Аң аулау шаруашылығының ірі масштабты карталарын құрастыру


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Геоморфология және картография кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ Ж Ұ М Ы С Ы
Аң аулау шаруашылығының ірі масштабты карталарын құрастыру
( «Биен» аң аулау шаруашылығы мысалында )
Орындаған: картография
мамандығының 5 курс студенті Қ. А. Аюпов
Ғылыми жетекшісі:
аға оқытушы Р. О. Тұрапова
Норма бақылаушы: Р. О. Тұрапова
Қорғауға жіберілді
каф. меңгерушісі г. ғ. к., доцент Р. Т. Бексейтова
Алматы, 2007
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. БИЕН АҢ-АУЛАУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ -
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . . 4
1. 1. Географиялық орналасуы . . . 4
1. 2. Жер бедері . . . 4
1. 3. Гидрографиясы . . . 6
1. 4. Климаты . . . 7
1. 5. Өсімдік және топырақ жамылғылары мен жануарлар дүниесі . . . 8
ІІ. БИЕН АҢ АУЛАУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ІРІ
МАСШТАБТЫ КАРТАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ . . . 10
2. 1. Карталарды құрастыру, ұйымдастыру және даярлау . . . 10
2. 2 Аң -аулау карталарын ұйымдастыру және даярлау . . . 16
2. 2. «Mapinfo» бағдарламасында картаны құрастыру әдістері . . . 17
2. 3. 1. Атрибуттік таблицалар құру . . . 19
2. 4. GPS көмегімен аң шаруашылық шекараларын анықтау . . . 31
ІІІ. ӘУЕ- ҒАРЫШТЫҚ СУРЕТТЕРДІ БАЖАЙЛАУ НЕГІЗІНДЕ
АҢ АУЛАЙТЫН МЕКЕНДЕРІН ТҮСІРУ . . . 32
3. 1. Аңдардың мекендеу ортасын бағалау . . . 32
3. 2. Аң ауланатын мекендердің ғарыштық суреттерін бажайлау . . . 34
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 41
Реферат
Жұмыстың тақырыбы «Биен аң-аулау шаруашылығының ірі масштабты карталарын құрастыру».
Бітіру жұмысы 41 беттен, компьютерлік баспадан, кіріспе, 3 тараудан, қорытынды, 21 қолданылған әдебиеттер тізімінен, екі ірі масштабты карта-схемалардан, 12 суреттен және 20 кестеден тұрады.
Мақсаты- қазіргі технолгияның көмегімен аң шаруашылық картасын жасау.
«Биен» аң аулау шаруашылығының дамуы үшін жасалатын негізгі бағыттарды алдына-ала болжау:
1. Аң аулау шаруашылығының шекарасын GPS көмегімен анықтау
Аң аулау шаруашылығының өнімділігін арттыру биотехникалық іс - шаралар жүргізу және іске асыру:
1. Аң аулау шаруашылығы үшін минералды қосымша жемді (азықты) ретімен қою.
2. Аң аулау шаруашылығының қорғау қызметін ретке келтіру;
3. Аң аулау шаруашылығына зиян келтіретін жануарлардың санын реттеу.
Зерттелетін объект: «Биен» аң аулау шаруашылығы Алматы облысының орталығы Ақсу ауданы Талдықорған қаласынан 130 км қашықтықта орналасқан
Түйінді сөздер: ГАЖ, карта, картография, масштаб, проекция, әуе- ғарыштық суреттер, бажайлау, зерделеу, тау, жота, су айрық,
Бітіру жұмысы кіріспе, үш тарау және қорытындыдан тұрады. Бітіру жұмысының ортақ көлемі компьютермен басылған беттен, суреттен тұрады. Жұмысты жазу барысында 21 әдебиет көздері қолданылды.
КІРІСПЕ
Қазіргі ғылыми технологиялардың жоғары дәрежеде дамыған заманында таңдалып алдынған «Аң аулау шаруашылығының ірі масштабты карталарын құрастыру (Биен аң аулау шаруашылығы мысалында) » тақырыбының өзектілігі жоғары. Тақырып ГАЖ-технологияларды пайдалану арқылы талқыланған.
ГАЖ-дың кең ауқымды мүмкіндіктері басқа ақпараттық жүйелерден ерекшелендіреді және қоршаған ортадағы құбылыстар мен оқиғаларды талдау жасау және болжау, негізгі факторлар мен себептерін ұғыну, сондай-ақ олардың мүмкін болатын нәтижелерін стратегиялық шешімдермен жоспарлау және алдын алу шараларын жасаумен байланысты оның кеңінен қолдануына мүмкіндік береді.
ГАЖ технологиясы жаңа заманғы біраз сәйкестілігі бар, тым әсерлі, адамзаттың алдындағы ауқымды мәселелер мен тапсырыстарын жылдам талдауға ыңғайлы және тиімді екендігін көрсетеді. Қазіргі уақытта ГАЖ- бұл миллиондаған индустрия, мектепте және колледж, университеттерде оқытады. Бұл технологияны іс жүзінде адамзаттық қызметтердің барлық ортасында қолданысқа ие. Жоғарыдағы артықшыларын ескере отырып, тақырыптың өзектілігі шүбә келтірмейді.
Бітіру жұмысының тақырыбы: «Аң аулау шаруашылығының ірі масштабты карталарын құрастыру (Биен аң аулау шаруашылығы мысалында) »
Жұмыстың мақсаты - қазіргі заман технологияларын пайдалана отырып, карта жасау үлгілерін көрсету, зерттелген Биен аң аулау шаруашылығының ірі масштабты карталарын құрастыру әдістерін қарастыру.
Жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін ArcGIS программасында карта жасау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен тұрады.
Биен аң аулау шаруашылығының физикалық - географиялық жағдайы деп аталатын 1-тарауда шаруашылықтың географиялық орналасуы, жер бедері, гидрологиясына жалпы сипаттама берілген. Сонымен қатар климаттық жағдайларына, топырақ және өсімдік жамылғылары мен жануарлар дүниесі қарастырылып, талданған.
Биен аң аулау шаруашылығының ірі масштабты карталарын құрастыру әдістері деп аталатын 2-тарауда жұмыс мақсатына жету үшін мысал ретінде таңдалып алынған Биен аң аулау шаруашылығының ірі масштабты карталарын құрастыру тәсілдері қарастырылып, ұйымдастырылған және даярланған картографиялық материалдарды қолдануға болатын мүмкіндіктері, карта құрастырудың жалпы нұсқалары келтірілген. Сонымен қатар, «MapInfo» бағдарламасында картаны құрастырудың әдістері талданған.
Әуе - ғарыштық суреттерді бажайлау негізінде аң аулайтын мекендерін түсіру деп аталатын 3-тарауда аңдардың мекендеу ортасын бағалау (бонитеттеу), мекендеу ортаны бонитеттеу кластары келтірілген және жерді ара қашықтықтан зерделеу материалдары пайдаланылған. Аң аулау мекендердің ғарыштық суреттерін бажайлау жағдайлары қарастырылған.
Жұмыс көрнекілігі көптеген карталар, схемалар, суреттерден тұрады. Жұмыс жасау барысында көптеген әдебиет мәліметтері сарапталып, қолданылды.
Жұмыстың көлемі: 3 тарау, 42 бет, 14 суреттен (оның ішінде карталар бар) . Қолданылған әдебиеттер саны 21.
І. БИЕН АҢ АУЛАУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1. 1. Географиялық орналасуы
«Биен» аң аулау шаруашылығының құрылуындағы биологиялық - экономикалық тұрғыдан негіздеу.
«Биен» ау аулау шаруашылығының ауданы 47 577, 56 га жерді алып жатыр. Биен аулау шаруашылығы Алматы облысын Ақсу ауданының оңтүстік - шығыс бөлігінде (жағында) орналасқан.
Биен аулау шаруашылығы Жоңғар немесе қазіргі Жетісу Алатау жотасының солтүстік беткейінде орналасқан. Бұл шаруашылық Биен өзені алабының (бассейн) жоғарғы жағын және Ақсу өзенінің батыс бөлігін алып жатыр. Шаруашылықтың оңтүстік шекарасы Жетісу (Жоңғар) Алатауының теңіз деңгейінен 4000 м биіктікте орналасқан суайрығы бойынша өтеді. Шығыс шекарасы Ақсу өзені алабының (бассейн) орта тұсынан және биіктігі 1000 м болатын арнасы арқылы өтеді. Солтүстік - батыс шекарасы Қопал тауішілік аңғарының түбі арқылы Сарытау тауының етегін бойлай Биен өзеніне дейін 1500 м биіктікте өтеді. Ал батыс шекарасы Бүркіттібұлақ өзенінен Жетісу (Жоңғар) Алатауының суайрығына дейінгі жерден өтеді.
Аң аулау шаруашылығының территориясында негізгі орографиялық элементтер, яғни жоталарға: Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Сарытау және оларды бөліп тұратын көлденең аңғар жатады.
«Биен» ау аулау шаруашылығының шекаралары.
1. 2. Жер бедері
«Биен» аң аулау шаруашылығының территориясы биік таулы жоталарында (Жетісу - Алатау, Тоқсанбай) орналасқан. Жетісу (Жоңғар) Алатау жотасының абсолюттік биіктігі 3000 - 4000 м. Территорияның ең биік жері - биіктігі 4071 м болатын аты жоқ шың.
Жетісу (Жоңғар) Алатауының қырқасы тар, сеңгірлі, шыңдары әдетте үшкір болып келеді. Беткей бойынша көптеген сеңгірлі жыралар кездеседі. Олардың биіктігі 400 м -ден 1000 м -ге дейін жетеді. Жетісу (Жоңғар) Алатауы жотасының 3500 м биіктігінде мәңгі қарлар мен мұздықтар қалыптасқан. Мұздықтар ауданы бойынша үлкен емес (5 км 2 - ға дейін), олардың кейбіреулері астау тәрізді аңғарларме төмен түсіп, өзендердің бастауы болады. Жетісу (Жоңғар) Алатау жотасының тау сілемдері кең толқынды қырқамен, күмбез тәрізді шыңдармен көрініс береді.
Аң аулау шаруашылығы шекарасында Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейі Қопал ойысында 2 алып кертпеш (кемер) арқылы төмен түседі. Бірінші кертпеш (кемер) ендік бағытта 3000 - 4000 м биіктіктегі жотаның суайрығынан басталады. Кертпештің (кемердің) биіктігі 600 м. Оның беткейі мұздықтар орналасқан мұздықты цирктармен тілімденген. Цирктердің түбінде мореналар шоғырланған, сонымен қатар көлдер қалыптасқан. Мұздықтардың ұзындығы 2 км - ге жетеді. Бірінші кертпеште (кемерде) солтүстікке еңістелген тегістелген жер беті орын алған. Сатыларының ені 4 км, биіктігі 3000 - 3300 м. Жер беті тереңдігі 100 м болатын солтүстік және солтүстік - шығыс бағытта созылған астау тәрізді аңғарлармен тілімденген.
Жетісу (Жоңғар) Алатауының екінші кертпеші (кемері) 800 м биіктікке ие. Бұл кертпеш тар және терең (500 - 600м) аңғарлармен тілімденген. Кертпеш (кемер) етегін бойлай шығыстан батысқа қарай Қопал мен Айдаусай ойыстарын қосып жатқан аңғар созылып жатыр. Аңғардың ені батысында 6 км. Оның биіктігі батысқа қарай, 1900 м - ден 1500 м - ге дейін төмендейді. Аңғардың жер бедері (рельеф) тереңдігі 50 м болатын жыралы (сайлы) - жалды болып келеді. Аң аулау шаруашылығының солтүстік шекарасын бойлай солтүстік және солтүстік - шығыс бағытты аласа таулы жота Сарытау созылып жатыр. Оның суайрығының биіктігі солтүстік - шығысқа қарай 1800 м - ден 2073 м - ге дейін көтеріледі. Бұл жердің жер бедері (рельеф) бөлшекті және ұсақ тілімденген. Аңғардың тереңдігі 200 м - ге дейін Сарытау жотасын шығыс бөлігінен тереңдігі 800 м Ақсу өзенінің шатқалы (каньон) кесін өтеді.
Территория сейсмикалылығы белсенді зонада орналасқан. Осы жерде 9 балдық қиратқыш жер сілкінулер тіркелген.
1. 3. Гидрографиясы
Биіктігі 2000 м - ден асатын тік беткейлі бедер дамыған шекарасында Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейінде қысқы уақытта қар көшкіндері болып тұрады. Жаз кезінде қатты жаңбырдан соң тау өзенінің тік арнасында сел пайда болуы мүмкін. Ірі селдердің пайда болуы көбінесе мұздық цирктеріндегі өзендердің жырылып кетуімен байланысты.
Ақсу негізгі өзені болып саналады. Бұл Ақсу өзені және оның салалары сонымен қатар Биен өзенінің салалары (Бүркіттібиен, Ортабиен, Қарабұлақ, Тастыбиен) аң аулау шаруашылығының шығыс шекарасынан ағып өтеді, Жетісу (Жоңғар) Алатауының мұздықтарынан бастау алады. Бұл өзендердің толығуы (қоректенуі) аралас: мұздықтармен және қар, жауын - шашын суымен. Өзендердің тереңдігі 0, 5 - 1 м; ағысы қатты (1, 5 - 3 м/сек) . Өзендердің түбі тасты, шоңғалды. Өзендер қарашаның соңында желтоқсанның басында қатады да наурыз айының аяғы мен сәуір айының басында ери бастайды. Өзендер бір жылда 2 рет тасиды. Қар еру кезінде, яғни көктемде (сәуір айында) және мұздықтардың қарқынды түрде еруінен, яғни жазда (маусым - шілде айларында) . Осы кезде көп емес су ағыстарын жеңу көптеген қиындықтармен байланысты. Жазғы уақытта өзендердің ағысын жылдамдату кезінде су деңгейінің тәуліктік өзгеруін де ескеру керек. Өзендерде саба қыркүйекте қалыптасады, бүкіл қыс бойы және көктемге шейін болады.
Көксу өзені, сонымен қатар Қараарық және Қазан өзендері төменгі ағысында ендері 20 - 40 км, тереңдігі 0, 5 - 1, 5 м. Ал қалған өзендердің (тек Қора, Шыжы өзендердің ені кейбір жерлерде 15 - 20 м. ) ені 3 - 10 м, тереңдіктері 1 м - ге дейін болады. Бұл өзендердің ағыстары қатты, түптері тасты. Барлық өзендердің жағалары биік болып келеді.
Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Сарытау (Мысымбай және т. б. ) жотасының төменгі кертпешінде қалыптасатын өзендер қар және жауын - шашын суларымен қоректенеді немесе толығады. Олар тек сәуір, мамыр айларында тасиды.
Тау аралық қазан шұңқырының орташа жылдық температура 4, 5ºС, орташа таулық зонада ОºС шамасында, биік тауларда - 5ºС . Жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері тау аралық ойыстарда 500 мм шамасын құрайды, ал тауларда 800 мм шамасында.
1. 4. Климаты
Тау аралық ойыстарда қыс кезінде (қарашаның аяғы мен наурыздың басы) қар жиі жауып, қарлы борандар жиі соғады, сонымн қатар климаты қоңыржай - суық. Қаңтар айында ауа температурасы күндіз - 7 ºС, -15 ºС шамасында ауытқиды, ал түнде - 15 ºС, -25 ºС дейін жетеді. - 30 ºС дейін аяздар (үскірік) болуы мүмкін. Жауын - шашын айына 5 - 10 рет жауады (тек қар күйінде) . Қар жамылғысы қараша айында қалыптасады және наурыз айының соңында ери бастайды. Ашық жерлерден қар желмен ұшырылады және олардың қалыңдығы әдетте 30-50 см - ден аспайды. Қар жер бедерінің ойыс жерлерінде жиналады. Олардың қалыңдығы 1 м - ден асуы мүмкін.
Биіктігі 2000 - 3000 м болатын орташа таулық зонада қыс қатты. Күндіз ауа температурасы - 15 ºС -ден - 20 ºС дейін болады, түнде - 20 ºС-ден -25 ºС жетеді. Қар жамылғысы қазан айынан бастап сәуір айына дейін жатады. Қардың биіктігі 50 - 100 см.
Биік таулы зонада қыс кезіндегі күндізгі температура - 20 ºС - 25 ºС дейін, түнде - 25 ºС - 30 ºС дейін ауытқиды. Қар жамылғысы қазан айынан бастап мамыр айына дейін жатады. Қардың биіктігі 150 см - ге жетеді.
Тау аралық аңғарда көктем уақыты наурыз айының басынан мамыр айының ортасына дейін болады; көктем кезі ауа райының жылы, бұлтты күндер аз, яғни ашық күндер көп болуымен сипатталады. Күндізгі температура 10 ºС - 15º С. Түнде - 10 ºС дейін үсіктер болып тұрады. Жауын - шашын нөсер түрінде жауады. Мамыр - ең жаңбырлы айы. Тауларда көктем ұзаққа созылады, яғни сәуір айынан маусым айына дейін созылады және ауа райының тұрақсыздығымен сипатталады. Күндізгі температура 0 - 5 ºС. Түнде әдетте үсік жүреді.
Тау аралық аңғарларда жаз кезі мамырдың ортасынан қыркүйектің ортасына дейін созылады. Ауа райы әдетте жылы, бұлтсыз күндер көп. Күндізгі температура 20-25 ºС, түнде 5-10 ºС. Күндіз максимальді температура 35 ºС дейін жетеді. Тауларда жазғы уақыты салқын, жаңбырлы өтеді. 3000 м биіктікте күндізгі температура 10-15 ºС, ал 3500 м биіктікте 5-10 ºС. Түнде 3000 м биіктікте температура 5-10 ºС түседі, ал 3500 м биіктікте жаз кездің өзінде үсіктер жүреді.
Тау аралық аңғарларда күз кезі қыркүйектің ортасынан қарашаның аяғына дейін созылып, ауа райының жылы, құрғақ және бұлтсыз болуымен сипатталады. Күндіз температура 5-15º С, түнде үсік жүреді. Жауын - шашын аз және олар сіркіреме жауын түрінде түседі. Тауларда күз кезі суық және желді. Күндіз температура 0-5 ºС, түнде -5, -10 ºС. Күздің екінші жартысында жауын қар аралас түрінде жауады.
Тау аралық аңғарларда батыстық желдер басым. Желдің жылдамдығы
2 - 3 м/с, максимальді жылдамдығы 15 м/с дейін жетеді. Тауларда басым таулы - аңғарлық циркуляция: желдер түнде және таңертен тау беткейі мен аңғарлар бойымен төмен қарай, ал күндіз кері бағытта соғады. Таулы - аңғарлық желдер жазғы уақытта анық байқалады. Желдің жылдамдығы 10 м/с дейін. Суайрықтық деңгейінде ауаның батыстық алмасуы қалыптасады және желдің жылдамдығы күшейеді.
1. 5. Өсімдік және топырақ жамылғылары мен жануарлар дүниесі
2000 м - ге дейін биіктіктегі аласа таулық белдеуде бұталы астық тұқымды - әртүрлі шөптесінді шалғындық далалар мен таулы далалар таралған. Шалғындық далаларда ақ түйежоңышқа, Сібір скердасы, дала балдырғаны, орман жасылшасы, қылтанақсыз арпабас, кәдімгі киікшөп, орман сәлбені өседі. Таулық далаларда оларға бетеге, жусан және боз қосылады. Бұталар қара қызыл тал, қарақатпен көрініс береді.
2000-2400 м биіктікте өсімдіктің орманды - шалғынды белдеуі орналасқан. Белдеу әртүрлі шөптесінді және астық тұқымды шалғындары бар шыршалы ормандардан тұрады. Шыршалы ормандар Сібір майқарағайы араласқан Шренк шыршасынан тұрады. Әртүрлі шөптесінді астық тұқымдастар және ылғалды мүкті - шөптесінді шыршалы ормандар кездеседі. Таулы қайыңды ормандардан басқа бұталар (арша, итмұрын, қара тал, бөріжидек) ауқымды ауданды алып жатыр. Шөптесінді шыршалы ормандардың төменгі ярусында мынандай өсімдіктер өседі: жолжелкен, қоңырау гүл, көктікен, қауырсынды қысқааяқ, жалпақ жапырақты қоңырбас, бұталардан: таңқурай, бүлдірген, Альберт раушаны, қарақат, қылды бөріжидек өседі.
Субальпілік белдеуінде (2400-2800 м) аршалар, әртүрлі шөптесінді және астық тұқымды шалғындар, биік таулы далада кездесетін Түркістандық аршалар кең таралған. Шалғынды аймақтарда теңгежапырақ, қазтамақ, жоңғар (жетісу) купальницасы, жылтыр таулық, суықтабан, Федченко эдельвейсі, қызылды - қаралы пияз, Крылов сұлысы, шалғынды түлкі жапырақ, шалғынды қоңырбас.
2800 м - ден жоғары альпілік белдеуден 3200 м - де мұздықты зонаға дейін ұсақ шөптесінді шалғындар, биік таулы далалар және батпақтар таралған. Шалғындық өсімдіктері таулық, Крылов сұлысы, Карелик түймедағы және шалғындық бұталар түрінде көрініс береді. Биік таулы далаларда бетеге, шымды қоңырбас және шалғындар өседі. Аң аулау шаруашылығының территориясында 4 биіктік топырақтық зоналар ерекшелінеді: аласа таулардың шалғындық - далалы және далалы, орташа таулардың орманды - шалғынды және орманды - шалғынды - далалы, биік таулардың шалғынды мен шалғынды - далалы және биік таулық гляциалды - нивальды.
Биіктігі 1200 м болатын аласа таулық зоналарда таудың шайылған және күлгінденген қара топырақтары таралған.
1200 - 2000 м - ден биік тау асты далаларда аз гумусты қара топырақ, күңгірт және ашық қара - қоңыр карбонатты топырақтар, ал жапырақты ормандардың астында күңгірт - сұр орман топырақтары жайғасқан.
Биіктігі 2000-2400 м аралығындағы таулардың солтүстік беткейлерінде таулы орманды күңгірт түсті және орманды - шалғынды топырақтарда шыршалы ормандар дамыған. Таудың күңгірт түсті топырақтарында аршалар дамыған.
2150-2650 м биіктікте субальпілік таулы - шалғынды және шалғынды - далалы топырақтар жайғасқан, ал биітігі 2650 - 3200 м болатын зоналарда таулы - шалғынды және шалғынды - далалы альпілік топырақтар қалыптасқан.
3200 м - ден жоғары топырақ жамылғысы дамымаған.
«Биен» ау аулау шаруашылығы Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласынан 130 км қашықтықта орналасқан.
Талдықорған қаласынан аң аулау шаруашылығына жақсы жөндеуден өткен автомобиль жолы өтеді. Аң аулау шаруашылығының территориясында аулау мезгілінде аң аулау шаруашылығының кез келген нүктесіне түсуіне мүмкіндік беретін далалық жолдар жасалған.
Зерттеліп отырған аң аулау шаруашылығының территориясында ауланатын жануарлардың негізгі түрлері
ІІ. БИЕН АҢ-АУЛАУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ІРІ
МАСШТАБТЫ КАРТАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
2. 1. Карталарды құрастыру, ұйымдастыру және даярлау
Карталарды құрастыру тәсілдері
Карта құрастырудың тәсілдері мен технологиялық әдістері қолданылатын картографиялық материалдардың сипаты мен картографияланатын ауданның күрделігіне байланысты болады. Таңдалған технология уақыттың, күштің және құралдардың ең аз шығындарын талап етіп, қазіргі басшылықтың талаптарына сай келуі тиіс. Қабылданған технология міндетті түрде редакциялы-техникалық нұсқаулар мен карта бетінің формулярында көрсетіледі.
Топографиялық карталар жасаудың негізгі тәсілдері:
- басты картографиялық материалдардан дайындалған ашық негіздердегі көкшіл көшірмелер бойынша карта мазмұны элементтерін жеке-жеке құрастыру;
- басты картографиялық материалдардан дайындалған ашық негіздердегі бір көк көшірме бойынша карта мазмұнының барлық элементтерін құрастыру;
- картаның баспалық түпнұсқаларын сандықтау бір уақытта жасау.
Сонымен қатар, негізгі картографиялық материалдардың сапасы мен картографияланатын ауданның қиындығына байланысты басқа тәсілдер де қолданылады, мысалы:
- басты картографиялық материалдардан алынған ашық (мөлдір) негіздердегі екі түсті және бетті көшірмелер бойынша жарым-жарты құрастыру;
- аралық масштабта немесе негізгі картографиялық материалдардың масштабында құрастыру.
Басты картографиялық материалдардан дайындалған ашық негіздердегі көкшіл көшірмелер бойынша жеке-жеке құрастыру үдемелі және тиімді тәсіл ретінде барлық жағдайларда қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz