Қазақстандағы экономикалық өсудің негізін қалаған экономикалық реформалардың талдауы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

бет

Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
4: 4
Кіріспе . . .:

1.

1. 1.

1. 1. 1.

1. 1. 2.

1. 1. 3.

1. 2.

1. 2. 1.

1. 2. 2.

2.

2. 1.

2. 2.

2. 3.

3.

4:

МОНЕТАРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУГЕ ӘСЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Экономикалық өсудің теориялық аспектілері . . .

Экономикалық өсу түсінігі мен өлшемі . . .

Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар . . . … . . .

Экономикалық өсуді көздейтін экономикалық даму стратегиялары . . .

Монетарлық құралдардың экономикалық өсуге әсерінің методологиялық аспектілері . . .

Мемлекеттің ақша-несие саясатының теориялық негіздері . . .

Орталық банктің экономикадағы ақша ұсынысына

әсер ету механизмдері мен құралдары . . .

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ТАЛДАУЫ . . .

Қазақстандағы экономиканы реформалаудың бірінші кезеңі (1991-1995жж) . . .

Қазақстандағы экономикалық реформалардың екінші кезеңі (1996-1999жж) . . .

Қазақстандағы монетаризм. Рыноктық қайта құрулардың үшінші кезеңі (2000-2004жж. ) . . .

АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ МЕН ТРАНСМИССИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛУ ЖОЛДАРЫ . . .

7

7

7

9

10

16

16

23

29

30

44

59

66

Кіріспе . . .:

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

4:

92

95

Кіріспе.

Қазіргі кезде әлем елдері арасында интеграция мен ғаламдану үрдістері жүріп жатқанда бәсекелестік пен еңбек бөлінісінің одан сайын тереңдеуі, сондай-ақ елдердің даму деңгейі мен әл-ауқатының артуы орын алып отыр. Ал оның белгісі ретінде экономикалық өсу және экономикалық даму сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер қарастырылады.

Кез-келген елдің экономикалық саясаты, экономикалық дамудың стратегиялары елдің даму деңгейіне байланыссыз белгілі бір мақсаттар жиынын шешуге бағытталады. Ең маңызды мақсаттар ретінде экономикалық өсу мен жұмысбастылықты қамтымасыз ету, қоғамда әлеуметтік тыныштықты сақтау, макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақтылығына қол жеткізу болып табылады.

Экономикалық даму әрбір елдің ажырамас бір бөлігі, бірақ әр ел бұл дамудың тек қана позитивті мәніне жету үшін ғасырлар бойы түрлі стратегиялар мен тактикаларды ойлап тауып, қолданып, оңды және теріс нәтижелерге жетіп, бірінің қателіктерінде бірі үйреніп, бірінің жетістіктеріне басқалары да қол жеткізгілері келетіндер тура сондай даму жолдарын таңдап алады, соның нәтижесінде өз елінің, өз халқының әл-ауқатын көтеруге, әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа жеткізуге, экономикалық өрлеу мен жаңа даму сапасына негізделген бәсекеге қабілетті ел болуға тырысады. Осындай жолда қазіргі кезде Қазақстан да келе жатыр. Демек, еліміз қандай мақсат таңдаса, сондай экономикалық даму стратегиясын да таңдайды, соған сәйкес нәтижеге де ие болады.

Экономикалық өсудің ұзақ мерзімді әлуеті өндірістік мүмкіндіктермен, жинақтау деңгейімен, елдің ғылыми-техникалық әлуетімен анықталады. Қысқа мерзімде экономикалық өсуге экономикаға әсер ететін құралдарды дұрыс таңдау жолымен жетуге болады. Экономиканы реттеудің ең тиімді әдістерінің бірі ақша-несие саясаты, оның нысандары, деңгейі мен механизмдері нақты жағдайлармен, сонымен қатар үкімет белгілеген міндеттермен анықталады. Макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне шұғыл жауап беру керек кезде монетарлық саясаттың ролі аса маңызды болып есептеледі, сол себепті бұл саланы егжей-тегжейлі зерттеу және монетарлық құралдарды дұрыс пайдалануды зерттеу Қазақстан үшін өнегелі іс.

Қазіргі уақытта экономикалық өсуді көздейтін экономикалық дамудың стратегиялары теория жүзінде анық ерекшеленеді, бұндай ерекшелеу әсіресе батыстың танымал экономист-ғалымдарының еңбектерінде көп кездеседі. Олардың қатарында Дж. Сакс мен Д. Линдсей, Р. Дорнбуш пен С. Фишер, О. Бланчард, Р. Дж. Барро, М. Тодаро, К. Гриффин еңбектері бар. Дегенмен де, бұл тек қана теория жүзінде, ал тәжірибеде дамудың синтетикалық стратегиялары қолданылады. Кейде бірнеше стратегиялар қатар жүруі де мүмкін, және бұл дұрыс та.

Қазіргі кезде Қазақстан өзінің экономикалық даму стратегиясын нақты айқындады және сол бағыт бойынша жүріп келе жатыр. “Қазақстан 2030” Стратегиялық бағдарламасында әлемде белгілі негізгі стратегиялардың, атап айтқанда өндірістік даму стратегиясы, монетарлық стратегия, ашық экономика стратегиясы, сонымен қатар әлеуметтік даму стратегиясы да біріктірілген. Осылардың ішінен дипломдық жұмыста қарастырылатын стратегия - монетарлық даму стратегиясының негізгі құралдары мен олардың отандық экономикаға әсер ету жолдары, трансмиссиялық механизмнің жүзеге асырылуы.

Қазақстан Республикасында терең экономикалық реформалар өткізіліп, макроэкономикалық тұрақтану мен экономикалық өсуге қол жеткізілді. Соңғы кездері ҚР Президенті үкімет алдына халық шаруашылығын экономикалық өсу және даму жағдайына ауыстыру міндеттерін қойды.

Осындай жаңа мақсаттар мен шарттар бұл мәселені зерттеудің өзектілігін жоғарылатады.

Берілген жұмыста біз экономикалық дамудың түсініктемесін, оның экономикалық тұрақтандыру мен өсуден айырмашылығын анықтап көрсеткіміз келеді. Оның түрлі стратегияларын жіктеп, олардың мазмұнын аштық. Соның ішінде монетарлық құралдар мен механизмдерді, олардың экономикалық өсуге жасайтын ықпалын, және де стратегияның әкелетін нәтижелерін егжей-тегжейлі талдауға тырыстық.

Қарастырылып отырған жұмыстың мақсаты - Қазақстан экономикасына оң және теріс әсер ететін мәселелерді анықтау және олардың пайда болуын талдау арқылы ұлттық экономиканың өсуіне тосқауыл болатын проблемаларды оңтайлы шешу жолдарын қарастыру, сонымен бірге болашаққа болжам жасау. Бұл құралдардың көмегімен экономикалық өсуді беретін эффекттер (неоклассикалық, кейнсиандық ақша трансмиссия механизмі, “Пигу әсері”, т. б. ), түрлі монетарлық саясаттар қарастырылған.

Берілген дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда монетарлық құралдардың экономикалық өсуге әсерінің теориялық методологиялық аспектілері қарастырылып өткен, екінші тарау Қазақстанда экономикалық өсудің негізін қалаған экономикалық реформалардың талдауы берілген, ал соңғы тарау ақша-несие саясаты мен трансмиссиялық механизмнің Қазақстанда қолданылу жолдарын егжей-тегжейлі талдайды.

Бұл жұмысты жазу барысында белгілі шетел экономист-ғалымдарының Эдвин Дж. Сакс, Линдсей Д., Гриффин К. мен Роберт В. Эдвардс еңбектері монетарлық даму стратегиясы мен монетарлық құралдар мен механизмдердің экономикалық өсуге әсер етудің теориялық және эмпирикалық мағынасын ашуға көмек берді. Бұл еңбектерде экономикалық даму стратегияларының жіктелуі, олардың қызметтері мен түрлері, монетарлық даму стратегиясының мән-мағынасы, ақша несие саясатының құралдары мен көрсеткіштері және жүзеге асырылу механизмдері туралы толық көлемді, нақты мәліметтер берілген.

Қазақстандық авторлардан экономикалық өсу мен экономикалық дамудың экономикалық категория ретіндегі айрмашылығы туралы, монетарлық құралдардың экономикалық өсуге әсері жайлы және осылардың Қазақстан жағдайында қолданылуы жөнінде Аубакиров Я. А., Кубаев К. Е., Бибатырова И. А., Сайденов А. Г., Кулекеев Ж. А., Баймуратов У. Б., Кошебаева Г. К. және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің зерттеу және статистика департаменті Стратегия және талдау басқармасының бастықтың орынбасары Қоңырбаева Б. М. еңбектері қолданылған.

Бұл дипломдық жұмыстың жазылу процесінде қазіргі кездегі Қазақстанда монетарлық саясатының экономикаға әсері, даму үрдістері, әлуеті мен жағдайын, пайда болып жатқан проблемаларды және оларды шешу ерекшеліктерін ашып көрсетуде отандық “Банки Казахстана”, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2005 жылдың Жылдық есебі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің инфляциялық шолу, экономикалық шолу сияқты мерзімдік басылымдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары елеулі көмек берді.

Сонымен қатар, экономикалық талдау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері, Ұлттық Банктің статистикалық бюллетеньдері және шет елдермен салыстырмалы талдау жүргізу үшін Халықаралық Валюталық қордың “Халықаралық қаржылық статистикасы”, OECD Economic Outlook 76 database, National Accounts of OECD Countries мәліметтері пайдаланылған.

Бұл жұмыс Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамуды қамтымасыз етудегі монетаризм стратегиясының жалпы экономикаға сандық және сапалық әсерін бағалауды мақсат етеді. Ұсынылған жұмыста автор Қазақстандағы болған экономикалық дамудың монетарлық стратегиясының тәжірибесін қарастыра отырып, соның нәтижесінде болған жалпы экономикаға жүргізілген реформалардың әсерін зерттеді. Макроэкономикалық талдаудың еліміз үшін проблемалық сұрақтары қарастырылып, бұл мәселелерді шешу жолдары және жалпылама қорытындылар шығарылып, ҚР-дағы мемлекеттік реттеу шаралары мен қолдау механизмдерінің экономикалық өсу мен дамуға қол жетудегі орнын ашып көрсетті.

1. МОНЕТАРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУГЕ ӘСЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Экономикалық өсудің теориялық аспектілері

1. 1. 1. Экономикалық өсу түсінігі мен өлшемі

Дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес экономикалық өсуге әсер ететін монетарлық құралдардың мәнін ашып көрсетуден бұрын, мұндағы экономикалық өсу түсінігін анықтап алуымыз керек. Себебі ол берілген жұмыстың мазмұны мен түп негізін түсінудегі басты ұғым болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде қазіргі кездегі экономикалық жағдайды сипаттау мен талдау кезінде “экономикалық даму”, “экономикалық тұрақтандыру” мен “экономикалық өсу” түсініктері жиі кездеседі және олар пара-пар ұғымдар ретінде де, мағынасы бойынша сәл ерекшеленетін түсініктер ретінде де қолданылады. Бірақ шын мәнінде, экономикалық тұрақтандыру - бұл нақты ЖҰӨ-нің оның потенциалды деңгейіне сәйкес келуі, нақты бір уақыт кезеңінде ел экономикасы алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге байланысты маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы жағдайға сай болуы, яғни бұл түсінік екі құбылыстың, екі көрсеткіштің жағдайын анықтайды, бірнәрсенің бірнәрсеге сәйкестігін меңзейді. Ал экономикалық өсу - тұрақтандырудың ішкі мәні болып табылады. Экономикалық өсу - экономикалық өмірдің түрлі элементтерінің (өндірістің көлемі, бағалар деңгейі, табыстар деңгейі мен тұтыну, сұраныс пен ұсыныс) сандық сипаттамасы болып табылады. Өсу тек қана бір нақты көрсеткіштің, объектінің оң динамикасын бейнелейді. Ол жалпы ішкі өнім, не болмаса жалпы ұлттық өнімнің өсуін көрсетеді, ал бұл көрсеткіштер халықтың нақты өмір сүру деңгейін суреттейді. Экономикалық өсу экономикалық дамудың құрамдас бөлігі болып табылады. Экономикалық даму экономикалық өсуге қарағанда кең ұғым, экономикадағы сапалық және сандық өзгерістерді, тек өсуді ғана қамтымай, құлдырау мен стагнация кезеңдері бар құбылыс. /1, 3-6б. /

Экономикалық өсу категориясы кез келген шаруашылық жүйелердегі қоғамдық өндірістің маңызды сипаттамасы болып табылады. Экономикалық өсу - белгілі бір уақыт уақыт кезеңіндегі қоғамдық өнімнің сандық және сапалық жақсаруы, яғни жалпы алғанда өндіріс нәтижелері мен оның факторларының (оның өнімділігінің) сандық және сапалық өзгеруі.

Әдетте экономикалық өсім қарқыны келесі көрсеткіштер арқылы беріледі: жиынтық ЖҰӨ және жан басына шаққандағы ЖҰӨ. Бұл екі көрсеткіш бойынша көптеген жеке алынған елдер экономикасы және әлемдік экономика масштабындағы тұрақты және едәуір экономикалық өсім қарқыны туралы білуге болады. Осыған байланысты экономикалық өсуді сипаттайтын бірден-бір көрсеткіш пайызбен алынған ЖҰӨ-нің жылдық өсу қарқыны болып табылады.

Экономикалық даму процестерін өлшеуде пайда болатын қиындықтарға байланысты макроэкономикада көбінесе экономикалық өсуді талдайды. Дегенмен де экономикалық өсу экономикалық дамудың бір критериі ғана. Қарқынды, немесе нолдік, сондай-ақ теріс экономикалық өсу әрқашан да қарқынды экономикалық дамуды, бір орында тұрып қалуды, я болмаса экономикалық деградацияға меңземейді.

Экономикалық өсу нақты мағынада да (физикалық өсу), құндық мағынада да (құндық өсу) өлшенуі мүмкін. Бірінші тәсіл сенімдірек, себебі ол инфляцияның әсерінен құтылуға мүмкіндік береді, бірақ әмбебап болып табылмайды (экономикалық өсу қарқынын есептегенде әртүрлі бұымдарды өндіру үшін жалпы көрсеткішті шығару қиындығы пайда болады) . Көбінесе екінші тәсіл қолданылады, дегенмен оны инфляциядан толығымен “тазарту” әрқашан да мүмкін бола бермейді.

Экономикалық статистикада қарқынды талдау үшін өсу, өсу қарқыны мен өсім қарқыны коэффициенттері пайдаланылады. x өсу коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:

X=Y 1 /Y 0 (1)

мұндағы Y 1 , Y 0 - зерттеліп отырған және базалық кезеңдердегі көрсеткіштер. Өсу қарқыны өсу коэффициентін 100-ге көбейткенге тең. Өсім қарқыны өсу қарқынынан 100 алып тастағанға тең. Дегенмен тәжірибеде өсу қарқыны ретінде өсім қарқынын түсінеді.

1-кесте. Жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ және

OECD елдеріндегі экономикалық өсім қарқыны1

:
Жан басына шаққандағы табыс, 1989ж. АҚШ долл.: Жан басына шаққандағы табыс, 1989ж. АҚШ долл.
Орташа жылдық өсім қарқыны, 1965-1989жж.: Орташа жылдық өсім қарқыны, 1965-1989жж.
Жан басына шаққандағы табыс, 2004ж. АҚШ долл.: Жан басына шаққандағы табыс, 2004ж. АҚШ долл.
Орташа жылдық өсім қарқыны, 2004ж.: Орташа жылдық өсім қарқыны, 2004ж.
:

Турция

Корея

Греция

Ұлыбритания

Франция

ГФР

АҚШ

Жапония

Швейцария

Жан басына шаққандағы табыс, 1989ж. АҚШ долл.:

1370

4400

5350

14610

17820

20440

20910

23810

29880

Орташа жылдық өсім қарқыны, 1965-1989жж.:

2, 6

7, 0

2, 9

2, 0

2, 3

2, 4

1, 6

4, 3

4, 6

Жан басына шаққандағы табыс, 2004ж. АҚШ долл.:

6800

2300

19500

29000

27800

26300

37600

28000

30400

Орташа жылдық өсім қарқыны, 2004ж.:

1. 7

1. 6

0. 8

1. 5

4. 2

-12

1. 5

1. 6

-4. 8

1-кесте мәліметтерінен көрініп отырғандай елдер бойынша экономикалық өсім қарқынының айырмашылығы келелі. Жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің орташа жылдық өсім қарқыны 1965-1989жж. аралығында АҚШ-та 1, 6%-бен Оңтүстік Кореядағы 7% диапазонында болған. Орташа жылдық өсім қарқынындағы айырмашылық аз болып көрінгенімен уақыт өте келе, олар жан басына шаққандағы табыс деңгейінің өзгеруіне елеулі әсер етуі мүмкін. Жылдық 1% өсім қарқыны кезінде жан басына шаққандағы табысты екі еселеу үшін 70жыл уақыт қажет, бірақ егер өсім жылына 3% құрса, онда жан басына шаққандағы табыстың екі еселенуіне 24 жыл ғана керек. Бұл өзгешелік күрделі пайыздар эффектісіне негізделеді. Экономикалық өсудің бұл ерекшелігін он бес жыл аралығындағы динамикалық қатарды көрсететін кестеден көруге болады. /4, 457б. /

1. 1. 2. Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей тек қана өспелі экономика адамның және адамзаттың өсіп бара жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Халық қажеттіліктерінің артуы сұраныс факторының өсуін тудыратын объективті құбылыс болып табылады. Бұл өз кезегінде ұсыныс факторының артуы қажеттілігін анықтайды. Ал соңғысы экономикалық өсіммен байланысты. Яғни экономикалық өсу - нақты ЖҰӨ көлемінің бір мерзімдегі өсуін көрсетеді. Нақты ЖҰӨ - жан басына шаққандағы, бір адам басына бөлінген жалпы ұлттық өнім. Сондай-ақ өндірістің артуы өсіп жатқан халықтың жұмысбастылығының жоғарылауымен қамтымасыз етілуі керек. Осыдан шығатын қорытынды, экономикалық өсу - еңбекке қабілетті халықтың толық жұмысбатылығы кезіндегі өндірістік қуаттардың артуы жолымен жалпы ішкі өнімнің өсімі.

Американың ғалымы Эдвард Денисон “Экономикалық өсудегі трендтер” атты еңбегінде экономикалық өсуге әсер ететін факторларды құрылымдау жөнінде (АҚШ 1929-1989жж. материалдары бойынша) қызықты деректер келтіреді. Бұл мәліметтер негізінде экономикалық өсуге ықпал ететін факторлар ранжирленген.

2-кестеге сүйене отырып, нақты өнімнің жоғарылауына ең көп әсерін тигізетін еңбек өнімділігінің өсуі мен еңбек шығындарының артуы. Негізгі капиталдың өсуіне әсер ететін факторлардың ішінде техникалық прогресс пен инвестициялардың ықпалы аса маңызды. Сонымен қатар экономикалық өсуді білім мен кәсіби даярлық, өндіріс масштабы есебінен үнемдеу және заңдық-институционалдық факторлар анықтайды.

2-кесте. Экономикалық өсуге әсер ететін факторлардың ранжирленуі. 2

Өсу факторлары: Өсу факторлары
Рангісі: Рангісі
Өсу факторлары: Еңбек өнімділігінің өсуі
Рангісі: 1
Өсу факторлары: Еңбек шығындарының артуы
Рангісі: 2
Өсу факторлары: Техникалық прогресс
Рангісі: 3
Өсу факторлары: Капитал шығындары
Рангісі: 4
Өсу факторлары: Білім мен кәсіби даярлық
Рангісі: 5
Өсу факторлары: Өндіріс масштабы есебінен үнемдеу
Рангісі: 6
Өсу факторлары: Заңдық-институционалдық және басқа факторлар
Рангісі: 7
Өсу факторлары: Ресурстарды пайдаланудың азюы
Рангісі: 8

Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекет факторының әсері, соның ішінде мемлекеттің монетарлық саясат құралдарының экономикалық өсуге тигізетін әсері біздің жұмысымыздың орталық мәселесі болып табылады. Іс жүзінде бұл саясатты жүргізетін құзіретті орган Орталық (Ұлттық) Банк болып табылады. Бұл орайда монетарлық саясат экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылатынын есепке ала отырып, алдымен экономикалық өсуге дамудың монетарлық стратегиясы жалпы алғанда қалай әсер ететінін қарастыру керек.

1. 1. 3. Экономикалық өсуді көздейтін экономикалық даму стратегиялары

Қалыпты жағдайда экономикалық өсудің нәтижесі экономикалық дамуға алып келеді және ол әрбір ел дамуының ажырамас бөлігі, бірақ әр ел бұл дамудың тек қана позитивті мәніне жету үшін ғасырлар бойы түрлі стратегиялар мен тактикаларды ойлап тауып, қолданып, оңды және теріс нәтижелерге жетіп, бірінің қателіктерінде бірі үйреніп, бірінің жетістіктеріне басқалары да қол жеткізгілері келетіндер тура сондай даму жолдарын таңдап алған. Осындай жолда қазіргі кезде Қазақстан да келе жатыр. Демек, еліміз қандай мақсат таңдаса, сондай экономикалық даму стратегиясын да таңдайды, соған сәйкес нәтижеге де ие болады.

Қазіргі уақытта экономикалық дамудың стратегиялары теория жүзінде анық ерекшеленеді, бұндай ерекшелеу әсіресе батыстың экономист-ғалымдарының еңбектерінде көп кездеседі. Дегенмен де, бұл тек қана теория жүзінде, ал тәжірибеде дамудың синтезделген стратегиялары қолданылады. Кейде бірнеше стратегиялар қатар жүруі де мүмкін, және бұл дұрыс та.

Қазіргі кезде Қазақстан өзінің экономикалық даму стратегиясын нақты айқындады және сол бағыт бойынша жүріп келе жатыр. “Қазақстан 2030” Стратегиялық бағдарламасында әлемде белгілі негізгі стратегиялар, атап айтқанда өндірістік даму стратегиясы, монетарлық стратегия, ашық экономика стратегиясы, сонымен қатар әлеуметтік даму стратегиясы да біріктірілген. Осылардың ішінен біздің жұмыста толығымен қарастырылатын стратегия - монетарлық даму стратегиясы мен оның ақша-несие құралдарының экономикалық өсуге тигізетін әсері.

Мемлекеттің даму саясаттары мен бағдарламалары талдаудың мақсатына байланысты әртүрлі жіктелуі мүмкін. Бұл жұмыста қолданылатын стратегиялардың жіктелуін американдық ғалым Кейт Гриффин өзінің “Экономикалық дамудың баламалы стратегиясы” атты еңбегінде ұсынған болатын. Бұл стратегиялардың жіктелуі келесідей үш критерийге негізделеді:

1) Стратегия дамудың тек қана бір астарларын немесе бір саласын ғана қамтымай, жалпылама дамуды көздеу керек. Сырт көзбен қарағанда, кейбір стратегиялар белгілі бір саланың бөлігі, не болмаса ерекше секторы ретінде көрінуі мүмкін. Мысалы, сыртқы сауда не ауыл шаруашылығы, бірақ олар басты даму стратегиясы болып жіктеледі, себебі анық ерекшеленген қызмет, стратегияны қолдаушылардың пікірінше, лидерлік саланың құрамдас бөлігі болып саналады, бұл өз кезегінде жалпы алғанда экономиканы дамудың одан да жылдам траекториясына көшуге мүмкіндік береді;

2) Стратегиялар ең болмағанда орталық айнымалыларды анықтау мен өлшеу үшін эмпирикалық тексеруді жүргізуге мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылуы мүмкін. Анықтаманың өзі кешендік сұрақтарға сирек жауап бере алады, дегенмен, бұл шығарылған қортындының шындыққа сәйкес келуі мен мәнділігі үшін маңызды, яғни зерттеу эмпирикалық мәліметтерге негізделген болуы керек. Содай-ақ, әрине, логикалық талдау не болмаса теория эмпирикалық фактілерді дұрыс мағынада интерпритациялауды қамтымасыз ету үшін маңызды. Ал ең жақсы жағдайда бұл стратегия теория, фактілер мен тарихтың дұрыс үйлескен қоспасынан тұруы керек;

3) Стратегиялар Үшінші Әлем мен ЭЫДҰ (OECD) елдеріндегі саясаткерлерге таныс және жиі қолданылатын формулировкаларға сәйкес келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сала: қызметі, қаржы көздері
Қазақстан Республикасының даму кезеңдері
Нарықтық экономиканы реттеудегі мемлекеттік бюджеттің маңызы
Экономикалық өсу - экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің Қазақстанға жүргізген саяси құқықтық реформалары
Салықтың пайда болу тарихы
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Экономика пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz