Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері.
1. 1 Қаржылық есеп берудің маңызы.
1. 2. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар.
1. 3 Қаржылық есеп берудің мақсаттары.
ІІ Бөлім.
2. 1 Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың
мерзімі.
2. 2 Қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру.
2. 3 Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну .
ІІІ Бөлім
Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі.
3. 2 Қаржылық салымдарының есебі.
3. 3 Қаржылық салымдары шоттары бойынша жүргізілетін операциялар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жылдам шешім қабылдаудың негізі - толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз - меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады. Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.
Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты - оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда, тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.
Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:
Меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;
Кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;
Жергілікті қаржы органдарына;
Мемлекеттік статистикалық органдарына.
Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық-экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады.
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қауымдастыққа кіруіне байланысты барлық пайдаланушыларға, әсіресе шетелдік инвесторларға түсінікті бухгалтерлік есеп жүргізудің және қаржылық есеп беруді жасаудың қағидаларын жетілдіруге белгілі бір талаптар қойыла бастады. Шетелдік инветорлар қазақстандық ұйымдарға ақшалай қаражат сомасын салғаннан кейін олардың барлығына түсінікті есептілік табыс ету қажет болды. Осыған байланысты қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары (ҚЕҰС) жалпы қабылданған кәсіби іскерлік қарым-қатынас жасау тілі болып табылады.
Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары (ҚЕҰС) - бұл бүкіл әлемде ұйымдардың қаржы есептерін жасау үшін қаржы-шаруашылық операцияларын тануға, бағалау мен ашып көрсетуге талаптар қоятын ережелер.
Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары бойынша кеңесімен құрастырылған ҚЕҰС бүкіл дүние жүзінде ұйымның қызметі туралы ашық және түсінікті ақпаратты, ұсыну үшін тиімді құрал ретінде танылады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан әлемдік үрдіс барлық елдердің қаржылық есеп берудің оның ұлттық стандарттарға сай жасауға көшуін қажет етеді. Барлық ірі индустриялық елдер өздерінің ұлттық стандарттарынан бас тартып бірыңғай ұлттық стандарттарға көшуде. Мәселен, АҚШ мамандары ҚЕҰС-пен жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп қағидаларын (GAAP) жақындастыру жөнінде жан-жақты жұмыс жүргізуде.
Біздің мемлекетіміз Тәуелсіздік алған сәттен бастап ұлттық тәжірибені зерттеу нәтижесінде өзінің бухгалтерлік жүйесін реформалауға кірісті. Есеп пен аудитті дамыту мен жетілдіруге байланысты нормативтік-құқықтық актілерді іске асыру мақсатында елімізде қаржылық есеп беруді ҚЕҰС-қа сәйкес жасауға бірте-бірте көшу жүзеге асырылуда. ҚЕҰС көшу есеп берудің өзінің дайындау принциптерін және оның сапасын бақылау - аудит принциптерін де өзгертеді.
Қаржылық есеп берудің стандарты - бұл бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржы есептілігін жасаудың қағидалары мен әдістері белгіленетін құжат.
Стандарттар ұлттық және халықаралық болады.
Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары - бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру саласындағы қызметті реттеудегі жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бекіткен стандарт болып табылады.
ҚЕҰС-ты әзірлеп, жетілдірумен Канада, Германия, Франция, Австралия, Мексика, Жапония, Ұлыбритания және Ирландияның, сондай-ақ АҚШ-тың бухгалтерлік органдары жасаған келісімге сәйкес 1973 жылғы 29 маусымда құрылған Ұлттық қаржылық есеп берудің стандарттары жөніндегі комитет (ҚЕҰСК) айналысты. 2001 жылғы сәуірден бастап көрсетілген Комитет осы стандарттарды бекітетін қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары жөніндегі комитет Қорының органы болып табылатын қаржылық есеп берудің стандарттары жөніндегі кеңес болып қайта құрылды.
ҚЕҰС - қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары жөніндегі комитет қабылдаған стандарттар мен түсініктемелер. Оларға:
1) Ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттары (IAS) ;
2) Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары (IFRS) ;
3) Түсініктеме түріндегі ресми құжаттар - қаржылық есеп берудің стандарттарын түсіндіру жөніндегі комитет дайындаған және шығаруға бекіткен ҚЕҰС-на түсініктемелер;
4) Түсініктеме беру жөніндегі тұрақты комитет дайындаған және ҚЕҰСК шығаруға бекіткен түсіндірмелер кіреді.
ҚЕҰСК әзірлеген ұлттық стандарттар жүйесі ұйымдардың қаржылық есеп беруін жасаумен байланысты барлық негізгі мәселелерді қамтиды.
Сонымен ҚЕҰСК 41 стандарт әзірледі, алайда нормативтік шаруашылық жүргізудің кеңеюіне орай олардың кейбіреуі алынып тасталды, сондықтан қазіргі кезде 37 стандарт, оның ішінде халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары 30 және қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары 7 қолданылады.
Қаржылық есеп беру мекеме қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды экономикалық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есеп беру белгілі жорамал негізінде құрастырылады, сапалы сипаттамаларға ие болады және белгілі элементтер жөнінде ақпарат болуы тиіс. Сондай-ақ мекеме басшылығына сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерін де көрсетеді.
1 - «Қаржылық есеп беруді ұсыну» IAS қаржылық есеп берудің ұлттық стандартына сәйкес жалпы мақсаттағы қаржылық есеп беру - бұл өздерінің нақты ақпараттық қажеттіліктеріне сай келетін есептіліктің ұсынылуын талап етуге мүмкіндігі жоқ пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған есептілік.
Қаржылық есеп берудің нысандары мыналарды қамтиды:
- бухгалтерлік баланс;
- пайдалар мен залалдар туралы есеп;
- ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;
- меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
- есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
Бухгалтерлік баланс мекеменің қаржылық есептілігінің негізгі нысаны болып табылады. Ол мекемелердің белгілі бір күнгі жағдай бойынша активтерін, міндеттемелері мен капиталын көрсетеді. Қаржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері активтер, міндеттемелер және капитал болып табылады.
Бухгалтерлік баланс көрсеткіштері актив және пассив болып бөлінеді. Бухгалгерлік баланстың активінде шаруашылық құралдардың жағдайын сииаттайтын көрсеткіштер жалпыланады, ал пассивінде ұйымның шаруашылық қызметіне қолданған шаруашылық құралдарының пайда болу көздерін сипаттайтын көрсеткіштер қарастырылады.
Баланстағы барлық баптар экономикалық мазмұны бойынша бес бөлімге топтастырылады: активінде екі бөлім: қысқа мерзімді активтер, ұзақ мерзімді актвитер, пассивінде үш бөлім: меншікті капитал, ұзақ мерзімді міндеттемелер, қысқа мерзімді міндеттемелер.
Бухгалтерлік баланс мынадай маңызды қызметтерді атқарады:
- менеджерлер мен иелерін ұйымның мүліктік жағдайымен қатыстырады;
- баланс бойынша ұйымның жақын арада алған міндеттемелерін өтей алатынын анықтайды;
- актив баптары мен оларды қалыптастыру көздерінің мазмұны ішкі және сыртқы пайдаланушыларға пайдалану мүмкіндігін береді.
Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесін бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері болып пайдалар мен залалдар танылады. Қызмет нәтижесі пайда және залал туралы есепте берілген мекеменің табыстары (кірістері) мен шығыстарының өзара байланысы болып табылады.
Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде кезең ішінде мынадай сомаларды көрсеткенде кем дегенде мынадай желілік баптар болуы тиіс:
- табыс;
- қаржыландыру жөніндегі шығындар;
- қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың пайдалары мен залалдарында үлес қосып қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес ескерілген мекеменің үлесі;
- салық бойынша шығыстар;
- тоқтатылған қызметтен алынған салық салудан кейінгі жиынтық пайда немесе залал;
- пайда немесе залал.
Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде мынадай баптар кезең ішінде пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашып көрсетілуге тиіс:
- азшылық үлесіне жатқызылатын пайда немесе залал;
- еншілес компанияның меншікті капитал иелеріне жататын пайда немесе залал.
Пайда мен зиян туралы есеп қаржылық есеп берудің маңызды құжаттарының бірі болып саналады, ол белгілі есепті кезеңдегі қызметтің нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы талдау тәжірибесінде шаруашылық ұйымның экономикалық тиімділігінің деңгейі жөніндегі ақпарат болып табылады. Ол қаржы нәтижелерін қалыптастыратын процестерді анықтап талдау және есепті кезеңдегі басқарушылық шешімдерді бағалау үшін пайдаланылады.
Кәсіпорынның жеткілікті төлем қабілеттілігі мен ұйым жұмысының жоғары пайдалылығының арасындағы оңтайлы балансты қолдау нарықтық экономиканың ең маңызды міндеті болып табылады. Осы міндет шешімінің негізгі көзі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп болып табылады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп 7 - «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» IAS қаржылық есеп берудің ұлттық стандартының талаптарына сәйкес жасалады да, есепті кезеңнің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынылады. Аталған стандартқа сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер өзіне ақша қаражаттарындағы өзгерістер мен операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен болған өзгерістерге бөліп, мекеменің есепті кезеңдегі ақша қаражатының баламалары туралы ақпаратты қамтиды. Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялаудан немесе басқа мақсаттардан гөрі қысқа мерзімді ақша міндеттемелерін өтеу үшін қолданылады.
Ақша қаражаттырының қозғалысы туралы есептерді жасаудың негізгі мақсаты мен қажеттілігі мекеменің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға мекеменің ақша қаражаттарын табу қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарына қажеттілікті бағалау үшін негіз беретіндігі мен пайдалылығында көрінеді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржылық есеп берудің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға мекеменің таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қызметі мен оның дамуы негізінен өзін-өзі қаржыландыру, яғни меншікті капиталдың есебінен жүзеге асырылады, тек меншікті капитал жетіспеген жағдайда ғана қарыз қаражат тартылады.
Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп І «Қаржы есептілігін ұсыну» IAS қаржылық есеп берудің ұлттық стандартына және Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандартына сәйкес жасалады да, мекеменің есепті кезеңдегі қаржылық есеп берудің жеке нысаны түрінде ұсынылады. Бұл есепте мынандай ақпараттар қамтылады:
- меншікті капиталдағы барлық өзгерістерді;
- меншікті капитал иелерімен операциялар жасау нәтижесінде туындайтындардан өзгеше меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп.
Капиталдағы өзгерістер туралы есеп есепті кезеңдегі болған капиталдың құрылымдық және сандық өзгерістері туралы ақпаратты ашып көрсетеді.
1 - «Қаржы есептілігін ұсыну» IAS және 8 «Есеп саясаты, есептілік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарына сәйкес мекеме өзінің есеп саясатын жасайды. Есеп саясаты - бұл мекеме қаржылық есеп беруді дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, кесімдер, ережелер және тәжірибе.
Мекеменің қабылдайтын есеп саясатының мақсаты мекеменің жүргізген операциялары мен оқиғалары туралы ең толық, әділ және дұрыс ақпараттар алу болып танылады. Бұл ақпараттар мекеменің иелеріне және жеке меншік иелеріне, мемлекетке, банкке, салық органына және мекеменің шаруашылық байланыстағы және басқа іскерлік серіктестікке қосылуға ниет білдірген заңды және жеке тұлғаларға, барлық ішкі агенттерге өте қажет.
Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес қаржылық есептіліктің ажырамайтын құрамдық бөлігі болып, сондай-ақ түсініктеме жазба танылады. Ол қаржылық есеп берудің сандық деректерінің мазмұнын жақсы анықтау үшін қажетті мәліметтер беретін негізгі талдамалы құжат. Түсіндірме жазбаның басында мекемеге енетін құрамдық бөлігінің құрамын, олардың шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін сипаттаумен ашып көрсетіледі де, мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің жүргізілген жағдайларын сипаттайды. Жазбада сондай-ақ келесі жылы жеткен жетістіктерді жақсарту және айқындалған жетіспеушіліктерді жою үшін қажетті шаралар жоспары белгіленіп қояды.
Түсініктеме жазбада баланстың негізгі баптарына толық сипаттама беріледі, пайдалар мен залалдар туралы, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы, капиталдағы өзгерістер туралы ақпараттар ашылады. Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін бағалау үшін материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану көрсеткіштері есептеледі. Түсініктеме жазбада мекеменің есепті жылдағы қаржылық жағдайы мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне әсерін тигізген факторлар, сондай-ақ құрылтайшылардың (меншік иелері) жылдық қаржылық есептілікті қарап, талдау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер көрсетіледі. Егер есепті жыл бойына мекеменің есептік саясатында өзгерістер болса, онда түсініктеме жазбада осы өзгерістердің себептері көрсетіледі де, олардан болған зардаптарға құндық баға беріледі.
Ұйымның қаржылық есеп беруі ел валютасында (мың теңге) жасалады және оған есепті уақытылы табыс ету үшін жауап беретін басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
Ұйымның есепті кезеңі 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанда аяқталатын күнтізбелік жыл болып табылады. Жаңадан құрылған ұйым үшін алғашқы есепті кезең (жыл) сол жылдың 31 желтоқсанына дейін ол мемлекеттік тіркелген сәттен басталады.
Ұйымдар жылдық қаржылық есеп берулерін есептіден кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.
Қорытындылай келе, қаржылық есеп беру мекеменің өнімді өндірудің және өткізудің жалпы көлемі мен түрлері бойынша қабылдаған тапсырыстарын орындауын жүйелі тексеруге, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру мен экономикалық көрсеткіштерін жақсарту және мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің болашақта өркендеудің ішкі пайдаланбаған резервтерді анықтап, оларды іске қосуға мүмкіндік береді.
Бүгінде қазақстандық ұйымдардың бір қатары ұлттық стандарттар бойынша есеп беруді ұсынады. Бұл олар үшін қосымша болып табылады, себебі олар қаржылық есеп беруді екі түрде - қазақстандық және халықаралық ережелер бойынша дайындайды.
Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары қаржылық капиталдың мүддесін көрсетеді және биржаларға, банктерге, несиелік мекемелерге және тағы басқа қаржылық саудагерлерге бағытталған.
Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары - жоғары кәсіби ұйымдармен дайындалған және ұсынбалы бухгалтерлік есеп ережелері, әдістері, ұғымдары мен процедуралары жиыны. Ұлттық есеп тәжірибесінде әр түрлі елдерде есептізерттеумен, салыстырумен және жіктеумен, беру унификациясы бойынша дайындалымдар және ұсыныстармен айналысатын көптеген ұйымдар бар. Олардың ішінен атап көрсетуге болатындары:
- Ұлттық бухгалтерлік стандарттар комитеті;
- Біріккен Ұлттар Ұйымы;
- Трансұлттық корпорациялар бойынша комиссия;
- Есеп пен есеп берудің ұлттық стандарттары бойынша эксперттердің үкіметаралық жұмыс тобы (БҰҰ) ;
- Экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша ұйым;
- Еуропалық Одақ (ЕО) ;
Есеп стандарттары үрдісіне ықпал етуші кәсіби бухгалтерлердің аймақтық ұйымдарына мыналар жатады:
- Кәсіби бухгалтерлердің Еуропалық федерациясы;
- Америкааралық бухгалтерлік ассоциация;
- АСЕАН елі мүшелері бухгалтерлерінің федерациясы;
- Азия және Тынық мұхит аймақтары бухгалтерлерінің конфедерациясы;
- Бухгалтерлік есеп бойынша Африкалық кеңес.
Америкалық ұйымдар:
- Бағалы қағаздар және биржа бойынша комиссия;
- Қаржылық есеп стандарттары бойынша кеңес.
Қазіргі кезде ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттары Қазақстан Республикасында да қолданылады. Олардың тізімі төменде берілген:
Ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттары
Енгізілген жылы
1. 1 Қаржылық есеп берудің маңызы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz