Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Эконмикалық әлеуметтік және география кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Орндаушы

4 курс студенті Кінәз . С

Ғылыми жетекші Г. Ғ. Д Е . Жамалбеков

Норма бақылаушы Аға Оқытушы Ғабдолла О. Ж

Қорғауға жіберілді

«»

Кафдра меңгерушісі

г. ғ. д., профессор Надыров. Ш.

Алматы, 2007

РЕФЕРАТ

Қазақстан республиксының суармалы егіншілігі мен оның экономикалық тиімділігі туралы жазылған бұл бітіру жұмысы 55 беттен, 2 суреттен, 1 кестеден, 3 бөлімнен 10 тараудан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны 16. бірінші бөлімінде суармалы егіншіліктің Қазақстанда пайда болуы, таралуы және дамуы, суармалы егіншіліктің жалпы жағдайы жазылса, екінші бөлімінде суармалы егіншілік үшін жарамды топырақ ресурсы оны дұрыс, өнімді, тиімді түрде пайдалану мен жақсарту мелиоративтік шаралары қарастырылған. Ал, үшінші бөлімінде суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігі және еліміздегі су көздері мен су ресурстары туралы мәліметтер келтірілген.

Зерттеу нысаны Қазақстандағы суармалы егіншілік

Жұмыстың мақсаты Қазақстандағы суармалы егіншілік пен оның экономикалық тиімділігін зерттеу.

Қазақстанның оңтүстік облыстарында шөл және шөлейт аймақтар басым болғандықтан бұл өңірлерде егіншілікті қолдан суармайынша даму мүмкін емес, республикамыздағы суармалы егістің басым көпшілігі (85 проценттен астамы) жер, су жағдайлары қолайлы оңтүстіктегі төрт облыста, (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда) орналасқан. Бұл облыстарда техникалык дақылдардан мақта, қант қызылшасы, темекі, дәнді дақылдардан - бидай, күріш, жүгері, сонымен бірге жемісті дақылдар мен бақша дақылдары өседі. ал, қазіргі көлемі 1млн. гектар аумақты алып жатыр, бұрындары ол 2, 5 млн. гектарға жеткен болатын.

Мелиорация, топырақты тыңайту, егіншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану, су эрозиясы, мелиоративтік алқап, суару мелиорациясы, құрғату мелиорациясы. парлы-астықты жүйесін қолдану, коллекторлы-керізді жүйелерді қолдану, топырақты бағалау.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . 4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІКТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ 5

1. 1 Қазақстан жерінің топырақ - климаттық жағдайлары . . 5

1. 2Суарамалы егіншіліктің Қазақстанда дамуы және оның алғашқы нәтижелері7

1. 3 Қазақстанның басқа облыстарындағы суармалы егіншілік жайы………. . 14

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІГІ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТЫ МЕЛИОРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 17

2. 1 Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері мен суармалы егіншілігі. . 17

2. 2 Егіншліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақгы эрозиясы……. 27

2. 3 Топырақты тыңайту мәселелер. . 33

2. 4 Суармалы жерлеріміздің мелиоратив тікжағдайлары және оны жақсарту шаралары. . 36

3. СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ . . . 39

3. 1 Оңтүстік облыстарымыздағы суармалы егістіктерге пайдаланылатын топырақтарды бағалау. . 39

3. 2 Жер суарудың зкономикалық тиімділігі. . 44

3. 3 Су ресурстарын тиімді пайлану және қазіргі жағдайы. . 48

ҚОРТЫНДЫ 53

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 55

КІРІСПЕ

Адам қоғамы табиғаттың бір ерекше саналы бөлігі бола тұрып, табиғат қорынсыз тіпті өмір сүре алмайды. Мысалы, адам организмі ауасыз (оттегісіз) тек 2-5 минут, сусыз 4-5 тәулік, ал тамақсыз 30-35 тәулік өмір сүреді екен . Адам өміріне аса қажетті табиғаттың осы үш қорыда (ауа, су және тамақтық заттар) осы өзіміз мекен етіп отырған жерімізде орын алып, түзіліп, өндіріледі. Сондықтан адам баласы, көне заманнан-ақ ''Жерді - асыраушы анамыз'' деп өте құрметпен атаған. Сонымен қатар жер қабаты тек адам қауымы емес, бүкіл тіршіліктің тірегі, әрі мекені, әрі асыраушысы. Міне сондықтан біздер төменде табиғаттың негізгі байлығы - Қазақстандағы суармалы егіншілік пен қорлары, оны бағалау және экономикалық тиімділігі, тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері туралы сөз болады.

Негізгі тақырыпқа кірісер алдында, Қазақстан респуликасында, суармалы егіншілік қорларының соншалықты қоғам үшін, ауылшаруашылығындағы маңыздылығына қарамастан, оны қорғауға, тиімді пайдалануға деген дұрыс көзқарас ХХ-ғасырдың екінші жартысына дейін болмағаны туралы біршама деректі мәліметтер бітру жұмысының алғашқы бөлімінде баяндалады.

Негізгі мәселе Қазақстан мысалында қаралғанымен, әрнәрсе салыстырмалы жағдайда жақсы көрінетіндіктен, бітіру жұмысының соңғы бөлімінде әлемнің, бұрынғы одақтың жер қорлары және оны бағалау мен суармалы егіншіліктің эконоиткалық тиімділігі жөнінде де біршама мәліметтер келтірілген.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІКТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Қазақстан жерінің топырақ - климаттық жағдайлары

Қазақ жері - кеңбайтақ. Халқының саны жөнінде әлемде 80-ші орындардың бірінде болған тұрып, жер көлемі жөнінде 9-шы орында.

Атыраудан Алтайға шейін 3000шақырымдай болса, Батыс Сібірден Алатауға шейін 1600шақырымдай созылып 272, 5млн ға жерді алып жатыр. Біздің республикамыз геогарфиялық орналасуы жағынан Еуразияның орталығында әлемдегі барлық мұхиттардан ең қашық аймақта орналасқан. Сондықтан қазақстан аумағындағы ауа райының басты ерекшелігі -құрғақшылдық.

  1. Республикамыздың ең терістік Ресейдің Батыс Сібір ойпатымен шектесіп далалы қара топырақты зона 25, 4 млн га, қазақстан жерінің 9, 8% алып жатыр. Жылына түсетін ылғал 250-340мм, негізгі астық егілетін аймақтар. Қрғақшылық жылдарлың 10-25%болады.
  2. Бұл зонаның оңтүстігіндегі кең алқапты қара-қоңыр топырақты құрғақ дала мен шөл дала зонасы алып жатыр, көлемі 90, 4млн га, қазақстан жерінің 33, 2%. Аудан түсетін ылғал жылына 200-260мм ғана терістіктен оңтүстікке қарай азая береді, құрғақшылық жылдардың 25-75%түзеді. Сондқытан бүл зонада егіншілікпен айналысу жөнді нәтиже бере бермейді. Дегенмен тың игеру кезінде асығыстық, асыра сілтеушілік жағдайда бұл зонада жиі болатын құрғақшылықтан жөнді өнім бермейтін 13-14мм га астық егілетін. Елбасысыздың бастамасымен соңғы жылдары бұл жерлер егістіктен шығарылды. Бұл зонаның тек терістік бөлігіндегі күнгірт қара-қоңыр топырақты зонашасындағы астық егісінің біршамасы қалды да, оралық бөлігіндегі жай қара-қоңыр және оңтүстік бөлігіндегі ашық қара-қоңыр топырақты зонашалардағы егістіктер түгелдей егістіктен шығарылды. Бұл жағдай да еліміздің тәуелсіздік алғанының жемісі екендігі түсінікті. Бұл аймақ негізінен мал шаруашылығымен айналысатын болды.
  3. Құрғақ дала мен шөлді дала зонасының оңтүстігінде кең алқапты құба және сұр-құба топырақты шөл зонасы алып жатыр . Көлемі 119, 2млн га, Қазақстан жерінің 43, 7%Ауадан түстені ылғал мөлшері бар болғаны 120-170мм. Бұл аймақ аз өнімді жайылымды жерлер, негізінен уақ мал мен түйенің жыл бойы жайылатын кең алқабы. Егіншілік тек қолдан суарған жағдайда болады, бірақ оған су көздері жетісе бермейді. Суармалы кгіншілік тек Сырдария, Іле, Шу т. б таудан аққан өзендер бойында. Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс биік таулу аймақтарында күрделі климаттық топырақ зоналары, (биіктік білдеулік) орын алады. Майдарақ зонащаларды бір-біріне қосып таулы аймақтарда негізгі екі зонаға бөлуге болады.
  4. Таулардың төменгі етектеріндегі шөлді дала зонасы, топырақтары сүр және ашық қара-қоңыр. Біршама жерлері суармалы егіншілікке, біршама жерлері суарылмайтын Егіншілікке, ал жалпы басым жерлері мол өнімді мал шаруашылығына пайдаланылады. Таудың әсерінен бұл зона түсетін ылғал 250-400мм жетеді. Біраз жерлерінде жчдек жемісті бұталар мен ағаштар. Көлемі 18, 9млн га республика жерінің 6, 9%-ы.
  5. Таулардың биіктеу етектері мен тау аралық дала, таулы-ормандыдалалы, щалғынды-орманды және шалғынды зоналар, топырақтары күңгірт қара-қоңыр, қаратопырақтар мен таулы орманның сұр және таулы шалғынды топырақтар. Ауданға тұсетін ылғал мөлшері 450-850мм. Негізінен мал шаруашылығы үшін жоғарғы өнімді жайылым, орман шаруашылығы жерлері, біршама суарылмайтын егіншілік, жемісті ағаштар. Көлемі 18, 2млн га республика аумағының 6, 7%- ы.

Міне жоғарғы келтірілген Қазақстанның қысқаша топырақ климаттық сипаттамасынан қазақ жерінің бесым бөлігі құрғақ шөлейт және нағыз шөл зоналарда орналасқанын көріп отырмыз. орташа есеппен мүндай аймақтар Қазақстан жерінің80%жуық. ауадан түсетін ылғал тек солтүстік облыстар мен орталық облыстарымыздың терістік шеткі бөліктерімен оңтүстік шығыстағы таулы аймақтардың біршама етектерінде егіген егістерді қамтамасыз етеді. Сонымен грте заманнан-ақ қазақ жеріндегі егіншілік шамалы орын алды, ал оның сурамалы егіншілікпен айналысу оңтүстік аймақтарда түратын орыс украин, өзбек, ұйғыр халықтарының үлесіне тиді. Жергілікті қазақ халқы атам заманнан негізінен мал шаруашылығымен айналысып, тігуі де, жығуы да оңай киіз үйлермен Қазақстанның кеңбайтақ жерлерінде көшіп-қонып жүрді. Ескеретін мәселе, қазіргі сәнге айналған «экология» мамандығы туралы ол кездегі мал бағушы жергілікті халықтың түсінігі болмаса да, көп жылдық тәжірибелеріне сүйеніп, жайылымдарды экологиялық бұзылулардан сақтап тиімді пайдалана білді.

Мұдай жағдай xx ғасырдың алғашқы жылдарына дейін жалғасты. Мысалы, 1913 жылы Қазақстан халқының 90%-ы тек осы мал шаруашылығымен айналысатын еді. Қазан төңкерісіне дейін бүкіл Қазақстан бойынша суармалы жер көлемі шамамен 500мың га еді. Басым түрде бүл жерлерде бйдай, арпа, тары егілетін . Ал аса қажетті техникалық дақылдар(мақта, қант қызылшасы) қымбатты астық дақылы күріш жоқтың қасы еді.

1. 2 Суарамалы егіншіліктің Қазақстанда дамуы және оның алғашқы нәтижелері

Мойындауымыз керек, Қазақстанда суармалы егіншіліктің өріс алуы қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік заманмен байланысты. Оның себебі де түсінікті. Суармалы егіншілікпен айналысу оңай шаруа емес, ол күрделі инженерлік құрылыс жүйесі. суармалы егіншілік үшін барлық жерлер қатарынан жарай бермейді. Ол үшін міндетті түрде топырақтың майда уақталған қабаты жеткілікті, зиянды тұздар аса мол болмай, жер беті бір бағытқа еңісті тегіс болуы және жер астының да бір баңытқа қарай еңісті болуы керек. Мұндай болған жағдайларда көп мәселелерді қолдан жасауға тура келеді. Міне бұл жұмыстарды қолында ешқандай техника жоқ, суармалы егіншілікпен үлкен масштабта айналысудан ешқандай тәжірибесі жоқ жергілікті халық жүргізуге шамасы келмейтін еді. Кейін әлемде ең жер көлемі үлкен, құдіреті де күшті кеңес мемлекеті орнап, оның құрамына кіретін барлық 15одақтас республикалар бойынша жоғарыдан бекітілген бесжылдық жоспарлар бойынша халық шаруашылығымыздың барлық салалары өрістей бастады. Ауылшаруашылық саласында В. И, Ленин қол қойған алғашқы декртерттің бірі - жер туралы болып, бүкіл еліміздегі жерге деген жекеменшік жойылып, оның барлығы мемлекет, бүкіл халық меншігіне өтті. Одақ бойынша барлық аймақтарда кеңшарлармен (совхоздар) ұжымшарлар(колхоздар) ұйымдастырылып барлық жерлер солардың иеліктеріне берілді. Негізінен мал шаруашылығымен шұғылданатын Қазақ халқының миллиондаған малдары мемлекет меншігіне тәркіленіп, бүкіл халық бұрынғы көшіп-қону орнына, тұрақты отырықшылыққа айналып, кеңшармен ұжымшарларда жұмыс істеуге көндікті. Сонымен республикамыздың оңтүстік өңірлерінде жоспарлы түрде ғылыми-негізделген жүйемен суармалы егішілік өрістей бастады. Еліміздегі бұрыннан өсіріліп келе жатқан дақылдармен қатар көптеген жаңа дақылдар өсіріліп, олар Қазақстан өздерінің жаңа отандарын тапты. республикамыздағы суармалы егістің басым көпшілігі(85пайыздан астамы) жер, су, күн райының қолайлы жағдайларына байланысты оңтүстік өңіріндегі төрт облыста (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда) орналасқан. Сондықтан осы облыстардағы суарамалы егіншілік жайларына біршама тақталайық. Дегенмен бұл облыстардан басқа аймақтарда суармалы егіншілік тіпті жоқ деуге болмайды. Мысалы Қызылорда облысымен шектесіп жатқан Ақтөбе облысының ойлы ауданында әлемге аты шыққан ақ тарының атасы атанған даңқты Шығанақ Берсевтің тарының суармалы гектарынан өнімді 200 центнерге дейін жеткізіп, әлемдік рекордқа жеткізгенін айтсақ та жеткілікті.

Жоғарыда айтылған төрт облыста суармалы егіншіліктің даму жағдайлары бірдей емес. Мәселен, Қызылорда облысында барлық егіншілік тек суармалы жағдайда мүмкін, яғни егіншілік 100% суармалы, Оңтүстік Қазақстан облысында суармалы егішіліктің үлесі 90%-дан асады, ал Жамбыл мен Алматы облыстарында суармалы егіншіліктің үлестері бүкіл егіншіліктің 70-80% түзеді. Біршама егістіктер тау етегіндегі суармайтын егістіктер. Сонымен қатар әр облыстарда егілетін егістіктер түрлеріде тібиғи климаттық жағдайларына байланысты әртүрлі. Енді осы мәселелерге шамалы шолу жасайық.

Қызылорда облысы ежелден-ақ біршама суармалы егіншілікпен айналысып келе жатқан облыс . Бұған кезіндегі мол сулы Сырдария өзеніңің облыс орталығын басып өтетіні көп септігін тигізген. Бұрынғы кездері суармалы жерлердегі негізгі дақылдар қызылорданың тәтті қауындары, көкөністер, малазықтық шөптер болған. Кеңес үкіметі кезінде бұл аймақта басты дақыл болып күріш егіліп, бұл өңірде ол нағыз екінші отанын тапты . Кезінде Қызылорда облысында Кеңес үкіметінде өндірілетін күріштің25-30% өндірілетін。Жалпы өнім жөнінен ғана емес, әр гектардан алынатын өнім жөнінде облыс алдыңғы орындарда болды. Әлемге аты

шығып екі рет ие болған Ыбырай Жақаев күріш егісінің әр гектарынан 1947

жылы 171 центнерге дейін өнім алып, дүниежүзлік рекорд жасағаны белғілі

Жасы ұлғайғанына қарамастан 1960-1970жылдарға дейін кетпені қолынан түспей өзі басқаратын звеносында күріш дақылының өнімін гектрынан 90-100 центнерден төмен түсірмей, көптеген шәкірттер тәрбиелеп Қызылорда өңірін күрішті-ырысты аймаққа айналдыруда өлшеусіз үлес қосқан дарынды тұлға.

Облыстағы суармалы жер көлемі 1960-1970 жылдары 250-300 мың гектарға жеткенімен, кейінгі Арал дағдарысынан кейін біршама кеміп, 200мың гектардай, оның жартысына жуығына күріш егуге мүмкіндік бар. Күріштен жоғарыда айтылғандай рекордтық өнім алнғанымен жалпы облыс бойынша орта есеппен гектарынан 35-40 центнерден өнім алынуда.

Ескеретін жағдай облыстағы суармалы егістіктердің барлық көлемдері Сырдария өзенінің көне дәуірде ағып өткен өзен (алювиалды) шөгінділерінен түзілген жербетінде және жерасты ағындары өте нашар жазықтар. Мұдай жағдайларда егістіктерді суарған кезде, әсіресе күріш сияқты суды өте мол пайдаланатын дақылдарды суара бастаған алғашқы жылдардан-ақ топырақ

астында ыза су қабаты (грунтовая вода) пайда болып, оның деңгейі жылдан-жылға жер бетіне жақындай түседі. Міне осы суармалы жерлердегі

жерасты ыза сулары осы аймақтардың топырақтарының мелиоративтік жағдайларын нашарлататын басты фактор, кейбір өңірлерде суармалы жерлерді батпақтануға әкеп соқса, көпшілік жағдайда олардың сорлануына (тұздануына) себеп болады. оның себебі бұл ағынсыз шөлді аймақтарда топырақ және жерасты қабаттарында әдетте суда ерігіш тұздардың біршама қорлары болады. Осы тұздар ыза суларда еріп, жер бетіне жақындаған сайын оның мөлшері көбейе түседі . жер бетіне жақындаған сулар буланған кезде олардың құрамындағы тұздар топыраққа қонып, суармалы жерлерді сорландыруда. Ал сорланған топырақтар егістік өнімін көп төмендетеді, көп жағдайда тіпті жоқ етеді. Сондықтан бұл аймақтарда жерасты ыза суларының деңгейлерін міндетті түрде қолдан реттеуге тура келеді . бұл аса күрделі қымбатқа түсетін инженерлік құрылыстар. Яғни егістік жерлеріміздің жерастында түзілген ыза суларының деңгейлерін қолдан қазылған терең су қабаты арқылы реттеу. Депутат мырзарың келтірген мәліметтеріне қарағанда облыс егін алқаптарындағы қазыдған 908 шақырым бас және шаруашылық ірі су қашыртқыларының, оған қоса жалпы ұзындығы 10, 5мың шақырым ішкі су қашыртқыларының істен шығуы-көптеген суармалы жерлерді жарамсыз еткен. бұл жағдай әрі қарай төзуге болмайтын мәселе. суармалы жеріміз-алтын қорымыз, оны міндетті түрде жоғарғы деңгейде жүргізіп, жерберілген қателерді тез іске қосу керек.

Оңтүстік Қазақстан облысы -республикамыздағы суармалы егістігі мол облыстардың бірі.

Облыстағы суармалы жер көлемі 511. 7 мың гектар, оның 392 мың гектарында мақта шаруашылығы. Сонымен бұл облыс республикамыздағы аса бағалы техникалық мақта дақылын өсіретін жалғыз облыс. Кеңес өкіметі кезінде тоқыма өндірісін мақтамен қамтамсыз ету үшін Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан 《Мырзашөл》аймағын мақта өсіруге игеру басталды. Ол үшін Сырдария суын осы аймаққа бұру үшін ірі ирригациялық-инженерлік күрделі жүйелер салынды. Қазақстан аумағындағы Мырзашөл өңіріндегі алғашқы мақта шаруашылығы 《Мақтаарал》кеңшары 1924 жылы құрылып, Қазақстандағы мақта шаруашылығын дамытуда аса үлкен рол атқарды. Осы кеңшар жерінде мақта шаруашылығы жөнінен тәжірибе станциясы болып, мұнда аса алдыңғы осы саладағы жетістіктер енгізіліп, сыналып, басқа шаруашылықтарға үлгі болды. Бұл шаруашылықта мақта өнімінен әлемдік реқордтық өнім алынбағанымен аса жоғары өнімдер алынды . Мысалы звеногжетекшісі У. Ділдебеков 1947 жылы өзіне бектілген 14гектар мақта егісінің әр гектарынан 65центнерден өнім алды. Мақта егісі негізінен осы мырзашөлдегі мақтаарал ауданында өсірілгенімен, облыстың Шардара, Сарыағаш, Түркістан аудандарында егіліп отанға тапсыруда, дәлірек айтсақ жылына 400-450мың тонна тапсыруда.

Мақтамен қатар облыс жерінде біршама күріш (Шардара ауданында), бау-бақша, жүзімдіктер, дермене дәрі шөбі, малазықтық шөптер, көкөністердің көп түрлері өсіп жақсы өнімдер берді. Ренішке орай, бұл облыстағы суармалы жерлерінде соңғы 15-20жылдарда мелиоративтік жағдайлары көп төмендеп, егістіктен шығып қалған жерлер аз емес. Депутат мырзаның мәліметтеріне сүйенсек облыстың суармалы егістік, жерлерінде кезінде салынған (бұрғыланып) 1903дана тік дренаждық (суқашыртқыларының) 1846 данасы жұмыс істемейді, 4743шақырым тазаланғандықтан жөнді жұмыс істемеді. Бұл жұмыстарды тез қолға алып жөндеу кезек күттірмейтін мәселе.

Жамбыл облысы. Суармалы жер көлемі облыста 230-250мың гектардай. Бұл жерлерге егілетің негізгі дақыл аса қымбатты қант қызылшасы. Бұрынғы кезеңдерде тіпті егілмейтін бұл дақыл кеңестік уақытта бұл аймақта екінші отанын тапты. Сонымен қызылша өнім жөнінен Жамбыл облысы республикамыздың кезіндегі кеңестік аймақтағы алдынғы сапта болған. 1940-1950 жылдары даңқы қызылша өсіруші звено жетекшілері социалистік еңбек ерлері С. Оңғарбаев. Д. Жантоқова. әр гектардан алынған қызылша өнімдерін 700-800центнерге жеткізген. Одан кейінгі жылдары осы апаларының ізбесарлары Т. Байназарова, Т. Абдуллава сияқты қызылшашылар әр гектардан алынған өнімді жыл сайын 600-700центнерге жеткізіп жүрді.

Ренішке орай, соңғы жылдары бұл көрсеткіштер төмендеп кеткені байқалды. Бұл жағдайды көп кешікпей қалпына келтіріп, керісінше жақсарта түсу міндеті тұр. Себебі қантқа деген сұраныс жылдан жылға өспесе кемімейтіні түсінікті жағдай.

Қызылшамен қатар суармалы жерлерде мал азықтық щөптер, бау-бақшалар, көкөністер, дәнді-дақылдар т. б. өсіріледі. Ескеретін жағдай, суармалы жерлер бұл облыста негізінен тау етектерінде біршама төмен қарай еңісі бар жазықтарда орналасқандықтан топырақтың екінші сорлануы, батпақтануы көп байқалмайды.

Алматы облысы. Суармалы жердегі егістіктер көлемі облысқа 470-500 мың гектар шамасында. Негізгі дақылдар қант қызылшасы, жүгері, біршама күріш, жеміс ағаштары мен жүзімдіктер ауыспалы егіс жүйесіндегі шөптанақты мал азықтық шөптер және көкөністі дақылдар. Бұрын егілмейтін қант қызылшасы облысқа тек екінші отанын тауып ғана қоймай мұнда әлемдік рекордтық өнімдер алынғаны белгілі. Социалистік еңбек ері атағына екі рет ие болған Н. Алдабергенов өзі басқарғандықтан Мұқыр ауылындағы ұжымдарда 10 гектар жердің әр гектарынан қызылша өнімін 834 центнерге жеткізсе, даңқты звено жетекшісі О. Гонаженко өзінің звеносындағы біршама жерден қызылша өнімін гектарына 1500-1600 центнерге жеткізіп, әлемдік рекордтың өнім алған. Ал гектарынан өнімді 400-500 центнерге жеткізген бригадалар мен звено жетекшілері кезінде аз болмаған.

1930 жылдары егіле бастаған темекі дақылыда Жетісуда өзінің нағыз отанын тапты деуге болады. Қырым облысында гектарынан небары 12 центнер өнім беретін темекі Алматы темекі кеңшарында өнімді гектарына 35-40центнерге жеткізген . Әлемдік деңгейдегі ең мол өнімді шаруашылық атанды. Алматы төңірегінде АҚШ-тың темекі өңдейтін Филип Морис мекемесін ашу тегін болмаса керек . Жаркент ауданындағы социалистік еңбек ерін екі рет алған «Октябрьдің 40 жылдығы» ұжымшарын көп жыл басқарған Н. Голавацкий кезінде жыл сайын мемлекетке 100 мың центнерден астам қымбатты жүгері тұқымын өткізіп тұрды. Ал жеке жүгері өсіруші М. Ниязова, Т. Ушуров сияқтылар суармалы жердегі жүгері дәні өнімін гектарына 95-100 центнерге жеткізсе, сүрлемдік көк балаусадан 500-600 центнерге шейін өнім алған .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карық арқылы суғару
Көне заманғы егіншілік жүйесі
Оңтүстік Қaзaқстaн oблысының егіншілік шaруaшылығынa сипaттaмa
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті
Егіншілік жүйесінің даму тарихы
Егіншілікке азаю тыңайтқыштарын қолдану жолдары
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы
Егістік жұмыстардың технологиясы. Себу, күтіп-баптау,сұрыптау, жинау және есептеу туралы ақпарат
Егіс. Егіншілік
Егіншілік жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz