Activ studio жалпы мағлұмат


Планиметрия курсының ұғымдарын қалыптастыруды ұсынылып отырған «Macromedia Flash» технологиясымен жасақталған компьютерлік бағдарламада фигуралар (бұрыштар, көпбұрыштар, геометриялық салулар) анимация арқылы демонстрацияланады. Бұл фигураларды мұғалім жаңа тақырыпты өту барысында компьютер, интерактивті тақта немесе бейнепроектордың көмегімен көрсете алады.

Мысалы, нүкте, түзу, сәуле, бұрыш және көпбұрыштар тақырыбын демонстрациялау терезелерін сипаттайық (2-5-суреттер) .

2-сурет − Кесінді және оның ұзындығын демонстрациялау терезесі

3-сурет − Сүйір бұрышты демонстрациялау терезесі

Бұл демонстрациялау терезелері арқылы бұрыштардың түрлерін таныстырып, оларды бір-бірімен салыстырып, айырмашылықтары мен ортақ қасиеттерін көрнекі түрде оқытуға болатындығын байқау қиын емес.

Сонымен қатар компьютерлік бағдарламаның келесі режімінде таныстырылған фигуралар туралы ұғымдарды, олардың түрлерін, айырмашылықтарын бекіту мақсатында келесі терезелер ұсынылады. Бұрыш түрлері бағдарламасы бойынша навигациялау үшін пайдаланатын батырмалар ұсынылған.

4-сурет − Тестілеу терезелері

Егер оқушы дұрыс жауап берсе, ол келесі сұраққа өтеді.

Планиметрия сабағында оқушылардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыруға ерекше мән беріледі. Осыған орай, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыратын Delphi ортасында компьютерлік бағдарлама дайындалды.

Бағдарлама бірнеше режімдерден тұрады. Осы режімдерді атап, олардың кезеңдерін атап өтейік.

Оқуға тіркелу режімі: 1. Аты жөнін тіркеу; 2. Оқуға тіркелу.

Оқыту режімі: 1. Негізгі ұғымдар; 2. Теоремалар; 3. Есептер; 4. Анықтама.

Нәтиже және тапсырма құру режімі: 1. Тапсырма құру; 2. Журнал.

Теория: 1. Теориялық материалдар; 2. Анықтама.

Енді, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру бағдарламасы терезелерінің сипаттамаларын келтірейік.

Тіркелуд е оқушының қай уақытта қаншалықты жұмыс істегені компьютерлік бағдарламада сақталып қалады. Мұғалім сол арқылы оқушының қаншалықты еңбектенгенін біледі.

Бағдарламаның оқыту режімінде тестілеудің түрлерін (таңдау, толықтыру, сәйкестікті анықтау, дұрыс тізбек құру) қолдану арқылы оқушыны өтілген тақырыптардағы материалдарды толыққанды оқуға әкелетін тәсілі қолданылды. Мұнда оқушы өзін-өзі бақылайды және жауап бере алмаған жағдайда тестілеуден шығып «теориялық материалдар» тармағынан немесе кітаптардан жауабын іздеп тауып, тестілеуді ары қарай жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы оқыту режімінде материалдар қарапайымнан күрделіге қарай «Негізгі ұғымдар», «Теоремалар» және «Есептер» болып жүйеленген (5-сурет) .

5-сурет − Оқыту режіміндегі негізгі ұғымдарды игертуге арналған сәйкестікті анықтау тестісінің терезесі.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық технологияны пайдалану, электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану-өзекті мәселелер.

Жалпы, математиканы оқыту жүйесінде есеп шығарудың маңызы ерекше. Есеп шығару әуелі оқушыларда геометриялық ұғымдарды қалыптастыруда, олардың оқу бағдарламасы бойынша теориялық білімді игеруде мәні зор.

Есептер оқушыларда жаңа білімді қалыптастыратын және бұрыннан бар білімдерін пайдалану үдерісінде пысықтала түсетін нақтылы материал болып табылады. Білімді қалыптастыруға арналған нақтылы материал рөлін атқара отырып есептер теорияны практикамен, оқытуды өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Есептерді шығара отырып, оқушы көптеген геометриялық ұғымдардың (бұрыштар, параллельдік, перпендикулярлық, аудан және көлем т. б. ) негізгі тамыры шын өмірде адамдардың практикасында екендігіне көзі жеткізеді.

Есеп шығару үдерісінің өзі мектеп оқушыларының ақыл-ойының дамуына игі ықпалын тигізеді өйткені ол талдау, жинақтау, нақтылау, абстрактілеу, салыстыру, жалпылау сияқты ойлаумен жүргізілетін іс-әрекетті талап етеді. Мысалы, кез келген есепті шығарғанда оқушы талдайды: сұрақты шарттан, берілген және ізделіп отырған шаманы ажыратады, нақтылау мақсатында ойша есептің шартының «сызбасын» салып шығады, содан кейін абстактілеу әдісін нақтылы жағдайдан ауытқып, арифметикалық амалдарды таңдауда пайдаланады; қандай да бір есептерді бірнеше рет шығару нәтижесінде оқушы осы сияқты есептерде берілетін мәліметтер мен ізделінетін шамалар арасындағы байланыс жайлы білімді тиянақтайды, соның нәтижесінде, есептерді шығару тәсілі жалпыланады.

Алдын ала дайындық жұмысын жүргізген соң оқушыларды есептердің қарастырылып отырған түрін шығарылуымен таныстыруға көшуге болады. Есептер шығаруға үйретудің екінші кезеңінде есептермен жұмыс істеу әдістемесінің мына қадамдардың тәртібін сақтаған жөн: І. Есептің мазмұнымен танысу; ІІ. Есептің шешімін іздеу; ІІІ. Есепті шешу; ІV. Есептің шешімін тексеру.

Бұл бөліп көрсетілген қадамдар өзара тығыз байланысты, әр қадамдағы жұмыс негізінен мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.

Оқушыларды есеппен жүргізілетін жұмыстың жалпы әдісін үйретудің маңызы көл-көсір. Бұл тиісті байланыстарды белгілей отырып, балаларды өздігінен талдау жасауға, түрлі иллюстрацияларды пайдалануға, есепті шығару жоспарын құруға, шығаруды орындауға және оның дұрыс екендігін тексеруге үйрету жұмысы болып табылады. Біз мектептің іс-тәжірибесінде есеп шығара білуді қалыптастырудың төмендегі әдісін ұсынамыз.

Оқушылар компьютерден есеппен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде тапсырма ретінде нұсқау алады. Ол үшін оқушы оқыту бағдарламасына тіркелуі қажет. Тапсырмалар оқыту бағдарламасында орналасқан. Әрдайым есеп шығарғанда компьютерде көрсетілген тапсырмаларды белгілі бір қатаң тәртіп бойынша орындай отырып, оқушылар есеп пен тапсырмаларды көрсетілгендей етіп жұмыс істеуге дағдыланады.

Компьютерлік оқыту бағдарламасының артықшылықтары:

  1. Бағдарламалық құрал-жабдық орталық серверге орнатылады. Оған мектептегі сервер арқылы да, оқушылардың үйіндегі дербес компьютерден де қатынасуға мүмкіндік бар. Оқушы қандай да бір себеппен сабақтан босатылған кезінде оқу материалдарына қол жеткізе алады. Ата-аналар да баланың сабақ үлгерімін бақылауына болады.
  2. Біріктірілген курстар жабық модульдер түрінде емес, әртүрлі форматтағы материалдардың жиынтығы түрінде беріледі: мәтін, бейнематериалдар, интерактивті модельдер. Оларды планиметрия курсына тәуелсіз пайдалануға да болады.
  3. Оқу процесін жоспарлау және бақылау құралдары, көрсеткіштерді талдау құралдары бір мектепте ғана емес, аудандағы, қаладағы оқу үдерістерін де ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
  4. Мұғалім оқу үдерісін сабақ кезінде, сонымен бірге сабақтан соң жүйе арқылы бақылай алады.
  5. Мұғалімдер оқу материалдары арқылы мәліметтер қорын толықтыра алады.

Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір оқушының жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік алады.

Бiз планиметрия курсынан анықтамалық материалдар құрастырдық. Анықтамалық материалдар арқылы оқушылар қажеттi оқу материалын тез тауып, олардың қорытындылау-жалпылау сабағына жан-жақты дайындалуларына мүмкiндiк туады (бұл материалдар диссертацияның А қосымшасында берiлген) .

Зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығын анықтау мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс 2000-2008 жылдар аралығында айқындау, ізденіс және тәжiрибелiк-педагогикалық эксперимент жұмысын ұйымдастыру кезеңдерiмен жүргізілді.

Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент мақсаттары: 1. негізгі мектепте планиметрия курсын оқыту деңгейін анықтау; 2. оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану жағдайында мектеп оқушыларының геометриялық біліміне әсерін зерттеу; 3. планиметрия курсын оқытуды ақпаратттық технология негізінде жетілдірудің тиімділігін дәлелдеу.

Эксперименттік тексеру үшін база ретінде Шымкент қаласындағы №75 көпсалалы мектеп-гимназия, №60 орта мектебі, М. О. Әуезов атындағы №32 орта мектебі, Мақтарал ауданы «Жаңа дала» орта мектебі алынды. Айқындау экспериментінің негізгі мақсаты: мектепте оқушылардың планиметрия курсына 7-ші, 8-ші және 9-сынып оқушыларының геометриялық білім деңгейін білу және оқытуда кездесетін қиыншылықтарды анықтау.

Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр -ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық - техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті тақта - дегеніміз не?

Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Активті қалам - дегеніміз не?

Aктивті қалам - бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIVwandуказкасы

Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard - интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. “Оң қол” сонмен бірге “сол қолмен” жұмыс жасауға қолайлы құрал.

ACTIVpanelpro

ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз - ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады - бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.

ACTIVslate

Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet

ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.

ACTIVote

ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.

ACTIVote қолдана отырып:

«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio программасы
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа
ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер
қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

ФлипчартФлипчарт - бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
«Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
«Активті экран» бағдарламалық - техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі - жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- Алған білімді жүйелеу ;
- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио - және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік - бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім - оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі - ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т. б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим - Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point - презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің « төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office - нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі - құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады ( « тік төртбұрыш » объектісін жылжыту немесе жою арқылы ) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.
Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивті тақтаның шығу тарихы
Мультимедиялық және интерактивті технологиялар
Информатикада интерактивті оқыту әдістерді қолдану
Мектептің әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру
Биологияны оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
Ақпараттық технология тиімділігі және мүмкіндіктері
Мультимедиалық технологиялар арқылы оқушылардың креативтігін дамыту
Интерактивті тақтаның құралдары
Жалпы биология курсын оқытуда мультимедия құралдарын қолдану әдістемесі
Деректер базасының концептуалдық моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz