Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1. Әлеуметтік.экономикалық жағдай 4
§ 1 Елдің әлеуметтік.экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік.экономикалық дамудың 2006 . 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері 4
§ 2 Мемлекеттің бюджетті атқару 10
§ 3 Бюджет жүйесін жетілдіру 12
2. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері 14
3. Кірістер саясаты 15
4. Шығындар саясаты 19
5. Бюджеттiк кредит беру 42
6. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар 43
7. Бюджетаралық қатынастар 44
8. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару 46

Қорытынды 52
Кіріспе

Алдыңғы жылдардың бюджеттері келер жылдардың бюджеттерін қалыптастыруға және атқаруға едәуір ықпал етеді. Ұзақ мерзімді кезеңде оларды атқару тиімділігін барынша ұлғайту үшін бірнеше жылға есептелген тиісті іс-қимыл бағдарламасының болуы қажет. Мұндай бағдарламаның негізгі өлшемдерін мемлекеттік билік органдарының бюджет саясаты айқындайды. Экономикалық саясаттың бір бөлігі бола отырып, фискалдық саясат бюджет қаражатын қалыптастырумен және жұмсаумен байланысты құралдарды пайдаланады. Бюджеттік тетіктерді тарту туралы сөз қозғалғанда, кірістер мен шығыстар бойынша жеке-жеке емес, тұтастай жоспарланып отырған нәтижеге ықпал етуге қабілетті барлық ықтимал факторларды барынша ескеру қажет. Сондықтан экономикалық міндеттерді мемлекеттік деңгейде шешу үшін мемлекетік бюджеттендіру элементтерін, оларға фискалдық саясат деп аталатын бірыңғай тұжырымдама шеңберінде сүйене отырып пайдалану қабылданған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 – 2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты (бұдан әрі – Орта мерзімді фискалдық саясат) Мемлекет басшысының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы және «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 – 2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының жобасы (бұдан әрі - Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының жобасы), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуіштердің болжамы, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде әзірленді.
Орта мерзімді фискалдық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын іске асырудың негізгі тетіктерін (тәсілдерін) – кірістер мен шығындар саясатын, бюджеттік кредит беруді, қаржы активтерін басқаруды, бюджетаралық қатынастарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты басқаруды қамтиды.
Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу мынадай мақсаттарға қол жеткізуге:
алдағы үш жылдық кезеңге арналған қолда бар ресурстар көлемін айқындауға;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің фискалдық стратегиясын және оның ағымдағы және келешектегі мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жоспарларын белгілеуге;
стратегиялық басымдықтарды іске асыруға арналған шектеулі бюджет ресурстарын бөлу жөніндегі шешімдерді қабылдауға ден қоюға;
келешекте бюджеттің шектеулері мен мүмкіндіктерін барынша жақсы түсінуді қамтамасыз етуге;
бюджет процесінің тиімділігі мен ашықтығын жоғарылатуға;
бюджет процесінің дәйектілігін қамтамасыз етуге және фискалдық тәртіпті жоғарылатуға бағытталған.
Бұл құжатта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 – 2008 жылдарға арналған фискалдық саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері мен бағыттары айқындалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 – 2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты 2006 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру процесінің негізі әрі бастауы және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде салық және бюджет саясатын іске асыру кезіндегі үйлестіруші құжат болып табылады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1. Әлеуметтік-экономикалық жағдай 4
§ 1 Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік-
экономикалық дамудың 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері
4
§ 2 Мемлекеттің бюджетті атқару 10
§ 3 Бюджет жүйесін жетілдіру 12
2. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері 14
3. Кірістер саясаты 15
4. Шығындар саясаты 19
5. Бюджеттiк кредит беру 42
6. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар 43
7. Бюджетаралық қатынастар 44
8. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару
46
Қорытынды 52

Кіріспе

Алдыңғы жылдардың бюджеттері келер жылдардың бюджеттерін
қалыптастыруға және атқаруға едәуір ықпал етеді. Ұзақ мерзімді кезеңде
оларды атқару тиімділігін барынша ұлғайту үшін бірнеше жылға есептелген
тиісті іс-қимыл бағдарламасының болуы қажет. Мұндай бағдарламаның негізгі
өлшемдерін мемлекеттік билік органдарының бюджет саясаты айқындайды.
Экономикалық саясаттың бір бөлігі бола отырып, фискалдық саясат бюджет
қаражатын қалыптастырумен және жұмсаумен байланысты құралдарды пайдаланады.
Бюджеттік тетіктерді тарту туралы сөз қозғалғанда, кірістер мен шығыстар
бойынша жеке-жеке емес, тұтастай жоспарланып отырған нәтижеге ықпал етуге
қабілетті барлық ықтимал факторларды барынша ескеру қажет. Сондықтан
экономикалық міндеттерді мемлекеттік деңгейде шешу үшін мемлекетік
бюджеттендіру элементтерін, оларға фискалдық саясат деп аталатын бірыңғай
тұжырымдама шеңберінде сүйене отырып пайдалану қабылданған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 – 2008 жылдарға арналған орта
мерзімді фискалдық саясаты (бұдан әрі – Орта мерзімді фискалдық саясат)
Мемлекет басшысының Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті
экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін атты 2004 жылғы
19 наурыздағы және Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және
саяси жедел жаңару жолында атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына
Жолдауларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының 2006 – 2008 жылдарға арналған орта мерзімді
жоспарының жобасы (бұдан әрі - Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта
мерзімді жоспарының жобасы), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің және үш жылдық кезеңге
арналған мемлекеттік реттеуіштердің болжамы, мемлекеттік және салалық
(секторалдық) бағдарламалар мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық
құжаттар негізінде әзірленді.
Орта мерзімді фискалдық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі
бағыттарын іске асырудың негізгі тетіктерін (тәсілдерін) – кірістер мен
шығындар саясатын, бюджеттік кредит беруді, қаржы активтерін басқаруды,
бюджетаралық қатынастарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз
алу мен борышты басқаруды қамтиды.
Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу мынадай мақсаттарға қол
жеткізуге:
алдағы үш жылдық кезеңге арналған қолда бар ресурстар көлемін
айқындауға;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің фискалдық стратегиясын және оның
ағымдағы және келешектегі мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жоспарларын
белгілеуге;
стратегиялық басымдықтарды іске асыруға арналған шектеулі бюджет
ресурстарын бөлу жөніндегі шешімдерді қабылдауға ден қоюға;
келешекте бюджеттің шектеулері мен мүмкіндіктерін барынша жақсы
түсінуді қамтамасыз етуге;
бюджет процесінің тиімділігі мен ашықтығын жоғарылатуға;
бюджет процесінің дәйектілігін қамтамасыз етуге және фискалдық
тәртіпті жоғарылатуға бағытталған.
Бұл құжатта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 – 2008 жылдарға
арналған фискалдық саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері мен бағыттары
айқындалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 – 2008 жылдарға арналған орта
мерзімді фискалдық саясаты 2006 жылға арналған республикалық бюджет жобасын
қалыптастыру процесінің негізі әрі бастауы және мемлекеттік басқарудың
барлық деңгейлерінде салық және бюджет саясатын іске асыру кезіндегі
үйлестіруші құжат болып табылады.

1. Әлеуметтік-экономикалық жағдай

§ 1 Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік-
экономикалық дамудың 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері

Қазақстандық экономиканың қазіргі жай-күйі барынша қолайлы сыртқы
экономикалық конъюнктурамен сипатталады, бұл экспортты, сондай-ақ аралық
тұтыну тауарлары мен қызметтерін дамытуға оң ықпал етеді.

1-кесте
Металдар мен мұнайдың орташа әлемдік бағалары

өлшем 2001 2002 2003 2004 жылғы қаңтар-наурыз
бірлігіжыл жыл жыл
2005 2006 2007 2008
ЖІӨ, млрд. теңге3250,5 3776,3 4612,35542,5 6580,07808,38892,110141,4
Алдыңғы жылға
%-бен ЖІӨ-нің
нақты өзгеруі 113,5 109,8 109,3 109,4 108,0 108,0 108,3 108,5
ЖІӨ дефляторы, %
110,0 105,8 111,7 109,9 110,0 109,8 105,2 105,1
ЖІӨ-нің
номиналды өсуі,
млрд. теңге,
алдыңғы жылға
шаққандағы өсім, 525,8 835,7 930,5 1037,61228,31083,81249,2
оның ішінде:
тауарлар мен
қызметтер
өндірісінің
табиғи көлемінің
өсуі есебінен 318,2 352,0 432,5 441,0 528,5 644,3 757,2
тауарлар мен 207,6 483,6 498,0 596,5 699,8 439,5 492,0
қызметтерге
бағаның өсуі
есебінен

Көздер: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.

Көптеген факторлар ескерілетін экономикалық өсу факторларын –
капиталды, еңбек ресурстарын және жалпы факторлық өнімділікті талдау
2000 – 2004 жылдары экономикалық өсу негізінен, капиталдың өсуі есебінен
және аз деңгейде жалпы факторлық өнімділіктің (бұдан әрі - ЖФӨ) өсуі
есебінен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

3-кесте
Қазақстандық экономиканың өсу факторлары
пайызбен
2000 жыл 2001 жыл 2002 жыл 2003 жыл 2004 жыл 2000 -
бағалау 2004
жылдар
Капитал 3,4 5,9 8,4 7,6 4,4 6,0
Еңбек 0,6 2,8 0,1 1,5 0,9 1,2
ЖФӨ 5,8 4,8 1,3 0,2 4,1 3,2
ЖІӨ өсуі 9,8 13,5 9,8 9,3 9,4 10,4

Көзі: Қазақстан Республикасы Эконоимка және бюджеттік жоспарлау миинстрлігі

2000 – 2004 жылдары экономикалық өсуге капитал факторының үлесі орта
есеппен 6 %-ды, еңбек факторының үлесі – 1,2 %-ды құрады. Жалпы факторлық
өнімділіктің өсу үлесі 3,2 % құрады. Қарастырылып отырған кезеңде
экономикалық өсудің негізгі факторы негізгі капиталды ұлғайту болып
табылды.
Экономикадағы негізгі қорлардың айтарлықтай тозуын ескерсек, осы даму
кезеңінде бұл ақталған болып табылады. Уақыт өте келе дамыған елдер
экономикасының өсуіне негізгі үлес қосатын жалпы факторлық өнімділіктің
артуы негізгі өсу факторына айналуға тиіс.
Жалпы еңбек өнімділігі факторы экономикадағы еңбек өнімділігінің
өсуін ғана емес, жүргізіліп жатқан құрылымдық реформаларды, адами капитал
мен технологияларды пайдалану тиімділігін де көрсететінін айта кету қажет.
2000 – 2001 жылдары экономиканың өсуіне реформалардың әсері ерекше
болды. 2002 – 2003 жылдары олардың тиімділігінің едәуір төмендеуі байқалды,
бұл 2004 жыл қорытындылары бойынша айтарлықтай өсуге алмасты.
Негізгі капиталдың жинақталуы ұзақ мерзімді перспективада экономика
өсуінің басты факторы бола алмайтынын ескерсек, жүргізіліп жатқан
реформалардың тиімділігі, еңбек өнімділігінің, инновациялардың және адами
капиталдың өсуі қазақстандық экономиканы дамытудың басты факторлары болуы
тиіс.
Халықаралық каптиал рыноктарында жоғары ішкі сұраныс пен қарыз
ресурстарының салыстырмалы төмен құны байқалуда. Бұл Қазақстанға шетелдік
инвестициялардың едәуір көлемін тарту үшін басты ынталандыру болды. Бұл
ретте, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің жоғары бағасы
қазақстандық қарыз алушылар үшін шетелдік капитал құнының төмендеуіне ықпал
етті. Аса ірі халықаралық рейтингтік агенттіктер тұтастай республикаға да,
қазақстандық жетекші банктерге де инвестициялық санатқа жататын
рейтингтерді берді.
Экспорттық кірістердің күрт өсуі және қарыз капиталының ағылуы сияқты
ішкі валюта рыногына жасалған қысымның салдары теңгенің АҚШ долларына
қатысты айырбас бағамының номиналды қымбаттауы болды – биржалық айырбас
бағамы номиналды мәнде жыл басынан бері 9,3 %-ға нығайып, 2004 жылдың
соңында бір доллар үшін 130 теңгені құрады.
Ішкі рынокта валюта сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
(бұдан әрі – Ұлттық Банк) халықаралық резервтері өсімінің негізгі көзі
болды, бұл жыл бойы екі есе дерлік көбейді және 2004 жылдың аяғындағы
жағдай бойынша 9,3 млрд. АҚШ долл. бағаланды. Халықаралық резервтердің бұл
қоры тауарлар мен қызметтер импортын қаржыландырудың қажеттілігін 4,5 айдан
астам қамтамасыз етеді.

4-кесте
Қазақстанның сыртқы секторының негізгі көрсеткіштері[1]

2000 2001 2002 2003 2004
жыл жыл жыл жыл жыл
Ағымдағы операциялардың шот
сальдосы (млн.долл[2]) 366 -1390 -1024 -270 533
ЖІӨ-ге %-бен 2,0 -6,3 -4,2 -0,9 1,3
Тауарлар мен қызметтер экспорты
(кезең үшін млн. долл.) 10341 10188 11567 14945 22604
ЖІӨ-ге %-бен 56,5 46,0 47,0 50,2 55,5
Тауарлар мен қызметтер импорты
(кезең үшін млн. долл.) 8970 10579 11578 13306 18805
ЖІӨ-ге %-бен 49,0 47,8 47,1 44,7 46,1
Тікелей шетелдік инвестициялардың
нетто-ағымы (кезең үшін млн. 1278 2861 2164 2210 5548
долл.)
ЖІӨ-ге %-бен 7,0 12,9 8,8 7,4 13,6
Ұлттық Банктің халықаралық
резервтері (кезең соңында млн. 2102 2508 3141 4962 9280
долл.)
тауарлар мен қызметтер импорты 2,8 2,9 3,3 4,5 4,5
айларда
Ағымдағы бағалардағы ЖІӨ (кезең
үшін млрд. теңге) 2600 3251 3776 4612 5543
нақты өсу (%) 9,8 13,5 9,8 9,3 9,4
Мұнай мен газ конденсатының
экспорты (млн. тонна) 27,7 32,4 39,3 44,3 52,4
Шикі мұнайдың әлемдік бағасы
(баррелUSD спот, жылына орта 28,2 24,5 24,9 28,9 37,7
есеппен)
KZTUSD биржалық айырбас бағамы
(кезең үшін орта есеппен) 142,26 146,92 153,49 149,45 135,92
Нақты тиімді айырбас бағамы
индексінің өзгеруі (өткен жылдың
желтоқсанына %-бен) 2,5 -1,5 -7,4 -2,5 6,1

Көзі: Ұлттық Банк
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының соңғы үш жылдағы
әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау экономиканың тұрақты жоғары даму
қарқыны сақталған кезде орта мерзімді кезеңде сыртқы және ішкі рыноктарда
экономиканың шикізат емес секторларының бәсекеге қабілеттілігіне едәуір
әсер етуі мүмкін жаңа үрдістер нақты көрiнiс бере бастады.
Бұл үрдістер экономикаға шетелдік капитал ағымының жоғары қарқыны
салдарынан болып жатыр, бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық
Банкінің инфляцияға қарсы саясат жүргізу саласындағы жұмысын едәуір
қиындатады, сондай-ақ теңгенің айырбас бағамының валюталар себетіне
қатысты, әсіресе АҚШ долларына қатысты нақты нығаюының жоғары қарқынына
алып келеді.
Қазақстандық экономиканың шикізат емес салаларының бәсекеге
қабілеттілігінің төмендеуі орта мерзімді перспективада Қазақстан
Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының
2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясын (бұдан әрі - Индустриялық-
инновациялық даму стратегиясы) іске асыру қарқынын едәуір бәсеңдетуі,
сондай-ақ шикізат салаларының пайдасына қарай экономика құрылымына келеңсіз
әcер етуі мүмкін. Мұның нәтижесінде Қазақстан экономикасы голланд ауыруы
синдромына шалдығуы мүмкін, онымен күресу көп күш-жігер пен уақытты алады.
Макроэкономикалық тұрақсыздыққа жол бермеу және Индустриялық-
инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөнінде жүйелі шараларды
жалғастыру үшін Орта мерзімді фискалдық саясат әлеуметтік-экономикалық
дамудың орта мерзімді жоспары жобасының басты міндеттерін іске асыруға:
2006 – 2008 жылдары орташа жылдық инфляцияның 7 %-дан жоғары өсуіне
жол бермеуге;
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөнінде жүйелі
шаралар жүргізуге;
телекоммуникациялар, энергетика және темір жол көлігі саласында
монополиялық құрылымдарды қайта құрылымдауға;
экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі қарқынды факторлардың
үлесін арттыруға бағытталатын болады.
Бұл міндеттерді шешу Мемлекет башысының Бәсекеге қабілетті Қазақстан
үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін
және Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
атты Қазақстан халқына жолдауларын іске асыруға ықпал етуі тиіс.

§ 2 Мемлекеттің бюджетті атқару

2004 жылғы мемлекеттік бюджеті атқару қорытындылары бойынша бюджетке
түсетін түсімдер ЖІӨ-ге 23,5 %-ды, оның ішінде кірістер – ЖІӨ-ге 23,2 %-
ды, оның ішінде салықтық түсімдер - ЖІӨ-ге 21,4 %-ды, салықтық емес
түсімдер - ЖІӨ-ге 1,5 %-ды, капиталмен жасалатын опеарациялардан түсетін
кірістер - ЖІӨ-ге 0,3 %-ды құрады, кредиттерді ЖІӨ-ге 0,3 % қайтарылды.
2004 жылы мемлекеттік бюджет шығыстары ЖІӨ-ге 23,9 %-ды құрады.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ көлеміне 0,3 %-ды құрады.
2005 жылы түсімдер ЖІӨ-ге 23,5 %-ды, шығыстар - ЖІӨ-ге 25,2 %-ды
құрайды, мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 1,7 %-ды құрайды деп болжанып
отыр.
Мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің 2003 – 2005 жылдардағы серпіні
5-кестеде келтірілген.

5-кесте
Мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің 2003 – 2005 жылдардағы серпіні
ЖІӨ-ге пайызбен
Атауы 2003 жыл 2004 жыл 2005 жылы
есеп есеп бағалау
Түсімдер 22,2 23,5 23,5
Кірістер 21,8 23,2 23,3
Салықтық түсiмдер 20,5 21,4 22,3
Салықтық емес түсiмдер 1,0 1,5 0,6
Негiзгi капиталды сатудан түсетiн 0,3 0,3 0,3
түсiмдер
Бюджеттік кредиттерді өтеу 0,4 0,3 0,2
Шығыстар 23,2 23,9 25,2
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 1,4 1,5 1,4
көрсету
Қорғаныс 1,0 1,0 1,2
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, 2,0 2,1 2,2
қылмыстық атқару қызметі
Білім беру 3,3 3,5 3,5
Денсаулық сақтау 1,9 2,4 2,6
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік 5,2 4,9 5,3
көмек
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 0,8 1,2 2,2
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық 0,7 0,8 0,7
кеңістік
Отын-эенргетикалық кешен және жер қойнауын0,2 0,5 0,5
пайдалану
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше1,4 1,5 1,4
қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған
ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер
қатынастары
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және 0,1 0,0 0,0
құрылыс қызметі
Көлік және коммуникация 1,8 1,9 1,7
Өзгелер 2,3 1,6 1,8
Борышқа қызмет көрсету 0,8 0,6 0,5
Ресми трансферттер 0,3 0,2 0,2
Бюджет тапшылығы (профициті) -1,0 -0,3 -1,7

Анықтамалық:
ЖІӨ, млрд. теңге 4612,0 5542,0 6580,0

§ 3 Бюджет жүйесін жетілдіру

2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
(бұдан әрі - Бюджет кодексі) қолданысқа енгізілгеннен бері бюджет процесін
ұйымдастыру соның нормалары негізінде жүзеге асырылады.
Бюджет кодексінің қабылдануы орта мерзімді жоспарлаудың рөлін
күшейтуге мүмкіндік берді және бюджет жүйесіндегі заңнаманы үйлестiруді
қамтамасыз етті.
Елдегі экономикалық және бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу
практикасы тұрғысынан алдағы үш жылға арналған фискалдық саясат мемлекеттің
ұзақ мерзімді, орта мерзімді бағдарламалық құжаттарына сәйкес құрылатын
болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 – 2008 жылдарға арналған орта
мерзімді фискалдық саясатын қалыптастыру

Бюджет кодексін іске асыру үшін 31 нормативтік құқықтық кесім, оның
ішінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің және төтенше
мемлекеттік бюджеттің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің
жобаларын әзірлеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет
кепілдік берген қарыздарын тіркеу және есепке алу, республикалық және
жергілікті бюджеттерді атқару тәртібін айқындайтын ереже қабылданды.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінім жасау және
ұсыну ережесі қабылданған Бюджет кодексіне сәйкес келтірілді.
Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, орындау және олардың орындалуын
ішкі бақылау процесінде олардың тиімділігіне бағалау жүргізу тәртібін және
көрсеткіштерінің жүйесін айқындау мақсатында Бюджеттiк бағдарламалардың
тиiмділігін бағалауды жүргiзу epeжeci әзірленді және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі № 779
қаулысымен бекітілді.
Бюджеттік бағдарламаларға тән егжей-тегжейлі ерекше өлшемдер мен
көрсеткіштерді белгілей отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін
бағалауды біртіндеп енгізу мақсатында 2005 – 2007 жылдарға арналған бюджет
процесіне бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды енгізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары әзірленді және пилоттық бюджеттік бағдарламалар тізбесі
айқындалды.
Сондай-ақ пилоттық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау
өлшемдері мен көрсеткіштерінің тізбесі және оларды пайдалану жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін пилоттық бағалау бюджет
процесінің барлық сатысында жүргізілетін болады, бұл бюджеттік
бағдарламалар бойынша тиімділікті бағалауды түсінуді және енгізуді
жеңілдететуге мүмкіндік береді.
Кейіннен тиімділікті бағалауды барлық бюджеттік бағдарламаларға тарату
және әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша ерекше өлшемдер мен көрсеткіштерді
әзірлеу ұйғарылып отыр.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіру шеңберінде жүргізіліп
жатқан іс-шаралар бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсауға
бағытталған.
Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ
мемлекеттік кәсіпорындардың иелігіндегі ақшаны тиімді пайдалану мақсатында
олардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруы
процесінде туындаған қатынастарды реттеу Мемлекеттік сатып алу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңымен (бұдан әрі - Заң)
жүзеге асырылады.
Бюджет қаражатын уақтылы және сапалы игеру, мемлекеттік сатып алу
рәсімдерін жақсарту мақсатында 2004 жылы Заңға өзгерістер енгізілді, бұл
өзгерістерге сәйкес мемлекеттік органдар мен мекемелер, сондай-ақ
мемлекеттік кәсіпорындар конкурстық рәсімдерді бюджет (бизнес-жоспар)
бекітілгеннен кейін бірден бастауға құқылы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды жетілдіру,
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған іс-
шараларды орындау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуы үшін
жауапкершілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен
лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі
шаралар туралы 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығы бекітілді. Бұған
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алудың тендерлік
жүйесінен басымды биржалық саудаға, сондай-ақ бюджет қаражатын жұмсаудың
ашық және тиімді қағидаттарындағы электрондық мемлекеттік сатып алуға көшу
үшін жағдайлар жасау жөнінде іс-шаралар жүргізетін болады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы
11 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында
электрондық үкiмет қалыптастырудың 2005 – 2007 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы шеңберінде Электорндық мемлекеттік сатып алу
ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Бюджет кодексінің 71-бабына сәйкес жоспарлаудың нормативтік әдісін
кезең-кезеңімен енгізу шеңберінде орталық мемлекеттік органдар қолданыстағы
нормативтік құқықтық кесімдерді қайта қарау және ведомстволық бұйрықтармен,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген заттай нормалар
өзекті болған жағдайда оларды қайта бекіту жөнінде жұмыс жүргізуде.

2. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері

Орта мерзімді кезеңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты әлеуметтік-
экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу үшін салық-бюджет құралдарын
тиімді қолдану, атап айтқанда, Қазақстанды әлеуметтік және экономикалық
жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін
арттыру болып табылады.
Орта мерзімді кезеңде бұл мақсатқа қол жеткізуге мынадай міндеттерді
шешу:
бюджеттік заңнаманы жүйелендіру;
бюджеттік жоспарлауды жетілдіру;
мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру;
жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету,
білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын және қоғамдық
инфрақұрылымды дамыту;
перспективалы бюджеттік жоспарлаудың рөлін жоғарылату;
көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;
бюджетаралық қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану
тетігін жетілдіру;
жүргізіліп жатқан жинақтар саясатын ескере отырып, республикалық
бюджет тапшылығының және үкіметтік борыштың оңтайлы өлшемдерін айқындау;
үкіметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесін біртіндеп азайту
ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының аса маңызды
құрамы бола отырып, фискалдық саясат жоспарланып отырған кезеңде
инфляцияның орташа жылдық деңгейі бойынша белгіленген дәлізді ұстап тұруға,
төлем балансының тұрақтылығына, тауарлар мен қызметтерді түпкі тұтынуды
және капитал жинақтауды өсіруге жәрдемдесетін болады.

3. Кірістер саясаты

2003 – 2004 жылдардағы салық заңнамасындағы өзгерістер экономикаға
салықтық жүктемені азайтуға, елдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге,
жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологиялар ағынын және оларды енгізуді
көтермелеуге, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынастарын
жақсартуға бағытталды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы
Жолдауларына, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес салықтық
жүктемені азайту және елдiң экономикалық өсуiн ынталандыру, сондай-ақ
белгiлi бір санаттағы азаматтардың кiрiстерiн заңдастыруын ынталандыру және
жалақыны ұлғайту мақсатында 2004 жылдан бастап жеке табыс салығының
ставкалары азайтылды, әлеуметтiк салық бойынша ставкалардың кемiмелi шәкілі
енгізiлдi, қосылған құн салығының ставкасы азайтылды, арнайы экономикалық
аймақтар аумағында салық салудың ерекше режимi белгiлендi, арнайы салық
режимдерiн қолдану аясы кеңейтiлдi.
Экономиканы одан әрi тұрақты дамыту, жүргiзілiп жатқан реформаларды
тереңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингiне, резидент еместерге, қаржы
құралдарына салық салуды, сондай-ақ салықтық әкiмшiлендiру нормаларын
жетiлдiру және кәсіпкерлердің инвестициялық тартымдылығын күшейту
мақсатында инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтілді,
мұнай-химия өндірістері, қосылған құны жоғары тауарлар өндірісі үшін
жеңілдіктер енгізілді.
Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету үшін
салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру, сондай-ақ
инвестициялар көлемін өсіру және салықтық әкімшілендіруді одан әрі
жетілдіру есебінен ел экономикасын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету
мақсатында орта мерзімді кезеңде салық саясатының негізгі бағыттары:
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану
аясын кеңейту және оларды ең алдымен, экономиканың шикізат емес секторына
инвестициялар салуға тарту үшін шаралар қабылдау;
салық төлеушілер үшін қашықтық және ақпараттық сервис әдістерінің
көмегімен салықтық әкімшілендіру процестерін одан әрі жетілдіру және
дамыту;
талдау тәсілдері мен әдістерін және салықтық есептіліктің
камералдылығын дамыту;
ақпараттық қызметтерді біріктіру, мемлекеттік органдармен ақпараттық
өзара іс-қимылды жетілдіру және оның тиімділігін арттыру;
қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында
2008 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды тұлғалардың кірістерінен
жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп ауыстыру мүмкіндігін қарау болады
деп ұйғарылып отыр.
Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, Әлеуметтік-экономикалық
дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық
көрсеткіштері мен салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және
инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалды.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2006 – 2008 жылдарға арналған болжамы
6-кестеде келтірілген.

6-кесте
Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2006 – 2008 жылдарға арналған болжамы
ЖІӨ-ге пайызбен
Атауы 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл
Кірістер 22,3 22,7 23,2
Салықтық түсімдер 21,3 21,5 22,0
Салықтық емес түсімдер 0,6 0,5 0,5
Негізгі капиталды сатудан 0,4 0,7 0,7
түсетін түсімдер

Әлемдік тауар рыноктарындағы қолайлы жағдай, халықтың өмір сүру
деңгейінің жақсаруы нәтижесінде ішкі сұраныстың артуы, инвестициялық
климаттың жақсаруы, индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыру
экономиканы дамытудың жоғары қарқынына және тиісінше бюджет кірістері
түсімдерінің ұлғаюына негіз болды.
Кірістер болжамының есептерінде жоспардан тыс салықтық және бюджетке
төленетін өзге де міндетті төлемдері Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына есепке алынатын мұнай секторы ұйымдарының тізбесі бойынша салық
түсімдерінің есебі бір баррель үшін 19 АҚШ доллары болатын мұнайдың әлемдік
тұрақты бағасы есепке алына отырып жүргізілгені ескерілді.
Салықтық түсімдер болжамында:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелеріне енгізілген,
тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу тәртібін
реттейтін, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы
№ 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй
құрылысын дамытудың 2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
(бұдан әрі – Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы) іске
асырудан түсетін қосымша салықтық түсімдер;
Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты Қазақстан халқына
Жолдауына (бұдан әрі – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы)
сәйкес мемлекеттік басқару және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің
жалақысын жоғарылатуға байланысты төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы
мен әлеуметтік салық бойынша қосымша түсімдер;
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Теңізшевройл ЖШС арасындағы
өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес
2007 – 2008 жылдары роялтидің 200 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қайтарылуы
ескерілді.
Бұдан басқа, салықтық түсiмдер Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есепке ала
отырып айқындалған әлеуметтік салық ставкаларының өзгеруiне түзетiлдi.
Залалды қызметіне байланысты салықтық емес түсімдердің
2006 – 2008 жылдарға арналған болжамында Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің кірісінен түсетін түсімдер болжанбайды.
Негізгі капиталды сатудан түсетін 2006 – 2008 жылдарға арналған
түсімдер Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
мақсатында тұрғын үй салуды қамтамасыз ету үшін бұрын республикалық
бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген қаражатты қамтиды.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамындағы мұнай және мұнай емес
секторлар кәсіпорындарынан түсетін түсімдердің арақатынасы 7-кестеде
көрсетілген.
7-кесте
Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы
мемлекеттік бюджет кірістеріне пайызбен
Кәсіпорындардан түсетін түсімдер 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл
Мұнай секторынан 22,5 18,6 16,3
Мұнай емес сектордан 77,5 81,4 83,7

Орта мерзімді кезеңде мемлекет саясаты мұнай емес секторды дамытуды
көтермелеуге бағытталады. Мұнай кірістеріне тәуелсіз салықтық базаны дамыту
экономиканы әртараптандыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді
және жүргізіліп жатқан фискалдық саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Өткен жылға қарағанда 2006 жылы мұнай емес сектордан түсетін түсімдер
18,2 %-ға, 2007 және 2008 жылдары тиісінше 21,8 %-ға және
19,6 %-ға өседі.
Әлемдік мұнай бағасы елеусіз төмендеген жағдайда мұнай өндірудің өсу
қарқыны ЖІӨ-нің өсу қарқынынан төмен болуы есебінен орта мерзімді кезеңде
мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін салықтар мен төлемдер түсімі азаяды.
Ұлттық қор көлемінің болжамы орта мерзімді кезеңде:
мұнайдың (Brent қоспасы) әлемдік бағасының тұрақты есепті әлемдік
бағадан асып түсуі нәтижесінде шикізат секторы ұйымдарынан түсетін салықтар
мен басқа да міндетті төлемдердің жоспардан тыс түсімдері;
республикалық бюджеттен берілетін, шикізат секторы ұйымдарынан түсетін
салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жоспарлы түсімдері көлемінің 10
%-ы мөлшерінде есептелген ресми трансферттер;
республикалық меншіктегі, тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын
мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, жерді сатудан түсетін түсімдер және
өзге де түсімдер есебінен күтіледі.
Бүгінгі таңда тұтастай қазақстандық экономиканың жай-күйін белгілі бір
дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуал айқындайды. Ұлттық қор табиғи
запастардың орны толтырылмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс
жоспарлау және мемлекеттік шығыстар көлемінің табиғи ресурстардың әлемдік
бағаларының күрт ауытқуларына тәуелділігін азайту мәселелерін шешеді.
Ұлттық қордың активтері жыл бойы 1,4 млрд. АҚШ долларына ұлғайып, 2004
жылдың аяғында 5 млрд. АҚШ долларынан асты.
Қолданыстағы заңнама жағдайларында Ұлттық қорға 2006 жылы
125,3 млрд. теңге сомасында немесе ЖІӨ-ге 1,6 %, 2007 жылы 118,5 млрд.
теңге (ЖІӨ-ге 1,3 %), 2008 жылы 119,4 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 1,2 %) түсімдер
болжанып отыр.
Көрсетілген болжамды түсімдер жағдайларында Ұлттық қордың жалпы
активтері (инвестициялық кірісті есепке алмағанда) 2006 жылы шамамен
932 млрд. теңгені, 2007 жылы 1 049 млрд. теңгені, 2008 жылы
1 168 млрд. теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бюджет
пен Ұлттық қор арасындағы өзара қарым-қатынастар тетігін жетілдіру жөнінде
жұмыс жүргізіп жатыр. Қор жинақтарын одан әрі қалыптастырудың оңтайлы
жолдарын және оның активтерін басқарудың тиімді әдістерін айқындауға
бағытталатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын
қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған
тұжырымдамасы әзірленуде.

4. Шығындар саясаты

2006 – 2008 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму
мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір
мезгілде орындауға негізделетін болады.
Тұтастай алғанда, орта мерзімді кезеңде жүргізіліп жатқан бюджет
саясатының жалпы бағыты сақталады және мыналарға:
денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
      бiлiм берудi дамытуға;
      әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетуге;
      индустриялық-инновациялық дамуға;
      аграрлық секторды дамытуға;
      жаңа тұрғын үй саясатын iске асыруға;
қоршаған орта сапасын тұрақтандыруға;
шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
Астана қаласын дамытуға;
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын
болады.
Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік бюджет шығыстары 2006 жылы – ЖІӨ-
ге 24,2 %, 2007 жылы – 24,5 %, 2008 жылы – 24,3 % болып болжанады.
Инвестициялық саясатты қалыптастыру, оның ішінде республикалық
бюджеттен инвестицияларды жоспарлау, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының орта мерзімді кезеңге арналған орта мерзімді жоспары
шеңберінде жүзеге асырылады.
Алдағы орта мерзімді кезеңде даму бағдарламалары шеңберіндегі
шығыстар саясаты мемлекеттік инвестицияларды пайдалану тиімділігін, бюджет
заңнамасының ережелерін қатаң сақтауды, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін
қаражаттың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы мен пайдалану тиімділігін
арттыруға бағытталған.
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер функционалдық тобы бойынша
шығыстар 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,4 %-ы, 2007 жылы – 1,5 %-ы және 2008 жылы –
1,3 %-ы деңгейiнде болжанып отыр.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентiнің Қазақстан
халқына Жолдауын іске асыру мақсатында мемлекеттік басқарудың ұйымдық
құрылымын оңтайландыру және біріздендіру, мемлекеттік органдар мен
мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін нақты
әрі оңтайлы қайта бөлу және бекіту, мемлекетке тән емес функцияларды
бәсекелі секторға беру арқылы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруді
көздейтін әкімшілік реформа бойынша жұмыс жүргізілуде.
   Әкімшілік реформаны толыққанды іске асыру функцияларды төмен тұрған
мемлекеттік басқару деңгейіне берумен қатар, тиісті ақпараттық-әдіснамалық,
материалдық қамтамасыз етуді және тиісті штат санын да беруді, сондай-ақ
республикалық меншікті жергілікті мемлекеттік басқару деңгейіне беруді
көздейді.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен сапасын бағалаудың бірыңғай
жүйесін әзірлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі міндеттерінің
бірі болып айқындалды. Соған байланысты мемлекеттік органдар қызметінің
тиімділігі мен сапасын бағалаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жөніндегі жұмыс
жүргізіліп жатыр, мұнда барлық: жоспарлау, іске асыру, қызмет нәтижелері
кезеңдерін қамтитын мемлекеттік органның қызметін толық ұйымдастыру,
қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін мемлекеттік орган
қызметін ұйымдастыру, бюджеттік және адами ресурстарды пайдаланудың
тиімділігі қамтылады.
Бұл шаралар функцияларды төмен тұрған, халыққа неғұрлым жақын
мемлекеттік басқару деңгейіне беру жолымен мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасын арттыруға, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету
жөніндегі жауапкершілігін жоғарылатуға, олардың тиімділігін арттыруға,
бюрократияны қысқартуға, қол жетімділікті жоғарылатуға, халықты мемлекеттік
қызметтермен толық қамтуға, әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатты жақсартуға,
инвестициялық ахуалды жақсартуға және басқаларға ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметтің қазақстандық жүйесі Орталық және Онтүстік-Шығыс
Еуропа мен ТМД мемлекеттерінің кейбір алдыңғы қатарлы елдері арасында
неғұрлым жедел қарқынмен дамуда және мықты институционалдық негізден бастау
алған. Соңғы жылдары басым болып отырған тұрақтандыруға және
институционалдық дамуға ден қою мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту үшін
негіз болды.
Мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеу жүйесін жетілдіру мақсатында
2000 жылдан бастап 2004 жылға дейінгі кезеңде жалақы төлеу жүйесін
реформалаудың екі сатысы жүргізілді:
бірінші сатыда базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын
коэффициенттерге негізделген жалақы төлеу жүйесі енгізілді;
екінші саты – жалақы төлеу жүйесіне жоғарғы, орта және төменгі
басқару деңгейлерін (буындарын) енгізу болды. Бұл шара мемлекеттік
қызметшілерді карьералық жоғарылауға ынталандыруға бағытталған.
Жетілдірудің үшінші сатысындағы мақсат мемлекеттік қызметшілерді
өнімділікке және орындалатын жұмыстың сапасына ынталандыруды жоғарылату
болып табылады.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес
2005 жылғы 1 шілдеден бастап бюджет саласы қызметкерлерінің және
мемлекеттік қызметшілердің жалақысы орта есеппен 32 %-ға көтеріледі.
2006 жылдың аяғына дейін жалақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде
ұсыныстар әзірлеу және 2007 жылдан бастап жалақыны орта есеппен 30 %-ға
ұлғайту жоспарланып отыр.
Осыған байланысты мемлекеттің әкімшілік қызметтерін жетілдіруге,
басқарудың бюрократиялануын азайтуға, мемлекеттік қызметтің біліктілік
деңгейін оңтайландыруға бағытталған шараларды пысықтау талап етіледі.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы
10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген, азаматтар мен ұйымдардың
мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрi сапалы қолжетiмдiлiгiн
қамтамасыз етуге, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен
қолдану жолымен мемлекеттiк органдардың жұмыс істеу тиiмдiлігін арттыруға
бағытталған Қазақстан Республикасында электрондық үкiмет қалыптастырудың
2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру
жалғасады.
Бұл бағдарлама шеңберінде электрондық үкiметтің базалық құрамдас
бөліктері, бұған электрондық үкiметтің порталы мен шлюзі жатады, банк
жүйесімен өзара іс-қимыл жасау үшін төлем шлюзі, ұлттық біріздендіру
жүйесі, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы құрылады.
      Қорғаныс функционалдық тобы бойынша шығыстар қорғаныс
қажеттілiктерiне, төтенше жағдайлардың алдын алуды және оларды жоюды
ұйымдастыруға, қорғалатын тұлғалардың қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге және
салтанатты рәсiмдердi орындауға арналған шығыстарды қамтиды және
2006 жылы ЖIӨ-нің 1,2 %-ы 2007 жылы - 1,4 %-ы және 2008 жылы 1,4 %-ы
деңгейінде болжау ұйғарылып отыр.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы №
334 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы
қорғаныс мұқтаждарына арналған шығыстарды жоспарлаудың негізi болып
табылады, бұған сәйкес қорғанысқа арналған шығыстардың көлемi кемiнде ЖIӨ-
нiң 1 %-ы мөлшерiнде көзделедi, мұнда Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерiн (бұдан әрі – Қарулы Күштер) құру, реформалау кезеңдерi мен әскери-
экономикалық қамсыздандырудың негiзгi бағыттары айқындалған.
Қарулы Күштердi жасақтау мен қалыптастырудың келiсiм-шарттық жүйесiне
көшу жолымен армияны кәсiбилендiру болжанып отырған шаралардың негiзгi
мiндетi ретiнде қойылады, оның мақсаттары бөлiмдер мен бөлiмшелердiң әскери
дайындығын жоғарылату, әскери-оқытылған резервтi дайындау, әскери қызметтiң
және тұтастай Қарулы Күштердiң беделiн арттыру болып табылады.
Қарулы Күштердi құру мен дамытудың өткен кезеңдегi тәжiрибесi
мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшілердi келiсiм-шарттағыларға ауыстыру
армия қызметiне оң әсер ететiнiн көрсеттi. Мысалы, Қарулы Күштерде адам
шығыны мен қылмыс саны азаяды, моральдық-психологиялық ахуал жақсарады.
Қарулы Күштердi жасақтаудың келiсiм-шарттық жүйесiне көшудi
2005 жылы солдаттар мен сержант лауазымындағы келiсiм-шарт қызметiнiң
әскери қызметшілерiнiң сандық құрамын штаттың 65 %-ына дейiн ұлғайту
жолымен жүзеге асыру және 2007 жылға дейiн осы пайыздық ара қатынасты
тұрақтандыру көзделіп отыр.
Жоспарланып отырған кезеңде Қарулы Күштердiң материалдық-техникалық
базасын жақсарту көзделуде. Бұл үшін қару-жарақ пен әскери техника санын
оңтайландыру жөнiнде шаралар қабылдау керек.
Қазақстан Республикасының халқын, экономикалық әлеуетi мен қоршаған
ортасын табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар әсерiнен тиiмдi
қорғауды арттыруға және қамтамасыз етуге, олардың салдарының, оның iшiнде
iрi көлемдi жер сiлкiнiстерiнiң, су тасқындарының, селдiң және жер
көшкiннiң алдын алу, залалды төмендету мен жою үшiн күштер мен құралдарды
дамытуға қол жеткiзу мақсаттарында Табиғи және техногендiк сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2005 – 2010 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрленуде.
Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздік функционалдық тобы бойынша
шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 2,0 %-ы, 2007 жылы - 2,3 %-ы және
2008 жылы - 2,2 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерiнiң
сыртқы және iшкi қауiптерден қорғалуын қамтамасыз ету үшiн әлемдегi
террорлық агрессия жағдайларында мемлекеттiң қауiпсiздігін қамтамасыз ету
мәселелерiнiң зор маңызы бар.
Жоспарланып отырған орта мерзімді кезеңде Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1355 қаулысымен бекітілген,
азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін тиiмді
қорғауды қамтамасыз етуге; қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы
өтiнiштер мен хабарламаларды шешу кезiнде заңдылықты сақтауға; қоғамдық
қауiпсiздiктiң тиiстi жағдайын қамтамасыз етуге; алдын алу қызметiн
жетiлдiруге; қылмыстарды мақсатқа сай әлеуметтiк-құқықтық алдын алуды
жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың
алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005 – 2007 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жалғасады.
Бұл бағдарламаны іске асыруға 2006 – 2007 жылдары 6,9 млрд. теңге бөлу
жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
31 желтоқсандағы № 1376 қаулысымен бекітілген, іс-шаралары түзеу
мекемелерiнде ұсталатын сотталғандарды ұстау жағдайларын, қоғамнан
оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындаудың сапасын жақсартуға
бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару жүйесiн одан әрi
дамытудың 2004 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасады.
Бұл бағдарламаны іске асыруға 2006 жылы 3 млрд. теңге бөлу жоспарланып
отыр.
Мықты әрі тәуелсіз сот билігі демократияның, адам құқықтары мен
бостандықтарының басымдылығын қамтамасыз етудің маңызды шарты болып
табылады.
Мемлекеттің қалыптасу және даму кезеңінде сот жүйесінің тиімділігін
арттыруға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылды.
Соттар тәуелсіздігінің кепілдігі қамтамасыз етілді. Мемлекет тарихында
тұңғыш рет жергілікті соттардың барлық судьяларын ел Президенті тұрақты
мерзімге сайлай бастады, кәсіптік жүйе құрылды, функциялары жалпы құқықтық
құзырлы соттарға беріліп, төрелік соттар таратылды, мамандандырылғын
ауданаралық әкімшілік және экономикалық соттар құрылды.
Сот жүйесін дамытудың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған,
оның негізгі міндеттерінің бірі сот төрелiгi органдарын жетiлдiру, ең
алдымен бірінші деңгейдегі соттардың (аудандық, қалалық соттар) қызметін
жетiлдiру болып табылады.
Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы объективтiлiктi, сондай-
ақ сот кесімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін сот өндiрiсiн
оңайлату, сот жүргiзу шеңберiнде және сот шешiмдерiн атқару кезеңiнде
азаматтар құқығына берiлетiн кепiлдiктердi күшейту, сот корпусының
тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету және қылмыстық сот жүргiзу мен сот шешiмдерi
шеңберiнде адвокаттардың рөлiн арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу
қажеттігіне баса назар аударды.
Алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында сот жүйесін жетілдіру
және судьялардың мәртебесін көтеру бөлігінде Қазақстан Республикасының
заңнамалық кесімдерін әзірлеу және қабылдау қажет.
Қылмыстық тергеуді жүзеге асырған және істерді сотта қараған кезде
заңдылық қағидаттарын нығайту үшін Қазақстан Республикасында халық
өкілдерінің әділ сотты жүзеге асыруға қатысуын көздейтін алқабилер соты
институтын енгізу мәселелері жөніндегі заң жобасы әзірленуде.
Атқарушы билік реформасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
шеңберінде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын
оңайлату және олардың арасындағы тікелей байланыстарды барынша азайту
мақсатында Халыққа жалғыз терезе қағидаты бойынша қызмет көрсететін
орталықтар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Білім беру функционалдық тобы бойынша шығыстарды
2006 жылы ЖІӨ-нің 3,8 %-ы, 2007 жылы – 4,4 %-ы және 2008 жылы -
4,4 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Бiлiм беру саласындағы бюджет саясаты әлемдiк білiм беру кеңiстiгiне
бiрiктiрiлген және әлемдік еңбек рыногындағы бәсекеге қабілетті мамандар
даярлауды қамтамасыз ететін білім берудің ұлттық моделiн қалыптастыруға
бағытталады.
Мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2004
жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында
бiлiм берудi дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы шеңберінде мынадай негізгі міндеттерді шешу:
барлық балалардың мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізуін
қамтамасыз ету;
20082009 оқу жылынан бастап 12-жылдық жалпы орта білім беруге көшу;
жоғары буын оқушыларын бейінді және кәсіптік бағдарланған оқыту
жүйесін құру;
кәсіптік және техникалық білім беру саласында білікті жұмысшы
кадрларды даярлаудың жаңа ұстанымдарын қалыптастыру;
жаңа – ортадан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейін құру;
академиялық кредиттер жүейсіне негізделген кәсіптік кадрлар даярлаудың
үш деңгейлі – бакалавриат – магистратура – докторантура (Ph.D) жүйесін
қамтамасыз ету;
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру көзделіп отыр.
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдары желісін кеңейту;
балалардың 30 %-ын мектепке дейінгі ұйымдармен қамту есебінен атаулы
әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларды білім беруде
қолдау жүйесін құру;
мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім берудің ұлттық білім
беру мақсаттарының жүйесін белгілейтін, бітірушілердің базалық құзыреті
түріндегі нәтижеге бағдарланған жаңа стандартын әзірлеу;
білім беру сапасын ішкі және сыртқы бағалауды енгізу, оқушылардың оқу
жетістіктерінің деңгейін айқындайтын стандартталған бағалау құралдарын
жетілдіру;
білім беру бағдарламаларын әртараптандыру және олардың икемділігі,
жоғары оқу орындарын қайта құрылымдау және академиялық еркіндіктерді
кеңейту негізінде кәсіптік жоғары білім беру сапасын жоғарылату;
жаңа магистрлік бағдарламалар бойынша кадрлар даярлау;
ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы деңгейіндегі орта мерзімді жоспарлау мәселелері
Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі
Мемлекеттік басқарудағы индикативтік жоспарлаудың теориялық негіздері
Республикалық маңызы бар қала бюджеті
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстанның инновациялық дамуының теориялық моделін
Бюджеттік жоспарлау мен болжау
Ауылдық тұрғындар орындарының теориялық негіздері
Білім беру мен денсаулық сақтау салаларына талдау жасау
Фискалдық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары
Бюджеттік болжау мен жоспарлау
Пәндер