ЕҚЫҰ және Қазақстан арасындағы қарым-қатынас


КІРІСПЕ
1. ЕҚЫҰ - ЕУРОПАҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚАУІПСІЗДІК жолы
1. 1. ЕҚЫҰ құрылу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары
1. 2. ЕҚЫҰ-дың Астана Саммиттіне дейінгі жоғарғы денгейдегі бас қосулары
2. ЕҚЫҰ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
2. 1. ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы қатынастардың орнау мен кезеңдері
2. 2. ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы байланыстың негізгі бағыттары
3. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ғы төрағалығы: барысы мен нәтижелері
3. 1 Төрағалық кезінде атқарылған іс-әрекеттер
3. 2 Астана Саммитті
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі халықаралық қатынастардың ерекше белгісінің бірі халықаралық ұйымдар рөлінің арта тусуі. Бұл арада халықаралық қатынастар шеңберінің кеңейіп, күрделенуін, көпжақты дипломатияның дамуын, сөйтіп халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың күшейе түсуін айту керек. Кеңес Одағының ыдырауынан бастап посткеңестік Орталық Азия аймағының әрбір егеменді мемлекетінің стратегиялық мақсаттары халықаралық қатынастар жүйесінің субъектілері ретінде әлем мемлекеттерімен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен, тығыз байланыстарды орнату болды.
Қазіргі кезеңдегі жаһандану жағдайында және жаңадан қалыптасып келе жатқан көптүрлі әлемдік жүйенің дамуында Орталық Азия аймағы геоэкономикалық тұрғыда маңызды орын алуда. Жаңа мыңжылдықтың басында Орталық Азия аймағының геосаяси және геостратегиялық жағдайы арта түсті. Соның негізінде, аймақ халықаралық саясаттың негізгі тақырыптарының біріне айналып, халықаралық қауымдастық назарында ерекше орынға иеленуде. Оның негізі мынадай факторлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, орталықазиялық аймақ ең алдымен табиғи бай ресурстарға, энергетикалық және минералды-шикізат көздеріне ие болуына байланысты тартымды;
Екіншіден, орталықазиялық аймақ шетелдік тауарларды өткізудің жаңа нарығы және инвестицияларды салу ортасы болып табылады, ал бұл фактордың маңызы орталықазиялық елдердің келешекте әлемдік саудаға тартылуы барысында тіптен арта түспек.
Үшіншіден, орталықазиялық аймақ қазіргі кезде энергетикалық фактордың есебінен тек қана экономикалық емес, сонымен қатар геосаяси маңызға ие, демек әлемдік державалар аймақтағы экономикалық қатысуларының нәтижесінде өз ұстанымдарын бекітуде.
Төртіншіден, Орталық Азия аймағы түрлі тараптармен қатынастарын бекіту барысында транзиттік қуатқа ие.
Бүгінгі таңда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) әлемдік жүйеде алатын орны бірегей. Жауапкершіліктің кең ауқымы мен Ұйымның жан-жақты қызметі, өзекті мәселелерді шешуге, ашық үнқатысу дәстүрі мен консенсусты қалыптастыруға кешенді көзқарасы ЕҚЫҰ-ны еуроатлантикалық және еуроазиялық кеңістікте көпжақты өзара ықпалдасудың басты элементтерінің бірі ретінде анықтайды. Нақ сондықтан 1992 жылы-ақ Қазақстанның осы беделді құрылымға мүшелігі туралы шешім қабылданған болатын. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті және елдің беделді бейнесін нығайту ісіндегі көптеген бастамалары ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге өтінім жасауына мүмкіндік берді және 2007 жылдың 29-30 қарашасында Мадридте ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлері ХV Кеңесінің 2010 жылғы Қазақстанның төрағалығы туралы оңды шешімі жас республиканың үлкен жетістігі болды.
Қазақстандықтар жиырма жылға жетер-жетпес уақытта жаһандық дағдарыс сынағынан табысты өткен, саяси жүйесі тұрақты және тиімді нарықтық экономикаға көшкен мемлекет орнатты. Біздің ұлтаралық және дінаралық келісім моделіміз - ЕҚЫҰ қызметінің гуманитарлық өлшемін қамтамасыз етуге Қазақстанның қосқан нақты үлесі. Сабақтастық қағидаттарына негізделген қазақстандық төрағалық тұжырымдамасы біздің ЕҚЫҰ тиімділігін арттыруға, оның Жер шарының үш құрлығындағы 56 мемлекетті біріктіріп отырған бірегей үнқатысу алаңы ретіндегі әлеуетін дамытуға үлес қосуға деген нық ұйғарымымыз болды. Сондықтан да еліміздің әлемдік деңгейдегі саяси қарым-қатынастарға 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағысы ретінде араласып, Елордада жоғары деңгейдегі саммит өткізуі ерекше тарихи оқиға болды. Бұл жерде ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбоның біздің елге ұйымға төрағалық белгіленген тұстағы мына сөздері көп нәрсенің басын ашады: «ЕҚЫҰ Саммитін өткізудің өзі өте маңызды шаруа. Біз оның жұмысынан маңызды құжаттар қабылданған жақсы нәтижелер күтеміз. Саммиттің Астанада өтуінің де зор маңызы бар. Өйткені, бұл жерден әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік Вена, Париж немесе Вашингтондағыдан бөлекше көрінеді. Тіпті мәдени, экономикалық және саяси жағынан да ол ерекше әсер береді. Сондықтан да Астана Саммитінде жақсы нәтижелерге қол жеткізілер деген үмітім бар»[1] . Көріп отырғанымыздай саясаткердің алдын-ала берген бағасы, біздің елге деген зор сенім мен ықыластың жарқын көрінісі. Міне сондықтан да қарастырылып отырған тақырыпты зерттеу, соның негізінде қорытындылар мен тұжырымдар жасау тарих саласының да басты қағидасы болып табылады. Сол себепті бітіру жұмысының өзектілігі жоғары айтылғандардан келіп туындайды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: XX ғасырдың 70-шы жылдары құрылған ЕҚЫҰ тарихына тоқталып, бұл ұйымдағы Қазақстанның орны мен төрағалық ету кезіндегі атқарған қызметтерінің анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
ЕҚЫҰ-ның заңнамалық және сыртқы саяси құжаттарын сараптаудың негізінде оның сыртқы саяси ерекшеліктерін және басымды бағыттарын айқындау;
ЕҚЫҰ шеңберінде өткен бас қосулар тарихына шолу жасап, негізгі қорытындыларына тоқталу;
Қазақстанның ұйымға мүше болып қабылданғаннан бергі кезеңге сараптама жасай отырып, басты оқиғалар тізбегін нақтылау;
ЕҚЫҰ ресми және стратегиялық құжаттарына жанжақты сараптамаларды жүргізудің негізінде Қазақстанның 2010 жылы ұйымға төраға ретінде бекітілуіне тоқталып, төрағалық кезінде атқарылған негізгі оқилардың мазмұнын анықтау;
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ғы төрағалығының қорытынды актісі ретінде өткізілген Астана саммитінің барысы мен нәтижелерін сараптау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған тақырып негізінен алғанда еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ұмтылған уақыттан бастап зерттеу нысанына іліккен болатын. Бұл бағыттағы зерттеулердің көпшілігін конференция, семинар, дөңгелек үстел басында талқыланған мәселелердің материадар жинағы құрайды. Әсіресе бұл істе ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Стратегиялық Зерттеулер Институты ерекше талпыныс танытты. Ендігі жерде сол материалдардың және тағыда басқа еңбектердің тақырыпты зерттеудегі қысқаша анықтамаларын берсек. «Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы: құжаттар мен материалдар жинағы» деп аталатын еңбек қарастырылып отырған мәселе бойынша басты зерттеу болып табылады [2] . Бұл деректік зерттеу жинағы Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен қауіпсіздік, экология мен экономика және де қайырымдылық саласындағы ынтымақтастығына арналаған. Жинаққа Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев пен ҚР мемлекеттік қайраткерлерінің сөйлеген сөздері және де Қазақстанның өз дамуында заманауи әлем қауымдастығының жоғарғы стандарттарына сай ішкі тұрақтылыққа қол жеткізу жолындағы жасалынған қыруар жұмысты көрсететін маңызды құжаттар енген.
Келесі маңызды зерттеудің қатарына А. Утегенованың «ОБСЕ в начале ХХІ века: перспективы развития» атты зерттеу еңбегін қосамыз [3] . Ал белгілі саясаттанушы Б. К. Сұлтановтың редакторлығымен жарық көрген «Казахстан - председатель ОБСЕ в 2010 году» деген зерттеу еңбегі тақырыптың зерттелу деңгейін толықтыра түседі [4] . Бұлардан бөлек көптеген зерттеушілердің еңбектерін біріктерген біршама жинақтар жарық көрген. Соларға тоқтала кетсек. «Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы және жаһандық қатерлер» атты жинаққа ҚСЗИ қызметкерлерінің 2010 жылғы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалығына, Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінің қортындыларына, және де халықаралық ұйымның аумақтық қақтығыстарды реттестірудегі рөліне арналған мақалалары кірген [5] . 2010 жылдың соңында ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірігіп «Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының қорытындылары» атты халықаралық конференция өткізді. Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде Ұйымның негізгі принциптері мен құндылықтарын ұстанатындығын танытып, өзінің бар күш-жігерін жұмсай отырып ЕҚЫҰ-ның жауапкершілігі аумағында оның басты бағыттары - әскери-саяси, экономика-экология және гуманитарлық салаларда тиімді үдерістердің орын алуына қол жеткізгендігін білеміз. Жинаққа Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының қорытындыларына, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның Астана саммитіне және де халықаралық қауіпсіздік пен аймақтық ынтымақтастық мәселелеріне арналған қазақстандық және шетелдік сарапшылардың баяндамалары кірді [6] . «Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті: гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңейтілуі» атты дөңгелек үстелдің материалдар жинағына Еуразия құрлығындағы гуманитарлық ынтымақтастық, дінаралық байланыс, саяси жаңарту мен гендерлік дамудың түрлі аспектілері мәселесіне арналған «дөңгелек үстелге» қатысушылардың баяндамалары енген [7] . «Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және аймақтық қауіп-қатерлер» атты дөңгелек үстелді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігімен бірігіп өткізіп, бұл жинаққа Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының алғашқы қорытындылары мен ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінің өзекті мәселелері және де Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Қырғызстандағы жағдайды реттестірудегі рөлі қарастырылған баяндамалар кірді [8] . «Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалығы: алғашқы қорытындылар мен келешегі» атты тақырыппен ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен VIII жыл сайынғы Алматы конференциясы өткізілді. Конференция материалдарының жинағына қазақстандық және шетелдік сарапшылардың Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы кезеңінің өзекті мәселеріне, оның ішінде төрағалықтың алғашқы қорытындыларына және де осы мандат мерзімінде жүзеге асырылуы жоспарланған нақты мәселерді шешу жолдарына арналған баяндамалары кірген [9] . «ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздік қатерлері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында» ЕҚЫҰ-ның аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мен экономикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі рөлі қарастырылады. Авторлар негізінен ЕҚЫҰ-ның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығына және жаһандану үрдісінің қауіп-қатерлеріне қарсы тұруда қолданылатын тәжірибе жинақтау мәселесіне назар аударған [10] . «ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократияландыру үрдістері» атты тақырыптағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағына конференцияға қатысушылардың Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, демократиялық дамумен және де адами өлшемдер саласындағы аймақ елдерінің ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығы жөніндегі мәселелердің кең ауқымын қамтитын баяндамалары кірген [11] .
Ресей мамандарының топтап шығарған «От Хельсинки до Будапешта: история СБСЕ/ОБСЕ в документах (1973-1994) » атты материалдар жинағы біздің тақырыбымыздың зерттелуіндегі құнды еңбектердің бірі болып табылады. Зерттеушілер көрсетілген жылдар аралығында қабылданған құжатты дерек ретінде көрсете отырып, олардың әрқайсысына өзіндік қорытындыларын жасайды. Бірақ көбіне өз елдеріне қатысты мәселелерді анығырақ шешуге тырысқандығы байқалады [12] .
А. В. Кортуновтың Ресей мен Батыс елдері арасындағы байланыстың моделдерін ашуға бағытталған еңбегінде ЕҚЫҰ-ның тарихына қатысты көптеген мәселелер қарастырылған. Автор негізінен ұйымның Еуропадағы ынтымақтастықты сақтауға бағытталған іс-шараларын талдайды [13] .
М. А. Сарсембаевтың Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы байланыстарға арналған көлемді мақаласы қарастырылып отырған мәселелер бойынша көптеген түйткілді сұрақтарға жауап береді. Әсіресе еліміздің ұйымды басқару нәтижесінде қол жеткізетін мүмкіндіктері жан-жақты талданып көрсетілген [14] .
Сонымен осы айтылғандардың негізінде қорытынды шығаратын болсақ. Жоғарыда айтылып өткен зерттеу еңбектері мен ғылыми конференция материалдары оларда жарияланған түрлі бағыттағы мақалалар диплом тақырыбының зерттелу деңгейін көрсетеді. Әрине бұл дегеніміз аталған еңбетерден басқа зерттеулер жоқ дегенді білдірмейді. Олай дейтініміз бұл тақырыпқа қатысты жанама түрдегі зерттеулер бар, олардың ішінде ЕҚЫҰ тарихына арналған зрттеулерді атап өтуімізге болады. Оларға төменде арнайы бөлімдерді қарастыру барысында тоқталып өтетін боламыз.
Зерттеу жұмысының нысаны ЕҚЫҰ тарихы мен ұстанымдары, Қазақстанның аталған ұйымдағы орны және еліміздің төрағалық етуінің сипаттамасы болады.
Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері XX ғасырдың 70-шы жылдары мен 2010 жылдың аяғы аралығын қамтиды.
зерттеу әдістемесі. Зерттеу жұмысының әдістемесі зерттеу пәні мен объектісі, сондайақ қойылған мақсат пен одан туындайтын міндеттердің сипатына байланысты таңдалынды. Осы зерттеу жұмысында қазіргі кездегі саясаттану және тарих ғылымдарындағы халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты зерттеуге арналған әдістер жинағы қолданылды. Халықаралық қатынастар мен мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін қарастыру барысында тарихи және ғылыми объективтілік қағидасы басшылыққа алынып, белгілі бір елдің екінші бір елге, не болмаса белгілі бір аймаққа қатысты сыртқы саяси бағыты мен оның даму үрдісін зерттеуде кешенді типлогиялық тәсілдер пайдаланылды.
Зерттеу деректері. Қойылған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін дипломдық зерттеуде дерек көздерінің кең шеңбері қолданылды. Оларды қайнар көздеріне қарай бірнеше топтарға бөліп қарастырамыз:
Дерек көздерінің бірінші тобын ЕҚЫҰ құрылуына байланысты қабылданған әртүрлі заңнамалық құжаттар құрайды. Олардың қатарына бүгінге дейін ЕҚЫҰ шеңберінде өткізілген басты алты бас қосудың және Астана саммитінің құжаттары жатады. Көрсетілген деректер тобы ЕҚЫҰ мен Қазақстан қатысындағы сыртқы саясатының құқықтық және концептуалдық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді.
Дерек көздерінің екінші тобын ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар негізін қалайтын және оларды реттеуші құқықтық келісімшарттар енеді. Олардың қатарына экономикалық ынтымақтастық негізі туралы, болашаққа арналған серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме, техникалық көмек көрсету туралы, қаржылай көмек көрсету туралы, мәдени салада ынтымақтасу туралы, әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімшарттар және т. б.
Дерек көздерінің үшінші тобына Мемлекеттік қайраткерлері, белгілі бір ресми жауапкершілігі бар жеке адамдардың еңбектері, сөйлеген сөздері мен сұхбаттарын жатқызуымызға болады. Бұл деректер тобын ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдаулары, жобалары, халықаралық форумдарда сөйлеген сөздерінің жинағы, Астана саммиті барысында қатысу елдердің жоғары деңгейдегі тұлғалары мен саясатшыларының сөйлеген сөздері мен берген бағалары енеді.
Дерек көздерінің төртінші тобына электронды ресурстарда және БАҚ-та жарияланған түрлі деңгейдегі мақалалар, материалдар, сұхбаттар және т. б. жатады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы қойылған мақсат - міндеттермен анықталған. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ЕҚЫҰ - ЕУРОПАҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚАУІПСІЗДІК жолы
- ЕҚЫҰ құрылу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары
ЕҚЫҰ-ның саяси маңызы Еуропадағы басқа халықаралық ұйымдармен салыстырғанда оның бірегейлігінде жатқандығында. Шындап келгенде бұл ұйым Еуропада, тіпті әлемде қауіпсіздік саласындағы жалғыз ұйым саналады. Ол қақтығыстардың алдын алу және дағдарсты аудандарды қалпына келтіру үшін үлкен іс-әрекеттер атқарады. Сонымен бірге Еуропадағы сайлауды бақылау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аталмыш ұйымның бәсі жоғары. Осы орайда ұйымның құрылу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттарын қарастырсақ. Негізінен алып қарағанда ЕҚЫҰ - құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес бұл ұйым Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған.
Өзіміз жо, арыда көрсеткендей ұйым мүшелігіне 56 тәуелсіз мемлекет кіреді. Қазіргі таңдағы ЕКҚҰ мүшелері келесідей құрамда: Австрия, Албания, АҚШ, Андорра, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Германия, Грекия, Грузия, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Қазақстан, Қасиетті Тақ, Құрама Корольдік, Қырғызстан, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, бұрынғы Югославия Республикасы, Македония, Мальта, Молдова, Монако, Нидерланды, Норвегия, Өзбекстан, Польша, Португалия, Ресей Федерациясы, Румыния, Сан-Марино, Сербия, Словак Республикасы, Словения, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чех Республикасы, Швейцария, Швеция, Эстония. Бұдан бөлек 12 елдің «ынтымақтастық жөніндегі әріптестер» мәртебесі бар: Жерортатеңіздік әріптестер - Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко және Тунис [15] . Сонымен қатар мұнда төмендегідей Азиялық әріптестерді - Австралия, Ауғанстан, Жапония, Моңголия, Корея Республикасы және Таиланд қосамыз [4, 157 б. ] . 2010 жылға қабылданған ЕҚЫҰ-ның Жиынтық бюджеті 150, 765, 000 еуроны құрайды [13, 232 б. ] . Салыстырмалы түрде айта кететін болсақ 2003 жылғы бюджет 185, 7 млн. Евроға тең келген болатын [1] . Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ-да 3300-ге жуық қызметкер жұмыс істейді, олардың көпшілігі - 2800-ге жуық адам - тыстағы миссиялар мен орналасқан жерлердегі іс-шараларға тартылған. Хатшылықта және мамандандырылған институттарда жалпы алғанда 500-ге таяу қызметкер жұмыс істейді.
Ұйым қару-жараққа бақылау жасауды, алдын алу дипломатиясын, сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайтуды, адам құқықтарын, сайлауға бақылауды, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғандағы мәселелердің кең ауқымымен айналысады.
ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санайды және үш өлшемде -әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерде әрекет етеді [13, 232-233 бб. ] .
Егер де тарихқа көз салар болсақ, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Хельсинкиде қаланған басты қағидалары бар жалпыеуропалық қауіпсіздік құрылымдарының бейбіт дамуының күрделі жолдан өткендігін көреміз. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қорытынды актісіне қол қою соғыстан кейінгі кезеңдегі әлемнің екі антагонистік жүйеге бөлініп, негізінде идеологиялық агрессия, қару-жарақты көбейту мен бірін бірі ядролық қарумен жойып жіберу қорқынышы жатқан «қырғи-қабақ соғыстың» барынша белсенді кезеңіндегі ұзақ мерзімге созылған келіссөздер үдерістерінің нәтижесі болып табылды. 1961 жылы жанталаса қарулану үдерісі өзінің шарықтау шегіне жетіп, әлем жаһандық апаттың сәл алдында ғана тұрды. Осы жылы КСРО Жаңа жер әскери полигонында алғаш рет сутегі бомбасын сынақтан өткізді, оның жарылу толқыны Жер шарын бірнеше рет айналып өтті. Семей ядролық полигонында 1949-1963 жылдар аралығында сынақтан өткен ядролық зарядтың жалпы қуат мөлшері Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2500 есе артық болды. Осы кезеңде климаттың біршама өзгеріске түсіп, суытқандығы байқалған. Саясат саласында да мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың салқындағаны байқалды. «Қырғи-қабақ соғыстың» майдан шебі Орталық және Шығыс Еуропа елдері арқылы өткен болатын. Еуропа құрлығының қауіпсіздігі Екінші дүниежүзілік соғыстың алапат салдарларынан кейін жаңа ірі көлемдегі қақтығыстың қатеріне ұшырады. Тек Еуропа елдері ғана емес, сонымен қатар, АҚШ, Кеңес Одағы, Түркия және басқа да мемлекеттер ядролық шабуыл өтінде тұрды. Қалыптасқан қиын жағдайдың одан ары ушығуына Берлин мен Кариб дағдарыстары, Чехословакиядағы «барқыт» төңкерісті басу және де басқа аймақтық қақтығыстар себеп болды. Бұған ядролық қаруға қатысты оқиғалар да қосылып отырды. Мысалы, 1966 жылы Испанияда АҚШ ӘТК екі ұшағы соқтығысып, соның салдарынан 4 сутегі бомбасы жоғалып кетті және де мұндай жағдайлар сирек емес еді. Әлем қайтадан қауіп-қатерлерді бастан өткерді, әрине, бұл жағдай еуропалық және әлемдік қоғамдастықты алаңдатпай қоймады. Бұл жағдайларда геосаяси және идеологиялық мақсаттардан әлемдік тіршілікті сақтау талпынысы жоғары тұратындығын көрсететін жаңа алаң қалыптаса бастады [12, 148 б. ] . Бұл ЕҚЫК - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қалыптасуының негізгі факторы болды.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында көптеген елдер тұрғындарының санасында үлкен өзгеріс орын алды. 1972 жылы екі ұлы державаның басшылары Л. Брежнев пен Р. Никсонның ядролық қарусыздануға қатысты кездесуі өтті және бұл кездесу Стратегиялық қаруларды шектеу (СҚШ-1) секілді аса маңызды үдерістің бастамасы болды.
Дәл осы кезеңде, яғни 1972-73 жылдары Хельсинкиде Жалпыеуропалық кеңесті дайындауға қатысты көпжақты кеңесулер өтіп жатқан болатын. Осы кезден бастап жалпыеуропалық саяси үнқатысудың негізі қаланды, оның нәтижесі ретінде Хельсинки Қорытынды актісі мен ЕҚЫК кеңес форумы танылады [12, 183 б. ] .
1973 жылы шілде айында сол тұста қалыптасқан Шығыс пен Батыс елдері арасындағы шиеленіскен жағдайды қалыпқа түсіру үшін КСРО-ның ұйымдастыруымен Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшылары бас қосқан еді. Міне, сол кезде басталған келісім-шарттың соңғы қортындысына 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде қол қойылды. Ол тарихқа «Хельсинки келісімі» деген атпен енді. Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы кеңесінің ресми құрылған кезі де сол 1975 жыл болып саналады [21] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz