Кіші алматы өзенінің су ресурстары


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҮЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Құрлық гидрологиясы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
КІШІ АЛМАТЫ ӨЗЕНІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫ
Орндаушы:
4 курс студент Ш. Жамағат
Ғылыми жетекші К. К . Дускаев
(қолы. дата)
Норма бақылаушы С. Р. Жанпеисова
(қолы. дата)
Қорғауға жіберілді
каф. меңгерушісі Р. Г. Абдрахимов
(қолы. дата)
Алматы, 2007
Реферат
Бітіру жұмысы 40 беттен, 6 суреттен, 8 кестеден және қосымшалардан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны 9.
Өзен, су жинау алабы, ағынды, гидрологиялық бекет, су қалыптасу аймағы, сушаруашылық шаралар, негізгі гидрологиялық сипаттамалар, су режимі, су тасу кезеңі, сабалық кезең, су ресурстары, суды пайдалану, су шаруашылық құрылыс, ағынды қамтамасыздығы, түрлі қамтамасыздықты ағындылары. .
Зерттеу нысаны - Іле Алатауы солтұстік беткейіндегі кіші Алматы өзенінің алабы.
Жұмыстың мақсаты - зерттеліп отырған алап өзендерінің негізгі гидрологиялық сипаттамаларын бағалау.
Жұмыстың міндеттері:
- алаптың физикалық-географиялық, гидрологиялық тұрғыдан зерттелудеңгейін сараптау;
- алаптағы өзендердің жылдық агындылары жайлы деректер жинап, талдау;
- алаптағы өзендер суларының шаруашылықта пайдалануы жайлы
деректер жинау, сараптау;
- алап өзендерінің ағынды қатарларын қалпына келтіру, сулылық
циклдерін талдау;- негізгі гидрологиялық сипаттамаларды есептеу немесе анықтау
әдістерін қарастыру;- алап өзендерінің негізгі гидрологиялық сипаттамаларын және түрлі
қамтамасыздықты ағынды шамаларын есептеу, талдау, қорытындылау.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе. . 4
1 Кіші Алматы өзені алабының физикалық-географиялық сипаттамасы………. . 5
1. 1 Табиғи жағдайы5
1. 2 Гидрографиясы10
2 Су ресурстары және кіші алматы өзенінтұрмыстық пайдалану . . . 12
2. 1 Кіші Алматы өзенінің гидрологиялық зерттеу . . 12
2. 2 Су режимінің ерекшелігі13
3 Негізгі тасқын сипаттамаларын есептеу …21
4 Кіші Алматы өзенінің шаруашылықта қолданылуы . . . …. 23
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……… . . . 31
Қосымша . . . 32
Кіріспе
Қазіргі уақытта Алматы қаласының агломерациясы Қазақстан республикасының экологиялық жағдайы қиын аудандарының қатарына кіреді, мұндағы барлық табиғи орталар топырақ, су, өсімдік, атмосфера улы химиялық заттармен жоғары дәрежеде ластанған, соңғылардың ішінде қаланың экологиялық жағдайын қалпына келтіруде ағын суы Алматы қаласының кіші өзендері ерекше көңіл бөлінуде, себебі олар шынайы табиғи сүзгі болып табылады, сондай-ақ, сумен қамту, гидроэнергия, рекреация зоналарында негізгі су көзі ретінде қолданылады.
Өндірістің жоғары дәрежеде шоғырлануы, халықтың тығыз орныласусы, және бір жағынан жалпы үлкен өзендердің әлсіздігі, Алматы қаласы өзендерінің деградациясымен ластануына алып келеді.
Берілген жұмыстың мақсаты Кіші Алматы өзендерінің антропогенді түр өзгерісі дәрежесін анықтау, өзендерді қалпына келтіру және сақтау үшін суды сақтау зоналарын басқару және құрастыру бойынша нұсқауларды ойластыру болып табылады .
Зерттеу талаптары:
-кіші өзендердің суын жинау зоналарымен жолақтарының шегараларын нақтылау мақсатында оларды табиғи зерттеу;
-зерттеу обьектілеріне оларды тұрмыстық қолдануы, реттелуі, су сапасы және т, б антропогенді жүктеменің дәрежесін бағалау;
-тұрмыстық субьектілердің суды қорғау жолағымен олардың экологиялық қауыптілігін бағалау, аралығында инвертарзациясының және олардың айқындалуы;
-суды қорғау зоналарын басқару және құрастыру бойынша нұсқаулар жасау.
1 КІШІ АЛМАТЫ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Кіші Алматы өзені Іле Алатауы жотасының солтүстік жағы арқлын өтіп, Балқаш көлі бассейіне жатады, оның су жинау ауданы 118 km²-ды құрайды, Қаскелең өзеніне құйарда 710 km²-қа жетеді.
1. 1 Табиғи жағдайы
Алматы қаласы арқылы өтетін өзендер бассейінінің су жинау алабы, Іле Алатауынің солтүстігінің орталығын алып жатыр, олардың ауданы тігінен дифференциалданады, ең жоғары биктігі 4500 м-ге жетеді. (Орджоникидзе шыңы 4410 м, Легостаева шыңы - 4468 м, және т. б) ал ең төменгісі 500 м-ге жуық, (Қаскелең және Іле өзендеріне жақын) яғни жалпы биіктігінің амплитудасы 4000 м, бүл әр тұрлі биктік зоналарда табиғи жағдайлардың өзгеруіне әкеледі, қаланің өзі салстрмалы жоғары деңгейде 1350 м-ге дейін, сәкесінше 5амплитуда 700 м-ді құрайды. Бірақ мұндай өзгерстері бар қалалар көп кезіге бермеиді, бұған далел алматылықтарға таныс қаланың жоғары және төменгі жағындағы кілиматтық жағдайының әртұрлілігі.
Іле Алатауы жоғары таулы жотасы күрделі, геологиялқ тарихқа йе оның сол орнындағы ең алғашқы көтерілуін камтитын тау түзіліу кезеңі деп аталатн 300-400 млн жыл бұрнғы ерте органикалық әлемде болды. Одан бері ондаған миллион жыл өтті, бұл ескі таулар химиалық және физикалқ жеке тұрлердің әсерінен тұзілып ескі теңіздердің суларымен басылып қалған, бірақ 200-250 млн жыл бұрын, герцсе қыртсыстары дәуірінде олардың пәрменде көтерулері болды, іле Алатауының граниттерінің көп бөлігі осы кезеңде жатады, келесі тұзілісі алъп тау тұзілу процесі кезінде болады, (ондағы миллион жыл бұрін) және жаңа жер бедерінің жалпы пішіні қалыптасты, жоталардың қарқынды көтерілуі соңғы 300-400 мың жыл бұрін болды, біздің заманымздағы жер сілкіністерінің таутұзілу процесінің жалғасуын көрсетеді, соңғы 100 жылда қала екі катастрофалық жер сілкінісінің бастан кешті (1887 және 1911 жылдары) одан басқа оншақты орташа оқиғаларды басып өтті. Қарастырып отырған территория Азия аудандарындағы белсенді сисмалогиалық аудандардың біріне жатады. арнайы зерттеулер Іле Алатауының жылына 3-5 мм орташа есеппен өсетіндігін қөрсетеді, бұл өте айтарлқтай шама, сонымен геологиялық жағынан Іле Алатауы - жас тау.
Өзен бассейндері климаты континенталды мен ерекшелінеді, жыл бойы және тәулігіне температурасына күрт ауысып отрады, сонымен қатар теңізбен бен мұхиттан өте жырақ орналасуына байланысты ылғал жетспейді, тауға жақындаған сайын континеталдық жұмсарады, жердің бассейініне қарай ауа температурасының тербелу амплитудасы мен жауын-шашын мөлшері өседі (1 және 2 кесте) .
Қалада және жоғары таулы аймақтарда суық болып қаңтар айларында, аэропорт жақта (минус 11, 5 0 с) жоғары, ал таулы мұзды аймақтарда (Мың жылқы минус 12, 7 0 C) суық болып келеді, қаңтар айының ең жылы болатын жағы қаланың ең жоғарғы жағы, (тасты жазық, минус 3, 8 0 C) мұны температураның қысқы инверсиясымен тұсіндіруге болады, суық ауа массасы ауыр болап, төменге қарай жылжиды, темпратураның абсалютты минимуммы қалада 1951 жылы 26-ақпанда тіркелді, әуежай жақта минус 48 0 C болса, Абай даңғылында минус 38 0 C, ал Каменка жағында минус 20 0 C болады, абсалютты темпратураның максимумы (шілдеде 1944 жыл) Алматыда 42 0 C қа жетті (2-4) .
Жылдық орташа ауа температурасы қарастырылып отырған территорияның көп бөлігінде оң таңбалы, тек 2900 метрден бастап және одан жоғары теріс мәнге ие болып, өте жоғары таулы зоналарда мәңгілік қату, мәңгі қар және мұз болу құбылыстары болуы мүмкін.
Қаланың төменгі жағына сәуір айында жауын-шашын көп түседі, оның жылдық орташа мөлшері әуежайдан Каменка жазығына қарай екі есе өседі (420 мм -ден 888 мм -ге дейін) .
Нөсер жауындар көктем айларымен жаздың алғашқы жартысында жиі жауады, қалада жылына 30-40 мм болатын жауын-шашынды нөсер тіркеледі, мұндай нөсер жаңбырлар өзендер ағынысын күрт жоғарлататын, лас селді ағындарды туғызуы мүмкін.
Қалада қар жамылғысы орташа қазан айының соңына қарай түседі, ал Медеуге екі-үш апта бұрын түседі, жамылғының тұрақты түсуі, қараша айының аяғында байқалса, Медеуде қарашаның басында көрінеді, Қар қалада наурыз айының соңында, Медеуде сәуір айының соңына қарай ериді.
Қар жамылғысының жазықтықтағы орташа биіктігі 20-25 см ге (ақпан басында), кейде 50-55 см, ал Медеуде сәйкесінше 60-65 cм ден 100 см-ге дейін жетеді, Мыңжылқы метостанциясында 90-140 см, Тұйықсу мұздығында 150-250 см дейін болады.
Егер территорияның солтүстік жағында және құрғақ жазық өлкесінде салыстырмалы құрғау әрі ыстық болады, қалыпты суық қыста күрт континенталды белгілері болса, континенталды белгілердің байқалғаны, орташа таулы полюсте жазі жауын шашынды өте ыстық емес, қыс жылы келеді.
Кесте 1 - Орташа айлық және орташа жылдық ауа температурасы, 0 С
Кесте 2 - Атмосфералық жауын-шашынның орташа айлық мөлшері, мм
Желдің режимі жеркілікті жағдайлармен анықталады, “желді көлеңке” тарабында орналасқан желдің орташа жылдық жылдамдығы аса үлкен емес 1, 5-ден 2, 5 м/с дейін өзгереді. Желдің жылдық максимумы жаз айларына, минимумы қыс айларына сәйкес келеді. Таулы-аңғарлы жел әсіресе шілде, тамыз айларында байқалады. Оның ерекшелігі - желдің бағыты тәулік кезегінде өзгеріп отырады, күн батқаннан таң атқанға дейін таулы жел соғып, таулы салқындықты әкеледі, ал күндізгі уақытта алқап жел тау бағытына қарай соғады, Желдің таңның атуынан және батуынан бұрын ауысуы аз уақытқа желсіздікті тудырады.
Мәңгілік қар және мұздық Алматының екі өзені - Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің жоғары жағында болады, Соңғы ҚР ҰА-ның Георгафия институтының дәлелдеген нәтижелеріне сәйкес бірінші бассейінде (Үлкен Алматы) жалпы ауданы 39, 5 км 2 болатын мұздық орналасқан, ол өзеннің таудан шыққан кездегі ауданының 11, 5 км 2 болатын 12 мұздық бар. (сәйкесінше су жинағының 10 %) Үлкен Алматы өзеніндегі мұздық - орталық Тұйықсу мұздығы, ұзындығы 5, 1 км, ауданы 3, 8 км 2 -ді құрайды.
Кіші Алматы өзені бассейніндегі мұздықтардың ұшы Іле Алатауы мұздықтарының төменгі деңгейі - 3500 м, Үлкен Алматы бассейінінде ол 3605 м биікте жатыр.
Топырақ пен өсімдіктің жақсы болуы вертикал белдеуде жақсы көрінеді.
Қаланың солтүстік жағы 600-ден 700 м дейінгі биіктікке қарай шөлді - жазық белдеу орналасқан. Топырақығның түсі ашық қызғылт және сұрлау. Белдеудің табиғи көрнісі адамның тұрмыстын шаруашылығына қарай өзгерген.
Жоғары қарай 1300-ден 1400 м-ге дейін таулы-жазық белдеу басталады. Өсімдіктер ақселеу - улы келеді, мұндай итмұрын, бөріқарақат және т. б. Бұл аудан мәдени жеміс-жидектермен бақша ауданы.
Келесі орманды - шалғынды белдеу 2800-ден 2900 м-ге дейін жатады. Бұл белдеудің төменгі жағында жапырақты орман (осына, қайын, шетен, жабайы алма, өрік, долана) орналасқан, жоғары қарай қылқан жапырақты (шырша) алқабы басталады. Мұның алғашқы белгісі Тян-шанъ шыршасы (Шеренка шыршасы) аталады. Шыршалы орман көбіне бақшалы сипатта болады. Бұл аймақтын топырақы таулы-орманға сәйкес қою түсті, жасыл түсті және таулы-шалғынды қара түсті келеді.
Белдеудің жоғарғы бөлігінде таулы-шалғынды және шалғынды-қырлы топырақты субальплік шалғын және шалғынды және шалғынды қырлы өсімдіктер шоғрланған. .
Сонымен қатар, альпілік және гляциалды егінді белдеу бар, Альпілік белдеу де (3800 м дейін) таулы шалғынды топырақтан және езілген өсімдік тәрізділер кездеседі, яғни арасында жастық тәрізді және розеткалы формалы - кобрезия, қияқ, мхи, қына, қарақұмық, қозыкүл, анемондар т. б, кездеседі.
3800 м ден жоғары мәңгі қар мен мұздықтар кездеседі. Бұл бөлімде қарастырлған негізгі физика географиялық факторлар өзеннің су режимінің жалпы сипаттамасын анықтайды. Табиғи жағдайлар өзеннің тамақтану көздеріне, гидрологиялық мезгілдегі күнтізбелі ауысымына ағынды элементтердің мөлшері мен өзгеруіне, олардың өсімдерінің және төмендеуінің қарқындылығына әсер етеді. Су ағысының көп мөлшерінен және көптеген табиғи факторлардан су режимінің бузылуы мүмкін.
1. 2 Гидрографиясы
Кіші Алматы - су мөлшері бойынша Алматы қаласындағы екінші өзен. Ал бірақ жалпы ұзындығымен (125 км) Үлкен Алматы (95 км) өзенін басып озады және Шелек (215 км) мен Қаскелең (177 км) өзендерінен кейін Іле Ала-тауы солтүстік беткейіндегі өзендер арасында үшінші орын алады.
Кіші Алматы - Қаскелең өзенінің шығыс саласы, ал бастауын 3200 м биіктіктегі Тұйықсу мұздығынан алады, Таулы бөлікіндегі су жинау ауданы небәрі 118 км 2 (өзен таудан шыққанша), ал сағасынан 14 км жоғары Қаскелең өзеніне құйылар шегінде су жиналу ауданы 710 км 2 жетеді.
Жалпы өзенге 20 шақты ұсақ өзеншелер құйылады, әсіресе олар тау бөлігінде, Олардың ең ұлкендері: Сарысай (Шымбұлақ), Горельник, Кимасар, Казачка, Батарейка, Бутаковка.
Сарысай өзені - оң жағалық ең жоғарғы саласы, бастауы 2500м биіктікте, ұзындығы 3, 5км жуық, су жинау аудны 10, 1 км 2 .
Шымбұлақ өзенінің бастауы Талғар асуына таяу 2300 м биіктікте. Аумағының жартысына жуығын субальпілік және альпілік шағын, төрттен бірін орман алып жатыр, жартастармен үгінділер көп.
Горельник өзені Кіші Алматыға сол жағынан құйылады, ұзындығы 7, 1 км, су жинау ауданы 11, 9 км 2 , бастауын 3300 м биіктіктегі Титов, мұздығынан алады, Су жинау ауданының тек 15% ғана орманмен көмкерілген, 30% дейын жартастар мен үгінділер алып жатыр, қалған бөлігі альпілік және субальпілік шалғындары.
Кімасар өзені - оң жағалық сағасы, оның ұзындығы 5, 6 км, су жинау ауданы 5, 7 км 2 . Ортасай атты кішгене өзеншесі бар. Бассейінінде буталы шалғындық басым. Төменгі ағысында екі 2, 3 м аспайды.
Казачка өзені - сол жағалық саласы, ұзындығы 3, 7 км, су жинау ауданы 6, 0 км 2 . Бастауы 2120 м биіктікте. Ормандануы 60% -ға жетеді.
Батарейка өзені - казачка өзеніне оның бастауынан 20м ден қосылады. Бастауы 2350 м биіктікте, ұзындығы 4, 3 км, су жинау ауданы 5, 6 км 2 . 50% аумағын орманды дала алып жатыр. Одан қалқаны шалғын алады.
Бутаковка өзені - ең үлкен оң жағалық тармағы, ұзындығы 13, 8км, су жинау ауданы 24, 8 км 2 , 40% аумағы орманданған.
Кіші Алматы өзенінің барлық тармақтары типтік тау өзендері, үлкен епістері және көп мөлшері борпылдақ заттары бар арнасымен ерекшеленеді. Үлкен еңістері жоғары жылдамдықдармен байланысты, ол өзен арнасының өзгеруіне әкеледі. Сел тасқын кезінде өзен арнасы үлкен өзгерістерге ұшырайды, жағалары шайылып, ағыс ағыс бағытыда өзгереді.
Сурет 1- Кіші Алматы өзенінің схемасы.
2 СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ КІШІ АЛМАТЫ ӨЗЕНІНІҢ
ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛАНУ
2. 1 кіші Алматы өзенінің гидрологиялық зерттеу
Өзеннің бассейінінде бірінші гидрометірлік станция 1912 жылы Алматы қаласынан 7 км жоғары- таудан өзеннің шығуы орынында ашылды.
1925 жылы жарманы қайта қалпына келтіру сулыашылуы-байқау жүргізілді. 1934 жылдан бастап өзен бассейнде гидрометірлік тор құрылды.
Бастапқыда гидрометірлік тор жетісу басқаруында болды. Кейін Түркістан өлкесінің гидрометірлік бөлігінде, орта Азия басқаруында және су шаруашылығын қазақстанндық басқаруында болды. 1930 жылдан бастап және қазіргі уақытқа дейін ҚР УГМС құрамында. 1921 жылы болған үлкен су тасқынынан кейін, үлкен қарау болды. Сосын сол жылдан бастап су тасқынын алдын алу қарастырла бастады.
1927-1929 жылдары аралығында академияның экспдициясы және ГГП судың максималды шығынын анықтау үшін шаралар қарастырылды.
1934 жылы кіші Алматы өзені бассейнде орта Азия және Қазақстан таулы суландыру экспедициясы жұмыс істеді.
1935 жылы коммуналды тұрмыстық тау суландыру академиясының экспедиясы кіші Алматы өзенінің ағысында 16 уақытша ведомства құрылды, 1938 жылы Алматы қаласына дейін өзеннің тексеріліуі жүргізілді, ал 1939 жылы 3-ретті ағын зерттелді.
Осы жұмыстар негізінде 1939 жылы Алматы қаласын тасқыннан қорғау үшін техникалық проекте гидрологиялық очерк жазылды.
1951 жылы УГМС ҚазССР кіші Алматы өзеніне гидрографикалық зерттеу жүргізілді. 1952-1953 жылдары қазақ ғылыми - зерттеу гидрометинституомда кинопонкаға түсірілген. Су тасқынынан экспериментік зерттеу жүргізілді.
Режим туралы мәліметтерр кіші Алматы өзенінде 1935 жылға дейін «сулың деңгейі туралы » және «СССР өзенінің режимінің материалдары», 1936 жылдан бастап «гидрологиялық жыл бойында» басылып шықты.
Бұрынғы материалдар арналардың тұрақсыздығы егістік гидрометірлік жұмыстар өндірісінің әдістері, су шығынын аз өлшеуіне жағын ерекше қанағаттандыра алмайтын қатты ағын материалдары болып табылады. Салымдар графиктің тұрақты ағында үлгімен салымдарды өлшеу шек жағдайында жүргізіледі және қатты тасқын ағынын жарықтандырмады. Осыған байланысты жылдық салымдар мәндері өте төмендеді.
Сел тасқындары өлшеумен жарықтандырылмады сондықтан сипаттама олардың тасқын іздері негізінде жасалынды.
1954 ж МСХ СССР ГГИ Гипроводхозбен келісім бойынша кіші Алматы туралы гидрологиялық очерк жазылды.
30-40 жылдан бастап деталды және сапалық бақылау жүргізіле бастады. Қазіргі кезде архивте Казгидромет, су шаруашылық басқаруы Алматы гидрологиялық станциясының қолдауымен 30 сулы орындарды басқару туралы мәліметтер бар.
2. 2 Су режимінің ерекшелігі
Сулы режим сипаттамасы бойынша жылдық циклдің басты фазасы тасқын - жазғы уақытта өтеді, және жоғары таулы қарлар мен мұздардың еруімен өтетін Тянь-шань типті өзендерге қатысты.
Тасқынның бастапқы және соңғы орташа мерзімі өзеннің әр түрлі жер бөлігі үшін бірдей болмайды. Және оның салалары өзеннің ұзындығына байланысты заңдылықпен өзгереді.
Бөгеттің жармасында өзеннің тау арасымен шығуы сәуірдің ортасында басталады қыркүйекте аяқталады. Яғни 5 айға созылады. өзеннен жоғары қозғалып тасқынның басталуы келесі мерзімде аяқталады. Мысалы, мыңжылқы жармасында мамырдың соңында келеді, ал соңы
қыркүйектің басында яғни тек үш жарым айға созылады. Су ағысының айлық мөлшері барлық жармалар тамызда келеді. Яғни жоғары таулы қарлар мен мұздардың қарқынды еру айы болып саналады. Кіші алматы мұзды тау тасқынының көп мөлшерде ағу айы мамыр айы болып табылады. Оларға Бутаковка, Казак, Батарейка т. б жатады.
Кіші Алматы өзеніндегі тасқын созылған және салыстырмалы түрде әртүрлі жоғары ендікте еруі жоғары. Қар еру фронтының орташа қозғалу жылдамдығы 30 м тәлікті құрайды. Яғни, бір айда қар еруі жоғарыда 1 км азаюына әкеледі. Тасқынның жалпы көп айылқ тасқынын жеке күрт шыңдар көрсетеді. Ал ауаның тербеліс температурасына және жауынның түсуіне негізделген.
Өзеннің қоректену негізгі көздері болып, Грунт сулар, қары мен мұздардың еріген суы, сонымен қатар жаңбыр қоректенеді, Бөгеттің жармасындағы өзеннің жалпы жылдық ағысы 77 млн м 3 тең. Жер асты қоректену салыстрмасы 49% құрайды, ал қармен 35%, мұздықпен 11% және жаңбырмен 5% ды қорайды.
Кіші алматы өзенінде тасқынның периодында мыңжылқы жармасында 100% жылдық ағыс жүреді. Бөгет жармасында 75%, бұл сандар негізгі тасқын көздергеде: Қимансар өзені 50%, Батарейка өзені 48%, Қазақ өзені 47%, Бутаковка өзенінде 50% байқалады.
Тау бөлімінің сипаттамалық ерекшелігі көптеген қойнаулар мен бұлақтарының болуы. Олардың ең маңыздылары бұрынғы министрлер кеңесінің демалыс үйі маңында, Горолник және Сарысай жазықтығында орналасқан. Бұл көздердің режимі ерекше уақыт бойынша тұрақтылық (дебит және температура тұрақтылық олардың жоғары тереңдікте түзіледі) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz