Тараз қаласының қысқаша тарихы



Жоспар:
КІРІСПЕ (3 бет)
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1)Тараз қаласының қысқаша тарихы (4.5 бет)
2) Тараз . қазақ мәдениетінің алтын бесігі (5.8 бет)
3) Көне шахар астындағы тарих тұншықпасын (8.11 бет)

ҚОРЫТЫНДЫ (11 бет)
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
КІРІСПЕ (3 бет)

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1)Тараз қаласының қысқаша тарихы (4-5 бет)
2) Тараз - қазақ мәдениетінің алтын бесігі (5-8 бет)
3) Көне шахар астындағы тарих тұншықпасын (8-11 бет)
ҚОРЫТЫНДЫ (11 бет)


Кіріспе
Қалалардың да адамдар секілді жастары болады. Олар ежелгі, жаңа, жас болып ерекшеленеді. Ежелгі қалалардың біріне Тараз қаласы жатады. Қазақстанның бұл ежелгі қаласы тарихта көптеген атпен қалған: Талас, Тараз, Яны-Тараз, Наманган-Көше, Аулие-ата, Мирзоян, Жамбыл. Қаланың 2000 жылдық тарихы тікелей осы аттармен байланысты. Сол кезеңді қысқаша шолып өтейік.
Көптеген жылдар бойы ғалымдар Тараздың құрылған жылы жайында пікірталаста болды. Архелогиялық жазбаларға жүгінсек бұл қалаға халық б.э. 1 ғасырында қоныстана бастаған. Ірі ғалымдардың бірі, шығыстанушы В.В.Бартольд Тараз қаласы б.э.д. салынған деген. Өкінішке орай жазбалардың аздығынан Тараз туралы толық мәлімет жоқ. Дегенмен, архелогиялық қазбалардың деректеріне жүгіне отырып, біздің ежелгі қаламыздың қай жылы кіммен соғылғанын білуге болады.
Б.э.д. 1 ғасырдың соңында Талас пен Сырдария өзендерінің маңында Қаңлы көшпенді халқының мемлекеті өмір сүрген. Халық саны 600 000 адам, оның ішінде 120 000 әскер болған. Олар Жетісуда өмір сүрген Үйсіндермен жаугершілікте болған. Үйсіндер Қаңлыларды қыспаққа алғаннан кейін Қаңлылар Ғұндармен одақ құрмақшы болып, Ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді шақырады. Бұл оқиға жайында Л.Н.Гумилевтің Б.э.д. 36 жылдағы Таластағы соғыс дерегінде көрсеткен. Жазба деректерінде б.э.д. 55 жылы Ғұн мемлекеті солтүстік және оңтүстікке бөлінгендігі айтылады. Манғолияның солтүстік батысында, Қырғыз-Нұр өзенінің маңында Чжи-Чжи өзінің мемлекетін құрады. Осы жерден ол Үйсіндерге шапқыншылық жасаған. Чжи-Чжи мен Оңтүстік ғұндардың басшысы арасында бәсекелестік туындайды. Бұл кезде Чжи-Чжидің Қытаймен де ара-қатынасы нашар еді. Осындай жағдайда жүрген Чжи-Чжиге Қаңлылардың басшысының Таласқа шақыруы өте қолайлы ұсыныс болатын. 3000 қолмен келген Чжи-Чжи Үйсіндерге қарсы соғыста Қаңлы мемлекетіне көмектесе алмады. Сөйтіп, Чжи-Чжи мен Қаңлылардың ара-қатынасы үзіледі. Чжи-Чжи Талас өзенінің бастамасында қалып, өзіне қала соға бастайды. 500 жұмысшының қолымен 2 жыл соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Қаланың дуалы екі қабаттан тұрды - сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір деректерге сүйенсек, Талас деп атанған бұл қаланың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген. Чжи-Чжидің күшеюі Қытай империясын дүрліктіре бастады, сөйтіп олар соғысқа дайындала бастады. Қытай қолжазбаларында осы соғыстар жайлы көп деректер жазылған.Чжи-Чжи өз атымен көпке танымал болған деседі.
Негізгі бөлім
1)Тараз қаласының қысқаша тарихы
Тараз - Қазақстаннның оңтүстігіндегі қала, Жамбыл облысының әкімшілік орталығы. Талас өзенінің жағалауында орналасқан. Қала теңіз деңгейінен 490-700 м. биіктікте орналасқан. Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі болып саналады. Л.Н.Гумилевтың айтуынша Тараздың алғашқы ата Талас болған. Қытай деректерінде оның негізін б.з.б. 1 ғасырда ғұн билеушісі Чжичи қалағаны жайлы айтылады. 6 ғасырда Түрік қағандығына, 7 ғасырда Батыс Түрік қағандығына қарады. 568 жылы бұл қалада Византия елшісі Земарх болған. 630 жылы Тараз арқылы өткен будда монахы Сюань Цзянь оны сол кезде Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығы реінде сипаттайды. 751ж. Таразға іргелес жерде әйгілі Талас шайқасы өтті. Бұдан кейін Тараз қарлұқтардың, 10 ғ.да Қарахан мемлекетінің, 1041 жылдан Батыс Қарахан қағанатының иелігіне қарады. Махмұт Қашқари сол тұста қала тұрғындарының түркі және соғды тілдерінде сөйлегендігін айтады. 10 ғ.дағы араб географы әл−Макдиси Тараздың ірі бекіністі қала болғанын, оның төрт қақпасы бар екендігін және қала ортасында мешіттер мен сауда орындарының болғандығын, қала тұрғындарының тығыз орналасқандығы жайлы жазып қалдырған. 10-12 ғ.ларда Таразда сәулет өнерінің бірнеше тамаша туындылары тұрғызылды. Бұлардың ішіндегі ең ірісі - Әулие Ата күмбезі мен Тараз моншасы. Қала ішінде су құбырлары жүргізілді. 11-12 ғ.ларда қалада теңге шығарылды. 1125 жылы қаланы қарақытайлар жаулап алды. 1210 ж. Хорезм шахы Мұхаммед Самарқанд билеушісі Османмен одақтасып, қала маңында қарақытайлардың әскерімен шайқасып, оларды бұл өңірден ығыстырды. 1220 ж. қаланы Шыңғыс хан әскерлері басып алды. Тараз Шағатай ұлысына қарады. Тараздың орнына Яны (Жаңа) деп аталатын қала тұрғызылып, Дәуітбек мазары салынды. Қала Әмір Темірдің және жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде құлдырады. Зерттеушілердің пікірінше Абылай хан 1774ж. қаланы қалпына келтіруге өзіндік зор үлесін қосқан және ол қаланы Әулеата деп атаған. 1809 ж. қаланы Қоқан хандығы басып алып, онда Әулеата бекінісін салдырды. 1864 ж. мамырда патшалық Ресейдің полк. М.Г.Черняеев басқарған әскері басып алды. 1867 ж. Әулиеата уезі құрылып, оның орталығы осы қалада болды. 1914 жылы қалада 21мешіт, 3шіркеу, 1училище, 17фабрика мен зауыт, 1791тұрғын үй болды. 1871 ж. алғашқы кітапхана ашылды. 1917жылғы Ақпан төңкерісінен кейін қарады Әулеата уезінің Ұлттық кеңесі құрылды, оған Алаш қозғалысының қайраткері Ә.Кенесарин төрағалық етті. Кеңестік билік орнағаннан кейін 1918 ж. 11-16 маусым аралығында қалада Т.Рысқұловтың төрағалақ етуімен Әулиеата уезі қазақтарының сьезі өтті. 1936 ж. қаланың аты Әулиеатадан Мирзоян, 1938 ж. Жамбыл болып өзгертілді. Сол кезде қалада 4 кинотеатр, 4 клуб, 9 кітапхана, Қазақ драма театры, тарихи өлкетану музейі болды. 2 дүниежүзілік соғыс жылдарында қалаға жау басып алған өңірлерден 30 мыңнан астам адам орналастырылды. Соғыстың бас кезінде қалада 105 атты әскер дивизиясы жасақталып, 1942 жылы майданға аттандырылды. 1962 ж. суперфосфат зауыты іске қосылды. 1970-80 ж. мұндағы химия ондірісі КСРО-дағы сары фосфордың 40%-ын беріп тұрды. Таразда жеңіл өнеркәсіп саласының қарқыны артты. Қант зауыты жылына 100мың тоннаға жуық қант өндірді. 1997 жылы 8 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қалаға өзінің тарихи Тараз атауы қайтарылды. Қалада М.Х.Дулати атындаға Тараз мемлекеттік университеті, Тараз педагогикалық университеті, т.б. жоғары оқу орындары бар. 2000 жылы 25 қыркүйекте ЮНЕСКО-ның арнайы қаулысына орай Тараздың 2000 жылдық мерейтойы болып өтті.

2.ТАРАЗ - ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТIНIҢ АЛТЫН БЕСIГI
Ежелгi Тараз - Ұлы Жiбек жолын жалғап жататын турақты дипломатикалық және сауда-саттык қарым-қатынас жасалатың күре тамыры iспеттес. Бұл байланыс көпiрiнiң маңызы дүниенiң екi бөлiгi арасындағы материалдық ауыс-түйiспен ғана шектелiп қалмай, оның шеңберiнен алысқа кетiп жатты. Ол алуан турлi мәдениеттер мен халықтарды бiр-бiрiмен байланыстырып, сонау ежелгi заманнан берi идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретiнде қызмет етiп келдi. Тараз - Қазақстанның ортағасырлық қалаларының iшiндегi ең белгiлiсi, ең көнесi.
VII ғасырда Тараз Ұлы Жiбек жолы бойындағы iрi қалаға айналды. Осы кезден бастап ол кеңiнен мәлiм болады. IX-X ғасырларда Тараз одан әрi өсе түстi. Оның дәл сауда жолы бойында, егiншiлiкке қолайлы бай алқаптың ортасында, Талас Алатауындағы күмiс кендерiне жақын жерде орналасуы экономикалық және мәдени өрге басуға жәрдемдестi. Х ғасырда Әл-Максиди былай жазған: Тараз - бекiнiстi үлкен қала, бау-бақшалы, халқы көп, айнала ормен қоршалған, төрт қақпасы және рабады бар. Мәдина қақпасы алдынан өзен ағып жатады, ар жағында қаланың бiр бөлiгi орналасқан, оған өтетiн жол бар. Ал, базардың нақ ортасындағы үлкен мешiтi көрiнiп тұрады. Тараз қаласының орнын тұңғыш рет iрi ғалым Әлкей Марғұлан француз ғалымдары А. Ромоди, Шааванье Де Грата, академик Бартольд еңбектерiне сүйене отырып, көне екенiн дәлелейдi. Жазба деректер бойынша Таразда 568 жылы Византияның емшiсi Земархтың түркi қағаны Дизабулдың қабылдауында болуынан кейiн, бiр ғасырдан соң 630 жылы Қытайдың монахы Сюань Цзянь-Июаньнан батысында (Долос) қаласы орналаскан, қаланың аумағы 8-9шкм, онда әр елдiң саудагерлерi мен соғырлар тұрады, деп жазды. Осы кезден бастап қаланың аты тек өз өлкесiнде ғана емес, көршiлес мемлекеттерге белгiлi болды.
Тараз қаласының IX-X ғасырлардағы экономикасы мен мәдениетiнiң өркендеуiне негiзiнен ықпал еткен Талас аңғарындағы бай егiншiлiк алқап пен Талас Алатауының маңындағы күмiс өндiретiн кен орындарының дамуы болды. Тараз - Түркеш, Қарлық онан кейiн Қараханид мемлекеттерiнiң орталығы болып, өзiнiң бақыр ақшаларын шығарды. Ортағысырлық қалаға жүргiзiлген археологиялық қазбадан табылған қыштан жасалған су құбырлары, сәулет өнерiнiң дамығандығын дәлелейтiн құрылыс орындарының қалдықтары, тас төселген көшелер мен тротуарлар және қолөнер шеберлерiнiң қолынан шыққан көптеген бұйымдар, сөз жоқ, қаланың X-XII ғасырларда едәуiр гүлдене өскендiгiнiң куәсi. Қалада керуен сарайлары, iрi қоғамдық ғимараттар, қолөнершiлердiң шеберханасы, копестердiң дүкендерi мен көптеген қала тұрғындарының қажетiн өтейтiн кiшiгiрiм сауда орындары болған. Тараз қаласында мұсылман сәулет өнерiнiң iнжу-маржандары болып саналатын Әулие ата - Қарахан (XI ғасыр) және Дәуiтбек (XIII ғасыр) кесенелерiн айтуға болады. Тараз XIII ғасырдың аяғында моңғол империясының, одан кейiн Темiр империясының маңызды орталығы болып қала бердi. Кейiнiрек XVI ғасырда Жетiсуда Қазақ хандығы құрамына енген кезде де қала өз жалғасын тауып кеттi.
Қала 1856 жылы - Әулиеата деп аталды, 1936 жылы - Мирзоян аты берiлдi, 1938 жылы жыр алыбы Жамбыл есiмiн иелендi. Ал 1997 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республика Президентiнiң жарлығымен ежелгi аты қайтарылып, Тараз аталды. Тараз тарихы таусылмайтын тағлымға бай, тамыры тым тереңде жатқан көне қала. Ол әсiресе X - XII ғасырларда зор даму, гүлдену дәуiрiн басынан өткердi. Қарахан әулетi билеген тұста, ол осы бiр ертеғасырлық алпауыт мемлекеттiң астанасы болған. Тап сол кезеңде Тараз, түрленiп, түлеп күллi әлемнiң құрылымдық жүйесi, көше жолдары қала стилiндегi терең де бедерлi, сән - сәулетке ие болды. XII ғасырдың аяқ кезiнде бабамыз Қарахан дүниеден өткен кезде, оның қабiрi басына сәулеттi күмбез ғимараты салынады. Ол келе-келе қала тұрғындары мен қонақтарының бас иiп, мүнәжәт ететiн қасиеттi орынына айналған. Сөйтiп, мазар Әулиеата аталып кетедi. Бiрақ, кейiн монғолдардың жойқын шапқыншылығы кезiнде сол қасиеттi күмбез де, қала да тып-типыл болып қиратылған едi.
Кейiн жоңғарлардың ақтабан шұбырындысынан арылған, есiн жиған қазақтар 1809 жылы кесененi қалпына келтiрдi. Мiне, сол ғимарат Айша-бибi, Бабажа-қатын, Дәуiтбек (Шамансұр) ертеортағасырлық архитектуралық ескерткiштер күнi бүгiнге дейiн сақталып келедi. Айша бибi, Қарахан, Бабажа қатын, Тектұрмас сынды тарихи жәдiгерлерiмен әлемдi сүйсiнткен көне Таразды, шығыстың ұлы жұлдызы Фердауисидың жүрегiнен суырып алған, мына өлең жолдары тамсандырған бұл көне, қасиеттi Тараз. Сергiтер жүрек жарасын, Мөп-мөлдiр көздер қарасын Тараздан ғана табарсың деп оның табиғатына, тұрмыс тiршiлiгiне, тарихы мен салт-дәстүрiне, топырағына сүйсiнген. Осынау қасиеттi, шуақты Тараз қаласынан XI ғасырдың бiрiншi ширегiнде теңге сарайы табылған. Ортағасырлық қала тұрмысында түрлi қолөнер өндiрiсi: тоқыма, шыны үрлеу, зергерлiк, ұсталық ағашты және сүйектi бедерлеп ою маңызды роль атқарған.
Бабаларымыздың бұдан 2000 ж. бұрын да қала салып, металл қорытып, қыш ыдыстар ғана емес, құбырлар жасап су жүргiзгенiн, Тараз - Еуропа мен Азияны жалғастырған Ұлы Жiбек жолының ең елеулi қаласы болып, бүкiл түркi елiнiң экономикасы мен мәдениетiнiң дамуына зор үлес қосқан, әлемнiң бар түпкiрiнен саудагерлер ағылған, таразы сияқты салмақ өлшеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тараз қаласының физика-географиялық орналасуы
Тарихы терең - Таразым!
Ұлы жібек жолы жайында
Ортағасырлық Тараздың экономикалық және саяси мәдениетi
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗІНДЕ
Қазақстанның ең ежелгі қаласы
Тараз өңірінің архитектуралық ескерткіштері
Т а р а з
Қарлұқ мемлекетінің мәдениеті
Жібек жолы одан
Пәндер