Қазақстан Республикасында лизингтің дамуын талдау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1.4
1 . тарау. Лизингтік қатынастардың қалыптасуының тероиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Лизинг және елімізде лизингтік қатынастардың пайда болуы ... ... ... ... 5.10
1.2. Лизингтік операциялардың негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.14
1.3. Лизинг түрлерінің жіктелуі және лизингтік операциялар ... ... ... ... ... ...15.22
1.4. Лизингтік келісімдердегі тәукелділіктерді ескере отырып лизингтік
қатынастарды басқару мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.30
2 . тарау. Қазақстан Республикасында лизингтің дамуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.1. Лизингтік қатынастарының коммерциялық ортасын талдау ... ... ... ... ... 31.36
2.2. Қазақстан Республикасында лизингтік қатынастарының қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37.
2.3. Лизингтік опрацияларын жасауда тәукелдіктерді басқару ( «ТемірБанк» АҚ мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 . тарау. Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі жағдайында лизингтің даму перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1. Экономиканың қазіргі жағдайында лизингтік операцияларын жүргізуінде негізгі проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1-4
1 - тарау. Лизингтік қатынастардың қалыптасуының тероиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Лизинг және елімізде лизингтік қатынастардың пайда болуы
... ... ... ... 5-10
1.2. Лизингтік операциялардың негізгі элементтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-14
1.3. Лизинг түрлерінің жіктелуі және лизингтік операциялар
... ... ... ... ... ...15-22

қатынастарды басқару мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2-30
2 - тарау. Қазақстан Республикасында лизингтің дамуын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.1. Лизингтік қатынастарының коммерциялық ортасын
талдау ... ... ... ... ... 31-36
2.2. Қазақстан Республикасында лизингтік қатынастарының қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37-
2.3. Лизингтік опрацияларын жасауда тәукелдіктерді басқару ( ТемірБанк АҚ
мысалында)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
3 - тарау. Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі жағдайында
лизингтің даму
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
3.1. Экономиканың қазіргі жағдайында лизингтік операцияларын жүргізуінде
негізгі проблемалар

... ... ... ... .
3.2. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру
жолдары ... ... ...
Қорытынды

... ... ... ... ...
Қосымшалар

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасының барлық
салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты
экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта
Қазақстан Республикасының экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары
міндеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық
реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол
жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық
сипат беру. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
дәстүрлі жолдауында экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустриалды
– инновациялық стратегияны іске асыру қажет деп айқындалып берілуі бекер
болмаса керек.
Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың
үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни
отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы
отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік
қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым және
техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін
негізгі қорлардың сапалық деңгейін жоғарылату болып табылады. Себебі,
нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік
қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің
сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы
қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты.
Сондай – ақ бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз
етудің классикалық факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік
аппарат болып саналатындығы белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі
мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты Қазақстан
Республикасының тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге
қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның
барлық негізгі қорларының шамамен 50-70 % дейінгі мөлшерінің ескіргенін
және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн.
Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және
өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмаслып отырған инвестициялар көлемінің өте
төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне
әкеп соғады. Қазіргі кезде еліміхдің ұлттық банк жүйесінің экономика
салаларының несиелік ресурстарға деген қажеттіліктерін мүмкіндіктері жылдан
– жылға жоғарылағанымен, банктік несие есебінен кәсіпорындардың негізгі
қорларын жаңарту қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек
еліміздегі кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту үшін қазіргі таңда 800
млрд. теңгеден көп мөлшерде инветициялар талап етіліп отыр. Бүгінгі күні
бұл көрсеткіш барлық коммерциялық банктерден бөлінген несиелер көлемінен
екі есеге жуық жоғары. Осындай тығырықтан шығудың негізгі жолы, біздің
ойымызша, лизингтік қатынастарды негізгі қорларды инвестициялаудың тиімді,
ыңғайлы құралы ретінде дамыту болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік
тәжірибеде, лизингтік несиелеу экономиканың нақты секторына инвестиция
тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті технологиялар
негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және өндірістік қорларды
сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық қызметтің ерекше түрі
ретінде кең түрде танылуда. Лизингтің басқа қаржылық құралдармен
салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалық қатынастардың бұл
нысаны Қазақстан Республикасында өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе
біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған
жоқ. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі лизингтік операциялардың үлесі
бүгінгі таңда тек 1,9 % ғана құрап және Қазақстан экономикасының дамуының
қазіргі кезеңі үшін лизингтік қатынастарды дамытудың өте өзекті болып
табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау және
оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу қажеттілігі
туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі лизингтік қатынастар
нарығындағы төменгі іскерлік белсенділіктерді және Қазақстан экономикасы
үшін лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін зерттеу объектісіне
айналдыру қажет.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Лизингтік қатынастар туралы теориялық
және тәжірибелік сұрақтарға М.Гордон, Т.М.Кларк, Ф.Фабоцци, Э.Рид,
Р.Коттер, Э.Гилл, Р.Смит, В.Хойер және тағы басқа көптеген шетелдік
авторлар терең зерттеулер жүргізген. Сонымен қатар, осы мәселеге
Е.Н.Чекмарева, В.Д.Газман, В.А.Горемыкин, Е.В.Кабатова, А.Л.Смирнова,
сияқты тағы басқа көптеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің
ғалымдарының еңбектері де арналған. Бірақ экономикалық жүйелердің даму
деңгейлерінің әртүрлілігі лизингтік қызметтер аясындағы шет мемлекеттердің
тәжірибелерін ұлттық лизингтік қызметтер нарығының қалыптасу ерекшеліктерін
ескермей пайдалануға мүмкіндіктер бермейді.
Қазақстанда лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу мен дамыту
мәселелері де жан – жақты зерттеуді қажет ететіндіктен туындаған ғылыми
ізденістер мен жарық көрген жұмыстар да баршылық. Солардың ішінде
О.Б.Баймұратов, К.А.Сағадиев, Ә.С.Смағұлов, Л.Б.Айманова, Б.К.Баишев,
А.Желдібаев, Ғ.С.Сейтқасымов, А.Омаров, Б.А.Көшенова, С.Б.Мақыш сынды және
тағы басқа да отандық экономист – ғалымдардың еңбектерін еліміздегі
лизингтік қатынастарды жетілдіруге мүмкіндік беретіндіктерін атап өту
орынды. Дей тұрғанмен, жоғарыда аталған авторлардың еңбектерінің көпшілігі
халық шаруашылығының белгілі – бір салаларындағы лизингтік қатынастарды
дамыту мәселелерін зерттеуге арналғандықтан, лизингтік қатынастардың
дамуының тұтастай алғандағы мәселелері көбінесе ғылыми назардан тыс қалып
келеді. Сондықтан бүгінгі күні, әсіресе лизингтік қатынастарды басқару
тетіктерін жетілдіру және реттеу бойынша бірқатар сұрақтар әлі де болса
терең зерттеулер жүргізуді талап етеді. Осы мәселе бойынша дипломдық
тақырыбын таңдап алуға және оның мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз
болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты
лизингтік қатынастардағы өзгеру үдерістерін кешенді түрде талдау негізінде
оларды басқару тетіктерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау
болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу
қарастырылады:
- лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін зерттеу және теориялық
тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескеру;
- әлемдік тәжірибедегілизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму
ерекшеліктерін жете талдау арқылы олардың кейбір тиімді жақтарын
Қазақстандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- лизингтік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі нысандарының
экономикалық артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін жан – жақты
зерделеу;
- лизингтік келісімдегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингтік
қатынастарды басқару мәселелерін зерттеу;
- Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру
жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні ретінде Қзақстан Республикасы экономикасының әртүрлі
салаларындағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдары
анықталады.
1 - тарау. Лизингтік қатынастардың қалыптасуының тероиялық негіздері

Қазіргі кезде коммерциялық банктер қызметтері саласында лизингтік
операциялар пайда бола бастады.
Лизингтік операциялар ежелден белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың
дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда
лизинг XX ғасырдың 60 - жылдыры АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және
т.б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып, кейін Шығыс Еуропаның
көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.
Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны
қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік
қатынастардың ерекшклігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзартылып
сатып алу арасында нақты шектеудің жоқтығы, оны пайдаланудағы төмен
проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен сатып
алу мүмкіндігі (көп жағдайларда лизинг мерзімі аяқталысымен) болып
табылады. Қазіргі уақытта АҚШ-та лизинг жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың
техникалық қайта жарақтануының және құрылып жатқандардың жабдықталуының
нақты құралдарының біріне айналды (құрал-жабдыққа жұмсалатын қаражаттардың
20 пайызы лизинг есебінен өтеледі).
ХХ ғасырдың 60 - жылдары ұзақ мерзімді жалдың лизингтік мәмілелері
әлемнің көптеген индустриалды дамыған, ең алдымен Батыс Еуропа елдерінде
кеңінен дами бастады. Алғашында бұл елдерде өнеркәсіптік кәсіпорындардың
лизинг көмегімен құрал – жабдықты сатып алудағы қаржыландыру үлесі АҚШ-пен
салыстырғанда төмен болды. Бірақ қазіргі кезде Ұлыбританияда өндірістік
құрал – жабдықтарды жалға беру салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындарды қамтамасыз етудің негізгі формасы болып табылады
(өнеркәсіпте қолданылатын құрал-жабдықтың жалпы көлеміндегі жалға алатын
құрал-жабдықтың үлесі 60%-ға жетті). Францияда соңғы жылдары лизингтің
экспанциясы байқалуда. Батыс Еуропа елдеріндегі лизингтік операциялардың
өсуі оның өндіріс пен өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру, салықтарды
төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен байланысты. Сонымен қатар лизинг құрал-
жабдықты жалға беруші фирмалар үшін де, жалға алушы фирмалар үшін де,
әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының жалғыз мүмкіндігі болып табылатын
орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса тиімді болып табылады. Лизинг
уақыты қолданылатын еңбек құралдарының қызмет атқару мерзімінің 40-90
пайызын құрайды және иемдену сипатында болмайды. Жапонияда жыл сайынғы
лизингтік операциялардың өсу көлемі 30 пайызды құрайды.
Лизиег ағылшын тілінен аударғанда “жалға беру”деген мағынаға ие.
Экономикалық категория ретінде лизинг машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік
құралдарын, өндірістік сипаттағы құрылғылардың ұзақ мерзімге жалға берілу
негізіндегі қатынастарды білдіреді. Лизинг қажетті құрал-жабдықты көп
ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жаға алуға мүмкіндік
береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс
құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды.
Лизингтік компания құрал-жабдықты сатып алып, жалға алушы фирмаға 5-8
жыл мерзімге жалға береді. Ал ол өз кезегінде мүлікті қолдана отырып
біртіндеп қарызын өтейді.
Лизингтік қызметтер стратегиялық меңызды салалардың тез дамуына
жағдай жасай отырып, экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен
қатар, лизинг несиелендірудің баламалы формуласы ретінде банктер мен
лизингтік компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің
төмендеуіне әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағымын
ынталандырады.
Дәстүрлі жалға алумен салыстырғанда лизингтік операциялардың
ерекшекліктері қандай? Біріншіден, мәміле нысанын лизинг беруші емес, өз
есебінен құрал-жабдықты иеленетін лизинг алушы таңдайды. Екіншіден, лизнг
мерзімі құрал-жабдықтың физикалық тозу мерзімінен (1-20 жылға ) аз және
салықтық амортизация мерзіміне (3-7 жыл) жақын. Үшіншіден, келісім- шарттың
мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жеңілдетілген ставкамен жал мерзімін
ұзарта немесе қалдық құнымен сатып ала алады. Төртіншіден, әдетте лизинг
беруші қаржылық мекеме – лизингтік компания болып табылады.
Жалдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын жүзеге
асырылады. Жал төлемінің ставкасы әдеттегі коммерциялық қызметтер
жағдайындағы сатып алу бағасының жоғары және жабдықтың сипаты мен келісім –
шарт мерзіміне байланысты белгіленеді.
Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат
ресурстарының әлемдік бағаларына тәуекелді және бұл тәуекелділік
көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта
мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын
мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай
экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлем 3 млрд.. АҚШ
долларынан асатын ұлттық қор қалыптастырылды.
“Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық
тәжірибелерді енгізуіміз қажет ”, - деп атап көрсетілген Президенттің 2005
жылғы Қазақстан халқына жолдауында.[1;15]
Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан
қорғаудың тағы да бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл
жағдайда елдегі құрал – жабдықтардың 80 пайызы тозғанын, алдағы бірнеше
жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір
жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы
– экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін
біріктіретін лизинг болмақ.
Жалпы, лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар
бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз қызметтерін
жетілдіруге мүмкіндік береді және орта бизнестің дамуына көмектеседі.
Біздің еліміздегі несиелеудің лизингтік нысанының дамуында екі кезеңді
атауға болады. Бастапқы кезеңде материалдық құндылықтарды жалға берумен
мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар айналысты. Мұндай
операциялардың барлығы да өндірістік кәсіпорынның мүлкін жалға беру
қызметін атқарумен байланысты болып келеді.
Еліміздің арнайы маманданған лизингтік ұйымдардың пайда болуы –
немесе жалға берудің екінші кезеңі. Лизингтік фирмалар АҚШ-та, Батыс Еуропа
елдерінде, Жапонияда, Австралияда, Жаңа Зеландияда кеңінен тараған.
Лизингтік компаниялардың қызметтері ұлттық деңгейде шектеліп қоймай,
халықаралық сипатқа ие болуда.
Лизинг – бұл машина,құрал-жабдық, автакөлік құралдарын, құрылыс және
ауыл шаруашылық техникаларын, түрлі өндірістік ғимараттарды және
интелектуалдық меншік құқықтарын (компъютерлік бағдарлама, ноу-хау т.б.)
орта және ұзақ мерзімге жалға беру болып табылады. Лизинг өндірістік
процеске қатысушыларға несиелік – қаржылық қызмет көрсету құралдарының
бірі. Лизингтік қызмет көрсетудің басты ерекшелігінің өзі сонда, жалға алу
үшін жабдықтарды табу және қаржыландыру мәселесі қолданылатын құралдардың
есебінен бір мезгілде шешіліп отырады.
Әлемдік тәжірибеде “лизинг” өндіріске қатысушылардың қаржылық –
несиелік қызмет көрсету құралдарының бірі болып келеді.
Аренда келісімі жасалатын мерзімге байланысты арендалық
операциялардың үш түрін ажыратады:
-қысқа мерзімді аренда (рентинг)-1күннен 1жылға дейін
-орта мерзімді аренда (хайринг)-1 жылдан 3 жылға дейін
-ұзақ мерзімді аренда (лизинг)-3 жылдан 20 жылға дейін
Лизинг - әдетте ұзақ уақыт пайдалануға болатын тұтыну тауарларымен
және жылжымайтын мүлікті жабдықтау үшін бөлінетін қаржының түрі. Мүлікке
иелік ету құқымен қатар, келісілген шарт бойынша белгілі бір уақытта үшінші
біреуге жалға береді. Лизингтік қызмет көрсетудің басты ерекшелігінің өзі,
арендатор үшін жабдықтарды табу және қаржыландыру мәселесі қолдану
құралдарының есебінен бір мезгілде шешіліп отырады. Сонымен қатар,
жабдықтардың бір мезгілде өткізілетін бұл түрі жабдықтаушы үшін де өте
тиімді.
Сатып алу – сату келісімінен ерекше, лизингте аренда мүлкін иелену
құқына аренда беруші ие болады, ал лизингте алушы тек уақытша пайдалану
құқына ие болады.Лизингтік келісім мерзімі аяқталған соң лизинг алушы
келісілген баға бойынша келісім объектісін сатып алуына болады, лизингтік
келісімді ұзартуына болады немесе келісім шарт мерзімі біткен соң қайтарып
беруіне болады.
Өзінің заңды нысаны бойынша лизингтік келісім инвестициялық
құндылықтарын ұзақ мерзімді арендасының түрі болып табылады.
80-жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау
ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебінен, несиелік
қаржыландыру элементтері бойынша есеп айырусылар және басқа да қаржылық
механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша
жүйесі ретінде қарастырылды . Лизингтік операция бүгінгі күні Қазақстандық
экономикаға өте қажеттік банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша
іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.
Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады. Лизингті
белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта
жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты
жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болуы мүмкін.
Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді
меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл
есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық
қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері
бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша
көзі ретінде енгізіледі.
1998 жылы Оттавада қабылданған халықаралық қаржылық лизинг конвенциясында
былай деп айтылған: ”Халықаралық тәжірибеде лизинг үш жақты қатынастар
кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы
өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға
береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықтың сатып алушы
меншігінде қалдырылуы мүмкін.”
Әр түрлі белгілеріне қарай лизингтік операцияларды келесі тәртіппен
топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып бөлінеді:
- тура лизинг – бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке
өткізеді (екі жақты келісім);
- жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг ) – бұл
кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінде елімізде құқықтық реформалар барысында көптеген өзгерістер
болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта
түсер түбейгелі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің
нарықтық эканомикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі -
“лизинг” терминінің кең орын алуы.
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған
бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң: икемің
және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға
сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт, фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне
төзе алмай , өмір сүруден қалып, тоз-тоз болып кетті. Яғни, белшесінен
борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай
бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер.
Алайда , олардың құрал-саймандары, яғни техникасы бүгінгі күннің талабына
сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының
өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал
ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже
беретіні сөзсіз.
Өз қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар өздерін
қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік
беріледі:
1. Сатып алу (өз қаражаттары есбінен):
2. Жалға алу.
Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігі сатып алуға қаражаты
жетіспеушілігінен жалға алуға келіп жүгінері сөзсіз. Мұндай жағдайда
туындайтын бір мәселе, осы қажетті мүлкі бар және оны ұзақ мерзімге жалға
беруге дайын кәсіпорынды табу. Әрине, бұл мәселені шешу қиынға түседі,
себебі мүлікпен иемденетін кәсіпорындар оны жалға беруге емес, көбінесе
сатуға тырысады. Мұндай қиындықтан шығу жолдарының бірі – мүлікті үшінші
тұлғаның мүддесі үшін сатып алатын және оны жалға беретін адамды табу.
Осыған сәйкес, лизингтік қатынастардың міндеті өзінің клиентіне
қажетті мүлікті сатып алып, келісілген мерзімге тиісті ақыға жалға беру
болып табылады.
Қазігі кезде лизинг дегеніміз кәсіпкерлік қызмет деген әр түрлі ойлар
бар. Мысалы, Ресей ғалымы В.А. Горемыкин лизингті банкілік немесе
коммерциялық қызметтерге қарағанда кәсіпкерлік қызметтің жоғарғы деңгейіне
жатқызады, өйткені ол қаржылық бизнесте, өндірісте және құрал-жабдықпен
мүлік нарқында кең көлемді білімді қажет ететінін айтады.
Лизинг - әлем экономикасында шапшаң дамып келе жатқан қызметтер
шеңберіндегі коммерциялық, кәсіпкерлік қызметтің салыстырмалы жүйеде жаңа
түрі деп атауға болады.
Көптеген ғалымдардың ойы бойынша қазіргі мағынадағы лизинг 1952 жылы
АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында ең бірінші Лизинг компаниясының ашылуымен
тұспа-тұс келеді.
Босх мырза Калифорния штатындағы азық-түлік өндірісімен айналысатын
кішігірім фирманың басшысы-тұғын. Әскери ведомстваның үлкен тапсырмасын
орындау үшін оған автокөлік паркін ұлғайту кепек болады. Бұл фирманың
капиталы шағын болғандықтан бұл мақсатта қолдану үшін қаржы көздері жоқ
еді. Сонда Босх кепекті машиналарды арендалауды жөн көрді, сонымен оларды
алу процесін қаржыландырады. Мұндай операцияның өте тиімді екенін байқап
және кейбір фирмалар оның жасаған операциясын қайталағысы келетінін естіп,
Босх 20 мың доллар капиталы бар лизинг фирмасын құрды. Екі жылдан кейін бұл
фирма құны үш миллион доллардан асатын машиналар мен құрал-жабдықтарды
жалға беріп отырды. Осыдан кейін Босх мырза 400 мың доллары бар екінші бір
лизинг фирмасын ашады.
Қазақстан мен Ресейде, сонымен қатар ТМД елдерінде лизинг өзінің
дамуын 1989 жылдан бастады деп айтуға болады. Шетел елдегі лизингтік
ұйымдық нысандарының ішінен мұнда әзірше тек қана қаржылық лизинг
компаниялары және лизинг операцияларымен айналысатын коммерциялық банктер
дамып отыр.
Алғаш рет Қазақстан заңдарында “лизинг ” термині ҚазССР-дегі
кәсіпкерліктің дамуы және шаруашылық қызмет еркіндігі туралы заңның 21-
бабында қолданылды. Кейін “лизинг ” термині келесі нормативтік құқықтық
актілерде: 1994 жылғы 18 наурыздағы “Қазақстандық фрахталық компаниялар
және транспорттық лизингтік компаниялар құру туралы ” , 1994 жылғы 10
қазандағы “Азия лизинг мемлекеттерінің қатысуымен лизингтік компаниялар
құру туралы ”, 1998 жылғы 15 сәуірдегі “Ауыл шаруашылығындағы лизингті
ұйымдастыру шарттары мен тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы ”, сондай-
ақ басқа да нормативтік актілерде көрініс тапты.
Лизинг жалдаудың бір түрі болғанымен оны бір-бірінен айыра білу
керек. Лизинг алушы жалға алушы сияқты мүлікті тек ұзақ пайдалануға ғана
алмайды. Оған сонымен қатар меншік құқығымен байланысты сатып алушының
міндеттері жүктеледі: мүлікті төлеу, мүліктің кездейсоқ жойылуынан болған
зиянды өтеу, мүлікті сақтандыру және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ
жөндеу. Бірақ, мүліктің меншік иесі лизинг берушінің өзі болады. Лизинг
мәмілесінің объектісінің жойылуы немесе оны пайдаланудың мүмкінсіздігі
қарызды толық өтеу міндетінен босатпайды. Лизинг алушы жалға алушы сияқты
мүлік пайдалану құны үшін ай сайын ақысын жалға берушіге төлеп тұрмайды. Ол
мүлікті пайдалану үшін лизинг берушіге мүліктің толық құнын өтейді.
Кемшілігі болған жағдайда лизинг беруші кепілдік міндеттерден түгелдей
босатылады. Бұл жағдайда негізделген, өйткені лизинг беруші мүлікті лизинг
алушының сұрауымен және оның мүддесіне сатып алады. Сондай-ақ, міндеттердің
бұлай бөлінуі мүлік алушының мүлікті күтіп ұстауының кепілі болып табылады.
Жалға алу шарты мен лизинг шарты тараптарының арасында тәжірибеде
қалыптасқан басқа да айырмашылықтар бар. Лизинг бойынша төлемдерді
есептегенде мүліктің сатып алу бағасы, лизинг шарты жасалған мерзім, қалдық
құны және үстеме бағалары есептелінеді. Жалға беру кезінде төлем мөлшері
көбінесе нарықтық конъюктураға (сұраныс және ұсыныс ) байланысты
есептеледі. Жалға алу шартына қарағанда лизингте тәжірибе көрсеткендей
шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін алдын ала келісілген баға
бойынша мүлік лизинг алушының жеке меншігінде қалады. Мұндай жағдайда
бөлек шарт жасау қажеттігі туындайды.
Лизинг әлемнің көптеген елдерінде өз дамуын тауып, кәсіпкерлік
қызметті ұйымдастырудың пайдалы әдістерінің бірі болып саналғанымен,
Қазақстанда әлі де болса оның даму нысандары мен жолдары анықталуда.
Қазіргі экономиканың дағдарыстық жағдайында көптеген кәсіпорындар
өндірістің техникалық жаңаруына ірі мөлшердегі қаражаттарды салуды жүзеге
асыра алмай отыр. Осыған байланысты барлық меншік нысанындағы отандық
өндірісті қолдауға, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті және өндіріс
аясын дамыту үшін қосымша жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін
лизингтік бизнесті дамыту қажеттілігі туындауда. Шағын кәсіпкерліктің
инвестициялық лизингтік жоспарына қолдау көрсету осы процеске қатысатын
негізгі субъектілерін анықтауға негізделуі керек – олар ретінде лизингтік
компаниялар түсуі керек.

Лизингтік келісімінің негізін келесі элементтер құрайды:
а) келісім объектісі;
б) келісім субъектісі (лизингтік келісімге қатысушылар);
в) лизингтік келісім мерзімі;
г) лизингтік төлемдер;
д) лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер.
а) Лизинг объектілері – лизингтік келісім объектілері материалдық
құндылықтардың кез келген құндылықтары бола алады, егер де олар өндірістік
циклде жойылмаса. Арендаға берілетін объектілердің табиғаты бойынша
қозғалатын және қозғалмайтын мүлік лизингін ажыратады.
б) Лизинг субъектілері – лизинг келісімдері объектісіне тікелей қатынасы
бар жақтар (қатысушылар) оның субъектілері болып табылады. Мұнда оларды
тікелей және жанама түрде қатысушылар деп екіге бөліп қарастырады.
Тікелей қатысушыларға мыналар жатады:
- лизингтік фирмалар мен компаниялар (лизинг беруші және мүлікті жалға
берушілер);
- келісім объектілерін жеткізушілер (жабдықтаушылар)
- өндірістік және сауда комланиялары;
Жанама қатысушылары:
- Коммерциялық банктер және инвестициялық банктер , олар лизинг
келісімінің кепілшілері ретінде қатысады.
- Сақтандыру компаниялары.
- Брокерлік және басқа делдал фирмалар
Лизингтік фирмаларға – аренда түрінен байланыссыз жалгерлік
қатынастарды
жүзеге асыратын барлық фирмаларды жатқызады. өз қызметі бойынша оларды:
мамандандырылған және әмбебап деп бөледі.
- Тар мамандандырылған компаниялар әдетте тауардың бір ғана түрімен
айналысады (жеңіл автокөлік, контейнерлер) немесе бір топ тауарларымен
айналысады (құрылыс жабдықтары, тоқыма бұйымдар кәсіпорындар). Лизингтік
компанияларда әдетте машиналар мен жабдықтардың паркі болып, қалыпты
жағдайын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды.
- Әмбебап лизингтік фирмалар жалға машиналар мен жабдықтардың
сан алуан түрлерін беруімен айналысады. Олр жалгерге қажетті жабдықтарды
өздері таңдауға құқық береді.
Лизингтік фирмалар көп жағдайларда өнеркәсіптік және сауда
фирмаларының, банктер мен сақтандыру қоғамдарының филиалдар мен еншілер
компаниялары ретінде құрылады. АҚШ Коммерциялық банктері лизингтік
операцияларға ХХ ғ. 60 ж.басында қатыса бастады.
Лизингтік қызмет нарығына банктердің енуі екі жағдаймен байланысты:
Біріншіден, лизинг бизнестің капиталды көп қажет ететін түрі, ал
банктерде ақша ресурстарының басым бөлігі шоғырланған.
Екіншіден, лизингтік келісімдер өзінің экономикалық табиғатына сай
банктік несиелеумен тығыз байланысты.
Қаржы нарығындағы бәсеке банктерді лизингтік операцияларды белсенді
түрде жүргізуіне мәжбүр етеді. Лизингтік операцияларды жүзеге асыратын
фирмалардың екінші категориясына өнеркәсіптік және құрылыс фирмалары
жатады.
Үшінші категорияға – делдалдық және сауда фирмалары жатады.
в) Лизингтік келісім мерзімі – лизинг кезеңі деп лизингтік келісімнің
мерзімін айтады. Лизинг ұзақ мерзімді аренданың ерекше формасы
болғандықтан, объектілердің жоғары құны мен қызмет ету мерзімі лизинг
кезеңінің уақыт шегін анықтайды.
Лизингтік келісім мерзімін анықтау кезінде лизинг беруші мен алушы
келесі жағдайларды ескереді:
Жабдықтың қызмет ету мерзімі, ол жабдықтың техникалық – экономикалық
жағдайымен анықталады. Лизингтік келісім шарт мерзімі жабдықтың пайдалану
мерзімінен аспауы тиіс.
Жабдықтың амортизация кезеңін – үкімет органдары орнатады. Қаржы
лизингіне әдетте келісім шарт мерзімі амортизация кезеңімен сай келеді.
Инфляциялық процесс динамикасы. Лизинг беруші үшін инфляция қарқыны
тез өсіп отырған жағдайда ұзақ мерзімге тіркелген аренда төлемдері бар
аренда тиімзіз және керісінше, бағаның төмендеуі жағдайында лизинг беруші
ұзақ мерзімге беруге тырысады.
г) Лизингтік төлемдері – лизингтік операциялар жобасындағы күрделі
сәттің бірі лизинг берушіге тиесілі лизингтік (арендалық) төлемдердің
сомасын анықтау болып табылады. Қысқа және ұзақ мерзімді арендада арендалық
төлемдердің сомасы белгілі бір деңгейде арендаға берілетін тауарлардың
нарықтық конъюктурасымен анықталады.
Ұзақ мерзімді арендада (лизингте) лизингтік төлемдерді есептеудің
негізінде әдістемелік жағынан негізделген есептеулер алынады, ол есептеу
объектісінің құны мен лизингтік келісім шарттың ұзақтығына байланысты
болады.
Кез келген лизингтік төлем құрамына келесі негізгі элементтер кіреді:
- амортизация
- келісімді жүзеге асыру үшін, лизинг беруші алатын ресурстардың
төлемі
- лизингтік маржа, лизинг берушінің табысы
- тәуекелділік сыйақы, оның деңгейі әртүрлілік тәүекелділік деңгейіне
байланысты.
Ресурстарға төлем, лизингтік маржа және тәуекел премиясы – лизингтік
процесті құрайды.
Аренда төлем сомасына қаржы лизингі бойынша есептеу үшін аннуитет
формуласы қолданылады (нақты заем бойынша жыл сайынғы төлемдері ):
P=A x
Р-ар, төлемдерінің сомасы
А-амортизация сомасы
П-контракт мерзімі
U-лизингтік процент
Т-арендалық төлемдерінің кезеңдері
Бұл формуланы қолдану кезінде келісім жасалған бүкіл кезеңінде әрбір
арендалық төлемдердің сомасы өзгеріссіз қалады.
Мысалы, арендаға алған жабдық құны 1500, келісім мерзімі 5жыл, проценттік
ставка 97, төлемдер тоқсан сайын жасалынады.
P=15000 x
Аренда төлемдерінің ең соңғы төленетін сомасын анықтау үшін, аннуитет
формуласына екі түзету коэффицентін енгіземіз. 1-ші түзету коэффиценті.
Клиент таңдаған қалдық құнға түзетілген төлем сомасын анықтау үшін келесі
формуланы қолданамыз:
ҚҚ-қалдық құны. Егер,біздің мысалымызда, ҚҚ мөлшерін 55 % (0,05) деп алсақ,
онда дисконттық көбейткіш тең болады:
2-ші түзету коэффициенті. Егер де, алғашқы аренда төлемін аванспен жүргізсе
( күн ілгері, алдын ала), онда төлем сомасын есептеуде тағы бір түзету
енгіземіз:
Ақырғы түрде, арендалық төлем сомасы 906,0 тең болады.
(15000*0,06375*0,9689*0,9779)=906,0
Лизингтік төлемдерді басқа да әдістермен есептеуге болады: Мұнда
амортизацияны белгілеудің әртүрлі әдістері қолданылады. Жабдық
амортизациясы баланстық әдіспен және норма бойынша жеңілдетілген
амортизация әдісімен белгіленеді.
Лизингтік төлемдердің жалпы сомасы келесі формула бойынша есептеледі:
А – амортизация сомасы
П - несие ресурстарына төлем
П - комиссиондық төлем мөлшер
П - қосымша қызметке төлемдер
Мұндағы формуланың жеке құрамдас бөліктері келесі формула бойынша
анықталады:
Амортизациялық аударымдар сомасы
С – жабдықтың баланстық құны
- амортизациялық аударым
Т – келісім мерзімі
Несие ресурстарына төлем
К – несие ресурстарының мөлшері
С – несиені пайдаланғаны үшін орнатылған ставка
Несие ресурстарының мөлшері анықталады:
және - жабдықтың жыл басындағы және соңындағы құны
Коммссиондық төлемдердің мөлшері:
Банктің қосымша қызметтеріне төлемдерді есептеу
- банк қызметкерлерінің жол сапарға шығуымен байланысты шығындары
- қызмет көрсетумен байланысты шығындары
- банк жарнамасына кететін шығындар
- басқа да шығындар
Лизингтік жарна мөлшері, төлемдерді жасау кезеңдерімен байланысты
келесі формула бойынша есептеледі:
а) жыл сайын төлеп отырған кезде:
- лизинг төлемдері
Т – арендалық төлемдерінің кезеңі
б) тоқсан сайын төлеп отырған кезде:
в) ай сайын төлеп отырған кезде:
д) Лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер – лизинг қызметтердің бірнеше
түрлерімен сипатталады. Лизинг алушығы көрсетілетін қызметтерді екіге бөліп
қарастырады.
Техникалық қызмет – лизинг объектісін жеткізіп беруді ұйымдастырумен
байланысты: арендаға өткізілген жабдықты монтаждау, орнату, техникалық
қызмет көрсету және жөндеу (әсіресе күрделі жаңа түрін жөндеу ).
Кеңестік қызмет – салық салу мәселелерімен байланысты қызметтер және
келісім жасаумен байланысты.

Лизингтік қызметтің қазіргі кездегі нарығы лизингтің көптеген
нысандарымен, лизингтік келісім үлгілерімен және лизингтік операцияларды
реттейтін нормаларымен сипатталады.
Әр түрлі белгілерге қарай лизингтік операцияларды төмендегідей етіп
топтастыруға болады:
І. Қатысушылар құрамы бойынша:
- тікелей лизинг, мұнда мүлік иесі өз бетінше объектіні лизингке
өткізеді (екі жақты лизинг )
- жанама лизинг, мұнда мүлікті делдал арқылы лизингке береді (үш жақты
немесе көп жақты лизинг )
II. Мүлік түрі бойынша:
- қозғалмайтын мүлік лизингі
- қозғалатын мүлік лизингі
- бұрын пайдалануға болғаны жабдықтың лизингі
III. Өзін - өзі ақтау деңгейі бойынша:
- толық өзін - өзі ақтайтын лизинг, мұнда бір келісім шарт шегінде
мүліктің құны толығымен төленеді
- толық емес өзін - өзі өтеу, мұнда лизинг барысында арендаға
берілген мүліктің құны жартылай өтеледі
ІҮ. Амортизация шарты бойынша:
- толық амортизацияланған лизинг
- толық емес амортизацияланған лизинг
Ү. Өзін-өзі ақтау деңгейі мен амортизация жағдайына байланысты:
- қаржы лизингі, яғни лизинг туралы келісім мерзімінде арендатор
аренда берушіге арендаға алынған мүліктің бүкіл құнын төлейді (толық
амортизациясын).Қаржы лизингі үлкен көлемді күрделі салымдарды талап
етеді және банктермен бірлесе жүзеге асырылады
- жедел лизинг. Келісім 2 жылдан 5жылға дейін жасалады.Мұндай лизинг
объектісіне әдетте моральдық тозуының қарқыны жоғары жабдықтар жатады.
VI. Қызмет көрсету көлемі бойынша:
- таза лизинг. Егер бұл жағдайда берілетін жабдықтың қызметінің
барлығын лизинг алушы өзіне жүктейді
- қызметтердің толық жиынтығы бар лизинг – объектіге қызметті лизинг
беруші көрсетеді
- жартылай қызмет жиынтығы – аренда беруші жартылай қызмет көрсетеді.
VII. Операциялар өтетін нарық секторына байланысты:
- ішкі лизинг – келісімге қатысушылар бір елден болады
халықаралық лизинг – келісімге қатысушылардың бірі бір елден, қалғандары
басқа елден. Әр түрлі белгілеріне қарай лизингтік операцияларды келесі
тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып
бөлінеді:
- тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке
өткізеді (екі жақты келісім);
- жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг ), бұл кезде мүлікті
беру делдал арқылы жүзеге асырылады.
Тура лизингтің жиі кездесетін түрі – қайтымды лизинг, лизинг
фирмасы иесінен
мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.
Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:
- жылжымалы мүлік лизингі;
- жылжымайтын мүлік лизингі;
- бұрын пайдаланылған мүлік лизингі.
Өтеу деңгейіне қарай былай бөлуге болады:
- бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін
лизинг;
- толық өтелмейтін лизинг.
Қызмет объектісіне қарай былай бөледі:
- егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз
мойнына алса, таза лизинг;
- толық қызмет жиынтығы бар лизинг – объектіге толық қызмет көрсету
лизинг берушіге жүктеледі;
- жартылай қызмет жиынтығы бар лизинг.
Операция өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы
(халықаралық)
лизингті қарастырады.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық
лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде – лизинг
беруші болып табылады.
Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынадай болып
бөлінеді:
- жалған лизинг – қызмет алыпсатарлық сипатта болады және жеңілдіктер
есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;
- нағыз лизинг - жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел
амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы
салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төламдерді
алып тастай алады.
Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:
- ақша төлемімен жүргізілетін лизинг – барлық төлемдер ақша нысанында
жүргізіледі;
- компенсациялық төлемімен жүргізілетін лизинг – төлем аталған
жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету
нысанында жүзеге асырылады;
- аралас төлемді лизинг.
Лизингтің осы нысандарын негізгі екі түрге біріктіруге болады – жедел
және
қаржылық лизинг.
Жедел лизинг – көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да
техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Оның ерекшелігі құрал –
жабдықты пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг
берушінің жалға ұсынылатын затты алу мен ұстауға байланысты шығындары
бір лизингтік келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.
Қаржылық лизинг – қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен
бөлігінің амортизациясы өтелетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы
келісімдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік
нысаны.
Қаржылық лизингтің маңызды белгісі – лизингтік жалдау шығындарын қалпына
келтіруге қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда келісімді
бұзудың мүмкін болмайтындығында.
Қаржылық лизинг – бұл ұзақ мерзімді жал болып табылады, оның
шартының құрамында келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі
қажет:
- меншік құқығының жал мерзімі аяқталуына қарай көшу:
- келісімшартты бәсекелес саудадан мүлікті сатып алу құқын ұсынады:
- жал бойынша жалға берушіге ең аз төленетін келтірілген құн жабдықтың
нарықтық құнының 90%-на тең немесе одан жоғары болу керек.
Келтірілген құнды есептеу кезінде қабылданатын дисконттау
мөлшерлемесі ұсынылатын несие бойынша (жалға берушіде) пайыздық мөлшерлеме
және алынатын несиелер бойынша (жалға алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең
азына тең болуы керек, онда:
- жалға алушының ең аз төлемі – жал бойынша жылдық төлем:
- ең жоғары төлем-жалға алынған мүлікті сатып алу кезіндегі төлем:
- келтірілген құн-ағымдағы жылға келтірілген болашақ жылдың ақша
ағымының құны.
Егер жал келісімшарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса
біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.
Мысалы: мүліктің жал мерзімі – 5 жыл, мүліктің құны – 10 000 бірлік,
күтілетін пайдалану мерзімі – 10 жыл. Жал мерзімі аяқталған бойдан мүлік
жалға берушіде қалады, жалға берушіде де, жалға алушыда да пайыздық
мөлшерлеме сәйкесінше 8 және 10%.
Жылдық төлемде-2300 бірлік
Дисконттау мөлшерлемесі-8%
Дисконттау коэффициенті=1(1+0.08)*n
Мұндағы ,n-жалды төлеу жылы
1-жылдың коэффициенті=1(1+0.08) =0,93
2-жылдың коэффиценті =1(1+0.08)=0.85
3-жылдың козффиценті=0,79
4-жылдың коэффиценті=0,73
5-жылдың коэффиценті=0,68
Келтірілген құн=2300*(0.93+0.85+0.79+0.73+0.68= 9154 немесе 91,5%, жал
қаржылық болып саналады).
“Қаржылық лизинг”туралы Қазақстан Республикасының заңында қаржылық
лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:
- лизинг беруші – лизинг шартымен лизинг затын сатушыдан алуға және
оны лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және анықталған
шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға
міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан
лизиг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес)
амортизациясымен өлшенеді.
- Лизинг алушы – лизинг келісімене сәйкес, келісім жасау кезіндегі
баға бойынша лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80
пайыздан кем емес) көлемде қалпына келтіруімен (амортизация) есептелетін
қалыпты кезеңдік төлемдері төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде әрекет ету
мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының меншігіне
көшеді немесе ол аяқталғанға дейін лизинг келісімінде қарастырылған төлем
толықтай төленеді, әрине, егер мұндай аалмасу келісімде көрсетілген
жағдайда ғана.
Лизинг затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-
саймандар, көліктік құралдар, жер учаскілері және басқа да тұтынылатын
заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресурстар лизинг заты бола
алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына
меншік құқы лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік
тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша
иемденуге және қолдануға құқы беріледі.
Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны
ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады.
Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді
уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға
салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде
лизингті “несие – жал” (фр.”credit-pail”) деп атайды.
Тауарға деген меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысу шартынан
айырмашылығы, лизинг кезінде жалға деген меншік құқығы жалға берушіде
сақталады да, ал лизинг алушы оны уақытша қолдануға ғана құқық ала алады.
Лизингтік мәміле негізін келесілер құрайды:
- мәміле объектісі;
- мәміле субъектілері (лизингтік келісім тараптары );
- лизингтік келісім мерзімі (лизинг кезеңі);
- лизингтік төлемдер;
- лизинг бойынша ұсынылатын қызметтер.
Өндірістік циклде жойылмайтын материялдық құндылықтардың кез келген
түрі
лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Жалға берілетін объект табиғаты
бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингі қарастырылады.
Мәміле объектісіне тікелей қатысы бар тараптар лизинг
субъектісі болып
саналады. Банктерді лизингтік қызмет нарығына енгізу, біріншіден лизинг –
бизнестің капитал сыйымды түрі болуымен, ал банктер – ақша ресурстарының
негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің
экономикалық табиғаты бойынша банктік несиелеумен тығыз байланысты және
соңғысына өзіндік балама ретінде шығуы жатады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы
заңына сәйкес банктер және банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, соның
ішінде Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда, келісімнің әрекет ету
мерзімі (лизинг ) ішінде жалға берушінің берілетін мүлікке меншік құқығын
сақтай тырып, мүліктерді жалға беру бойынша опырацияларды жүзеге асырылады.
Банктік мекемелер лизингтік қызметке қатысу үшін жоғары деңгейде неғұрлым
бірлікті ұйымдар болып саналады, себебі олар қаржылық тәуекелділікпен жиі
кездесіп отырады. Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет
туралы жарғысының 42-бабына сәйкес белгіленетін пруденциялдық нормативтер
және басқа да мөлшерлер мен лимиттер, сондай-ақ кейбір деңгейде
макроэкономикалық себептер (қарыз көлемінде бақылау, сондай-ақ ақшамен
қамту) бойынша банктер лизингтік қызметті жүзеге асыруға ыңғайлы ұйымдар
болып саналады, себебі олар ұлттық банктің қатаң бақылауында болады.
Лизинг кезеңі лизингтік келісімнің әрекет ету мерзімімен
түсіндіріледі. Себебі лизинг – ұзақ мерзімді жалдаудың негізгі нысаны,
жоғары құн және қызмет обектілерінің әрекет ету мерзімінің ұзақтығы лизинг
кезеңінің уақытша шектерін анықтайды. Лизингтік келісім мерзімін анықтау
кезінде лизинг алушы мен лизинг беруші келесі мезеттерді ескереді: құрал-
жабдықтың қызмет ету мерзімін, оның амортизациялық кезеңдерін, неғұрлым
өндірістік немесе ұқсас арзан қызметтердің пайда болу циклдерін,
инфляциялық үрдіс динамикасын, қарыз капиталы нарығының жағдаятын
(конъюктурасын ) және оны дамыту беталысын (тенденцияларын).
Лизинг берушіге тиесілі лизингтік төлемдер сомасын анықтау, лизинг
операцияларының неғұрлым күрделі тәртібі болып табылады. Лизингтік төлемдер
лизинг алушы өндіретін өнім (жұмыс, қызмет) құнына заңмен белгіленген
тәртіпте енгізіледі.
Төлемдерді кезеңдеріне қарай былай бөледі:
• кезеңдік төлемдер – лизингтік келісімге қатысушы, тараптар
келісімімен жасалған кесте бойынша төленетін жылдық, тоқсандық,
айлық төлемдер;
• бір мерзімдік төлемдер – егер келісімде лизинг берушіге аванс төлеу
қарастырылса, кезеңдік төлемдермен қатар қолданылады.
Лизинг алушының қаржылық жағдайы мен төлем мүмкіндіктерін ескере
отырып,
мәміледе лизингтік төлемдерді төлеудің төмендегідей әр түрлі тәсілдерде
белгіленуі мүмкін:
• бірдей үлестермен – бір қалыпты түзу сызықты төлемдер;
• өспелі өлшемдермен (прогресивтік төлемдер), лизингтің бастапқы
кезеңінде лизингті пайдаланушыға лизингтің төлемді аз жарналармен
енгізген ыңғайлы, ал содан соң жабықты меңгеру және онда
өндірілетін өнім қарқынын арттыруға байланысты төлемді ұлғайтатын,
негізінен қаржылық жағдайы тұрақсыз лизинг алушыларға қолданылатын
төлем;
• азаймалы өлшемдермен (жеделдетілген, регрессивті төлемдер),
лизингтің бастапқы кезеңінде пайдаланушы лизинг берушіге өз
берешегінің көп бөлігін өтеуді көздейтін, қаржылық жағдайы тұрақты
лизинг алушылар қолданатын төлемдер.
Жалпы жал төлемдерінің көлемінде амортизациялық аударулар көлемі,
қалдық құн,
несие үшін пайыз, лизинг компаниясы көрсететін қызмет шығындары
(тасымалдауды, лизинг объектісіне техникалық қызмет көрсетуді, құрастыруды,
салық салу, қызметті рәсімдеу бойынша кеңестірді ұйымдастыру) әсер етеді.
Кез келген лизингтік төлем құрамына келесі негізі элементтер енеді:
• амортизация;
• мәмілені жүзеге асыру үшін лизинг берушінің тартылатын ресурстар
үшін төлемі;
• көрсетілетін қызметтер үшін лизинг берушінің кірісіне енетін
лизингтік маржа;
• лизинг берушіге тиесілі кейбір тәуекелділік деңгейіне қатысты
тәуекелділік сыйақысының көлемі.
Ресурстар үшін төлем, лизингтік маржа және тәуекелділік сыйақысы
лизингтік
пайызды құрайды. Қаржылық лизинг бойынша жалдау төлем сомасын есептеу үшін
8-тарауда қаралған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz