Ортағасырлық Византия қалалары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: І. Ортағасырлық қалалар - урбанизация кезеңі
3:
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: 1. 1 Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы . . .
3: 7
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: 1. 2 Қала қалыптастырушы кәсіпорындар . . .
3: 12
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: 1. Византия қалаларының қалыптасуындағы ерекшеліктер және олардың гүлденуі . . .
3: 16
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: ІІ. ІХ-ХІІ ғғ. Византия қалаларының саяси-әлеуметтік және экономикалық ахуалы
3:
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: 2. 1 Византия қалаларында экономикалық шаруашылықтың дамуы . . .
3: 23
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: 2. 2 Қала өмірінде билік пен діннің орны . . .
3: 38
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: 2. 3 Византия қалаларының құлдырау себептері . . .
3: 44
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 50
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 53
КІРІСПЕ. . .:
3:

кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бір тұтас Рим империясының Шығыс және Батыс болып бөлінуіне байланыстс ІV ғасырда өз алдына дербес мемлекет ретінде пайда болған Византия қалаларының байлығы, мәдениетінің көркеюі жөнінен Батысынан әлдеқайда басым түсетін. Осы кезеңде мәдениеттің жарқын көрінісі болған қалаларда өзін-өзі басқару, қалалық сайланбалы кеңестер, цехтар, гильдиялар және тағы басқалар пайда болды. Осыларды басшылыққа ала отырып ортағасырлар заманы мемлекеттілік институттың қалыптасуына әсер етуші іргелі негіз болды деп айтуға болады.

VII ғасырдың орта шенінен бастап ХІІІ ғасырдың басына дейінгі бес жарым ғасыр Византия империясы тарихында гүлдену кезеңі болып табылады. Осы уақытта орын алған түпкілікті өзгерістер империяның және оның тұрғындарының барлық саяси-мәдени тұрмысында көрініс тапқан болатын. Міне осы уақытта Византия рухани құндылықтардың жүйесі болып табылатын өзінің жарқын сипаттарын көрсете алды. Сондықтан да көрсетілген уақыт аралығы Византия қалаларының да шарықтып, соның ішінде әсіресе елдің астанасы болған Когстантинополь сол кезеңдегі әлемнің ірі орталықтарының біріне саналған болатын.

Еуропада қалалардың өзіндік ерекшеліктері бар екі аймағы болды: Византия және Русь. Ортағасылар тарихында Византия тарихы ерекше орынға ие, өйткені бұл қоғам Батыс пен Шығыстың түйіскен жерінде орналасқан. Византиялық ортағасырлық қоғамның мыңжылдық тарихы бар (Византия ХҮ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді) . Зерттеушілер арасында Византияның саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тарихы дамуы жайлы ортақ пікір жоқ. Византиятанушылардың қолдарында осы бір ерекше елді зерттеуге жетерлік деректер бар. Осы күнге дейін Византия тарихының әртүрлі мәселелері жайлы пікір таластар жалғасуда. Византиятанушылар өз көзқарастарын жеке монографиялар, мақалалар арқылы ғана емес, арнайы басылымдар арқылы да білдіруде.

Византия тарихының өзіндік ерекшелігі бар қырларының бірі оның қалалары. Византиятанушы тарихшылардың көпшілігі Византияның тарихи даму ерекшелігін қалалармен байланыстырады. Византия қалаларының құрылымын зерттеу өте өзекті тақырыптардың бірі. Қала - тіршіліктің ғана орталығы емес, сонымен қатар ол мемлекеттің даму деңгейінің көрсеткіші, саяси және экономикалық мүдделердің тоғысқан жері, барлық әлеуметтік топтард өкілдерінің жиналған жері. Ал ортағасырлық қала сауда мен кәсіптің дамуының көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар аграрлық қатынастың, шіркеудің, мәдениеттің, т. б., дамуының көрсеткіші. Византияның қалалық құрылымының өзектілігін, осы тақырыпта жазылған ғылыми зерттеулердің көптігі де дәлелдей түседі, бұл үрдіс осы уақытта дейін де жалғасуда. Шет ел және Ресей тарихнамасында осы тақрыпқа деген қызығушылықты дәлелдейтін мысалдар жеткілікті. Солардың біршамасын біз өзіміздің жұмысымызда пайдаланып, тақырыптың мазмұнын ашуға тырысамыз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Византия қалаларының ерекшелігі туралы сұраққа жауап беріп, басқа ортағасырлық баты сеуропалық қалалардан қандай айырмашығы болғандығын айқындау. Мақсатқа жету барысында алдыға қойылған міндеттер :

  • ІХ-ХІІ ғасырлардағы Византия қалаларының экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуының ерекшелігін көрсету;
  • Еуропадағы ортағасырлық қалалардың қалыптасу тарихын, олардың құрылымдық ерекшеліктерін көрсету;
  • Византиялық қалалардағы шаруашылықтың дамуының негізгі бағыттарын айқындау;
  • Қалалардың ішкі және сыртқы өміріне дін мен биліктің қаншалықты деңгейде әсер еткендігін көрсету;
  • Ортағасырлық қаланы қалыптастырушы кәсіпорындардың түрлерін көрсетіп және олардың ықпалының негізгі бағыттарын зерделеу;
  • Қалалардың құлдырау себептерін айқындау;
  • Византия қалаларының әлемдік өркениетке берген басты құндылықтарын сипаттау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысы барысында тарихи оқиғаларды сараптауда, оларға объективті көзқарас қалыптастыруда, тарихи процесстерге нақты баға беру үшін, маңызды деректер мен зерттеулер қатары негізге алынды.

Осы тақырыпқа өз еңбектері мен зерттеулерін арнаған ғалымдар ішінде П. Каллигас, У. Эбернер, И. И. Соколов, Н. В. Пигулевская, М. В. Левченко, Е. Э. Липшиц, Б. Т. Горянов, М. Я. Сюзюмов, З. В. Удальцова, К. А. Осипова, Г. Г. Литаврин, М. М. Фрейденберг, А. П. Каждан, Г. Л. Курбатов және тағы басқалары бар. Енді осы аталған зерттеушілердің және тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне талдау жасайық.

Византияның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы айтқанда М. В. Левченко елдің экономикалық ерекшелігі «қалалық өндірістік орталықтардың» дамымаған шаруашылық аудандармен қатар орналасқандығында деп атап өтеді [1] .

Е. Э. Липшиц ҮІІІ-ІҮ ғасырлар деректері негізінде Византияның феодалды деревнясы мен қалалары мәселесін зерттеді. 1953 жылы ол біз қарастырып отырған кезеңге байланысты Византия қалаларына арналған мақаласын жарыққа шығарды. Византияныі көрші елдермен сауда байланысы және сол уақытта «қызу тіршілігі бар» қалалардың болғандығын атай отырып Е. Липшиц византиялық қалалардың қол шаруашылығы ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста болған ортағасырлық табиғатын мойындайды [2] .

Горянов Б. Т. Византия импреиясының экономикалық құрылымының ерекшелігін дамыған кәсіп, мануфактуралық өндірісі мен дамыған саудасы бар ірі қалалық орталықтардың сақталуымен байланыстырды [3] .

Сюзюмов М. Д. Византия қалаларын зерттеу арқылы елдің тарихи дамуының ерекшелігін шешуге ұмтылған. Византияның өзіндік ерекшелігін зерттеуші мықты қалалардың болуымен тығыз байланыстырған. Антика дәуірінен мирас болып қалған эмпорио-қалалармен қатар Сюзюмов сауды-шаруашылық орталықтары бар басқа византиялық қалаларды мойындаған, ол қалалардың дауы ХІ-ХІІ ғасырлаға тұспа-тұс келіп, «провинцияның феодалды экономикасының дауы» ұғымымен анықталған [4] .

Г. Г. Литавриннің зерттеулерінде басты назар ІХ-ХІ ғасырлардағы Византияның қоғамдық және әлеуметтік институттарын аударылған. «Как жили византийцы» атты еңбегінде зерттеуші империяның құлау себептеріне емес, мың жыл бойы еш нәрсеге қарамастан тіршілігін жалғастыруға күшті қайдан алғандығына көбірек көңіл бөледі [5] .

Келесі зерттеуші А. П. Кажданның еңбегінде Византия қалалары мен ауылдарының арасындағы тұрмыс-тіршіліктің ұқсастықтары қарастырылып, зерттеуші өзіндік ой қорытындылар жасаған. Оның пікірінше Византиядағы қала мәдениетінің дамуына ауылдағы дамыған кейбір қолөнер кәсіптерінің ықпалы болған. Зерттеуші осыларға мән бере отырып қала мен ауылдың қарам-қатынасын барынша ашып көрсетеді [6] .

Г. Л. Курбатовтың Византия тарихына арналған оқу құралында біздің тақырыбыздың кейбір тұстары қарастырылған. Автордың еңбегі негізінен оқулық ретінде болғанымен, ерте дәуірдегі қалалардың ортағысырларға өту мәселесі жақсы ашылып көрсетілген [7] .

Диплом тақырыбына байланысты алғашқы теориялық еңбектердің қатарына А. Сванидзенің «Средневековый город: вертикаль прогресса» атты мақаласы жатқызуға болады. Онда автор негізінен алғанда жалпы ортағасырлық қала мәдениетінің даму ерекшеліктерін жақсы ашып көрсетеді [8] .

Қарастырылып отырған тақырыптың мазмұнын ашуда «Городская жизнь в средневековой Европе» атты ұжымдық ғылыми зерттеу еңбектің маңызы зор. Онда негізінен алғанда ортағасырлық қаланың ішкі өмірі жан-жақты ашылған [9] .

Негізінен алып қарайтын болсақ жоғарыда аталған зерттеу еңбектері мен ғылыми мақалалар және оқу құралдары біздің тақырыбыздың зерттелу деңгейін көрсетеді. Бірақ бұл, аталған тақырыптың осы еңбектермен ғана шектеледі дегенді білдірмейді. Өйткені қарастырылып отырған мәселе басқа да көптеген еңбектерде шолу түрінде болса да қарастырылған. Сондықтан да жұмыс барысында біз ол еңбектерді де тақырыптың мазмұнын ашу үшін қолдандық.

Диплом жұмысының деректік қоры. Қарастырылып отырған дипломдық жұмыстың басты дерек қорын орыс тіліне аударылған латын тілінде жазған авторлардың шығармалары құрайды. Ол деректерде көбіне ортағасырлардағы Византияның қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар сипатталады. Енді өзіміздің жұмысымызда пайдаланған солардың бірқатарына тоқталып кетсек. Біздің қарастырып отырған мәселеміз бойынша басты, әрі құнды дерек қорын «Византийская книга эпарха» атты деректік шығарма құрайды [10] . Мұнда негізінен алып қарайтын болсақ Византия қалаларындағы саяси және әдеуметтік-экономикалық үрдестірдің барлығы кезең-кезең бойынша қарастырылған. Соның ішінде басты тірек материалдарын империя астанасы Константинополь туралы мәліметтер құрайды.

Келесі деректер топтамасына «Кодекс Юстиниана» атты заңдар жинағын жатқызуымызға болады. Ертевизантиялық кезеңде қалыптасқан бұл заңдар жинағы, империяның әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне арналған. Уақыт жағынан біздің қарастырып отырған тақырыбымыздан ертерек болғанына қарамастан заңдар жинағы империяның соңғы кезеңіне дейін басшылыққа алынып келеген. Соның ішінде қалаларға да байланысты қабылданған заңнамалық актілер көрініс тапқан [11] .

Византиялық автор Прокопий Кессарийскийдің «Тайная история» деген шығармасы империяның тарихын зерттеумен айналысқан және айналысыпжүрген көптеген зерттеушілерге басты дерек қорын құраған. Мұнда да негізінен Византияның әлеуметтік-экономикалық тарихына байланысты мағлұматтар жазылып, қарастырылып отырған дәуірдің замандасының шынайы баяндаулары қалдырылған [12] .

Тағы бір деректер шоғырын Вениаминнің «жол жазбалары» құрайды. Жоғарыда аталған деректер тәрізді мұндағы мәліметтер де Византия империясының әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттауға арналған. Византияның шағын қаласынан шыққан бұл автор елдің біршама қалаларын аралап, өзі болған қалалар жөнінде көптеген қызықты салыстырмалық мәліметтер жазып қалдырған [13] .

Захарии Митилинскийдің «Сирийская хроника» атты шығармасы қарастырылып отырған дәуір тарихынан құнды мәліметтер беретін дерекетер қатарына жатады. Сол заманның куәгері болып жатқан оқиғаларды сол қалпында жазып қалдырған [14] .

Захарии Митилинскийдің «Сирийская хроника» атты еңбегімен аттас туындыны Иешу Стилита да жазыды. Ол да негізіне империяның әлеуметтік-экономикалық жағадайын мипаттап жазады [15] .

Келесі деректер топтамасын Абеляр Петрдің «Теологические трактаты» атты шығармасы толықтырады. Мемлекеттегі соның ішінде қала өміріндегі діннің ықпалы, шіркеу қызметкерлерінің түрлі саяси істерге араласуы аталған деректе жақсы көрініс тапқан [16] .

Қарастырылып отырған кезеңдегі оқиғалар сол заманның ақындарының еңбектерінде де көрініс тапқан. Олардың шығармалары біріктіріліп «Памятники средневековой латинской литературы X - XII веков» атты жинаққа енгізілген [17] .

Диплом жұмысының теориялық - методологиялық негізі. Жұмыста орыс зерттеушілерінің көзқарастары мен тәуелсіздік жолында қалыптасқан жаңа көзқарас тұрғысынан жазылған ғылыми жұмыстар, Византия қалаларының негіздері мен мақсат міндеттері туралы теориялық тұжырымдар басшылыққа алынады. Сондай-ақ тарихи оқиғаларға салыстырмалы түрде жүйелілік, ғылыми-танымдық, объективтік және тарихилық принциптер негізінде талдау жасауға бағыт ұсталды. Пайдаланылған нақты фактілерді зерделеу жүйелендіру, салыстыру тәсілдері негізінде жүргізілді. Әсіресе батыс елдерінің аударылған және Ресей зерттеушілерінің ғылыми жұмыстары ой елегінен өткізілді. Дипломдық жұмыста тарихилық және объективтік принциптерді сақтау негізге алынды.

Диплом жұмысының мерзімдік шеңбері. Дипломдық жұмыстың уақытнамалық аралығы негізінен Византия тарихының, оның ішінде империя қалаларының ІХ - ХІІ ғасырлар аралығындағы мерзім құрайды. Дегенмен әртүрлі талдаулар, тарихи салыстырмалар жасау барысында көрсетілген мерзімнің алдыңғы кезеңдері немесе кейінгі кезеңі де қарастырылып отырды.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Ортағасырлық қалалар - урбанизация кезеңі

1. 1 Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы

Феодалдық қоғамның белгілі бір кезеңінде қаланың пайда болуы оның алғашқы феодалдық дәуірінен - өркендеген феодализм дәуіріне өтуімен байланысты болды. Соңғысына тән ерекшелік - қалалардың қолөнершілікпен сауда орталығы ретінде тууы және гулденуі болып табылады. Тауарлық өндірістің өркендеуі және қалалардың өсуі феодалдық қоғамның экономикасына, саяси құрылысына және рухани өміріне елеулі ықпалын тигізді. Сондықтан да XI ғасыр, яғни Еуропада қалалар негізінен қалыптасып болған бұл кезең алғашқы орта ғасыр (V-XI ғасырлар) мен феодализмнің толығырақ өркен жайған дәуірі (XI-XV ғасырлар) арасындағы хронологиялық шекара іспетті еді. Қаланың пайда болуы жөиіндегі буржуазиялық теорияларды сынау, орта ғасырлық қаланың шығуы жөнінде көптеген теориялар тудырған. Орта ғасырлық қалалардың пайда болу себептері жөніндегі сұраққа XIX және XX ғасырларда біршама ғалымдар да өздерінше жауап беруге тырысқан. Бұл теориялардың көпшілігіне тән бір нәрсе - мәселеге құқықтық, формальды - заңдылық тұрғыдан қарауларында еді. Оларды идеалистік методология немесе қоғамның даму өзгерістері емес, ортағасырлық қалалардың қандай әлеуметтік - экономикалық жағдайда тууы емес, қайта құқықтық мәселелер және ең алдымен қаланың нақты бір құқықтық категория ретінде пайда болуы, басқарудың қалаға ғана тән формалары мен қалалық құқығының тууы мәселелері ғана қызықтыратын.

Ортағасырлық қалаларды батыс еуропалық феодализмнің парадигмасы ретінде қарастыру керек. Қалаларының көптігіне қарамастан Византия империясы мұндай қалалық феноменды білмеді. Ортағасырлық қала ерте феодализмнен дамыған феодализм кезеңіне өту барысында пайда болады. Ерте ортағасырларда қала типтес қоныстар болған, олар әдеттегідей антикалық қалалар орнында пайда болған. Италияда осындай қалалар қатарына Милан, Флоренция, Венеция, Болонья және т. б. кірген. Францияда - Париж, Лион. Неміс жерлерінде - Вена, Страсбург, Майнц, т. б. Англияда - Лондон, Глостер, Честер және т. б. ХІ ғасырда осы қалалар, олар көбін антикалық тамыры бар бар қалалар деп те атауға болады, негізінен әкімшілік орталықтар немесе бекініс пунктері, архиепископтар мен эпископтардың резиденциялыр, яғни, діни орталықтар болған. Батыс Еуропа жеріндегі қалалар біркелкі орналаспаған. Қалалардың көпшілігі Италияда, содан кейін вестготтық немесе арабтық Испанияда, Византияда, оңтүстік Даллияда шоғырланған. Қала тұрғындарының саны айтарлықтай көп болған. Тұрғындар әдетте қолөнердің белгілі бір түрімен ғана айналысқан. Қалаларда қала ішіндегі және қала сыртындағы сауда дамыған [1, 12 б. ] . Италия мен Византияның ежелгі қалалары Шығыспен сауда-саттықтың ірі орталықтары болып қала берді. Алайда, тіршілігі мен қызметі антика дәуіріндегіден алысқа ұзамаған бұл қалалар жаңа феодалдану үдерісінің катализаторына айнала алмады және феодализм генезисіне айтарлықтай әсер ете алмады. Бұл міндетті орындау үшін қаланың мүлде басқа типі пайда болуы қажет еді немесе антикалық қалалар мүлдем басқа негізде қайта жаңалануы орын алуы керек еді. Антикалық ықпалға түспеген Батыс Еуропа да қала типтес қоныстар болған, бірақ олар басқа тұрпатқа және негізге ие болды. Батыс Еуропаның мұндай қалаларында дамыған феодализмнің бастапқы кезінде тұрғындар саны тіпті аз болып, олар феодалдану тұсындағы Еуропаның өмірінде ешқандай экономикалық маңызға ие болмады. Классикалық феодализмнің ары қарайғы эволюциясында қалалық институттардың жағдайы мен маңызы ақырындап өзгере бастайды. Осы кездегі еңбік өнімділігінің өсуі қоғамдық өндірістің терең дифференциациясфна алып келеді. Ал бұл өз кезегінде, қолөнердің тәуелсіз өндіріс ретіндегі тұрақтануы яғни, оның одан ары жоғары деңгейде дамуы деген сөз [9, 54 б. ] . Қолөнер өндірісінде ең жоғары деңгей мен өзіндік дамуға ең алдымен шеберхана өндірісі, мата өндірісі және құрылыс қол жеткізеді. Қолөнер өндірісіні деңгейінің көтерілуімен қатар ұсақ мамандықтар да дамиды: металл, тұз өндіру, балық дайындау, отын шабу, т. б. Дамыған феодализмнің эволюциясы тұсында қолөнер қаланың жетекші саласына айналады. Алайда бұл бірден орын алмаған үдеріс. Қолөнер, қолөнер өндірісі эволюциясының өз кезеңдері болды. Қолөнердің бастапқы түрі тапсырысқа жұмыс істеген қолөнер өндірісі. Осындай түрдегі тауар өндірісі дамудың бірінші сатысы еді, өйткені тапсырысқа жасалған өнімдер нарыққа шығарылмады. Сондықтан қарапайым тауар өндірісі баяу қалыптасты. Қолөнер өндірісінің екінші кезеңі - оның базармен (нарық) байлнысуы. Базармен байланыс орнатқан қолөнерші тауар өндірушіге айналады. Осыдан бастап, қолөнер өндірісінің және жекелеген қолөнершінің тағдыры қаламен және базармен тығыз байланыста болды. Х-ХІІІ ғасырларда (Италияда ІХ ғасырдың өзінде) Батыс Еуропада қалалар қаптай бастайды, және де бұл қалалар жаңа типтегі - феодалды типтегі қалалар. Ортағасырлық қала феноменін ең алдымен қолөнердің тұрақтануы мен тәуелсіз өндіріске айналуының салдыры деп қарастыру керек. Ортағасырлық қаланың пайда болуы феодализм тарихында анықтауыш кезеңге, дәуірдің маңызды түрткісіне айналды. Осы себепті, ортағасырлық қалалар тарихы ХҮІІІ өзінде ақ тарихшылардың назарын өщіне аударған. Тарих ғылымының дамуы барысында осы мәселеге деген қызығушылық бәсендеген емес. Неге қала пайда болды? Неліктен ол барлық феодалдану үдерістерінде маңызды рөл атқарды? Қалаларға деген осындай қызығушылық көптеген теориялардың қалыптасуына негіз болды, олар ортағасырлық қаланың пайда болуын түсіндіруге тырысып бақты[18, 112 б. ] . ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында қала теориясын құрастырумен айналысқан тарихшылардың көпшілігі негізінен мәселенің институционалды-құқықтың шешіміне көбірек назар аударды, яғни, қала құқығын, әртүрлі қалалық институттарды зерттеумен айналысты. Бұл теориялар институционалды-құқықтық деп аталды.

Осы мәселемен айналысқан келесі теория - романистік. Бұл теорияны құрастырушылар француз ғалымдары Гизо мен Тьери. Осы ғалымдардың ойынша, ортағасырлық қала феодалды үдерістердің салдары немесе феномені емес, яғни, феодализмге қатысы жоқ. Олар қалаларды антикалық қалалардың, Рим империясының мұрасы деп қарастырды. Сондықтан бұл теория романдық деп аталады. Неміс және ағылшын ғалымдары Солтүстік және Орталық Еуропа материалдары негізінде ортағасырлық қала генезисін феодалдық қоғамда оырн алған үдерістерден іздеді, соның ішінде институционды және құқықтық салада [23, 46 б. ] . Сондықтан да олар орта ғасырлық қаланың пайда болуының түбірлі себептерін дәлелдеп бере алмайды. Буржуазиялық теория негізінен орта ғасырлық қаланың қандай қоныстардан туып, өрбуі және бұрынғы форма мекемелерінің орта ғасырлық қалалар мекемелеріне қалайша ұласуы мәсе-лелерімен ғана айналысатын. «Романистік теория» (Савиньи, Тьерри, Гизо, Ринуар) орта ғасырлық қаланың римдік қаланың соңғы кезеңімен байланыстырған және Римдік империяның соңғы кезеңінің, муниципиальдық мекемелер мен орта ғасырлық қалалар мекемелерінін, арасында байланыс бар деп дәлелдеуге тырысқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Византия қалаларының құлдырау себептері
Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы
IX-XI ғасырлардағы Франция, Германия, Италия X-XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
11-15ғғ. франция, англия, германия, италия
Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстан қаласы
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz