ЖШС «Казтехпром-сервис» кәсіпорнының қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. ЖШС «КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуы . . . 3

1. 1 ЖШС «КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» кәсіпорнының жалпы сипаттамасы . . . 3

1. 2 Ұйымдық құрылымы және атқаратын қызметтері . . . 6

  1. ЖШС «КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» кәсіпорнының қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау . . . 9

2. 1 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау: баланс активі және оның құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының жалпы динамикасын талдау . . . 9

2. 2 ЖШС «КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» кәсіпорнының қаржылық тұрақтылығын талдау . . . 33

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 45

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР . . . 46

КІРІСПЕ

Кәсіптік тәжірибе мерзімі - 2013 жыдың 28 қаңтар мен 6 сәуір аралығында. Өту орны - «КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорыны. Кәсіптік тәжірибенің мақсаты - Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетінде алған теориялық білімімізді осы кәсіптік тәжірибе кезінде барынша макасималды түрде пайдалана отырып, нарықтық экономика жағдайында қызмет етіп жатқан «КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорынның экономикалық қызметімен, оның өндірістік және басқарушылық құрылымымен, есептілік жүргізу және кәсіпорынның өзінің қызметін жоспарлау тәртібімен танысу, әрі онда жүргізілетін әртүрлі есептілік түрлерімен танысу, оны игеріп білу болып табылады.

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік кәсіпорында өндірістік тәжірибе өту барысында кәсіпорынның қаржылық жағдайын, экономикалық потенциалын, яғни кәсіпорынның автивтер құрамы мен құрылымын, баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдадым, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, өтімділігін, қаржылық тұрақтылығын және іскерлік белсенділігін талдадым.

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» ЖШС кәсіпорында кәсіптік тәжірибе өту барысында мынадай мәселелерді қарастырдым:

  • кәсіпорынның құрылу тарихымен таныстым;
  • кәсіпорынның жарғысымен таныстым;
  • кәсіпорынның басқарушылық және өндірістік құрылымын;
  • негізгі бөлімшелердің, басқа да қосымша бөлімдердер мен басқармалардың қызментімен таныстым;
  • кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақы төлеу мен сыйақылар беру жүйесі;
  • мекеменің басқа ұйымдармен келісім-шарт жасасу тәртібін;
  • кәсіпорынның статистикалық мәліметтерімен;
  • 2011-2012 жылдар аралығындағы бухгалтерлік есептілікпен таныстым;
  • келесі жылға бюджетті (бизнес-жоспарды) құруды қарастырдым.

Кәсіптік тәжірибе өту жөніндегі есеп кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады және оның бірінші бөлімінде кәсіпорынның міндеті, мақсаты, атқаратын қызметтері, ал екінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы қарастырылған.

1. ЖШС «КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуы

1. 1 ЖШС «КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» кәсіпорынның жалпы сипаттамасы

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Компания ТМД елдері және тағы да басқа ірі батыс елдерінің ресми дилері болып табылады.

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бүгінгі таңда жарғылық капитал мөлшері - 74759 мың теңгені құрайды. Мекен-жайы: индекс 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51 үй. Кәспорынның азық-түлік, сүт, ет, мал шаруашылығы мен құс және балық шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған, сонымен қатар жылыжай және жылыжайға қажетті құрал-жабдықтар мен қондырғылардың үлкен ассортиментін тасымалдайтын және орнататын ірі дилер ретінде Қазақстан, ТМД және алыс шет елдерінде кеңінен таныс.

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорынының мақсаты - табыс табуға бағытталған және қатысушысына тұрақты табысты қанағаттандыру болып табылады.

Қазіргі кезде нарықтық экономика дамыған елдердің шетелдік тәжірибесі кәсіпкерліктің экономикада аса маңызды міндеттерді орындап отырғанын көрсетіп отыр. Жапон экономикасы екінші дүниежүзілік соғысынан кейін шағын және орта кәсіпорындардың арқасында жылдам қалпына келді, сөйтіп «жапондық экономикалық ғажайып» орын алды.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары тіпті мынадай формула танымал болатын: «Шағын нәрсе тамаша!». Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметтері бойынша әлемдік экономикада шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады. Олардың үлесі әрекеттегілерінің 60%-нан астам бөлігін құрайды, ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға дейін жетеді. Бұл орташа әлемдік көрсеткіштер. Ал Жапонияда мысалы, шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі компаниялардың жалпы санының 99, 6%-ын, ЖІӨ-нің 55%-ын және өнеркәсіпте қызмет ететіндер санының 80%-ын құрайды. АҚШ-та - ЖІӨ-нің 50%-дан артық бөлігі, инновациялардың жартысынан астам бөлігі, ұлттық жұмыс күшінің 2/3 артық бөлігі шағын кәсіпкерлікте еңбек етеді.

Бүгінде Қазақстанда еңбекке жарамды белсенді тұрғындардың әрбір бесіншісі шағын және орта бизнесте еңбек етуде. Олардың шамамен алғанда тең жартысы - жеке кәсіпкерлер. Ал барлық тіркелген кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің 90% артық бөлігі шағын және орта бизнес секторына тиесілі болып келеді. Бұл тұрғыда біз орташа әлемдік көрсеткіштермен бір деңгейде келеміз. Сонымен қатар, егер шағын және орта бизнестің ЖІӨ-де алатын үлесін салыстырар болсақ, Қазақстанда - бұл шамамен 16%. Ал, мысалы, Ұлыбританияда - 52%, Италияда - 55%, Германияда - 57%.

Кәсіпкерліктің түрлерінің бірі - жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп бір немесе бірнеше тұлғаның құрған серіктестігі танылады. ЖШС-нің Жарғылық капиталы құрылтай құжаттарына сәйкес белгілі өлшемге ие үлестерге бөлінген. ЖШС-нің қатысушылары соның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды және қызметімен байланысты болатын залалдардың тәуекелін солардың қосқан салымдарының құны шегінде арқалайды.

Қазір бірде бір өндіріс техникасыз тұра алмайды. Тракторлар, қондырғылар мен құрал-жабдықтар - ауылшаруашылық, азық-түлік, құрылыс өндірісінің, орман шаруашылыңғы мен халық шаруашылығының басқа да салаларының қажымайтын жұмыс көздері. Техниканы пайдалану - көп жұмысты қажет етеді. Шаруашылық жүргізушілер техниканың жиі жөнделетінін және бөлшектерінің жиі ауыстырылатынын жақсы біледі. Автомобиль және трактор техникасына көп күш түседі. Зауыт машиналарын пайдалану үнемі сауықтыруды, жөндеу мен бөлшектерін ауыстыруды қамтиды.

Ауылшаруашылық техникаларының әлемдік нарығы қазіргі уақытта «тұтыну нарығы» болып табылады. Жетекші фирмалар - қондырғылар мен ауылшаруашылық машиналарын шығарушылар өз техникасын тұтынуы үшін бәсекелестік күрес жүргізеді. Осы жағдайларда техниканың сапасы және басқа да тұтыну қабілеттерімен қатар оны іске асыруда сервистің маңызы зор.

Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге сервистік қызмет көрсетудің шетелдік тәжірибесі оларға қызмет көрсету жүйесінің қағидаттары, фирмалардың өздері шығаратын техникаларының барлық пайдалану мерзімінде және машинаның барлық режимінде жұмыс істеуіне жауапкершіліктері Қазақстан Республикасы экономикасының аграрлық секторында техникалық сервисті дамытудың маңызды факторы болып табылады.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік берілген және мемлекет соны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызындағы Конституциясына сәйкес: «. . Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқы бар».

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік көпшілік сипатқа ие және салыстырмалы түрде серпінді құбылысқа айналған. Кейінгі жылдарда кәсіпкерліктің жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығына қарамастан, экономиканың аталмыш секторының сапалық тұрғыдан дамуына кедергі болып отырған бірқатар проблемалар орын алуда. Мұндай проблемаларға мыналар жатады:

  • заңнамалық базаның жетілмегендігі - жеке кәсіпкерлік туралы заңдардың нормалары ескірген. ШОБ-ті (шағын және орта бизнес) дамыту жөніндегі бірқатар мәселелер бойынша нақты нормалар шығарылмаған, мұнысы әкімшіліктік тосқауылдардың көбеюіне және әрекеттегі заңдардың әртүрлі пайымдалуына әкеледі;
  • кәсіпкерлік субъектілерін критерийлік тұрғыдан белгілеу мәселесі - кәсіпкерлік субъектілерін шағын және орта бизнес категориясына жатқызудың критерийлері әлемдік практикаға сәйкес келмейді. Төмендетілген құндылықтық критерийлер экономика мен бизнестің бүгінгі даму деңгейіне сай емес. Олар бизнестің жасанды түрде «бөлінуіне» ықпал етуде, отандық кәсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігі мен оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде.
  • салықтық жүйе жеткілікті дәрежеде дамымаған - Қазақстанның салық жүйесінде шағын бизнес ауқымының өсуіне және оның біртіндеп орта бизнеске айналуына арналған экономикалық стимулдар қарастырылмаған;
  • әкімшілік тосқауылдар - әкімшілік тосқауылдардың болуы шағын және орта бизнестің дамуына елеулі кедергісін тигізуде. Алайда оларды кешенді талдау осы мәселені бұрынғысынан да тиімді шешудің жолдарын ашуда;
  • кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының нашар дамуы және үзінділік сипатқа ие болуы - Қазақстанда орын алып отырған ШОБ-ты қолдау инфрақұрылымы шағын және орта бизнесті дамыту шараларын қолдауды қамтамасыз етпейді және жоғары транзакциялық шығындарға негіз болуда;
  • шағын және орта бизнес өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі - қормен жеткілікті деңгейде жарақтандырылмауы, негізгі құралдардың жоғары тозу деңгейі мен төмен дәрежедегі жаңартылуы, сондай-ақ тұтастай ШОБ секторының төмен технологиялығы еңбек өнімділігін, шағын және орта бизнес өнімдерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде;
  • қаржы ресурстарына қатынаудың жоқтығы - әлемдегі қаржы дағдарысы ШОБ субъектілерін қаржыландырудың жетіспеушілігі мәселесін одан әрі шиеленістіріп жіберді. Мемлекеттік Тұрақтандыру бағдарламасын уақытында жүзеге асыру дағдарыстық құбылыстардың ШОБ секторына жағымсыз әсерін ішінара бәсеңдетуге мүмкіндік берді.

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы қаласыда орналасқан. Ол 2006 жылы құрылып, содан бері жұмысын үзбей істеп келеді.

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік нарықтық жағдайларға, өзгерістерге икемді және кәсіпорынды айқын басқаруға қабілетті болып табылады.

Әрқашан өз ассортиментін жаңарта және ұлғайта отырып, «КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» ЖШС компаниясы қазақстандық кәсіпорындарға алдыңғы қатардағы ресейлік және дүниежүзілік өндірушілерден ең жаңа қондырғылар мен жабдықтарға ие болуға мүмкіндік береді.

1. 2. Ұйымдық құрылымы және атқатарын қызметтері

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» ЖШС кәсіпорынын директор басқарады. Барлық қаржы мәселелерімен, яғни банкпен жұмыс, салық комитетімен жұмыс және еңбекақы төлеумен директордың орынбасары және бухгалтерия айналысады. Барлық жоспарлау жұмыстарымен экономика бөлімі айналысады. Жұмысшыларды жұмысқа алу мәселесімен кадрлар бөлімі айналысады. Барлық тиеу-түсіру жұмыстарын қызметкерлер жүргізеді.

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» ЖШС кәсіпорнының басқару құрылымы

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорыны ҚР заңына сәйкес келетін мынадай қызметтерді атқарады:

  • Азық-түлік, кондитерлік және нан өнімдерін өндіру мен өңдеуге арналған жабдықтар мен технологияларды жеткізу және орнату қызметі (шағын-зауыттар мен машиналар, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін әр түрлі қондырғылар мен жабдықтар жинақтары) ;
  • Арнаулы техника, жылыжай және жылыжайға қажетті әр түрлі қондырғылар мен жабдықтарды шетел мемлекеттерінен жеткізу және оларды орнату;
  • Сүт және ет өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар мен машиналарды жеткізу және орнату;
  • Технология инжинирингі қызметі;
  • Құс және балық шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған құралдар, технологиялар мен техникалар жеткізу, тасымалдау және орнату;
  • Ауыл шаруашылығы және өнім өндіру мен өңдеу қызметімен айналысатын кәсіпорындар мен зауыттарға сарапшылық-консалтингтік кеңес берумен;
  • Химиялық, нефтехимиялық, энергетикалық салаларда жұмыс жасайтын кәсіпорындарға жәрдемдесу;
  • Жобалық және конструкторлық жұмыстар.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Табыс дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршендігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығы оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады .

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» ЖШС кәсіпорнының негізгі мақсаты:

  • Құнның өсуі;
  • Тиімді инвестициялық портфельді қалыптастыру;
  • Басқару тиімділігін арттыру.

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» ЖШС кәсіпорын жұмысының негізгі принциптері:

  • Инновациялардың әркездік енгізілуі;
  • Қабылданған міндеттемелерді адал орындау;
  • Әр серіктестерімен дара тіл табу.

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» ЖШС кәсіпорыны халықаралық құқықтың нормалары мен көпшілікке танылған қағидаттарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын, бизнес жүргізетін басқа елдердің заңнамасын, кәсіпорынның ішкі ережесі мен ережелерін мүлтіксіз сақтайды. Кәсіпорын қызметтердің барлық саласында бизнесті әрқашан мінсіз, адал жүргізуге ұмтылады. Кәсіпорын корпоративті басқарудың еуропалық стандарттарына талпынады және өз қызметін акционерлер, клиенттер, іскер серіктестер, мемлекеттік билік органдары, қызметкерлер үшін іске асыруда ең ашық саясат пен айқындылық қағидаттарын ұстанады.

Кәсіпорынның негізгі миссиясы агроөнеркәсіптік кешен салаларының экономикалық өсуіне және бәсекеге қабілеттіліктің сапалы жаңа деңгейіне жетуіне жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді, су, орман, аңшылық, азық-түлік және балық шаруашылығын, ауылдық аумақтар мен аграрлық ғылымды дамыту болып табылады.

«КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» ЖШС кәсіпорынының негізгі құрал-жыбдықтар мен қондырғылар және зауыт машиналарының ассортименті:

  1. Мини-зауыттар мен жабдықтар:
  • Сүт өнеркәсібі;
  • Ет өнеркәсібі;
  • Сүт сауу залдары және қондырғылар мен оларды орнату;
  • Құрама жем цехтары;
  • Қымыз өндіру және бөлшектеп өлшеу;
  • Минералды су өндіру;
  • Балық және құс өнеркәсібі;
  • Макарон өнеркәсібі және жарма өндіру зауыттары мен цехтары;
  • Диірмендер;
  • Нан пісіру өнеркәсібі.
  1. Жылыжайлар мен көшетханалар:
  • Фермерлік жылыжайлар;
  • Өнеркәсіптік жылыжайлар;
  • Саяжайлық және бау-бақшалық жылыжайлар мен көшетханалар;
  • Туннельді жылыжайлар;
  • Агрономия.

2. ЖШС «КАЗТЕХПРОМ-СЕРВИС» кәсіпорнының қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау

2. 1 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау: баланс активі мен оның құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының жалпы динамикасын талдау

Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Сурет-1. Кәсіпорынның мүліктік потенциалын талдауды жүргізу схемасы.

Агрегатталған баланс арқылы кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдаймыз. Агрегатталған балансты талдау арқылы кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы туралы мәлімет аламыз, мысалы: активтердің жалпы құны; ағымдағы акивтердің, яғни мобильді активтердің құны туралы; ұзақ мерзімді активтердің құны туралы, яғни иммобильді активтер; меншікті капиталдың көлемі; қатыстырылған капиталдың көлемі; айналымдағы меншікті капиталдың көлемі.

Актив
Пассив
Актив: 1. Мүлік
Пассив: 1. Мүліктің құралған көзі
Актив: 1. 1. Иммобильді активтер
Пассив: 1. 1. Меншікті капитал
Актив: Мобильді, яғни ағымдағы активтер.
Пассив: 1. 2. Қатыстырылған капитал
Актив: 1. 2. 1. Тауарлы-материалды қорлар
Пассив: 1. 2. 1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Актив: Дебиторлық борыш
Пассив: 1. 2. 2. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Актив: 1. 2. 3. Ақша қаражаттары
Пассив: 1. 2. 3. Кредиторлық борыш

Кесте-1. Кәсіпорынның агрегатталған балансы.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы

активтер

Сурет-2. Кәсіпорынның баланс активтерінің құрылымы.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құныньң өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау ушін келесі аналитиклық кесте құрылады:

Активтер: Активтер
Жыл басында: Жыл басында
Жыл соңында: Жыл соңында
Өзгеріс (+ ; -): Өзгеріс (+ ; -)
:
Активтер: Көрсеткіштер
Жыл басында:

сомасы,

мың. тг

Жыл соңында: үлес салма-ғы, %
Өзгеріс (+ ; -):

сомасы,

мың. тг

: үлес салма-ғы, %
Мың тг.
Үлес салма-ғы, %
Құрылы-мының өзгеруі
Активтер: 1) Активтер құны, барлығы, соның ішінде:
Жыл басында: 230 989
Жыл соңында: 100
Өзгеріс (+ ; -): 457 931
: 100
226 942
98 248
0
Активтер: 1. 1 Ұзақ мерзімді активтер:
Жыл басында: 43 858
Жыл соңында: 19
Өзгеріс (+ ; -): 58 619
: 12, 8
14 761
33, 656
-6, 2
Активтер: а) негізгі құралдар
Жыл басында: 43 858
Жыл соңында: 19
Өзгеріс (+ ; -): 57 595
: 12, 6
13 737
31
-6, 4
Активтер: ә) материалдық емес активтер
Жыл басында: 0
Жыл соңында: 0
Өзгеріс (+ ; -): 1024
: 0, 2
-
-
-
Активтер: 1. 2 Қысқа мерзімді активтер:
Жыл басында: 43 098
Жыл соңында: 18, 7
Өзгеріс (+ ; -): 264 320
: 57, 7
221 222
513
39
Активтер: а) тауарлы-материалдық қорлар
Жыл басында: 6002
Жыл соңында: 2, 6
Өзгеріс (+ ; -): 24 349
: 5, 3
18 347
306
2, 7
Активтер: ә) дебиторлық борыш
Жыл басында: 8811
Жыл соңында: 3, 8
Өзгеріс (+ ; -): 31 277
: 6, 8
22 466
254
3, 0
Активтер: б) ақша құралдары
Жыл басында: 28 285
Жыл соңында: 12, 2
Өзгеріс (+ ; -): 208 694
: 45, 6
180, 409
637
33, 4

Кесте-2. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы (2011 жыл) .

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 226 942 мың теңгеге немесе 98% -ға артқанын көруге болады. Бұл кәсіпорынның 2011 жылы жұмысының оң нәтижесін көрсетеді. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көңіл бөлгенін, негізгі құралдардың жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасында тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 0, 3 пунктке (18, 7-19) аз болса, жыл аяғында 44, 9 пунктке (57, 7-12, 8) асып кетті және 57, 7%-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен (513/33) 15 есеге артық болып отыр.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Талдап отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында (43 098/230 989) 0, 186; ал жыл соңында (264 320/457 937) 0, 577 құрады. Коэффициенттің мәні артқан, яғни кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады, яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығы және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық көрсеткіштеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорында берілген көрсеткіштердің деңгейі 0, 5-тен төмен болмауы тиіс. Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында ( 43 098/43 858) 0, 98 және жыл соңында (264 320/58 619) 4, 51 құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілір (264 320/43 098) 6, 1 есеге; ал екіншілірі (58 619/43 858) 1, 3 есеге ғана өскен.

Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек. Әрі қарай кәсіпорынның мүлікті жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құндағы негізігі құралдардың нақты құнынң (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Себебі бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс. Біздің мысалымызда баланс валютасындағы негізгі құралардың қалдық құнының үлесі жыл басында 19%, ал жыл аяғында 12, 8%-ды құрайды, бұл көрсеткіш теориялық мәніне сәйкес келмейді. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс. Осыған байланысты кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аудару тиіс.

Ең мобильді активтер, яғни ақша қаражаттары 180 409 мың теңгеге өскен. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді. Ең мобильді қаражаттар сомасының жоғарлауы кәсіпорынның төлеу қабілетінің жақсы екендігін сипаттайды. Кәсіпорынның тауарлы-материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 305%-ға өсті және ал жыл аяғында 24 349 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 2, 7 пунктке жоғарыланған, бірақ оның үлесі төмен.

Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір өскен. Егер оның көлемі жыл басында 8811, ал жыл аяғында 31 277 мың теңгені құрайды немесе 257%-ға өскен, ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 3 пунктке азайды (6, 8-3, 8) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖШС Инкассация сервис туралы
Iшкi аудит жүйесi - кәсiпорынның iшкi бақылауын күшейту тәсiлiнiң бiрi
Кәсіпорынның қаржы ресурстары
Барыс Мунай ЖШС
Басқадай ақша қаражаттар есебі
Бірлескен кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары» (БК «Транс - Сервис» ЖШС мысалында)
Дебиторлық берешектің есебі мен аудиті
«Бек-сервис» ЖШС жылжымалы құрамына ТҚК мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару
Жал есебінің аудиті
Кәсіпорындaғы мaркетингтік қызметті бaсқaру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz