Француз буржуазиялық революциясының үшінші кезеңі



Кіріспе 3
1.тарау. Жаңа дәуірдегі Франция 4
1.1 Төңкерістік жағдайдың қалыптасуы 4
1.2 Буржуазиялық революция 6
2.тарау. Революцияның екінші кезеңі 10
2.1 Адамның және азаматтың құқығы туралы декларация 10
2.2 Конституциялық монархия 12
2.3 Жирондистік республиканы жариялау 14
3.тарау. Француз буржуазиялық революциясының үшінші кезеңі 17
3.1 Директория (Термидориандық республика) 17
3.2 Консулдық және империя 22
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1-тарау. Жаңа дәуірдегі Франция 4
1.1 Төңкерістік жағдайдың қалыптасуы 4
1.2 Буржуазиялық революция 6
2-тарау. Революцияның екінші кезеңі 10
2.1 Адамның және азаматтың құқығы туралы декларация 10
2.2 Конституциялық монархия 12
2.3 Жирондистік республиканы жариялау 14
3-тарау. Француз буржуазиялық революциясының үшінші кезеңі 17
3.1 Директория (Термидориандық республика) 17
3.2 Консулдық және империя 22
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе

Франция бүгінгі таңда әлемдегі барлық саласы жағынан жете дамыған
мемлекеттері қатарында алғашқы орынды иеленіп тұр.
Франция тарихының қай кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге
бергісіз ұлы держава болғанын көре аламыз. Әлемнің қай түпкіріндегі
болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе
қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық
аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді.
Бұл елдің әлемдік мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі өте мол. Сондықтан
осы елдің мемлекеті мен құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн.
Себебі біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың да мемлекеттігі орнықты болып,
мұндағы жағдай азаматтық соғыстарға айналмауы және ТМД елдеріндегі соңғы
кездері орын алған (Грузия, Украина, Қырғызстан) теке-тірестерге ұласпауы
да осындай іргелі елдердің тәжірибесін өз елімізде қолдана білуге
итермелейді.
Осы жұмыстың мақсаты – Франциядағы буржуазиялық революция кезеңінің
ерекшеліктерін көрсету болып табылады. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Жаңа дәуірдегі Франция

1.1 Төңкерістік жағдайдың қалыптасуы

ХVІІІ ғасыр Франция үшін Ұлы француз буржуазиялық революциясымен
ерекшеленді. Оның түбірлі себебі болып өндірістік күштер мен феодалдық
өндірістік қатынастардың арасындағы шиелініскен қарама-қайшылықтардың өршуі
табылды. Феодализм елдің объективтік тарихи дамуын тежеді. Жаңа формацияның
ауқатты топтары — өнеркәсіп иелері, саудагерлер, банкирлар өздерінің
жағдайына көңілі толмады.

Жаңа өндірістік қатынастардың қорғаушысы үшінші сословие деп аталатын.
Дін басылары мен дворяндар халықтың 1 процентін құрайтын. 26 миллион
адамның ішінде тек қана 270.000 дворян болатын. Олар Франция жерлерінің
бестен үшіндей еді және салық төлеуден босатылған болатын. Мемлекеттік
аппараттың жоғарғы қызмет орындары осы екі топтың қолына жинақталды.
XVIII ғасырда король мен дворяндар өкіметінің беделі бірте-бірте кеми
берді. Дворяндар азғындай түсті, олар әскери қызметте де, мемлекеттік
қызметте де жанын қинағысы келген жоқ. Король сарайының маңында тұруға
тырысты, сөйтіп барған сайын пайдасыз сословиеге айналды. Олардың пайдасыз,
бұзық тұрмыс қалпы халық мойнына түсті. Дворяндар шапан және сарай
дворяндары болып екі топқа бөлінетін: шапан дворяндары жеңілдіктерді
корольдің өзінен алатын және олардың жағдайлары сарай дворяндарымен
салыстырылғанда төмендеу еді. Дворяндардың осы екі тобы төңкеріс кезінде
реакциялық күшті құрды. Үшінші топ буржуазия, шаруа, уақ саудагерлер,
қолөнершілер, жұмысшылар болды. Бұлар салық төлейтін үшінші сословие.
Шаруалар ерікті болғанымен, феодалдық міндеттілікті төлейтін еді. Сол кезде
Францияда шаруалар феодалдарға чинш натуралдық борьштық шіркеуге алған
өнімнің оннан бірін төлейтін. Капиталистік қарымқатынастардың дамуына
байланысты олардың төлейтін ақшалық ренталары өсіп, күшейе түсті. Бұл
жағдай шаруаларды қайыршылықка алып келді. Олар кедейге және қаңғымаға
айналды. XVIII ғасырда шаруалардың көтерілістері көп болды.
Үшінші сословиенің саяси авангарды буржуазия болатын. XVIII ғасырда
Францияда өнеркәсіп пен сауда жедел дамыды. Париж қаласында көптеген сәнді
киімдер, түрлі жиһаз, сәнді арбалар, зергерлік бұйымдар шығарылды.
Франциядан астықты, шарапты, өнеркәсіп бұйымдарын шетке шығарудың
ұлғаюы француз буржуазиясын байытты. Бірақ шетке шығаруды негізінен
корольдан айырықша құқық сатып алған компаниялар ғана жүргізе алатын.
Буржуазияның қалың бұқарасы бұл артықшылықты жоюды және барлық капиталистср
үшін сауда кәсібіне толық бостандық беруді талап етті.
Буржуазия ірі, орта және уақ топтарға бөлінетін. XVIII ғасырдың
алдында буржуазия күшейіп, бүкіл мемлекеттің экономикасын өз қолында
ұстады. Олардың қолында сауда, өнеркәсіп орындары жиналған еді және олардың
прогрессивтік идеологияны қолдағаны да мәлім.
Сол кезде Францияны басқарған патша Он алтыншы Людовик. Оның патшалық
кезеңі реакцияға айналды. Ол төлемдерді төлейтін шараларды көбейтті. Одан
басқа төңкеріске әкеліп соққан басқа да себептер бар. Франция қатарынан
бірнеше жыл апатқа ұшырады: 1785 жыл құрғақшылық жылы болды, 1787 жылы
жібек құрттардың қырылып қалуына байланысты жібек шығаратын өнеркәсіп
кеміді, 25000 жұмыскер жұмыссыз қалды. 1788 жылы егіндерді қалың бұршақ
жауып құртты, 1788-1789 жылдың қысы қатты болып, жүзім плантациялары мен
бау-бақшаларды құртты.
1787 жылы Франция мен Англияның арасындағы баж салығы жойылды да,
Францияға Англиядан келген жүн және мақта шығаратын кәсіпорын кеміп, 400
мыңдай адам жұмыссыз қалды. Мемлекеттің қарызы 4, 5 млрд. ливрға жетті.
Өнеркәсіп дағдарысына қаржы дағдарысы қосылды.
Өндіргіш күштер мен олардың дамуына кедергі болып отырған ескі
феодалдық өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтар буржуазиялық
революцияның негізгі себебі болды. Нығайып алған буржуазия абсолюттік
монархияға да, феодалдық тәртіптерге де көнгісі келген жоқ. Халық та
дворяндарға қарсы тұруға әзір еді. Корольдің қазынасы біржолата босап
қалды. Халықтың мүшкіл халы күшейіп, шыдам шегіне жетті. Өйткені егіннің
шықпауы қымбатшылық пен азық-түлік тапшылығын тудырды. Кіші шеберлер мен
жұмысшылар арасында жұмыссыздық басталды, кейбір жерлерде көтеріліс шықты.
Халық корольден нан, азық-түліктің арзаңдауын сұраса, буржуазия белсенді
саяси реформалардың өткізілуін, адамдардың сословияларға бөлінуін жоюды,
еркін сауда істеуді, мемлекет басқаруға мүмкіншілік туғызуды талап етті.
Франция патшасы Он алтыншы Людовик өте жігерсіз, өтірікші және
екіжүзді адам еді. Ол бұл жағдайды түсінген жоқ. Ол мемлекетті басқару
жұмыстарымен бас ауыртпай, бүкіл басшылықты өзінің Мария Антуанетта деген
әйеліне бере салған болатын. Әйелі Мария Антуанетта жеңіл мінезді,
Австрияның ақсүйегі. Оның ойлағаны той, байлық, мереке болды. Ол қазынаның
ақшасын тойларға жұмсап, мемлекетті кедейлікке әкеліп соқтырды.
1787 жылы король мемлекетке төлейтін салықтың тәртібін өзгерту үшін
нотабльдердің жиналысын өткізді. Оған қатысқан дворяндар ғана (принцтер,
герцогтер, графгар, пэрлар). Король феодалдарға салық төлететін жаңа тәртіп
енгізбек болды. Бірақ ақсүйектер өздерінің наразылығын көрсетіп, корольдың
айтқанына келіскен жоқ. Король жиналысты таратты.
Бірақ 1788 жылдың тамыз айында король қазынасы біржолата босап қалды
да, қаржы жағдайы тұйыққа тірелді. Сондықтан 1614 жылдан бері 175 жыл
жиналмаған Бас штаттарды шақыру ұйғарылды. Ол жаңа қарыз бен салыққа
келісім алуға үміттенді. Басқаша айтқанда, король және оның шексіз
монархиясы халықты бұрынғыша басқара алмады.
XVIII ғасырда Франция корольдерінің билігі шексіз болатын: ол өзі заң
шығарды, салық бекітті, соғыс бастады және тоқтатты, бейбітшілік, әкімшілік
және сот мәселелерін шешті.

1.2 Буржуазиялық революция

Өндіргіш күштердің дамуына кедергі болып отырған ескі, феодалдық
өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылықтар буржуазиялық төңкерістің
негізгі себептері болды. Үшінші сословие феодалдық жүйеге қарсы шықты. Олар
шексіз монархияға да, феодалдық тәртінтерге де көнгісі келген жоқ. Ауыл
шаруаларының ұйымдасу жағынан істелген қызметтері әлсіз болды,
жұмысшьшардың таптары қалыптасып келе жатқан кезі, осы жағдайда төңкерісті
басқаратын күш буржуазиялық таптар еді. Олар феодалдық тәртіпке қарсы
шықты.

Буржуазияның сана сезімінің калыптасуына ұлы ағартушылар Вольтер,
Монтескье, Мелье, Гольбах және Гельвецийлердің ілімдері әсерін тигізді.
Олар реформаларды жүзеге асыру қажеттігін негіздеді. Монтескье "Заңдар рухы
жайында" деген еңбегінде: "бір адам немесе бір мемлекеттік орган өз қолына
заң шығару, атқару, сот билігін қосып ұстаған кезде бостандық жоқ, неге
десек, олар тирандық заңдар шығарып және соларды орындауға қолайлы жағдай
туғызады", деді.

Төңкерістің басталуы шаруалар көтерілістеріне байланысты болды.
Шаруалардың талаптарына қала кедейлері қосылып, революцияға қатысқан
адамдардың қатарларын көбейтті. 1789 жылы Францияда төңкерістік жағдай
пайда болды.
Король мен үстем тап сословиесі Францияны бұрынғыша басқара алмады,
халықтың мұқтаждығы мен күйзеліске ұшырауы әдеттегіден күшейе түсті,
бұқараның саяси белсенділігі едәуір артты. Төменгілер ескіше тұрғысы
келмеді, ал жоғарыдағылар ескіше басқара алмады.
Он алтыншы Людовик Париждің халық бұқарасынан қорқып, Бас штаттарды
Версальда шақыруды бұйырды. Ол 1789 жылы 5 мамырда салтанатты түрде ашылды.
Аса үлкен залдың бір жағына тақ алдына алтындаған қамзол және түйетауықтың
қауырсынымен безендірілген қалпақ киген дворяндардың 300 депутаты жиналды.
Екінші жағына көкшіл және ақ киім киген дінбасыларының 300 өкілі орналасты.
Қарапайым ақ жағалы қара киім киінген үшінші сословиенің 600 депутаты арт
жақта тұрды.
Үшінші сословиенің халықтың көпшілігін құрайтыны және елдің бүкіл
байлығы көбіне солардың қолында жиналғаны мәлім. Оның депутаттары өз
күштерін сезінді және ақсүйек дворяндар мен шіркеу иелерін жек
көретіндіктерін жасырған жоқ.
Он алтыншы Людовик жаңа салықты бекітуді бұйырды, Дауыс сословие
бойынша берілетін, бір сословие бір дауысқа ие болатын. Демек дворяндар мен
дінбасыларына еріксіз көндіру мүмкіндігі берілді. Алайда үшінші сословиенің
депутаттары бұған бағынған жоқ. Үшінші сословие дауыс берудің жаңа тәртібін
ұсынды, яғни, әрбір азамат өзі үшін дауыс беретін болсын. Депутаттарға
сайлау кезінде қалалар мен ауылдарда көп талаптар айтылған болатын, олар
көбінесе феодалдық тәртіпке наразылық білдірді. Сонымен, үшінші сословие
өздерінің көптігін пайдаланып, жаңа регламентке қарсы күресіп, тақтың
қарсылығын басты.
Бас штаттардың регламенті күн тәртібінде бір ай қаралды, аяғында дауыс
жаңа "бір депутат бір дауыс"деген тәртіппен берілетін болды.
17 маусым күні Бас штаттар өздерін "Ұлттық жиналыс" деп жариялады,
корольдің оның қаулысын қабылдамай тастауына да, тоқтатуына да құқығы
болған жоқ. Басқаша айтқанда, Ұлттық жиналыс елдегі жоғарғы өкімет болып
табылатынын және корольдің жеке билігіне тыйым салатынын жариялады.
Король мәжіліс залын жабуға бұйырды. Бірақ үшінші сословиенің
депутаттары жақын жердегі доп ойнайтын жерге жиналып, Конституция
жазылмайынша тарамау жөнінде салтанатты түрде ант берді.
Дворяндардың алдыңғы қатарлы бөлігі үшінші сословиеге қосылды. Ұлттық
жиналыс өзін құрылтай жиналысы деп жариялады. Яғни, олардың мәлімдегені
Конституцияны жазып, оны қабылдауға немесе жаңа мемлекеттік құрылыс
орнатуға құқықтарының бар екендігі жөнінде дауыс сословие бойынша емес,
жалпылама берілетін болды.
Корольдің Құрылтай жиналысын таратуы мемлекеттік борыштарды төлеуді
тоқтатуға әзірленіп жатқаны халыққа мәлім болды. Халық бұқарасы
буржуазияның қолдауымен шексіз монархиямен күреске шықты.
Париж халқы Құрылтай жиналысын жақтап, Бастилия деген қамал түрмесін,
шексіз монархияның басты тірегін қоршай бастағаны 14 шілде еді. Бастилияны
алу төңкерістің бастамасы болды. Бұл күні халық бұқарасы көтеріліске шығып,
абсолютизммен күресте шешуші жеңіске жетті. Олар шексіз монархияны жойған
төңкерістік күш ретінде бас көтерді. Кейін Бастилияны жермен-жексен етті,
ал 14 шілде француз халқының жыл сайын атап өтетін ұлттық мейрамына
айналды. Король әскерге сене алмайтынын түсініп, түрлі шаралар қолданды. Ол
Құрылтай жиналысына өзі келіп, әскерге Версальдан және астанадан кетуге
бұйрық етемін деп уәде берді.
Францияның астанасы Париж қаласы төңкеріс орталығына айналды.
Кедейлер, уақ қол өнершілер, сатушылар қаланы басқаратын орган құрды. Ол
Париж Коммунасы деп аталған. Қаланы Париж гвардиясы қорғады. Бастилияның
құлауы Францияның бүкіл халқының көңілін көтерді, ол шексіз монархияның
құлауын қуанышпен қарсы алды. Үшінші сословие бір қатарға тұрып феодалдық
жүйеге қарсы шықты. Шаруалар поместьелерді өртеді, қарыз қағаздарын жойды,
тұтқынға түскен адамдарды асып өлтіріп, өздерінің наразылығын көрсетті.
Құрылтай жиналысы феодализм тәртіптерін жоюға кірісті.
45 тамыз күндерінде феодалдық жеңілдіктердің көбі, мысалы, олардың
қатарында жан басы салығы, тұзға салынатын салықтар, атты және жаяу
барщина, сойылған малдан төленетін салық, феодалдың сарайын баққанына
төлейтін салық, жол салығы және басқа алымдар жойылды. Бірақ жерге төлейтін
алымдар сақталып, барщина мен чинш (жерге төлейтін алым) да сол түрінде
қалды. Сонымен, аграрлық мәселелер формальды ғана шешілген еді. Радикал
түрінде тек шіркеу мәселесі қаралды. Шіркеу жерлері тәркілеуге ұшырады да,
шаруалардың шіркеуге төлейтін салығының оннан бірі жойылды.
Ұлттық жиналыс халыққа қарсы қатаң заң жариялады. Шаруалардың
көтерілістері өте қатты басылып, осы заң бойынша қарумен ұсталған адам өлім
жазасына тартылды. Шіркеу мемлекетке бағынатын болды. Ең қызық жері бұл
шіркеу реформасын бастаған Талейран деген епископ. Ол мықты дипломат және
саяси күрделі адам еді. Шіркеу жерлерін мемлекет жеке адамдарға сатты.
Шіркеу юрисдикциясы шектеліп, енді ол адамдардың туған, өлгенін тіркемейтін
болды. Бұл қызмет мемлекеттік салаға көшті. Діни қызметкерлер сайланатын
және міндетті түрде мемлекетке ант беретін болды. 1789 жылдың 2 қарашасында
Құрылтай жиналысы шіркеу дүниесі мемлекетке берілуге тиіс деген декрет
жариялаған. Шіркеу жерлерін сатқан жағдайда оларды қаланың бай буржуазиясы
өте жоғары бағалармен сатып алды.
Шаруалар сеньорлардың сарайларын өртеп, феодалдық міндеткерлікпен
борыш, салықтар тіркелетін кітаптарды жойды. Дворяндар үшін "ұлы қорқыныш"
заманы туған еді. Олардың көпшілігі шет елдерге көшті.

Ішкі нарық өнеркәсіп үшін өте тар болды. 1788 жылы Францияда айрықша
экономикалық тоқырау орын алды. Селолардағы астықтың шықпауы шаруалардың
көтерілісіне түрткі болды.

Патша үкіметі аталған талаптарды орындауға мәжбүр болды. Ол бір жарым
ғасырдан астам уақыт шақырылмаған Бас штаттарды шақыру туралы жариялады.
Бас штаттарды шақыру 1789 жылғы 5-мамырда өтті. Бұдан соң бірден мына
мәселелерге қатысты даулар басталды: депутаттардың өкілеттігін тексеру
тәсілдері, біріккен және бөлек отырыстар, Бас штаттардың мақсаттары, үшінші
сословиенің (буржуазияның) құқықтары туралы. Патшаның қолдауын тапқан
алғашқы екі сословие — дворяндар мен дін қызметкерлері дауыс берудің ескі
тәртібін жақтады: әр сословиеден бір дауыс берілді. Бұнымен үшінші
сословиенің өкілдері келіспеді. Олар отырыстардың сословиелер бойынша бөлек
емес, бірге өтуін және осы отырыстардағы шешім көпшілік дауыспен
қабылдануын талап етті. Үкімет дауыс берудің мұндай тәртібін қабылдаудан
бас тартты. Бұған жауап ретінде үшінші сословиенің өкілдері 17-маусымда
өздерін Ұлттық жиналыс деп, ал 1789 жылғы 9 шілдеде француз халқының атынан
заңдарды қабылдауға және жоюға құқығы бар Құрылтай жиналысы деп жариялады.
Патша мен ақсүйектер Версальға (бұл жерде Құрылтай жиналысы орналасқан
болатын) әскер жинай бастады. Парижде патшаның бұл шаралары туралы мәлім
болған соң, халық қарулы көтеріліске шықты. Көп ұзамай көтеріліске шыққан
халықтың жағына әскердің басым көпшілігі өтті, сөйтіп, қала толығымен
көтерілісшілердің қолына өтті. 1789 жылғы 14 шілдеде халық патшаның
абсолюттік билігінің рәмізі — қорған-түрме — Бастилияны басып алды. бұл күн
француз халқының ұлттық мерекесі болып саналады.

Революция бүкіл елге тарады. Провинцияларды ескі органдардың орнына
жаңадан өзін-өзі басқару органдары — муниципалитеттер құрылды. Революцияның
қарулы күштері — ұлттық гвардия қалыптаса бастады, алайда, әскери қару-
жарақтың қымбаттығынан бұл әскерге тек ауқатты адамдар алынды. Ұлттық
гвардияның басына маркиз Лафайет тағайындалды. 1789 жылғы 5 тамызда
феодалдық режимді жою туралы декрет жарияланды. Сонымен, революцияның
қозғаушы күші болып ірі буржуазия мен халықтың одағы табылды.

2-тарау. Революцияның екінші кезеңі

2.1 Адамның және азаматтың құқығы туралы декларация

1789 жылғы 26 тамызда Құрылтай жиналысы ең алғашқы конституциялық акт
— “Адам және азаматтың құқықтары туралы декларацияны” қабылдады. Жаңа
төңкерістік қоғамның принциптерін жариялаған бұл декларация негізгі
бағдарламалық құжат болып табылады. Декларацияның кіріспе бөлімінде
үкіметтің кемшіліктерінің себептері болып адамдардың білімсіздігі, адамның
табиғи, ажыратылмайтын және қасиетті құқықтарын ұмыту табылады деп жазылды:
1) “Адамдар өз құқықтары бойынша тең және еркін болып туылады”.
2) “Әр мемлекеттік бірлестіктің (одақтың) мақсаты болып адамның табиғи
құқықтарын қамтамасыз ету табылады. Олар: бостандық, меншік, қауіпсіздік,
қанауға қарсылық”.
Декларация адамдардың заң алдындағы теңдігін, ұлттың егемендігін,
биліктің тармақтарға бөліну қағидасын және тағы да басқа маңызды ережелерді
салтанатты түрде жариялады.
Декларацияны жасаушылардың ішіндегі Лафайет, Мирабо, Сиейс, Мунье,
Дюпор сияқты ұлы тұлғалар ХVІІ ғасырдағы Франциядағы алдыңғы қатарлы саяси
ойлардың басты тұжырымдарын айқын, ашып көрсетіп өтті. Бұл еңбек Вольтер,
Дидро, Гельвеций, Монтескье, Руссо, Мабли, ағылшын ойшылдары — Локк,
Мильтон, Блэкстон сияқты атақты ғалымдардың еңбектеріне сүйенді.
Декларацияда тұлға құқықтарының маңызды кепілдіктері мен заңдылық
қағиадалары бекітілді: қылмыс жоқ болса — жаза да жоқ (nullum crimen —
nullum poena sine lege), кінәсіздік презумпциясы (сот дәлелдемейінше
ешкімді де кінәлі деп санауға болмайды), қылмыстарды жазалаудың әділдігі.
Бұл жағдайлар Декларация авторларының демократиялық және алдыңғы қатарлы
көзқарастарын, олардың жақсы теориялық базасы мен дайындығын көрсетеді.
Декларацияда жалпы теңдік бекітілді, алайда, Декларацияны
қабылдағаннан кейін бірнеше ай өткен соң, 1789 жылғы желтоқсанда, Құрылтай
жиналысы Сайлаушылар үшін мүліктік және басқа да ценздер енгізу туралы
декрет қабылдады. Барлық азаматтар мүліктік ценз бойынша “белсенділер” және
“бәсеңдер” деп бөлінді. Белсенді азамат деп танылу үшін мынадай талаптар
қойылды: 1) ұлты француз болуы керек; 2) жасы 25-ке толуы керек; 3) бір
кантонда 1 жылдан кем емес уақыт тұруы керек; 4) үш күндік жалақы
мөлшерінде тікелей салық төлеуі керек; 5) малай жағдайында болмауы керек.
“Бәсең” азаматтар сайлауға қатыстырылмайтын.
1790 жылдың басында бірқатар маңызды декреттер күшіне енді. Шіркеу
меншігін мемлекет ұлттандырды. Шіркеуден азаматтық хал актілерін жазу
құқығы алынды. Ол мемлекеттің бақылауына көшті.
Жаңа әкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді. Франция 83 департаменке
бөлінді, олардың әрқайсысына дистрикттер, кантондар, коммундар енді. Салық
салу жүйесі біртұтас сипатты иеленді, дворяндық титулдар мен шендер
жойылды.
Феодалдық режимді жойып, революция кәсіпкерлік қызметке жол ашты, бұл
буржуазия үшін тиімді болды. Өз жағдайын күшейту үшін буржуазия Құрылтай
жиналысы арқылы 1791 жылы 21 қазанда халық көтерілістерін басу үшін қарулы
күштерді қолдануға рұқсат беру туралы декретті қабылдады. 1791 жылғы 14
маусымда көтерілістер мен ереуілдерді жүргізуге тыйым салған Ле Шапелье
заңы күшіне енді.

2.2 Конституциялық монархия

17 шілдеде монархияға қарсы шыққан бейбіт демонстраттарды ұлттық
гвардияның атып өлтіруі көптеген адамдарды буржуазияның контрреволюциялық
сипатта екендігіне көзін жеткізді. 1791 жылғы 13 қыркүйекте Құрылтай
жиналысы конституциялық монархияны заңдастыру үшін конституцияны бекітті.
Құрылтай жиналысында қабылданған бұл Конституция күшіне қыркүйек айында
енді. Монархия сақталып, министрлер королъдің алдында жауапты болып қала
берді. Конституцияның негізін салған биліктің бәрі ұлттан шығады деген бұл
Конституция бойынша, Корольдің билігі өте күшті еді, сондықтан монархия
дуалистік монархияға жатады. Король министрлерді, жоғарғы әскери
қызметкерлерді тағайындайды, әскерді өзі басқарады. Жоғарғы сот
қызметкерлері қызметін енді өмірбойы істейтін болды, олар тек заңға
бағынады, бірақ оларды қызмет орнына король тағайындайды. Корольдің вето
құқығы бар, ол қабылданған заңдарға қолын қояды. Сонымен, мемлекеттегі
билігі негізінен екі таптың арасында бөлінді: феодалдардың мүддесін атқару
билік қорғайтын, оны королъдің өзі басқарды. Ал жаңа күшін жинап келе
жатқан буржуазия табының мүддесін заң шығару жиналысы қорғайтын. Ол екі
жылға сайланады. Сайлауға жастары 25-ке жеткен және кемінде үш күндік
табысы мөлшерінде жылдық салық төлейтін ерлер ғана сайлау құқығына ие
болды. Бұл жағдай "Адам және азамат құқығы туралы декларациясы"
принциптерін іс жүзінде бұзғандық еді. Пассивтік құқықты азаматтар сайлауға
қатысқан жоқ. Феодалдық міндеттерді түгелдей жою мәселесі шешілмей қалды,
ішкі кеден меи цехтар жойылды. Ескі әкімшілік жағынан провинцияларға бөліну
елді 83 департаментке бөлумен алмастырылды.
Конституцияда мұрагерлік және сословиелік ерікшілерге феодалдық
тәртіп, титулдар, атақтар және артықшылықтар, қызмет орнын сату жөнінде
тыйым салынды. Конституция бостаңдық, баспасөз, жиналыс, петиция беру
бостандықтарына кепілдік берді.
Сот функциясын халық сайлаған сот қызметкерлері орындайтын. Оларды
корольдің өзі қызмет орнына тағайындады. Конституция ірі буржуазияның
мүддесін қорғады жане Францияның Декларациясының көп баптарына қарсы келді.
1791 жылы Ле Шапелье деген депутаттың ұсынысымен 14 маусым күні
Конвент француз буржуазиялық рсволюциясында белсенді рөл атқарған "Бір
кәсіпті жұмыскерлер мен қолөнершілердің жиналуы туралы" заң қабылданды. Бір
кәсіптік азаматтарға саудагерлер, жұмысшылар және басқаларға мынадай тыйым
салынды: олар бірге жиналуға, жиналыстың төрағасын және хатшысын сайлауға,
реестр жүргізуге, қаулы шешім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Революцияның негізгі себептері
Ұлы Француз революциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
Франция буржуазиялық революция қарсаңында
Француз буржуазиялық революцияның себептері мен салдарлары
Француз буржуазиялық революция
Ұлы Морав мемлекеті
Ірі буржуазия өкімет басында
Ағылшын буржуазиялық революциясы
Синьхай революциясы және оның Қытай тарихындағы орны
Ұлы Француз буржуазиялық революциясы
Пәндер