Алакөлдің көпжылдық су деңгейі режимі


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География факультеті

Құрлық гидрологиясы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

АЛАКӨЛДІҢ КӨПЖЫЛДЫҚ СУ

ДЕҢГЕЙІ РЕЖИМІ

Орындаған: Н. К. Смагулов

5-курс студенті (қолы)

Ғылыми жетекші: М. М. Молдахметов

г. ғ. к., доцент (қолы)

Норма бақылаушы: С. Р. Жанпеисова

(қолы)

Қорғауға жіберілді:

«___» 2007 ж.

Кафедера меңгерушісі:

т. ғ. к, доцент Р. Г. Абдрахимов

(қолы)

Алматы, 2007

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс 57 беттен, 13 суреттен, 11 кестеден және 12 қолданылған әдебиеттен тұрады.

Жұмыс барысында қолданылған негізгі сөздер: Алакөл жүйесі көлдері, Сасықкөл, Қошқаркөл, Тентек өзені, ғасырлық тербелістер, ауа температурасы, гидрометеорологиялық факторлар, термикалық режим, су деңгейі, бекет графигінің нөлі, өзен ағындысы, су режимі, ғасырлық және ғасырішілік тербелістер, айналым, ырғақ, синфаздылық, жиынтық жауын-шашын, ылғалдылық, терраса, су жары, модульдік коэффициент, ағынды, нормадан ауытқулар, тербелістер амплитудасы, т. б .

Жұмыстың мақсаты Алакөл жүйесі көлдерінің көпжылдық деңгейлер жүрісінің сипаттамаларын анықтау болып табылады. Практикада көпжылдық деңгейлер жүрісінің сипаттамаларын анықтау үшін көптеген әдіс-тәсілдер кең қолданылады. Солардың ішінде, су деңгейлерінің мәндері жетіспеген жағдайда оларды қалпына келтіру әдісі, т. б. жатады. Біз су объектісіне қатысты су деңгейлері, ауа температураларының сипаттамалары және жиынтық жауын-шашын мәндерін өзара байланыстыра белгілі бір заңдылықтардың бар екенін анықтадық.

МАЗМҰНЫ

б.

:
КІРСПЕ . . .: КІРСПЕ . . .
4: 4
: 1
КІРСПЕ . . .: АЛАКӨЛ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ… . . .
4: 5
: 1. 1
КІРСПЕ . . .: Табиғи жағдайы . . .
4: 5
: 1. 2
КІРСПЕ . . .: Климаты . . .
4: 5
: 1. 3
КІРСПЕ . . .: Радиациялық теңдестігі . . .
4: 6
: 1. 4
КІРСПЕ . . .: Ауа темпратурасы . . .
4: 6
: 1. 5
КІРСПЕ . . .: Ауа ылғалдығы . . .
4: 7
: 1. 6
КІРСПЕ . . .: Топрағы және өсімдік жамылғысы . . .
4: 7
: 1. 7
КІРСПЕ . . .: Атмосфералық жауын-шашыны . . .
4: 7
: 1. 8
КІРСПЕ . . .: Жел режимі . . .
4: 8
: 2
КІРСПЕ . . .: АЛАКӨЛ АЛАБЫНЫҢ ГИДРОГРАФИЯСЫ МЕН МОРФОМЕТРИЯСЫ
4: 9
: 2. 1
КІРСПЕ . . .: Гидрогеологиясы . . .
4: 9
: 2. 2
КІРСПЕ . . .: Қар жамылғысы . . .
4: 9
: 2. 3
КІРСПЕ . . .: Термикалық режимі . . .
4: 10
: 2. 4
КІРСПЕ . . .: Мұздық режимі . . .
4: 10
: 2. 5
КІРСПЕ . . .: Мұз қалыңдығы . . .
4: 11
: 3
КІРСПЕ . . .: АЛАКӨЛДІҢ ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР МЕН БАЛҚАШ КӨЛІ ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАР . . .
4: 12
: 3. 1
КІРСПЕ . . .: Алакөл мен Балқаш көлі деңгейлерінің байланысы . . .
4: 12
: 3. 2
КІРСПЕ . . .: Алакөл деңгейлерінің гидрометеорологиялық факторлармен байланысы
4: 16
: 3. 3
КІРСПЕ . . .: Көл деңгейлерінің өзен ағындысымен байланысы. .
4: 17
: 3. 4
КІРСПЕ . . .: Алакөл деңгейлерінің жауын-шашындар мен ауа температурасымен байланысы. . . .
4: 18
: 4
КІРСПЕ . . .: ТАРИХИ ЖӘНЕ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР БОЙЫНША АЛАКӨЛ ЖҮЙЕСІ КӨЛДЕРІ ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ ҒАСЫРЛЫҚ ТЕРБЕЛІСТЕРІ
4: 24
: 4. 1
КІРСПЕ . . .: Алакөл жүйесінің солтүстігіндегі көлдер (Қошқаркөл, Сасықкөл) . . .
4: 35
: 4. 2
КІРСПЕ . . .: Қошқаркөл . . .
4: 37
: 4. 3
КІРСПЕ . . .: Сасықкөл
4: 38
: 4. 4
КІРСПЕ . . .: Орташа көпжылдық ең жоғарғы және ең төменгі көл деңгейлері… . . .
4: 41

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 46

ҚОСЫМША . . . 47-57

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың мақсаты Алакөлдің көпжылдық су деңгейі режимін зерттеу болып табылады. Практикада су деңгейі режимдерін зерттеу үшін түрлі формулалар, соның ішінде эмпирикалық формулалар кең қолданылады.

Бізге берілгені метеорологиялық элементтердің, яғни жауын-шашынның орташа көпжылдық мәндері, ауа температураларының сәуір-қыркүйек айларындағы орташаланған мәндері және су деңгейлерінің көпжылдық максимум мәндері.

Осы үш параметрді өзара сәйкестендіру үшін А. Шренк, В. И. Коровин, А. В. Шнитников, Р. Д. Курдин, т. б. зерттеуші ғалымдардың әдістерін қолданамыз.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында Алакөл алабының физико-географиялық сипаттамалары, соның ішінде жалпы табиғи жағдайы, климаты, топырағы мен өсімдік жамылғысы және өзге де сипаттамалар қарастырылған. Екінші тарауға келсек, мұнда алап гидрографиясы мен морфометриясы, яғни гидрогеологиясы, термикалық режимі, т. б. көрсетілген. Үшінші тарау мен төртінші тарау осы дипломдық жұмыстың басты қозғалып отырған мәселесіне жауаптар береді. Онда Алакөл жүйесі көлдерінің гидрометеорологиялық факторлары және Балқаш көлі деңгейлерімен байланыстарын қарастыра отырып, тарихи және геоморфологиялық мәліметтер бойынша Алакөл деңгейлерінің ғасырлық тербелістері мәселесін де қозғаған.

1 АЛАКӨЛ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Табиғи жағдайы

Алакөл бассейні Қазақстанның оңтүстік шығысының көп бөлігін алып жатыр. Бассейн таулы және жайылмалы болып екіге бөлінеді. Бұл аймақтың орографиясы мен геологиясы өте күрделі және биктік белгісінің үлкен амплитудасы әрқилы және күрделі екендігін көрсетеді. Алакөл ойпаты өзіндік орографиялық аудан құрайды, ал табиғи климаты құрғақ жазықтыққа кіреді.

Алакөл-Қазақстанда көлемі жағынан екінші көл және республикамыздағы жалғыз суы терең, тұйық көл. бұл көлдің суының көлемі Балқаш көлінің су көлемінің жартысымен бірдей.

Алакөлдің жағалық сызығы үлкен тілімділігімен ерекшелене отырып, көптеген жарты аралдарды шығанақ және бұғаздарды құрайды. Ең ірі бұғаз Кіші-Алакөл, көлдің оңтүстік шығыс шетін алып жатыр. Көлдің оңтүстік батыс және оңтүстік шығыс жағалауы біршама құламалы және биік болып келеді, ал солтүстік батыс жағалауы өте биік емес.

Алакөл қасындағы көлдерден тереңдігімен, түбінің күрделі рельефімен, сансыз аралдарымен, қайраңдар және шығанақтарымен ерекшеленеді. Көлдің терең сулы зонасы оңтүстік батыстан, солтүстік шығысқа созылып жатыр. Алакөлдің түптік шөгінділері солтүстік көлдерге қарағанда түбінің рельефінің өте күрделі орналасуымен, жағаларының құралуымен, сансыз сағаларымен, соның ішінде көлге қиыршық және жұмыр тастарды әкелетін сағаларымен, қарқынды желді, толқындарымен және желді ағынды жүйелерімен ерекшеленеді.

Алакөлдің түптік шөгінділерін Т. Р. Омаров алты типке бөлді, жағалық зоналарында ұсақ және орташа құм түйршіктері, және қиыршықтас пен жұмыртас басымырақ. Олар Жаманты өзенімен ағып келеді. Бұл шөгінділер көлдің жанынан 12 метр тереңдікке дейін таралған жол-жол кірмемен кескінделген. Аралтөбе аралында қиршықтасты шөгінділер кездеседі. Көлдің лайлы құммен жаблған оңтүстік батыс бөлігі сублиторальді зона болады. Профундальды бөлігі көлдің терең жерлеріне тән. Бұл жағдайлар Кіші-Алакөл және Ұржар өзені маңында кездеседі.

1. 2 Климаты

Қарастырып отырған аудандардың климаты негізінен құрғақ континентальды және климаты оңтүстіктен солтүстікке қарай өзгеріп отырады. Жазықтықтарда, таулы, шоқы аудандарында ауа темпратурасы тәуліктік және жылдық өзгеріп отырады. Бұл жердің қысы ұзақ әрі суық және жазы ыстық, құрғақ. Климат ерекшелігі таулы аудандарда біркелкі емес. Климаты тау жыныстарының орналасуына және жауын-шашының биктік бойнша өзгеруіне, ауа темпратурасына, ауа ылғалдығына, желдің жылдамдығының бағытына байланысты. Таулы және биік шоқы шыңдарында теңіз деңгейінен биктік пен рельеф формасына байланысты орта. Таулы белдеу өзіндік климат құрайды. Жоңғар Алатауының климаты әртүрлі [9] .

1. 3 Радиациялық теңдестік

Мұнда жазық аудандарда жылдық мезгілі радиациялық теңдестік 150 ккал/см 2 . Ал ұсақ шоқы және тауға жақын аудандарда бұлттар ұлғаятын жоғарғы қабаттарда жабуына байланысты радиатсиялық теңдестік азаяды. Мұнда шамамен 125 ккал/см 2 . Негізі көбінесе радиациялық теңдестік тауға түсетін радиацияға байланысты күз мезгілінде, қазан, ақпан айларында өте жоғары болады, ал сәуір айынан қарашаға дейін аз болады. Наурыздан маусымға дейін жазық аудандарда қарама-қарысы шашыранды радиация болады. Себебі ерімей жатқан қарлар мен мұздықтарға байланысты шашыранды радиация жарық аудандарда жылы және суық қыс мезгілінде болады. Мерзімдік қайтымды радиациялық балансқа бақылау желтоқсан айында жүргізіледі. Ең жоғарғы көрсеткіші қаңтар айында байқалады. Оңтүстік далалы жарық аудандарда анықталған температура инверсиясы солтүстікке сәйкес келеді.

1. 4 Ауа температурасы

Жылдық ауа температурасы солтүстік аудандарда 2-5 0 С-ге дейін жетеді. Ал Алакөл маңы жазық аудандарында 5-10 0 С-ге дейін жетеді. Солтүстік аудандарда ауа темепратурасы бірдей болып ерекшеленеді. Ал таулы аудандарда ауа температурасы -25 0 С, ал оңтүстік жазық аудандарда

-35 0 С құрайды.

Қыста оңтүстік жылы аудандарда күн жылына бастайды. Бұл көбіне қайталанып отырады, қаңтар, ақпан айларында кейде 3 күнге, кей жылдары 7-10 күндерге созылып кетеді. Жылдық тербелісте орташа тәуліктік температура 3 0 С-ден 10 0 С-ге дейін, ал максимальді температура қаңтарда 12 0 С-ге дейін жетеді. Осы аудандарда ауа температурасының қарқынды өсуі көктем мезгілінде байқалады. Орташа температура ең ыстық айларда шамамен 25 0 С-ді құрайды. Ал биктігі 3000 м жерлерде орташа температурасы 7-10 0 С-ді құрайды. Ал орташа жылдық орташа амплитуда тербелісі, ауа температурасы осы жабық аудандарда 35-45 0 С-ді құрайды.

Жоңғар Алатауы бөктеріндегі таулы аудандарда жазыққа қарағанда кіші ауа темпратурасы қалыптасады [9] .

1. 5 Ауа ылғалдығы

Жазық аудандарда жылы мезгілдерде су буының көп болуына байланысты жылдық орташа абсолютті ылғалдық 5-5, 5 мб құрайды. Ал жазық тасты жерлерде 6-6, 5 мб құрайды. Ал ылғалдығы жоғары аудандарда 7-8 мб. Бұл құбылыс таулы аудандарғада тән.

Алакөл маңында ылғалдылықтың жылдық абсолиютты амплитудасы 6-7 мб. Бұл аудандарда максималды ауа ылғалдығы қаңтар, ақпан айларында байқалады. Орташа жылдық ауа ылғалдылығы солтүстікте 6мб, ал оңтүстікте 9 мб құрайды. Ал қыс мезгіліндегі тапшылық солтүстікте 0, 3-0, 7 мб, оңтүстікте 0, 8-1, 7 мб мөлшеріне сәйкес келеді. Орташа жылдық тапшылық таулы аудандарда ауа ылғалдылығының биіктігінің өсуіне байланысты азайып отырады. Ал шамамен 6-8мб құрайды. Ауа ылғалдылығы жер бедеріне байланысты болады [9] .

1. 6 Топырақ және өсімдік жамылғысы

Топырақ және өсімдік жамылғысы жалпы аудандарда таралуы бойынша біркелкі емес. Ал жер бедерінің орналасуына байланысты және морфометриялық сйпаттамасына тығыз байланысты.

Алакөл маңында көбінесе сазды топырақ яғни батпақтар басым болады. Бұл жалпы аудандарда сазды, құмды далалық топыраққа тән. Солтүстік аудандарда ұсақ өсімдіктер басым, мысалы, жусан, бетеге, изен, қырықбуын т. б. Алакөл, Сасықкөл маңы негізінен қамыс, қоға тәрізді өсімдіктерге бай. Бұл жерлерде сазды батпақтар, құмды топырақтар, сары топырақ басым. Бұл жерлер қиақ, ши, теміртікенге бай, тауда қарағай, емен, қайың, шырша, терек ағаштары өседі.

1. 7 Атмосфералық жауын-шашын

Бұл аудандарда атмосфералық жауын-шашын бірдей емес. Бұл аудандардың солтүстігіне атмосфералық жауын-шашын аз түседі. Оның мөлшері шамамен 150 мм. Алакөл маңында атмосфералық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм құрайды. Таулы аудандарда 2-3 есе көп түседі, жазық аудандарда құмды жерлер көп болғандықтан су тапшылығы басым.

Жоңғар Алатауында ең үлкен жауын-шашын мөлшері, жаз мезгілінде әр түрлі байқалады. Жер бедері әр түрлі болғандықтан жауын-шашын түсуі бір келкі болмайды. Жауын-шашынның ең көп түсуі солтүстік Алакөл маңында және таулы аудандарда көктем мезгілінде байқалады. Ең аз жауын-шашын жаз, күз айларында байқалады [9] .

Жауын-шашын мөлшері теріскей Жоңғар Алатауында 70-80% мөлшерін құрайды, орташа таулы аудандарда қыс айларында 60% құрайды. Максималды жауын-шашын мөлшері Жоңғар Алатуаының ең биік шыңдарында байқалады.

1. 8 Жел режимі

Жел құрлыққа қарағанда ірі суаттарда, көл бетінде едәуір көп болады. Бұл құрлыққа қарағанда су бетінде кедір-бұдырлықтың аздығынан болады. Ауа ағысының ұзақ жүрісіне байланысты желдің жылдамдығы бәсеңдейді және жағадан 1-2 км аралығында тоқтап қалады.

Барлық Алакөл көлдері үшін су бетінен желді күшейтетін орын болуы керек, Жоңғар қақпасынан шыққаннан кейінгі ағынның кеңеюі Алакөлдің оңтүстік шығыс бөлегінің желінің жылдамдығын азайтады, ал ағынның қозғалысы су бетінің әсерін ұстап қалады. Көлдің үстіндегі ағынның таралуы болмаған кезде жел жақтағы жағадағы желдің жылдамдығы ық жағадағы желдің жылдамдығын көбейту керек.

Алакөл ойпатының желдің режимі күрделігімен, өзіне тән ерекшелігімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер жалпы синоптикалық процестердің әсер етуімен және жергілікті желдің туындауынан ауданның күрделі орографиясынан желдің өзгеруін анықтайды.

Алакөл ойпатының оңтүстік шығыс шетінде Жоңғар қақпасы аудандарында еліміздегі белгілі дауылды жел «жел полюсы» орын алады . Евгей желіне тудыратын негізгі процес болып Қазақстанның батыс аудандарындағы антициклонның басым болуы, оның негізгі орталықтары оңтүтік батыс және шығыс аймақтар.

2 АЛАКӨЛ АЛАБЫНЫҢ ГИДРОГРАФИЯСЫ МЕН МОРФОМЕТРИЯСЫ

Алакөл ойпаты-аллювиалды қалыңдығымен және көлдік шөгінділермен толтырылған тектоникалық тау аралық майысқан жер.

Оның жазықтық, түптік бөлігі төрттік және адам да ерте Балқашпен Алакөл ойпаты бір, кезінде кетілген Алакөл суатында қалыптасқан. Қазіргі кезде өзендердің және желдің жерінен орталық бөліктерде тектоникалық құрылыстардың жерінен сылуынан түбі қайтадан құралған.

Алакөл көлі төрт үлкен көлдің 95 %-ы су массасын құрайтын терең ағынсыз көл. Аймақтың көлденең өсінен бастап жоғары жағынан бастап аз сулы, ағынды көлдер орналасқан. Солтүстікте Қошқаркөл және Сасықкөл, оңтүстігінде артық суын Алакөл көліне құятын Жалаңашкөл [7] .

Көлдерге негігілері Тентек, Ұржар, Қатынсу, Емел өзендері құяды. Тентек өзені беткі жиынтық сағалардың 40 %-ын беріп, Алакөлдің орталық бөлігіне жалпы үш көлге тең кең атырау құрады. Алакөл көлінің оңтүстік шығыс және оңтүстігінде құрғап қалған қалған өзендер қатары байқалады.

2. 1 Гидрогеологиясы

Алакөл ойпаты табиғи және геологиялық құрлымы жағынан жер асты суларының құрылуына көп ықпал келтіреді. Жер асты суларының негізгі қоректену көздері Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Барлық-Майлы таулы аудандарында және тау етегі шелифтерінде кездеседі.

Алакөл қазаншұңқыры төрттік және шөгінді-төрттік кезеңдегі суды жақсы өткізетін борпылдақ шөгіндімен орталық бөлігіне дейін қамтылған. Геофизикалық зерттеулердің деректері бойынша жер асты суының көлемі 1000 метрден асады.

Гидрофизиктердің айтуы бойынша Алакөл ойпатының және ол жердегі көлдердің жер асты суларымен қоректенуі гидрогеологиялық жағыдайының біршама жақсарғанын көрсетеді таулы аудандарда атмосфералық жауын-шашының фильтыратциясы жерінен тектоникалық бөліну мол аудандарда жарылған сулар түзіледі. Бұл сулар біртіндеп өзен аңғарларына келеді де, біртіндеп Алакөл ойпаңына кетеді.

2. 2 Қар жамылғысы

Алакөл, Сасықкөл ойпаңдарында түсетін қар жамылғысы қараша, желтоқсан айларында байқалады. Жоңғар Алатауының солтүстік теріскей беткейлерінде артық су қоры көп. Таулы аудандарға сондай-ақ қар жамылғысы көп түседі және еру уақыты науырыз, сәуір айлары. Қар жамылғысының тығыздығы қыстың болуына байланысты. Қыс қатты болған жылдары оның тығыз орналасқаны байқалады. Таулы қыраттарда қардың қалыңдығы 0, 20 метрге жетеді. Ал биіктеген сайын өсе түседі. Ең жоғарғы тығыздық Жоңғар Алатауының мұздықтарында 2-3 есе көп болады. Максимальді су қоры қар жамылғысында тепе-тең емес. Таудың солтүстік батыс теріскейінде су қоры 500мм-ды құрайды. Қар жамылғысының еруі наурыз айында байқалады. Бұдан биік 2000-3000 м бикте қар жамылғысының еруі шілде, тамыз айларына дейін созылады. Жазық Алакөл ойпатында қардың еруі сәуірде айақталады.

2. 3 Термикалық режимі

Алакөлдің термикалық режимінен жылу баланысын анықтаудың негізгі факторы болып су массасының тереңдігі, желдің қарқындылығы, су массасының су толқынды араласуы болып табылады.

Жылу баланысы жүрісінен жылу бөлшектерінің жылдық циклі әсерінен термикалық режимі үш негізгі факторға бөлінеді:

  1. көктемгі-жазғы жылыну периоді (сәуір-шілде) ;
  2. күзгі-қысқы салқындау периоді (қыркүйек-қаңтар) ;
  3. Қысқы периоді (ақпан-наурыз) ;

Су массасының араласуы және стратификация типтері бойынша 4 фазаға бөлінеді:

1 Көктемгі-жазғы көл суы жиналғаннан бастап тура температурасының стратификациясы біртіндеп өсетін тұрақты температураның секіріс қабатының пайда болуына дейнгі кезең;

2 Жазғы-тұрақты секіріс қабаттарының пайда болуынан бастап судың турбуленттік және конвективті арна суы нәтижесінде сол қабаттың бұзылуына дейінгі кезеңде орын алатын фаза;

3 Күзгі изотермиялық секіріс қабаты бұзылғаннан бастап мұз құрсау орнағанға дейнгі кезең;

4 Қысқы изотермия мұз құрсау орнағаннан бастап көлдің мұздан айырлуына дейнгі кезең [10] .

2. 4 Мұздық режимі

Мұздың бірінші құбылыстары қабыршақ мұз бен анжыр көлдің солтүстік-батыс аз сулы шеттерінде орын алады. Көлдің негізгі терең бөліктерінде бірінші мұз түзілу тек желтоқсан айында пайда бола бастайды. Жер асты суының көп шығыуынан көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде сирек кездеседі [10] .

Көлдің терең және қазан шұңқырының бөліктігіне байланысты. Суат бетінде желдің болуынан тасқының қарқындылығы және желдің араласуынан жер асты суының келуінен және суының мұздылығының біртекті болмауынан Алакөл көлінің қатуы ұзақ және күрделі процесеске айналады.

Суының тұздылығының таралуына байланысты судың қату температурасы Ұржар өзені және басқа өзендерде және көлдің терең орталық аудандарында 0 0 С-тан 0, 5 0 С-қа дейін өзгереді.

Авиабарлаушылардың мәліметтері бойынша Алакөлдің мұзының қатуы көлдің солтүстік батыс шетінен бастап басталады. Ашық аудандарда қабыршық мұздар пайда болады да, біртіндеп басқа ашық аудандарға тарала бастайды. Бұл мұздар ұсақ және ірі мұздарға айналып желдің күшімен көлдің солтүстік батыс бөлегін басып қалады. Желсіз күндері және ұзақ, суық күндері оңтүстік батыс, оңтүстік шығыс бөліктерінде мұз жамылғысы орнайды. Орнаған мұз жамылғысы көлдің оңтүстік жартысында Евгей желінің әсерінен бұзылады. Тұтастай мұз жамылғысынан босағаннан кейін көлдің бетінде қалқып жүреді. Бұл аудандардың екінші рет қатуы метрологиялық жағдайларға байлансты бірнеше күнен үш аптаға дейін созылады. Мұздар бөлініп қалқыған мұздар бір-біріне жабысып биктігі екі метрге жететін сеңдерге айналады.

Алакөлдің барлық акваториясында мұз құрсау тек қаңтар айында, ақпан айының басында орнайды.

Алакөлдің терең аудандарында сең жүрумен қатар толқынмен жағаға шығып қабршық мұздар байқалады.

2. 5 Мұз қалыңдығы

Алакөлдің мұздылығының қалыңдығы қыс айының бірінші жартысында мұз қалыңдығы максимумы 15 см-ге жеткенде байқалады.

Алакөл көлінің мұз жамылғысының өсуі ауа темпратурасының жинақталған орташа тәуліктің кері әсерінен, әсіресе терең аудандары сеңді, жарқашақ сипатта болады. Мұз бетіндегі қардың қалңдығы 10 см-ден аспайды. Тегіс учаскелерде қар қатты оңтүстік батыс желінен сеңді жағаларға жиналып қалады. Ақпан және наурыз айларында мұз жамылғысының қуаттылығы төмен және жоғарғы жағынан ерудің әсерінен азайа бастайды. Көктемде күн жылынғанда мұздың еруінен мұз жамылғысы өзінің беріктігін жоғлта бастайды. Сүйтіп біртіндеп талқандалып кетеді [10] .

Алакөлдің барлық акваториясында мұздар ақпан және наурыз айларында еріп кетеді.

3 АЛАКӨЛДІҢ ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ

ФАКТОРЛАР МЕН БАЛҚАШ КӨЛІ ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ

АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАР

Су теңдестігінің көпжылдық және ғасырлық тербелісі климат пен өзен ағысының тербелістерімен анықталады. Және де негізгі климаттық фактор ретінде атмосфералық жауын-шашын қарастырылады. Көл деңгейінің өзен ағысы, жауын-шашындар мен ауа температурасы арасындағы байланысты анықтау мен зерттеу арқасында көл деңгейінің көпжылдық және ғасырлық жүрісінің заңдылықтарын анықтай аламыз. Алынған заңдылықтар бассейндегі жалпы гидрометерологиялық кезең үшін ағынсыз су қоймаларының жуықталған деңгейлерін қалпына келтрумен қатар, тарихи және геоморфологиялық мәліметтермен қалпына келтірілген көлдердің деңгейлері арқылы өзендердің ағыс мәндерін, жауын-шашын мен температурасының мәндерін қалпына келтірсе болады. Осыған сәйкес физико-географиялық жағдайы бірдей су қоймаларын бір-біріне қарап мәндерін қалпына келтіре береміз.

Кейбір су қоймалардың келтірлген байланыстарын зерттеу сұрақтары мен олардың әдістемелерін Г. Р. Юнусов, А. В. Шнитников, Р. А. Нежиховский, В. И. Коровин, т. б. ғалымдар жасаған. Алайда мұндай зерттеулер кеңінен дамымады, қалпына келтірілген деңгейлердің сенімділігі, дәлдігі, есептеу кезеңін таңдауда көптеген қателіктер жіберлді. Бұл жұмыста берілген байланыстарды зерттеу тәжірибесі мен Алакөлдің деңгейлерін қалпына келтіру мысалдары келтірілген [6] .

3. 1 Алакөл мен Балқаш көлі деңгейлерінің байланысы

Автордың жұмысында Алакөл мен Балқаш деңгейінің ғасырішілік және ғасырлық тербелісінің синфаздығы көрсетілген. Бұл көлдердің деңгейлік режимінде өздеріне тән ерекшелктері байқалған. Оларға: көп жылдық деңгейлер тербелісінің қарқындылығы (амплитуда) мен ішкі циклдардың максимумдарының түсіу уақыты жатады (сурет 4) .

Алакөлдің орташажылдық деңгейі амплитудасының ғасырішілік ырғағы 5-7-ні құраса балқаштікі 2, 3-3, 2-ні құрайды, яғни 2 есе көп. Қазіргі кез трансгрессиясы кезеңіндегі жалпы көтерлім Алакөлде 6 м, ал Балқашта 2, 3 м. Бақыланған кезең үшін қазіргі кезең трансгрессиясының максимумы Балқашта 1961 жылы, ал Алакөлде 1967 жылы яғни 6 жылға кештеу байқалған. Оның алдындағы трансгрессия максимумы Балқашта 1908-1909 жылдарында байқалса, Алакөлде 1917 жылға жуықтау яғни 8-9 жыл жылжуы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысының көлдерінің температура режимі
Алакөл ойысына физикалық-географиялық сипаттама және экологиялық мәселелері
Алакөл көліне қысқаша сипаттама
Алакөл көлінің суының химиялық құрамын зерттеу
Алакөл көлінің экологиялық жағдайы
Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы
Алакөлдің рекреациялық зонасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын, табиғи ландшафтарын зерттеу және бағалау
Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көліне
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Алакөл қорығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz