Delphi7 объектілі бағытталған программалау ортасы






КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3





НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК


1.1 Мәліметтер қоры туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5


1.2 Мәліметтер қорын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6


1.3 Мәліметтер қорларының типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7





2. DELPHI7 ОБЪЕКТІЛІ БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ


2.1 Delphi программалау ортасы туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... .10


2.2 Database Desktop қосымшасын пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ...20


2.3 «Математика және ақпараттық жүйелер» мәліметтер қоры қосымшасына сипаттама ... ...23





ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологияның жетістіктерін, идеяларын
қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау
тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау
мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Программалау технологияларының
негізгі бағыттарының бірі-объектілі бағытталған программалау тілі. Delphi
ортасы объектілі программалау принципіне негізделген. Бұл ортада
мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрылады. Күнбе-
күн коммерциялық және жеке мәліметтерді есептемегенде (адам аттары, мекен-
жайлар, есепшоттар) визуалды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын
көптеген ақпараттар бар, яғни, дыбыс файлдары, видео көріністер, Web-
парақтар және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керек мәліметтерді
алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа технологиялардың даму
барысында жұмыс орнын автоматтандыру-негізгі мәселелердің бірі.
Жұмыс орныны автоматтандыруға қойылатын талаптар төмендегідей:
• Автоматтандыру уақытты ұту қажеттілігінен туындайтындықтан
қолданушының сұранысына аз уақыт ішінде жауап беру;
• Автоматтандырылыған жұмыс орнының функцияларын үйренудің
қарапайымдылығы.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Мәліметтер қорымен жұмыс деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты мәліметтерді енгізетін, өңдейтін,
сұрыптайтын, берілген мәліметтер негізінде талдау жасай алатын қолданушыға
ыңғайлы интерфейсі бар программа құру қажет.
Курстық жобаның міндеттер:

1 Мәліметтер қоры туралы ұғым

2 Мәліметтер қорын ұйымдастыру

➢ Мәліметтер қорларының типтері
➢ Delphi программалау ортасы туралы жалпы ұғым
➢ Database Desktop қосымшасын пайдалану
бойынша жұмыстар жүргізу.
Зерттеу обьектісі: Delphi программалау ортасы, Алия Молдағұлова
атындағы Актөбе гуманитарлық колледжінің компьютер классында өткізілді.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Delphi программалау ортасының оңайлығы оның
алгаритмдік тілге ұқсастығында. Бұл тілде программа жазуды оңайлататын
көптеген стандарт модульдері мен библиотекалары бар. Және де қолданушы өз
модульдерін жазып оларды библиотекаларға біріктіре алады. Осы мәселені
ескере отырып, Математика және ақпараттық жүйелер бөлімінің мәліметтер
қорын құрдым. Бұл жоба, өте ыңғайлылығымен, қолданушыға түсінікті түрде
келтірілгенін айта аламыз.
Зерттеу әдістері: Delphi программалау ортасында мәліметтер қорын
құру, оған өңдеу жұмыстарын жүргізу, сұрыптау, іздеу жұмыстарын
ұйымдастыру.

1. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1 Мәліметтер қоры туралы ұғым

Мәліметтер қорын кестелер жиыны деуге болады, сонымен қатар мәліметтер
қорына процедуралар және басқа да объектілер кіреді.
Кестені сипаттамасымен (атрибуттарымен) берілген объектілердің қандай да
бір жиыны бар қарапайым екі өлшемді кесте ретінде қарастыруға болады.
Кестенің аты болады – ол идентификатор, сол арқылы онымен байланыс орнатуға
болады.
Кестенің бағандары объектілердің - өрістердің сол немесе басқа
сипаттамаларына сәйкес келеді. Әрбір өріс сақталатын мәліметтің типімен
және атымен сипатталады. Өрістің аты – ол идентификатор және ол
мәліметтерді манипуляциялауға арналған әр түрлі программаларда қолданады.
Ол латын әріптерімен жазылады. Өрістің типі өрісте сақталатын мәннің
типімен сәйкес келеді және де ол әріптер, сандар, булевтік мәндер, ұзын
тексттер, суреттер, т.б. болуы мүмкін.
Кестенің әрбір жолы бір объектіге сәйкес келеді. Ол жазба деп аталады
және объектіні сипаттайтын барлық өрістердің мәнін қамтиды.
Кестені құрғанда ақпарат қарама-қайшылыққа кезікпес үшін кілт өрісі
енгзіледі. Ол өрістің уникалдығын қамтамасыз етеді және кілт өрісі бірнешеу
болуы мүмкін.
Өріс мәндерін қолданушы енгізеді, ол мәліметтер қорында сақталады
және мұндай өрістерден басқа есептеуші өрістерді де енгізуге болады. Мұндай
өрістерге қолданушымен енгізе алмайды, ал оның мәні басқа өрістердің
көмегімен есептеледі.
Қолданушы кестемен жұмыс істегенде көрсеткіш жазба бойымен сырғып
отырғандай болады. Уақыттың әрбір мезетінде жұмыс жүргізілетін ағымдық
жазбасы бар болады. Мәліметтер қорының кестесіндегі жазбалар ретсіз,
енгізілген тізбек бойынша орналасуы мүмкін. Бірақта кестенің мәліметтерімен
қолданушы жұмыс жасаған кезде, олар реттелген болуы тиіс. Мәліметтерді
реттеу үшін индекстеу түсінігі енгізіледі. Индекс қолданушыға қандай
ретпен орналасу керектігін көрсетеді. Ол қолданушы мен кесте арасындағы
делдалдық қызметті атқарады.
Көрсеткіш индекспен сырғып отырады, ал индекс белгілі бір жазбаны
көрсетеді. Қолданушы үшін кесте реттелген болып көрінеді, сонымен қатар ол
индексті өзгерту арқылы қарап отырған жазбалардың ретін өзгертуге болады,
бұдан тек қана индекстер өзгереді, яғни жазбаларға сілтеме реті өзгереді.
Индекстер бірінші және екінші ретті болуы мүмкін. Мысалы, бірінші
ретті индекстерге мәліметтер қорының құрылуы кезінде кілт ретінде
белгіленген өрістер жатуы мүмкін. Мәліметтер қорының құрылуы процесінде
немесе кейіннен жұмыс істеу барысында екінші ретті индекстерді басқа
өрістерден құруға болады. Екінші ретті индекстерге аттар қойылады-ол
идентификаторлар, сол арқылы оларды пайдалануға болады.
Егер индекстің бірнеше өрісі болса, онда мәліметтер қорын реттеу ең
алдымен бірінші өріс бойынша, ал жазбалар үшін бірінші өрістің бірдей
мәндері бар болатын-екінші өріс бойынша және т.с.с. жүзеге асырылады.
МҚБЖ-мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құрады және
оларға сұрауды ұйымдастырады. Өздерінің мүмкіндіктерімен ерекшеленетін
немесе бір-бірімен бәсекелесетін көптеген МҚБЖ белгілі: Paradox, dBase,
Microsoft Access, FoxPro, Oracle, Interbase, Sybase және т.б.
Түрлі МҚБЖ-лар мәліметер қорын әртүрліше ұйымдастырады және сақтайды.
Мысалы, Paradox және dBase әрбір кесте үшін бөлек файлды пайдаланады. Бұл
жағдайда мәліметтер қоры – ол кестенің файлдары сақталатын каталог.
Microsoft Access және Interbase-те бірнеше кесте бір файл ретінде
сақталады. Бұл жағдайда мәліметтер қоры-ол оған енетін файлдың аты.
Клиентсервер типінің жүйелері, яғни, Sybase немесе Microsoft SQL
серверлері секілді, барлық мәліметтерді бөлек компьютерге сақтайды және SQL
деп аталатын арнайы тілдің көмегі арқылы клиентпен байланысады.

2 Мәліметтер қорын ұйымдастыру

Мәліметтер қоры кейбір қолданбалы жүйелерде қолданылатын
мәліметтерді қамтиды. Мәліметтердің ұйымдастырылу түріне қарай мәліметтер
қоры келесідегідей қажетті модельдерге бөледі:
• иерархиялық
• желілік
• реляциялық
• объектілі бағытталаған
Иерархиялық мәліметтер қорында мәліметтер ағаш түрінде беріледі.
Мәліметтер қорының осы құрылымы иерархиялы реттелген мәліметтермен жұмыс
жасағанда ыңғайлы. Күрделі логикалық байланысы бар мәліметтермен өңдеген
кезде иерархиялық модель күрделеніп кетеді.
Желілік мәліметтер қорында мәліметтер граф түрінде ұйымдастырылады.
Құрылымның қатаңдығы және оның ұйымдастырылуының күрделілігі желілік
модельдің кемшілігі болып табылады.
Реляциялық мәліметтер қоры өзінің атауын relation (қатынас) ағылшын
терминінен алған және 70-ші жылдары IBM фирмасының қызметкері Эдгар
Кодд ұсынған. Реляциялық мәліметтер қоры қатынастармен байланысқан
кестелер жиынын ұсынады. Мәліметтердің реляциялық моделінің
артықшылығы, оның қарапайымдылығында, құрылымының ыңғайлылығында. Бұдан
басқа, оны компьютерде өңдеу ыңғайлы. Дербес компьютерге арналған
қазіргі мәліметтер қорының көпшілігі реляциялық болып табылады.
Объектілі – бағытталған мәліметтер қоры желілік және реляциялық
модельдерді біріктіреді және күрделі құрылымды мәліметтері бар ірі
мәліметтер қорын құру үшін қолданылады.

1.3 Мәліметтер қорларының типтері

Түрлі есептер үшін мәліметтер қорларының түрлі модельдерін қолданады.
Қандай да бір шағын ұйымның қызметкерлері туралы мағлұматтардан тұратын
мәліметтер қоры және филиалы бар қандайда бір банкінің мәліметтер қоры
өзіне тән сипаттамаларына байланысты әртүрлі құрылады. Нақты қосымша үшін
қандай мәліметтер қоры көбірек сәйкес келетінін анықтау процесі масштабтау
деп аталады.
Мәліметтер қорының төрт түрі бар, олар:
▪ автономды
▪ файл-серверлі
▪ клиент-сервелі
▪ көп деңгейлі үлестіріген
Мәліметтер қорының түрлі модельдерін қарастырмастан бұрын ескеретін
жайт, ол егер Delphi-дегі мәліметтермен жұмыс жасау Borland Database
Engine (BDE) - Borland фирмасының мәліметтер қоры процессоры арқылы жүзеге
асырылса, онда BDE қолданушы компьютеріндегі мәліметтер қорының барлық
модельдерінде орнатылуы тиіс(тек көп деңгейліден басқа).
Автономды мәліметтер қоры
Автономды мәліметтер қоры біршама қарапайым болып табылады. Олар
өздерінің мәліметтерін сонда, яғни сол компьютерде орнатылған локальды
файлдық жүйеде сақтайды. Желі қолданбайды. Сондықтанда автономды мәліметтер
қорын өңдеушіге параллель ену, яғни екі адамның бір уақытта бір жазбаны
өзгерту проблемасымен жұмыс істемейді, өйткені олай болуы мүмкін емес.
Жалпы алғанда автономды мәліметтер қоры едәуір есептеуіш қуатты талап
ететін қосымша үшін пайдаланбайды, өйткені мәліметтерді манипуляциялауды
орындауда процессорлық уақыт шығындалады және қосымша үшін бүтіндей
жоғалады.
Автономды мәліметтер қорының әрқайсысының жеке мәліметтер қоры бар
көптеген қолданушылардың арасында тараған қосымшалардың дамуына қажет.
Мысалы, бұл қосымша шағын офистің документатциясын, шағын мекеменің кадрлық
құрамын, шағын бухгалтерияның бухгалтерлік құжаттарын өңдейді. Мұндай
қосымшаның әрбір қолданушысы өзінің компьютерінде өзінің жеке мәліметтерін
манипуляциялайды. Қолданушыға кез келген басқа қолданушының мәліметтеріне
ену қажет емес, өйткені мұндағы жеке мәліметтер қоры толықтай дерлік
ыңғайлы.
Файл-серверлі мәліметтер қорлары
Файл-серверлік мәліметтер қорының автономды мәліметтер қорынан
айырмашылығы – олар көптеген клиенттерге желі арқылы енуіне мүмкіндік
береді. Бұл өте қолайлы, себебі мұндай мәліметтер қорындағы өзгертулерді
барлық қолданушылар көреді.
Мәліметтер қорының өзі желілік файл-серверде бір ғана экземплярда
сақталады. Жұмыс уақытында әрбір клиент үшін манипуляциялайтын
мәліметтердің локальды көшірмесі құрылады. Осының негізінде бірнеше
қолданушының бір ғана ақпаратқа мүмкін болатын біруақытта енулерімен
байланысты проблемалар туындайды (және шешіледі).
Файл-серверлік мәліметтер қорының бір кемшілігі болып желінің өнімсіз
жүктелуі табылады. Клиенттің әрбір сұранысында оның локальды көшірмесіндегі
мәліметтер жаңартылады. Тіпті сұраныс тек қана бір жазбаға қатысты болса
да, мәліметтердің барлық жазбалары жаңартылады. Егер мәліметтер қорында
жазбалар көп болса, онда клиенттердің тіпті аз мөлшерде де желі өте
мағыналы жүктеледі. Бұл сұраныстардың орындалу жылдамдығынан көрінеді.
Басқа кемшілігі жұмыстың осылай ұйымдастырылуы кезінде мәліметтердің
бүтінділігі жөніндегі жауапкершілік клиенттердің программасына
міндеттелуімен байланысты. Егер олар жеткілікті ойластырылмаған болмаса,
барлық қолданушыларға зиян келтіретін қателіктерді мәліметтер қорына
кірістіру оңай болады.
Клиент-серверлі мәліметтер қоры
Қолданушылары көп үлкен мәліметтер қоры үшін көбінесе клиент-сервер
платформаларындағы мәліметтер қорлары қолданылады. Бұл жағдайда мәліметтер
қорына ену клиенттер тобы үшін арнаулы компьютер-сервер арқылы орындалады.
Клиент серверге мәліметтер қорын жаңартуға немесе белгілі бір іздеу
операцияларын орындауға тапсырма береді. Содан кейін сұранысы бар
операцияларға ең оптимальді әдіспен бағытталған қуатты сервер тапсырмаларды
орындайды және өзінің жұмысының нәтижесі туралы клиентке хабарлайды.
Жұмыстың мұндай ұйымдастырылуы сервер қуатын пайдалану есебінен
қосымшалардың орындалу тиімділігін арттырады, желіні жүктейді, мәліметтер
бүтінділігінің жақсы бақылануын қамтамасыз етеді.
Килент-серверлі мәліметтер қорының тағы да бір проблемасы қосымшаны
сервердің барлық мүмкіншіліктерін пайдаланатындай және минимум ақпаратты
берген кезде желі аз жүктелетіндей етіп жобалау қажет. Бұл процедуралар
серверінде сақталатындарды жүзеге асырады, яғни бизнес-логиканы
ұйымдастырады: қолданушыға өзі сұраған мәліметтерді береді және өңдейді.
Көп деңгейлі үлестірілген мәліметтер қоры
Үлестірілген қосымшалар арқылы желінің мәліметтерін өңдеуде алдыңғы
позицияда. Кең таралған үш деңгейлі вариант:
▪ Төменгі деңгейде қолданушының компьютерінде қолданушы интерфейсін
қамтамасыз ететін клиенттердің қосымшалары орналасқан.
▪ Екінші деңгейде қолданушылар мен үлестірілген мәліметтер қоры арасында
мәлімет алмасуды қамтамасыз ететін қосымшалар сервері орналасқан.
Қосымшалар сервері барлық клиенттерге қолайлы желі желі түйінінде
орналасады.
▪ Үшінші деңгейде қосымшалар серверлермен ақпаратты қабылдаушы және
оларды басқаратын мәліметтер қорының алыстатылған сервері орналасқан.
Бұл мәліметтер қорын ұйымдастырудың күрделі әрі икемді түрі болып
табылады. Delphi негізінен осы жүйенің алдыңғы екі деңгейі үшін
қосымшалардың құрылуын қамтамасыз етеді. Бұнда ескертетін жайт, төменгі
деңгейде, яғни қолданушының компьютерінде Borland Database Еngine (BDE)
құру талап етілмейді. Көп деңгейлі үлестірілген мәліметтер қорының бір
артықшылығы осында.

2. DELPHI7 ОБЪЕКТІЛІ БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ

2.1 Delphi программалау ортасы туралы жалпы ұғым

Жоғары деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі -
бағытталған болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында
жарыққа және объектілі-бағытталған программалау негізінде құрылған
программалау тілдері – Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland
Delphi, Borland C++ for Windows.
Объектілі-бағытталған программалау тілінде программаның жұмысы оқиғалар
тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады.
Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі QBasic программалау тілі
негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде
Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual – көзбен көру,
экрандық). Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны
дайындауға болатын жылдамдығы тез қуатты тіл.
Delphi -дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары
бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7-нұсқалары жарық көрді 5, 6, 7-
нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, үшеуі де Windows 32
операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6, 7-де интернет үшін
қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілген қоры мен жұмыс
істеуде өзгешіліктер енгізілген.
Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және
объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр
қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол
жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады.
Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL – Visual Component
Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті
стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, осы
панельге қосуына да болады.
Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация,
мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа
офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-
әрекеттерді орындауға болады. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо
Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда программалауды үйрену үшін объект, оқиға,
қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану
және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.

1. Delphi программалау ортасы
Қолданбалы программаны Delphi-де құру IDE программалау ортасында
қолданады. Бұл ортадағы құралдар арқылы қолданушы программалық интерфейстік
бөлігін құрып, және программалық кодтарды басқару элементтерімен
байланыстыра алады. Delphi7 ортасы көп терезелі жүйе тәрізді. Оны жүктеу
үшін
ПускПрограммаBorland Delphi7Delphi7
командасын қолданамыз. Жүктелгеннен кейін экранда 4 терезе пайда болады.
1. Негізгі терезе (Project)
2. Объектілер инспекторының терезесі(Object inspector)
3. Форма конструкторының терезесі(form1)
4. Кодтар редакторының терезесі(Unit1.pas)
Қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер тұруы мүмкін. Жұмыс жасау
барысында негізгі терезеден басқа терезелерді алып тастауға, орын
ауыстыруға болады. Көп терезелері болғанмен Delphi7-де тек қана бір уақытта
бір проектімен жұмыс жасауға болады. Проекті негізгі терезе тақырыбында
жазылады. Негізгі терезеде мыналар орналасқан:
• Негізгі меню
• Саймандар тақтасы
• Компоненттер палитрасы
Негізгі менюде Delphi-дегі формалардың орындау командасында тұратын
жинақтар жиыны. Саймандар тақтасында негізгі менюдегі жиі қолданылатын
командаларды шақыруға арналған түймешелер орналасқан.
1. Standart
2. View
3. Debud
4. Custom
5. Decktop
Саймандар тақтасын реттеуге ол үшін терезенің оң жақ бөлігінде
компоненттер орналасады. Формаға қойылған элементтер компоненттер деп
аталады. түріне қарай компоненттер топтасатын және әрбір топ жеке
жапсырмаларда орналасқан. Жапсырмаларда компоненттер жеке пиктограмма
түрінде берілген. Оны формаға қою үшін тышқанның сол жағымен түртіп таңдау
формадағы орынды көрсету қажет.
Төмендегі тапсырмалар қаралған.
• Стандартты
• Қосымша
• Windows 32 разрядты интерфейсі
• System
• Data Access
• ADO-Activ
Delphi -де дайындалатын программа проект немесе жоба деп аталады. Форма
– программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі.
Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді.
Проект құру үшін формаға компоненттер палитрасында орналасқан түрлі
компоненттер орнатылады. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін.
Оны экранға шығару үшін View-Forms командасын беру жеткілікті.
Форманың және формаға енгізілетін компонентердің түрлі қасиеттері бар.
Қасиет (Cипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің
түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма
қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда
орналасуы, түсі, т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы
сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Программа құру форманы не онда орнатылған компоненттің кейбір
қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Объектлер инспекторы (Object
Inspector) терезесіне енгізілген қасиеттер тізімін шығару үшін объектіні
таңдап алу керек. Объектілер инспектрі терезесінің жоғары қатарына
таңдалған объект атауыда жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған
кезде форманың алғашқы терезесі көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті
бар: Properties (қасиеттер) және Events (оқиғалар). Терезе ашылғанда екі
бағанға енгізілген жазулардан тұратын Properties қосымшасы ашулы тұрады.
Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға жазылғандар
– олардың мәндері.
Форманың кейбір қасиеттері:
Name (атау) – формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің негізгі
қасиеттерінің бірі. Программаның жұмыс істеу барысында Delphi объектіні осы
атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы
рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Ол үшін
қасиеттер терезесінен Name қасиеті таңдалып, жаңа атау клавиатурадан
теріледі.
Font (шрифт) – формаға шығарылатын мәтін шрифтінің қасиеті. Оны таңдап,
оң жағында көрінетін көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде Windows-тің
сұхбаттық Шрифті таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей қажетті
шрифт типін, өлшемін таңдап (мысалы, Times Kaz,10), ОК түймесін шерту
керек.
Caption (тақырып) – форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін.
Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне Form1 сөзі енгізіліп
қойылады. Оның мәнін өзгерту Name қасиетіне мән меншіктеу сияқты.
Color (түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң
жағындағы тіл сызық түймесі көрінеді. Тіл сызық түймесі – қасиет мәнінің
бірінші екенінің белгісі. Тіл сызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер)
терезесі ашылады. Тізімде көрінген керек түс таңдалған соң форма сәйкес
түске боялып қойылады.
Width (ен), Height (биіктік) – пиксель өлшем бірлігімен берілген
форманың биіктігі мен енін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан
кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады). Экранда
қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector
Объектіер инспектрі командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған
кезде де көрінеді.
3. Оқиғалар. Программалық код терезесі.
Delphi-де программалар түрлі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға-
программаның жұмыс істеу барысында объект жағдайының белгілі бір әрекетке
жауап беретіндей өзгеруі. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен
формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті
тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шақырады.
Delphi-де әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компонентер
палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін
шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектіге байланысты оқиғалар көп. Мысалы, формаға байланысты
оқиғалар саны-35. Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне
енгізілген. Терезе оқиға атауларының алдына On префиксі (қосымшасы)
тіркестіріліп жазылған. Ол-атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.
Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
On Click - тышқан түймесін бір рет басу;
On Dbl Click - тышқан түймесін екі рет басу;
On Key Down - клавишті басу;
On Create - форманы екі рет шерту; т.б;
Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген
проект файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілген модуль. Олар
жеке терезелерде орналасқан. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді
орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программалар
мәтінінің программалық код деп, ол енгізілетін терезені программалық код
терезесі деп атайды. Формадан код терезесіне өту және код терезесінен
формаға өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті. Форманы екі рет шерткен
кезде код терезесіне енгізілген процедура дайындамасы көрсетілген. Оқиғаға
байланысты құрылатын процедура оқиғаның өңдеуші не оқиғаның өңдеу
процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:
Procedureатау(Sender:TObject);
сипаттау бөлімі
begin
процедура денесі
end;
Мұндағы Sender - құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін
анықтайтын параметр.
Терезенің сол бөлігіндегі - браузер терезесі. Онда код терезесіндегі
барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.
Процедулар мен функциялар
Программаларда кейбір операторлар бөлігі программаның әр жерінде
қайталанып кездесуі мүмкін. Осы қайталанып кездесетін операторлар бөлігі
ішкі программалар түрінде келтіріліп және ішкі программаны шақыруды
ұйымдастыру керек. Ішкі программа-бұл шағын программа, яғни жалпы есептің
бір бөлігін шешуге арналған. әрбір ішкі программаның аты болады, ол
программада ішкі программаны шақыру үшін қолданылады. Ішкі программаларды
құру үшін процедулар мен функциялар қолданылады.
Ішкі программалардың параметрлері болады. Олар формальді және нақты
параметрлер деп бөлінеді. Функцияны сипаттау бөлігінде көрсетілген параметр
формальді деп аталады. Процедураны шақыру инструкциясында көрсетілген
параметрлер нақты параметрлер деп аталады. Параметрлер ішкі программаға
мәліметтер жіберу үшін және ішкі программа нәтижелерін алу үшін
қолданылады.
Функция
Функция-бұл ішкі программа аты бар инструкциялардың тізбегі. Функцияны
шақыру жалпы түрде былай жазылады:
айнымалы:=функция (параметрлер);
1) айнымалы – функция есептеген мәнді меншіктеуге арналған айнымалының аты;

2) функция – функция аты;
3) параметрлер – формальді параметрлер тізбегі, фукнция мәнін есептеу үшін
қолданылады.
Төмендегі ескертулерге көңіл бөлу керек:
1. Функция мәні меншіктелетін айнымалының типі, функция типімен сәйкес
болуы қажет.
2. Әрбір функция үшін параметрлер саны және типі анықталған болады.
Жалпы түрде функцияны сипаттау төмендегідей болады:
Function аты (1- параметр: 1- тип, ..., к - параметр: к - тип): Тип
Var
жергілікті айнымалыларды сипаттау;
begin
функция инструкциясы;
аты:=өрнек;
End;

Function- Delphi ортасының қызметші сөзі, бұл сөзден кейін функция
инструкциясы жазылады.
Параметр – функция мәнін есептеу үшін қойылатын айнымалы.
Аты – функция аты программадан функция инструкциясына ауысу үшін
қойылады.
Тип – функция мәнінің типі.
Процедура
Ішкі программа мына екі жағдайда процедура түрінде болады:
1) Ішкі программа негізгі программаға ешқандай мәліметтерді қайтармаған
жағдайда процедура түрінде болады.
2) Ішкі программа оны программаға бірден артық мән қайтарғанда процедура
түрінде болады.
Жалпы түрде процедураны сипаттау:
Procedure аты (var 1- параметр: 1- тип;..., var к – параметр: к – тип).
var
жергілікті айнымалыларды сипаттау;
begin
процедура инструкциясы жазылады;
End;
к – параметр – формальды параметр, ол процедура ішінде қолданылады.
Процедураны шақыру.
Аты (параметрлер тізімі);
Аты – шақырылатын процедураларды
Параметр тізімі – үтірмен ажыратылатын нақты параметрлер.
Жобаның құрылымы
Жобаның файлы Object Pascal тілінде жазылған және компилятормен
өңделетін бағдарлама. Бұл бағдарламаны Delphi автоматты түрде құрастырады
және ол бірнеше жолдардан тұрады.
Delphi ортасын іске қосыңыз, Project=View Source опцияларын орындау
арқылы келесі терезені шығарыңыз:
Бағдарлама Program сөзінен басталып, End сөзінен қойылған нүктемен
(терминатормен) аяқталады. Object Pascal тілінде көптеген арнайы сөздер
әртүрлі нұсқау ретінде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және
жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелі жақшаға алынған таңбалар түсініктеме
ретінде қолданылады. Сонымен қатар түсініктемені көрсету үшін “(* *)”
немесе “” белгілерін қолдануға болады.
Бірақ {$R *.RES} жолы (жақшадан кейін бірден “$” белгісі тұрған)
түсініктеме емес, ол компиляторға берілген нұсқау болып табылады. Мысалы,
жоғарыда келтірілген {$R *.RES} жолы – бағдарламаны ресурстар файлын қоса
есептегенде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дельфи ОББ тілінің сервер компоненттері
Turbo Pascal тіліндегі мәліметтердің күрделі типтері
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы ақпарат
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы
Delphi бағдарламасын қолданып мәтіндік редакторын құру және онымен жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсететін бағдарлама құру
Мектеп оқушыларына тригонометриялық функциялардың графиктерін салуды түсіндіруде есептеулерді жүргізу
Delphi ортасының компоненттер тақтасы
ADO технологиясы
DELPHI - де мәліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру
АТС жүйесі
Пәндер