Қазақстан Республикасының саяси жүйесі



МАЗМҰНЫ
I. КІРІСПЕ
Жүйе ұғымы
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Механика-математика факультеті

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ

Қабылдаған: Басыгариева Ж.А.
Орындаған: АЖ-10-6А тобы
Сатынбекова Н.А.

Алматы 2012
МАЗМҰНЫ
I. КІРІСПЕ
Жүйе ұғымы
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
a) Қазақстан Республикасының саяси жүй есі
b) Оның құқықтық негіздері
c) Саяси институттар
d) Негізгі заңдар
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
ЖҮЙЕ ДЕГЕНІМІЗ – ҚҰРЫЛЫМЫ КҮРДЕЛІ, ҚҰРАМЫНДАҒЫ БӨЛІКТЕРІ ӨЗАРА РЕТТІ
ҰЙЫМДАСҚАН ӘРІ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘУЕЛДІ БАЙЛАНЫСТА БОЛА ОТЫРЫП, АЖЫРАМАС
ТҰТАСТЫҚ ҚҰРАЙТЫН, СОЛ НЕГІЗДЕ ІС-ӘРЕКЕТ АТҚАРЫП, ДАМЫП ОТЫРАТЫН ҚҰБЫЛЫС.
Қоғам құрамында сан алуан кіші жүйелер бар: дара адам, отбасы, ұжым,
әлеуметтік топ, саяси ұйым мен қозғалыс, т.б. Оларды экономикалық, саяси,
әлеуметтік және рухани жүйелер деп салалар бойынша да жіктеуге болады.
Саяси жүйе қоғамдағы сан түрлі әлеуметтік топтардың түпкілікті
мүдделерін бейнелейді, оларды іске асыруға арналған түрлі элементтер мен
механизмдерді біріктіреді және олардың саясатқа байланысты өзара қарым-
қатынасын тұтастырып отырады.
Саяси жүйенің құрылымын анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан.
Соның ішінде орыс ғалымы М. Х. Фарушкин ұсынған жіктемесін соңғы кезде
саясаттанушылар дұрыстап болып отыр. Саяси жүйенің басты элементі, өзегі –
саяси билік. Себебі, түптен келгенде бүкіл саяси жүйе саяси билікті
қамтамасыз етуге қызмет етеді. Ол қоғамдағы барлық адамдардың мүддесіне
қатысты.

Саяси жүйенің мәні оның атқаратын қызметінен (функцияларынан) көрініс
табады. Саяси жүйенің басты функциялары есебінде мыналарды атауға болады:
1. Саяси жүйе – қоғамның ахуалының, сыр-сиаптының, даму қайшылықтарының
бейнесі. Одан экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, демографиялық құрылымдар
мен рухани жағдайдың болмысы көрініс табады.
2. Саяси жүйе арқылы әлеуметтік мүдделер іріктеліп, топтастырылады, олардың
ішіндегі бірінші кезекті маңыздылары анықталады.
3. Саяси жүйе біріктірушілік, топтастырушылық міндет атқарады(консенсус,
тұрақтылық, тұтастық).
4. Маңызды әлеуметтік мүдделердің саяси шешім табуын және іске асуын
қамтамасыз етеді.
Саясаттанушы ғалымдар көбінесе саяси жүйелердің Г. Алмонд жасаған
жіктемесіне ой тоқтатады. ОЛ басты өлшем ретінде саяси мәдениет
айырмашылығын басшылыққа ала отырып, саяси жүйелердің мынадай типтерін
жіктейді: англо-американдық, континентальды-еуропалық, жарым-жартылай
индустрияландырылған және индустрияландырылмаған; тоталитарлық.

Негізгі бӨлім
Саяси жүйе мемлекеттің Конституциясымен белгіленеді. ҚР-ң
Конституциясы (5 бабында) саяси жүйенің элементтерінің өзара және
мемлекетпен қарым-қатынасын, мемлекеттің саяси жүйедегі орталық орнын (5
бап)  және принциптерін (1 бап) белгілейді.
ҚР қазіргі уақытта саяси жүйесі дем ократиялық болып табылады.
Мемлекеттің саяси жүйедегі негізгі ролі оған тән белгілермен байланысады.
Ондай белгілерге Конституцияда белгіленген мемлекеттік билік, биліктің
егемендігі (2, 3 баптар) тағы басқалары жатады. Саяси жүйемен азаматтық
қоғамның қарым-қатынасының ерекшеліктері мемлекет пен адамдардың қарым-
қатынасының ерекшеліктеріне негізделеді, өйткені саяси жүйенің орталығы –
мемлекет, заматтың, қоғамның отралығы – адам. ҚР-ң Конституциясының 1
бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары делінген. Қоғамның саяси жүйесін саяси функциялар
атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттар құрайды.
Мұндай институттарға мемлекет, партиялар, кәсіби одақтар және тағы басқа
ұйымдар мен қоғамдар жатады. Олардың бәрінің ортақ мақсаты – мемлекеттік
билікке қол жеткізу.
Енді Қазақстан республикасының саяси жүйесін, саяси институттарына
талдау салып, қысқаша жеке-жеке тоқталайық.
Табанды жүргізілген саяси реформаның нәтижесінде Қазақстанда
демократиялық саяси жүйе типі қалыптасты оған мынадай сипаттар тән:
- мемлекеттік құрылымда, негізінен, біртұтас мемлекеттік биліктің заң
шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне тармақталу принципі орнықты;
- мемлекет басшысын және өкімет органдарын жалпыға бірдей сайлау жүйесі
жүзеге асырылды;
- саяси көп түрлілік заңмен нығайтылды, көп партиялықтың орнығуына негіз
қаланды;
- мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі жасалып, жұмыс
істеуде;
- үкіметтік емес ұйымдар құрылуда;
- тұрғындардың барлық этникалық топтарының тең құқықтылығы заңмен
орнығып, іс жүзінде іске асырылуда.

КОНСТИТУЦИЯ
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз, егемен мемлекет Қазақстанның алғашқы
Конституциясы қабылданды. Ол жаңа мемлекеттің құрылуы мен республика
заңдарының қалыптасуында белгілі бір тарихи рөл атқарды. Алайда қоғамдағы
терең өзгерістер жаңа Конституцияны қажет етті, ол 1995ж. 30 тамызда
республикалық референдумда қабылданды. 1998ж. 8-қазанда Президент
ұсынысымен Парламент Конституцияға Парламенттің өкілеттілігін, қоғамдық
өмірдің демократиялық негіздерін кеңейтетін жиырмаға жуық өзгертулер мен
толықтырулар енгізді. ҚР Конституциясы кіріспеден, 9 тараудан және 98
баптан тұрады. Конституция бойынша, ҚР өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп есептейді. Мемлекеттің жоғары
құндылығы ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылады.
ҚР президенттік басқару формасындағы унитарлық мемлекет. Конституция
бойынша, халық мемелекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылады және
оны тікелей республикалық референдум, еркін сайлаулар арқылы, сондай-ақ,
мемлекеттік органдарда өз өкілдерін ұсыну жолымен жүзеге асырады.
Мемлекеттік билік Конституция мен заңдар негізінде, биліктің заң шығарушы,
атқарушы және сот билігі тармақтарына бөліну принципіне сәйкес жүзеге
асырылады. Бұл тармақтар бір-біріне ықпал ете отырып,өзара байланысты
болады. Конституция идеологиялық және саяси көптүрлілікті жариялай отырып,
әр түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашады.
Мемлекеттік және жеке меншіктің танылуы мен тең қорғалуының мәні зор.
Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи
қорлар мемлекеттік меншікте болады. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып
табылады. Мемлекет Қазақстан халықтары тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай
жасап, қамқорлық етеді. “Адам және азамат” тарауында азаматтық алу мен оны
тоқтату, азаматтардың жеке, экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени
құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ, олардың міндеттері туралы нормалар
жинақталған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жұзеге асырудың
материалдық, саяси және зандық кепілдіктеріне және ұлтаралық келісімді
қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.
Үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші тараулар Президенттің,
Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық кеңестің және соттардың мәртебесіне
арналған. Прокуратураға ерекше бап бөлінген, ол заңдардың, Президент
жарлықтарының, басқа да нормативті құқықтық актілердің дәл де бірыңғай
қолданылуына жоғары бақылауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесіне
өкілдік етеді. Жергілікті мемлекеттік басқаруға және өзін-өзі басқаруға
ерекше тарау арналған. Жергілікті мемлекеттік басқаруға мәслихаттар –
жергілікті өкілетті органдар және әкімшіліктер – жергілікті атқарушы
органдар жатады. 2001 жылдың 24-қаңтарында “Жергілікті мемлекеттік басқару
туралы” жаңа Заң қабылданды, онда мәслихаттар мен әкімшіліктердің
құзіреттері, олардың қызмет тәртіптері бекітілді.
ҚР Конституциясы жоғары заңдық күшке ие. Бұл барлық заңдар, Президент
жарлықтары, Үкімет қаулылары, барлықмемлекеттік органдардың басқа да
нормативті құқықтық актілері оның нормаларына негізделуі тиіс, оған қайшы
келмеуі керек дегенді білдіреді. Конституция республиканың территориясында
тікелей әрекет етеді. Бұл азаматтар сотта және басқа органдарда,
Конституцияның тиісті қағидаларын негізге ала отырып, өз құқықтары мен
бостандықтарын қорғауға құқылы дегенді білдіреді. Ал мемлекеттік органдар
даулы мәселелерді шешкенде Конституция нормаларын қолдана алады.
Қазақстанның халықаралық шарттары Конституцияға қайшы келмеуі тиіс.

ПРЕЗИДЕНТ
ҚР-ның Президенті – мемлекеттің сайланып қойылатын басшысы, ондағы ең
жоғары лауазымдық тұлға.
Президент кең өкілдіктерге ие: Үкіметті құрады, Парламенттің келісімімен
Премьер-министрді тағайындайды, оны қызметтен босатады; Парламенттің
жоғарғы палаталарын құруға белсене қатысады; заңдар мен заңдық күші бар
жарлықтар шығаруға құқылы; республикалық референдум өткізу туралы шешім
қабылдайды; Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып
табылады, Қарулы Күштер жоғарғы басшылығын қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады; республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу
жөніндегі Санақ комитетінің төрағасын 5 жыл мерзімге тағайындайды, төтенше
сипатты жағдайларда елдің бүкіл территориясында төтенше жағдай енгізуге
құқылы; азаматтарға кешірім беруді, т.б. жүзеге асырады.
Президент мынадай жағдайларда Парламентті тарата алады: 1) Үкіметке
сенімсіздік вотумы білдірілгенде; 2) Премьер-министрді тағайындауға келісім
беруден парламент қатарынан екі рет бас тартқанда; 3) Парламент
палаталарының арасында немесе Парламент пен мемлекеттік биліктің басқа да
тармақтарының арасында болған елеулі пікір алшақтығынан дағдарыс туғанда.
1998 ж. қазанда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев конституциялық реформа
жүргізуді ұсынды. Депутаттар мен мемлекет басшысының арасындағы
конституциялық реформаның өзекті мәселелеріне қатысты кейбір пікір
алшақтықтары шешімін тапқан, парламентариларийлермен болған пікір алмасудан
кейін, 1998 ж. 7-қазанда, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің біріккен
мәжілісінде біздің еліміздің 1995 жылғы Конституциясына алғашқы түзетулер
енгізіліп, “ҚР-ның Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы” ҚР-ның Заңы қабылданды. Негізгі Заңға барлығы 19 түзету енгізілді,
бұлар Презиленттің, Парламенттің, Үкіметтің, елдегі сайлау тәртібінің
конституциялық-құқықтық мәртебесіне тиісінше әсер етеді. Осы түзетулер
арқылы Президенттің өкілеттік мерзімі 5-тен 7 жылға дейін ұзартылды:
Президенттікке сайлануды 65 жаспен шектейтін шарт алынып тасталынды;
сайламды жарамды деп тану үшін кемінде 50% сайлаушылар дауыс беру керектігі
туралы талап алынып тасталынды; сондай-ақ, Президент мерзімінен бұрын
қызметінен кеткен немесе қайтыс болған жағдайда оның міндетін уақытша
атқару тәртібі енгізілді.
1999 ж. кезектен тыс Президент сайлауы өткізіліп, Н. Ә. Назарбаев жеңіске
жетті.
2000 ж. 27-маусымда ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысында
республика басшысының өмірлік мәртебесін анықтаған “ҚР-ның тұңғыш
президенті туралы” ҚР-ның конституциялық Заңы қабылданды.

ПАРЛАМЕНТ
ҚР-ның Парламенті 1995 ж. 30-тамызда бүкілхалықтық референдуммен
қабылданған Конституцияға сәйкес, заң шығару қызметін жүзеге асыратын
жоғары өкілетті орган болып табылады. ҚР-ның Жаңа Негізгі Заңына сәйкес
Парламент екі рет – 1995 ж. және 1999 ж. сайланды.
Парламенттің құрылымы екі палаталы: жоғарғы палата – Сенат, төменгі палата
– Мәжіліс.
Сенат депутаттары әрбір облыстан, республикалық мәндегі қаладан және ҚР-ның
астанасынан екі адамнан, осы облыстағы, республикалық мәнге ие қаладағы
және ел астанасындағы барлық өкілетті органдар депутаттарының біріккен
мәжілісінде сайланады. Сенаттың жеті депутатын Парламенттің өкілеттік
мерзіміне Президент тағайындайды.
Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат республиканың
әкімшілік-территориялық бөлінісін ескеріп құрылған және сайлаушылар саны
шамамен бірдей болатын бір мандатты территориялық сайлау округтері бойынша
сайланады. Он депутат тең дәрежелі өкілеттілік және біртұтас жалпы ұлттық
сайлау округі территориясы бойынша партиялық тізім негізінде сайланады.
Әрбір Палатаның өзінің өкілеттік күші жүретін қызмет аймағы бар, сонымен
бірге бірқатар өкілеттіліктерді бірге отырып жүзеге асырады.
Конституцияның 55-бабына сәйкес Сенаттың тікелей құзырына мыналар жатады:
Президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы сот төрағасын тағайындау және
қызметінен босату; Президенттің Бас прокурорды және Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру; Бас прокурорды, Жоғарғы
сот төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергілікті өкілетті органдардың
өкілдігін мерзімінен бұрын тоқтату; Президентті қызметінен босату туралы
Мәжіліс көтерген мәселені қарау, т. б.
Мәжілістің жеке құзырына мыналар жатады: тиісті заңдар жобаларын қарауға
қабылдап алу және қарау; Парламент қабылдаған заңдарға Президенттің
қарсылығы бойынша ұсыныстар дайындау; Президенттің ұсынысы бойынша Орталық
сайлау комиссиясы төрағасын, төраға орынбасарларын, хатшылары мен мүшелерін
сайлау және босату; Президенттің кезекті сайлауын жариялау және оның
кезектен тыс сайлауын өткізуді тағайындау, т. б.
Парламент Палаталарының біріккен мәжілістерінде: Президенттің ұсынысы
бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық
заңдар қабылдайды; республикалық бюджетті және Үкімет пен бюджеттің
орындалуын бақылау жөніндегі Санақ комитетінің есептерін бекітеді;
Палаталардың әрқайсысындағы депутаттардың жалпы санының үштен екісінің
дауыс беруімен, Президенттің ұсынысы бойынша, оған бір жылдан аспайтын
мерзімге заң шығарушылық өкілеттік беруге құқылы; Президенттің Премьер-
министрді, Ұлттық банк төрағасын тағайындауын бекітеді; Үкіметке
сенімсіздік вотумын білдіре алады; соғыс және бейбітшілік мәселелерін
шешеді; республикалық референдум белгілеу туралы ұсыныс енгізеді, т. б.
Тұтастай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйенің функциялары
Атқарушы билік органдарының жүйесі және құрылымдары
Саяси жүйенің құрылымы. Саяси жүйенің басты элементі, өзегі - саяси билік
Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде
Сайлау жүйесі ұғымы
Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары өзара шарттас
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
Конституциялық Кеңесті құжаттау және оның құжаттамасын басқару
Конституциялық құқық әдістері
Сайлау жүйесіне жалпы түсініктеме
Пәндер