Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы



І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім І. Қылмыс құрамының элементтері
1.1. Қылмыс субъектісі
1.2. Қылмыс объектісі
1.3.Қылмыстың субъективтік жағы
1.4. Қылмыстың объективтік жағы

ІІ. Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы
2.1. Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері
2.2. Қылмыс құрамының түрлері

ІІІ Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
І. Қылмыс құрамының элементтері
1.1. Қылмыс субъектісі

1.2. Қылмыс объектісі

1.3.Қылмыстың субъективтік жағы

1.4. Қылмыстың объективтік жағы

ІІ. Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы
2.1. Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері
2.2. Қылмыс құрамының түрлері

ІІІ Қорытынды

Кіріспе
Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті
қылмыстық құқық теориясы ғана береді.
Қылмыстың құрамы деп – қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-
әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін
қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің
және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Қылмыстың құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік
белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да
белгілі бір элементтерден тұрады.Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең
болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының
тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері
деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компаненттерді айтамыз.
Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект,
обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен мүлкін қасақана
жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа
біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру,
үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет
ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады.
Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы
болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса
онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде
187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу
жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың
диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның көптеген белгілері аталып
көрсетілген.Мұның өзінде диспозициялардың ерекшелігін анықтайтын және оны
басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді.
Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән
белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін
ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы
қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында
көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175- бабында ұрлықтың оған тән белгісі –
басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі
арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында
көптеген белгілермен сипаталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына
жатпайды. Қылмыс құрамында мұқияттылқпен таңдап алынған түрлік белгілер
ғана қосылады.
Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға
қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі
болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тәне белгілер
қылмыс құрамына қосылмайды.Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады
да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы,
біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т.с.с) немесе ол ұрлықтың қашан
болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді.
Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып
табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да
болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі – оны
жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық
түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы - тонау
болады.
Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада – бір бапта көрсетілуі
мүмкін. Мысалы, 314-бап – қызмет жөніндегі жалғандық.
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір
немес бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-
бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік
өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші
бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде осы
қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.

Негізгі бөлім

І. Қылмыс құрамының элементтері
1.1. Қылмыс субъектісі
Қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа
толған және есі дұрыс жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі
бола алады. Қылмыс субъектісінің белгілері жайлы Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 14-бабының бірінші бөлігінде былай делінген: “Есі
дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық
жауапқа тартылуға тиіс”.
Қылмыс субъектісі – ол қылмыс жасаған есі дұрыс және 16 жасқа толған адам.
Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі тонау,
қорқытып алу т.б.) қылмыстық жауапқа адам 14 жастан тартылады. Қылмыстық
жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес
күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауру, психикасының уақытша бұзылуы,
кемақылдылығы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен
қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам
қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе
басқа да есеңгурететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасаған
қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.
ҚК-тің 14-бабының екінші бөлігінде қылмыстық заңның аса маңызды
қағидаларының бірі – азаматтардың заң алдында тең екендігі заң жүзінде
бекімін тапқан: “Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік лауазымдық
және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге
көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты
жеріне немесе өзге де кез-келген мән-жайларға қарамастан заң алдында
бірдей”. Бұл қағида сонымен қатар, конституциялық та болып табылады,
себебі, ол Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабына
негізделген.
Тек жеке адам ғана қылмыс субъектісі бола алады. ҚК-тің 14-бабының бірінші
бөлігінде айтылған жеке адамдар – Қазақстан Республикасының азаматтары,
азаматтығы жоқ адамдар және шетел азаматтары. Бұл ҚК-тің 6 және 7-
баптарының мазмұнынан туындайды.
Қылмыс субъектісі ретінде тек жеке тұлғаларды тану – заңды тұлғалар,
яғни мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер
қылмыс субъектісі бола алмайды дегенді білдіреді. Осыларды айта келе,
Қылмыс субъектісі дегеніміз қылмыс жасаған және бойында қылмыстық заңда
көзделген белгілері бар жеке тұлға.
1.2. Қылмыс объектісі
Қылмыс объектісі қылмыс құрамының міндетті элементтерінің біреуі (бір
тағаны) Объектісіз қылмысболуы мүмкін емес. Кез-келген қылмыс белгілібір
қорғалатын объектіге қол сұғады, яғни не нәрсегеқол сұғылса, сол қылмыс
объектісі болып табылады.
Қылмыс объектісі дегеніміз, теоретиктердің көпшілігінің пікірі
бойынша, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Ол-жалпы
қатынастардың (барлық құьылыстардың өзара байланыс сәті) бір түрі.
Қоғамдық қатынас сипаты бойнша да күрделі құбылыс. Оның негізгі
элементтері есебіндеқоғам, мемлекет және оның құрылымдары өкілдері:
әртүрлі бірлестіктер мен ұжымдар, жеке адамдар, материалдық дүниенің
заттары, әртүрлі нысанда да көрініс табатын қоғамдық қатынастарға
қатысушылардың арасындағы өзара байланыс.
Қылмыс жасаушы осы элементтердің біріне қол сұғады, қатынасқа
түсушілердің мүддесіне тікелей не жанама зиян келтіріп, қатынас
элементтерінің арасындағы өзара байланысты бұзады.
Қылмыс объектісін қылмыстық құқықтық реттеу объектісінен ажырата
білген абзал, соңғысы мемлекет атынана сөйлейтін оның органдары мен есі
дұрыс, белгіліжасқа жеткен адамның аарсындақылмыс жасау кезінде туатын
қатынастар.
Қылмыс объектісі мен қылмыстық құқықты қорғау объектісінің ара
қатынасы қандай? – деген сұрақақа жауап біреу. Бұл ұғымдар нақыт мүдде
қабысып жатқан синонимдер. Қылмыс объектісінің түрлері. Жалпы, бір тектес,
(немесе арнайы) және тікелей объектілер. Жалпы обект дегеніміз, қылмыстық
құқықпен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Арнайы объект белгілі бір саладығы тегібір (бір тектес) туысқан
қоғамдық қатынастардың жиынтығы құрайды
Тікелей объект деп, қылмыстың әрекет арқылы қол сұғылатын нақты
қоғамдық қатынасты танысақ, бұл анықтаманың ақсап тұрғандығын аңғару қиын
емес. Ал нақыты қоғамдық қатынастарды айтсақ, онда біртектес объектіден
айырмашылық болмай қалар еді. Сондықтан, тікелей объекті ретінде қоғамдық
қатынастардың ішкі өзегі олардың нақты көрінісі мүддені алса, ойық жердің
орны толып, жаңсақ пікірге жол бермейді.
Мүдде – бұл да қоғамыдқ қатынас, бірақ оның нақты көрінісі. Мүдде мен
оның иелерінің арасындағы қатынассыз қоғамдық қатынасы жоқ, бола алмайды
да. Қоғамдық қатынастар қоғамдағы адамдардың арасындағы әр қилы
байланыстарды бейнелейді. Бұл байланыстар әртүрлі әлеуметтік топтардың,
таптарды не жекелеген адмдардың мүдделерін бейнелейтін материалдық
(өндірістік), адамершілік, эстетикалық, құықтық т.б. да сипаталуы мүмкін.
Жеке адам бұл тұрғыда қоғамдық қатынастардың өзінше бір материалдық
субстраты болып табылады.
Қоғамдық қатынас (мүдде) туралы айтқанда мүдденің иесіне қатысты
трғысынан қарау керек.
Мүдденің тек иесі (субъектісі) ғана емес, олардың субъектілердің
арасындағы байланыстың (қатынастың) қозғаушысы болатын мүдденің ішкі
объектісі (метриалдық немесе рухани әлеуметті құнды игілік) де бар.
Сонымен, тікелей объект дегеніміз қылмыстық құқықпен қорғалатын нақты
мүдде. (игілігі). Ал арнайы біртектес объекті деп біртектес мүдделерді
табуға болады. Олардың ерекшелігі бұл қылмыстардың негізінде жатқан
мүдделер сипаты мен мазмұны бойынша тегі бір болып келеді.
ҚК құрылысы осы біртектес объектілерге тікелей байланысты болмақ. ҚК
әрбір тарауында қорғалатын мүдделер бір тектес объектілер бойынша
шоғырланған. Кейде қылмыстық заң тек туысқан мүдделерін көрсетіп қана
қоймай, мүдде субъектілеріне де нормаларды бір тарауға шоғырландырады.
Мысалы, жеке адамға қылмыстардың ішінен белгілі бір адамдар санаты бойынша
да (кәмелетке толмағандарға, әйелдерге, сырқат адамдарға қарсы қылмыстар
үшін) арнайы тарау бөлуі мүмкін. Сондай-ақ мемлекеттің, ұжымның мүддесіне
қарсы жасалатын лауазымды адамдардың қызмет бабына да қылмыстары қатарынан
арнайы бір мүддені (айталық, мүліктік немесе жеке мүддеге қарсы қылмыстар)
қамититын іргетасы бөлек тарау бөлуі де ғажап емес.
Қылмыстық құқықтық нормаларды жүйелеу мен кодификациялау да, жоғарыда
айтқанымыздай, объектінің құндылығы мен белгілеріне байланысты.
ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тауарларының реті төмендегідей жеке адамға
қарсы қылмыстар, отбасының және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар, от
басының және кәмелетке толмағандарға өарсы қылмыстар, адамың және азаматтың
Конституциялық құқықтары мен бсотандықтарына қарсы қылмыстар, бейбітшілік
пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, меншікке қарсы қылмыстар,
экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар, коммерциялық және өзге
ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар, халық денсаулығына және
адамгершілікке қарсы қылмыстар, экологиялық қылмыстар, көліктегі қылмыстар,
мемлекеттік қызмет мүделеріне қарсы қылмыстар, басқару тәртібіне қарсы
қылмыс, сот төрелігіне және жазалардың орындау тәртібіне қарсы қылмыстар,
Әскери қылмыстар – барлығы он алты тарауға бөлінеді.
Сонымен, жоғарыда шолудан байқағанымыздай, қылмыстың жалпы объектісін
қылмыстық құқыпен қорғалатын және қылмыстық әрекет арқылы қол сұғылатын
мүдделердің (игіліктердің) жиынтығы деп айтуға болады. Мұндай келісім
анықтаманы кейбір авторлардың (мысалы, А.Науымов) кездестіруге болады.
Объектілерді төрт сатылы топтастыру да ұшырасады. Олар біртектес
объектінің ішінен бір-біріне етене жақын мүдделердің тікелей объектілердің
– басын біріктіретін біртүрлік объектіні бөліп алады. Мысалы, жеке адамға
қарсы қылмыстар біртектес объектісі болса, соның ішінен адам өміріне,
денсаулығына Конституциялық құқытары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстардағы қорғалатын мүдделер біртүрлік объектінің қызметін атқарады.
Кейбір әрі қарай бөлшектенбейтін тауралар әрі біртектес, әрі біртүрлік
объект болып табылады. Дегенді алға таратады. Мұндай төрт сатылы
топтастыру әлі жүзеге асып кете қойған жоқ. Сонымен, жалпы объект біртектес
объектілердің, ал біртектес объект тікелей объектілердің жиынтығына тұрады.
Негізінен, әрбір қылмыс тек бір ғана тікелей объектіге қол сұғады,
бірақ кей жағдайда екі объектіге де қол сұғатын кездері кездеседі. Ондай
кездері тікелей объектіні екіге ажырату қажет негізгі және қосымша объект.
Олай болуы объектінің құныдлығына байланысты емес, бір тектес объектіге
қатысына байланысты. Мысалы, қарақшылықта (179-бап) адам меншігі мен
өміріне (немесе денсаулығына) қауіп төнеді. Өмір (денсаулық) құнды бола
тұрса да, қарақшылық меншікке қарсы қылмыстарға жатпайтындықтан негізгі
объект болып адам меншігіне байланысты мүдде, қосымша объект болып адам
өміріне (немесе денсаулыығна) байланысты мүдделер табылады.
Қосымша объектінің екі түрі бар: қажетті және факультативті (қосалқы)
Қылмыс жасау кезінде негізгі объектімен бірге зиян келетін немесе келу
қауіпі туатын объектіні қажетті қосалқы объект дейміз. Мысалы, қарақшылық,
меншік пен адам өмірі; көрінеу сөз жеткізу (351-бап) – сот төрелігі
(негізгі) мен жалған сөздің құрбаны болған адамның мүддесі (қажетті
қосымша)
Қосалқы (факультативтік) тікелей объектдегеніміз, қылмыс жасау кезінде
зиян келуі де келмеуіде мүмкін қатынас (мүдде) Мысалы, бұзақылық: қоғамдық
тәртіп (негізгі) пенқол сұғылуы мүмкін жеке адам мүддесі (қосалқықосымша
объект)
1.3.Қылмыстың субъективтік жағы
Қылмыстың субъективті жағы – бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты
адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективті жағының мазмұны кінә,
ниет және мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі.
Кінә - бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс –
қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы. Кінә мынадай элементтерден
тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік (ерік элементі).
Қылмыстың ниеті – қылмыс жсаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті,
яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болуы
мүмкін.
Қылмыстың мақсаты – тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге
тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды
немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қорқыту мақсаты
және т.б.
Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға
сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың
қатарында қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады.
Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын
жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады:
а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян
келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрау;
ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері: ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып
алушылық, автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның
мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән – жайлар;
б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі:
терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған
хабарлау, қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау
не қорқытып алу, ауырлататын мән – жайлардағы бұзақылық, тағылық,
өлгендердің мәйіттерін жіне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын
немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру және т.б.
Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады.
Ал 14 жасқа дейінгі жас балалар қ қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (не әрекетсіздігінің) қоғамға
қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық етпеген
адам есі дұрыс деп танылады.
Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке
ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе өзге жүйке
дертіне ұшырауы салдарынан өзінің іс - әрекетінің (не әрекетсіздігінің) іс
жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие
бола алмаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс
субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Көптеген ғасырлар бойы ақы – есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық
жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл – есі дұрыс емес адамға қатысты өлім
жазасын қоданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак – Нагтеннің жағдайы деуге
болады, ол 1843 жылы Ұлыбритания премьер – министірінің хатшысын атып
өлтірген. Мак – нагтен заңы дұрыс емес қылмыскерді сотқа емес,
психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті.
1.4. Қылмыстың объективтік жағы
Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын
тұлғаның әлеуметтік қауіпті жүріс-тұрысының сыртқы жағының көрінісі
қылмыстың объективтік жағы болып табылады. Нақты қылмыс үшін жауаптылық
қарастырылған ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында ол барынша сипатталып
жазылады.
       Адамның әрбір әрекетін соның ішінде қылмыстық әрекетін ой арқылы
екі құрамдас бөлікке бөлуге болады: белгіленген мақсатқа қол жеткізудің
жолдары мен құралдарын, сезіну, белгілі бір шешімді қабылдаудан тұратын
интеллектуалдық-еріктілік және нақты әрекет арқылы яғни сыртқы объектіге
белгілі бір ықпал ету жолымен ойластырған шешімді жүзеге асырудағы нақты
әрекет.
       Адамның әрекетін ішкі және сыртқы жақтарға бөлу жоғарғы дәрежеде
шартты болып табылады. Адамның қылығының жануардың жүріс- тұрысынан
айырмашылығы да сол, оның барысында адамның санасы, еркі қатысты болады.
       Жалпылама түсінігінде қылмыстың объективтік жағы қылмыстық заңмен
қорғалатын объектіге қоғамдық қауіпті қол сұғудан көрінетін адамның сыртқы
жүріс-тұрысының актісі болып табылады.
       Қылмыстың объективтік жағы негізінен төмендегідей белгілерден
тұрады. 1) қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік); 2)
қоғамдық қауіпті салдар; 3) іс-әрекет және салдар арасындағы себепті
байланыс; 4) қылмыстың жасалған орны, уақыты, жағдайы, тәсілі мен
құралдары.
      Біздің ойымызша аталған ұстаным дұрыс, іс-әрекеттің сырқы жағын
саралау осыған негізделуі тиіс.
      Алайда құқықтық әдебиеттерде қылмыстың объективтік жағының
белгілеріне қатысты өзге де пікірлер айтылған. Мысалы, А.А. Пионтковский
қоғамға қауіптілікті оның белгісі ретінде қарастыруды ұсынады. В.Н.
Кудрявцев қылмыстың жасалу тәсілін, орнын және жағдайын объективтік жақтың
дербес элементтері ретінде қарастыруды танымайды себебі олар
қылмыскердің іс-әрекетін (әрекет немесе әрекетсіздікті) ғана сипаттайды.
П.И. Гришаев объективтік жақтың міндетті белгісіне тек қоғамға қауіпті іс-
әрекетті ғана жатқызады.
       Бұдан байқайтынымыз қылмыстың объективтік жағының мазмұны даулы
мәселе әрине бұл оны бірегей түсінуде, ақыр аяғында жасалған қылмысты
саралауда ықпалын тигізбей қоймайды. Б.А. Криков Қылмыстың объективтік
жағы – бұл қылмыстық іс-әрекеттің өзегі. Ең алдымен қылмыстың сыртқы
жағында қоғамға қауіпті іс-әрекетті объектендіреді.
       Іс-әрекетті қылмыстың объективтік жағы бойынша саралау қылмыстық
жазалауға жататын әрекет немесе әрекетсіздік фактісін және оның салдарын
анықтаудан басталуы тиіс. ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының
диспозицияларында кейбір жағдайларда қылмыстық нәтижені ғана көрсетіп
қояды. Қылмыстың объективтік жағы барынша толық жазылып, іс-әрекет және
салдар туралы толық айтылған диспозицияларда бар. Мысалы ҚК-тің Ерекше
бөліміндегі 103 бап: Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден,
естуден, қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін
жоғалтуға немесе бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе
еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан
немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға,
психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауыруға душар еткен
денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана
ауыр зиян келтіру – деп сипатталған.
       Қылмыстық заңда қылмыс құрамы белгілерін сипаттап жазудың заңи-
техникалық әдістері қылмысты іс-әрекетті саралау үшін үлкен маңызға ие
болады. Егер заң бабының диспозициясында субъектінің әрекеті сипатталып
жазылып, олардың толық тізімі бекітілген болса соттың кеңейтілген
түсіндіру арқылы өз қалауы бойынша олардың қатарын көбейтуге құқығы жоқ.
Егер де диспозицияда қылмыстық салдар көрсетілген болса онда тергеу және
сот органдары аталған салдарға әкелген тұлғаның қоғамға қауіпті жүріс-
тұрысының түрлерін анықтауға міндетті, залалдың келтірілуі қасақаналық
немесе абайсыздық екендігін тиісті саралап одан әрі ҚК-тің нақты бабы
бойынша жүргізілуі керек. Ендеше адамдардың іс-әрекеттері қылмыстық
құқыққа қайшылықта болуы керек, осындай жағдайда әрекеттің қылмыстылығын
жоятын мән-жайда жасалған, заңда көрсетілген салдарға алып келген қылық
болып табылмауы тиіс. Адамның сыртқы жүріс-тұрысының жекелеген немесе
бірнеше мәрте актілерін, сонымен қатар оның белгілі бір құралдары,
өндірістік үрдістерді, заттардың өзіндік ерекшеліктерін пайдаланып қылмыс
жасауын біз қылмыстық әрекет ретінде түсінеміз. Тиісті жағдайда кінәлі
тұлға жасауға міндетті және жасай алатын әрекеттерді жасамауынан көрінетін
пассивтік жүріс-тұрысын қылмыстық жауаптылықты туындататын әрекетсіздік
ретінде бағалаймыз. Аталған әрекетсіздік кей реттерде ауыр салдардың
туындауына әкеп соқтыруы мүмкін, және де ол адамдардың өзара тәуелділігі
мен өзара байланыстылығынан туындайды. Бұл жерде біз азаматтың құқықтық
міндеттемелігі жөнінде айтуға тиістіміз. Аталған міндеттемелік төменде
көрсетілгендерден туындайды. 1) заңның немесе өзге нормативтік актінің
тікелей міндеттеуінен 2) қызметтік, кәсіби міндеттерді, туыстық және өзге
де жеке өзара қатынастарды атқару міндетілігінен 3) азаматтың бұрынғы
қызметінен  туындауы немесе тұлғаның өзінің құқық арқылы қорғалатын
мүддені қауіпті жағдайда қалдыру яғни, қауіпті салдардың пайда болуы
қаупін туындатуы.
       Қылмыс ретінде бағаланатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Қылмыс түсінігі және міндеттері
Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
Қылмыстық жауаптылықтың негізі
Қылмыс және қылмыс құрамы
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс ұғымы
Қылмыс істеген кінәлі адамға заң жүзінде қылмыстық жаза қолдану
Қылмыс құрамы және қылмыс субъектісі
Пәндер