Ғұн мемлекетінің саяси жағдайы



Жоспары:

КІРІСПЕ (3.бет)
НЕГІЗГІ БӨЛІМ (4.11 б.)
1ҒҰн мемлекетінің саяси жағдайы.
2.Қоғамдық құрылысы.
3.Ғұн дәуірінін ескерткіштері.
4Ғұн тілі.

ҚОРЫТЫНДЫ (12.бет)
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Б.з.б. І мыңжылдықтың Екінші жартысынан бастап Байкалдан оңтүстікке
қарай және Ордосқа дейін созылып жатқан дала және шөлейт аудандарда
қарабайыр мал шаруашылағымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі
тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. IV-III ғ. Солтүстік
Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және
Дунху бірлестіктері еді. Қытай тілінде сюнну деген атау солтүстікте- гілер
деген мағынаны білдіреді.Сюннулар хунну немесе ғұндар деп аталады, әсіресе,
б.з.б. ІІІ ғ.мейлінше күшейді.Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны
белгісіз. Ғұн деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан
шыққан деп болжам жасалынды.Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар, гуй фаң,
гун руң, хун ю, шиан ю, шиұң ну секілді атаулармен берілген.Жалпы
қытайлар өздерінің солтүстік, солтүстік батысында тұратын халықтарды ху
жабайылар деп атаған.
Ғұн тайпаларының пайда болуы туралы түрік тарихшысы Баһаеддин Өгел
Шығыстанушы О.Франконың мына пікірінің дұрыс екендігін ұсынады. Хұндардың
ата-тектерінің кім болғанын кесіп пішіп айта алмаймыз.Бұл есім күллі сиыршы
(малшы) тайпалардың бәріне берілген ортақ жалпы есім болуы әбден мүмкін.
Олар орманды, далалы өлкедегі ата қоныстарынан оңтүстікке қарай
жылжып,егінші тайпаларды басып алып иеленіп отырды. Хұн аты әр текті
тайпаларды тұтастай қамтыған кең мағыналы жалпы ат болып табылады. Бұлардың
түп негізі түрлі-түрлі жағдайлар мен қилы-қилы замандардан өткен
түріктерден құралғандығы шындыққа жақын.Б.Өгел Жұн мен ти тайпаларын кең
ауқымды қамтыған этникалық атау деп, бұлардың ішінде хиенұндардың
болғандығын жазады.Осы Жұн,ти,хұн тайпалары б.д.б. 934-910 ж. Жу патшасы
Идің тұсында қытайды бағындыру жорығына аттанған,нәтижесінде қытайлар ауыр
зардапқа ұшыраған.Мұндай шапқыншылық б.д.б. 822 ж. қайталанған. Осындай
қайғылы оқиғалар қытай ақындарының жырларында айтылып отырған.
Онда Үйіміз қайда қалды, ата-мекеніміз қайда қалды?
Осының бәрі Хиенйұндардың кесірінен болды десе,

Екінші бір қытай ақынының өлеңінде:
Хұндар кірді баса-көктеп ақырып,
Енді асығыс аттанбақпыз,
Астананы құтқарамыз жаулардан-деген шумақтардан Хұн атауларының
б.д.б. ХІ-Х ғ. Жұн,ти тайпаларымен қатар аталып жүргенін байқатады.Ал
қытайдың атақты Шы-жи Тарихи естеліктер немесе Тарихнама шежіресінде
Хұндардың ежелгі ата-бабалары б.д.б. ІІ м.ж. Шиа династиясынан шыққан Шүн
Ви атты бір адам.Алайда бұл деректің аңыздық жағы басым.Қорыта келгенде,
хұндардың ата-тегі жаңа тас дәуірінің кезінде-ақ айқын көріне бастаған.
Бұдан түркі дәуірінің алғашқы кезін көре аламыз.[4]

Негізгі бөлім

Ғұн мемлекетінің саяси жағдайы.
Жылнамалар бойынша ғұн тайпаларының бірігіп күшейген кезі б.з.б.
ІІІғ. Қытай жылнамаларының ішіндегі Тарихи жазба Сиұңну (ғұндар)баянында
ғұндардың Тумын деген тәңірқұты туралы жазылған. Міне,осы тәңірқұттың
кезінде ғұндардың мемлекеттігі айқын көріне бастайды. Тумынның бұйыруымен
Хиұңну мемлекеті дүниеге келеді Тумын кезінде Қытаймен жайылым үшін талас
болып, Чин династиясы кезінде Ордос аймағындағы жайылым жерлерден,Сары өзен
бойының солтүстік жағалауындағы жайылымдардан айырылып қалған. Өзінің
қартайғанын байқап мұрагер жағын ойластырады. Тәңірқұттың бәйбішесінен Мөде
деген бір ұлы болған, екінші әйелі Иаңжыдан Шаңзы есімді бір ұл
көреді.Тумын өзінің орнына соңғы ұлын қалдырудың қамын ойлап, үлкен ұлын
Дунхуларға (көрші ел) аманатқа береді. Ол барғаннан кейін оларға шабуыл
жасаған.Дунхулардың Мөдені өлтірмек болғанын сезіп,ол патшаның бір тұлпарын
ұрлап мініп еліне қашып кетеді. Мұны көрген әкесі оның ерлігін бағалап, 10
мың әскер беріп кіші хан етеді. Әкесінің ойын сезген Мөде әскерлеріне қатаң
тәртіп орнатып, жақсы шынықтырады. Ол сарнама жебе жасатып,жауынгерлеріне
өзі сарнама жебесін қайда атса,оларға дәл солай атуды бұйырады,кімде-кім
олай атпаса олардың басын алады. Сөйтіп бірінші рет өзінің арғымағына
сарнамасын бағыттайды. Жауынгерлердің біразы жүйрік арғымақты қимай атпай
қалады. Мөде олардың басын бірден алғызады. Екінші рет Мөде өзінің сүйікті
әйеліне сарнамасын бағыттайды. Не істерін білмей қалған бірнеше сарбаз тағы
атпай қалады.Олардың да бастары алынады.Үшінші рет Мөде әкесінің тұлпарына
сарнамасын бағыттайды. Бұл жолы жауынгерлердің бәрі бірдей атады. Мөде енді
жауынгерлерінің өзінің айтқанын екі етпей істейтіндеріне көзі жетеді.Бір
күні аңға кеткен әкесінің артынан іздеп барып сарнамасын әкесіне
бағыттайды. Жауынгерлері оған бір кісідей садақ тартады. Мөде оларға келіп
өгей шешесі мен інісін өзін тыңдамайтын,бағынғысы келмейтін ақсүйектердің
бәрін өлтіруге бұйырады. Сөйтіп Мөде б.д.б. 209 жылы өзін тәңірқұт деп
жариялайды.
Алайда бұл жағдайды естіген дунху билеушісі,өзінің дәуірлеп тұрған
кезінде Мөдеге елші жіберіп, Түменнен қалған күніне мың ли шабатын тұлпарын
беруді талап етеді (1000 ли-450 км-ге тең). Мөдун уәзірлерін шақырып алып
ақылдасады. Уәзірлер тұлпарды беруден бір ауыздан бас тартады. Мөде бір ат
үшін көрші елмен араз болмайық деп беріп жібереді. Ғұндардың мақтаныш тұтып
жүрген атын бергені Мөденің қорыққаны деп ұққан дунху ханы біраз уақыттан
кейін елші жіберіп, Мөденің бір сұлу әйелін берсін дейді. Мөде уәзірлерін
жинап ақылдасады. Уәзірлер бұл барып тұрған ұятсыздық онымен соғысу керек
дейді.Мөде бір әйел үшін соғысқанымыз болмас деп, әйелін де беріп жібереді.
Дунху билеушісі бұдан кейін бұрынғы-дан да астамсып кетеді. Енді дунху
билеушісі екі елдің арасында ешкім пайдаланбай жатқан тек қарауылдар
тұратын мың ли жер бар ғой соны маған берсін деп елші жібереді. Мөде
кеңесшілерін шақырып алып,жағдайды айтып кеңеседі.Кеңесшілердің біразы ол
жер шынында бос жатқан жер беруге болады деседі.Мөде қатты ашуланып, Жер
деген мемлекеттің негізі ғой оны қалай беруге болады деп,жерді берейік
дегендердің басын шапқызады. Мөде тәңірқұты дереу жауынгерлерін атқа
қондырып, астамсып ешнәрседен қауіпсіз жатқан Дунху ханның шаңырағын
ортасына түсіріп, жандарын тоз-тоз етіп малын айдап алады.
Жоғарыдан келтірілгендерден нені көруге болады, Біріншіден,билік
үшін тақ таласы,екіншіден,елдер арасындағы саяси бақталас,үшіншіден
мемлекеттік құрылым,төртіншіден жердің мемлекеттік негізі екендігі. Жер
жақсы болсын,жаман болсын оны ешкімге беруге болмайтындығы. Олай болса,
Тумын мен Мөде тәңірқұттың кезінде мемлекеттік басқару ұйымы болды дейміз.
Мөде тәңірқұты қайтар жолында жыужыларға тиісіп,оларды шығынға
ұшыратады. Ол сары өзеннің оңтүстігіндегі Ордосқа дейін жорық жасап өзіне
бағындырады. Қытайлардың әкесінен тартып алған жері бәрін қайтарып алады.
Хан Ваңымен іргелес болады. Міне,бұл кезде Мөде тәңірқұттың 300 мыңнан
астам әскері болды.Бұл сан әрине артықтау.Дегенмен Мөде билік жүргізген
тәңірқұт мезгілі,оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке
айналдырған.Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай, Саян Алтай тауларына
дейін шабуыл жасап, Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Банды да
жеңіп, оларды өзіне бағынышты етеді. Қытай патшасы ғұндардың Тәңірқұтына
қыз беріп, алым-салық төлеп тұруға мәж- бүр болған.Сөйтіп, Байқал көлінен
Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхе өзенінің орта ағысына дейінгі
аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде Ғұн державасы пайда болған. Жаулап
алған елдердің тізімінің ішінде Солтүстік шекарада Кюеше-Қыпшақтары,
Қырғызнор көлінің төңірегіндегі қырғыздарды да жаулап алғаны
байқалады.Бұдан б.д.б. ІІғ. өзін-де қыпшақ, қырғыз елдерінің өз алдына
тайпалық дәрежеде өмір сүргендерін байқауға болады. Мөде тәңірқұты
солтүстік,солтүстік батысты жаулап бол- ған соң осы кезедгі (б.д.б.202)
Қытайда болып жатқан азамат соғысын пайда-ланып қалуды ойластырады. Б.д.б.
200 жылы қыста Мөде тәңірқұтының әскері қытайдың солтүстігінен Хан
әулетінің жеріне кіре бастайды.Хан әулетінің патшасы Гаоцзу оларға өзі
қарсы шығады. Мөде өзінің дағдылы әдісі бойынша шегінген сыңай танытып,
қытайдың таудаулы әскер бөлімде-рін императордың бас болуымен Пинчек
қаласына жақын жердегі байдын деген қыстағына дейін әкеліп қоршап
алады.Бұларды Мөденің қара,жирен,ақ сұр түсті ат мінген әскери бөлімі
қоршауға алады. Жауынгерлердің мінген аттарының мұндай түрге бөлінуінің
өзінде бір әскери құпия бар секілді. Сонымен Қытай әскерлері 7 тәулік бойы
еш нәр татпай ашығады,оның үстіне ғұн әскерлері шабуыл жасап үрейлерін
алады.Алайда қытай тыңшылары Мөденің әйеліне жол тауып,оған пара
береді.Әйелі Мөдеге қытай жерін алғаныңмен онда тұра алмайтының белгілі,
одан да бітімге кел деп ақыл айтады. Мөде де мұны ойластырып ақылға
келеді.Өзіне келетін көмектің келмеуі Хан Синьді екі жүзді деп,соғысты
тоқтатуға мәжбүр болған екен. Деректерге қарағанда бұл жорық Мөденің аса
ірі жорығының бірі болған.
Кытаймен жағдай аз болса да жақсарғаннан кейін Мөденің мазасын
алған юечжилер болды.Алайда б.д.б. 177 ж. ғұндардың қытаймен шекарасын-
дағы бір ғұн князі Қытайға басып кіреді. Қытайдың Вэнди басқарған 85 мың
әскері қарсы шығады,бірақ ғұндар соғыспай шегініп кетеді. Бұл жағдай туралы
ғұн елшілері қытай патшасынан кешірім сұрап барады. Ғұндардың күш-қуатын
ескерген қытай өкіметі кешірімді қабыл алады. Ал кінәлі князді шекарадан
алып Батысқа жөнелтеді.Ол жақта юечжді жеңіп өз кінәсін жуады. Сөйтіп,
қытай мен ғұндар арасындағы қарым-қатынас қайта қалпына келтіріледі.
Б.д.б. 174 жылы кейбір деректерде б.д.б. 175 ж. Мөде тәңірқұты қаза
болады.Оның орнына Лаушаң деген баласы тәңірқұт болып сайланады. Ол
әкесінен қалған ұлы мемлекетті мирас етумен бірге бірнеше күрделі мәселені
шешуге атсалысады.Оның біріншісі-батыс шекараны қорғау.Онда бұрыннан жау
болып келе жатқан үйезлерді тыныштықта ұстау.Бұл мәселені Лаушаң орындайды.
Оларды жеңіп билеушісінің басынан шарап ішетін зерен жасатады.Бұдан
шошынған Үйезілер Орта Азияға қарай біржола ауып кетеді, ал Жерінде
қалғандары Үйсіндерге сіңісіп кетеді.
Б.д.б. 72 ж. Хан патшалығы Үйсіндермен біріге отырып,ғұндарға үлкен
соққы береді.Ғұндар бұл соққының әсерінен 40 мыңдай адамнан,700 мыңдай
малынан айырылады.Бұны байқаған динлиндер б.д.б. 71 ж.солтүстігінен,
ухуәндар шығысынан,үйсіндер батысынан шабуыл жасап мүлдем әлсіретеді.
Біздің заманымызға дейін 1 ғасырдың орта шеніне қарай империяға айналған
ғұндар мемлекеті толассыз қанды соғыстан, ұшыға түскен тақ таласынан, бір
орталыққа бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей бастады.
Нәтижесінде біздің заманымызға дейін 56 жылы ғұндар Хуханье бастаған
оңтүстік жене Чжичжи (Шөже) басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді.
Оңтүстік Ғұндар Ордос өңірін мекендеп қалды да, солтүстік ғұндар өз
тайпаластарының қысымымен Саян және Байкалөңіріне ығысты. Біздің
заманымызға дейін 49 жылы Чжичжи Хань империясының боданына айналған
оңтүстік ғұндардың жерін басып алуға, сол арқылы бірлікті қайта
орнатуға әрекет жасады. Бірак оның бұл әрекетінен нәтиже шықпады. Солтүстік
ғұндарды 87-93 жылдары қытайлардың сяньби және динлин тайпаларының
бірлескен одағы талқандалды. Жеңіліске ұшыраған солтүстік ғұндардың бір
бөлігі 5 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияда өз мемлекетін құрып,
Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды. Хань
империясының бодандығындағы оңтүстік ғұндар 304 жылы көтеріліс нәтижесінде
Лю-хан атты өз мемлекетін құруға мүмкіндік алды. 318 жылы Лю-хан мемлекеті
Үлкен Чжао және Кіші Чжао болып екіге бөлінді. 329 жылы Кіші Чжао Үлкен
Чжаоны және солтүстік Қытайды бағыңдырды. 350 ж. шыққан тегі қытай болып
келетін Кіші Чжаоның қолбасшысы Жан Мин мемлекет билігін тартып алын, Кіші
Чжаодағы ғұндардың көп бөлігін қырып тастады. Бұл көп ұзамай Кіші Чжаоның
құлауына алын келеді. оңтүстік ғұндар 4 ғасырдың соңына қарай қайта күшейе
түсті. 5 ғасырдыңдың бас кезінде олардың әйгілі қолбасшысы Хэлян Баба Ся
патшалығын, ал Мэн Сун көсем Бэй Лян патшалығын құрды. Ордос пен Нанынан
(қазіргі ҚХР-діңГаньсу провинциясы) өңірінде құрылған осы екі мемлекет 439
жылы тобғаштардың (тоба) шабуылы нәтижесінде қирады. Солтүстік ғұндардың
Еділ-Жайықтағы үлкен бөлігі 4 ғасырдың 2-жартысында Қара
теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі өлкені бағындырды. Сарматтарды тізе
бүктірген соң аландарды талқандады. 375 жылы остгот, герул, генид, сақ
тайпаларын бағындырын, Қап тауына жорық жасады. Ғұндардың Батысқа жорығы
"халықтардың ұлы қоныс аударуына" түрткі болды. Ғұндар Еуропада өз
империясын құрды. [3]

Қоғамдық құрылысы.

Сюнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт
экзогамиялық билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде
былай делінген: Хуянь руы, Лань руы, олардан кейін Сюйбу руы пайда болды;
оларда ең атақты тармақтар да нақ осы үш әулет. Бұл орайда сол қанатты
құрайтын Хуянь руы ең атақтысы болган, ал Лань және оған еншілес Сюйбу он
қанат болған. Бір қызығы, шаньюйлік Люаньти руы атақты ру деп аталмаған. Ал
Хуянь мен Лань шаньюймен құдандалы туыс болған. Біздің заманымызға
жақындағанда құдандалы туыстық біраз өзгерген. Оңтүстік сюннулерде шаньюй
руы Сюй-Лянь-ти деп атала бастады, баска ақсүйектер әулетінен Хуянь, Сюйбу,
Цюлинь және Лань аталған. Осы төрт әулет олардың елінде атақты рулар болды
және әдетте шаньюймен құдандалы туыс еді. Онда бұдан әрі былай делінген:
Хуянь руы сол (яғни шығыс және үлкен) қанат, ал Лань және Сюйбу рулары оң
(яғни батыс және кіші) канат болды. Тағы екі ғасырдан кейін олардың
патшалық руы алмасқан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ең
атақтысы енді Дугэ (Туглаг) руы болып шыгады, ол ең батыр және ұлығы
болды, сондықтан шаньюйлер солардан шықты. Олардың атақты төрт руы Хуянь
руы, Сюйбу руы, Лань руы, Цяо (Цюлинь) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Ғұндар Саяси тарихы
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ежелгі түркілердің дипломатиясы
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы жөнінде
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Қаңлылар жайында
Ғұн мемлекетінің этникалық және саясты
Қарақытай мемлекеті
Пәндер