Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік



1. Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік. Шиеліністі құрайтын элементтер.
2. Әлеуметтік шиеліністердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі.
3. Әлеуметтік шиеліністердің дамуындағы сатылар.
4. Шиеліністердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ХІІІ ӘЛЕУМЕТТІК ШИЕЛІНІСТЕР

1. Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік. Шиеліністі құрайтын элементтер.
2. Әлеуметтік шиеліністердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі.
3. Әлеуметтік шиеліністердің дамуындағы сатылар.
4. Шиеліністердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары.

Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік шиеліністердің орын ағандығын байқауға болады. Біздің тілімізде "шиелініс" деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus-қақтығыс деген ұғымды білдіреді.
Шиеліністі, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды,, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады.
Шиелініс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды.
Қазіргі кезде, әсіресе, біздің қоғамымызда әлеуметтік шиеліністер жиі орын алып отыр. Еліміздің нарық қатынастарына көшу барысында қоғам өмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын-сңды болып көрмеген шиеліністі жағдайға ұласуы жиі ұшырасып отырды.
Міне, сол себептен әлеуметтік шиеліністерді оқып-үйренудің теориялық және қолданбалық маңызы бар. Болашақ мамандар шиелініске жағдайларға басшылық ете білуі, оны дұрыс шешу жолдарын табуы, сол сияқты шиеліністің алдын алу шаралары туралы біліммен қарулануы қажет.
Шиеліністер барлық қоғамдық ғылымдарға қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымында қалыптасты.
Әлеуметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы зерттеушілер өз кездерінде шиеліністің қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп, бұл құбылысты жан-жақты зерттеудің қажеттілігін мойындаған еді. 19 ғасырдың соңында жарық көрген Г.Спенсер, М.Вебер және Л.Гумпловичтің еңбектерінде шиеліністер әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады. Л.Гумплович К,Маркстен кейін көп ұзамай шиеліністердің шығу себептерін адамдардың материалдық қажеттерін өтеуге бағытталған күрестен іздеу керектігін айтты.
"Әлеуметтік шиелініс" (социология конфликта) деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеліністі қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған.
Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғалыми көзқарастарын 20 ғ. 20-жыллдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бэрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар "әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын" негіздеді. Бұл теория бойынша шиелініс еркін бәсеке, бейімделу, ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған.
Әлеуметтану шиелінісі әлеуметтану ғылымының құрамында өзалдына жеке бағыт ретінде 20 ғ. 50- жылдарында қалыптасты. Әлеуметтікшиеліністердің жан-жақты зерттеген конфилктологияныі классиктері Р.Дарендорф (Германия), Л.Козер (АҚШ) және К.Боулдинг (АҚШ) деген ғалымдар болды. Олар өздерінің еңбектерінде шиеліністердің барлық қоғамдық жүйелерге тән жалпылама себептерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасап, шиелініс процестерін реттеу және шешудің жолдарын көрсетті.
Әлеуметтік шиеліністер мәселесі бүгінгі таңдағы күрделі, өзекті проблема болып табылады. Бұл мәселе - әлемдік масштабта назар аударылып отырған мәселе. Мәселен, саяси ғылымдардың халықаралық ассоциясының 1997 - жылы Сеулде болған Дүниежұзілік конгресі осы мәселені талқылауға арналған.

1. Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік. Шиеліністі құрайтын элементтер.

Ғылыми әдебиеттерде шиелініс деген ұғымға бірқатар анықтамалар берілген (олардың қазіргі саны 50-ге жуық). Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиелініс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.
Мәселен, Е.М.Бабосов деген автордың анықтамасы бойынша әлеуметтік шиелініс - түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың, яғни таптардың, ұлттардың, мемлекеттердің , әлеуметтік топтардың, әлеуметтік институттардың, т.б. арасындағы мүдделерінің, мақсат, даму бағыттарының қарама-қарсылығынан немесе мәнді айырмашылықтарынан шығып асқынған түрі. Әлеуметтік шиелініс шешілуі қажет әлеуметтік проблемаға байланысты нақты әлеуметтік жағдайда қалыптасады. Оның белгілі бір себептері, қозғаушы күштері ( таптар, ұлттар, әлеуметтік топтар, жеке адамдар, т.б.) болады. Сонымен бірге шиелініс ұзаққа созылуымен, қайшылықтың өткірлік дәрежесімен, атқаратын қызметімен сипатталады.
Әрине, бұл берілген анықтама әлеуметтік шиелініс ұғымын толық ашып көрсетпегенімен, оның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Келтірілген анықтамаға сүйене отырып, әлеуметтік шиеліністің қажетті құрылымдық элементтерін қарастырайық.
Шиелініс болуы үшін оның барлық алғышарттары пісіп-жетілуі қажет. Бұл қоғамдық құбылысты өзара байланыста болатын мәнді элементтер құрайды. Яғни, әлеуметтік шиеліністерді өзара тығыз байланыста болатын элементтер тұратын күрделі, тұтас процесс ретінде қарастыру қажет. Шиеліністі құрайтын элементтерге келсек. Олар төмендегідей;
1) шиеліністі жағдай қарама-қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екіжақ болуы мүмкін. Бұларды шиеліністің субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар, т.с. жатады.
Сол сияқты шиелініске оның негізгі субъектілерінен басқа да адамдар араласуы әбден мүмкін. Бұлар - екі жақтың қолдаушылары, бітімге келтірушілер, арандатушылар, арашашылар, ақыл-кеңес берушілер немесе тіпті кінәсіз құрбандар даболуы мүмкін. Шиеліністің субъектілерін бұл аталғандардан айыра білген жөн. Шиеліністі жағдайда субъектілердің әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары басты рөл атқарады. Әлеуметтік сипаттамасы деп отырғанымыз, олардың әлеуметтік жағдайлары, қызмет жағдайлары, атқаратын кәсіптері, беделдері, т.б.
Ал, психологиялық сипаттамасы дегеніміз, жекелеген адамдардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктері. Мәселен, өмірде басқа адамдармен келісімге келебермейтін, бар мәселелерді ұрыс-таласпен шешуді қалайтын "қиын" мінезді адамдардың болатыны белгілі. Мұндай адамдар шиеліністің басталуына, оның барысы мен нәтижесіне елеулі ықпал ететіндері сөзсіз.
2) Шиелініс орын алу үшін қарама-қарсы жақтардың арасындағы қайшылық шегінен шығып, асқынуы қажет. Ал, қайшылық екі жақтың мүдделері мен мақсаттарының айырмашылығынан немесе қарама-қарсылығынан туындайды. Қоғамдағы жекеадамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың мүдделері бір-бірімен қабыса бермейді. Шиеліністі жағдайды көбінесе мүдделердің қақтығысуы ретінде түсіну керек. Американдық авторлар Р.Фишер мен У.Юри шиелініс дұрыс шешімін табуы үшін, ең алдымен екі жақты субъектілер мақсат, мүдделерінің қарама-қарсылығын айқын сезінеді.
Екі жақтың арасындағы қарама-қайшылық асқынып, субъектілер тікелей іс-әрекетке көшкен кезде шиеліністің қақтығысу кезеңі басталады. Яғни, екі жақ та бірдей іс-әрекетіне тойтарыс беруге тырысып, барынша батыл қимыл жасайды, өз мақсатына жетуге тырысады.
Шиеліністің барысына әлеуметтік орта даелеулі ықпал етеді. Қоғамның жалпы даму дәрежесі, нақты сол кездегі орын алып отырған экономикалық жағдай, коғамдағы дәстүр, ұлттық, демографиялық айырмашылықтар шиеліністі жағдайда елеулі рөл атқарады. Бұл жағдайлар шиеліністің нәтижесіне де әсерін тигізбей қоймайды.


2.Әлеуметтік шиеліністердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі.
Әлеуметтік шиеленістердің мәнін ашып көрсету үшін олардың басты себептерін білу керек. Әрине, қоғамда орын алатын шиеленістердің өзіндік ерекшеліктері бар, олардың әрқайсысы басқа шиеленістерге ұқсамауы мүмкін. Алайда шиеленістерге тән жалпылама себептер барлық қоғамдарда орын алады. Бұл мәселеге байланысты ғылыми әдебиеттерде бірқатар тұжырымдамалар да бар. Мәселен, маркстік тұжырымдама бойынша қоғамдағы таптар арасындағы әлеуметтік, таптық күрестің себебін еңбек пен капиталдың арасындағы қайшылықтан іздеу керек. Яғни, еңбектің қоғамдық сипаты мен оның нәтижесін иемденудегі жеке меншіктік сипаты арасындағы бітіспейтін қайшылық әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Маркстік теория түолі сипаттағы қоғамдық қайшылықтарды экономикалық себептермен түсіндіреді.
Неміс әлеуметтанушысы Р. Дарендорфтың ойынша, әлеуметтік шиеленістердің басты себебі - саяси факторлар. Дәлірек айтқанда, шиеленістер саяси билік мәселесіне байланысты туындайды. Бұл автор қоғам өмірінде әлеуметтік шиеленістердің болуы заңды құбылыс екендігін айта келіп, адамдар арасындағы теңсіздік билікке байланысты деген қорытындаға келді. Билік барлық қоғамның мүшелеріне беріле бермейді. Қоғамда бір топ адамдар басқаларды басқаруға, бұйрық беруге, тәуелді етуге бағытталған билікке ие. Ал, көпшілік оларға бағынышты жағдайда. Мұндай әлеуметтік теңсіздік жеке адамдардың, әлеуметтік топтар мен таптардың меншікке, материалдық игілктерге ие болуға, бөлінуге байланысты теңсіздігін тудырады. Міне, сол себепті Р.Дарендорф өз теориясында меншік, материалдарды игіліктерді бөлу мәселесіне басты назар аударады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінде, меншік қатынастарында, билік жүйесінде, материалдық игіліктерді әрдайым орын алады. Барлық адамдарды теңестіретін қоғам орнату мүмкін емес.
Ресей әлеуметтанушысы А.Т. Здравомысловтың пікірінше,қоғамда белгілі бір топтың азық-түлікке, тұрғын үйге, еңбек етуге, әлеуметтік бостандықтары мен құқықтарға деген қажеттіліктері қанағаттандырылмайды. әрине, әр адам лайықты өмір сүруге ұмтылады. Бұл аталған қажеттіліктермүддеге айналады, мүддесі ортақ адамдар топталып, билікке, байлыққа қол жеткізу үшін басқалармен бәсекеге түседі. Ал, бәсекелесу қақтығысуға ұласады деп түсіндіреді.
Көрнекті әлеуметтанушы П.А: Сорокин кез келген әлеуметтік төңкерістің басты себебі, халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүруге керек басты қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауынан екндігін атап көрсеткен.
Әлеуметтік шиеленістер сол сияқты қоғам адамдардың түрлі мәселелерге байланысты пікірлерінің, көзқарастарының немесе ұстаған құңдылық бағыттарының кереғарлығынан туындайды. Мәселен, меншік түрлеріне байланысты біздің қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер меншіктің қоғамдық сипатта болуын қаласа, енді біреулер жеке меншікті, басқалар кооперативтік меншікті жақтайды.
Шиеленісті жағдай еңбекке, жанұяға, ьөнерге, спортқа, әлеуметтік институттарға байланысты адам ой-пікірлерінің, құндылықтарның қарама-қарсы болуынан келіп шығады. Құндылықтардың бағытына байланысты туатын даулы, шиеленісті жағдайлар экономика, саяси, әлеуметтік-психологиялық және рухани салаларда орын алады.
Адамдар арасында алаусыздық тудырып, әлемдік масштабтағы қақтығысқа көбінесе идеологының қарама-қарсы себеп болады. Мәселен, коммунизм мен антикомунизм, фашизм мен антифашизм арасындағы күрес әлемдікшеңберде орын алған идеологиялық күрес. Идеологиялық алшақтық мемлекеттер арасында жік туғызып, халықтарды бір-бірімен қақтығысуға итермелейді.
Кей жағдайда адамдар арасындағы, тіпті, мемлекеттер арасындағы даулы, шиеленісті жағдайда діни нанымдардың айырмашылығынан деп білетін қате топшылаулар, қаңқу сөздер айтылып жүр. Ешбір дін қантөгісті, соғысты уағыздамайды. Көбінесе ой-өрісті тар саясаткерлер, белгілі бір топтар өздерінің жеке мақсаттары, пайдалары үшін елдің мұң-мұқтажын желеу етеді. Арандату әрекетін іске асырады. Міне, осы жағдайды естен шығармау керек.
Кең көлемді әлеуметтік толқулардың себептерін түсіндіруде депривация тұжырымын қолдануға болады. Депривация (lat depriuatiuo - жоғалту, айырылып қалу) процесі - индивидтер мен әлеуметтік топтардың болашаққа артқан сенімдерінің, үміттерінң орындалмау жағдайын айтады. Халықтың билік орындарына қойған талап-тілектерін қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауы. Мәселен, Кеңес Одағына 1985-жылдан басталған Қайта құру шаралары халықтың үмітін ақтамады. Сол кезде өмір сүріп тұрған саяси жүйе халықтың түрлі топтарының талап-тілектерінқанағаттандыруға мүдделі болмады. Соның нәтижесінде Кеңес Одағының ұлан-байтақ территориясында саяси, әлеуметтік, ұлтаралық, экономикалық сипаттағы дағдарыстар орын алды. Соның нәтижесінде қысқа метзімде Кеңес Одағы ыдырады.
Біз, сонымен, әлеуметтік шиеленістердің жалпы объективтік себептерін қарастардық. Қоғам өмірінде кездесетін шиеленісті, даулы жағдайлар тек объективті себептерге ғана байланысты емес. Кей жағдайда адамдар арсындағы дау-жанжалдар сол адамадарға байланысты субъективтік себептерден де болады. Яғни адамдардың мінез-құлық ерекшелітері, көңіл - күйлері, талғамдары, т.с.с байланысты. Батыс әлеуметтанушыылары шиеленістердің көпшілігі адамдар санасына байланысты туындайды. Деген пікірде. Жеке адамдардың, топтардың, топтардың арасындағы қақтығусылар ақпараттың жетіспеуі мен сапасыздығынан, қарым-қатынас жасаудағы қиындақтардан да болады.
Адамзат қоғамында шиеленістердің сан алуан түрлері кездеседі. Сол себепті бұл құбылысты түрліше жіктеу бар. Мәселен, Р. ДАрендорф шиеленістерді жіктеуде әлеуметтік қауымдастықтың көлемі мен субъектілердің әлеуметтік рөлдерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік. Шиеліністі құрайтын элементтер
Құқық қорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер
Педагогикалық ұжымдағы шиеленістер
Құқыққорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер
Саяси сана және саяси идеология
Шиеленістің қатысушылары
Экономика саласындағы әлеуметтік шиеленістер
Отбасы - баланың азамат болып өсуінің негізі
Төтенше жағдайлардағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның философиялық мәселелері
Пәндер