерді ала білудің айрықша маңызы бар. Бұл мақсаттарды шешу үшін, алдын-ала 6-10 жас аралығындағы балалар тілінің лексикасы мен морфологиясын, сонымен қатар балалар тілі дамуының көзі болып табылатын балаларға арналған оқулықтар мен көркем шығармаларды лингвостатистикалық әдіспен зерттеу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
Балаларға арналған мәтіндердегі жай сөйлемдер құрылымының лингвостатистикалық сипаты
Жиілік сөздік
Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелуі
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылым негіздері
Қазақ тілінің омоним сөздерінің статистикасы
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Лексикография
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz