Капиталзмнің колониалдық жүйесінің құрылуы және дамуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

1. Капиталзмнің колониалдық жүйесінің құрылуы және дамуы

2. Голландиялық отарлық империяның пайда болуы

3. Англия отарлық империясы құрылуының алғашқы периоды

1. Капиталзмнің колониалдық жүйесінің құрылуы және дамуы

Алғашқы отарлық империялардың - Испаниялық және Португалиялық -феодализм шеңберінде европалық қоғамда капитализмнің пайда болуымен байланысты болды. Алайда Испания мен Португалияға отарлардан ағылып келіп жатқан үлкен құндылықтар метрополияларда капиталға айналмай, патшаның сейфтарына, шіркеулер мен дворянствоға түсіп отырды, бұл елдерде алғашқы капитал жинау процесі оларды капиталистік даму жолына әкелмеді. Ал, голландық пен ағылшын буржуазиясы Испанияға, Португалияға және өз отарларына тауар жеткізуден кенеліп отырды. Ең ақырында, испандар мен португалдардың өз отарларынан тонаған байлықтың көп бөлігі Голландия мен Англияда капитализмнің дамуына себеп болды. Дәл сондықтан, буржуазияның пайдасына сай болған отарлық жүйенің негізі осы елдермен қаланған болатын. Португалия және Испаниямен жаулап алынған Азия, Африка және Америкадағы отарлар мен қатар осы континенттердегі әлі тәуелсіз емес территориялар да, Голландия мен Англияның отарлық басып алулықтары объектісі болды.

2. Голландиялық отарлық империяның пайда болуы.

Голландияда (Нидерландияда) басқа европалық мемлекеттерден бұрын тарихтағы ең бірінші 1566 - 1609 жылдардағы жеңісті буржуазиялық революциядан кейін капиталистік құрылыс орнады. Мемлекеттің экономикалық күші мен «Ұлы Армададаның» (1588) жоюылуынан кейін теңіздерде билік ете бастаған флотының күшіне сүйене отырып, голландық буржуазия әлемнің әр түрлі жерлеріндегі территорияларды жаулап ала бастады.

1595 жылы Ява аралына бірінші голландық сауда экспедициясы келеді. Осы әрекетпен Голландияның Индонезиядағы отарлық экспансиясының басы қаланды. 1600 жылы бұған дейін португалдықтардың иелігінде болған Маврикий аралын жаулап алды. 1602 жылы пайда болған голландық Ост - Инд компаниясы отарлық басып алуларда ерекше маңызды роль атқарды. 1619 жылы ол кейін аты Батавияға өзгертіліп, Шығыстағы Голландиялық отарлық империясының орталығы болған Джакартаны жаулап алады. XVII ғасырдың алғашқы екі онжылдықтарында бұл компания Индостан мен Сиамның Шығыс жағалауындағы тірек пункттарды жаулап алады. Голландия сонымен қатар Жапониядан португалдықтарды ығыстырып жіберіп, осы мемлекетпен сауданы өз қолына алады. 1638 - 1658 жылдардағы португалдықтармен табан тірескен күрестен кейін, голландықтар Цейлонда бекітіледі.

1641 жылы Ост - Инд компаниясы бұған дейін португалдықтардың тәуелділігінде болған маңызды стратегиялық пункт - Малакканы жаулап алды. Малаккамен иелік ету оған Индонезиямен саудамен контрольді, Қытай мен Жапонияға енуін қамтамасыз етті. 1652 жылы голландықтар Оңтүстік Африкадағы тірек пункттарды жаулап алды. Голландия Үнді мұхитына қарайтын елдердегі Португалияның орнын басып алады.

Голландия Жаңа Әлемді отарлауда да көптеген сәттіліктері болды. 1609 жылы Ост - Инд компаниясы Солтүстік Америкаға ағылшын теңізшісі Гудзонның басқаруымен экспедиция жібереді. 1621 жылы құрылған Ост - Инд компаниясы бұл жерде Жаңа Амстердам қаласымен Жаңа Нидерланды отарын қалайды. Оңтүстік Америкада компания Португалдық Бразилияның барлық жерінде билігін орнатады (кейін 8 млн. гүлденге ол онымен «құқықты» португалдықтарға береді) . XVII ғасыр голландық отарлық гегемониясы периоды болды. Осы ғасырдың ортасында Голландия сонымен қатар, басқа мемлекеттер арасында сауда, кеме қатынасы мен кеме жасау салаларында бірінші орында болды. Голландық флоты Англия флотының кеме санынан шамамен он есе артық болды.

Отарлық елдерді қанау, билікке келген Голландия буржуазиясының қалаған экономикалық жүйесінің маңызды бөлігі болды. Ян де Витт, көрнекті голландық саяси қайраткер және отарлықтың алғашқы идеологтарының бірі, өзінің «Саяси ережелерінде» отарлар, сауда және өндіріс «Голландия күші сүйенетін, үштік» болып тұрған уақытты жар салады .

XVII ғасыр голландық отаршылары өздерінің ізашарларына - Пиреней түбегінің феодалдық мемлекеттердің конкистадорларына қарағанда, тарихи әлде қайда прогрессивті классқа жатқанынымен, соғысу мен тонауда олардан ешқандай айырықшылықтары болмады. Индонезия халықтарына өз билігін орнатуда оларды ештеңе тоқтата алмады. Ост - Инд компаниясының билігіне Амбойна мен Банда аралдарын бағындырған оның агенттерінің бірі Ян Питерзон Кун қатыгегез болғандығы сонша, бір голландық профессордың сөздері бойынша, «барлығы, тіпті компания басшыларына дейін, Куннің өз хаттарына қосқан өлім жазалары сипаттамаларын оқығанда қатты шошынған».

Ост - Инд компаниясының күштерімен, Ява ірі құлсатушылық орталығына айналды. Феодалдық Португалия мен Испанияда отарлық империялар құрылған кездегі, өткен дәуірдегідей, Азия, Африка, Америка мен Океания елдерін европалық елдердің буржуазиясы жаулап алынып жатқан жаңа уақытта да, отарлықпен бірге құлсатушылық та қатар жүрген.

3. Англия отарлық империясы құрылуының алғашқы периоды

Шамамен Голландиямен бір уақытта Англия да отарлық экспансия жолына түседі. Португалия мен Испания отарлық гегемонияларына қарсы күресте үкімет қолдап отырған ағылшын пираттары да үлкен роль атқарды. «Патша пираттары» Фрэнсис Дрейк, Уолтер Рейли, Блейк тағы да басқалары Испания мен Португалияға айтарлықтай күшті соққылар береді . XVI ғасырдың 80-ші жылдардың ортасында Дрейк экспедиция басқарып, Флорида, Чили, Перу мен Калифорния жағалауларындағы бірқатар Испания қалаларын тонайды. Экспедиция Англияға Тынық пен Үнді мұхиттары арқылы, Магеланнан кейін екінші жер шарын айналған саяхат жасағаннан кейін оралады. Өз еңбектері үшін пират Дрейк адмирал атағын алады .

Пираттар Англия отарлық империясының ең бірінші қалаушыларының бірі болды.

XVII ғасырдың соңғы онжылдығы ағылшындардың Африкаға кірулерінің басы болды. Оның батыс жағалауында (Гамбияда) құлсатушылыққа «қызмет көрсету» үшін ең бірінші ағылшын тірек пункттары («факториялар») құрылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы. Англиядағы буржуазиялық құқықтың дами түсуі
Англияның үндістандағы отарлық саясаты
Ағылшын абсолютизмінің орнауы
ШЫҒЫС ЕЛДЕРІН ОТАРЛАУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дәрістер
Азия және Араб елдерінің өркенденуі
Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы
Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
Қазіргі халықаралық құқықтағы әділ соғыс концепциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz