Html тілінде математикалық логика пәнінен электрондық оқулық құру


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 6

1 HTML тілі туралы түсінік . . . 8

1. 1 Алғашқы Web - беттің мысалы . . . 8

1. 2 ТЕКСТТЕРДІ ФОРМАТТАУ . . . 12

1. 3 ТАҚЫРЫПТАР МЕН АБЗАЦТАРДЫ ФОРМАТТАУ

және ТІЗІМДЕР . . . 14

1. 4 ГИПЕРСІЛТЕМЕЛЕР түрлері және ГРАФИКАНЫ

ҚОЮ ТЕГІ . . . 16

1. 5 ФИЛЬМДЕР. ФОНДЫҚ МУЗЫКА және БЕТТЕРДІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІн ТУРАЛАУ . . . 19

1. 6 ФРЕЙМДЕР туралы түсінік және

ТАБЛИЦАЛАР түрлері . . . 21

2 Html тілінде «Математикалық логика» пәнінен электрондық оқулық құру . . . 26

2. 1 индекс бет . . . 26

2. 2 ТЕст терезесі . . . 29

3 экономикалық бөлім . . . 32

3. 1 Жүйені құруға және еНгізуге кеткен шығын есептеулері . . . 32

3. 2 Экономикалық сферасының есептеулері . . . 35

4 Бизнес-жоспар бӨлімі . . . 37

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 43

Түйін . . . 45

ҚОСЫМША . . . 47

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 81

АННОТАЦИЯ

Қазіргі кезде қоғамдағы берілгендерді өңдеуде автоматтандырылған жүйені күнделікті қолдану барысында берілгендерді енгізу, сақтау және шығару қажет болды. Дипломдық жұмыстың мақсаты “электрондық оқулық құру”. Мұнда HTML тілінде «Математикалық логика» пәні бойынша электрондық оқулық құрылған.

АННОТАЦИЯ

В данное время при обработке данных автоматизированной системы используется ввод вывод и хранение данных. Цель дипломной работы “создать электронный учебник”. Здесь выполняется создание электронного учебника по «Математической логике» в языке HTML.

annotation

In the given time at data processing of the automated system the input a conclusion and storage of the data is used. The purpose of degree work " to create the electronic textbook ". Creation of the electronic textbook on " to Mathematical logic " in language HTML here is carried out.

КІРІСПЕ

Сіз білетіндей екі компьютер бір желіге жалғануы үшін олар бір - бірін түсінуі қажет. Олар бір - бірімен бір тілде сөйлесуі керек, яғни бір - бірімен анықталған форматтағы сигналдармен алмасуы керек. Мұндай қатал анықталған және стандартта белгіленген сигналдар форматы протокол деп аталады. Протоколдар физикалық болып (дәрежелер және линиядағы сигналдардың формасы, линияның өзінің параметрлері, қабылдап беретін құрылғылар: желілік карталар, модемдер және т. б. ) және логикалық (Желі арқылы жіберілетін мәліметтер форматы, информацияны қысудың алгоритмдері, кедергіден қорғау және беріктікті қамтамасыз ету, компьтерлердің атын өзгертудің әдістері) желінің мінездері. Протоколдар төменгі дәрежелі және жоғарғы дәрежелі болып бөлінеді. Негізінен физикалық протоколдар - төменгі дәрежелі, ал логикалық протоколдар - жоғарғы дәрежелі болып саналады. Жоғарғы дәрежелі протоколдарың базасын төменгі дәрежелі протоколдар құрайды.

Сонымен IP - протоколы төменгі дәрежелі болып табылады. Ол бүкіл әлемдік желінің электрлік параметрлерін сипаттайды және онда берілетін логикалық сигналдардың параметрлерін көрсетеді. IP - адрес информация пакет арқылы беріліп жатқанын және ондағы әрбір пакеттің жіберушісі мен қабылдаушысы бар екенін бақылайды. IP протоколы өте жоғарғы дәрежелі TCP(Transfer Control Protocol - мәліметтерді беру протоколы) протоколының базасын құрайды. Ол кедергіден қорғаудың әдістерін анықтайды және мәліметтермен бірге берілетін қосымша информацияны.

HTML - документтері HTTP (Hyper Text Transfer Protocol - гипертекстті беруді жүзеге асыратын протокол) протоколын қолданып жібереді. Бұл протокол жоғарғы дәрежедегі протокол. Өте көп мәліметтер структурасын басқарады. Бұл протоколдың көмегімен Web - көрсеткіштер мен Web - серверлер бір - бірімен сұхбаттасуға мүмкіндік алды. Web - көрсеткіштер қолданушылардан документті алатын Web - сервердің адресін қабылдайды, содан соң серверге HTTP - сұраныс жібереді. Web - сервер дисктерден сұраныс бойынша тапсырманы іздейді және ол мәлімет табылса сол адрес сұраныс берушіге жібереді.

Менің дипломдық жобамның тақырыбы «HTML тілінде “Математикалық логика” электрондық оқулық құру» болып табылады. Мен ол үшін ең алдымен HTML ортасы туралы барлық мәліметті жинадым, содан соң оны өңдедім, ықшамдадым. Содан кейінгі кезекте электрондық оқулықтың лекциясын НТМL тіліне аударып, оны да өңдедім. Содан соң барып мұны жүйелі түрде программаға енгізуге кірістім. Ол үшін таблицалар мен фреймдер құрдым, сонымен қатар гиперсілтемелер құрдым. Бір - бірімен байланысқан сілтемелер құрылды. Оның әрқайсысының аты бар және сол гиперсілтеме сілтеген беттің бәріне мәліметпен толтырдым, яғни лекция тақырыбы, тесттер деген пункттер бар. Мысалы үшін лекция тақырыбы деген пунктінде лекция толық қамтылған және олардың қызметтерімен таныстырылған. Және де тест деген пунктінде тест бағдарламасының жұмыс істеу принципі ашып көрсетілген

1 HTML тілі туралы түсінік

1. 1 Алғашқы Web - беттің мысалы

Ең алдымен HTML - тілін үйрену үшін мысалы бар тексттерді html кеңейтілулері бар файлдарда сақтаймыз. Негізінен HTML - файлдардың html немесе htm деген кеңейтілулері болады. Бірінші кеңету MS DOS - тың мақұлдауын қанағаттандырады. Екінші сәл болса оңайырақ келеді. Екі кеңейтуді де қолдана беруге болады. Байқағанымыздай HTML - документ адам тіліндегідей тілде жазылады, бірақ түсініксіз сөздермен жазылады. Одан да мысал келтіріп көрейік:

<HTML>

<HEAD>

<Title>

Алғашқы Web - бет

</Title>

</HEAD>

<BODY>

<H1>

Алғашқы Web - беттің мысалы

</H1>

<P>

Бұл Web - бет алғашқы құрған мысал болып табылады. Осылай кішкене беттермен құра бастап, үйрене де түсеміз. Бұл мысалды міндетті түрде html немесе htm кеңейтулі файлда сақтау керек екенін ұмытпаңыз.

</P>

</BODY>

</HTML>

Сурет *. Web - документтің дайын күйінде көрсетілуі.

Сурет * - да көріп отырғанымыздай Web - беттің көп бөлігін текст алып жатыр. Бірақ мұнда бізге түсініксіз болып отырғаны бұл “>”, “<”, үлкен немесе кіші белгілері болып отыр. Олар не үшін керек?

Бұл сөздер тегтер деп аталады. Тегтер текстер мен текст емес элем- енттерді форматтауға қолданылады: Графика, қосымша объектілер, Java - апплеттер және т. б. Бір сөзбен айтқанда, тегтер тексттерді HTML документтің ішінде форматтайды. Айталық егер сіз қандай да бір тексттің бір бөлігін курсив түрінде белгілегіңіз келсе немесе тақырып түрінде форматтағыңыз келсе, онда оны төменде көрсетілген сәйкес тегтер арасына қоя аласыз.

Бұл текст белгіленеді <I> Курсивпен </I>

<H>Ал мынау тақырып</H>

Бұл жерде <H> және </H> тегтері біздің мысалды бетімізде қолданылды - сіз оны таныған шығарсыз. Бұлар бірінші дәрежелі тақырыпты білдіреді. Сонымен қатар екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы дәрежелі тақырыптарды білдіретін тегтер бар. Біз мысалдарда текстті екі жұп тегтің арасына қоямыз. Мұндай жұп тегтің түрі екеу - ақ: ашылатын және жабылатын. Жоғарыда қарастырған мысалымызда ашылатын тегтер <I> және <H> болып табылады, ал жабылатын тегтер - </I> және </H> . Ал мынау белгі “/” - жабылған тегтің белгісі болып табылады. Ойлап қарасаңыз жатқан логика. Текстте қандай да бір форматтау қолдану керек болса, онда оны көрсету керек, яғни қай фрагментке қолдану керек екенін көрсету керек. Форматталатын тексттік фрагменттің басы мен соңын көрсету керек. Ашылған және жабылған тегтер дәл сондай фрагменттерге көрсетеді. Жұп тегтің ішінде тег болуы мүмкін. Төмендегі мысалды қарастырамыз.

<B>

Бұл жартылай қалың текст,

<I> ал бұл және курсивті

</I> . </B>

<B> тегі текстті жартылай қалың етіп белгілейді. Бұл тегтің ішінде және бір жұп тег бар, ол курсивті етіп белгілейді. Бұл дегеніміз <B> және <I> тегтеріндегі текст тек қана жартылай қалың емес, сонымен қатар курсивті болып та белгіленеді. <I> тегі <B> тегінің ішінде жатыр деп айтады. Web - көрсеткіш мұны жақсы түсінеді, ненің неге екенін, сөйтіп текстті дұрыс етіп шығарады. Егер сіз былай етіп істесеңіз:

<B>

Бұл жартылай қалың текст,

<I> ал бұл және курсивті

</B> . </I>

сізді ол танымауы да әбден мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, әрбір ашылған тегке жабылған тег сәйкес келуі керек. Жоғарыда қарастырылғандай қателіктің тууына жол бермеуіңіз керек. Әйтпесе сіздің бетіңіздің істемеуі әбден мүмкін.

Тегтер салыну дәрежесі бойынша ажыратылады. Жоғарыда көрсетілген мысалда <B> тегі бірінші дәрежелі салынуда болды, ал <I> тегі екінші болды.

Ең алғашқы тег кейінгі ішіндегі тегке ата - «ана»(родительским) , ал іштегі тег оның «баласы» (дочерной) болып табылады. Сонымен қатар «баласы» басқа ішіндегі тегтерге «ата - ана» (родительской) бола алады. Біздің мысалда <I> тегі <B> тегінің «баласы» (дочерный), ал <B> тегі <BODY> тегінің «баласы» (дочерный ) болып табылады, яғни ол <I> және <B> - ға да «ата - ана» (родительской) бола алады. Сондай - ақ жалғыз тегтер де болады. Мысал ретінде текстке сурет қоя алатын тегті - <IMG> айтуға болады. Документке сурет қою үшін тексттік фрагменттің шекарасын көрсетудің керегі жоқ, тек қана суретті қоятын орынды көрсетсе жеткілікті болады. Сонда да HTML - дің көптеген тегтері жұп болып келеді. Ал енді <P> және </P> тегтері не үшін керек деп сұраңыз? Олар арнайы текстті көрсетеді, листингке, тақырыптарға қатысы жоқ, яғни тексттің бөлек абзацы басқа осы сияқты абзацтардан бөлек кеңістікті. Мысал үшін тексттің жалғыз абзацын екіге бөліп көрейік, не шығар екен. Төмендегі мысалға қарайық. Бұл мысалды кез-келген *. html кеңейтілуі бар файлда сақтаймыз.

Сурет 2. абзац тегін форматтау .

1. 2 ТЕКСТТЕРДІ ФОРМАТТАУ

HTML - дің негізін қарастырдық, енді нақты тегтерге және олардың мүмкіндіктерін қарастырайық. Ең алдымен қарапайым текстті форматтауды қарастырамыз. Оның мүмкіндігі көптеген текстік процессорлардың аналогы болып табылады. Қарапайым текстті жұп тегтің <BODY> және </BODY> арасына орналастырса жеткілікті. Web - көрсеткіш жоғарыдағы мысалдар сияқты терезеден көрсетеді. Егер бөлек символдарды бөлек түспен немесе бөлек етіп белгілегіңіз келсе, онда HTML сізге сәйкесінше тегтерді ұсына алады. Таблица 1. 1 - ден олардың ең негіздерін қарастыра аламыз.

Тегі
Сипаттама
Тегі: <B>………. ………</B>
Сипаттама: Жартылай қалың текст.
Тегі: <BIG></BIG>
Сипаттама:

Текстті стандартты шрифттен үлкен

қылып көрсету.

Тегі: <BLINK>………. . <BLINK>
Сипаттама:

Жылжымалы текст. Бұл тегті тек қана

Netscape Navigator ғана қолдай алады.

Тегі: <I> . . . . . </I>
Сипаттама: Курсив.
Тегі: <SMALL>………</SMALL>
Сипаттама:

Текстті стандартты шрифтен кіші қылып

көрсету.

Тегі: <STRIKE>………</STRIKE>
Сипаттама: Қаралау шрифт.
Тегі: <SUB> . . . </SUB>
Сипаттама: Жоғарғы индекс.
Тегі: <SUP></SUP
Сипаттама: Төменгі индекс.
Тегі: <TT>. . </TT>
Сипаттама:

Моноенді шрифт. Моноенді шрифт деп

барлық символы бірдей енді болатын

шрифтті айтады.

Тегі: <U>. </U>
Сипаттама: Асты сызылған текст

Кесте 1. 1 Символдарда форматтау тегі

Мына тегтерді қолданып бірнеше мысал құрайық.

<B> Жартылай қалың текст </B>

<BIG> Үлкен

</BIG> және

<SMALL>

кіші

</SMALL>

Судың химиялық формуласы - H<SUP>2</SUP>0

Тегтердің бірнешеуінің бірі <FONT> және </FONT> жұбы болып табылады. <FONT> және </FONT > тегтері шрифттің түсі мен өлшемдерін анықтап береді. Олар мынадай күйде болады.

<FONT [FACE=”{Шрифттің аты}”] [SIZE=”{Шрифттің өлшемі}”]

[COLOR=”#{Шрифт түсінің коды}””{Түстің аты}”] >

</FONT>

Сіз көріп тұрғандай бұл тегтің атрибуттар деп аталатын қосымша параметрлері бар. <FONT> тегінің атрибуттары өте көп, бірақ біз олардың тек негізгі үшеуін ғана қарастырамыз. Бұл атрибуттар шрифттің керекті параметрлерін береді. Есте сақтаңыз, олар тек ашылған тегте ғана көрсетіледі, керісінше болуы мүмкін емес.

Атрибут <FACE> шрифтің түрін береді. Мысалы “Arial” немесе “Courier New”. Берілген түрдің аты жақшаның ішінде теңнен соң жазылады. Бірден бірінен соң бірін үтір арқылы беруге болады.

Атрибут <SIZE> шрифттің өлшемін береді. Web - көрсеткіш әртүрлі шрифттің тек қана жеті өлшемін көрсете алады. Бұл өлшемдер 1 - ден 7 - ге дейін өсуі бойынша нөмірленген.

Атрибут <COLOR> сіздің текстіңізді түрлі түске бояйды, бірақ «кемпірқосақтың» барлық түсімен емес. Себебі әрбір компьютерде бірдей көрінбеуі мүмкін, яғни әр компьютердің бейнекартасы әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан бір жүйеге келтірген.

1. 3 ТАҚЫРЫПТАР МЕН АБЗАЦТАРДЫ ФОРМАТТАУ және ТІЗІМДЕР

Біз осы уақытқа дейін HTML - дің ішіндегі жеке символдар мен сөздерді форматтауды қарастырдық. Көбіне қарай жүгіруге тура келеді, яғни қандай да бір блок тексттің қалай форматталатынын қарастыруымыз керек. Кейбір жұп тегтердің тексттік блокқа жауап беретінін біз қарастырғанбыз. Бұлар

<H1> - <H6> әр дәрежелі тақырыптарды форматтайтын тегтер болып табылады және сонымен қатар оларға сәйкес жабылатын тегтер мен <P> қарапайым абзац тегі.

Тег <Hx>……. </Hx>, x - 1 - ден 6 - дейінгі сандар. Олар тақырыптың дәрежесін білдіреді. Ондағы текстті сәйкесінше тақырып дәрежесіне айналдырады. Web - көрсеткіш тақырыптарды үлкен шрифтпен көрсетеді, яғни қарапайым тексттен ерекше етіп көрсетеді.

Тег <P>…. . </P> тексттерді бөлек - бөлек абзацтарға бөледі. Онда мынадай атрибуттың болуы мүмкін: ALIGN=”leftcenterright”, абзац тексттерінің туралануына мүмкіндік береді. Мұндағы үш мәннің бәрі қолданылады: left, center және right, сәйкесінше сол жақтық, ортаңғы және оқ жақтық туралауды білдіреді. <P ALIGN=” center ”> Бұл текст ортаға тураланған </P>

HTML - дегі тізімдерді форматтауды да қарастырсақ артық кетпес деп ойлаймын. Тізім - бұл тексттегі абзацтардың реттелген, белгілі бір символдармен белгіленген түрлері: маркирлік және нөмерлік. Маркирлік тізімнің мысалы төменде көрсетілген.

  • Бір;
  • Екі;
  • Үш.

Ал мынау нөмерлік тізім:

  • Бір;
  • Екі;
  • Үш.

HTML - маркирлік тізімді қалай құрса, нөмерлік тізімді де солай құрастыра алады. Бұл екі түрлі тізім практика жүзінде бірдей, керек десеңіз сәйкес тегтер арқылы құрылады. Маркирлік тізімде <UL> және </UL> жұп тегтерінің арасына текстті орналастырса жеткілікті. Ал нөмерлікте <OL> және </OL> тегтерінің арасына. Тізімнің әрбір қатары тег болып саналады.

<LI>.

<UL>

<LI> бір;

<LI> екі;

<LI> үш;

</UL>

<LI> тегі өте сезікті болып көрінеді. Себебі жоғарыдағы мысалда </LI> жабылған жұбы жоқ. HTML - оны керек етпейді. <UL> тегінің тізімдегі көріністерді басқаратын атрибуты бар:

<UL [ COMPACT ] [ TYPE=”disccirclesquare”] >……</U>

COMPACT атрибуты Web - көрсеткіште тізімді жақсы және шағын етіп көрсету үшін қолданылады.

TYPE атрибуты тізім белгіленетін белгіні орнатады. Мұнда оның үш мәнінің біреуі қолданылады. Олар сәйкесінше іші боялған шеңбер, іші боялмаған шеңбер және төртбұрыш деп бөлінеді. Егер бұлардың ешқайсысын таңдамасаңыз Web - көрсеткіш тізімді іші боялған шеңбермен белгілейді. Бұл атрибутты <LI> тегі қолдайды. Осылай бөлек - бөлек, әртүрлі тізімдерді форматтауға болады. Енді <OL> және </OL> тегтерін қарастырайық. Бұл мәселе туралы жоғарыда айтылып өтілген сияқты. Бұл да нөмірленген тізім сияқты беріледі. Мұндағы айырмашылық тек тегтердің ішіне жазылатын атрибуттарында ғана болып саналады. Олар міндетті түрде көп.

<OL [COMPACT ] [TYPE=”AaIi1”] [START=”{Нөмір}”] >

</OL>

Нөмерлік тег те тізімнің TYPE - атрибутын қолдайды. Ал қазір оның мәні өзгереді. Бұл атрибуттың форматы мына түрде болады.

TYPE=”AaIi1”.

  • Тізімді үлкен латын алфавиттерімен белгілейді.
  • Кіші латын алфавиттерімен белгілейді.
  • Үлкен рим цифрларымен белгілейді.
  • Кіші рим цифрларымен белгілейді.
  • Арабша цифрлармен белгілейді.

Егер бұл атрибуттардың ешқайсысы таңдалмаса, онда автоматты түрде араб цифрларымен белгіленеді.

1. 4 ГИПЕРСІЛТЕМЕЛЕР түрлері және

ГРАФИКАНЫ ҚОЮ ТЕГІ

Осы уақытқа дейін тексттер туралы айтқанымыз жетер. Енді бір қиынына қарастырып көрсек қайтеді? Мысалы үшін гиперсілтемелер туралы.

Дәл осы гиперсілтемелер барлық HTML - документтерді бір - бірімен байланыстырып, электронды шылауға (паутина) байланыстырды. Осының көмегі арқылы жеңіл түрде дүние жүзіне компьтердің қасынан кетпей саяхат қыла аламыз. Гиперсілтемелер және олардың бір - бірімен байланысын қарастырып, түсіну үшін ең алдымен интернет адрес туралы түсінік алуымыз керек. Ал енді төменде гиперсілтемелерден алшақтап интернет протоколдары туралы қарастырамыз.

Жоғарыда айтылғандай Web - серверден қандай да бір HTML - документті алу үшін оған документтің аты мен клиенттік компьтердің адресі қамтылған HTTP - сұраныс жіберу қажет. Сонымен қатар Web - көрсеткіштер HTTP - сұранысты қолданушы керекті сервердің адресін енгізгеннен кейін өзі-ақ жіберетінін білгеніңіз жөн. Содай-ақ гипертексттің ішінде өзінен басқа бетке өткізеті гиперсілтемелердің де бар екенін естен шығармаған жөн.

Гиперсілтеме - бұл HTML-дің арнайы тегі. Онда параметр ретінде керекті документтің адресі болады. Төменде гиперсілтеменің тегінің форматы көрсетілген:

<A HREF=”{Интернет - адрес }”>………. </A>

Келіңіз, бұрын құрылып қойылған беттерге гиперсілтеме жасап көрейік.

<HTML>

<HEAD>

<Title>Мысалдарды тізбелейтін бет </Title>

</HEAD>

<BODY>

<H1> Мысалдарды тізбелейтін бет</H1>

<UL> <LI><A HREF=”0. 1. html”>Қарапайым Web - бет </A>

<LI><A HREF=”1. 1. html”>Екі параграфты Web - бет </A>

<LI><A HREF=”1. 2. html”>Тегі бар Web - бет </A>

<LI><A HREF=”1. 3. html”>Тізімдер </A>

<LI><A HREF=”1. 4. html”>Тізімдерді анықтау </A> </UL>

</BODY>

</HTML>

Графикалық суретті гиперсілтемеге айналдыру өте оңай десек те болады. Ол үшін сол баяғы <A> тегі қолданылады.

<A HREF=www. coolsite. ru>

< IMG SRC=www. coolsite. ru/images/banner. gif > </A>

Web - бетке графикалық көріністер жалғыз <IMG> тегінің көмегімен іске асады.

Төменде оның форматы көрсетілген.

<IMG SRC=”{Суреті бар файдың адресі}” [WIDTH=”{Ені}”]

[HEIGHT=”{Биіктігі}] [ALT=”{Альтернативті текст}”]

[BORDER=”{Шекараның қалыңдығы}”]

[ALIGN=””]

[VSPACE=”{Вертикаль бойынша текстке дейінгі аралық}”]

[HSPACE=”{Горизонталь бойынша текстке дейінгі аралық}”]

Көріп отырғандай бұл тегтің атрибуты өте көп десек те болады. Шошып кетпеңіз мұндағы атрибуттардың ең негізгісі SRC, яғни суреті бар файлға интернет - адрес береді. Бұл адрес қысқаша түрде және толық сервердің адресі көрсетілуі де мүмкін.

<IMG SRC=www. graphics - for - all. net/cat1/cat2/cat3/file1. gif >

<IMG SRC=”/folder1/folder2/file2. gif”>

WIDTH және HEIGH атрибуттары суретке пиксел түрінде оның ені мен биіктігін өзгертуге жол береді.

Border атрибуты суреттің жиегінің қалыңдығын береді. Ол пиксель түрінде беріледі.

ALIGN атрибуты суреттің орналасуына жауап береді. Ол төмендегідей мәндерді қабылдауы мүмкін.

  • Left - сурет сол жақ бетте орналасады, ал текст оның оң жағында;
  • Right - сурет оң жақ бетте орналасады, ал текст оның сол жағында;
  • Top - сурет жоғарғы ағымдық тізіммен түзуленеді;
  • Texttop - сурет ең жоғары тұрған символ бойынша түзуленеді;
  • Middle - суреттің ортасы тураланады;
  • Absmiddle - суреттің ортасы ағымдық беттің ортасымен тураланады;
  • Baseline - суреттің астыңғы жағы тураланады;
  • Bottom - суретті төменгі жағы ағымдық бетпен тураланады;
  • Absbottom - суреттің төменгі жағы ағымдық беттегі ең төменгі символмен тураланады;

1. 5 ФИЛЬМДЕР. ФОНДЫҚ МУЗЫКА және БЕТТЕРДІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІн ТУРАЛАУ

Сіз Web - бетте суретті орналастыруды үйрендіңіз. Келесі бір қадам жасасаңыз - бейнероликтер туралы көп мәлімет аласыз. Көзіңізге елестетіп көріңі қандай да бір сайтқа кірдіңіз де, кино көріп отырсыз. Мысалы төменде қараңыз:

< IMG SRC =”{Статикалық суреттің адресі}”

[DYNSRC=”{видеофильм файлының адресі}”]

[LOOP=” - 10{Қайталану саны}”]

Internet Explorer және тағы да бір мүмкіндікті иемденеді: Ол Web - бетке фондық музыканы ендіруге мүмкіндік береді. Ол егер сол бетті қолданушы ашқан жағдайда іске қосылады, яғни музыка тыңдай аласыз. Ол тегтің көмегімен іске асырылады. Ол төменде көрсетілген:

<BGSOUND SRC=”{аудиофайлдың адресі}” [BALANCE=”{Стереобаланстың мәні}”]

[LOOP=” - 10 {Қайталану саны}”] [VOLUME=”{Дыбыстың жоғарлатқыш}”] >

SRC атрибуты фондық музыкамен қосылатын аудиофайлдың адресін көрсетеді. Бірақ ескеретін бір жайт бар, ол мынада аудиофайлдың форматы мынадай болуы керек: WAV және MIDI .

BALANCE атрибуты дыбыс қорегінің кеңістіктегі жағдайын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Электрондық оқулық құру
Электрондық оқулықтың құрылымы
Ақпараттық жүйе құру арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру
HTML негіздері
Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі
Есептер жүйесінің құрылымы
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Сыни ойлау технологиясы
XVIII Электрондық тарихымыздың оқулыққа тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz