Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері



Аралас экономика
1. Аралас экономика
2. Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері
3. Аралас экономиканың белгілері
4. Аралас экономикадығы мемлекет

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер:

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қанатқызы Алтынай
Есеп және Аудит11Қ1
Тақырыбы: Аралас экономика
Сұрақтар:
1. Аралас экономика
2. Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері
3. Аралас экономиканың белгілері
4. Аралас экономикадығы мемлекет
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Я. Әубәкіров Экономикалық теория негіздері Алматы 2004ж.
2. К. Р. Макконнелл, С.Л. Брю, 14-издание, Экономикс, Москва - 2003.
3. Шеденов Қ. Жалпы экономикалық теория Ақтөбе - 1999
4. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев Экономикалық теория, оқу құралы
5. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева Жаңа кезең - экономикалық теориясы (оқулық), Алматы Данекер 2004ж.

I. Аралас экономика
Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатарларында да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын мынандай қорытындыға итермеледі: Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы азаматтық құрылымының интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа түріне өтудің куәсі болар... Ол экономикалық тиімділікті терең түсінгені ізгіліктен қосуға бағытталған. Мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі өзгерісті мәнді мойындау бар.
Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар, жай ғана модификация емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысын - аралас экономиканы туғызады.
Тауарлы өндіріс - аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.

II. Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері

1. Аралас экономика жүйесінің басты ерекшелігіне келсек, мұндай экономикалық жүйеде жоспарлы экономиканың элементтері нарықты экономиканың элементтерімен қатар қалыптасады және қандай да болмасын әлеуметтік-экономикалық даму негізін салады. Аралас экономика жүйесінің басты негізі - жартылай мемлекеттік, жартылай жекеменшік жүйесі болып келеді. Мысалы, Швецияда, жалпы Скандинавия елдерінде аралас экономика жүйесі өткен ғасырлар бойы дамып келеді. Соның негізінде осы елдерде аса жоғары деңгейде әлеуметтік-экономикалық даму қамтамасыз етіліп, нақтылы өмір жүзінде көрсетіліп отыр. Аралас экономика жүйесінің нұсқасы, механизмі негізінде - тұрақты капиталдың, онда ең бірінші инвестициялық процесс арқылы, немесе өндіргіш күштерді толық пайдалану арқылы халық шаруашылығын өркендетуде, жалпы экономиканы өрлеу деңгейінде тұрақты өсіруде, күрделі қаржыны экономикалық тұрғыдан тиімді пайдаланып, барлық халық шаруашылығының потенциалын, әлеуметтік сапасының салаларын құрып, іске қосып жұмыс істету - өндіріс пен экономиканы өркендету. Осындай негізде, осы кездегі нақтылы өмір жүзінде орын алып, ондағы жалпы өнім көлемінің өсімі ең жоғары деңгейге жетті.

2. Салыстырмалы қосымша құн өндіру әдісін қолдану ең маңызды шара. Оның негіздері:

а) жұмысшының еңбек өнімін арттыру арқылы қажетті уақытын кемітіп, қосымша уақытын көбейту;

ә) өндірілген тауардың құнын, тауардың қоғамдық құнынан әр түрлі жолдармен кеміту нәтижесінде алынатын құнды арттыру;

б) жұмысшының жұмыс күнін ұзарту арқылы өндірілген қосымша құн.

Аралас экономика жүйесінің сипаттамасының қатарында басты мәселе - экономикалық нұсқаны құрудағы кезеңнің мазмұны болып келеді. Жоғарыда қаралған аралас экономика жүйесінің басты ерекшеліктері - осы экономикалық жүйеде жоспарлы экономикалық элементтер, үлгі механизмдер, нарықтық экономиканың методологиялық негіздері қалыптасады. Ол жүйеде бұл қатынас, әсіресе меншік үлесі, дәл, нақты үйлестіріліп, сол деңгейде олардың әлеуметтік-экономикалық даму, атап айтсақ, мысалы жүз жыл бойы Скандинавия елдері, оның ішінде Швеция мемлекеті осындай аралас экономика жүйесінің негізінде дамып, әлемдік деңгейде өркендеу, даму тәжірибесін іс жүзінде көрсетіп келеді. Осы кезеңде аралас экономика жүйесінің элементтерін пайдалануда социалистік елдер де кездесіп отыр. Бұл жерде Қытай Халық Республикасын айтуымызға болады. Қазіргі жағдайдағы тәжірибеге сүйенсек, ол аса ірі әлем елдерінің біріне айналды. Экономикалық дамуы осындай жүйе механизмін қолданған осы және басқа елдерде жалпы дамуы аса жоғары дәрежеде болып келе жатқаны мәлім. Аталған жүйелердің ішінде ең жоғары деңгейдегі даму - аралас экономикалық жүйесі, яғни жартылай мемлекеттік және жартылай жекеменшік жүйесі болып келеді.
Қандай да болмасын экономикалық нұсқаны құрғаннан кейін, оның шынайы күнделікті өмірде экономикалық даму деңгейін салыстырмалы түрде айналуы, жалпы экономикада кіріс пен шығыстың деңгейін шығару, теңестіру болып келеді. Ондай теңестіру осы көрсеткіштердің жалпы техника экономикалық көрсеткіштердің экономикалық дамудағы барлық ресурстарды толық пайдалану негізінде жасалады. Экономикалық есептеу - талдауда экономикалық нұсқаны құрып, іске асыруда тұрақты әрбір кезеңде модульдерді қайта есептеп, түзетіп, жаңартып, өмір ағымымен байланыстырып отыру керек. Әсіресе, мынадай мәселелерге жауап беруге тиісті: қабылданған шешім бойынша; экономикалық нұсқа бойынша; өндірістік шаруашылық мекемелерде, ондағы еңбек өнімділігі жалпы табыс-кіріс, шығын, қорыта келгенде, жалпы пайда, таза пайда қаралады. Осындай мәселелерді шешу үшін және экономикалық нұсқаларды тұрақты экономикалық талдау - есептеу, тұжырымдау және шешім қабылдау қажет болады. Мұндай экономикалық жүйеде жоспарлы экономиканың элементтерін нарық экономикасы жүйесімен қатар қалыптастыратын нақты негізде, олардың аралас жүйесі қалыптасып, қандай да болмасын елде даму негізін салады. Мұндай елдер жайлы жоғарыда айтып кеткен болатынбыз.
Жаңа заманда әлем елдеріндегі жүйелерді экономикалық теория тұрғысынан қарағанда, макроэкономика, оның жалпы ел экономикасы деңгейінде болатындығын және методологиялық негіз және сол деңгейде экономикалық көрсеткіштер жүйесі болады. Теория бойынша саясаттың экономикаға тікелей әсерінен саяси экономика - объективтік ғылым болып табылады. Ал, аралас экономиканың нұсқалары макроэкономикалық теориясыз, ғылымға айналған теориясыз еркін бағалау негізінсіз нұсқалар құрып даму мүмкін емес.
Макроэкономика үш бөлімнен тұрады:

1. Қарапайым және фундаментальды, макроэкономиканың функционалдық нұсқасы;

2. Нарықты нұсқа жоспарлы және аралас нұсқасымен салыстырмалы түрде алғанда;

3. Әртүрлі нарықтарды экономикалық талдау, яғни микроэкономикалық теория.

Егер де аралас экономикалы жүйелерді алсақ, оның қарамағында конъюктуралық саясат, оны мемлекеттік сектормен қаржыландыру және макротеория негізінде макроэкономикалық талдау жасау. Қандай да экономикалық жүйе болмасын оны құруда, өндірістік қатынастар мәселесі, экономикалық теорияның негізін қамтамасыз ету қажет. Онда:

а) қоғамдағы өндіріс процесінде өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынуда - адамдардың санасы мен еркінен тыс пайда болып, олардың арқасында қалыптасатын экономикалық қатынастар жиынтығы;

ә) қоғамда өндіріс процесінде өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынуда - адамдардың санасы мен еркіне байланысты пайда болатын, оларда реттелетін экономикалық қатынастар.

Осы аталған өндірістік қатынас ең бірінші, өзгермелі капиталды пайдаланумен тікелей байланысты, оның басты нақты дәлелдері, біріншіден, бұл жұмыс күшін сатып алуға жұмсалатын, әр өндіріс процесінде өсіп ұлғаятын капитал. Сонымен қатар, ол айналымы капитал ретінде өз құнымен дамып, өнімге біртіндеп өткізетін заттар болуы және өндіріс құрал-жабдықтары түрінде болатын, өндіріс процесінде өз құнын өзгертетін бөлігі, жұмыс күші - тауардың тұтынуын қамтамасыз ететін негізі болады. Өзгермелі немесе айналмалы капитал, өзі жұмыс күші құнынан артық жасаған, еңбек ақы төленбеген еңбегі арқылы жасалатын құн негізінде болуы. Осыған байланысты жұмысшының және оның жанұя мүшелерінің өмір сүруі үшін қажетті тіршілік заттарының құны. Өндірісте өінм өндіруде аталған капитал, еңбек процесінде жұмысшының өзінің жұмыс күші құны мөлшерінен артық қосымша құн өндіру қабілеті ретінде туындайды.

III. Аралас экономиканың белгілері
Аралас экономиканың алғашқы көрінісі - экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен көрінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т.б. шаралар кіреді. Аралас экономикаға тән белгінің бірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Аралас экономиканың моделдері
Аралас экономика жүйесі
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Экономикалық жүйе модельдері: жоспарлы, рыноктық, аралас
Экономикалық жүйелердің мінездемесі мен оның ерекшеліктері
Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
Аралас экономиканың қалыптасуының теориялық ас – пектісі
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
Пәндер