Әлем халықтарындағы жеті саны



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
Негізгі бөлім:
І. Әлем халықтарындағы «жеті саны» ... ... ... ... ... ..5. 8
ІІ. Жеті санымен аталған құбылыстар, аспан денелері, белгілі бір денелер және заттар ... ... ... ... ... ... ...9.12
ІІІ. Қазақ тұрмысындағы «жеті саны» ... ... ... ... ... 13.16
ІV. Қазіргі замандағы жеті санының қолданылуы ... ... ...17.19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.21
Ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Секция: Тарих

Тақырыбы: Әлемнің жеті кереметі мен қазақ халқының жеті санының киелі
екендігін ашу

Жетекші:

Орындаған:

Қызылорда,2011

Аннотация

Зерттеу жұмысының мақсаты: Әлемнің жеті кереметі мен қазақ халқының жеті
санының киелі екендігін ашу. Қазақ халқының салт- дәстүрлеріндегі жеті
санының қасиетті екендігін аша отырып, еліміздің болашақ ұрпақтарын
адамгершілікке, имандылыққа, салауаттылыққа, патриотизмге, жеке тұлғалақ
қасиеттерге тәрбиелеу әрі оның мәнін ашу.
Гипотеза: Әлемнің жеті кереметі мен қазақ халқының жеті санының мәнін ашу
арқылы ұлттық рухты жандандыру.
Зерттеу бөлімдері: Әлемнің жеті кереметі мен қазақ халқының жеті санының
киелі екендігін ашу тақырыбы жеті саны туралы мәліметтер мен
ақпараттардан тұрады.
Ғылыми жоба кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Кіріспеде ғылыми жобаның зерттелу бағыты қысқаша
баяндалған. Негізгі бөлім ғылыми жобаның зерттелу маңыздылығын көрсетеді.
Жұмыс жаңашылдығы: Зерттеуде жеті санының маңыздылығы нақтыланған. Бұл
жұмыс беймәлімділігімен, ерекше қасиеттілігімен ерекшеленеді. Сондықтан
жеті санының мәнін ашу арқылы болашақ ұрпақтарымызды адамгершілікке,
патриотизмге, салауаттылыққа тәрбиелеуімен ерекше өзекті.
Жұмыс нәтижесі: Зерттеуде жеті санының қасиеттілігіне көз жеткіздік және
де зерттеу барысында көптеген ақпараттар таба отырып, қызықты мәліметтерге
куә болдық. Зерттеу жұмысы ата – бабамыздың ұстанған салт – дәстүрінде,
тұрмысында, заңдарында қолданылған. Жеті санының тарихын білу оқушының
оқуға деген ынта жігерін арттырады, қызықтырады.
Жұмыстың қорытындысы: Зерттеу барысында Әлемнің жеті кереметі мен қазақ
халқының жеті санының мәнін ашу арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін терең
білуге, түсінуге, сезінуге дағдыландырады. Оның қызықты тақырып екендігі
жан – жақты талданады.

Мазмұны:

Кіріспе____________________________ ____________________3-4
Негізгі бөлім:
І. Әлем халықтарындағы жеті саны______________________5- 8

ІІ. Жеті санымен аталған құбылыстар, аспан денелері, белгілі бір денелер
және заттар ___________________________________ ________9-12

ІІІ. Қазақ тұрмысындағы жеті саны ____________________13-16

ІV. Қазіргі замандағы жеті санының қолданылуы___________17-19

Қорытынды__________________________ _________________20-21

Ұсыныс_____________________________ ____________________22

Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ ________23

Кіріспе

Әлемнің жеті кереметі мен қазақ халқының жеті санының киелі екендігін
ашу деп аталатын тақырыпта зерттеу жұмысының мазмұны - жеті санының
киелілігін анықтау болып табылады.

ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық деп
Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз
елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз
өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы,
өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға
қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен
ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген
әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі,
мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.

Еліміздің әрбір парасатты азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін,
тарихын, өткенін білуі қажет, себебі өзін, өз халқының жақсысын түсіне
білген адам ғана өзгені де сыйлай алады. Туған тілінің асыл қазынасының
тұнығынан тұшынып іше білген, оның інжу- маржанын мөлдіретіп тізіп ала
білген ұрпақ қана халқын сүйеді, елінің ертеңін ойлайды.Байтақ далада сан
ғасыр көші - қонды күндер кешкен қазақ халқы жан сезімін өлең – жырымен
ағытқан, ақыл мен ойдың кені даналық сөз өнерінде деп қадірлеген, қылпылдап
тұрған қылышқа қыңбаса да, жүйелі сөзге жүгінген. Сөз асылы жыраудан –
жыршыға, атадан – балаға ұласып, тот баспай, ғасырлар аттап, біздің
дәуірімізге жеткен.

3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы
ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады.

3

Жеті саны сонау байырғы замандар мен XXI ғасырларға дейін өзінің
қасиеттілігімен көптеген қызығушылыққа ие. Жеті саны дүниежүзі халықтарының
аңыздарында, салт – дәстүрлерінде кездеседі. Қасиетті сан әлем халықтарында
қалай қолданылса, қазақ халықтарында да сондай қолданыста. Мысалы, ежелгі
кезеңдерде қазақ арасында жеті қазына, жеті ата, жеті ру, жеті қат жер,
жеті қат көк, жеті жоқ деген атаулар болса, кейіннен жетіқарақшы, жеті
жарғы, Жетісу, жетіген деген атаулар пайда бола бастаған. Ал, қазіргі
заманға, яғни XXI ғасырға келсек, қазірде Қазақстан Республикасы VII Еуропа
Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төраға болып, жақында VII қысқы Азия
ойындарын Алматы және Астана қалаларында өткізді. Сонымен қатар 2011 жылы
VII Ислам Конференция Ұйымына төраға болмақшы.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Көп халықтар мен ұлттарды қызықтыратын жеті
саны, көптеген деректер, аспан атауларында, заңдар да, тылсым күштерде
кездесетіні белгілі. Бұл арада неге жеті саны деген сұрақ туындайды. Сол
себепті, көптеген адамдарды қызықтыратын сан туралы зерттеп, зерттеу
жұмысының мазмұны мен құрылымы арқылы тылсым санның құпиясын ашу.

Таңдап алынған тақырыптың маңыздылығы. Әлемнің жеті кереметі мен қазақ
халқының жеті санының киелі екендігін ашу деп аталатын тақырып имандылық,
тарихи, қазақ халқының салт – дәстүрі ретінде қаралып отыр. Демек, жеті
саны имандылық, тарихи, қазақ халқының байырғы және қазіргі тұрмысы
тұрғысында қаралатын тақырып. Оның маңызы – тылсым яки қызықты тақырыптағы
мәліметтер арқылы жеті санының киелілігіне көз жеткізіп, жаңа деректерге ие
болу.

4
І. Әлем халықтарындағы жеті саны

Көптеген халықтардың мифологиялық жүйесінде жеті саны киелі саналады.
Жеті – киелі сан, құдайшылдық символы, күн құдайлары мен әлемнің жалпы
идеясын сипаттайды. Ежелгі гректегі бұл санды ең жоғарғы жетістік пен
кәмілдік деп мойындады. Жеті санын (бірінші ондықтағы сандар арасында)
олардың не бөлігі, не туындысы болмағандықтан пәк сан деп есептейді. Бұл
сан пәк Афинаның атрибуты болды.
Жеті санының еуропалықтар мен славяндарда да айырықша мәні болды (жеті
ергежейлі, жеті алып, жеті қозы – еуропа фольклорында) және фразологизмдері
мен атауларында көрініс тапты.
Жеті саны әмбебап (ғарыштық) заңдылықтарды бейнелейді, сондықтан да
көптеген халықтардың деректерінде де киелі болып табылады.
Қазақ зерттеушісі Ғұзылхан Ақпанбек жеті санының құпиясын айдың фазасы
және ауысымдарымен байланыстырады:
“Жинақтау сан есімдерінде біреу, екеу, жетеу, ал сегізеу, тоғызау деген
айтылмайды. 1-7 сандарының ерекше бөлек тұлғада айтылуы неліктен? Аталған
сандардың қосындысы 28-ге тең [1+2+3... 7= 28], яғни айдың көріну күнінің
саны. Ендеше мұның аспани мәні бар болар. Иә, 7 қат көк, 7 қат жер асты т.
с. с. жеті туралы аз айтылмайды. Ел аузындағы жеті шәріп, жеті ғалам, жеті
ғылым деп келетін сөз тіркестері де жоғарыда айтылғанмен сабақтас болар.
Солай деп жорысақ, қазақтың білімді адамдары жеті ғылымды меңгерген деп
айтуы жеті әріпке келеді. Жеті қат көк, жеті түрлі дыбыс (нота), жеті түрлі
бояу (спектр), жеті сезім бір-бірімен ажырамастай һәм ғажап сәйкесіп
болмыстың көркін келтіріп, әрі беріп нұрландырушы болып танылады”
Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында
сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар.
Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, Жеті ғасыр тарихын білмейтін ел-
тексіз демекші, жеті деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, жеті
қасиетті сан болып есептеледі.

5

Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша бір аптада жеті күн бар
демекші, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Ежелгі Вавилон
жұртында жеті күн өткеннен кейінгі күн мереке күні болып саналған. Аспан
әлеміндегі жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн,Марс, Юпитер, Шолпан. Жеті
құдай атымен байланысты болып олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы
күмбез орнатылды.
Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі
мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заңдарды, жүйелерді, көркем
жерлерді жеті санымен атап кеткен.
Және жеті саны тек қазақ халықтарында ғана емес, дүние жүзіндегі тайпалар
мен халықтарда да қолданылып, олар да жеті санын қасиетті деп есептеген.
Мысалы, оған дәлел ретінде Әлемнің жеті кереметін алсақ болады.
ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ - біздің заманымызға дейін ІІІ ғасырда Ескендір
Зұлқарнайын (Александр Македонский) Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік
Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін,
саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі жеті орыннан таңдаған сәулет
өнері ескерткіштері. Олар: 1. Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр
перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын
XXVIII ғасырда салынған. 2. Вавилонның (Бабылдың) аспалы бағы, біздің
заманымыздан бұрын VI ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасатқан.
Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған. 3.
Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған.
Біздің заманымыздан бұрын IV ғасырда соғыс алапатынан қираған. 4.
Олимпиядағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын V ғасырда көне грек
мүсіншісі Фиди алтын мен піл сүйегінен жасаған. 5. Галикарнастағы Мавсол
патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын IV ғасырда салынған. 6.
Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45
м. біздің заманымыздан бұрын 285 ж. жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224
ж. жер сілкінісі кезінде қираған.

6
7. Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын III ғасырда жасалған,
мұнарасының биіктігі 160 м.
Қазіргі таңда да көптеген құбылыстарды да, табиғат құбылыстарын да, қиял
– ғажайыптан туған кереметтерді де дүниежүзіндегі халықтар жеті санымен
байланыстырады.
Мысалы, алғашқы "Әлемнің жеті кереметіне", "Екінші 7 керемет",
"Табиғаттың өзіндегі 7 керемет", "Қиял-ғажайып 7 керемет", т.б.
"кереметтер" қосылып келеді. "Екінші 7 кереметке" Ұлы Қытай қорғаны,
Стамбулдағы Әулие София шіркеуі енгізілсе, "Табиғаттың өзіндегі 7
кереметке" Бермуд "үшбұрышы", Норвегия түні, Тунгус метеориті, ал "Қиял-
ғажайып 7 кереметке" Нүх кемесі, Қар адамы, беймәлім ұшқыш объетілер (НЛО),
т.б. жатады.

1.Хеопс пирамидасы. 2.Семирамиданың аспалы бағы 3.Артемида
ғибадатханасы.

4.Галикарнас мавзолейі.
5.Александрия шамшырағы.

7

6. Родос алабы.
7.Зевс мүсіні.

Ал, Моңғол халықтарында да жеті саны киелі сандардың бірі болып
саналады. Мысалы, үлкен дастархан жасағанда табан тоқашты бес, жеті және
тоғыз қатармен жияды. Хан сарайында, мемлекеттік қабылдауда, үйлену тойында
табақтағы табан тоқашты тоғыз қатармен жинаған. Сондықтан да шағын
дастарханын кез келген үй тоғыз қатармен жиюдан сақтанған. Табан тоқашты
тоғыз қатармен жинаған адам өзін жоғары санап, тәңірге қарсы шықты деп
санаған. Ал жеті қатармен ауылдың ең үлкен қариясы бар үй жинаған. Тоғыз
саны тәңірдің, жеті саны жердің мағынасын беретін көрінеді. Солай
болғандықтан да ауыл ақсақалы немесе атасы жеті, әкесі бес, баласы үш
қатармен үлкен дастарханның тоқашын жинау жосыны бар.

8

ІІ. Жеті санымен аталған құбылыстар, аспан денелері, белгілі
бір денелер және заттар.
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеуіш жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр
жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллада бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7.
Жылқыда өт жоқ.

Жеті ғашық:
а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир – Зухра, Арзу
– Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ.
ә) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Баһрам – Күләнда,
Сейпілмәлік – Бәдіғұл, Бозжігіт – Анула (кей нұсқада Қарашаш), Зияда –
Хорлы (Хорлы - Ғайын).

Жеті ғалам:
1. Шығыс. 2. Батыс. 3. Оңтүстік. 4. Солтүстік. 5. Аспан (жоғары
ғалам). 6. Жер (орта ғалам). 7. Жер асты (төменгі ғалам).

Жеті жетекші:
1. Адамның басшысы – ақыл.
2. Жетекшісі – талап.
3. Жолаушысы – ой.
4. Жолдасы – кәсіп.
5. Қорғаны – сабыр.
6. Қорғаушысы – мінез.
7. Сынаушысы – халық. (Саққұлақ би)

Жеті күн:
1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күн. 5. Ауыр күн 6. Соңғы
күн.7. Азына.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

9
Жеті жұт:
1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5.
Соғыс.6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

Жеті қат көк:
1. Ай. 2. Күн. 3. Шолпан. 4. Есекқырған (Меркурий). 5. Қызылжұлдыз
(Марс). 6. Сатурн. 7. Мүштәри (Юпитер).

Жеті қат жер:
1. Тұңғиық. 2. Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көкөгіз. 7.
Жер.

Жеті амал:
1. Күннің тоқырауы. 2. Қарашаның қайтуы. 3. Үркердің батуы. 4.
Мұздың қатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тоғамы.

Жеті ру - Кіші жүз құрамындағы тайпа: Кердері, Тілеу,Жағалбайлы,
Рамазан, Табын, Тама және Керейіт рулары.

Жеті қазынаға - Грек аңызды бойынша оған мыналарды жатқызамыз: Күн,
Жер, Ай, Аспан, Су, От, Ит.

Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған тон жетім, иесіз
қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу-қазсыз көл жетім, елінен
айрылған ер жетім, замандасы қалмаған қарт жетім.

Жетіген - қазақтың байырғы шертпелі музыка аспабы. Ертедегі нүсқасы
тұтас ағаштан астау тәрізді ойылып жасалған. Бетінде 7 қыл шегі бар.
Содан жетіген аталған.

Имандағы жеті парыз - Алланың барлығына, бірлігіне сену, иман келтіру,
періштелеріне сену, пайғамбарларына сену, ахирет күніне сену, жақсылық пен

10
жамандықтың тағдырын Алладан деп сену, өлгеннен кейін қайта тірілуге сену.

Шығыстағы жеті жұлдыздар - Омар һаям, Низами, Жәми, Науаи, Фердауси,
Сағди және Фзули.
Нота жеті дыбыстан тұрады: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.
Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің кесенесіндегі тайқазан жеті түрлі
металдан құйылған.

Жеті шәріп: Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым
шәріп, Құд-дыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран).

Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл,
қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.

Өлімге себепкер жеті күнә: 1. Тамақсаулық. 2. Жалқаулық. 3.
Нәпсіқұмарлық. 4. Өркөкіректік. 5. Ашу.6. Қызғаншақтық. 7. Сараңдық.

11

Жеті жұрт:Үрім, Қырым, Қытай, Тұран, Шам, Мысыр, Шын-Машын

Жеті әліп
Ашпас әліп түсу,
Ақ бата алу,
Айтқаны келу,
Атқаны тию,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлпарлар театры
Түркі халықтарының күнтізбесі, астрономиялық ілім-білімдері
Түркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы
Жылқыға байланысты әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдер
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Нан өімдерін өндіру технологиясы
«Ағылшын және қазақ фольклорындағы мифтік образдардың типологиялық ұқсастықтары мен ерекшеліктері»
Қазақ ойшылдары дін туралы пәні семинар сабақтың әдістемелік нұсқауы
Түркі халықтарындағы әйел болмысының тарихи қалыптасуындағы ерекшеліктерін айқындап, бүгінгі күнгі қыз бала тәрбиесінде қолдану
Қазақ және түрік тілдеріндегі астрономиялық атаулардың лексикографиялық деректердегі көрінісі мен семантикасы
Пәндер