Оңтүстік Қазақстан облысының халқы мен оның әлеуметтік жағдайы



Кіріспе

1. Оңтүстік Қазақстан облысына жалпы сипаттама және аймақтық туризмді дамытудағы мүмкіндіктері
1.1. Облыс туралы негізгі мәліметтер
1.2. Аймақтың табиғат жағдайы мен оның туризмге қолайлылығы
1.3. Облыстың экономикалық жағдайы және ондағы танымдық.қызығушылық тудыратын негізгі объектілер
1.4. Аймақтағы мәдени.тарихи ескерткіштер

2. Оңтүстік Қазақстан облысының халқы мен оның әлеуметтік жағдайы
2.1. Халқы
2.2. Халықтың этнографиялық ерекшеліктері
2.3. Халықты әлеуметтік қорғау жағдайы

3. Оңтүстік Қазақстан облысы иуризмінің қазіргі жағдайы және даму жолдары
3.1. Облыстағы туризмнің дамуының өткен кезеңіне шолу
3.2. Туристік.рекреакциялық ресурстардың пайдаланылу дәрежесі
3.3. Аймақта туризмді дамытудың негізгі мақсаттраы мен міндеттері және оларды жолға қою

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Табиғи байлығы мен тарихи-мәдени құндылықтары
бар кез келген территория саяхат сүйгіштердің, зерттеуші ғалымдардың және
іскер адамдар мен қарапайым демалушылардың қызығушылығын тудырары хақ.
Аймақтың ландшафты, табиғат жағдайы мен климаты, тарихы мен мәдениеті
ондағы туризмнің даму мүмкіндіктерін, оның ішінде рекреациялық
ерекшеліктерін анықтайды.
Қазіргі таңда тәуелсіздік жағдайындағы туристік өндіріс саласындағы
шаруашылық инициятиваларын күшейту, саяси-экономикалық және мәдени
талаптарға жауап беретін туристік саясатты қолдау мәселесін қойып отыр.
Туризм географиясы бойынша, Оңтүстік-Қазақстан облысы –
республикамыздың туристік-рекреациялық әлеуетінің талаптарына жауап
беретін, өзіне тән ерекше табиғи ресурстары мен тарихи-мәдени құндылықтары
бар аймақ. Аймақтағы туризмнің даму бағыттарын, жолдарын анықтау үшін,
реакция мен демалысқ, шетелдік туристерді қабылдап алуға, табиғи, тарихи-
мәдени және әлеуметтік-экономикалық ресурстардың мүмкіндіктері мен жағдайын
жан-жақты, терең талдау және аймақта туризмнің даму концепциясын жасау
қажет. Оңтүстік-Қазақстан облысының туристік-рекреациялық әлеуеті өзінің
экономикалық және шаруашылық әрекетінің ерекшеліктерімен, туризмді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамытуға мол мүмкіндік береді.
Облыстағы туризмнің дамуының бүгінгі жағдайын талдау, ондағы керемет
мүмкіндіктердің аймақтың экономикасын дамытуға жеткіліксіз пайдаланып
отырғандығын көрсетеді. Бұл жағдайға себеп, тек ғылыми негізделген
ұсыныстардың жоқтығы ғана емес, рекреациялық ресурстарды меңгеру және
туризм мен рекреацияны аймақта толықтай дамытудың жалпы концепциясының да
болмауы себеп болып отыр.
Оңтүстік-Қазақстан облысындағы керемет, қайталанбас ұлттық, тарихи,
мәдени және табиғи ерекшеліктерді ескере отырып, онда шаруашылықтың жаңа
саласы – туризм индустриясын дамытудың маңызды қажеттілігі осы тақырыптағы
ғылыми зертеуге мұрындық болып отыр.
Зерттеу объектісі. Оңтүстік-Қазақстан облысындағы дамытуға мүмкіндік
беретін туристік-рекреациялық ресурстар.
Зерттеу пәні. Территорияның рекреациялық ресурстарын кешенді түрде
бағалау негізінде аймақтағы туризмді дамыту мен туристік қызметті дамыту
жолдарын анықтау, болжау мақсатында туристік-рекреациялық ресурстарды
пайдалану және оларды игеру болашағы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Рекреациялық ресурстарын кешенді түрде
бағалау негізінде Оңтүстік-Қазақстан облысында туризмнің дамуыынң әлеуеті
мен болашағын анықтау, аймақтағы халық шаруашылығының салалары жүйесінде,
туризмнің, экономиканың бір саласы ретіндегі орны мен мәнін айқындау және
аймақтағы туризмнің дамуының жалпы концепциясы мен бағдарламасын жасау
жөніндегі ғылыми ұсыныстарды даярлау.бұл мақсаттарға жету үшін мынадай
мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды:
- экономикаынң бір саласы ретінде туризм географиясының мәнін
орнықтыру;
- мәліметтер базасының негізінде аймақ бойынша облыстың
рекреациялық ресурстарына талдау жасау және оларды бағалау,
- аймақтың экономикалық салалар жүйесіндегі туризмнің орны мен
мәнін анықтау;
- облыс территориясындағы туризмнің бағдарлы дамуының
алғышарттарына объективті сипаттама беру;
- туризмді дамыту мақсатында рекреациялық ресурстардың жағдайы мен
пайдаланылу дәрежесін анықтау;
- облыста туризмнің дамуының жалпы концепциясы мен оның аймақтық
саясатын жасау жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Жұмыстың жазылуы барысында мынадай
еңбектер қолданылды:
- география саласы бойынша: А. С. Бейсенованың, Н. А.
Гвоздецкийдің, М. Ш. Ярмухамедовтың, Ю. Г. Саушкинаның т. б.
еңбектері;
- статистикалық мәліметтер Қазақстан республикасының әлеуметтік-
экономикалық сандық көрсеткіштері жөніндегі талдамалы есебі және
ҚР. статистикалық агенттігінің сандық есептері бойынша алынды.
- туризм географиясы мен рекреациялық география саласы бойынша:
С. Р. Ердавлетовтың, М. Д. Мамадиаровтың, И. И. Пирожниктің,
А. М. Мелдебековтың, В. Д. Уваровтың, Отырар
жәдігерлері энциклопедиясы.
- Зерттеу барысында жалпы ғылыми, географиялық, статисттикалық,
социологиялық әдістер: анализ және синтез, жүйелеу,
салыстырмалы-географиялық, сипаттау, картографиялық, сұрау
жүргізу т. б. қолданылады.
Ғылыми жаңалығы. жүргізілген зерттеулер былайша тұжырымдалады:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық территориясында аймақтық деңгейде
табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды кешенді түрде
талдау, аймақтағы табиғи ландшафттардың көгалдану дәрежесі мен
әлеуметтік-экономикалық рекреациялы ресурстардың болуына орай
облыс территориясын аудандастыру негізінде туризімді дамытужағдайы
мен оның болашағын талдау, туристік-рекреациялық ресурстарды бағалау
мен олардың пайдаланылу дәрежесін зерттеу;
2. Рекреациялық жүйелерді жоспарлау тәсілі ретіндегі экономикалық-
географиялық аудандастыру принциптері мен мақсавттарын жүйелік жолдар
негізінде аймақтық туристік саясат құру теориялық түрде негізделген;
3. Оңтүстік-Қазақстан облысындағы туризмнің даму концепциясының үлгісі
мен оны іске асыру жолдары көрсетілген.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Бұл зерттеу жұмысы кіріспеден, үш
тараудан, қорытынды мен қосымшалардан тұрады.Жалпы көлемі бет,
таблицадан, суреттен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Оңтүстік Қазақстан облысына жалпы сипаттама және аймақтық туризмді
дамытудағы мүмкіндіктері

1. Облыс туралы негізгі мәліметтер

Оңтүстік Қазақстан обылысы – кең байтақ қазақ жерінің тарихы терең,
құнарлы да құйқалы, өзгеше өңірі. Қаратау мен Алатаудың баурайынан
миллиондаған жылдар бұрынғы адамзаттың мекені болған орындар табылып,
ғылыми негізде дәлелденуі, сондай-ақ ежелгі түрік қағанаттары тұсында
қалалардың жан-жақты өркендеп, өзіндік өркениет орталықтары ретінде
танылғаны талай жайыттарды аңғартады. Бұған баршаға белгілі тарихи
тұрақтар, тастағы таңбалар мен жазбалар, Исфиджаб (Сайрам), Отырар,
Сағанақ, Сауран, Иясы (Түркістан), Созақ, Шымкент, Құлан сияқты шаһарлар,
кейінгі кездегі қазбалар нәтижесінде анықталып жатқан қорғандар
мен кенттердің қалдықтары дәлел.Әлі де небір құпияларын бүгіп,
жұмбақтарын жасырып жатқан орындар қаншама.
Облыс аумағының табиғаты мен жер жағдайы да ерекше. Биік-биік
таулар мен жосылып жатқан жоталар, жазық далалар мен шөлейтті құмдар
тоғысып, өзіндік өрнек құрайды. Ұлы жібек жолының негізгі күретамырларымен
қатар көне кенттерге, Алатау мен Қаратаудың асулары мен бел-белестеріне,
Сырдария мен Шудың және ұзына бойларына, Қызылқұмның түкпір-түкпіріне
таралып жатқан тараулары мен бұтақтары тіпті де көп.
Көне қалаларымыздың бірі Түркістанның 1500 жылдығы ЮНЕСКО аясында
аталып өтті. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев: “Он бес ғасырлықтарихы бар бұл қаланың мерейтойы – тек
Түркістанның ғана емес, Қазақстан Республикасының, бүкіл түркі тілдес
халықтардың да мерейін үстем ететін игілікті шара. Ендігі мақсат рухани,
ғылыми және сауда-экономикалық орталық ретінде одан әрі абаттандыра беру
болып табылады” – деді.
Облыс орталығы Шымкент қаласы – Қазақстандағы инфрақұрылымы дамыған,
өнеркәсіптік және ғылыми-мәдени жағынан маңызды, қай жағынан алғанда да аса
айшықты шаһарлардың бірі. Қасиетті қазығұрт тауынан бпасталатын жазықта
қанатын кеңге жайған қала халқының саны жағынан республикамызда үшінші орын
алады. Шымкентте 600 мыңнан астам адам тұрады. Ал “Қаратау тәжі” атанған
Кентау, тоғыз жолдың торабы делінетін Арыс, сондай-ақ Сарыағаш, Шардара,
Жетісай, Ленгер қалаларының да өзіндік ерекшеліктері аз емес. Мәселен,
Мақтаарал, Сарыағаш, Сайрам сияқты аудандардың әрқайсысында 230-250 мыңнан
астам халық тұрады.
Облыс жері Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Қызылорда, Қарағанды,
Жамбыл облыстарымен шектесіп жатыр. Облыс 1932 жылы наурыз айында құрылған.
Екінші дүниежүзі соғысы жылдарында жауға атылған он оқтың жетеуі Шымкент
қорғасынынан жасалған деп есептеледі. Облыстың басты бағытттары мен
бағдарлары: түсті металлургия, химия, мұнай өңдеу, құрылыс материалдары,
машина жасау өнеркәсібі; мақта мен жүгері, күріш пен қызылша, жүзім мен бау-
бақша, мал шаруашылығы.
Тәуелсіздікке тәубе дей отырып, оңтүстік қазақстандықтар жаңаша,
өркендеу жолына түсті. Қазір қай салада болмасын, экономикалық, әлеуметтік-
мәдени реформалардың жеңістері мен жемістері айқын көрінуде.
Әрине, әр өңір мен өлкенің ең басты байлығы – адамдары. Осы орайда
күллі адамзаттың мақтанышына айналған Әбу Насыр әл-Фараби мен Қожа Ахмет
Иасауи бабаларымыздың алдымен ойға оралары сөзсіз. Олардың теңдесі жоқ
мұраларымен бүгінгі ұрпақтың танысып, табыса бастауы да тәуелсіздігіміздің
арқасында болып отыр. Тәуелсіздіктің он бес жылында экономикада, білім мен
ғылымда, әлеуметтік-мәдени салада, өнерде қол жеткізген табыстар баршылық.
Оңтүстік Қазақстан обылысы республикамыздың оңтүстігінде, сырдария
алабында орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың км.кв, бұл Қазақстан аумағының
4,3 пайызыын құрайды. Халқының саны 2,17 млн (01.07.2004).
дамуСолтүстігінде Қарағанды, батысында қызылорда, шығысында жамбыл
облысымен, ал оңтүстігінде Өзбекстанмен шектеседі. Облыста 11 аудан, 8
қала, 13 кент және 932 ауылдық елдімекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық
округке және 13 кенттік округке бөлінеді. Орталығы Шымкент қаласы [1].
Облыс тұрғындары саны жағынан республиада алдыңғы қатарда
тұрғаноблыстардың бірі екендігі,байырғы тарихи-мәдени орындардың молдыығмен
де ерекшеленеді. Атақты Отырар қамалы, түркі жұртына мәлім болған бұрынғы
Иасы, қазіргі Түркістан қаласы, осы топырақта туып өскен, орта ғасырдағы
атақты шығыс жұлдыздары қатарында аталып жүрген ғалымдар мен ғұламалардан
қалған көне соқпақтың ізін саралай түсу бүгінгі ұрпақтың парызы.
Республикада қолайлы табиғат жағдайларымен ерекшеленетін, қысы қатал, жазы
салқын Түлкібас пен түгін тартса майы шығатын Жетісайдың, жаймашуақ
Түркістанның арасында ежелде өмір сүрген өркениетті ел болғандығын
дәлелдейтін археологиялық қазба орындар мол. Жақпар тастарда, қыш
кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік өлке тарихының сырлы белгісі іспетті.
Облыстың айтарлықтай өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері бар. Олардың
негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары құрайды.
Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір рудасы
бойынша үшінші орын алады. Облыс мақта, тері шикізаттары, өсімдік майы,
жеміс-жидек, көкеніс өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра
және алкогольсіз сусындарды басқа жерлерге жеткізіп отырады. Сонымен бірге
облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт қышқылы, шифер,
автотрактор шиналары, экскаваторлар, трансформаторлар, майлы ажыратқыштар,
шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз шығарылады.
Облыста екі бағытта жалпы ұзындығы 445 км темір жол, ұзындығы 5,3 мың
км автомобиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны бар 5,1 мың км жол бар.
Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс
орталығы халықаралық Орынбор-Ташкент және Түркістан-Сібір магистральдарының
тоғысында орналасқан. Сонымен қатар облыс аумағы арқылы Ташкент-Шымкент-
Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автомагистарльдары өтіп
жатыр.
Ерте кездердің өзінде Оңтүстік өңірі, оның Отырары мен Түркістаны,
Сайрамы мен Шымкенті тағы басқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы, Мырзашөлі
мен Қызылқұмы, Созағы мен Қазығұрты, Сырдариясы мен Арысы сияқты таулары,
өзен-сулары, жазира дадалары мен берекелі құмдары баршаға мәшһүр болған.
Тіпті әрі кететін болсақ, Қаратаудың күнгей және теріскей беттері
адамазттың бұдан миллион жыл бұрын мекен еткен жерлері екендігі ғылыми
тұрғыдан дәлелденген. Оңтүстік өлкесі небір қасиетті әулие ата-
бабаларымыздың кесене-күмбездері, тарихи-мәдени ескерткіштері неғұрлым
көбірек сақталған аймақ. Олардың әрқайсысы өз кезеңдерінен өзгеше шежіре
шертеді.
Оңтүстік өңірі дегенде бүкіл адамзаттың мақтанышына айналған ұлы тұлға
Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз бен күллі түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа
Ахмет Иасауидің ойға оралатыны сөзсіз. 2000 жылы Түркістанның он бес
ғасырлық мерейтойы аясында Ахмет Иасауи бабамыздың мұраларымен танысып,
оның айырықша әлеміне сәл де болса жақындай түстік. Тәуелсіздігіміздің 10
жылдығына орай өткен әл-Фараби бабамыздың 1130 жылдық мерейтойы да үлкен
оқиға болды.
Қазақстанның барлық өңірлері сияқты Оңтүстік аймағы да небір қилы
замандарды, қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешті. Алайда, мәдениет пен өнер,
шығармашылық арқауы дәстүрлі жалғасын тауып келеді. Елбасымыз мәдениетті
қолдау жылы деп жариялаған 2000 жылдың өзінде талай істер атқарылды.
Олардың ішінде халықаралық ақындар айтысы, Шәмші Қалдаяқов атындағы
халықаралық конкурс, төрткүл дүние құлақ түрген Түркістанның 1500 жылдық
мерейтойы, халықаралық “Рокпар” фестивалі, жас әншілердің “Арай” аумақтық
байқауы, алғаш рет қазақ тілінде өткізілген
“Жайдарман” көңілді тапқырлар клубының облыстық жарысы, әлемге танымал
ұлттық музыкаакадемиясының президенті Айман Мұсаходжаеваның концерті, ақын
Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші, ташкентте өткізілген ақындар айтысы,
облыстық “Мәдениеттім – мерейім ” фестивалі, Нұрғиса Тілендиевтің 75
жылдығыан арналған облыстық “Аққу” фестивалі және басқада ауыз толтырып
айтуға болатын шаралар аз болған жоқ.

1.2. Аймақтың табиғат жағдайы мен оның туризмге қолайлылығы

Жер бедері. Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін ортааш
биіктігі теңіз деңгейінен 200-300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі
алып жатыр. Терістігінде бетпақдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігінде
Мойынқұм, батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігінде
Мырзашөл жатыр. Орталық бөлігінде жамбыл облысының аумағымен шектес
оңтүстік-шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау
жотасы (ең биік нүктесі 2176) жатыр. Ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының
батыс шетіндегі өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі Сайрам шыңы (4238
м) бар. Өгем мен Келес өзендерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың
(Тянь-Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі
2000 м, ал ең биік нүктесі – мыңбұлақ тауы (2834 м), қаржантаудан солтүстік-
батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600
м) тұр. Қазақтар осыдан мыңдаған жыл бұрын Қазығұртты кие тұтып, дүниенің
тұтқасы санап: басында Қазығұрттың кеме қалған, болмаса кереметі неге
қалған?! – деп басталатын ғажайып дастан тудырған. Көк Тәңірі дүниежүзін
топан су басқан кезде бір пәк дүние жасау үшін Нұх пайғамбардың кемесіне
адамзат, жан-жануар, ұшқан құс, жүгірген аңнан бастап өсімдікке дейін жұп-
жұбымен отырғызып, таза тұқым сақтап қалмақ болған. Топан тартылып, су
қайтқанда Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауының басына қайырлапты
деседі. Қазығұрт қазір де көптеген түрлі көркем туындылардың тақырыбы. Заты
– мұның бәрі тегін емес. Ел-жұрт Қазығұрттың қадіріне жетіп, киесіне
табынып, абыройын асқақтатып, мерейін асыра түсуде. Ташкент-
Шымкентжолындағы ең биік асуға ескерткіш қойылды. Сонау көне замандардан
бүгінге дейінгі тарихи оқиғалар тек Қазығұрт өңіріне ғана емес, бүкіл қазақ
даласына қатысты. Өйткені Қазығұрттың жөні бөлек. Ұлы Жібек жолының бойында
тұр. Қазығұрт маңайын үлкен ұлттық қорыққа айналдыруға әбден болады.
Айналасы –Төле би ауданы, атақты Ақсу-Жабағалы. Шетелдік меймандарға ұялмай
көрсететін кереметтер.
Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып
отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік мұздықтарына
дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып
тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің
әлі аяқталмағандығын көрсетеді.
Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен
желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық
әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін
тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темір
жолдар, кеніштер мен қала салынған аймақтар т. б.
Геологиясы және кен байлықтары: Геологиялық құрылымы жөнінен облыс
аумағы Тұран плитасына жатады. Қаратау жотас протерозой тақтатастарынан
және құмтастардан тұрса, оңтүстік батыс Қаратау карбонныңәктас, құмтас
конгломераттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралған.
Сонымен бірге палеозой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан
интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой-кайназой
шөгінді таужыныстары кездеседі.
Облыс қойнауы әр түрлі қазбаларға бай: полиметалдар, қоңыр көмір, темір
кені, гипс, әктас, оттөзімді саз, кварцты құм қабаттары, мәрмәр, түрлі
құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратау қойнауындағы Ащысай,
Мырғалымсайжәне Байжансайқорғасын-мырыш кеніштері ХХ ғасырдың 40-жылдарынан
жұмыс істейді. Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті және жоғарғы Бадамалтын кен
көздерінің орны ерекше. Облыста республиканың уран ресустарының жартысына
жуығы орналасқан, олар әлемдегі ең ірі арун кеніштері болып саналады. Ал
Иірсу, Сусіңген және абайыл кеніштерінен титан, хром, марганец және темір
кендері өндіріледі. Облыс аумағында Шу-Сарысу газ-гелий және Сырдария мұнай-
газ кен орындары бар. Боралдайдан, Таскөмірсайдан, Келтемашаттан және
Ленгер кеніштерден мезозойлық қоңыр көмірлер өндіріледі. Аймақтағы Қратау
фосфорит алабына жататын Грес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан
өтті. Ал Тәңіртаудың ең батыс сілемі Қаржантау мен сайрам жоталары
өнеркәсіптің көптеген салаларына өте қажетті шикізатқа өте бай [2].
Табиғат байлықтары мен территориялық жағдайлары оның туристік-
рекреакциялық мамандануы мен туризм және демалыс түрлерінің дамуына,
халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Туризмнің дамында
табиғи алғышарттарды анықтау, өз кезегінде аймақтың физикалық-географиялық
сипаттарын зерттеу басты рөл атқарады.
Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың қиыр оңтүстігінде орналаса
отырып, басқа облыстардан табиғи құндылықтарымен ерекшеленеді. Облыстың
солтүстік шекарасы Астрахань, Ростов, Будапешт, Женева, ал оңтүстігі Баку,
Ереван, Неополь, Мадрид қалаларының ендіктерінде жатыр. Оның территориясы
Орта Азияның солтүстік аудандарында 46 градус параллельде жатыр. Облыстың
құрылымы жөнінен әркелкі болуы оның демалыс және туристік-рекреакциялық
әлеуетін анықтайды. Аймақтың территориясыынң солтүстік бөлігі жер бедерінің
денудациялық типіне сай келеді. Шу өзенінен солтүстікке қарай және Сарысу
мен бақтықарын өзендерінің кепкен арнасынан шығысақ қарай Бетпақдала
үстірті созылып жатыр, орташа биіктігі 230-250 м болатын жазықтық.
Бетпақдаладан оңтүстікке қарай Шудың сол жағалауын бойлай Мойынқұм шөлді
массиві созылып жатыр, жер бедері қырқалы құмды пішінді болып келеді.
Бетпақдала үстірті Торғай қолатының оңтүстік бөлігінің ежелгі жазықты жер
бедерімен салыстырғанда едәуір жас денудациялық жазықтардан тұрады.
Мойынқұм құмдарынан оңтүстікке қарай батыс Тянь-Шань таулы жүйесі
басталады.
Аймақты демалыс пен туризмнің әртүрлі түрлерін ұйымдастыру мақсатында
пайдалану өте қолайлы.
Климаты. Климат – аймақта демалыс пен туризмнің түрлерін ұйымдастыруға
мүмкіндік беретін бірден-бір фактор. Климаттыңрекреакциялық сипаттамасы
ретінде қазіргі таңда қоршаған ортаның көптеген көрсеткіштері
пайдаланылады. Температура суммассы, эквивалентті-эффективті және
радиациялық температура т. б. Бұлардың барлығы демалыс пен туризм өткізу
жағдайына қажетті жағдайлар болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысының климаты шұғыл континентті. Бұл әлемдік
мұхит пен теңіздерден қашықтықты білдіреді. Аймақтың күшті тау жүйелерінен
солтүстікке қарай орналасуы суық ауа массаларының келуіне кедергі туғызады.
Оңтүстіктегі барикалық градиент пен желдің жылдамдығы осыған байланысты.
Сондықтан оңтүстікте желді борандар солтүстікке қарағанда 5-9 есе көп.
Облыс күн энергиясы ағынының молдығымен сипатталады. Оңтүстік-батыста
жиынтық радиация 150 ккалсм.кв, ал солтүстік-шығысқа қарай 120-130
ккалсм.кв-ға дейін төмендейді. Облыс бойынша орташа жылдық күн сәулесі
2700-3000 сағатты құрайды. Аймақ ең жоғарғы термикалық фонмен ерекшеленеді.
Қысқы температура тұрақты емес. Қаңтардың орташа температурасы оңтүстікте
13-14 С және орташа -2-4 С, ал солтүстік мен солтүстік-батыста 19-21 С және
-12-14 С аралығында ауытқиды. Жазда циркуляция төмендеп, термикалық режим
тұрақты болады. Маусымның орташа температурасы солтүстікте 28 С, оңтүстікте
29-30 С градусқа жетеді. Облыста құрғақшылық ьасым, ең ылғалды кезең көктем
мезгілі. Құрғақшылықтың ұлғаюымен жауын-шашын да азаятыны белгілі. Жазық
аймақтарда ол 3-5 пайызға, тау алды зоналарда 10 пайызға, биік тауларда 17-
19 пайызғажетеді. Облыстың оңтүстіктегі территориясында жылына орташа
есеппен 150 мм, ал оңтүстігіндегі биік тауларда 800 мм-ден асады [3].
Туризмнің дамуында климаттың маңызы өте зор. Аймақтағы табиғаттың
қолайлылығы мен демалыс және туризмге ыңғайлы кезеңдердің Н. А. Данилов
жасаған картасы үлкен қызығушылық тудырады. Облыстағы ауа райының қолайлы
күндері жылына орташа 135 күн, дегенмен Бетпақдала жазықты белдеуінде,
Мойынқұмда, Мақтаарал ауданында, Қызылқұмның оңтүстік батысында шілде мен
тамызда мұндай күндер күрт азайып кетеді. Қолайлы ауа райы наурыздың
ортасынан маусымның ортасына дейін және қазаннан желтоқсанның ортасына
дейін созылады ( 2-карта-схема). Қолайлы күндердің ұзақтығы рекреанттар
ағзалары үшін климатты бағалаудың медициналық-биологиялық көрсеткіштері
болып табылады. Таулы аудандар санаторийлер, сауықтырғыштар мен демалыс
және туризмнің емдік сауықтыру объектілері – курорттар салатын орындар
таңдауда таптырмайтын жер.
Бір сөзбен айтқанда, облыстың туристік әлеуеті мен қолайлы климаттық
жағдайы жаз және қыс маусымдарында туризм мен рекреакцияны дамытуға өте
қолайлы.
Өсімдіктер және жануарлар әлемі. Өсімдік пен жануарлар қоршаған орта
мен оның рекреакциялық ресурстары жағдайының негізгі индикаторы болып
саналады. Өсімдіктердің әртүрлілігінің ландшафттың аттрактивтілігі мен
пейзаждарын көркейтуде мәні зор.
Бетпақдаланың сазды, құмды, тақырлы даласы өсімдіктерге кедей,
рекреакциялық мақсаттарға тиімсіз. Мұнда қоңыр-сұр топырақтарында баялыш,
жусан, тұрандық жусан мен баялыш өседі. Бұл өсімдіктер ылғалды аз жұмсап,
құрғақшылыққа барынша бейімделген. Бетпақдаланың ең қиыр оңтүстігінде
эфемерлі өсімдіктер өседі. Шөлдердегі бұталы тырбық өсімдіктер аймаққа
сұрықсыз кейіп береді. Дегенмен, бұл белдеуде ландшафтты көркейтетін
интрозональды өсімдік түрлері де кездеседі. Шөлді ландшафттың
экзотикалылығы және тартымдылығын көрсететін – оның сексеуілді ормандары..
Мойынқұм мен Қызылқұмның құмды шөлдері экзотикалық жануарлардың көші-
қон мекені. Тұяқтылардан киік, бөкен,дер, жейран және құландар мекендейді.
Сарысу, Шу және Сырдария өзендерінің тоғайларында жабайы қабандар жиі
кездеседі. Көптеген қояндар, сарышұнақтар мен кеміргіштер өріп жүреді.
Жыртқыштардан сілеусін, түлкі, қасқыр т. б. кездеседі. Бұлардың барлығы
аңшылықмаусымдарда аңшылық туризмін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Аймақта
ең көп тарағаны бауырымен жорғалаушылар. Барлық шөлдерде кесірткелерден
дөңгелек бастылар кең таралған. Ұзындығы кейде 2-2,5 метрге жететін
кеселдер кездеседі. Әсіресе, көктем емзгілінде дала тасбақалары көп жүреді.
Барлық көктем бойы түрлі улы жыландар: оқжылан, эфа, майжыландар;
өрмекшілерден: тарантула, фаланга, қарақұрт, сарышаяндар қаптап жүреді [4].
Көктемде тау алды аудандарында демалыс пен туризмге қолайлы кезең
туады. Ақпанның соңы мен наурыздың басында бәйшешек гүлдеп, содан соң
итмұрын, ал мамырда далалар мен тау етектері гүлденіп, гүлдердің патшасы –
грейч тюльпаны гүлдейді. Сары, қызыл қызғалдақтар түрлі-түсті кілемдей
жайнайды. Таулар мен тау етектерінде емдік шөптер жетерлік. Мәселен,
шайқурай, аптекалық ромашка, жеңіс шөбі, таулық, алтын тамыр, тимьян,
дермене, адыраспан, итсигек т. б. Қалған жазғы, күзгі уақытта өсімдіктер
демалыс жағдайын нашарлатады. Бұл уаықтта демалыс объектілері ағашты-
бұталы, шалғынды өзен аңғарлары болады. Шалғынды белдеу (1400-2600 м) тек
дала шалғындарынан ғана емес, ағашты өсімдіктерден де тұрады. Мұнда
өсімдіктердің 85-ке жуық түрлері бар. Аршалы ормандар оңтүстік-батыс Тянь-
Шаньның орта таулы ландшафтының өзіне тән элементі. Олар тау ландшафтын тек
көркейтіп қана қоймай, сонымен қатар тау ауасын тазаартып, табиғаттың
генераторы қызметін де атқарады. Аршадан бөлініп алынатын эфир майы ауру
тудырғыш түрлі ағзаларды жояды. Сондықтан аршавлы аймақта серуен жасау
денсаулықты күшейтіп, физикалық күшті дамытады. Өгем мен Піскем жоталарының
оңтүстік таулы аудандарындағы грек жаңғақтары жалпақ жапырақтардың кейпін
береді. Боралдайтауда, машат мекенінде долана, жаңғақ, Ақсу өзені аңғарында
және Жабағалы өзенінің төменгі бөлігінде петунниковбадамы, тянь-шаньдық
шие, Ақсу, Бадам, Келес өзендерінің бойында алма бақтары, қарақат,
қойбүлдірген т. б. көптеп өседі.
Облыстың географиялық жағдайы мен оның территориясының күрделі
ландшафтық дифференциясы мен аймақтың түрлі әсем суреттік бейнесі және
экзотикалылығын қалыптастыратын бай флорасымен фаунасының одан әрі
гүлденуіне жол ашады. Қазіргі таңда облыс ауиағында өсімдіктердің 3000-дай
түрі бар. Оның 300-ден астамы сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан
өсімдіктер.
Облыс территориясында бір қорық – Ақсу-Жабағылы, 4 қорықша –Задарья,
Ақдала, Шалдар, Темір, цитрвалы жусанды қорғау мақсатында және бір
дендропарк құрылған. Қаратау және Қызылқұм қорықтарын, Пістелітау,
Келтемашат, Өгем, Шаян қорықшаларын және Шымкент қаласында ботаникалық
бағын салу жоспарлануда. Аймақтағы табиға климаттық жағдай мен ландшафттың
әртүрлілігі шөлден биік тауларға дейінгі бай өсімдік түрлері әртүрлі
шаруашылық әрекетін,оның ішінде туризмді дамытуға мол мүмкіндік береді.
Сулары мен су ресурстары. Сулар кез келген аймақтың туристік-
рекреакциялық потенциалының маңызды элементтерінің бірі. Өзендер мен көлдер
облыстың ландшафтын көркейтіп қолайлы микроклимат құрады, туризм мен
демалыс түрлерін дамытуға жол аашды. Негізінен туристік- рекреакциялық
объектілер су көздерінің маңында ұйымдастырылады.
Облыстың орографиялық құрылысы туризмнің дамуы үшін маңызды өзен
шоғырлары мен бассейндеріне бөлуге мүмкіндік береді. Гидрографиялық тордың
орталықбөлігін Сырдария өзені алып жатыр. Оның орташа жылдық ағысы Шардара
станциясында 21,5 млрд текше метр, ал орташа көпжылдық шығыны секундына 681
текше метрді құрайды.
Облыстағы өзендер кеме жүзуге жарамсыз, бірақ кішігірім жүзу
құралдарына, су туризмі мақсаттарына қолдануға әбден болады. Шардара су
қоймасын рекреакциялық игеруде су, жағажай, аңшылық пен балық шаруашылығын
дамытуға кең мүмкіндіктер бар.
Облыс территориясында 1700 км-ге созылып жатқан Сырдария өзенінің Арыс,
Керес, Құрық-Келесдеген салалары бар. Бұлардың ішіндегі ірісі – Арыс
өзенінің ұзындығы 2247 км. Бұдан басқа Ақсу, Жабағылы, Машат, Боралдайтау,
Бадам, екінші деңгейде Қошқарата және Сайрам өзендері бар [5].
Шу өзені – Мойынқұм шөлін Бетпақдала шөлді үстіртінен бөліп, облысты
шығыстан батысқа кесіп өтетінірі су ағыны. Өзен шөгінділер мен қамыс
құрақтарында суын жоғалта отырып, Сырдарияға 50- км-дей жетпей құмдарға
сіңіп жоғаладыү Жазғы қолайсыз ауа райында онда аңшылық пен балық аулау
туризмінің мүмкіндіктерін шектейді.
Сарысу өзені де Ащыкөл ойпатындағы құмдарда суын жоғалтып, ағынсыз
типке жатады. Облыс аумағында оның арнасы күрт оңтүстікке бұрылып,
Бетпақдала құмдарыннда жоғалып кетеді. Сарысу жайылмалары Шу өзені секілді
туризм мен демалыс орындарын дамытуға қолайлы.
Қаратау жотасының солтүстік беткейінен басталатын өзен торлары мен
ағындарыдың саны 57, олардың жалпы ұзындығы1142 км. Ең іріісі – Қаршасай 87
км. Қаратаудың оңтүстік беткейінен басталатын өзендер саны 68, жалпы
ұзындығы 2178 км. Ірілері бөген – 217 км, Шаян – 115 км, арыстанды өзені –
92 км.
Минералды сулар. Облыстағы Сарыағаш, Темірлан және Манкент минералды
суларының орындары республикадан тыс жерлерге де танымал. Сарыағаш 1948
жылы бальнеологиялық стационар ретінде ашылып, 1951 жылы курорт болып,
қазіргі таңда 650 адамдық орынмен қызмет етіп келеді. Емдік-сауықтыру
ттуризмі мен санаториялық-курорттық емдеу көзі ретінде Темірлан, Түркістан,
Манкент, ӨҚызылкөл сауықтыру орындарының рөлі зор.

1.3. Облыстың экономикалық жағдайы және ондағы танымдық-қызығушылық
тудыратын негізгі объектілер

Оңтүстік Қазақстан облысы ауқымды өндірістік-экономикалық әлеуетімен,
еңбек ресурстарының көптігімен ерекшеленетін бірегей аймақ. Республикада
шығарылатын транспорматорлардың – 98,6 пайызы, фармацептикалық
препараттардың – 70,1 пайызы, минералды және газды сулардың – 51,5 пайызы,
мотор майының – 38,9 пайызы,оның ішінде бензин, рафинатты қорғасынның –
23,6 пайыыз, сыраның – 23,6 пайызы, цементтің –19,7 пайызы, экскаватор,
мақта талшығы мен мақта майы түгелдей дерлік осы облыста өндіріледі.Сонымен
бірге облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон бұйымдарын
көптеп өндіретін, әрі жеткізіп беретін аймақ болып саналады [1].
Өнеркәсібі. Облыс ежелден өнеркәсібі дамыған өңір юолып саналады.
Химфарм, қорғасын, фосфор, цемент, шина, полиметалл, уран, сондай-ақ жеңіл
өнеркәсіп бұйымдарын өндірумен танылған. Шымкент пен Кентау қалаларындағы
небір алып өндіріс орындары кезінде әйгілі болды. Бүгінде облыс өнеркәсібі
жалпы өндірістік өнімнің 33-35 пайызын құрайды. Облыста 147 ірі және орта
көлемдегі өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Олардың қатарында “Петро
Казахстан продакшн” ААҚ, “Южполиметалл” АҚ, “Шымкентцемент” ААҚ,
“Абсоцемконструкция” ААҚ, “Шымкентмай” ААҚ, “химфарм” ААҚ, “Шымкентсыра”
ЖШС т. б. бар. Облыстың өнеркәсібі әлемнің 37 еліне экспортқа өнім
шығарады, 66 елінен өнімдер алады. Экспортталатын өнімдер ішінде мақта
өнімдері – 43,4 пайыз, металлургия өнеркәсібі өнімдері – 14,5 пайыз,
минералдық өнімдер – 17,2 пайыз, мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-
түлікөнімдері – 17,3 пайыз,химия өнімдері – 4,3 пайыз. Ал импорт
құрылымында машиналар, машина жабдықтары, көлік құралдары, түрлі приборлар
мен аппараттар – 42,8 пайыз, химия өнімдері – 18,8 пайыз, мал және
өсімдік өнімдері мен дайын өнімдер – 9,6 пайыз, металлуригя өнеркәсібі
өнімдері – 6,9 пайыз, минералды өнімдер мен ағаш өнімдері – 7,9 пайызды
құрайды [6].
Облыста “ Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды-инновациялық
дамуының 2004-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары” жасалған. Өнім
сапасын халықаралық стандарттарға сай ету жұмыстары жан-жақты
жандандырылуда.
Көлік. Автомобиль көлігі. Облыс жері арқылы 445 км қос бағыттағы темір
жол, 5,3 мың км автомобиль жолдары, азаматтық авиация жұмыс істейтін 27 мың
км әуе жолы өтеді.
Облыс орталығында Орынбор – Ташкент, Түркістан – Сібір халықаралық
магистралі түйіседі. Сонымен қатар Ташкент – Шымкент – Түркістан – самара
автомагистралі өтеді. Облыс тұрғындарына барлық меншік нысанындағы 50
автокөлік кәсіпорны қызмет етеді. Олардың 21 кәсіпорны алааралық,
ауданаралық бағыттарда болса, 17-сі Шымкент қаласының тасымалдау
бағыттарының барлық түрлеріне қызмет көрсетеді.Облыстың автомобиль жолдар
желісі 525 бағыттан тұратын болса, оладрың 175-і қалааралық және 199-ы қала
маңыбағыттары. Шымкент қаласында 1282 кестеден тұратын 126 автомобиль
бағыты және 30 кестеден тұратын 4 троллейбус бағыты негізінде қызмет
көрсетіледі. Жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 4467,7 км.
Әуе көлігі. “Шымкент” әуежайы 1931 жылдың наурыз айында іске қосылды.
Ол уақыттағы ұшақтардың барлығы “ПО-2” машиналары болатын. Бүгінде
әуежайдың “ТУ-154”, “ТУ-204”, “ИЛ- 96-300”, “ИЛ-76”, “АН-124”, “Боинг-
747SP”, “Боинг-ЕР”типті ұшақтарды, басқа да әуе кемелерін және
тікұшақтардың барлық түрлерін қабылдауға мүмкіндіктері бар. “Шымкент”
әуежайы Еуропадаг Оңтүстік-Шығыс Азияға, Таяу және Қиыр Шығыс елдеріне
баратын әуе көлігі жолдарының қиылысында орналасқан. Сондықтан да тікелей
және транзитті халықаралық әуе рейстерін орындауға өте қолайлы. Қазіргі
уақытта Шымкент әуежайынан Ресей, біріккен Араб Әмірліктері, Түркия,
Армения және Сирия елдеріне ұшатын әуе қатынасы орнатылған. Рейстерді
“Аэротранс”, “СКАТ”, “Трансаэро”, ,,AirAstanа,, ,, GST Aero,,
авиакомпаниялары атқарады [1].
“Шымкент” әуежайы тәулік бойы жұмыс істейді, мұнда кедендік,
шекаралық және санитарлық-карантин бақылауы орнатылған.
“Сирена”, “Габриэль”, бронь жүйелерінің көмегі арқылы әуе билеттерін
сатады. Жүк терминалымен және 500 шаршы метр алаңға орналасқан уақытша жүк
қоймасымен жабдықталған.
Теміржол көлігі. “Теміржол бөлімшесі” тасымалдау процесін басқарушы
құрылым ретінде облыс аумағында 1949 жылдың 1-қазанында Ташкент
теміржолының құрамындағы Арыс стансасы қазақ теміржолының құрамына кіреді.
Шымкент теміржол бөлімшесі арқылы әртүрлі бағыттарға (Өзбекстан,
Қырғызстан, Ресейге және республика ішінде) қалааралық поездар жүреді.
“Шымкент - Шеңгелді” қала маңы поезі 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап
Сарыағаш стансасына дейін ұзартылып, бұрынғы ескі вагондардың орнына жаңа
және экологиялық таза электр поезд қатынайтын болды. Шымкент тасымалдау
бөлімшесі орташа есеппен тәулігіне 30 жұп жүк поездарына қызмет көрсетеді.
Теміржол желісінің пайдаланылаиын ұзындығы 497,3 км, оның ішінде екі және
одан да көп желілердің ұзындығы 415,7 км.
Ауыл шаруашылығы. Облыстың жалпы жер көлемі 11724 мың гектарды құрайды.
Суармалы жерлерді тиімді пайдалану нәтижесінде егіншілік пен мал
шаруашылығы дамып отыр. Облыстың табиғи климаттық жағдайының қолайлы
болуына байланысты дәнді дақылдардың көптеген түрлері өсіріледі. Облыс ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі аса ірі аймақтардың бірінен
саналады.республикадағы мақта егісі түгелдей осы аумақтың еншісіне кіреді.
Ауылшаруашылық алқаптары 10268,4 мың гектарды құрайды, оның 844,9 мың
гектары егістік, көпжылдық екпе ағаштар 30,9 мың га, жайылым 9104,8 мың га
және тыңайтылған жерлер 145 мың га. 2004 жылы ауыл шаруашылық дақылдары
762,6мың гектарға орналастырылған. Негізінен ауыл шаруашылық дақылдарының
егіс көлемі айналымға тыңайған жердерді қосу есебінен жылдан жылға
кеңейтілуде. Экономикалық тиімділігіне байланысты мақта дақылының егіс
көлемі де ұлғайып келеді. Мақтаның жоғары сапалы өнім беретін “МА-3031”,
“МА-3044”, “С-47-27” сорттары егілуде. Сол сияқты бидайдың “Стекловидная-
24”, “Красноводская-210”, “Безостая-1” секілді сорттары егіліп, олардан
жоғары сапалы өнім алынуда. Мақта талшығын терең қайта өңдеумен “Меланж”
акционерлік қоғамы тұрақты түрде айналысып келеді. Қазіргі таңда осы
кәсіпорында әлемдік стандарттарға сай келетін мақта матасын шығаруға
мүмкіндік беретін германдық және швейцарлық жабдықтарды орнату арқылы
тоқыма, бояғыш және өндіріп шығару өндірістерін толық жаңалау мен қайта
жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осы саладағы кәсіпорын “ЮТЕКС”жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі. Бұл кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 6 мың
тоннаны құрайды. Сондай-ақ мақта талшығын өңдеу жөніндегі кәсіпорын “Қазақ-
орыстоқыма альянсы” ЖШС мен “INADA TEXTILE” қазақ-қытай кәсіпорынында
құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Облыстық экономика және бюджеттік
жоспарлау департаменті мақта кластерін құрудың техникалық-экономикалық
негіздемесін жасау жөнінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігінің “Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы”
акционерлік қоғамымен шарт жасасты.
Жүзім шаруашылығы, жеміс шаруашылығы және оларды өңдеу арқылы
шығарылатын өнімдер облыс ауыл шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі
болып табылады. Қазіргі таңда жүзімді және оның өңделген өнімдерін қайта
өңдеумен 24 шарап жасау кәсіпорындары мен шағын цехтар айналысады. Жеміс,
көкеніс өнімдерін қайта өңдеумен “Оңтүстік жеміс консерві” ЖШС, “Принсуг-
2004”, “Шымкент бизнес” сияқты кәсіпорындар мен 18шағын цех айналысады.
Облыстың экономикалық дамуының стратегиялық басты құрамдасының бірі болып
табылатын шарап жасау,көкөніс пен жеміс-жидекті қайта өңдеу кластерін
қалыптастыруға қажетті инвестицияны тартуға болады. Қайта өңдеу
кәсіпорындарын кластерге біріктіру жеміс өнімдерінің дүниежүзілік рынокта
бәсекелестік қабілетін арттыруына мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығы. Облыс аумағында 1991-92 жылдарға дейін мал шаруашылығы
саласында негізінен сиырдың “Әулиеата”, “Қарала”
тұқымдары, биязы жүнді “қазақтың оңтүстік меринасы,, қойы, қаракөл
қойлары, жылқының “Ақалтеке”, жартылай таза қанды Қостанай, орыстың
“Орлов”, “Орыс желгіші” тұқымдары және қос өркешті түйе өсірілді. Асыл
тұқымды сиыр малы Мақтаарал, қазығұрт, Сайрам, Түлкібас, Төлеби
аудандарында, биязы жүнді “қазақтың оңтүстік меринасы,, қойы Бәйдібек,
Қазығұрт, сарыағаш, Еділбай қойы Бәйдібек, Ордабасы, ал қаракөл қойы арыс,
Созақ, шардара аудандары мен Түркістан қаласының шаруашылықтарында
өсірілді.
Қазір облыста 13 шаруашылықта асыл тұқымды сиыр, 38 шаруашылықта қой, 6
шаруашылықта жылқы, 9 шаруашылықта түйе, 3 шаруашылықта шошқа өсірілуде.
Негізінен сиыр малының “Қараала” тұқымы Сайрам, Мақтаарал, Сарыағаш,
Қазағұрт аудандары мен Түркістан қаласының ауылдық округтерінде, жылқы
Бәйдібек, Мақтаарал, Сайрам, Төле би, Түлкібас аудандарында, “Ақалтеке”
жылқысы Бәйдібек, “Қарабайыр” тұқымы Мақтаарал, Отырар аудандарында
өсірілуде.
Қазір облыста 55331 ауыл шаруашылығы құрылымы, оның ішінде 54320 шаруа
қожалығы, 999 өндірістік коператив, ЖШС т. б. бар.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін мемлекеттік кәсіпорындар,
атап айтқанда ет және сүт комбинаттары, құс фабрикалары мен жеміс өнімдері
зауыттары қайта құрылды. Облыста тағам өнімдерін шығарумен 70-ке жуық ірі
және орташа кәсіпорындар, сондай-ақ 900 ұсақ цехтар мен шағын кәсіпорындар
айналысады. Тамақ өнімдері өндірісінің үлес салмағы 17,6 пайыз. Ауыл
шаруашылығын техникамен, қосалқы бөлшектермен, минералды тыңайтқыштармен
және өсімдік қорғау жабдықтарымен қамтамасыз ету ісін негізінен жекеменшік
кәсіпорындар атқарады. Техника жөндеумен түрлі сервистік қызмет мекемелері
айналысады. Қазір облыста 50 МТС жұмыс істейді [1].
Облыста ауыл шаруашылық дақылдарының аса маңызды турлерін,атап
айтқанда, мақта, мақсары, жузім өсіру,сондай-ақ тұқым шаруашылығын
өркендету,мал тұқымын асылдандыру жөнінде арнайы бағдарламалар қабылданған.
Байланыс жүйесі. “Қазақтелеком” АҚ-ның филиалы обылыстық
телекоммуникатциялар дирекциясының қызыметі обылыста қазіргі заман талабына
сай жоғары сапалы ішкі, қалааралық және халықаралық ақпараттар алмасуды,
ауылдың байланысты дамытуды және қолдауды, мектептерге телефон және
интернет желісін орнатуды, телефон желілерін жаңартуды, абоненттерге жаңа
қызметтер ұсынуды қамтамасыз ететін кең ауқымды телекаммуникация желілерін
құруға бағытталған. Дирекцияның құрамына бас кәсіпорын бойынша Шымкент
қаласын және облыс аудандарын қамтитын құрылымдық бірліктер кіреді. Олар
бас кәсіпорын, 3 өндірістік бөлімше, “Қалалық телекаммуникациялар
желілері”, “Аумақтық телекаммуникациялар желілері ”, “Шаруашылықты
пайдалануды қамтамасыз ету”, “Телекомсервис” сату бөлімшелері,
“Технологиялық пайдалану орталығы”, “Ақпаратты технологиялар орталығы”,
“Кеңейтілген сервис орталығы”, сонымен қатар 14 “Аудандық
телекаммуникациялар торабы ” сияқты құрылымдық бөлімшелер бар. 1980-1989
жылдары Шымкент қаласындағы автоматты қалааралық байланысты АМТС – ІМ
жабдығы, аудандарда ішкі облыстық автоматикалық байланысты АВТС
аппаратурасы орнатылып, байланыстың АЗТС автоматты жабдығы іске қосыла
бастады. Бұл барлық абаненттердің қалааралық байланысқа шығуға мүмкіндік
береді. Бұдан кейін 1500 аралық квазиэлектронды “Кварц” жүйесі орнатылады.
Тұтынушыларға жоғарғы сапалы қызмет ұсыну мақсатында, автоматты есеп
айырбастау жүйесі енгізілген. “Іскерлік тәсіліндегі жоғарғы сапа үшін”
қаларалық қор басқармасы (Швейцария) 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық
телекаммуникациялар дирекциясын “Іскерлік тәжірибедегі жоғарғы сапа үшін”
атты Алтын медальмен марапаттады. Бақылау қоры кенесінің сараптау
мәліметтері негізінде филиал халықаралық “INTERNIONAL GOLD MEDAL AWARD”
сыйлығына ие болды. Компания бизнестің және өнеркәсіптің жетекші өкілдері
ретінде бизнес қауымдастығына әлемдік үлгідегі мекеме атанды.
Қаржы салымы. Бюджет. Бюджет – облыстың әлеуметтік-экономикалық
жағдайының көрінісі. Соңғы бірнеше жылдар бойыэкономиканың шынайы секторын,
агроөнеркәсіп кешені, кіші кәсіпкерлік пен әлеуметтік саланы ұдайы дамыту
есебінен экономикалық тұрақты өркендеу үрдісі сақталып келеді. Облыс
бюджеті кірістерінің негізгі көзісалық түсімдері, ең алдымен төлем
көздерінен ұсталатын табыс салығы, әлеуметтік салық пен акциздік болып
табылады. Бюджеттің негізгі шығыстары әлеуметтік салаға: білім беруге,
денсаулық сақтауға, халықты әлеуметтік қорғауға жұмылдырылады. Атап
айтқанда, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің еңбекақысын, әлеуметтік
төлемдерді, арнайы жәрдемақыларды, басқа да түрлі әлеуметтік жеңілдіктер
мен үстемақыларды уақтылы төлеуге назар аударылады, бюджеттік ұйымдардың
қызметкерлеріне төленетін еңбекақы қоры едәуір өсті. Мемлекеттік
қызметкерлердің жалақылары да өсті. Бюджеттік даму бағдарламасы
инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Соңғы үш жылда бюджет
қаржысы есебінен күрделі сипаттағы шығыстарға барлық мекемелер бой ынша
негізгі материалдық-техникалық жабдықтауға 3856,9 млн. Теңге, ғимараттар
мен құрылымдарды күрделі жөндеуден өткізуге 2215,7 млн. Теңге және құрылыс
жұмыстарына 8597,9 млн теңге бөлінді [6].
Салық. 1991 жылғы 9-шілдеден бастап Президент Жарлығына және министрлер
кабинетінің қаулысына сәйкес республиканың салық қызметі құрылды. Осыған
орай еліміздің облыстары мен аудандарында тиісті бөлімшелер пайда болды.
Жұмысты жетілдіре түсу мақсатында 1993 жылы 31-наурызда қабылданған
“Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің салық қызметі туралы”
арнайы қаулысына сәйкес облыста және барлық қалалар мен аудандарда салық
инспекторлары құрылды. 1996 жылы 14-қыркүйекте Президент Жарлығымен
Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік салық комитеті құрылуына орай салық
басқармалары өмірге келді.
Сыртқы экономикалық қызмет. Облыста 1993 жылдың желтоқсанында құрылған
сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру жөніндегі құрылымның негізгі мақсаты
алыс және жақын шет елдермен сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту,
облыс экономикасына тікелей инвестиция тарту, жарнамалық-ақпараттық
компанияларды белсенді түрде өткізужәне инвесторлар үшін заңнамалық
кепілдіктер мен жеңілдіктерді қамтамасыз ету болып табылады.
Халықаралық қайта құру және даму банкі “Ирриграция және құрғату
жүйелерін жетілдіру” жобасын қаржыландыруүшін Қызылорда облысы мен Оңтүстік
Қазақстан облысының Мақтаарал ауданына 15 млн. АҚШ доллары көлемінде қарыз
ұсынды. Аталмыш жобаны қаржыландыруға Азиялық банктің үлесі40 млн. АҚШ
долларын құрады. 2004 жылы Азиялық даму банкі 5 жылға арналған ауылды
сумен жабдықтау және ауыл аймақтарына канализация жүргізу жобасын жүзеге
асыруға кірісті. Мұндағы Азиялық даму банктің үлесі 34,6 млн. АҚШ долларын
құрайды. Республикада тәуелсіз сыртқы экономикалық бағыттың қалыптасуы және
жүзеге асырылуы аймақтарда да сыртқы экономикалық қызметтің даму үрдісіне
септігін тигізуде. Облыстағы сыртқы экономикалық қызмет шетелдік
серіктестермен сауда-экономикалық байланыстарды дереңдетуге, облыс
экономикасына шет ел инвестициясын тарту және аумақты анан әрі әлеуметтік-
экономикалық дамытуға бағытталған.
Облыстардың сыртқы экономикалық қызметін дамыту үшін қолайлы елдер
ретінде ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа, Батыс Еуропа, Бельгия, Нидерланды,
Италия, Түркия, Қытай т. б. елдер анықталған. Осыған байланысты сыртқы
экономикалық қызметті дамыту жөніндегі мақсатты жұмыстар Орталық және Шығыс
Еуропа, Батыс Еуропа елдеріне іскерлік сапар жасаудан басталды және осы
мемлекеттер бизнес-делегациялық мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында шет
мемлекеттерде Оңтүстік Қазақстан облысының тұсаукесерін өткізу түріндегі
жаңа жұмыс шарасы енгізілді. Бірінші тұсаукесер Венгрияда, Чехия, Словакия,
Хорватия, испания, Румыния және Франция елдері өкілдіктерінің қатысуымен
Будапешт қаласында өтті. Облыстың осындай тұсаукесері Израиль мемлекетінде
өтіп, ол Израиль компаниялары мен парламентінің қызығушылығын туғызды.
Батыс Еуропада облыстың тұсаукесері алғаш рет Бельгия корольдігінің Батыс
Фландрия провинциясының Котрик қаласында өтті.
Сыртқы экономикалық қызметтегі басымдықтар өңдеуші өндірістердің
дамуымен, оның ішінде тоқыма және тігін өндірісі, ауыл шаруашылыығ
өндірістерінөңдеу және дайын өнімдер шығаратын өндірістер ашу, шет ел
инвесторларының қаржыларын тарту арқылы инновациялық жобаларды жүзеге асыру
қызметін іске асырумен тікелей байланысты. Негізгі капитал ағымымен
инвесторлар қызығушылығының инфрақұрылымыдамыған аймақтарға бағытталуына
байланысты. Шет ел кәсіподақтарымен біріккен компаниялардың көбі Шымкент
қаласында, сарыағаш, Сайрам, Созақ аудандарында және Түркістан қаласында
шоғырланған. Облыста 127 бірлескен және шет ел кәсіподақтары жұмыс і степ
олардың 31 кәсіпорны тұрақты түрде өнім шығарумен айналысып келеді.
Қазіргі Шымкент – облыстың ірі әкімшілік орталығы болып саналады.
Бүгінде қала халқы 600 мыңнан асып жығылады. Ол халықы жөнінен Алматы мен
Астанадан кейінгі үшінші орында және қызмет көрсету салаларының дамуына
арналған ресурстардың жоғары әлеуетіне ие. Қаратау тауларындағы Ащысай
полиметалл рудасы, Жамбыл фосфориті, Қазығұрт жотасының құрылыс матералдық
шикізаттары, Ленгердегі қоңыр көмір кен орны, Жетісай, Киров, Сырдария маңы
т. б. оазистердегі суармалы дер игеру жүйелері, түркістан-Сібір теміржол
магистралі өндіріс пен түрлі ауыл шаруашылық салаларын дамытуға жол
ашты.Судың молдығы, құнарлы қоңыр-сұр топырақ, жылы климат ауыл
шаруашылығының түрлі салаларындамымуға қолайлы жағдай туғызады. Облыста
көкеніс және бақшалық егістер маусымына2-3 рет жиналады. Қапланбек жүзімі
Италияндық шарапжасаушы зауытының негізгі шикізат көзі болып келеді.
Аталмыш зауыттың өзге де сапалы шараптары алтын және күміс медальдармен
марапатталған. Сарыағаш арқылы Ташкентке өтетін туристік бағыттағы
Қапланбекте бұрын жинақталған көпжылдық қордан шарап жасалады. Сауықтыру
және емдік туризмнің перспективті салалары жүзім мен қарбызбен емдеу арқылы
ағзадағы шлактарды түсіру, бауыр мен бүйректі тазарту жолға қойылған.
Облыста мал өсіру кеңнен дамыған, мүйізді ірі қара мал, қаракөл қойын өсіру
кеінен қолға алынған. Туризм үшін жылқының, яғни ат туризмі мен қымызбен
емдеу, түйелердің шөлдегі экзотикалық “каравелінің” мәні өте зор. Түрлі ат
ойындарының, түйе жарыс тарының дамуы – ұлттық сауықтырудың бір түрі және
белсенді демалыс түрі, сонымен қатар қазақстандық тунизмнің бәсекеге
қабілеттілігі мен экзотикалылығына аса қажетті элемент болып саналады.
Аймақта кең дамыған “жабайы” балық аулау туризмі туристік мекемелер
мен фирмалардың назарына тікелей ілікпей отыр. Облыста көптеген жасанды
және табиғи сулардың болуы мен Сырдария, арыстағы, Бөген, Шардара су
қоймалары және басқа да сулардағы балық шаруашылыығ аймақта балық туризмін
белсенді, әрі табысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, облыстың көптеген өнідірістік-шаруашылық объектлері
маңызды экскурсиялық әлеует ретінде түрлі құрлықтың саяхат сүйгіш халқы
үшін туризм объектісі бола алады. Шаруашылық объектлерімен байланысты
туризмнің мақсаты - өз өнімдерін жарнамалап, өндірістік бағдарламаларын
дамыту болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Халық демографиясы жағдайы мен миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын зерттеу
Демографиялық процестердің теориялық және әдістемелік негіздері
Шығыс Қазақстан облыс халқының табиғи қозғалыстарына әлеуметтік-экономикалық географиялық сипаттама
Оңтүстік қазақ жері
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Ақтөбе облысының демографиялық дамуының қазіргі жағдайы
Мұнай және газ өндіру
Қызылорда облысының кейбір демографиялық жағдайларын сипаттайтын тақырыптық карталар жасау
Маңғыстау облысының экономикалық-географиялық жағдайы
Пәндер