Бухгалтерлік есептің және аудиттің ақпараттандырылған жүйелерінің қолданыстағы бағыттары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Бухгалтерлік есеп жүргізуде пайдаланылатын ақпараттық технологияларға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Бухгалтерлік есепті және аудитты автоматтандырудағы ақпараттық технологиялардың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қаржылық есептіліктің халықарылық стандартына(ҚЕХС) сәйкес автоматтандыру процесінің даму қарқыны және бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесін құрудағы өзекті мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Компьютерлік аудитті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ІІ. Бухгалтерлік есептің және аудиттің ақпараттандырылған жүйелерінің қолданыстағы бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 Компьютерлік бухгалтерия нарығына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 «Алтын» компьютерлік бухгалтериясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.3 «Алтын» компьютерлік программасын ҚХЕС.на көшіру процедурасы ... ... .47
2.4 Бухгалтерлік есепті 1С:Бухгалтерия жүйесінде жүргізу ... ... ... ... ... .50
2.5 1C: Бухгалтерия программасында ҚЕХС бойынша есеп жүргізу ... ... ... ... ... 73
2.6 Негізгі түсініктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...77

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...80
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...82

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Бухгалтерлік есеп жүргізуде пайдаланылатын ақпараттық технологияларға
жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Бухгалтерлік есепті және аудитты автоматтандырудағы ақпараттық
технологиялардың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қаржылық есептіліктің халықарылық стандартына(ҚЕХС) сәйкес
автоматтандыру процесінің даму қарқыны және бухгалтерлік есептің
автоматтандырылған жүйесін құрудағы өзекті
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...7
1.3 Компьютерлік аудитті
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...10

ІІ. Бухгалтерлік есептің және аудиттің ақпараттандырылған жүйелерінің
қолданыстағы
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Компьютерлік бухгалтерия нарығына
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Алтын компьютерлік
бухгалтериясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.33
2.3 Алтын компьютерлік программасын ҚХЕС-на көшіру процедурасы ... ... .47
2.4 Бухгалтерлік есепті 1С:Бухгалтерия жүйесінде жүргізу ... ... ... ... ... .50
2.5 1C: Бухгалтерия программасында ҚЕХС бойынша есеп
жүргізу ... ... ... ... ... 73
2.6 Негізгі
түсініктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .77

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .80

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .82

Кіріспе
Ақпараттық технологиялар және қолданбалы программалар жүйесінің соңғы
жетістіктері коммерциялық және мемлекеттік ұйымдардың ақпараттарды
қабылдауда, ұйымдастыруда, бухгалтерлік есеп жүргізуде, басқаруда, аудит
жүргізуде, шешім қабылдау қызметтерін ұйымдастыруда жаңа концепцияларға
алып келді. Кез- келген мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар өз жұмыстарын
жүргізу барысында, ұйымның іс жүргізу эффективтілігін арттыратын,
персоналды компьютерлердің көмегінсіз айналып өте алмайды. Ал Қазақстан
Республикасындағы рыноктық экономика жағдайында ақпараттық
технологиялардың, қолданбалы программалардың көмегімен республикамыздың
өндірістік саласын, бизнес саласын, мемлекет қарамағындағы көптеген
салаларды автоматтандыру қарқынды даму үстінде. Соның ішінде ақпараттық
технологияларды қолданатын және автоматтандыруды ерекше қажет ететін,
саланың бір элементі ретінде Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған
жүйесі(БЕАЖ) жатады.
Мақсаты Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің 2005жыл 22
желтоқсанындағы № 426 үкіміне сәйкес Бухгалтерлік есепті ҚЕХС сәйкес
жүргізу керек. Яғни алда тұрған мәселе соған сәйкес программалық өнімнің де
есеп жүргізу технологисы сол стандарттарға сай және жаңа шоттар жоспары мен
жүргізілу қажет. Көрсетілен үкім талатарын орындау мақсатында
Республикамызда қызмет етіп отырған кәсіпорындар ҚЕХС-на толықтай көшу
науқаны басталып кетті, сәйкесінше ақпараттық технологиялар мен
программалық өнімдерді талаптарға сай келетіндей етіп жетілдіруге деген
қажеттілік те туындап отыр. Программалық өнімді жетілдіруге,
сәйкестендіруге қойылған талаптар тек үкім талаптарын қанағаттандырып қана
қоймай, әр бір қызмет етіп отырған кәсіпорында үлкен концепсияға алып
келері мәлім.
Құрылымы ҚР Қаржы министрлігінің 2005жыл 22 желтоқсандағы № 427
жарлығымен бекітілген қазақ және орыс тіліне аударылған ҚЕХС сәйкес
формалары көрсетілген толықтай программалық өнімнің жаңа версиялары алынды.
Жетілдірілген программалық өнімдерің жаңа версиялары кәсіпорынның есеп
жүргізу технологиясының даму қарқынына толықтай сәйкестендіріліп
құрастырылған.
Олардың даму қарқындарын келесі факторлармен ұштастырып көрейік:
Бірінші фактор, Қазақстан республикасындағы басқарудың экономикалық
құрылымының қайта ұйымдастырылуы және қалыптастырылуы, яғни әр түрлі меншік
формасына кіші және орта кәсіпкерліктің( ашық және жабық типті акционерлік
қоғам, жауапкершілігі толықтай және шетелген жолдастықтар, жеке
кәсіпкерлік) негізгі топтарының құрылуына байланысты.
Екінші фактор, Республикамызда есеп жүргізу саясаты және әдістемесі
халықаралық талаптарға сай келетін бухгалтерлік есеп стандарттары және
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының (ҚЕХС) енуімен
байланысты.
Үшінші фактор, Қажеттілігімізді қамтамасыз ете алатын шет елдік
қолданбалы компьтерлермен жабдықтамалардың шығуына байланысты.
Дербес ЭЕМ- нің дамуына байланысты кәсіпорындарда бухгалтерлік
есеп жүйесін автоматтандыру 90 жылдардан бастап есептеу орталығынан, жүйені
автоматтандыру бөлімдерінен тікелей бухгалтердің жұмыс орнына берілді.
Содан бері бухгалтерлік есеп, қазіргі экономика жағдайында кәсіпорындардың
барлық меншік формалары мен мөлшерлерінің қаржы – шаруашылық қызметі жайлы
ақпараттарын тіркеудегі, өңдеудегі және сақтаудағы кеделі экономикалық пән
болып отыр. Қазіргі кезде қазақстандық, шетелдік, ресейлік фирмалар ірі
және шағын кәсіпорындарға бағытталған ең озық үлгідегі жаңа технологияға
негізделіп жасалған кешендік бухгалтерлік программаларды ұсынуда.(256 ҚЕ)
Бүгінгі күндері, үлкен ұйымдарадғы комплексті шешімін табуға арналып
заман талабына сай технологиялар негізінде құрылған бухгалтерлік есептің
ақпараттық жүйесінің жабдықтамаларын жасап шығарумен және сатумен
айналысатын әр түрлі шетелдік фирмалар айналысады. Бұларға жататындары:
АйТи, Галактика, Диц 1С:, Парус, Информатика, Инфо Софт, Инфин, Инек,
Комтек+, Ланкс, ЛокИс, НикоСофт, Гарант, Консультант+, Кодекс және
басқалары Цефей, комплексті БЕАЖ дегі аналитикалық мүмкіндіктерге көптеп
көңіл бөлуде. Қажетінше мұндай программаларды қазіргі кезде ҚР БЕАЖ есеп
саясатына, қызмет ету сферасына, есептік және қаржылық операцияларының
көлемі мен спецификасына, мамандарының квалификациясына қарай таңдайды.
Кез келген кәсіпорында бухгалтерлік есепті автоматтандыру, онда
бухгалтерлік программалар жүйесін жасау деген сөз. Қазіргі уақытта сондай
программалық жүйелерді жасауда, кәсіпорынның өз күшімен программалық
кешендер жасау емес, автоматтандыру мәселелерін тиімді шешетін дайын
программалық өнімдерді сатып алуда. Алайда осындай программалар
кәсіпорынның барлық ерекшеліктерін (кызмет аясьн, ұйымыньң көлемін,
автоматтандыруға қойылатын талаптарды) қанағатгандыра алмайды, сондықтан
олар параметрлік икемге келтіру үшін үлкен резервпен жасалады және
программаның негізгі сипаттамаларын кеңінен түрлендіруге қосымша
мүмкіндіктер береді. Осыған байланысты программалық кешенді нақты жұмыс
жағдайына бейімдеу қажеттілігі туады.
Өзектілі Бухгалтерлік программалардың құрылымы икемді және ашық жүйелі
болуы керек. Бұл бухгалтерлік есеп саласында болатын өзгерістерге
байланысты кез келген уақытта үлгіге (бухгалтерлік формаға) өзгеріс енгізе
алады деген сөз. Бұл талаптар автоматтандырылатын объектілердің қатаң
параметрленуі және модульдік принцип бойынша іске асырылады.
Икемді күйге келтірудің біреселігі (ендіру сәтіне), жүйедегі
пайдаланушылардың санын, физикалық құрылғылардың ерекшеліктері мен құрамын,
қызмет керсету барысында технологиялық ерекшеліктерін, сонымен қатар
бухгалтерлік технологаяның өзгеруін қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік
технологиялардың өзгеруіне байланысты (шоттар жоспары және баланс құру
алгоритмінің өзгеруі) икемді күйге келтіру ағымдағы болуы мүмкін, мұндай
жағдайда оны бухгалтердің өзі жасай алады.
Икемді күйге келтіру спекторына байланысты кәсіпорындағы программалық
өнімнің бейімделуі және енгізілуі 1-2 айдан 3 жылға дейін, кейде менюді
икемді күйге келтіру, есеп беру формасын жасаудан бастап мүлдем жаңа
программалық модуль жасауға дейін өзгереді. Жүйені икемді күйге келтіруді
шартты түрде келесі жұмыс мезетіне бөлуге болады:
• кәсіпорында қолданылатын шоттар жоспарын құру;
• талдамалы есеп жүргізуді ұйымдастыру;
• бастапқы қалдықтарды енгізу;
• алғашқы құжаттар жинтығымен қамтамасыз ету;
• керекті бухгалтерлік проводкаларды құру;
• стандартты емес есеп беру үлгілерін құру.
Қазіргі кезде әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындарда
бухгалтерлік есеп жүргізу деректерді компьютерлік өңдеусіз тиімділігі
шамалы, сондықтан жаңа технологиялар негізінде бухгалтерлік программалар
жасау жұмысының үлкен мәні бар.
Кез-келген ұйымда бухгалтердің рөльі өте зор. Көптеген жауапкершілікті
мойнына алатын бухгалтерлер жұмысын сапалы жүргізүге анық және тез арада өз
ісін бітіруге БЕАЖ айтарлықтай қажет. Инвесторлар, меншік иелері ,
мемлекеттік реттеу органдары, салық органдары, менеджерлер қаржылық
ақпаратты бухгалтерлерден талап етеді. Сол себептен де БЕАЖ де
құнрастырылатын есеп беру формаларын күннен күнге жетілдіре түсу қажет.
Қазақстан республикасындағы БЕАЖ нарығының қарқынды дамуына қатысты,
жоғарғы оқу орнында дайындалып жатқан жас мамандар заман талабына сай
ақпараттық технологиялардағы БЕАЖ нің функционалдық мүмкіндіктерін
бухгалтерлік салада кәсіби қолдана алатын дәрежеде болу керек.

І. Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын ақпараттық технологияларға жалпы
сипаттама

1.1 Бухгалтерлік есепті және аудитты автоматтандырудағы ақпараттық
технологиялардың рөлі

Мемлекеттік, қоғамдық коммерциялық ұйымдардың құрылымындағы ақпараттық
ресурстар нарығын зерттеу, құрылып отырған БЕАЖ бағытын анықтауға мүмкіндік
туғызады. Отандық ақпараттық ресурстардың ерекшеліктерін және халықаралық
біріккен БЕАЖ құру тәжрибелерін үйрене отырып өз елімізде БЕАЖ-нің жалпы
методологиялық, ұйымдастырылған-техникалық қағидаларын қалыптастыруға
мүмкіндік туындауда. БЕАЖ-ін жобалау барысында олардың жалпы қағидаларының
және спецификалық ерекшеліктерінің бар екенін ескере кеткен жөн. Жалпы
қағидаларға: Бірінші тұлға қағидасы, жүйелі қадым қағидасы, сенімділік
қағидасы, үздіксіз даму қағидасы, сиымдылық қағидаларын жатқызамыз:
- Бірінші тұлға қағидасы, әр түрлі басқару деңгейіндегі
жауапкершілік реті мен соңғы шешім қабылдау құқығын анықтайды.
- Жүйелі қадым қағидасы, БЕАЖ жобалау барысында автоматтандыру
шартын сәйкес объектінің басқармасынан бастап жалпы
мақсаттарына, функциялану сындарына дейін талдау жасауды
анықтайды.
- Сенімділік қағидасы, әр түрлі әдістермен қамтамасыз етілетін
БЕАЖ сенімді жұмыс атқаруын сипаттайды.
- Жүйені үздіксіз дамыту қағидасы, өзгертулерді ұйымдастырудың
қажетінсіз-ақ оның мүмкіндіктерінің үлкеюін анықтайды.
- Үнемділік қағидасы, жаңа БЕАЖ –нің тиімділігі шығынды көп
шығармау болып табылады.
- Сиымдылық(Совместимость) қағидасы, осы жүйеде жұмыс істейтін
бухгалтерлердің қызығушылықтары мен квалификациясын және
кәсіпорынның құрылымын есепке алуды анықтайды. БЕАЖ-де алғашқы
ақпарат көзіне байланысты есептің әр түрін (оперативті,
бухгалтерлік, статистикалық) интеграциялайды. Бұл жағдайда әр-
бір есеп түрінде өз ара бөліну пайда болмайды, бірақ олардың әр
қайсысы өз функциясын орындап, өз есептерін шешеді.
- Қарама-қарсы байланыстық қағидасы, негізгі қаидалардың бірі
болып табылады. Себебі Бухгалтерлік есептерді жүргізіп
болғаннан кейін, жүргізілген есептермен қарама – қарсы байланыс
жасауға болады. БЕАЖ қарама-қарыс байланыстың әділ алынған,
шынайы ақпарат көзі. Сол себептен тек осы ақпарат көзін
кәсіпорын басқарушысы шешім қабылдау үшін пайдаланады.
Кез-келген кәсіпорынның бүхгалтелік есебін автоматтандыру деген сөз БЕАЖ
құру дегенді білдіреді. Қазіргі кезеңде бухгалтерлік автоматтандыру деген
кәсіпорынның өзі комплексті программаны өз күштерімен құруды емес,
автоматты жолмен есепті эффективті түрде шешетін прогамманы сатып алу
дегенді білдіреді.
Программаның қайсы біреуі болмасын кәсіпорынның ерекшеліктерін
(қызмет ету саласы, ұйым көлемі) қомақты түрде есепке ала алмайды, сол
себептен программаның негізгі қызмет атқару функцияларын, сипаттарын және
параметр түзетілетіндей етіп кең көлемді резервтермен құрылады.
БЕАЖ бухгалтерлік салада өзгерістер болған жағдайда программа
модельін де өзгертуге мүмкіндік болатындай етіліп ауыспалы құрылыммен және
ашық жүйеде жасалуы тиіс. Басқаша айтсақ, қажеттілігімізге қарай
программаның функционалдық мүмкіндіктерін өсіре алатындай, ашық, өзгермелі
болып құрылу керек. Бұл талап автоматтандырылатын объектінің қатаң түрде
параметрлендіру және модульдендіру деген қағидасына енгізіледі.
Бұл жүйенің ыңғайлылығы, программа құрусыз-ақ, дағдылануға және
параметрлеуге негізделген. Программаны қолдану қызметіне қарай әр-түрлі
жағдайда түзетуге болады:
- Енгізу барысында, яғни қолданушылар санына қарай, физикалық
құрылғыларының құрамындағы ерекшеліктеріне қарай, қызмет
көрсетудің технологиялық ерекшеліктеріне қарай, сондай ақ,
бухгалтерлік технологиялардың : Шоттар жоспарының өзгеруі,
баланс құру алгоритімі ерекшеліктеріне қарай түзету енгізу.
- Кез-келген мезетте, яғни ондай түзетуді бухгалтердің өзі
орындайды.
Қазірге кезде меншік формасы әр түрлі кәсіпорындарда мәліметті
компьютерсіз өңдеу бүхгалтерлік іс жүргізушілер үщін эффективті емес,
сондықтан қабылданып отырған жаңашыл ақпараттық технологиялар негізінде
БЕАЖ құру және функциоландыру айтарлықтай маңызды рольге ие.
Бухгалтерлік есепті автоматты түрде жүргізуге арналған ақпаратты жүйелерді
шартты түрде үш топқа бөліп қарауға болады:
1) Шағын жүйелер
2) Кіші және орта кәсіпорындарға арналған әмбебап жүйелер.
3) Ірі кәсіпорындарға арналған комплексті жүйелер.
- Шағын жүйелер, әр-бір бөлімшенің есебін спецификалық тұрғыдан емес
жалпылама қосынды ретінде қарастыратын, кішігірім айналыс жасайтын, жүйенің
функционалды мүмкіндіктерін көп талап ете бермейтін кәсіпорындарға
арналған, мұндай ақпаратты жүйелерге: ГЛАВНЫЙ БУХГАЛТЕР, 1С:БУХГАЛТЕРИЯ.
-Әмбебап жүйелер, құрамында барлық бөлімшелерінің толықтай есебін
жүргізетін функциясы бар терең терең аналитикалық есеп жүргізуге арналған
жүйе болып табылады, мұндай жүйелерге: ЛУКА, ТСВ БУХГАЛТЕРИЯ, ПАРУС және
т.б.
- Ірі комплексті жүйелер, белгілі бір бөлімшелердің есебін өз алдына
жүргізіп ( мыс: Негізгі құралдар, Банктік операциялар, Касса,
Жалақы, Материалдар, Қойма және т.б. Сонан соң локальді есептегіш
байланыс желілері арқылы есепті бір жүйеге біріктіретін, яғни келтіретін
үлкен кәсіпорындарға арналған жүйелер болып табылады.
Мұндай жүйелердің негізгі қасиеттері мәліметті өңдейтін және
басқаратын қуатты мүмкіндігінің болуы және кіріс пен шығыс формаларында
есеп беретін қуатты генераторының болуымен ерекшеленетін жүйе мұндай
жүйелерге: ЛУКО-ПРО, ИНТЕГРАТОР, БОСС 1,0, RS-БАЛАНС, СУПЕР-МЕНЕДЖЕР және
т.б. жатады.
БЕАЖ таңдау әр- түрлі факторларға байланысты: Меншік формасына(ОАҚ,
ЖШС және т.б.) кәсіпорын көлеміне , қызмет ету саласының санына, есептік
және қаржылық операцияларының көлемі мен спецификасына, есептегіш
техникалары мен телекоммуникациялық құрал жабдықтарына және т.б. факторлар
әсер етеді.
Есептік мәліметті эффективті ұйымдастыру үшін әр-бір желідегі
абоненттік ақпаратқа қол жеткіөе алатындай етіліп бухгалтерлік есептің
ыңғайлы автоматтандырылған жұмыс орнын дайындау қажет.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі
таралып келеді. Осы БЕАЖ төменгі кестеде көрсетілген:
Кесте 1. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі

Программалық өнімҚұрастырушы Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер
атауы фирма
Шағын жүйелерӘмбебап Комплексті
жүйелер басқару
жүйелері
Лука ПлюсМикро + + +
Галактика Галактика - + +
ТСВ БУХГАЛТЕРИЯ ТСВ СОФТ + + -
SOLOMON4 + + -
Navision Navision - + +
Financials Software
1C: Предприятие 1С - + +
Scala Scala EMEA - + +
Алтын Интер + + -
Компьютер
Сервис
BusinessExpress TOKRAU IT + + -
ИНТЕГРАТОР ИнфоСофт + + +
КВЕСТОР КВЕСТОР - + +
Audit expert Про-Инвест + + -

1.2 Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес автоматтандыру
процесінің даму қарқыны және бухгалтерлік есептің автоматтандырылған
жүйесін құрудағы өзекті мәселелер

Көріп отырғанымыздай БЕАЖ дұрыс таңдау, оптимальды шешім қабылдау әр
бір кәсіпорынның алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Сондықтан да
жоғары да айтылып отырған Қазақстаннық кәсіпорындарының БЕАЖ таңдауға
қатысты факторларды толықтыру үшін шет ел, соның ішінде дамыған батыс
елдерінің көп жылдық тәжрибесіне талдау жасап көрелік.
Батыстық тәжрибенің көрсетіп отрғанындай нарық сегментіне қарай: ірі, орта,
шағын адам қызмет ететін барлық саладағы кәсіпорындардың қолданатын
программалық өнімдеріне талдау жасалып, тәуелсіз түрде ұйымдасқан кәсіби
ұйымдар програмалық өнімдерге сертификат берумен айналысады. Батыстық нарық
жағдайында, әрине ондай сертификат берумен, реттеумен, айналысатын тәуелсіз
фирмалар құрылған жөн, себебі оларда өндірілетін программалық өнімніңі түрі
біздегіден әлде қайда жоғары. Әрине бұл біздің республикамызда да өзекті
мәселелердің бірі. Програмалық өнімді сатып алып жатқан клиент Бизнес-
сарапшы болуы міндетті емес; барлық ақпарат көзімен толық қамтылған, таныс
болған күннің өзінде ол программалық өнім туралы дұрыс талдау жасай алмауы
мүмкін. Программаны таңдау барысында талдау жасалатын негізгі этаптарға
нұсқау жасап кетейік:
Алғашқы этап:
- Кәсіпорнның глобальды мақсатын анықтау, бұл таңдаған
программалық өнімнің көлемін анықтауға қажет.
- Қандай да мәлімет түрін сараптауды анықтау, бұл бақару және
жоспарлау үшін қажет.
- Қажетті програманың идеалды функцоналық мүмкіндіктерін
тізбектеп көрсету.
- Бөлімшелерді автоматтандырудың мәселесін қарастыру.
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайына байланысты программаның құнына
мән беру.
Айта кететін жайт соңғы этап программалық өнімді таңдаудағы ең қажетті этап
болып табылады. Мысалы: компания А коммерциялық қызметпен, яғни, азық-
түлік сататын дүкен желілері түрінде құрылған. Программалық өнімді таңдауда
бұл магазиннің алғашқы этабында, Мысалы:
- А компаниясының глобальды мақсаты күнделікті сату қызметінен
нақты табыс алатын болғандықтан А компаниясы оперативті
орталықтандырылған кәсіпорынның есебін жүргізеді.
- Қажетті мәлімет түріне: сатудан түскен табыстың күнделікті
есебі, қоймадағы қалған өнімнің есебі, тауарды жеткізушілер
есебі,тауар сапасы туралы есеп, жеткізушілердің тауарларының
өтімділігі туралы есепке талдау жасау үшін қажет.
- Қажетті программаның функционалдық мүмкіндіктері:
а) Программалық өнімнің моральдік жарамды мерзімі бес жылдан кем болмау
керек
б) Программалық өнім Microsoft Office программасымен параметрлері сәйкес
келу керек.
в) Көптеген тілде жұмыс істеу қабілеттілігі болу керек.
- Бірінші кезекте сату орындарын, сонан соң админстративті
бөлімді автоматтандырған жөн.
- Автоматтандырудың кәсіпорын үшін экономикалық эффективтілігінарттыру
мақсатында қолдану, яғни сатып алатын программаның көмегімен көптеген
үнемділік келтіру қажет.
Статистикаға сүйене отырып кәсіпорынның бюджетін жоспарлағанда
программалық өнімге шағын бір жылға АҚШ долларынан аспауы керек.
Программа таңдаудың бірінші этапы жоғарыдағыдай түрде жүргізілсе
кәсіпорынның шығындарын азайтуға және сапалы программалық өнімді иемденуге
мүмкіндік туындайды.
Керекті программаны таңдаудың екінші этапы, прграммалық өнімнің
өзінің түрлері. Осы прграммалық өнімнің әр бір түріне қатысты нарық
сегменті бар: Ірі кәсіпорындар үшін, орта кәсіпорындар үшін, шағын
кәсіпорындар үшін.
Егер көрмеге қойылған программалық өнімдер болса оларды, көрсетілген
маркетингтік үлгілері бойынша шамамен үш негізгі сегментке бөліп
сипаттайды. Біздің елімізде көрмеде қойылған программалық өнімдердің ішінде
міндетті түрде Батыс Еуропа елдерінің өндірушілерінің өнімдері кездеседі.
Батыс Еуропадағы ірі кәсіпорын мен орта кәсіпорын арасындағы түсінігімен
біздегі түсінік арасында айырмашылық бар.
Көптеген программалық өнімдер ТМД елдерінің талаптарына жауап бере
алмайды яғни, кейбір стандарттарды қайта өңдеуге тура келеді. Батыс Еуропа
елдерінде программалық өнімдерге сертификат береді. Сертификат берудің
басты мақсаты, қолданушылардың құқығын толықтай қорғау. Программалық өнімді
қолданушыларға сапасының жақсы екендігін дәлелдеу үшін сертификацияны
компьютерлік программалар арқылы жүргізеді және әрбір программалық
өнімдерге көрсеткіштер қойылады. Біздің елімізде де мұндай индустрия
жеткілікті қарқынмен дамуда.
Заман талабына сай, ірі және орта кәсіпорындар үшін, корпаративтік
ақпарат жүйелерін қолдану өзекті мәселе. Замн талабы нарықтық эконимикада
нақы нәтежиелерге жету, яғни кәсіпрын инфроқұрылымын нақтылап анықтау үшін
кәсіпорынның динамикалық өсуін жаңашыл коммуникациялық шешімдерді табу
болып табылады.
Кәсіпрынның ақпараттық жүйесін жоспарлау барысында, әсіресе ірі
кәсіпорындарда дифференциалданған бір-біріне қатысты талаптаға көңіл бөлу
қажет. Ақпаратты жүйе әр-түрлі параметрлеріне байланысты көлемін өзгертуге,
ақпараттың қауіпсіздігі сақталуын қамтамасыз етуге және программаны енгізу
барысында түзетулер енгізуге қолайлы болу керек.
Осы күнге дейін корпоративті жүйелерде ORACLE, INFORMIX және UNIX
типті болып келді. Мұндай машиналар тек шартты түрде себепкер болып
табылады. Үлкен базалы тарихи корпаративті жүйелер IBM типтес үлкен
машиналарда бизнеске қатысты мәліметтер сақталады және өңделеді. Қазіргі
кезде микропроцессорлы программалық құрылғылардың жеткілікті түрде дамуына
байланысты, осы саладағы жағдайлар үлкен өзгерістерге ұшырады. Мысалы INTEL
корпорациясы жасап шығарған DESHUTTE микропроцессорларының көмегімен жұмыс
станцияларына RC серверлерін орнату арқылы корпоративті желілермен көптеген
мәліметтер алмасуға мүмкіндік алды.
Негізгі даму қарқынына қарай MICROSOFT WINDOWS NT программалық
жабдықтамасы корпоративті стандарт реінде қолданысқа көп еніп келеді. Бұл
керсеткіш АҚШ –та 60%, Еуропада 50% кейбір жасалған болжамдар бойынша бұл
программаның қолданыс аясы 2008 жылдары жер жүзінде 95% жетеді дейді.
MICROSOFT өнімдеріне келетін болсақ MS Back Office программасы қолданысқа
көп енетін түрі бар. Бұлай қабылданған шешім талқысыз орта және шағын
бизнеске эффективті екенін көрсетеді. Осы топтамада пайда болған жаңа
MICROSOFT WINDOWS NT SERVER 7.0, SQL SERVER 7.0 ірі корпоративті
желілерде көрсетілмеген MICROSOFT компаниясы нарық сегментінде көптеген
жұртты қызықтырды. MS Back Office программасының әлсіз жері ірі
кәсіпорындарды қамтамасыз ететін мәліметтер базасын басқару жүйесінің
жеткіліксіздігі.
Қазақстан Республикасының ақпараттық нарықтық жағдайында көптеген
кәсіпорындарда сенімсіз ақпараттық инфрақұрылымдар аз орнатылған немесе
ондай ақпараттық құрылымдар тіпті жоқтың қасы. Қандай да болмасын жағдайда
көптеген жылғы алдын-ала жоспарланатын белгілі бір концепцияға негізделген
отандық компаниялардың алдында мақсат болып тұр. Өзекті мәселелердің біріне
корпорацины ақпараттандыратын аппаратты программаны таңдау тек
инвестициялау кезектілігіне байланысты.
Біздің кәсіпорындарда информатика саласында белгілі компаниялармен бірігіп
АҚШ, Еуропа елдерінің корпоративтік даму тәжрибелерін үйрене отырып бір
сатыға болса да көтерілуге болады.
Бүгінгі таңда Қазақстан және ТМД нарығы көптеген ақпараттық жүйелермен
қамтамасыз етілген, әсіресе отандық және шетелдік өндірушілердің
бухгалтерлік есепті автоматтандыратын әйгілі программалық өнімдері көптеп
кездеседі. Жоғарыда көрсетілген программалық өнімдердің республикамызда
қолдану дәрежесі жеткілікті. Бірақ программалық өнімді потенциялды сатып
алушылар арасында келеңсіздіктер пайда болуда. Қазақстан республикасының
бухгалтерлік есебінің стандарттарына көрсетіліп отырған программалық
өнімнің сәйкестілігі болса да, глобальды мәселелерді шешуде
жеткіліксіздіктер пайда болуда. Бұл жеткіліксіздіктерге Қазақстан
Республикасының әр түрлі аймағында орналасқан бөлімшелердің нақты жұмыс
істеу барысында коммуникацилық мәселелердің келеңсіздігі немесе тік және
горизанталь жасалғандығы жеткіліксіздігі болып табылады. Нәтижесінде
бүгінгі күні комплексті шешімін табатын автоматтандырулар алдынғыдай бір
бірімен автономды емес, ірі және орта кәсіпорындарға арналып өз алдына
шығарылатын болды. Осы мәселелердің барлығын толықтай талқылай келе
республикамыздағы кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептерін автоматтандыру
барысында көптеп қолданыста жүрген программалық өнімдерге шолу жасайық.
Жоғарыда айтылып кеткен факторларды, талдауларды қортындылай келе
республикамыздың компьютерлік бухгалтериясының нарығында қандай
программалық өнімдер бар, олардың сапасы қалай, олады өндірушілер кім деген
сұраққа жауап берейік.

1.3 Компьютерлік аудитті ұйымдастыру

Қазіргі кезде субъектілер қызметінде қаржылық ақпарат ағымының артқаны
байқалады. Жедел есептеулер мен қағаз құжаттарды игеріп отыруға деген талап
бухгалтерлік есепті автоматтандырудың ролін күшейтті. Барлық жерлерде
компьютерлік қызмет орталықтары желісінің дамуы, қымбат емес дербес
электронды есептеу машиналарының пайда болуы экономиканың барлық саласында
ақпаратты өңдеуді автоматтандыруға жол ашты. Және қазіргі таңда рыноктың
дәл осы саласы республикамыздағы компьютерлік бизнестің дамуына жол сала
отырып қарқынды түрде дамып келе жатыр деп басып айтуға болады. Сонымен
қатар осы саладағы жоғары бәсекенің болуы бағдарламалық және аппараттық
шешімдердің тоқтаусыз жетіліп отыруына әкеліп соқтырады. Компьютерлік есеп
жүргізудің пайда болуы өз кезегінде аудиторлар алдына жаңа талаптар қойды,
компьтерленген ортадағы аудит немесе компьютерлік аудит деген облыстарды
бөліп шығарды.
Шетелдердегі аудиторлық қызметті зерттеу барысында аудиттің мазмұнымен
байланысты компьютерлік жүйелерге қолданылатын екі ұғым анықталды. Оның
біріншісі – компьютер қоршаған ортадағы аудиторлық тексеру, яғни мұнда
аудит қара жәшік ретінде көрініс табады және алынатын мәліметті бастапқы
құжаттармен байланыстыруға және сонымен қатар мәліметтерің бастапқы
құжаттардан қорытынды есеп беруге дейінгі қозғалысын бақылауға тырысады.
Екінші ұғым – компьютерлік жүйенің өзін аудиторлық тексеру. Бұл ұғым адам
визуалды түрде қабылдай алмайтын операцияларды толықтыру процесінің
сенімділігін анықтау мақсатында аппаратық және бадарламалық құралдарды
бағалауда қолданылады.
Сөйтіп, бүгінгі таңда қазақстандық аудиторға бірінші кезекте шаруашылық
жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есебін электронды есептеуіш машинасына
(ЭЕМ) негізделген тексеруді қалай жүргізуді білу қажет.
Бұл сұрақтарды зерттеудің маңыздылығы компьютерлік техниканы
коммерциялық операцияларды заңсыз жүргізуді көздейтін қастандық жолмен
пайдалану және компьютерді алаяқтық жасау құралы ретінде қолдану
оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты артып отыр.
Батыс елдердің тәжірибесіне сүйенсек, көптеген аудиторлық фирмалар
өздерінің аудиторлық тексерудің қорытындыларын, соның ішінде компьютерлік
қастандық (алаяқтық) жағдайларын анықтауға бағытталған компьютерлік
бағдарламалар ойлап тапқан. Мұнда қастандық жасалғанын куәландыратын кез-
келген белгілер абсолютті немесе оларды алдын-ала болжау мүмкін болмайды.
Аудиторға қойылатын басты талап компьютерлік бақылау жүйесінің әлсіздік
дәрежесін білу және анықтау болып табылады.
Дамыған елдерде сыртқы аудитке арналған компьютерлендіру жүйелері
тексерілетін фирмалардағы жалпы стандарттар мен ережелерді ескереді және
белгілі бір дәрежедегі әмбебаптыққа ие. Бұл қасиет жүйенің бағдарламалық
негізін нақты бір фирмадағы компьютерлік техникаға сәйкес күйге келтіруге
болатындығымен түсіндіріледі. Осы аталған жағдайда бағдарламалық құралдың
(операциялық жүйе, сервистік құралдар және т.б.) үйлесімділігі қағидасы
өмір сүреді. Бұл оның ішкі аудит жүйесінен ерекшеленетінін көрсетеді.
Ішкі аудитті компьютерлендіру жүйесі, керісінше өзі арнайы бір фирмаға
арналып шығарылатындықтан, ол тек сол фирмада қолданылады және сол фирманың
есеп жүргізу, қаржылық және басқа да көрсеткіштерді есептеу ерекшеліктерін
қамтиды. Бұған тән процедуралардың тағы бірі ұсыныстарды анықтау және табу
(есептеу) болып табылады. Олар нақты бір фирма басшылығының мақсаттарын
айқындайды және оларды тек эксперттер ғана құрып, солардың рұқсатымен
қолданылады. Сөйтіп аудиторлық қызметтің құрылымын аудит алдына қойылған
нақты мақсаттар анықтап береді.
Қазақстанда ішкі аудиттің дамуы көптеген себептерге, соның ішінде осы
жұмысқа арнайы дайындалған білгір мамандардың жетіспеуі себебінен артта
қалып отыр.
Сыртқы аудиторлар қызметін қолдану туралы ұсыныс тек шығындарды
үнемдеу (азайту) тұрғысынан алғанда ғана дұрыс болып саналады. Ал ішкі
аудиторлардың жұмысы компанияның тиімді өмір сүруі үшін анағұрлым пайдалы,
себебі олардың ұсыныстары қоластындағы бөлімшелердің проблемаларын
тереңірек білуге және менеджерлердің әрі қарайғы зерттеулері үшін
объективті материал жинақтауға мүмкіндік береді. Ішкі аудитор ақпаратын
қолданудың басты бір кемшілігі тәуелділікті жоғалту тәуекелі болып
табылады. Ішкі аудиттті қолдануға қарсы тұжырымдардың басым бөлігі мына 3
себеппен байланыстырылады: 1) білімнің жтіспеушілігі; 2) тәуелділіктің
жетіспеуі; 3) кәсіпорын көлеміне қарай шектеудің болуы. Бірақ сонда да ішкі
аудитті қолданудың маңыздылығы артып отыр, себебі бұл жұмыс көбінесе
ақпараттық тәуекелді төмендетеді және кәсіпорын басшылығына көмек береді.
Жақын болашақта аудиттің нәтижелілігі көп жағдайларда ақппараттық
қамтамасыздандырудың сапасына, аудиторлық қызметтің кәсіпорындағы (ішкі
аудит), сонымен қоса одан тыс (сыртқы аудит) болуы деңгейіне байланысты
болады. Компьютерлік жүйенің сапасына талдау жасай отырып, оның есеп
жүргізуге әсер етуі деңгейін бағалау керек. Сәйкесінше есеп жүргізудің
автоматтандырылу деңгейі өз кезегінде аудиторлық процедуралардың уақыт және
тереңге таралып бөлінуі мен мазмұнын анықтап береді. Ақпаратты өңдеуді
жылдамдатудың кез-келгені қатеге әкеліп соқтыруы мүмкін. Компьютер қрошаған
ортадағы аудиторлық тексеруге қызмет көрсететін каналдың өткізу қабілеті
өңдеу сапасына әсер етеді. Осындай жұмыс нәтижесінде процедуралар мен
оперциялардың шешуші кезеңдерінде қателерді анықтау мен олар туралы
ескертулер жасауда маңызды роль ойнайтын аудиттің негізгі нүктелері (key
audit point) аталатын – жүйе бөліктері анықталады.
Басқаша айтқанда, кез-келген ақпараттық жүйе компьютерлік өңдеу
тұрғысынан алғанда керекті адамдарға дұрыс ақпаратты дер кезінде жеткізіп
отыруы қажет. Оптималды ақпараттық жүйе болып осының бәрін мүмкін
болғанынша арзан бағаға орындайтын жүйе саналады, яғни компьютерлік бақылау
жүйесі тек одан келетін пайда шығындардан басым болған жағдайда ғана тиімді
болады. Егер шығындардың мүмкіндігі аз болса, онда аудиторлық жұмыс
кәсіпорын жұмысына көбірек әсер ете алатын және басқарушылық бақылаудан
анағұрлым аз тәуелді болатын салаларына бағытталуы керек.
Аудитор бағасының субъективтігі оның есеп беруі көп жағдайда
кепілденген шынайылықтан алыс болуы мүмкін. Сонымен қатар компьютерлік
жүйеге байланысты ақпаратты жариялау кейбір жағдайларда бәсекелестікті
дамытуға байланысты шығындарға әкеліп соқтыруы мүмкін проблемалардың бірі.
Аудит процесінде аудитор кәсіби шешім шығару қабілетіне күмәнданған
жағдайда мамандарды тарту арқылы арнайы тест жүргізу қарастырылады. Мұндай
мамандардың мақсаты:
- мәліметті компьютерлік өңдеуге байланысты тәуекелді анықтау және бағалау;
- компьютерлік бақылау жүйесін бірегейлендіру және реттеу;
- аудиттің компьютерлендірілген бағдарламасын игеру (ойлап табу).
Егер компьютерлердің есеп жүргізудегі әсері үлкен болса, онда сонымен
қатар бағдарламалық бақылау процедураларын да қарастыру керек, олар келесі
бөліктерден тұрады:
1) ақпараттың амамндығын қамтамасыз ету (мәліметтер мен бағдарламаларды
қорғау, құрылғыларды физикалық қорғау, басшылық қабылдаған қауіпсіздік
саясаты);
2) жүйелерді алу, оларды дамыту мен оларға қызмет көрсету;
3) операциялар (жоспарлау, орнату меноперациялық процедуралар, ақпарат
тасымалдаушыларының кітапханасы, бақылау процедураларын енгізу);
4) ақпараттық жүйелерді қолдау (тіл, жүйедегі операциялар, мәліметтер
базасы).
Аталған ақпаратты компьютерлік жүйелерді игеруге, енгізуге және қолдануға
жауапты тұлғаларды сауал қою арқылы алады. Жиналатын ақпараттың жан-
жақтылығы аудитор бақылаудың компьютерлік жүйесіне сүйенуді көздей ме және
оның қызмет етуін тексергісі келе ме жоқ па осыған байланысты. Бұл процесте
келесі факторларды ескеру өте маңызды (1-кесте).
Компьютерлік тестілеу жүргізе отырып, мынадай жолдарды қарастыруға болады:
- соңында қолмен тексеруге мүмкін болатындай операцияларды іріктеп
алу;
- арнайы аудиторлық бағдарламалық құралдар арқылы өңделген нақты
мәліметтер көмегімен меншікті (встроенный) бақылау жүйелерін
тексеру.
2-кесте
Факторлар Екрекшеліктері Қысқаша түсініктеме
Ұйымдық Қызметтер мен Мәліметтерді өңдеумен айналысушы
құрылым білімді бағалау қызметкерлердің ұқыптылығын тексеру:
деңгейі - аталған қызметкерлердің есеп жүргізуші
бағдарлама немесе процедураны өзгерту
ықтималдық деңгейі;
- мәлімет көздері арасындағы байланыс, оларды
алу, бөлу және қолдану процесі туралы
жан-жақты білімдерінің деңгейі;
- ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер;
Бағдарламалар - компьютерлік бағдарламаларға бөтен
мен мәліметтердіадамдардың рұқсатының болуы;
шоғырландыру - бағдарламалар мен есеп жүргізу ақпаратының
өзін өзгерту ықтималдығы.
Субъект Мәліметтерді Компьютерге растаушы құжаттарсыз енгізіле
іс-әрекетініңенгізу деңгейі беретін мәліметтерді анықтау:
сипатын - мәліметті енгізу үшін қандай құжаттарға
бағалау жазбаша растаушы рұқсат беріледі;
- компьютерлік бағдарламалар құрамындағы
қандай процедуралар ақпаратты бақылау құралы
ретінде қолданылады.
Уақыт бойынша Тек ішінара машина оқи алатын түрде болатын
шектелген немесе белгілі бір уақыт ішінде ғана өмір
оперцияларды сүретіндіктен электрондық өңдеу кезінде
анықтау көбінесе бүкіл есеп жүргізу жүйесі бойынша
бақылап отыру мүмкін болмайтын мәліметтер және
осыған байланысты опреацияларды анықтау.
Шығатын Келесі сұрақтарға жауап алу мақсатында
мәліметтер тексеру:
сапасы - файлдарда сақталған және тек компьтерде ғана
есептелетін ақпаратты қолдану кімге және
қандай дәрежеде рұқсат етілген;
- фирма ішіндегі, сонымен қатар сырттан келген
тұлғалардың мәліметтер мен бағдарламалардың
өзгертілу қаупін жоюға арналған жеткілікті
бақылау бар ма;
- айтарлықтай қашықтықта орналасқан сервер
немесе басқа да құрал-жабдықтар қалай
қолданылады.
Процедуралық Мәліметтер мен - компьютерлік бағдарлама дұрыс құрылған ба,
аспектілерді компьютерлік операияларды орындау тізбектілігі сақталған
бағалау бағдарламаларға ба, операциялар дұрыс орындалған және
қол жеткізу мәліметтер дұрыс берілген бе;
мүмкіндігі - ішкі бақылаудың алдын-ала бағдарламаланған
процедуралары компьютерлік бағдарламалар
ішінде бар ма немесе жіберіле ме.
Ақпараты енгізу Ақпаратты енгізу мен шығарудың дұрыстығын
мен шығару анықтау:
сапасы - бірлік ақпаратты жүйеге енгізу әрқилы
қаржылық (бухгалтерлік) шоттарда дәлдіктің
бұзылуына әкеліп соқтырмай ма;
- құжатты енгізуді қажет етпейтін жүйе өзінше
жүргізетін оперциялар дұрыс орындала ма
(мысалы, тапсырыс беруші шотттары бойынша
пайыз);
- мәліметтер сақтау құралдары мен
бағдарламалардың әлсіздік дәрежесі қандай,
олардың ұрлану, жоғалу және жойылу қаупі бар
ма.

1-кесте. Компьютерлік аудитке әсер етуші негізгі факторларға сипаттама.

Басқаша айтқанда, аудитор бағдарламаның құрылу логикасын жақсы білуі,
ақпараттың кіруі мен шығуының барлық мүмкін комбинацияларын алдын-ала білуі
керек. Сәйкесінше, тексерудің маңызды міндеттерінің бірі есеп жүргізу
жүйесі мен есеп жүргізуші песоналдың іс-әрекетінің аудиті. Және мұнда
аудитор ақпаратты объективті интерпретациялау жолымен мүмкін болатын қате
әрекеттің тәуекелін бағалай білуі керек. Аса мұқият көңіл аударуды қажет
ететін мынадай фактілер бар:
- аудиторлық тексеру үшін қиындық туғызатын келісім немесе
бухгалтерлік құжаттардың болуы;
- есеп жүргізуші персоналдың жиі ауысуы (әсіресе аға және бас
бухгалтерлер ауысуы);
- фирма басшысының іскер әлемдегі абыройының күмәнді болуы;
- құжаттардың жоғалып кетуі немесе аннуляция мен жеңілдіктердің
(скидка) көп болуы;
- мерзімі өтіп кеткен счеттар мен түзету енгізілген құжаттар санының
өсуі;
- құжаттардағы ақпараттың мәнсіздігі немесе күмәнді жазбалардың
болуы, оригиналдардың жоқ болуы немесе копиялар санының көп болуы;
- нәтиженің қол жетерліксіз болуы немесе алдыңғы аудиторлық
тексерулерде қате болған сияқтылармен байланысты сәйкессіздік
санының басым болуы;
- құндылықтардың жетіспеушілігі, тапсырыстар орындалуының
кешіктірілуі немесе ірі көлемді келісім-шарттар бойынша құжатардың
жоқ болуы сияқты өндірісте орын алған келеңсіздіктер;
- компьютерлік жүйе жұмысындағы жиі қайталанатын тоқыраулар және
осыған байланысты есеп берудің уақытынан кешіктірілуінің туындауы;
- ақпарат амандығын сақтау шараларының болмауы немесе оны қолдануды
басшылар санкциясынсыз жүргізу.
Есеп беру құжаттарындағы қателіктерді себебін анықтауға мүмкіндік беретін
мұндай аудиттің жүргізілуі анық емес логика теориясына, сенімділік
коэффициенттері мен сенім шараларына негізделеді.
Әдеттегі тексеруді компьютер көмегімен аудиторлық бақылау әдістері
толықтырады. Бұл әдістер екі негізгі категорияға бөлінеді: аудиторлық сауал
жүргізу бағдарламалары және бақылау мәліметтері.
Аудиторлық сауал жүргізу бағдарламалары – бұл кәдімгі операциялармен қоса
негізгі бағдарламалар орындайтын есептеулер мен зерттеулерді жүргізе алады.
Мұндай есептеулер нәтижелерін бағдарламалар жұмысының дұрыстығын тексеру
үшін нақты нәтижелермен салыстырады. Олар сонымен қатар әдетте компьютерге
қол жеткізу мүмкін болмайтындай түрдегі ақпаратты алу үшін де қолданылады.
Бақылау мәліметтері – бұл негізгі бағдарламалар көмегімен өңделетін алдын-
ала дайындалған мәліметтер. Және мұнда аудитор жұмыстың нәтижесін біле
алады және бағдарлама тиісті дәрежеде жұмыс істейді ме жоқ па осыны анықтай
алады. Сонымен қатар, ең кең диапазонды операцияларды қолдану арқылы
жүйенің ерекше жағдайлардағы оқиғалар туралы ескертулер жіберуге
қабілеттілігін тексеруге болады.
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, қателер мен ауытқуларды байқамау
тәукеклін есептеу теориясы көмегімен есеп жүргізуші персоналдың қате іс-
әрекеттерін табуға мүмкіндік беретін аудит жүйелері бар. Олар ішінара
тексеруге негізделген. Бірақ та мұндай тексеруді жүргізу арнайы, қымбат
тұратын параметрлік жөндеу жасалатын бағдарламаларды игеруді талап етеді.
Бұл бағдарламаларда аудиторлық жүйені автоматты түрде күйге келтіруге
(настройка) арналған файлдардың әртүрлі құрылымдарын дамыған танып білу
жүйесінің болуы шарт.
Сонымен қатар, ішкі аудиторға көмек беру мүмкіндігі бар жүйелер де
бар. Оларда аудиторға (немесе кез-келген басқа тұлғаға) компьютерлік
өңдеуден өткен операциялар немесе әртүрлі мәліметтерді (түзетулерімен
бірге) және басқа да ақпаратты периодты түрде баспаға шығаруға мүмкіндік
беретін резидент бағдарламалар бар.
Әртүрлі терминалдар мен қосымша жалғанған жүйелерді қолдану көптеген
адамдарға компания шоттарына рұқсат алуға және оларды өзгертуге мүмкіндік
береді. Сондықтан жазбаларды қорғау үшін пароль және тіркеу рұқсаты
көмегімен бақылау керек.
Мамандардың компьютерге қатысты жалпыға бірдей кемшілігі олар
көңілдерін қаупті жағдайларға емес тек өз бағдарламаларына ғана бөлетіні
болып табылатынын айта кеткен жөн. Егер аудитор бұл туралы білсе, онда жүйе
жұмысын бастаған жағдайда қауіпсіздікке белгілі бір талаптар қоюы керек.
Толық өңделіп біткен жүйеге өзгеріс енгізу компанияға қымбатқа түсуі
мүмкін. Кез-келген бухгалтерлік жүйеге тән тағы бір проблема компанияның
бүкіл есеп жүргізу жүйесін бұзатын компьютер жұмысының тоқтауы (өрт, су
тасқыны, энергиямен қамтамасыздандыру жүйесіндегі тоқыраулар немесе әдейі
зақым келтіру). Мұндай ретте компьютер жұмысы тоқтаған жағдайдағы нақты іс-
әрекеттерді анықтап беретін нұсқаулардың болуы міндетті. Және компьютер
жұмысы тоқырауға ұшыраған жағдайларда ақпаратты қайта бұрынғы қалпына
келтіру жүйелері де болуы керек.
Компьютерді қолдануға байланысты және жүйені бағалау кезінде ішкі
аудитор үшін қызығушылық туғызатын негізгі проблемаларға тоқталып өтейік (2-
кесте).
Ішкі бақылау жүйесін сипаттау аудитор бақылаудың сенімділігі туралы
негізді, сәйкесінше, тексеру жүргізген кезде соған сүйенетіндей шешім
қабылдау үшін жүргізіледі. Бақылау жүйесінің сенімділігі оның есеп
жүргізудегі кездейсоқ және белгілі бір тұлғалардың қасақана жасаған
қателіктерді анықтап және солар туралы тиімді ескертулер жасай алу
қабілетіне байланысты. Егер, аудитордың ойынша, бақылау жүйесі сенімді деп
танылса, онда ол есеп жүргізу учаскелерінің кез-келген біреуі бойынша
шоттар мен операцияларды тексеруді бақылау жүйесінің қызмет етуімен толық
немесе ішінара алмастыруына болады.
3-кесте
№ Себебі Салдары Жою әдістері
1 Аралық Аудит жүргізу Барлық кодталғаг ақпарат туралы
кезеңдерді кезіндегі толық түсініктемесі бар арнайы
машиналық код келісімдерді кодификатор қарастырылуы керек
түрінде жазу қадағалау қиындайды
және операция
сипатын басынан
аяғына дейін
анықтау мүмкін емес
2 Компьютерлік Ақпаратты дұрыс Бақылау дұрыстығын тексерудің
бақылауға енгізбеген арнайы әдістерін қарастыру
әдеттен тыс жағдайдағы қатенің керек. Әрқашан қадағалап,
көп сену болу тәуекелі зерттеп отыратын, қажет болған
жағдайда, компьютер жіберген
қателіктер, ауытқуларды дұрыстап
отыратын әдеттегі бақылау болуы
керек.
3 Ақпараттың Компьютер жұмысы Маңызды файлдардың көшірмелері
жоғалу қаупі тоқтап қалатын басқа ғимаратта сақталуы керек.
жағдайында барабар Жұмысты жалғастыруға және
ескерту шараларыныңжазбаларды қалпына келтіруге
болмауы арналған қосымша сақталған
құрал-жабдықтың болғаны жөн.
4 Дәл емес Компьютерде Алдымен барлық шығатын және
анықтама орындалатын анықтама мәліметтерді енгізер
мәліметтерін операциялар саныныңалдында тексеру қажет, содан
қолдану көп көлемі аса кейін уақыт өткен сайын
(сандық күрделі салдары ақпаратты қолмен тексеру
қателіктер болатын мақсатында баспаға шығарып отыру
тәуекелі) қателіктерге әкеліпкерек. Пайдалы бақылау
соқтырады және ары түзетілген мәліметі бар құжаттар
қарайғы көшірмелерін автоматты түрде
зерттеулерді жіберіп отыру.
пайдасыз етіп
шығарады
5 Сан жағынан азБақылаудың ішкі Өзінің меншікті бақылау жүйелері
компьютер жүйесінің әлсіз бар компанияларда жүйені
саласындағы тұстарын білетін жасаумен айналсатын персонал,
мамандарға кейбір мамандар компьютерде жұмыс жасамауы
тәуелділік (оның ішінде архив керек. Файлдар мен
жұмысшыларын қоса бағдарламаларға қол жеткізуге
алғанда) өңделуші операторлар шектеу қояды.
және сақталған Бағдарламаға өзгерту енгізген
мәліметтерге кезде тиісінше рұқсат алынуы, ал
манипуляция жасауы аудитор осы өзгерту енгізілуін
мүмкін қадағалауы керек.

Есеп жүргізудің компьютерлік жүйесін дұрыс ұйымдастырмаған кездегі себеп-
салдарлық байланыстар

ІІ. Бухгалтерлік есептің және аудиттің ақпараттандырылған жүйелерінің
қолданыстағы бағыттары

2.1 Компьютерлік бухгалтерия нарығына шолу

Көптеген кәсіпорынның басшыларымен бас бухгалтерлерінің алдында
тұратын басты сұрақ өз кәсіпорнының экономикалық тұрғыдан эффективтілігін
арттыратын бухгалтерлік программаларды , яғни БЕАЖ калай дұрыс таңдап,
автоматтандыру ісін жүзеге асыру. Әрине бұл мәселелерді шешумен айналысатын
отандық фирмалар немесе дистртрюбитерлік, франчайзингтік құқықтарды шет
елдік фирмалардан келісім арқылы алған, оларды республикамыздағы
бухгалтерлік есептің стандарттарына, методологиясына, кәсіпорынның қызмет
ету сферасына, оперативті және қаржылық операциялар көлеміне қарай
түзетулер енгізетін көптеген фирмалар жұмыс істейді. Қазақстандық
кәсіпорындар өздеріне қажетті программалық өнімдерді жоғарыдағы фирмалардан
сатып алады. Шын мәнінде шатасатын келеңсіз жағдайлар түрінде қарастырсақ
заман ағымындағы тілге байланысты кәсіпорындар программаның өзін емес, есеп
жүргізу технологиясын сатып алады. 10-15 жыл алдынғы түсінікпен көпшілік
халық компьютерді сатып алса, барлық мәселелер шешімін табады деп ойлаған.
Расында да қазір көпшілігі түсінді, программаның көмегінсіз компьютер
ешқандай жұмыс атқара алмайды. Бизнестегі көптеген мәселелерді
компьютерлердің көмегімен шешу үшін оларға көптеген программаларды енгізу
қажет. Ал шын мәнінде бухгалтерлік компьютерлік программа жаңа есеп
жүргізудің тек бір бөлігі. Бухгалтерлік программаны енгізу ол
қарапайым есеп технонлоиясын компьютерге енгізуден басталады. Егер
ертеректе әр бір бухгалтер ірі кәсіпорында белгілі бір бөлімшенің
бухгалтерлік есебін жүргізсе, мысалы, қосымша құн салығын есептейтін
бухгалтерлер. Бүгінгі таңда осының барлығын компьютердің көмегімен
жүргізеді. Тек қана жұмыскерлердің қызметі бірнші құжатты дұрыс және
үақытылы компьютерге мәлімет түрінде енгізу болып табылады. Егер ол дұрыс
енгізілген болса, программалық өнім дұрыс орнатылған болса ҚҚС автоматты
түрде есептелінеді, ал бухгалтерлерге басқа жұмыстармен айналысуға
мүмкіндік туындайды.
1С: Предприятие

Программа Мәскеулік 1С фирмасының программа құрастырушылары жасап
шығарған. Компьютерлік бухгалтериялық программалар нарығында жетекші
орындардың бірін алады. Бүгінгі таңда 1С: Предприятие программасы және оның
ерекше компоненті 1С: Бухгалтерия, бұл программа Қазақстан нарығындағы
бухгалтерлік программалардың көшбасшысы. Көптеген квалификацияланған
мамандардың көмегімен осы программаны үйрену жеткілікті дәрежеде оңай.
Қолданыстағы 1С: Предприятие 7.0, 7.5, 7.7, 8.0 версиларына осы
программалармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндей етіп енгізілген, оларға:
- көп қолданатын критерилері бойыншамәліметтерді оптимальды өңдеу
және ыңғайлы бухгалтерлік есепті шешетін механизмдер
қарастырылған.
- Жүйені конфигурацилайтын интеллектуалды механизм енгізілген
- Дайындағы аз мамандар үшін көмекші шеберлер тізімі
қарастырылған
- Негізгі жаңашылдығына қолданушының интерфейстеріне терең
бейімделетін мүмкіндіктері және визуальды жоспарлайтын
құрылғылар енгізілуі болып табылады.
- Соңғы версияларына сыртқы компаненталармен жұмыс істейтін
құрылғы құрылған.

Алтын компьютерлік бухгалтериясы

Айтылып отырған бухгалтерия 1990 ж бері, компьютерлік бухалтерия
құрастырумен айналысатын Қарағандылық ИнтерКомпьютерСервис компаниясында
құрастырады. Бұл программа отандық программистер көмегімен жасалғандықтан
Қазақстандық заңдылықтар мен стандарттар толықтай енгізілген. Өзінің
атқаратын функциясына қатысты кәсіпорынның қызметіне талдау жасауды және
оның жұмысын модельдеуді қамтамасыз етеді. Бұл программадағы ерекше атап
кететін жайт оның құрамына Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілге
аударатын аудармашысы бар екендігінде. Бұл программа отандық кәсіпорындарға
арналып шығарылғандықтан, барлық минимизациялау мен түзетулерін фирманың
өңдеушілері программаны құру барысында жасаған. Сол себептен программа
ешқандай түзетулер мен минимизацины қажет етпейді.
"Алтын" компьютерлік бухгалтериясының программалық кешені негізгі үш
модульден тұрады: "Кешендік есептің жалпы бухгал-териясы", "Жалақы
есептеу", "Негізгі құралдар есебі". Ірі кәсіпорындар үшін арнайы: "Қоймалық
есеп", "Жабдықтаушылармен есеп айырысу", "Сату-Жалақы есебі" және басқалар.
"Алтынның" бастапқы модулі қазіргі кезде өте танымал, адам саны
шектеусіз кез келген кәсіпорын үшін есептердің бас жоспары бөлігінде
бухалтерлік есептің барлық бөлімі өзара байланысқан: "Баланс"; "Касса";
"Банк"; "Тауарлық" операциялар сияқты есептерді автоматтандыруға арналған
кешендік есеп больп табылады.
Соңғы кезде көптеген фирмалар жұмыс істеу мүмкіндіктеріне,
күрделілігіне қарай ерекшеленетін бухгалтерлер жұмысын автоматтандыруға
арналған программалар ұсынуда.
Егер кәсіпорын шағын болса, онда программалық өніммен қамтамасыз ету
дискетпен жүзеге асырылады. Қолданушы жасалған нұсқауды пайдалана отырып,
жұмыспен өз бетінше айналысатын болғандықтан мұндай жағдайда программаны
енгізу (внедрение) қажет болмайды.
"Алтын" программалық кешенінің көмегімен сіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тиімділікті бағалау критерийлерін белгілеу
Қаржылық есептеме аудитінің ақпараттық базасы
Аудитке ілеспе қызметтер
Аудиттің мәні мен мағынасы
Аудиторлық тапсырманы жасау
Жалпы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына сипаттама және аудит ролі
Нарық экономикасы жағдайындағы аудит
Аудиттегі сұрыптау
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Аудиттің пәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы
Пәндер