Геодезиялық жұмыстарда қолданылатын аспаптар


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың өте қарқынды дамыған сәтінде сандық карталарды қолдану өте тиімді болып есептеледі. Себебі, сандық карталардан бір уақытта бірнеше және нақты мәліметтерді алуға мүмкіндік бар. Ол үшін геодезиялық түсірістер негізінде геоақпараттық технологияларды қолдана отырып сандық карталарды құрастырады.
ГАЖ құруда ең негізгі және керекті ол жер бедері бетінің сипаттамасы болып табылады. Түсірістер- территорияның дамуын, пайдалы кен орындарын барлауды және игеруді, құрылыс объектілерін салу мен реконструкциялауда жер және қала салушы кадастрларды, қорғанысты және т. б. ету үшін халықшаруашылығына ірі масштабты топографиялық түсіріс материалдарының қажеттілігі күннен күнге артуда. Топографиялық түсірістердің материалдарын әрқашан қазіргі кездегі жағдайға сәйкестендіріп отыру қажет.
Географиялық ақпараттық жүйелердің ішіндегі MapInfo ең қолайлысы. Себебі MapInfo- да адам мен компьютер арасындағы қарым- қатынас өте жақсы дамыған.
Картографиялық ізденістердің әртүрлі білім салаларында қолданылуы картаны талдаудың бірнеше әдістерінің пайда болуына алып келді. Мұнда картографтар, географтар, геоглогтар, геофизик, математик және экономистердің сіңірген еңбегі зор.
Геоақпараттық жүйелерде барлық объектілер картада төрт типке бөлінетін кеңістіктік объект ретінде көрсетілген.
ГАЖ-ге мәліметтерді қашықтық зондтау арқылы да алуға болады. Бірақ та ғарыштан алынған көптеген мәліметтер растрлы форматта алынады. Онда әрбір ұяшық электромагнитті сәулеленуден алынған радиометрлік мағынаға ие.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты жаңа технологияларды яғни геоақпараттық жүйелерді пайдалан отырып, сандық карталарды құрастырудың негізгі әдістерін көрсету болып табылады.
Жұмыс көптеген кітапхана қорындағы ғылыми әдебиеттерді сонымен қатар интернет материалдарын пайдалана отырып оған талдау барысында жазылды.
I. КАЛАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУДА ЖӘНЕ САЛУДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
- Қала территориясын жобалау және жоспарлау
Қала территориясы оның жоспарлы құрылымын және архитектуралық кескінін анықтайтын функцияльды зоналармен қалыптасады. Қала зоналарының мына түрлері бар:
- селитебті- оларға тұрғындар тұратын аудандар, мәдени орталықтар (әкімшілік, ғылыми, оқу, медициналық, спорт кешендері және т. б. ), жалпы жұрттық пайдалану үшін жасыл желектер (бақшалар) жатады.
- өнеркәсіптік- оларға өнеркәсіп орындарының және онымен байланысты объектілердің орналасуы үшін.
- Коммуналды қоймалар- оларға қоймалар, гараждар, троллейбус және автобус парктерінің орналасуы үшін
- Сыртқы транспортқа - оларға транспорттық құрылшғылар мен жүргіншілерге қажеттіліктер және жүк станциялары, порнттардың орналасуы үшін жасалынады.
Ауыл тұрғындарының территроиясын селитебті және өндірістік зоналарға бөлуге болады.
Қалаға жанасып жатқан территорияларды қаланың кейінгі дамуына резервке алып қояды. Қала одан әрі дамитын болса, сол жерлерді шаруашылық қызмет көрсету объектілері, халықтың дем алуы үшін жасыл желектер ретінде, қала микроклиматының жақсаруы үшін қолданылады.
Селитебті зонаның негізгі жоспарлы элементі- микроаудандар болып табылады. Онда магистальдар және тұрғын үй көшелері қызыл сызықтармен шектелген. Қызыл сызықтар деп- түрлі көшелер арасындағы шекаралар мен негізгі қаланы қалыптастырушы элементі сонымен қатар тұрғын үй зоналарын және су бассейндерін, өнеркәсіптік, жасыл, техникалық зоналарды айтады [1] .
Ғимарат құрылыс сызықтарына ұзына бойы орналасады. Қызыл сызықтар микроаудан территориясында магистраль жолдарында 6 м, ал тұрғын үйлерде 3 м арақашықтықта болады.
Қаланың жоспары және құрылысы геодезистердің территорияны жан- жақты зерттеп, ол жерге тұрғын үйлер немесе ғимараттар салуға болатын не болмайтындығы туралы шешім айтқан соң барып қана іске асады.
Қала құрылысының негізгі құжаты ол- қаланың басты жоспарлы болып табылады. Ол жерде қалаға қатысты барлық функцияларының жұмыс істеуін, қаланың одан әрі қарай дамуына жағдай жасайтындай жоспар болады. Атап айтар болсақ, әлеуметтік және ғылыми техникалық орталықтар, жалпыға қызмет көрсету желілері, көп қабатты үйлер мен қалалық транспорттар жүйесі ыңғайлы орналасуы керек.
Қаланың генеральды жоспары мыналардан тұрады:
- бас жоспардың негізгі сызбасы;
- бұрынғы қаланың яғни, қасындағы қаланың негізгі жоспары;
- кеңістіктік- архитектура композициясының идеясын сипаттайтын материалдар;
- табиғи жағдайларды, инженерлік құрылғыларды, территорияның дайындығын анықтайтын сызбалар;
- бірінші реттік құрылыс жобасының орналасуы;
- қалалық және сыртқы транспорттардың сызбасы;
- мекемелер мен мәдени- тұрмыстық қызмет көрсету орындарының огрналасу сызбалары;
- түсініктемелік хат.
500 мыңнан астам халқы бар қалалардың бас жоспары 1:10 000 масштабтағы топографиялық жоспарда жасалынады. Ал басқа қалалар үшін - 1:5 000- 1: 2 000 масштабтар қолданылады.
Қаланың бас жоспары қаладағы өнеркәсіп орындарының, инженерлік құрылғылардың, қала транспортының, көгалдандырудың негізі болып табылады. Бөлшектеп жоспарлаудың және құрылыс нобайларының жобасы селитебті территориялық жекелеген бөліктерінде жүргізіледі; тұрғын үй ждәне микроаудандар, жалпықалалық орталықтар, қоғамдық кешендер, 3-5 жылда болатын және де бастапқы басқа да жобалармен сәйкестендіріліп жасалынады.
Бөлшектік жоспарлау жобасы былай орындалады:
- қала жүйесіндегі жобалау ауданының орналасу сызбасы;
- қызыл сызық және құрылыс нобайларының жоспары;
- қызыл сызықтарды бөлетін сызбалар;
- көшелердің қиылысу нүктелеріндегі рельефті тегістеу және территорияның инженерлік дайындық сұлбасы;
- жалпықалалық инженерлік желілердің орналасу сұлбасы;
- транспорт және жаяу жүргінші жолдарының қозғалысының сұлбасы;
- көшелердің көлденең кескіні.
Қызыл сызықтардың жоспары және құрылыс эскизі - 1: 500-
1: 1 000 масштабтағы топографиялық жоспарларда орындалады. Онда
- құрылыстың барлық түрлерінің бар болуы;
- жобадағы көше, жол, аллея және жасыл желектердің желісі;
- тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың орналасуының жобасы;
- қызыл сызықтар және көшенің көлденең элементтерінің жобасы;
Тірегіш ғимараттармен қызыл сызықтарды, жабдықтар мен геодезиялық пунктерді біріктіретін бөлгіш сызықтар.
Территрияның инженерлік дайындық сұлбасы және рельефті ұйымдастыру жоспардың көшірмесінде қызыл сызбалар арқылы орындалады. Сұлбада: шағын аудандардың қиылысу бұрыштарының жобасы белгіленеді.
Көшелердің көлденең қимасы 1: 100- 1: 200 масштабтарында орындалады. Онда жаяу жүргінші жолдары, жасыл желек жолдары, трамвай жолдары, тұрғын үй топтары, сонымен қатар, қоғамдық кешендердің жобасы көрсетіледі.
Құрылыстың жобасы екі деңгейде өтеді: жоба және жұмыс құжаттары.
Жобада құрылыстың ситуациялық орналасу жоспары болады:
А) құрылыстың бас жоспары;
Б) құрылыс макеті;
В) рельефтің, инженерлік жүйенің, территорияны көгалдандырудың сызбасы болады.
Жобадағы барлық материалдық 1:500 - 1: 1000 масштабында, ал ситуациялық жоспарды 1:1000 - 1:5000 масштабы орындалады.
Жұмыс құжаттары бекітілген жоба негізінде жұмыс істеуі керек:
- құрылыс алаңындағы бас жоспардың масштабы 1:500 - 1:1000;
- бөлім сызбаларда масштаб 1:500 - 1:1000 болуы тиіс;
- ғимараттардың құрылыстарын бекітілген сызба бойынша бастау керек;
- сумен жабдықтау, канализация, жылу тарату құбырлары, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау сызбалары 1:1500 масштабында орындалады;
Қалалық өнеркәсіптің аудандардың жоспарын жобалау . Қаланың бас жоспары негізінде және онда салынып жатқан құрылыс нысандарының негізінде іске асады[1] . .
Қалалық өнеркәсіптік ауданның жоспарын жобалау мынадай құрамда орындалады:
- өнеркәсіптің ауданның негізгі сызбасын жоспарлау 1:2000 масштабында орындалады;
- қала жоспарындағы ауданның орналасу сызбанұсқасы 1:5000 немесе 1:1 масштабында орындалады;
Инженерлік желілердің орналасуы рельефті ұйымдастыру және территорияны инженерлік дайындау сызбанұсқасы 1:2000 масштабында орындалады.
- магистральдық көшелердің және жергілікті өткелдің көлденең қимасы 1:1000 - 1:200 масштабтарында орындалады;
Түсініктеме :
250 мыңнан астам халқы бар қалаларда, сонымен қатар куроттық қалалар үшін қала шетіне арнайы зонаның жоспары жобаланады. 250 мыңнан аз халқы бар қалалар санымен қатар қала типтес елді - мекендер үшін бас жоспардың құрамында қалаға жақын жатқан елді - мекендердің жоспары жобалары.
Тұрғын үй құрылысының архитектуралық жобалық шешімі құрылыстың материалдар төлқұжаты негізінде қабылданады.
Құрылыстың төлқұжаты (жер учаскесінің төлқұжаты) ол кешенді құжат болып табылады. Төлқұжат құрамында мыналар болады: жалпы бөлім; құрылыс учаскесі шекарасымен тарту туралы акті; архитектуралық - жоспарлық ғимарат; учаскенің инженерлік геологиялық сипаттамасы; жобадағы ғимараттың қалалық инженерлік жүйелерді жалғастыру немесе қосу шарттары; учаскедегі жасыл желектер мен құрылысты сипаттау. Құрылыс төлқұжаты құжаттары көбінесе 1:500 масштабтағы топографиялық жоспар негізінде құрастырылады.
- Қызыл сызықтарды құрастыру және жобаны есептеу
Қызыл сызықтар түзу сызықтар мен дөңгелек қисық сызықтардан тұрады.
Қызыл сызықтардың жобасы 1:500 - 1:2000 масштабтағы топографиялық жоспарларда өқұрастырылады. Жобаның техникалық мазмұнын анықтайтын элементтерге мыналар жатады: шағын аудандар шекаралары мен кварталдар арасыгдағы қиылыстардың ұзын қызыл қызыл сызықтар арасындағы қызыл сызықтардың ұзындығы, дөңгелектердің радиусы, қызыл сызық юойындағы қисық элементтер, аудандардың көмегімен анықтайтын өлшегіштер және т. б.
Жобадағы геометриялық элементтердің өлшемі сол территоряның жер бедеріне сәйкес жасалуы керек. М Бұған топографиялық жоспарда графикалық бейнелеу және қызыл сызық жоспарындағы аналитикалық есеп беру арқылы жетуге болады.
Бас архитектордың басшылығымен АКТ немесе қызыл сызықтарға өзгертулер енгізуге болады. Оның топографиялық жоспары үшін 1:5000 немесе одан да кіші масштабта қолданылады. Сызбаларды топографиялық жоспарларда 1:2000 масштабта, жеке түйіндер жоспарда 1:500 масштабта құратырылады. Сызбада қызыл сызықтардың орналасуы, тіреуіш ғимараттардың көрсетілуі, геометриялық элементтердің өлшемі, қисық сызықтардың жоспары көрсетіледі.
Аналитикалық дайындық кварталдар бұрыштарының координаттарын есептеуден және қызыл сызықтар бойынша шағын аудандардың шекаралары, өтпелдердің қиылысу нүктелерді анықтаудан басталады.
Осы белгіленген территорияда тұрақтану үшін теодолиттік қадамдар пайдаланылады. Олар паолиногометриялық пунктер негізінде жұмыс жасайды.
Қаланың әлі салынып жолмаған бөліктерінде жер бедері үшін графикалық түп нұсқа жоспардан алынған координаттар қолданылады. Осыған байланысты графикалқы координатардың дәлдігін анықтау үшін координат торынан квадраттың екі жағына қарай есептейді. Мынадай өлшемді екі рет жасап, екеуінің ортақ мәнін алады.
Қызыл сызықтардың координат нүктелерін аналитикалық геометрияны қолдана отырып шешеді. Ол жерде өткелдер мен сызық өлшемдері бұрышының мәнін қолдана отырып шығарады. Қорытындысына өткелдерді қиып өтетін координат нүктелерін табады.
Есептелген координаттар бойынша қызыл сызықтарды 1:2000 масштабтағы қызыл сызықтар жоспары негізгі қорытынды құжат болып табылады. Ол жерде қиылыстардың саны және олардың координаттарының мәні, сызықтардың өлшемімен дирекциялық бұрыштар, қисық элементтер, жобалаудағы өтпелдің нөмері және екі, жобалаудаңы зонаның аты және сонымен қатарқала құрылымы элементтері белгіленеді. Тұтынушыға әдетте 1:500 - 1:2000 масштабтағы қызыл сызықтардың жоспары беріледі.
- Қызыл сызықтарды, өтпел осьтерін, ғимараттар мен құрал - жабдықтарды белгілу немесе қорытындылау
Қызыл сызықтарды және өтпел осьтерін пунктен немесе қаланың геодезиялық қалыптастыруы арқылы түсіреді
Қызыл сызықтардың жеке нүктелері мен өтпел осьтерін геодезиялық қалыптасқан нүктелерге қарағанда мыналардан асып түспеу керек.
Көп қабатты құрылыс аудандарында 5 см;
Аз қабатты құрылыс аудандарында 8 см;
Ешқандай құрылыс жүрмеген жерлерде - 10см;
Қызыл сызықтардың жобасын жергілікті жерге түсіруден бұрын дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Ең алдымен қызыл сызықтардың бекітілегн жоспарға сәйкес келетінін анықтайды және тексереді.
Қызыл сызықтардың түсіретін геодезиялық пунктерді тексереді жәгне анықтайды.
Қызыл сызықтар мен жүргін жолдардың шынайы геодезиялық жобасын жасайды. Бұл этапта жергілікті жердің орналасу және шарттарына байланысты бөлу әдістерін анықтайды. Негізінде мынадай жағдайда полярлық әдіс қолданылады.
Осы таңдалған әдіс үшін келесі бөлшектегіш элементтер қолданылады:
- полярлық бағыттың және сызықтың засечканың ұзындығы: негізінен кері геодезиялық тапсырмалар формаулаларын қолодана отырып табылатын дирекциялық бұрыштар және бағыттар арасындағы бұрыштар;
Есептеулер нәтижесінже көлденең масштабтағы бөлшектенген жұмыс сызбасы құрастырылады. Онда бөлшектің сызбанұсқасы және бөлшектегіш элементтердің керекті мәліметтердің, сонымен қатар бақылаушы өлшемдер бейнеленеді.
Далалық өлшемдер теодолиитің және болат рулетканың көмегімен орындалады. Бұрыштар вертикальды шеңберде екі жағдайда кейін қалдырылады. Сызықтың ұзындығы сызған кезде жергілікті жердік құлау бұрышына және темперетурасына қарайды.
Жұмысты жеңілдету мақсатында кейде қызыл сызықты жобаға түсіру үшін жобаланған және қолданыстағы жүргін жолдары өстерін шығарады. Ал олардан қызыл сызықтарды шығарады. Келешектегі жер асты коммуникациялық құрылыс жұмыстары үшін әдетте аралсқан параллель өстерін шығарады [1] . .
Қисық дөңгелек арқылы қызыл сызықты түсіру тангенс сызығынан немесе хордадан тікбұрыштық координат әдісімен жүзеге асады. Сонымен қатар поляр әдісімен және кезектескен және жалғасты хорда арқылы да жүзеге асады. Қисықтықты анықтайтын нүктелер жиынтығы жергілікті жердің сипатына, радиустың үлкендігіне, құрылыс жұмыстарының талаптарына тәуелді. Көп жағдайда олар 10 м құрайды.
Қызыл сызық нүктелерін және жүргінші жол өстерін уақытша белгілемен бекітеді: ағаш әшекейлермен, балдақтармен, метал біздермен және рубкалармен бекітеді.
Біз және трубкаларды жерге орналастыру бетондар арқылы жүргізіледі. Құрылысы аяақтауға жақындағын территоряларда белгілерді бекітумен қатар қызыл сызықтарды немесе қралстағы жүргінші жолдардың өсін және де жергілікті жердегі басқа заттарды бөлу жүргізіледі.
Бояуды теодолит бойынша жағады. Ал құрылысы басталмаған территорияларда бекіәту белгілері қалдырылып отырады.
Қызыл сызық және жүргінші жолдар өстернің бекітілген белгілерін сызықтық балам арқылы табады. Байламның сызбанұсқасы абристе көрсетілуі тиіс.
Шын мәнінде жобаға енгіділген қызыл сызықтармен жүргінші жолдадың өстерін атқарушы жолдарға қояды. Егер де атқарушы қадам түсірілген нүктеге жақын орналасса, онда оларды полярлық әдіспен анықтайды.
Қорытынды өлшемдерден кейін қызыл сызықтардың атқарушы сызбаларын құрастырады. Түпкі қалыптасқан пункті; қызыл сызықты нүктелердің жоба жоспарына кіруі; олардың арасындағы өлшемі; олардың жергілікті жердегі заттарға байланымы;
Ғимараттар мен жабдықтар өстерін жобаға түсіру үшін қолданылатын түпті құжаттарға мыналар жатады:
- құрылыс учаскесінің бекітілген бас жоспары;
- өстің бөлуші жоспары;
- бірінші қабаттың жоспары;
Ғимараттар өстерін жобаға түсіру оны жергілікті жерге және құрылыс мантажды жұмыстарды түсіру мақсатында жүзеге асады. Бірінші жағдайда, ғимараттың оған жақын жатқан контурларымен салыстырмалы жағдайы анықталады, ал екінші жағдайда, құрылыс құрылыдарының өзара қарым қатынасы, яғни жағдайы анықталады. Этап немесе деңгей бойынша өтетін құрылыс технологиясында ғимарат өстерін бөлу 2 деңгей бойынша өтеді. Алдымен, жергілікті жерге ғимараттың контурын (габаритін) анықтайтын негізгі өстер түсіріледі. Одан соң олардан бөлшектік бөлімдер жүргізіледі. Егер ғимарат конфигурациясы күрделі болса, онда жобаға ғимарат симметриясы (негізгі өстер) өстерін немесе олардың жеке бөліктерін енгізеді.
Негізгі және бөлшектің өстердің бөлімдері өздерінің дәлдігімен ерекшеленеді.
Негізгі немесе басты өстерді жобаға қалалық геодезиялық пунктерден бастап түсіреді. Қорытынды негіз үшін қалалық триангуляция және полигонометрия пунктері қолданылады.
Кішігірім ғимараттар немесе көптеген құрылыс жабдықтарын бөлуде негізгі бөлуші болып қызыл сызықтар немесе арнайы қойылған теодалиттік қадамдар болып табылады.
Ірі мөлшердегі немесе күрделі конфигурацияля ғимараттарды тұрғызуда мынадай түрдегі жергілікті желілер дамиды: құрылыс торлары, микротрангуляция, полигонометрия және т. б.
Шынайылыққа түсірілген өстер тұрғылықты және уақытша белгілермен бекітіледі.
Тұрғылықты белгілермен негізінен екі өзара перпендикулярлы түрде қиып өтетін базалық өстерді бекітеді. Егер құрылыс барысында барлық негізгі өстерді қайта қалпына келтіру керек болғанда қажет. Тұрғылықты белгілер үшін металл трубалардың қиындысы немесе рельстер ағаш дөңгелектер қолданылады. Тұрғылықты белгілерді өте терең етіп бекітіп, оны бетондап қояды.
Ал уақытша белгілер үшін ағаш әшекейлер, костыляляр, металл штырялар мен трубкалар қолданылады. Бекіту белгілері жар асты жұмыстарынан алшақ құрылыс материалдарын сақтайтын қоймалардан алшақ уақытша жабдықтар орналасқан жерлерден алшақ орналасады. Жобаға түсірілген өстер кат бойынша құрылысшыға немесе құрылыс ұйымына беріледі. Акте сонымен қатар сызбаның атқарушы бөлімі және өсті бекіту қоса беріледі.
- Жер бедерінің жоспарын құрастыруды ұйымдастыру
Жер бедерінің жоспарын құрастыруды ұйымдастырудың көмегімен қала территорясының рельефін құрылысқа, инженерлік - транспорттық қажеттіліктерге жаратуға көмектеседі. Жер бедерін ұйымдастыру алаңдарды, көшелерді, жүргін жолдардықамтамасыз етеді: ғимараттардың, жабдықтардың және жер асты коммуникацияларын, конолизацияның және еріген су ағысының жергілікті жерге орналасуын қамтамасыз етеді.
Жобаны анықтаушы құжат жер бедерін ұйымдастырудың сызбанұсқасы болып табылады. Ол 1:5000 немесе 1:2000 масштабында топографиялық жоспарда құрастырылады.
Сызбанұсқада сонымен қатар өстердің қиылысу нүктелерінің арасындағы арақашықтық, ауытқығандығын, еңістіктерді (промиледе) және сулардың ағыс бағытын байқауға болады. Сызбанұсқада 1:100 -1:200
Масштабтардағы көшенің көлденең қимасының жобасы да қосылып бірігеді.
Бекітілген жер бедерін ұйымдастырудың сызбанұсқасы қала территорясын салудағы негізгі құжат болып табылады.
Жер бедерін ұйымдастырудың жұмысшы жоспары 1:500 - 1:1000 масштабтарындағы топографиялық жоспарды құрастырады.
Топографиялық жоспарда қима әдісінде торларға бөліп қояды, олардағы сызықтар бойына көлденең қималар түсіреді. Кварталдарды жоспарлағанда қималар арасындағы айырмашылық 20 -50 м болады. Ал үлкен территориялардың жоспарында - 100 - 200 м. Қима әдісі өте сирек кездеседі. Себебі оған көптеген жұмастар жасалынуы керек.
Жобалық горизонтальдар әдісі - мұнда табиғи рельефтің эрозияға ұшырауы әсерінен өзгерген рельефке жобалық горизонтальды жүргізеді. Майысқан сызықтар арасындағы жобалық горизонтальдар бір бірінен қалып отыратынпараллельдер арқылы бейнеленеді. Жобалық горизонтальдар үшін қиылысу (h) табиғи рельефтің сипаттамасына байланысты 0, 1 - 0, 5 м болады.
1:500 масштабтағы жоспарлар үшін егер егер рельеф тегістеу болса, 0, 1 метрдегі қөиылысуды таңдайды.
Жоспарда көршілес жобалық горизонтальдың арақашықтығы мына формула бойынша есептелінеді:
мұндағы і - көлденең жобалық еңіс, м - сандық масштабтағы жоспарлардың мәні.
Жер бедерінің жоспарын құрастыру көшелерден басталады, ең алдымен горизонтальды жүргізуші жолдар бойына жобалайды, сосын оларды құрылыстың фасад сызығына дейін дамытады немесе жалғастыралы. Мұндай жағдайда жүргінші жолдардың көлденең еңістіктерін газондарды және тратуарларды, сонымен қатарбордюр тастарының биіктігін есепке алып отырады.
Рельефті жобалауда ішкі кварталдық террирорияларда көше бойындағы вертикаль жоспардағы белгілеу қорытынды жобалау болып табылады. Ішкі кварталдың жүргінші жолдар мен жаяу жеүргінші өзенге жақын маңда жатқан суламен немесе арнайы су жиналатын желілермен жоспарлы түрде орналасуы керек. Квартал іші мен территориялардың жобалық табиғи рельеф жағдайына байланысты жасалады. Мұндай жағдайларда жерді жөндеу жұмыстарының барынша аз түрін таңдап алып отырады. Үлкен асулар мен үстірттерде жол жағасынан онда жасыл желектер әр түрлі ескерткіштерді, сатыларды жасап, әрлеп қойған ыңғайлы. Рельефті ұйымдастыру жоспарында бірінші қөабат «таза еден» болады.
Жерді ұйымдастырудың жоспарын қарай отырып, жер массасының жоспарын құрайды. Ол мынадай құжаттарды қамтиды - жобалық құжат (жер массасының көлемін анықтайтын құжат) .
Жер массасының жоспары тор тәріздес болады. Жоспар масштабына байланысты оның жоспары 5, 10 және 20 м болады. Әр бір квадрат бұрышына жобанық белгілер жазылады. Ал табиғи рельефті өзіне сәйкес келетін белгілер қойылады. Оны жұмыс белгісі деп атайды. Жұмыс белгілері және квадрат аудандары арқылы жер жұмыстарының көлемін өлшейді.
Көз арқылы алғашқы нүктелі нөлдік жұмысты тауып алады. Көлдік нүктелерді қоса отырып нөлдік сызықты құрайды.
Нөлдік жұмыс сызықтарына байланысты квадраттың көптеген типтерін ажыратуға болады.
- тегі бір немесе бірдей;
- біртекті емес;
- жеке біртекті квадрат үшін жер массасының көлемін (V0) призма көлемі ретінде анықтауғы болады.
мұндағы V 0 - біртекті жер массасының квадраты, Р - ауданының негізі.
Жеке фигуралардағы жұмыс көлемі (V R ) мына формулалармен анықталады:
мұндағы P R - жеке формуланың ауданы, h cp - осы фигураның орташа жұмыс белгісі.
- Жер бетін ұйымдастырудың жобасын шынайылылыққа енгізу немесе түсіру
Жер бетін ұйымдастырудың жобасын енгізу мынадай кезектілікпен орындалады:
- жергілікті жерге жүргінші жолдар рельефінің жобасын түсіреді;
- жергілікті жерге қызық сызық нүктелерінің жобалық белгілерін түсіреді;
- жергілікті жерге кварталдар рельефінің жобасын түсіреді (ең алдымен, кварталішілік жүргінші жолдарын, сосын кішігірім жолдарды топтастыруды ғимараттардың құрылысы бітпеген бөліктің жобалық рельефі)
Жер бетінің жобасын түсіру осыдан бастау алады. Ол үшін жүргінші жолдар осы бойына барлық майыстыру нүктереріне белгілер қойылады. Ол белгілер бағаналар немесе ағаш кольялардан жасалған болады.
Рейка бойындағы есеп беру b мына формуламен анықталады:
мұндағы Н исх - қорытынды репер белгісі, а - қорытынды репердің рейкабойындағы есебі, Н пр - анықталатын нүктенің жобалық белгісі.
Жобалық кескіннің нүктелерін жүргізуші жол осы бойына әрбір 10 - 20 м сайын түсіріп отырады. Одан кейін бұл нүктелерден көлденең түсірілімдер түсіріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz