Махамбет Өтемісұлы



Махамбет Өтемісұлы (1803, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы . 20.10.1846, қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой ауылы) . ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836 . 38) көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған.
1824 . 28 ж. Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды.
1829 ж. Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталын, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды.
1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды.
1834 ж. Исатай батырмен бірігеді. Сол жылы 9 маусымда Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынды. Жер мәселесі,жайылымның тарлығы, орыс империясының қазақ хандығын жою мақсатындағы іс.қимылдары, сондай.ақ, Жәңгір ханның жерді туған.туыстарына бөліп беруі мен ел билігінде қайын атасы Қарауылқожаға үстемдік берген астамшылық әрекеттері бүліншіліктің тууына себепші болды. Қарауылқожа мен Исатай.Махамбет арасындағы тартыс өршіл, наразылық үлкен қозғалысы айналды. Исатай атынан жазылған «Әй,Махамбет, жолдасым!» атты Махамбет толғауы,ондағы «Хан баласы жылады.ай, Жанымды қи деп сұрады.ай» деген жолдар хан ордасын қоршауға алған соғыс күндерінің(1837) шындығын сипаттайды. Осы жылдың қараша айында көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс табады. Бұл оқиғалар Махамбеттің «Соғыс» жырында бейнеленіп, «Жабығу», «Ереуіл атқа ер салмай» туындыларында жеңілістің күйзелісті күйі шертіледі.
1838 ж. 12 шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады. Бұл ниетінен әрекет шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналады. Ақын өмірінде ауыр да сүргінді жылдар жалғасып,
1841 ж. 4 наурызда белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде Махамбет қолға түсті.Орал әскерінің 40 мың адамнан құралған жасағы үй несі мен Махамбетті тұтқындал, Калмыков ауылында (қазіргі Тайрақ ауданы) екі апта түрмеле ұстады, кейін Орынборға айдатты (17.3.1841). Орынбор генерал.губернаторы Махамбет ісін әскери соттың қарауына тапсырды.
1841 ж. 7 шілдеде сот «бүліншілікке» тағы араласса, қатаң жазалансын деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуді қатаң ескертті.
1841 . 45 ж. аралығындағы Махамбет өмірі туралы деректер аз.
1845 ж. ақпанда Махамбет баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборға келді. Шекарадан өтуіне байланысты генерал.губернатор істі қайта қозғады, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп,оны ұстау үшін арнайы адамдар дай (құрамында хорунжий Ықылас Төлейұлы, беріш руының биі Жанберген Боздақұлы, табын Төрежан Тұрымұлы, беріш

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Махамбет Өтемісұлы (1803, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы - 20.10.1846, қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой ауылы) - ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836 - 38) көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған.
1824 - 28 ж. Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды.
1829 ж. Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталын, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды.
1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды.
1834 ж. Исатай батырмен бірігеді. Сол жылы 9 маусымда Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынды. Жер мәселесі,жайылымның тарлығы, орыс империясының қазақ хандығын жою мақсатындағы іс-қимылдары, сондай-ақ, Жәңгір ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен ел билігінде қайын атасы Қарауылқожаға үстемдік берген астамшылық әрекеттері бүліншіліктің тууына себепші болды. Қарауылқожа мен Исатай-Махамбет арасындағы тартыс өршіл, наразылық үлкен қозғалысы айналды. Исатай атынан жазылған Әй,Махамбет, жолдасым! атты Махамбет толғауы,ондағы Хан баласы жылады-ай, Жанымды қи деп сұрады-ай деген жолдар хан ордасын қоршауға алған соғыс күндерінің(1837) шындығын сипаттайды. Осы жылдың қараша айында көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс табады. Бұл оқиғалар Махамбеттің Соғыс жырында бейнеленіп, Жабығу, Ереуіл атқа ер салмай туындыларында жеңілістің күйзелісті күйі шертіледі.
1838 ж. 12 шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады. Бұл ниетінен әрекет шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналады. Ақын өмірінде ауыр да сүргінді жылдар жалғасып,
1841 ж. 4 наурызда белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде Махамбет қолға түсті.Орал әскерінің 40 мың адамнан құралған жасағы үй несі мен Махамбетті тұтқындал, Калмыков ауылында (қазіргі Тайрақ ауданы) екі апта түрмеле ұстады, кейін Орынборға айдатты (17.3.1841). Орынбор генерал-губернаторы Махамбет ісін әскери соттың қарауына тапсырды.
1841 ж. 7 шілдеде сот бүліншілікке тағы араласса, қатаң жазалансын деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуді қатаң ескертті.
1841 - 45 ж. аралығындағы Махамбет өмірі туралы деректер аз.
1845 ж. ақпанда Махамбет баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборға келді. Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғады, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп,оны ұстау үшін арнайы адамдар дай (құрамында хорунжий Ықылас Төлейұлы, беріш руының биі Жанберген Боздақұлы, табын Төрежан Тұрымұлы, беріш руының қазақтары Мұса Нұралыұлы, Жүсіп Өтеуліұлы бар) құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты.
Махамбет шығармалары
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. Мұнар күн жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. Ереуіл атқа ер салмай, Ұлы арман, Жайықтың бойы көк шалғын, Атадан туған ардақты ер жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. Біртіндеп садақ асынбай, Арғымақ, сені сақтадым, Арғымақтың баласы, Азамат ердің баласы, Қара нар керек біздің бұл іске, Еменнің түбі - сары бал, Жалған дүние, Еріскедей ер болса, т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. Исатай деген ағам бар, Исатай сөзі, Арғымаққа оқ тиді, Тарланым, Соғыс, т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Оның Жәңгірге, Баймағамбет сұлтанға арнаған 106 өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн жағынан байыта, жетілдіре түсті. Махамбеттің лирикалық өлеңдері, көбіне, толғау, жыр, терме үлгісінде жазылды. Исатайға арнаған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Махамбет шығармашылығы қазақ поэзиясы жанрларының қалыптасуына (сатира, элегия, монолог, арнау, т.б.), стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері ақын шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті (Мұңайма, Желп-желп еткен ала ту, Жайықтың бойы көк шалғын, Ұл туса, Толарсақтан саз кешіп). Ақын жырларында орыс, араб, парсы сөздері көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты. Махамбет шебер күйші де болған, оның 11 күйі Шашақты найза, шалқар күй деген атпен жарық көрді (1982). Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуанақын, кішкене Кобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар әсер еткен. Алғаш Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны деген жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы басылды. Ғ.Мүштақ құрастырған Шайыр яки қазақ ақыңдарының басты шығармалары жинағында (Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 ж. Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді
Толғай да толғай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан,
Қабырғасын қаусатқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан,
Теспей қанын зулатқан,
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп оятқан
Кешегі Орақ пенен Мамайдай
Батырлар, шіркін, болар ма-ай!
Олардай болып жүруге
Біздерге қуат толар ма-ай!
Қазақтан бір құнт кетті деп,
Біздерге нәубәт жетті деп,
Бұзылды көңілім жыларға-ай!
Азамат ердің баласы
Арғымақтың баласы
Аз оттар да көп жусар -
Талаудан татқан дәмі бар.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да көп жортар -
Дұшпанға кеткен кегі мен
Барымтаға түскен малы бар.
Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі - оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері тек жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой, нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітші, әрі ардақты ақын етті. Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр - мазмұнның түрі болуы қажет деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: Ереулі атқа ер салмай, Мұңайма, Айныман деген өлеңдері - мазмұнына түрі сай, жалынды үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты, өткір сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұрау сөйлемдер болып келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау немесе риторикалық сұрау болып отырады. Мысалы үшін, Мұңайма деген өлеңін алайық:
Ханның ісі қатайды,
Азамат ерден мал тайды,
Қанды көбе киініп,
Бір Аллаға сиынып,
Ұрандап жауға тигенде,
Кім жеңері талай-ды,
Жолдастарым, мұңайма!.. -
дейді ақын.
Мұндағы азамат, жолдастарым деп, достарына қайырыла сөйлеу, сөйлемін риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл, күреске үндеу тілегіне сай.
Махамбет өлеңдерінде бұл тәрізді үгіт өлеңдермен қатар, лириканың басқа түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері жоқтау өлеңдердің үлгісінде құрылады.
Қазақ фольклорінде дүние салған адамның тіршіліктегі іс-әрекеттерін әр жағынан алып, толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер көп. Махамбет өлеңдерінің кейбіреулері фольклорда кездесетін жоқтау өлеңдердің қысқа түріне жақындайды. (Тарланым, Тайманның ұлы Исатай). Исатайдың өліміне арнаған Тарланым деген өлеңін алсақ, жалпы жоқтаулардың әдісімен батырдың өміріндегі әр алуан іс, амал, қасиет, мінездерін санап көрсетеді. Бірақ мұнда да Махамбеттің өзіне тән кейбір ерекшеліктері бар. Махамбет өлеңдерінде Исатайдың өмірін жалпы алмайды, оның өмірінің әлеуметтік-таптық жақтарын алып, батырдың езілуші халық, қара шаруа, еңбекшілердің мүддесін қорғап, феодал, ақсүйектерге қарсы шыққан, шын мәніндегі халық қамқоры болған жақтарын айрықша көрсетеді. Шернияз сықылды басқа жағына ақын тоқталмайды.
Махамбеттің жоқтау тобына жақын келеді деген өлеңдері оның басқа өлеңдеріне қарағанда фольклормен тығызырақ байланысты деуге болады. Өйткені эпитет, метафора теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған поэтик тілдер.
Ал Махамбеттің кейбір өлеңдері өзінше философиялық бағытқа негізделген өлеңдер болып келеді.
Қоғалы көлдер, құм сулар
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал
Кімдерге сайғақ болмаған?
Басына жібек байлаған
Арулар кімнен қалмаған?
Таңдап мінген тұлпарлар
Иесін қайда жауға салмаған?
Құландар ішпес бұршақ қақ,
Кімдерге шәрбат болмаған?
Садағына сары шіркей ұялап,
Жау іздеген ерлердің
Қайда басы қалмаған?
Ішелік те желік,
Мінелік те түселік,
Ойналық та күлелік,
Абайласаң, жігіттер,
Мынау жалған сұм дүние,
Кімдерден кейін қалмаған? -
деп, риторикалық сұрай арнау түрінде айта келіп, өмірге өзінше қорытынды жасайды. Толғау деген өлеңінде де осы тәрізді өмірді шолып келіп, өзінің одан түйгендерін баяндауға негізделеді. Бірінші шумағында ақын термелеп, тыңдаушыларының назарын ақыл кеңесіне аударады да, одан кейінгі шумақта ақындық шабыттың шарықтауы, ойдың серпінінен туған терең пікірлер айтылады, үшінші шумақта хан-төренің тағдыры халықпен байланысты, былайша айтқанда, оларды жоқ ету халықтың қолында, дәл халықтың зор күш екенін еске салады. Ең соңғы жолдарда ақын былай деп өзінше қорытынды жасайды:
Батыр болмақ ойдан-ды:
Айқайласып жауға ти,
Тәңірім білер, жігіттер,
Ажалымыз қайдан-ды?
Махамбеттің бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық түрмен қорытқанын мына өлеңінен де көруге болады:
Бұл дүниенің жүзінде,
Айдан көркем нәрсе жоқ.
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен көркем нәрсе жоқ,
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
Тіл де бар да, дінде жоқ.
Көшпелі дәулет кімде жоқ,
Бірде бар да, бірде жоқ.
Азамат ерлер кімде жоқ,
Еріккен күні қолда жоқ.
Заманым менің тар болды,
Тура әділдік биде жоқ.
Бәрін айт та, бірін айт,
Қаумалаған қарындас,
Қазақта бар да, менде жоқ.1
Бұл тәрізді эпифоралық ұйқас, синтаксистік параллелизмге құрып, образдарына философиялық мән беру, ақынды бұл дәуірде дұрыстық, әділдік жоқ деген қорытындыға әкеп тірейді де, сондықтан ақын жалғыздық көріп, қасіретке шомады.
Мұнан кейін Махамбеттің кейбір өлеңдерін, әсіресе оның өмірінің соңғы кезіндегі шығармаларын - элегиялық өлең деуге болады. Абайламай айырылдым, Нарын және басқа сол сияқты өлеңдер өткенді еске түсіруге арналған жан қасіретін көрсететін, ақынның жалғыздық қайғысын, тарыққан көңілін білдіретін элегиялық мотивті өлеңдер, мұнда оның басында бір зұлым тағдырдың қара бұлты төніп тұрған сияқты.
Мен тауда ойнаған қарт марал,
Табаным тасқа тиер деп,
Сақсынып шыққан қиядан.
Қайыңның басын жел соқса,
Қаршыға құс қайғырар:
Балапаным суға кетер деп,
Мамығын төккен ұядан,
О дағы біздей болған сорлы екен,1 -
дейді ол.
Махамбеттің элегиялық өлеңдері - аса суретті, тамаша, көркем. Бұлар ақынның тек жалаң өз қайғыруының сәулесі емес, ол басқа түскен сол кездегі ауыр халдердің айнасы болды.
Кейбір өлеңдерінде ақын туған елі бүгінгі Қазақстан жерінің табиғат байлығының әдемі көріністерін, ен даланың, асқар тау, шыңырау қиялардың айбатты пішінін суреттейді. Өлеңнің көп жерлерінде ақын көшпелі, мал баққан, ит жүгіртіп, құс салған аңшылық, өз елінің өмірінде орны бар жан-жануар, аң, құстардың образын көрсетуге көбірек көңіл аударады. Бірақ бұл ел, табиғат байлығын, жан-жануарлардың әлемін суреттегенде, олардың тек көркемдік сипатын ғана көрсету немесе тек сұлулық үшін ғана суреттемейді. Мұнда да ақын ел тағдырымен байланысты өз басынан кешірген қиын-қыстау кезеңдердегі ой, сезімін оқушылары толық сезінгендей етіп, ашығырақ көрсетуге құрал есебінде қолданады. Бұған мына төмендегі үзінді толық дәлел:
Назары қайтқан күн болған.
Жібектен бауы көнеріп.
Ақсұңқар ұшқан күн болған.
Бағаналы боз орда
Еңкейінкі күн болған. елегей теңіз шалқыған
Қоғалы көлдер суалып,
Тізеге жетер, жетпес күн болған.
Жапанға біткен бәйтерек
Жапырағынан айырылып,
Қу түбір болған күн болған.
Алқалаған жер болса,
Азамат басы құралса,
Мәшурат кеңес сұралса
Мәшурат берер едік;
Исатайдан айырылып
Алқалай келген кеңесте
Дем құрыған күн болған.

1.Шұбыртпалы ұйқас:
Беркініп садақ асынбай,
Біріндей жауды қашырмай.
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Ерлердің ісі бітер ме?
2.Кезекті ұйқас:
Аспандағы бозторғай
Бозаңда болар ұясы,
Бозаңның түбін су алса,
Қайғыда болар анасы.
Қара лашын, ақ тұйғын,
Қайыңда болар ұясы.
Қайыңның басын жел соқса
Қайғыда болар анасы.
3. Ерікті айнымалы ұйқас:
Алты күндей алаулап,
Он екі күндей ой ойлап,
Ақылды алпыс жаққа шаптырып,
Ақыл жөнге келгесін,
Толғай-толғай жүгірген,
Топырақты суырған,
Ертеңнен салса кешке озған,
Қой мойынды көк жұлын
Томаға көзді қасқа азбан.
Көк жұлынды жетелеп,
Қисық жерден төтелеп,
Қабырға қол сөгіліп,
Арғымақ ат бүгіліп...
Ақыретті жанға байланып,
Талай жүрдік далада
Әділ жаннан түгіліп, -
тағы басқалар.
Махамбет поэзиясының тілі, шын мәнінде, халықтық тіл. Ақын өз кезіндегі қазақ халқының тіл байлығынан қажетінше ала да, оны өзінің керегіне жарата да білген.
Көшпелі шаруашылық тұрмыс жағдайынан туған әртүрлі атаулар мен түсініктер әрі дәл, әрі өте шебер түрде, асқан місекерлікпен Махамбет өлеңдерінде өріліп жатады. Жауынгерлік өмірге тән қару-жарақ аттары да, сол жағдайға лайықты сөздер де, халықтың рухани күшінің биік шыңы болған жортуылды күндердің сипаттарын берерлік тамаша образдар да Махамбет өлеңдерінен өшпестік орын алады. Тек қана жауынгерлік емес, сонымен қатар халық өмірінің басқа жағдайдағы көріністерін суреттеу үшін қолданған сөз бейнелері күні бүгінге шейін өзінің сырын да, сынын да жойған жоқ.
Тілінің байлығы жағынан және оны шебер қолдана білуі жағынан Махамбет атақты сөз ұсталарының қайсысынан болсын кем түспейді. Махамбет тілінің асқан көркемдігі, анықтық, дәлдігі, әр алуан поэтик тілдердің элементтерін (эпитет, теңеу, троп, фигуралардың түрлерін) жеке де, өзара байланысты түрде де өте шеберлікпен қолдана алуында ғана емес, ең алдымен, оның өлеңдерінде кездесетін сөз образдарының өмір шындығына дәл келетіндігімен, сөйлем құрылыстарының ішкі логикалық байланыстарының беріктігінде.
Қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет Өтемісұлы шығармалары отансүйгіштік тәрбие берудің құралы ретінде
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Әтемісұлы бастаған көтеріліс
Махамбет жырлары-ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісі
Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс тарихы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс
Махамбет Өтемісұлы (1803 - 1846)
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Пәндер