Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе . . . …… . . . 3 бет

І тарау

1. 1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі . . . 6 бет

1. 2. Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері . . . ……… . . . 11 бет

1. 3. Ауыл шаруашылық ұйымдардың шикізаттардың есебі . . . … . . . 16 бет

1. 4. ХҚЕС бойынша ауыл шаруашылық шығындарының есебі . . . 21 бет

2. 0. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі . . . 25бет

2. 1. Өсімдік шаруашылығы бухгалтерлік есебі . . . 20 бет

2. 2. Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі . . . 22бет

2. 3. Ауыл шаруашылықта өндірілген өнімдердің есебі . . . 23бет

2. 4. Өсімдік және мал шаруашылық өнімдердің өзіндік құн есебі . . . 14бет

2. 5. Ауыл шаруашылық шығындарының синтетикалық және аналитикалық есебі . . . 26бет

2. 6. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары . . . 7бет

ІІІ тарау

3. 0. Қорытынды… . . . . . . 24 бет

ІV тарау

4. 0. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 25 бет

Кіріспе

Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.

Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.

Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып табылады (экспортшылардың әлемдік 10-дығына кіреді), елдің ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы экспортында мақта (15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай орын алады.

Республикадағы ауылшаруашылық жерінің жалпы ауданы 222, 6 млн. га құрайды, оның ішінде 24 млн. га егістік (10, 8%), 5 млн. га шабындық жер (2, 2%), жайылымы 189 млн га. (85%) алып жатыр.
Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін халықтың саны 7, 3 млн адам немесе елдегі жалпы халық санының 47, 2% құрайды.
Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы ресурстарымен бекітілген агроөнеркәсіптік кешені мен ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданған.

Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістің шикізатқа деген талабын толық қанағаттандыру үшін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің жылдық көлемін арттыру болып табылады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылдығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есептің де ерекшеліктері бар. Олар өндірістің және меншіктің әр түрінің: мемлекеттік, ұжымдық, жеке, акционерлік және басқаларының ерекшеліктерінен туындайды. Бухгалтерлік есеп әр ұйым мен әр кәсіпорында жүргізіледі. Бұл жұмыспен барлық жұмысшы бухгалтерлер айналысады. Бухгалтерлік есептің барлық мәліметтерін кәсіпорынның жоспарын құру үшін басшылар, инвесторлар, несие берушілер, жабдықтаушылар және басқалар да қолданады. Олардың барлығына дұрыс қызмет атқарып және көп пайда табу үшін бухгалтерлік есеп керек. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп жалпы экономикалық принциптер, бухгалтерлік стандарттар және халықаралық қаржылық жоспарлау стандарттары бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп талаптарын қанағаттандырады. Осының арқасында кәсіпорындар мен ұйымдар барлық тұтынушылар үшін еркін қызмет атқара алады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің әр кәсіпорында жүргізілуінің өзінің ерекшеліктері болуы мүмкін. Көптеген ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындардың бухгалтерлері өздері шешім қабылдап жатады, ол қабылдаған шешімдерін бухгалтерлік шотта көрсетіп отырады. Бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастыру қолда бар материалдық, еңбек және ақша ресурстарын бақылап, дұрыс пайдалануды, өнімдерді өндіріп, оның өзіндік құнын төмендету жоспарын орындау мақсатында ішкі резервтерді пайдалануды, белгіленген уақытында есеп беріп және оның мәліметтерінің жедел талдануын қамтамасыз етуі тиіс. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы зор. Бухгалтерлiк есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгiлi бiрлестіктерi мен тәсiлдерi бойынша есептейтiн, өлшейтiн және оны дәлдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсiпорынның жұмысын толығымен бағлап, оны басқару үшiн бағыт-бағдар берiп, алдағы уақытта iстелiнетiн жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажеттi ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлiк есеп бүтiндей халық шаруашылығы есебiнiң ең басты негiзгiсi болып саналады. Бухгалтерлiк есеп көптеген жүзжылдықтар бірінде пайда болып, бүгiнгi күнге дейiн дамып келедi. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негiзгi принцптерi мен жалпы тіртiбiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың бағыттары мен мiндеттерiн белгiлейдi.

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн барлық кәсiпорын бухгалтерлiк есептеу мен қаржылық есеп берудi осы заңға сәйкес жүргiзуге мiндеттi.

Кез келген ұйымда бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу экономикалық мәселелердiң негiзгi және басты қажеттiлiгi болып табылады. Бухгалтерлiк есеп арқылы өндiрiлген өнiмдi есепке алуға, сатып-өткiзуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиiмдi де ұқыпты етiп бөлiп жұмсауға, яғни кәсiпорындағы шаруашылық әдерiстердiң барлығын басынан соңына дейiн есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық әдерiстердiң, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы.

Кәсiпорындардағы бухгалтерлiк маманының қай-қайсының болмасын негiзгi кәсiби мiндетi бухгалтерлiк ақпаратты пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс есептелген мәлiмет беру болып табылады. Бұл ақпараттың мәлiметтi бiрдей дәрежеде пайдаланатын екi тұтынушы болмағандықтан, жалпы сипаттағы қаржылық есептi құру кезiнде негiзгi қағидалар мен шектеулердi, усынылатын ақпарат көлемiн объективтi бағалау қажет. Бухгалтерлiк есептегi бұл жүйе адамдар арқылы жасалатын болғандықтан оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды жеңуге болады.

І тарау

1. 1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі .

Бухгалтерлік есеп жүйесі - бухгалтерлік есеп элементтерінің (талаптарының, ережелерінің, объектілерінің, т. б. ) және олардың арасындағы ақпараттық байланыстардың жиынтығы. Белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін жасалады. Бухгалтерлік есеп жүйесі есептің мақсаттары тұрғысынан үш түрге бөлінеді, олар:

  • камералдық жүйе - ұйымның тиімділігі ақшалай қаражат қалдықтарының қозғалысымен және өзгерісімен айқындалады;
  • қарапайым (униграфикалық) жүйе - бағалау активтердің өсуін анықтауға саяды;
  • қосарлы жүйе - бағалау алынған пайданың шамасымен айқындалады.

Пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан қaржылық есеп (сыртқы пайдаланушылар үшін) және басқарушылық есеп (ішкі пайдаланушылар үшін) жүйелеріне бөлінеді. Халық шаруашылығы салалары түрғысынан осындай салалардың түрлері қанша болса, сонша есеп жүйесіне бөлінеді (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, туристік есеп, сауда, көлік есебі, т. б. ) . Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тұрғысынан орталықтандырылған жүйе (бүкіл ұйымға бір дербес теңгерім) және орталықтандырылмаған жүйе (бүкіл ұйымға бір теңгерім және оның белімшелеріне бөлек теңгерімдер) болып ажыратылады.

Бухгалтерлік есепте қолданылатын негізгі ауылшаруашылық түсініктердің анықтамалары. Ауылшаруашылық қызметі ауылшаруашылық өнімін сату, алу немесе қосымша биологиялық активтер өндіру мақсатында биологиялық активтерді био түрлендіруді басқару. Ауылшаруашылық өнімі кәсіпорынның биологиялық активтерінен жиналған өнім. Ауыл шаруашылығында негізгі құрал болып - жер саналады. Жер тауарға айналды, себебі бағасы берілді. 1996 жылы жер реформасы болды, онда жерді негізгі құралға жатқызды. Жер шабындық, жайылымдық, т. б. болып бөлінеді. Жерге арнайы құжаттар толтырылады: қабылдау актісі, бағасы, т. б. Ауыл шаруашылығы тірі организмдермен тікелей байланысты: өсімдіктер мен жануарлар. Олар еңбек құралы, әрі өндіріс б. т. Малға да, өсімдіктерге де кезінде күрделі қаржы жұмсап, керекті деңгейге жеткізу керек. Қолданылатын шығындар дақыл түріне, қолданылатын құралдарына қарай дұрыс бөлінуі тиіс. Алынатын өнім маусымдық сипатта болуы керек.

Ауыл шаруашылығында шығындарды жіктеуге тура келді: келесі жылға жарайтын, жарамайтын, т. б. Оларды аяқталмаған өндіріске жатқызамыз.

Әрбір ұйым, өздеріне тән ішкі және сыртқы байланыстары

бар көптеген құрамдас бөліктерден тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оларды зерттеу, басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық байланыстардың барлық жиынтығын қамтитын жүйелі көзқарасты талап етеді.

Басқарудың өзі шаруашылық есептің берілгендері негіз болатын бастапқы және ағымдағы ақпаратсыз мүмкін емес. Ол өндірісті басқару қажеттілігінен туындаған: шаруашылық процестерін басшылыққа алу барысында шаруашылық өмірдің нақты фактілерін біліп, оларды есепке алу қажет. Шаруашылық есеп басқару мақсатындағы қоғамдық қайта өндіріс процестерінің сандық көрсеткіштері мен сапалық сипаттамасы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы ұйымдарында өнеркәсіп ұйымдарымен салыстырғанда, айналым қорларының үлес салмағы көп. Бұл өндірістің, әртүрлі материалдық ресурстарды дайындау мен тұтынудың мезгілдігімен байланысты. Шаруашылықтағы қорлар мөлшері бірнеше факторларға байланысты: мамандануына, шоғырлануына, орналасуына, көлікпен қамтамасыз етілуіне және т. б. Қажеттілігіне байланысты олардың тиімді мөлшері мен өндіріске дер кезінде келіп түсуін қамтамасыз ету маңызды.

Материалдық қорлар біржолғы тұтыну қорларының сипатында (негізгі және көмекші материалдар, отын, ыдыс - өнімнің құрамдас бөлігі болғанда) және бірте-бірте тұтыну сипатында болуы мүмкін. Олардың құрамына негізінен еңбек заттары кіреді, бір бөлігін ғана еңбек құралдары құрайды деп тұжырымдауға болады

1. 2. Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

принциптері

Ауылшаруашылығы экономиканың бір саласы ретінде ерекше факторлардың әрекет етуін айқындайтын көптеген қасиеттермен сипатталады.

Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің негізгі ерекшелігі - ең алдымен, оның өндіріс үрдісі тірі табиғатпен, жермен және тірі ағзалардың - еңбек заты ретінде әрекет ететін жануарлар мен өсімдіктердің қатысуында.

Нарық экономикасы жағдайында экономикалық субъектінің қызмет ету мақсаты пайда табу болып табылады. Сондықтан, басшылардың басқару қызметі, бір жағынан ұйымның тұрақты жағдайын қалыптастыру мен ұстап тұруға, екінші жағынан, өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, бағытталған. Осы екі бағыт та ұйымның материалдық өндірістік қорларымен тікелей байланысты.

Көптеген шаруашылықтарда бәсекелестікке, сату нарығын жоғалтуға, шаруашылық субъектілерінің және тұрғындардың сатып алу қабілетінің төмендігіне, өнімнің өзіндік құнының жоғарылығына, ауыл шаруашылық өнімінің дайын болу мерзімділігіне, өнімді тиеудің ырғақсыздығына байланысты айналым активтеріндегі үлкен үлестік салмаққа дайын өнім ие. Кәсіпорын қоймасында дайын өнім қалдықтарының көбеюі айналым капиталының ұзақ уақыт тоқтап қалуына, нақты ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне, несиеге деген қажеттілікке, олар бойынша пайыздар төлеуге, жабдықтаушылармен есеп айырысу, бюджетпен есеп айырысу, шаруашылық жұмысшыларымен еңбек ақы бойынша есеп айырысу бойынша кредиторлық қарыздардың өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта бұл өндірістің төмендеуінің, кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендігінің және олардың банкроттығының негізгі себептерінің бірі.

Ауыл шаруашылығының әрбір өндірістік саласында өндірілген өнімнің құнында материалдық шығындар, үлкен үлестік салмаққа ие. Сонымен қатар, айналым құралдары қайта өндірістің барлық кезеңінде болады: дайындау, тұтыну, сату.

Ауыл шаруашылығы ұйымдары қаржыларының негізгі қызметтерінің бірі болып, ақшалай нысаннан тауарлы нысанға, тауарлыдан - өндірістікке, одан қайтадан тауарлы және ақшалай нысанға ауысып үздіксіз айналым жасайтын, айналым құралдарының қозғалысын реттеу табылады.

Бухгалтерлік есеп әдісі және оның бақылау қызметі ретінде түгендеуге деген бұндай көзқарас оның жеделдігін арттырады. Перманентті түгендеу барысында анықталған қателіктерді ағымдағы есепте түзетуге болады, ал әдеттегідей жыл соңында өткізілетін кәдімгі түгендеуден бақылаудың жеделдігі жоғалады. Есепті кезеңнің басында жіберілген қателік байқалмайды, түзетілмейді, кейбір жағдайларда әр түрлі себептермен бірнеше рет қайталануы мүмкін, нәтижесінде жыл соңында дискретті түгендеумен анықталғанмен де көптеген салдарға әкелуі мүмкін.

Бұдан бұрын айтылғандай, дискретті түгендеуді жүргізу түгендеу комиссиясының құрамына кіретін ұйым қызметкерлерінің бір тобын өз жұмыстарынан қалдырумен сипатталады. Еңбек шығындарының кейбір бөлігін перманентті түгендеуді жүргізумен қысқартуға болады. Бұл бақылау процедурасы әрдайым материалдық қорлардың жеке түрлері бойынша олардың минималды қалдықтары сәтінде жүргізілетін болғандықтан, оны өткізу мерзімі қысқарып, жұмыс уақытының бір күнін немесе бірнеше сағатын құрауы мүмкін. Бұл тәсіл қорлардың нақты барын растаудың шарты болып табылатын санау, өлшеу және басқа да процедураларға кететін уақытты азайтумен еңбек шығындарын қысқартып қана қоймайды, сонымен қатар, ауыл шаруашылық ұйымдарына түгендеу созылған жағдайда тексерілетін қорлармен орындалатын операцияларды тоқтату қажеттілігінің нәтижесінде болатын қызметтің қалыпты барысының бұзылмауына мүмкіндік береді.

1. 3. Ауыл шаруашылық ұйымдардың шикізаттардың есебі

Экономиканың өзегі мен өркені, негізінен, шикізатты өңдеуге байланысты. Бұл туралы Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында нақты атап көрсетілді. Шынымен де ел ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы өрлеу жолына түсе алмай отыр. Сенімге сай серпіліс, мақсаты айқын бетбұрыс болмаған жерде нәтиже болмайтыны белгілі. Сондықтан болар, өңделген сапалы ауылшаруашылық өнімдерімен халықты жеткілікті қамтамасыз ету деңгейі өңірлерде әлі төмен.

Егіншілік пен мал шаруашылығында өндірілетін бұдан басқа да көптеген шикізаттарды өңдеу кәсіпорындары облыста бірлі-жарым ғана. Олардың ішінде ет, сүт, жеміс, көкөніс, жүн, тері секілді өнімдерді қайта өңдеу көрсеткіші тым төмен. Негізінен мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары мен цехтарының саны тым аздығымен қоса, ет, сүт өнімдерін қайта өңдейтін бірде-бір өндіріс орындары жоқ. Жеміс, көкөніс өнімдерін өсіру, өткеру жақсы жолға қойылғанымен, оларды қайта өңдеу арқылы сапалы азық-түліктер шығару жалпы республикалық көрсеткіштен төмен болып отыр.

Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа ажыратылады.

  • Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен тұрады. Біріншісі - Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары - тамыр және түйнек жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер өңдеуде дәстүрлі көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп-кесу шаруашылығы деп те аталады. Ал екіншісі - көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Әсіресе Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулерінің құрғақ аудандарында (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру) және Солтүстік Еуропа мен Азияның тундра зонасында (бұғы өсіру) кең тараған. Бұл шаруашылық дамушы елдерге тән, өте ұсақ шаруашылық жиынтықтарынан құралады. Олардағы еңбек өнімділігі дамыған елдермен салыстырғанда 25 есе төмен. Кейде егіншілік мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бір ғана дақыл өсіруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері - күріш, Африка елдері - кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдері - қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.
  • Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық - ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі:

а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру) ;

ә) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы - Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;

б) көпсалалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы - Еуропаның кейбір елдері мен Азия және Латын Америкасы елдеріне тән. Егіншілік пен мал шаруашылыры бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта сан салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсіріледі.

  • Жоғары маманданған тауарлы ауылшаруашылығы - ол ауыспалы егістіктері бар өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін интенсивті мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы агроөнеркәсіптік кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда FTP нәтижесікде механикаландыру мен химияландыру өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологияның соны жетістіктері кеңінен пайдаланылуда. Шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау және өткізу, сондай-ақ тыңайтқыш сияқты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл өз тарапынан ауыл шаруашылығына индустриялық сипат береді. Мұндай шаруашылықтар жақсы жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшылар күшін және агротехникалық шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі, әсіресе сыртқы нарық сұранысына бағдар ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет ішіндегі мемлекет" рөлін де орындайды. Жоғары механикаландырылған алты шаруашылық түріне бөлінеді:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Приречное» ЖШС-тің кәсіпорнының қысқаша сипаттамасы
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі
ЖШС «Жас-Қанат»кәсіпорында жүргізілу есебі
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Мал шаруашылығының дайын өнімі
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі
Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Краснознаменский -2 ЖШС кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы
«Қой шаруашылығындағы шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдіру» (Алматы облысының мәліметтері негізінде)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz