Интернет технологиясының негіздерін оқыту әдістемесі


Мазмұны
Кіріспе . . . 2
I ТАРАУ. ИНТЕРНЕТ. ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1. 1. Интернет. Интернет технологиясының даму тарихы . . . 4
1. 2. Интернет желісінің құрылымы . . . 8
1. 3. Интернет адрестері . . . 10
1. 4. Интернет қызметтері . . . 11
1. 5. Internet Explorer 5 шолушысы . . . 19
1. 6. Интернетке қосылу шебері . . . 20
1. 7. Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу негіздері.
Қабылдап алынған ақпаратты өз компьютеріңізде сақтау . . . 27
1. 8. Интернеттен ақпарат іздеу . . . 30
II-тарау. ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1. Мектеп информатикасындағы интернет технологиясын оқыту әдістемесі . . . 33
Интернет технологиясы бойынша тапсырмалар . . . 37
Интернет технологиясы бойынша тест сұрақтары . . . 39
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 45
КІРІСПЕ
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де презиндентіміз Н. Ә. Назарбаев та назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе - ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын.
Соңғы кездегі Интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Ақпараттардың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады.
Дипломдық жұмыс мемлекеттік білім стандартының 7-9-11 сыныптары бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Менің бұл дипломдық жұмысты орындаудағы мақсатым - оқушыларға жұмыс істеу кезінде туындайтын нақты сұрақтарды шешу үшін компьютерлік желілермен, соның ішінде Интернет технологиясымен таныстыру, жұмыс жасау негіздерін үйрету.
Мақсаты:
Жалпы білім беретін мектептің информатика пәнінің негізгі курсында интернет технологиясының негіздерін оқытуды жетілдіру электронды оқу құралының нұсқасын ұсыну. Оқушыларға компьютерлік желі технологияларының топологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын игерту.
Міндеті:
Оқушыларға, студенттерге және жалпы пайдаланушыларға интернет технологиясының негіздерін оқыту бойынша әдістемелік құрал жасап көрсету және қажетінше мәліметтер ұсыну.
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
- Компьютерлік желілердің түрлерін ажырата білуге, мүмкіншілігін түсінуге, салыстыру арқылы оның артықшылығы мен кемшіліктерін білуге үйрету.
- Компьютерлік желілерді үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
I тарау. Интернет. Интернет технологиясының даму тарихы.
1. 1. Интернет. Интернет технологиясының даму тарихы.
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда, қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Информатикадан мемлекеттік білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына - ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады.
Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген Интернет желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Ендеше сол компьютерелерде тек балалар ойын ойнап, жазу жазумен шектелмей, арнайы бағдарламалар жасап, білім негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі қолға алынса жақсы болар еді. Бұл уақыт талабы ғаламдану талабы.
Интернеттің қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, мектептерде де орналасқан. Интернет - бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Интернет технологиясы білім беру үдерісінде де жетекші рөл атқарады.
Дүние жүзі бойынша Интернет технологиясын өркендетудің басты мақсаттарының бірі - оқушылардың Интернеттен өздеріне қажетті, сабаққа қажетті кез келген мәліметтерді ала алуын, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, клиптерді, бейнелерді және т. б цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны алуына, электрондық поштаны пайдалану арқылы өздеріне көптеген достар табуларына оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Қазіргі таңда Интернет желісіне қосылуға Қазақстан мектептерінің 44%-ы ғана қол жеткізген.
Мектепте Интернет технологиясы 7-9-11 сыныптарында өтеді. 7-сыныпқа 4 сағат берілген. Онда оқушыларға Компьютерлік желі туралы жалпы түсінік беріледі. 9-сыныпқа 7 сағат берілген. Онда оқушылар электрондық пошта туралы түсінік алып, өздерінің электрондық пошталарын ашуға мүмкіндік алады. 11-сыныпқа 12 сағат берілген. Мұнда оқушылар өз беттерімен Интернеттен ақпарат алуды, сақтауды, көшіріп алуды меңгереді. WEB сайттармен жұмыс істейді.
Компьютерлік желі туралы түсінік
Компьютерлік желі - бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.
Компьютерлік желі дегеніміз - ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір - бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ) және ауқымды (АКЖ) компьютерлік желі болып бөлінеді.
Ауқымды компьютерлік желі.
Бір немесе бірнеше желілерді бір-бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін. Әр саладағы желілер әр түрлі хаттамамен жұмыс істеуі мүмкін.
Әр түрлі хаттама бойынша жұмыс істейтін екі немесе одан да көп желілер бір-бірімен қиылысқан жағдайда арнайы компьютер қажет болады. Мұндай компьютерлер немесе программалар бір желідегі деректерді басқа желідегі пайдаланушылар түсінетіндей форматқа аударып беруі қажет. Ондай қызмет атқаратын компьютерлер немесе программалар шлюздер деп аталады. Ал бірдей хаттамамен жұмыс істейтін екі желіні біріктіретін құрылғыны көпір деп атайды.
Көп жағдайда бағалы ақпараттар сақталатын мекемелердің компьютерлері ауқымды желіге қосылғанымен сыртқы тұтынушылардың өз желілеріне қосылуына рұқсат бере алмайды. Бұл жағдайда шлюздік компьютерлер қорғану қызметін атқарады. Қорғаныстық қызмет атқаратын шлюздік компьютерлер брандмауэрлер деп аталады. Осы компьютер арқылы әкімшілік рұқсат еткен ақпараттар ғана өтетін болады.
Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:
- Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер) ;
- Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер) ;
- Мәліметтерді беру желілері.
Ауқымды компьютерлік желі әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады.
Екі немесе одан да көп желілерді байланыстыру кезінде желіаралық байланыс құрылады. Қазіргі кезде бүкіләлемде жүз мыңдаған үлкен және кіші желілер жұмыс істейді. Олардың көпшілігі бір-бірімен байланыстырылған. Осылайша біртіндеп өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерлерден құралған ақпараттық өріс құрылды. Осы біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады. Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork) . INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнын - кімдер, қалай бөлісіп көрсететінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
Интернеттің физикалық құрылымын әр түрлі типтегі компьютерлер құрайды. Олардың ішіндегі тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Барлық серверлердің программалық жабдықтары бір-біріне сәйкес келмегенімен олардың барлығы TCP/IP стандартты хаттамасын қолданады.
TCP/IP хаттамасына сәйкес ақпараттық өрісте айналыста жүретін барлық деректер блогтарға бөлініп, дестелерге салынады. Әрбір десте оған салынған деректен басқа ұзындығы 20 байт тақырыптан тұрады. Бұл тақырыпта жөнелтуші мен қабылдап алушының адресі, жіберілген орында дестелерді жинақтауға қажетті ақпараттар жазылады. Бұл дестелер бір серверден келесі серверге жіберіліп, біртіндеп тиісті адреске жеткізіледі. Егер десте сәтсіз жөнелтілсе, жөнелту қайталанады. Бір хабардың әр түрлі дестесі әр түрлі жолмен өтіп келеді, бірақ ең соңында барлығы жинақталып, бір құжат құрайды.
Интернеттің біртұтас ақпараттық өрісін радиоэфирмен немесе теледидар эфирімен салыстыруға болады. Бұл ақпараттық эфирдің айырмашылығы-ақпараттардың сақталатындығы. Дестелерге бөлінген ақпараттар серверлер арасында айналып жүреді де, оларда белгілі уақыт аралығында сақталады. Осы Интернеттің даму тарихына қысқаша тоқталайық.
Интернет технологиясының даму тарихы
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.
Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің Apranet компьютерлік жүйесі болып саналады. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанымен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды. Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері үкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, мектептерде де орналасқан.
DARPA атты американ мекемесі 1966 жылы телекоммуникациялық желілердің жобасын ұсынды. Онда компьютерлерді бір-бірімен өте үлкен қашықтықтар арқылы біріктіріп, орналастырылды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының нәтижесінде 1969 жылы алғашқы аймақтық ARPANet компьютерлік желісі пайда болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда қашықтықта орналасқан компьютерлерге түрлі программаларды жіберу, электрондық хабарламаларды жіберу және жүйеге ену құқықтарын қолданушы жүзеге асыра алады.
Ал, 70-жылдары ARPANet принципі басқа аймақтарда орналасқан компьютерлік желіліер енгізілді. Бұның жалғасы, яғни 80 - жылдары Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары қамтамасыз етілді.
Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:
І кезең (1969-1983 жж. ) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деректерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.
ІІ кезең (1983-1989 жж. ) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілер бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.
ІІІ кезең (1989-1994 жж. ) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болды. 90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.
ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды.
Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезеңі басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды.
1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр. Қазіргі кезде желлер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір - бірімен үйлесімді түрде байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСР/ІР хаттамалары көмегімен жүргізіледі.
1. 2. Интернет желісінің құрылымы.
Әрбір тұтынушы компьютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютермен жұмыс істейтін оптикалық түрдегі байланысу ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер - дегеніміз қалың көпшілікке арналған әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз (газет-журналдар), жарнамалар т. с. с мәліметтер сақталады.
Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес (IP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен операциялық жүйенің түрімен, байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұнын бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері деген ұйым мекеме бар.
Интернетте қызмет көрсету провайдері - Интернетпен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Провайдер таңдау кезінде қойылатын талаптар
Провайдер - бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания.
Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі телефон компаниялары да қызмет істей алады. Әдетте провайдерлер біркелкі қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі түріне және сапасына қарай ерекшеленетіндіктен, төлемақысы да әр түрлі болады.
Өз қажетіңізге лайықты провайдерді таңдай отырып, бірнеше шартты ескерген абзал:
· Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы - уақыт бірлігінде модем арқылы өтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер жабдықтарының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.
· Қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу - бұл Internet-ке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Қосылымның бұл түрі көптеген Internet-те жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, жан бітірілген сызбалық файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Енді бір түрі - кабельді модем, DSL, жерсерігі арқылы кең жолақты қосылым болып табылады. Қосылымның бұндай түрі жоғарғы жылдамдықпен байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режімінде аудио және бейне файлдарын жеткізуді қамтамасыз етеді.
Қызметтер құны осы аталған факторларға және Сіз пайдаланғыңыз келетін тарифтік жоспарға байланысты болады.
Бағыттауыштар.
Ақпаратты сақтау - желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуде арналған сервердің ішкі функциясы. Бұл қызметі үшін сервер провайдер ретінде ақша алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына - ақпаратты тасымалдау жатады. Мысалы, Лос-Анжелестегі сервермен Алматыдағы компьютер (клиент) арасында байланыс болуы үшін, жіберілген ақпарат жолдағы он шақты түйінді серверлерден өтуі керек. Алғашында, ол Алматыдан Мәскеуге барады, сонан соң Хельскинге, ары қарай Еуропалық желі түйіндері арқылы транслантик кабелімен АҚШ-қа жеткізіледі. Ал егер ол бағыт бос болмай қалса, онда мәлімет бірден спутникалық арналармен Мәскеуден тура Нью-Йоркке кетіп қалуы да мүмкін. Ақпараттың қай жолмен жүретінін алдын-ала болжауға болмайды, бұл ешкімді қызықтырмайды да. Желідегі әрбір сервер бір жерден ақпарат дестесін алғаннан кейін ол жөнелтілуге тиіс сервердің адресін біледі де, ақпаратты сол бағыттағы «жақындау» орналасқан серверге жібереді. «Жақындау» дегеніміз тегін емес, «жақындау» орналасқан сервер байланыс мүмкіндігінен, белгілі бір арнаның жұмыс өнімділігіне, оның қуатына т. б факторларға тәуелді болады. Екі ауыл арасындағы ең төте жолмен машина арқылы жүрудің қиындығы тәрізді, мысалы, жол тегіс емес немесе жауыннан соң төселген алыс жолмен жүру ыңғайлы, т. с. с шаралар сияқты мәлімет арналарында да арасы қашық болса да, ең жылдам орындалатын мүмкіндік таңдалып алынады.
Желі бойындағы түйінді серверлерде мәліметтерді реттеу мақсатында арнайы ақпараттық-программалық жабдықтар жұмыс істейді, оларды бағыттауыштар деп атайды. Олар келіп түскен мәліметті қайда жіберу керектігін анықтайды, мысалы, хабар жеткізілуге тиіс керекті сервер уақытша жұмыс істемей қалса, онда мәлімет айналма жолмен басқа компьютерге жіберіледі. Жоғарыда айтылған мысалда, Мәскеу мен Хельсинки арасында байланыс болмаса да, Алматыдан шыққан мәлімет бәрі бір бағыттауыш программалар көмегімен Лос-Анжелеске жылдам жетеді.
1. 3. Интернет адрестері.
TCP/IP - Интернет желісіне қосылған компьютер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы. TCP/IP хаттамасы шын мәнінде бір емес екі хаттама. Біріншісі TCP хаттамасы ақпараттың дестелерге бөлініп, қайтадан толық құжат болып жинақталуын қамтамасыз етеді. Екінші хаттама IP- осы дестелердің желі арқылы берілуі мен олардың адресатқа жетуін басқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz