Кузеевтің шежіретануға қосқан үлесі



КІРІСПЕ . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

І. АКАДЕМИК Р.Г.КУЗЕЕВТІҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
1.1 Р.Г. Кузеевтің өмірі мен ғылыми қызметі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
ІІ. Р.Г. КУЗЕЕВТІҢ ШЕЖІРЕТАНУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
2.1 Шежіре туралы түсінік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2 Р.Г.Кузеевтің еңбектеріндегі шежіре және этногенез мәселелері . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

ІІІ. ҚАЗАҚ, БАШҚҰРТ ШЕЖІРЕЛЕРІ БОЙЫНША РУ.ТАЙПА АТАУЛАРЫНДАҒЫ ПАРАЛЛЕЛЬДЕР ЖӘНЕ ЭТНОГЕНЕТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР
3.1 Қазақ.башқұрт халықтарының құрамындағы аттас рулар . . . . . .
3.2 Қазақтар мен башқұрттар арасындағы этногенетикалық байланыстар және рухани құндылықтарындағы ұқсастықтар. . . . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . .
3

І. АКАДЕМИК Р.Г.КУЗЕЕВТІҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

1.1 Р.Г. Кузеевтің өмірі мен ғылыми қызметі . . . . . . . . . . 7
. . . . . . . . .

ІІ. Р.Г. КУЗЕЕВТІҢ ШЕЖІРЕТАНУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

2.1 Шежіре туралы түсінік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
. . . . . . . . . . . . . . . .

2.2 Р.Г.Кузеевтің еңбектеріндегі шежіре және
этногенез мәселелері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22
. . . . . . . . . . . . . . . . . .

ІІІ. ҚАЗАҚ, БАШҚҰРТ ШЕЖІРЕЛЕРІ БОЙЫНША РУ-ТАЙПА АТАУЛАРЫНДАҒЫ
ПАРАЛЛЕЛЬДЕР ЖӘНЕ ЭТНОГЕНЕТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

3.1 Қазақ-башқұрт халықтарының құрамындағы аттас рулар . . . . .33
.

3.2 Қазақтар мен башқұрттар арасындағы этногенетикалық
байланыстар және рухани құндылықтарындағы ұқсастықтар. . . . . .42

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49
. . . . . . . . . . . . . . . .

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52
. . . . . . . . . . . . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзіктілігі. Кез келген халық ұлы уақыт бедерінде талай
танымал тұлғаларды тудырған. Солардың бірі – Райль Гумерович Кузеев. Ол -
бүкіл әлем таныған белгілі ғалым, өз ұлтының тіпті түркі жұртының шынайы
патриоты, қоғам қайраткері. Сондықтан да ол туралы жылы лебіз білдіру -
әркімнің азаматтық парызы.
Р.Г.Кузеевтің тындырған іс-әрекеттері мен қаламының ұшынан шыққан
ғылыми шығармалары - тарихи дерек көзі болып табылады. Бүкіл саналы ғұмырын
туған халқының күрделі тарихын зерттеуге арнап, өзінің өмір сүрген
уақытындағы саяси режимнің қыспағынан тайсалмастан батыл ойлар мен
тұжырымдар жасаған тұлғаның өмірі мадақтауға тұрарлық. Бүкіл өмір жолы,
артында қалдырған рухани мұралары мен тарихи қызметі, кейінгі ұрпақты
тәуелсіздіктің баға жетпес құнын қадірлей білуге үйрететін, патриотизмге,
отансүйгіштік асыл сезімдерге баулитын Р.Г.Кузеевтің өмірі мен ғылыми
қызметін зерттеу бүгінгі танда башқұрт халқын, жалпы түркі жұртын рухани
тұрғыдан байытады. Өзінің ғұмыр бойғы зерттеулерінде ғалым туған халқының
тарихын ғана зерттеумен шектелмей, түркі дүниесін тануға талпынды, башқұрт
халқының терең тамырын қазақ халқымен сабақтастыра сақ-ғұн, одан бері түркі
заманынан іздеді. Тақырыптың өзектілігі міне, осыдан да туындайды.
Есімі түркі халықтары тарихының өте маңызды кезеңдерімен тығыз
байланысты, саналы ғұмырын Отанының ғылымы жолындағы күреске арнаған,
табиғи талантын, алған білімін халқының келешегіне, оның өркениетті елдер
қатарына қосылуына жұмсаған, осынау ардақты тұлғаның өмірі мен қызметінің
арнайы зерттеу объектісі боларлық тақырып екендігі даусыз.
Р.Г.Кузеевтің түркі дүниесін тануға, тарих ғылымына қосқан үлесі зор.
Сондықтан, тарихшы-қайраткер туралы алғашқы зерттеуді әрине, тарихшылар
қолға алуға міндетті. Сондықтан да осы тақырып дипломдық еңбек жазуға
итермеледі.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының басты мақсаты
Р.Г.Кузеевтің өмірі мен қызметіне тоқталып, оның еңбектерінің негізінде
қазақ және башқұрт халықтарының ру-тайпалық құрылымының ұқсастықтарын
шежіре арқылы іздестіру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға
төмендегідей міндеттер қоямыз:
- Ғалымның түркі тарихының күрделі мәселелерін зерттеудегі ролін және
оның еңбектерінің бүгінгі тарих ғылымы үшін маңыздылығын айқындау;
- Р.Г.Кузеевтің ғылыми шығармашылығын ашып көрсету;
- Шежіре ұғымына талдау жасау;

- Р.Г.Кузеевтің шежіре және ру-тайпалық құрылымға қатысты жасаған
пікірлері мен бекіткен тұжырымдарына саралау жасау;
- Қазақ пен башқұрт халықтарының құрамында кездесетін аттас рулардың
ұқсастықтары мен этногенетикалық байланыстарын талдау;
- Екі халық арасындағы ортақ рухани және материалдық құндылықтарға
баға беру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аса көрнекті ағартушы, ғалым және
зерттеуші Р.Г.Кузеевтің тарих пен этнографияға, түріктану саласына қосқан
үлесі, ғылыми-шығармашылық бай мұрасы бүгінгі күнге дейін өз алдына толымды
еңбек ретінде зерттеле қойған жоқ. Ғалымның әр жылдардағы мерейтойларында
оның әріптестері, шәкірттері т.б. сала мамандары ол туралы қысқаша ғана
баяндамалар жасаумен, очерктер жазумен шектелген. Бұл әрине ғалымның өмірі
мен қызметі және шығармашылығы зерттеуге тұрарлықсыз дегенді білдірмейді,
керісінше оның бай мұрасын зерделеуге кез-келген зерттеушінің өресі жете
бермейтіндігін көрсетеді. Олай дейтін себебіміз Р.Г. Кузеевтің өмір бойы
жүргізген ғылыми шығармашылық жұмысы өте күрделі мәселелерге арналған
болатын. Оны талдау, зерттеу сол арқылы жаңаша қорытындылар жасау үшін кез-
келген зерттеушінің көп еңбектенуі,және арнайы дайындығы қажет.
Ал ғалымның қарастырған мәселелеріне келетін болсақ, бұл тақырып яғни,
шежіре мәселесі, оның ішінде башқұрт халқының шығу тегінің қарастырылуы
біршама арыдан бастау алады.
XVIII–ХІХ ғғ. өлкетану, түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен
лингвистикасына байланысты деректерді жинақтау ісі қарқынды болды. Бұл
дәуірде этнографиялық мағлұматтарды қолға түсіру мақсатымен даярланған
көптеген ғылыми экспедиция мүшелеріне айналған ғалымдар өз ынталылығын
танытты, жан-жақты ізденіп, ғылыми мәнді деген мәліметтерді тіркеп жазды.
Нәтижесінде қазақ, башқұрт, қырғыздардың этнографиясына байланысты жиналған
ғылыми мұра сол болды. Аты әйгілі А. Левшин, В. Вельяминов-Зернов, Н.
Аристов, А. Харузин, В. Радлов, Н. Остроумов, А. Нестеров және т.б. белгілі
ғалымдар өз еңбектерінде шежіре мәліметтерін башқұрттың этноқұрамын
қарастыруға ғана қолданған. Халықтың тарихи жады сақтаған тарихи мәліметтер
зерттеушілер үшін қызықты, құнды болуына қарай, әр заман тарихнамашылары
қазақтың тарихи фольклор деректерін қажетсінді.
Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиетте қарастырылып отырған мәселе алғаш
рет П. И. Рычковтың еңбегінде көтерілді. Оның еңбектерінің ішіндегі ең
маңыздысы История Оренбургская.[1] Бұл жұмыс башқұрт халқының этникалық
құрамымен, шаруашылығымен және қазақ халқымен байланысын барынша
таныстырады. Біздің жұмысымыз үшін В. Н. Татищевтің еңбегі өзіндік
құндылыққа ие. Орынбор экспедициясының басшысы болған В. Н. Татищев башқұрт
және қазақ халқының ішкі өмірімен жете таныс болған. Соның нәтижесінде ол
өз еңбегін аталған халықтардың шығу тегіне арнап, олардағы аттас рулардың
негізінде екі халықтың байланысын іздеуге тырысады. [2] Башқұрт халқының
тарихын, олардың қоныстанған өлкесін зерттеудегі ең елеулі оқиға Ресей ҒА
екінші экспедиция ұйымдастыруында жатты. П.С. Паллас жетекшілік еткен бұл
экспедиция Қазақстанның солтүстігі мен батысын, Башқұрт жерін толығымен
аралап, өте бай этнографиялық материал жинақтады. [3] Қазақ және башқұрт
халықтарының арасындағы байланыстарды анықтауда В. Черемшанскийдің еңбегі
ерекше құндылық танытады. [4] 1850 ж. в Оренбург губерниялық
ведомостында Н. Казанцевтің Описание башкирцев (№ 20) атты мақаласы
жарық көреді, кейіннен ол жеке кітап ретінде жарияланған. Мұнда алғаш рет
башқұрт халқына қатысты ақпараттар қысқаша болса топтастырылған. [5] Н.А.
Аристовтың Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и
сведения об их численности атты еңбегі қазақтар мен башқұрттардың, тіпті
түркі халықтарының этникалық құрамын көрсетіп берген алғашқы еңбек. Автор
түркі халықтарының пайда болу мәселесін шешпеседе, әртүрлі түркі аңыздары
мен ру аттарын және таңбаларды салыстыра келе олардың түп тамырлары ортақ
екендіктерін дәлелдейді. [6] 1904 ж. Труды Оренбургской ученой архивной
комиссии атты еңбекте Д. П. Соколовтың О башкирских тамгах деген
мақаласы жарық көреді. Онда ол башқұрт таңбаларын терең зерттей келе
олардың кейбір тұстары басқада түркі халықтарының таңбаларымен ұқсас
екендігін атап өтеді. [7] Қазан төңкерісіне дейін башқұрт халқын
этнографиялық тұрғыда зерттеу негізінен алғанда үлкен көлемдегі
фактологиялық материал жинаумен және оларды танымдылық үшін айналымға
енгізумен ерекшеленді.
Кеңес үкіметінің орнауымен түркі халықтарының тарихын өзара
ықпалдастықтар мен байланыстар негізінде зерттеу жолға қойыла бастайды. Бұл
жерде С. И. Руденконың еңбегінің маңызы зор деп айта аламыз. Ол башқұрт
мәдениетінде түркілік көшпеліліктің ықпалы басым болғандығын атап өтеді.
[8]
XX ғасырдың екінші жартысында башқұрт халқының этногенезімен түрлі
сала бағытындағы ғалымдар айналысады. Олардың ішінде Р.З. Янгузин, Г.Б.
Хусаинов, Р.Х. Халикова, У.Х. Рахматуллин тәрізді зерттеушілерді ерекше
атап өтуге болады. [9]. Бұлардан бөлек әрине зерттеу тақырыбымыз болып
отырған Р.Г.Кузеевтің бүкіл ғылыми шығармашылығы осы мәселелерге арналған
еді. Оған жұмысымыздың барысында ранайы тоқталамыз.
Диплом жұмысының деректік негізі. Деректік мәліметтердің негізгі тобын
Р.Г.Кузеевтің өз еңбектері, ғылыми мақалалары құрады. Әсіресе,
Р.Г.Кузеевтің шежіре төңірегінде жасаған ғылыми қорытындылары, ортағасырлық
тарихи үдерісге байланысты түзген тұжырымдары және қазақ пен башқұрт
құрамындағы руларға қатысты бекіткен өзідік пікірлері бітіру жұмысының
басты деректік қорын құрады. Бұл еңбетердің барлығы Р.Г.Кузеевтің өз ісіне
берілген нағыз ғалым болғанын дәлелдеуде құнды болып отыр.
Жұмыстың методологиялық негізі: Р.Г.Кузеевтің саналы ғұмыры мен
қызметі кеңестік кезеңге сай келгендіктен, сол кездегі басты методологиялық
бағыт болған қалыптасып келе жатқан марксистік-лениндік деп аталған тарихи
материализмге негізделген көзқарастар жүйесіне көңіл бөліп, оның зерттеліп
отырған тарихи тұлғаның көзқарастары мен бағыттарына ықпалын айқындауға
тырыстық. Жеке тұлғалар жөніндегі ғылыми зерттеу жұмыстарын жазу барысында
Ұлы бабамыз әл-Фарабидың интелект туралы трактатындағы тұжырымдардың маңызы
зор болғандықтан, жұмыс барысында Ұлы бабамыздың актуальды интелект және
әрекетшіл интелект жөніндегі тұжырымдары Р.Г.Кузеевтің өз ұлтына қызмет
еткен қайраткер, ағартушы-ғалым екендігін кеңірек айқындауға, жаңа көзқарас
тұрғысынан пайымдауға көмектесті.
Зерттеудің барысында тарихилық, талдау және қорыту, салыстырмалы түрде
қарастыру тәрізді әдістер қолданылды. Ғалым тағдырын объективті, шынайы,
жан-жақты көрсету - міне, жаңа методологиялық бағыттың мақсаты да осында.
Дипломның құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. АКАДЕМИК Р.Г.КУЗЕЕВТІҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

1.1 Р.Г. Кузеевтің өмірі мен ғылыми қызметі

РҒА корреспондент-мүшесі, БР ҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы,
профессор Р.Г. Кузеевтың жүріп өткен жолы кімге болса да үлкен өнеге,
ғылымға ден қойған жас мамандар үшін мақтаныш деп айтуға болады.
Башқұртстандағы этнология ғылымының ХХ ғасырдың 50-70 жылдары қалыптасып,
айтарлықтай жетістіктерге жетуі белді этнолог Р.Г. Кузеевтың бастамасымен
жүргізілген мақсатты зерттеулердің заңды нәтижесі еді. [10, 59б.]
Р.Г. Кузеевтың башқұрт халқының этнографиясы, этнос теориясы мен
мәдениеті жайлы іргелі еңбектері башқұрт халқының отандық ғылымның алтын
қорына кіріп қоймай, түркі халықтарының тарихының кейбір тұстарын танып-
білуге арналған құнды еңбектер қатарына енді. Ол ұзақ ғылыми ғұмырында
оңдаған ғылым кандидаттарын және докторларын дайындап, этнологияда өзінің
теориялық-методологиялық мектебін салды.
Р.Г. Кузеев өзінің ғылыми ғұмырында төмендегідей белді ғылыми
мекемелердің қатарын мүше ретінде орын алды: РҒА корреспондент мүшесі,
Башқұртстан Республикасының Ғылым академиясының академигі, Ресей
Әлеуметтану академиясының академигі, Чуваш Ұлттық академиясының құрметті
академигі, Халықаралық Түрік академиясының академигі, РҒА Шығыстанушылар
Қоғамының мүшесі, РҒА Археография комиссиясының Оңтүстік-Орал бөлімінің
төрағасы, бірқатар ресейлік және шетел ел университеттерінің құрметті
профессоры.
Болашақ дүние жүзіне танымал ғалым 1929 жылы 10 қаңтарда БАКСР Уфа
кантоны Сафаровский волосының Аминево деревнясында (қазіргі Башқұртстан
Республикасының Чишмин ауданы) дүниеге келеді.
Р.Г. Кузеев көпбалалы отбасында дүниеге келген. Кулактар деген айып
тағылған Кузеевтің отбасы Уфаға қашады. Гумер Абдрахманұлы Кузеев өз
заманының білмді адамдарының қатарына жатқандығы балаларының өмірлік
мақсаттарын әсер етті. Кузеевтің төрт ұлы және бір қызы жоғары білім алып,
басқарушылар, әскербасшылары, ірі ғалымдар және қоғам қайраткердері ретінде
республикаға және шет елдерге танымал адамдарға айналды [10, 60 б.].
Раиль Гумерұлы мектеп жылдары-ақ гуманитарлы ғылымдарға қызығушылық
танытқандығы туралы айтылады. Ол газеттерге берген сұхбаттарының бірінде
этнографиямен бала кезден ақ айналыса бастағанын зор мақтанышпен айтып,
еркін тақырыпқа жазған шығармаларының бірін еске түсірді және оны ерекше
құлшыныспен әңгімелеп береді. Онда өзінің ауылда өткізген уақыты, ауылдағы
туыстарының тұрмыс тіршілігі жайлы нақты және қызықты етіп жазғандығы
соншалықты, оның шығармасын басқа сыныптарға үлгі ретінде оқыған. Раиль
Кузеевтің этнография ғылымына келуі біраз хикаяға толы болады. Алдымен ФЗУ,
таулы-геологиялық техникумына оқуға түседі, содан кейін Ленинград
мемлекеттік теміржол транспортының көпір және тоннельдер факультеті, оны
аяқтамай науқастанып Уфаға қайта оралады. Ақырында өзіне танымалдылық
әкелген мамандықтың тұтқасын ұстайды. Ол К.А. Тимирязев атындағы Башқұрт
мемлекетттік педагогикалық институтының тарих факультеті еді. Осы жерде
алғаш рет Р. Кузеевтің қабілеті мен тарихқа деген қызығушылығы көрініс
береді. Факультеттегі оқу курсын ол экстерн арқылы эмтихандарды тапсырып
отырып бір жыл ерте, ағасы Рустеммен (Башмемпединституттың болашақ ректоры)
бірге өтті. [11, 185б.]
Кез-келген ғалымның қалыптасуына әсер ететін тұлғалардың, нақтырақ
айтқанда бағыт беретін ұстаздардың болатындығы белгілі. Р.Г. Кузеевтің де
жолында сондай ұстаздар кездесті деп айтуға болады. Сол жылдары Уфа жоғары
оқу орындарында Ұлы отан соғысының нәтижесінде орталықтардан Уфаға қоныс
аударылған мәскеулік, ленинградтық, киевтік оқытушылар, профессорлар және
академиктер еңбек еткенін атап өтпеске болмас. Жергілікті ғалымдардың
ішінде Раиль Кузеевке Башқұртстан тарихынан арнайы курс оқыған профессор
А.Н. Усмановтың ықпалы көп болды. Р.Г. Кузеевке башқұрт халқының тарихы мен
этнографиясына деген таусылмас қызығушылық танытуға жол сілтеген міне осы
кісі.
Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Р.Г. Кузеев БАССР Министірлер
Кеңесі жаңындағы М. Гафури атындағы тарих, тіл және әдебиет ғылыми зерттеу
институтына (қазіргі РҒА ғылыми орталығының Уфа тарих, тіл және әдебиет
институты) жолдама алды. Бұл болашақ ғалымның алғашқы баспалдағы болатын.

Автономды республикалардағы КСРО ҒА филиалдарын құру кезінде және
осындай филиалдың (БФАН) құрылғанынан кейін Уфада оның президиумының
жоспарлы кадрлық жұмысы басталды. Соның нәтижесінде Р.Г. Кузеев
біріншілердің бірі болып аспирантураға түсу үшін Мәскеуге жіберіледі. Осы
кезде ол өмірлік маңызы бар таңдауын жасайды. Олай дейтініміз, ҒА Башқұрт
филиалына, сондай ақ тарих институтына әртүрлі саладағы мамандар қажет еді.
Болашақ аспиранттарға бірнеше бағыттар мен маманданулар ұсынылды, солардың
ішінде көбі түсіне білмейтін этнографияда бар еді. Раиль Кузеев дәл осы
этнографияны таңдайды және таңдауынан қателеспейді. 1951 жылы оқуға түсу
емтихандарын сәтті тапсырып, ол РҒА ЭАИ аспиранты атанып, Н.Н.
Чебоксаровтың жетекшілігімен диссертациялық жұмысын дайындайды. [10, 62б.]

ЭАИ-де сол кездері атақты этнографтардың, шығыстанушылардың,
антропологтардың шоғыры қызмет істеді, атап айтар болсақ С.П. Толстов, Н.Н.
Чебоксаров, М.Г. Левин, М.О. Косвен, Б.К. Терлецкий, И.И. Потехин, Л.Н.
Терентьев, Т.А. Жданко, П.И. Кушнер, С.А. Токарев, С.М. Абрамзон және
басқалар. Осы кісілермен араласуы Р.Г. Кузеевтің кәсіби ғалым этнолог
ретінде қалыптасуына зор ықпал еткені сөзсіз. Далалық этнографиялық
тәжрибені Р.Г. Кузеев КСРО ҒА Ортаазиялық экспедицияда жинады, оның оқу
отрядын С.М. Абрамзон басқарып, Тянь Шаньда жұмыс істеді.
Аспирантурада оқып жүрген жылдары Р.Г. Кузеев башқұрттардың ру
тайпалық құрамын зертей отырып, өзінің алғашқы ғылыми ерлігін жасайды. 1952
жылдың жазында материал жинау мақсатында ол жаяу Башқұртстанды оңтүстігінен
солтүстігіне дейін жалғыз жүріп өтті. Ол осы жайлы көп еске алып, осы жайлы
және аспирантурадағы үш жылдың екеуін Ленинкада өткізгенін мақтанышпен
өзінің шәкірттеріне айтып отырған. Диссертациялық жұмысын Р.Г. Кузеев
оқудың аяқталуына жарты жыл қалғанда қорғап, Уфаға оралады [10, 62б.].
Осы тараушамызда Раиль Гумерұлының өмір жолының жарқын беттерін
толығымен сыйдыру мүмкін емес, сондықтан біз зерттеуімізде оның ғылыми және
ғылыми ұйымдастырушылық қызметінің жарқын беттеріне ғана тоқталамыз.
Аталған екі салада да Р.Г. Кузеевтің еңбегін асыра бағалау мүмкін емес.
Р.Г. Кузееев ғылымды ұйымдастырумен ерте айналыса бастады.
Аспирантурадан келе салысымен ол төңкеріске дейінгі тарих секторының,
кейіннен өзі өзгерткен археология, этография және өнер секторының жетекшісі
болып тағайындалды, 28 жасында БФАН фице президенті болады да 60 жасқа
дейін осы лауазымда отырды.[12, 116б.]
Башқұрт филиалының материалды базасын құру үшін, кадр саясатында,
ғылыми зерттеу және білім беру мекемелерінің инфраструктурасын дамытуды,
республикадағы мәдениетті дамытуда, тарих пен мәдениеттің дара нысандарын
сақтап қалуда, жаңа технологияны ендіру жолында осы жылдары атқарған
еңбегінің барлығын тізіп шығу мүмкін емес. Онымен бірге қызмет атқарған
әріптерстерінің барлығының ойынша Р.Г. Кузеев қолына алған істің кез-
келгенін алдына қойған мақсатына жеткенше орындаған. Ол филиалдың барлық
құрылымдары мен қызметтерін біліктілікпен бақылауда ұстаған, тек
гуманитарлық емес, республикадағы жаратылыстану ғылыми зерттеулердің
дамуына көп жағдай жасады. Біздің ойымызша осылардың ішіндегі ерекше
маңызға ие ісі Ғылыми кітапхананы (қазіргі таңда Орал Волга аймағындағы ең
жақсы кітапхана), Ғылыми мұрағатты, қолжазбалар мен ескі басылымдардағы
кітаптарды (солардың ішінде түрік және араб тіліндегі қолжазбалар)
сақтайтын қойманы салуы. Олар қазір аймақтың тарихи мәдени мұрасының дара
қорын құрайды.
ҒАБФ вице президенті бола тұра Р.Г. Кузеев қоғамдық бастамаларда көп
жұмыс істеді. Көп жылдар қатарынан ол мемлекеттік басқару органдыранының
жұмысына көмектесті, Башқұрт мемлекеттік педагогикалық институтының
профессоры болды, кеңес үнді достығы қоғамының башқұрт бөлімінің,
Знаниенің, КСРО мәдениет қорының, Ресейлік тарих ескерткіштері мен
мәдениетін қорғау қоғамының төрағасы болды. Сонымен қатар Башқұртстанның
археологиясы мен этнографиясы сериясының, 1950 жылдардың аяғы мен 1970
жылрадағы осы тектес басылымдардың редакторы болды. С. Шмидтпен бірлесе
отырып, КСРО ҒА Археографиялық комиисиясының Оңтүстік оралдық бөлімшесінің
құрылуына қол жеткізіп, кейіннен оның басшысы қызметін атқарды. Комиссия
тарапынан ортағасырлық және жаңа замандық мыңдаған тарихи құжаттар
анықталып, жарыққа шықты, деректану мен археографиядан оңдаған ғылыми
жинақтар мен монографиялар басылып шықты. Комиссия 1930 жылдары басталған
Башқұртстан тарихының материалдарын шығару жолында еңбегін жалғастырды
[12, 118б.].
Аймақтық этнографияны дамытуда атқарған ұйымдастырушылық жұмыстарының
жемісті нәтижесі бір кездері Раиль Гумерұлы басқарған сектордан тамыр алған
Археология және этнография музейі деп нық сеніммен айтуға болады. Осы кезде
Ресейдің нағыз этнографтарына әйгілі музей, өзінің негізгі функцияларынан
бөлек, Еділ-Жайық маңындағы этнографиялық ізденістердің топтасқан жеріне
айналды, аймақтағы халықтардың мәдениетін зерттеушілерді біріктірді, заңды
түрде Р.Г. Кузеев мектебі деп атауға болатын республикалық этнографиялық
мектепті құру базасына айналды.
Р.Г. Кузеевтың ғылыми зерттеу қызметін шартты түрде үш кезеңге бөліп
қарастыруға болады. Бірінші кезеңде, 1950-1970 жылдары, ол бар назарын
башқұрт халқының этногенезіне, этникалық тарихы мен мәдениеті мәселесіне
аударғандығы оның ірі монографияларында көрініс табады. 1957 жылы Р.Г.
Кузеев Очерки исторической этнографии башкир атты өзінің түңғыш
монографиясын басып шығарады (Уфа 1957 жыл); Башкирские шежере (Уфа,
1960); "Народное искусство башкир" (Л., 1968. Авижанская С. және Н.В.
Бикбулатовпен бірлесе отырып); Происхождение башкирского народа.
Этнический состав, история расселения (М., 1974); Историческая этнография
башкирского народа (Уфа, 1978); Декоративное творчество башкирского
народа (Уфа, 1979. Н.В. Бикбулатов және С.Н. Шитовамен бірлесе отырып).
Осы қатарға жататын еңбектерге баға бере отырып, олар тек мемлекеттік
тарихнама үшін ғана емес, бүкіл отандық түркология тарихнамасының дамуына
зор үлес қосқандығын атап өтеміз.
Келесі кезеңде, 1980 жылдардың басы мен 1990 жылдары ол өзінің және
әріптестерінің алдына Оңтүстік Оралдың барлық халықтарының этнографиясын
толғымен зерттеуді мақсат етіп қояды, нәтижесінде он-он бес жыл ішінде ХVІ-
ХІХ ғасырларда Башқұртстанда қалыптасқан Ресей мен Еділ-Жайық аймағының
барлық дерлік этнографиялық топтарының этникалық тарихы жайлы еңбектер
жазылды. Оған Р.Г. Кузеев ғылыми жетекшілік және редакторлық еңбек жасаған
ондаған мақалалар, бірнеше ұжымдық монографиялар арналған. Солардың ішінде
Народы Поволжья и Приуралья (М., 1985, жауапты, ред. Р. Г. Кузеев), 1986
жылы ИАЭ АН СССР, МГУ, Уфа ИИЯЛ және Поволжьядағы басқа да республикалардың
ғылыми зерттеу институттарымен бірлесе отырып жүргізген Еділ-Жайық
аймағындағы бірінші ірі масштабтағы этносоциологиялық зерттеудің
қорытындысы негізіндегі еңбектер сериясы; "Народы Башкортостана. Историко-
этнографические очерки". 2002 (бас. ред. Кузеев Р. Г.) кітабы [10, 64б.]
.
Ғылыми қызметі бойы Р.Г. Кузеев этнографияның (этнологияның) теориялық
мәселелері жайлы жемісті еңбек етті. Әсіресе мәдениеттердің өзара қарым
қатынасы мен ықпалдастығы мәселесі қызықтырды. Жоғарыда аталған бағыттарды
іске асыру барысында зерттеулер негізінен эмпирикалық материалды жинау,
этнографиялық жолмен жүргізілсе, келесі кезеңде 1990 жылдардың басынан
бастап ірі теориялық еңбектер пайда бола бастады. Солардың қатарындағы ең
бастысы Народы Поволжья и Южного Урала. Этногенетический взгляд на
историю (М., 1992). Осы еңбектен кейін авторлық және редакциялық
этносаясаттану, этноәлеуметтану, тарихи философиялық, монографиялар мен
мақалалар, мысалы Этнос и его подразделения (ред. Р. Г. Кузеев, М.,
1992), бірқатар еңбектер жарық көреді. Оның соңғы ірі еңбектерінің бірі
Демократия. Гражданственность. Этничность (М., 1999) атты кітабы [12,
118б.].
Айтқандарымыз Раиль Гумерұлының ғылыми зерттеу қызметінің алуандығын
толығымен жеткізе алмайды. Ол жиырма монографияның, 200 ғылыми
публикациялардың, мақалалардың, отандық және шет елдік журнал мен
газеттерде басылып шыққан мақалаларды есептемегенде, очерктердің, авторы
және соавторы. Р.Г. Кузеевтың энциклопедиялық және фундаменталды кітаптары
башқұрт және қазіргі ТМД елдерінің тарих ғылымының алтын қорына енді. [12,
118б.]
Еділ-Жайық аймағында Р.Г. Кузеевтың бастамасынсыз және тікелей
ұйымдастыруынсыз 1990 жылдардың басына дейін бірде бір конференция
өтпегендігін атап өткеніміз артық болмас. Тек ең маңыздыларын ғана тоқталып
кетер болсақ. 1960 жылдары ол Уфада КСРО түрік республикаларының дамып келе
жатқан этнографиясына тікелей мағынасында мектепке айналған башқұрттардың
этногенезі мәселелері бойынша ҒА Тарих бөлімінің сессиясын ұйымдастырады.
Дәл осы масштабтағы этнос құрылымдары бойынша Этнические и этнографические
группы в СССР конференциясы Р.Г. Кузеевтың бастамасымен 1990 жылы өтеді.
1992 жылы ол алдымен Уфада (1993 жылы), одан кейін Челябинскте, Омскде және
басқа қалаларда өткен көшпелі Россия-Восток: проблемы взаимодействия
конференциясын қолдайды.
1997 жылы Уфада Ресей антропологтары мен этнографтарының ІІ Конгрессі
жиналды, дәл осы жерде өзінің халықаралық статусын иеленіп, Ресейлік
этнография ғылымының мерекесіне айналды.
Ғылымды ұйымдастырушылардың ең ірілерінің білі бола тұра Р.Г.
Кузеевтың оның кадрларын дамытуға өте көп үлес қосқандығы түсінікті. Ерекше
маңызға 1994 жылы оның бастамасымен ашылған этнология, этнография,
антропология мамандықтары бойынша ашылған және археология бойынша Орал
халықтары бөлімі маңынан ашылған Мамандандырылған Кеңес ие болды. Жеті жыл
ішінде қырық диссертациялық жұмыстардың қорғауы өтті. Ізденушілер қатарында
аспиранттар, Башқортстанның және көрші аймақтардың Татарстан, Чуваш
Республикасының, Марий Эл Республикасының, Премь, Челябинск, Оренбург,
Ульяновск, Волгоград облыстарының жоғары оқу орындары мен ғылыми
институттарының қызметкерлері. Р.Г. Кузеевтың тұлғалық ықпалының,
идеяларының, берген бағыттарының әсерін республика мен оның шеттеріндегі
ғалым гуманитарийлердің бірнеше ұрпағы бастан кешірді. Р.Г. Кузеевтың
ондаған шәкірттері мен тәрбиеленушілерінің қатарында қазіргі таңда Н.В.
Бикбулатов, С.Н. Шитова сияқты кеңінен танымал ғалымдар бар [11, 187б.].
Науқас болуына қарамастан өмірінің соңына дейін Раиль Гумерұлы
оптимизммен шығармашылық жоспарларға ие болды. Башқұрт және толықтай түркі
тамғалары мен башқұрт шежіресіне қатысты басталған жұмыстарды аяқтаудың
қажеттілігі жайлы айтып жүрді. Ғылымның тарихы жайлы шығарма жазуды ойлап,
осыған байланысты, Этнография менің өмірім атты естеліктер кітабын қолға
алуды жоспарлаған. Соңғы кездері өз еңбектерін шығармалар жинағына
топтастыруды армандаған.
Р.Г. Кузеевтың толық өмірбаяны әлі жазылады, бұл уақыттың еншісінде
деген ұстаным оның шәкірттерінің ғалым жөніндегі қысқаша мақалаларында
басты назарға қойылады. Баға жетпес еңбегі үшін, өзінің отаны алдында
сіңірген еңбегі үшін, жетекші, ұстаз, дос ретіндегі жақсы қаиеттері үшін,
ғылымның дамуына қосқан айтарлықтай үлесі үшін Р.Г. Кузеев КСРО, Ресей мен
Башқұртстанның Үлкен және Кіші Отан наградаларымен марапатталған. Ең
бастысы, ол бірге жұмыс істеген және өмір жолында кездескен адамдардың
сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болды. Оны Мәскеуде, Санкт Петербургта,
Ресейдің басқа да ғылыми орталықтарында, Грузияда және түркі халықтарының
елдерінде, яғни бауырлас Қазақстанда, Өзбекстанда, Түркменстанда,
Қырғызстанда ерекше жылылықпен еске алады, оның жасаған еңбектерін ерекше
құрметтпен бағалап, құнды зерттеулер санатына қосады.
Ол өзінің өмір жолын лаборант қызметін бастап, РҒА Уфа ғылыми
орталығының (бұрынғы КСРО ҒА Башқұр филиалы) төрағасы орынбасарына дейін
көтерілді, ИИЯЛ БФАН СССР тарих, археология және этнография секторының
меңгерушісі болды, БФАН СССР Президиумыны төрағасының бірінші орынбасары
қызметін атқарды, 1993 жылдан 2001 жылға дейін РАН УНЦ МАЭ Орал халықтары
бөлімін (1999 жылдан бастап ЦЭИ УНЦ РАН) басқарды [11, 186б.].
Р.Г. Кузеевтың көпжылдық еңбегі, халықтар арасындағы түсінушілік пен
достықты қатайтуға ықпал ететін ғылыми жетістіктері мен қоғамдық қызметі РФ
және БР үкіметі тарапынан жоғары бағаланып, ордендар және төсбелгілермен
марапатталды. Р.Г. Кузеев – РФ және БР еңбегі сіңген ғылым қайраткері,
ғылым және техника саласында БР мемлекеттік премиясының лауреаты (1999
жыл). Халықтар Достығы Қызыл Белгісімен, Достық ісіне сіңірген еңбегі
үшін құрметті белгілерімен марапатталды [12, 119 б.].

ІІ. Р.Г.КУЗЕЕВТІҢ ШЕЖІРЕТАНУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

2.1 Шежіре туралы түсінік

Қазіргі кезеңдегі тарих ғылымының даму үрдісіне қарасақ, ол
мәселелерді кеңінен қарастыру және зерттеудің уақыты келген секілді. Бұрын
да бұл мәселелерді шешуге қабілетті ғалымдар мен жас ізденушілер аздық
етсе, қазіргі кезеңде жекелеген мәселелерді ғылыми талдаудан өткізуге
шамасы мен білімі жететін жастар саны көбеюде.
Шежіре көптеген халықтарда сақталынған, ата-баба тарқатудан бастау
алатын білімдер жиынтығы. Ғылыми анықтамасын беретін болсақ, шежіре -
өркениетті елдерде дамыған, ру-тайпа және жанұяның пайда болуы, даму
кезіндегі көрнекті оқиғалар мен сол оқиғаларға қатысқан белді, атақты
тұлғалар жайлы мәліметтерді бойына сақтаған, халық аузында сақталған немесе
жазбаша нұсқалары бар, жүйелі түрде ата-текті тарататын тарихи –
генеологиялық шығарма болып табылады. Шежіренің дамуы адамдар санасының
өсуімен анықталса, шежіренің ғылыми тұрғыда зерттеліп, айналымға енуі
шежіретану мектептерінің қалыптасу тарихымен тікелей байланысты.
Бұны кеңірек түсіндіру үшін, алдымен шежіретану ұғымына анықтама бере
кетсек. Біздің ойымызша, шежіретану – жеке адамдардың, жанұялардың, ру-
тайпалардың шығу тегі мен даму тарихы туралы мәліметтерді бойына сақтаған
ұлттық төлдерек – шежіренің әртүрлі нұсқаларын табу, жинау, зерттеу, талдау
және оның мәліметтерін тарихи еңбектерге қолдану үрдістерін жүзеге асыратын
ғылым саласы болып табылады. Яғни, шежіретану мектебін, шежіренің пайда
болуы мен даму тарихын зерттей отырып, шежіре құрылымында кездесетін тарихи-
этнографиялық, тарихи-жағрафиялық, т.б. мәліметтерді деректанулық талдаудан
(әдіс-тәсіл, сыныптау, мәтінтану, т.б.) өткізе отырып, тарихи еңбектерге,
әртүрлі зерттеулерге қолдануды жүзеге асыратын ағым ретінде қарастыра
аламыз [13, 52 б.].
Рухани құндылықтардың молаюымен объективті болмыстың өзін ғана сезіну
қажеттігі емес, сонымен қатар ол туралы білімнің, яғни сананы саналы түрде
сезіну қажеттігі туады. Бұл үрдіс, әдетте, өзіндік сана терминімен немесе
рефлексия терминімен анықталады. Өзіндік сананы нақты түсіну қоғам дамуының
кейінгі кемелденген кезеңінде пайда болады. Еуропалық дәстүрде мұндай
түсінік Сократ заманында болды. Оның өзіңді өзің таны деген ұраны
қоғамның нақты тұжырымын, заманның рухын қалыптастырды. Осы қоғамның немесе
әлеуметтік топтың шеңберінде интеллектуалды қызметті реттейтін нақты
ереженің, талаптардың, ұстанымдардың қалыптасуына әкелетін әлеуметтік
рефлексия сана қалыптасуындағы стихиялы және саналы сатыны межелеуге
мүмкіндік береді.
Оқиғаларды сипаттаудағы нақты жасалған ережелер болмауы тарихи сана
дамуындағы стихиялы кезеңнің негізгі белгілерін анықтайды. Оларды былай
топтастыруға болады:
1. Өткенді таратып, сатылап жазуға бағытталған арнайы мәтіндердің
болмауы. Мифтерде, аңыздарда, батырлар жырларында оқиғалар мен жағдайларды
жазғандар өз заманына сай шығарған. Мұндай оқиғаларды келесі ұрпақ өткен
дүние ретінде қабылдайды, алайда оның өткен уақыты шамалап айтылады, алайда
көп жағдайда ол қате болады.
2. Өткен оқиғаның бір ізділігі жеке оқиға шеңберінде нақты
белгіленеді. Түрлі эпизодтардың байланысы шартты түрде, және олардың өзі
біртұтас контексте орындары оп-оңай ауысып қойылуы мүмкін. Бұл тарихи үрдіс
пен тарихи уақыттың қайта айналып келмейтіні туралы нақты түсініктің
болмағанын көсретеді.
3. Нақты хронология жоқ. Египеттің патша тізімдерінде, библиялық
генеалогияда тек жеке адамдар рет-ретімен берілген, бірақ объективті,
былайша айтқанда абсолютті хронология, уақыт ұзақтығы, оқиғаның басы мен
аяғы, сонымен қатар тұрақты жағдайға қатысты әлеуметтік өзгерістер
қарастырылады, ал олардың уақыты көрсетілмеген немесе шартты уақыт
шеңберінде белгіленген.
4. Оқиғаның салдарын түсіну әлсіз. Оқиғаның себебін түсіндіруге
тырысқан жерде жеке адамның атынан айтылу немесе мифологиялық түсінік
басым, әлеуметтік сипаты жоқ. Әлеуметтік жағдайды сатылы түрде түсіндіру
мүлдем жоқ.
5. Өткен тарихқа деген қызығушылық мінез-құлық, адамгершілік
нормалары, дана шешімдердің үлгілері стандартын бөліп көрсетуге деген
талпыныстан шыққан. Мұндай стандарттар мен үлгілер тәрбие құралы, жеке
мінез-құлық эталоны ретінде қолданылған. Іс жүзінде мұнда болашақты болжау
мәселесі жоқ, өйткені өткені, бүгіні, болашағының айырмашылығы жоқ сияқты
[13, 53-54 бб.].
Шежіренің қалыптасуына әр тарихи кезеңдердегі өзгерістер шежіреге
өзіндік әсерін тигізген болатын. Сондай бір ірі өзгеріс, бұл әлемдік
діндердің пайда болуы мен дамуының әсерінен болған болатын. Осының
әсерінен, шежірелердегі сюжеттер, бір жағынан жоғарғы күш пен
пайғамбарлармен, екінші жағынан рубасы, көсемдермен байланыстырыла бастады.
Осының нәтижесінде, қиял-ғажайыпқа толы аңыз-әңгімелердің саны арта түсті.
Рубасылар пайғамбардың балалары, туыстары болып, кейбір рубасылар белгісіз
күштен, нұрдан, сәуледен жарала бастады. Алғашқы мемлекеттік құрылыстардың
пайда болуымен, енді билеуші әулеттердің маңыздылығы артып, шежірелердің
басқа түрі пайда болды немесе шежіренің мәні өзгере бастады. Шежірені, енді
идеологиялық қару ретінде пайдалана бастады. ХҮ ғасырдан бастап, әулеттік
шежіре кітаптары, саяси билікті, жерге деген жекеменшікті дәлеледеу үшін
ғана емес, енді ғылыми зерттеу мақсатында, атап айтсақ тарихшылар үшін
жинақтала бастады. Соның нәтижесінде, алғашқы генеалогиялық жинақтар
шығарылып, генеалогиялық кестелер, тізбелер жасалына бастады. Осының
нәтижесінде, Европада ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларда арнайы шежіретану (генеалогиялық
зерттеу) мектебі қалыптасып, енді шежіре деректерін сынау әдістері
жасалынып, шежіреге негіз болатын - мемуарларға, заттық ескерткіштерге,
құжаттарға талдау жасалына бастады.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда шежіретану Еуропа елдерінде мемлекеттік дәрежеге
дейін көтерілді. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың өзгеруі, буржуазияның өсуі
- өздерін таза ақсүйектік жанұяға апарып тірейтін жалған шежірелерді
туғызды. Соның нәтижесінде, Англия, Франция корольдері әрбір графтықтарға
тексерушілер жіберіп, билеуші топтардың ата-тегін тексеруді қолға алды.
Осындай тексеруден өтіп, анықталған шежіре жинақтары арнайы кітаптарға
енгізілді. Осының нәтижесінде, 100 жылға жуық уақыт көлемінде корольдер мен
ақсүйек топ шежірелерінің бірнеше анықтамалары мен жинақтары шығарылды. Осы
жинақтардың барлығы тарихшылардың қолына түсіп, зерттеу обьектісіне айнала
бастады [14]. ХҮІІІ ғасырда шежіретанудың теориялық мәселелері қолға
алынып, зерттеу әдістері жасалына бастады (кестелер, таңбалар, нөмірлеу
жүйесі, т.б.) Бұл бағытта жұмыс істеген ғалымдар арасында, немістер (Имгоф,
Келер, Кох, т.б.), француздар (Дюшен, Дюбуше, Гишенон, ла Рока, т.б.),
ағылшындар (Бартон, Пол, Арчер, Дугдейл, т.б.), испандықтар (Л. Соласар,
Кастро, т.б.) болды [14, с. 25-50 бб.]. 1721 жылы Вена университетінде
тұңғыш генеалогия кафедрасы ашылып, шежіретану ісі ғылыми жолға жүйелі
түрде түскен болатын. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Еуропадағы саяси-әлеуметтік
өзгерістерге қарамастан (төңкерістер, азамат соғысы, т.б.) шежіретану
мектебі қалыпты даму үстінде болды. Шежіретанудың теориялық-методикалық
мәселелерін дамытуда неміс ғалымдары алда болды (Виль, Гаттерер, т.б.)
Неміс ғалымдарының арқасында, шежіретану — тарихи қосалқы пәндер қатарына
енгізілді. О. Лоренцтің көмегімен шежіретану гуманитарлық ғылымдар қатарына
қосылды. ХІХ ғасырда шежіретану, Америка елдерінде, Ресейде, Скандинавия
елдерінде, Венгрияда, Польшада кеңінен дамып, шежірелік еңбектер мерзімді
басылымдарда жарық көре бастады. Мысалға, Ресей зерттеушілері шежірені
туыстық қатынастарды зерттеуге пайдалана отырып, шежіренің әртүрлі
формаларының (кестелік, дөңгелек, сызба, т.б.) артықшылығы мен кемшілігін
зерттеуді жолға қойды. Сонымен қатар, Ресей зерттеушілері шежіре
деректерін, енді басқа жазба дерек көздерімен салыстыруды (заңдық актілер,
мұрагерлік құжаттар, мұрағат материалдары, т.б.), ұрпақтардың ауысуы
кезіндегі әлеуметтік өмірді зерттеуді (даму, өсу, құлдырау себептері)
жүзеге асырған. Бұл саладағы Н.В. Долгоруков, В.В. Руммель, В.В. Голубцев
еңбектері әлі күнге дейін кең қолданыста [13, с. 67]. ХХ ғасырдың басында,
енді тек ақсүйектер шежіресі ғана емес, қарапайым халықтың шығу тегі мен
генеалогиялық кестелері зерттеу еңбектерінің объектісіне айнала бастады. ХХ
ғасырдағы ең үлкен монография, Вена университетінің профессоры О. Форст де
Баттальдің еңбегі болып табылады. Бұл еңбек әлі күнге дейін осы саладағы ең
ірі еңбек болып саналады. Еуропа елдерінде ХХ ғасырдың басынан бастап,
шежіретанудың теориялық мәселелері кеңінен қолға алынып, арнайы мектеп
қалыптасып, әзірде бұл бағытта орасан зор істер атқарылуда. Жекелеген
әлеуметтік топтардың шежіресін зерттеу оң жолға қойылып (дворян, көпес,
лорд, мұғалім, доктор, қолөнерші, т.б.), белгілі-бір дәуірдің психологиялық
бейнесін жасау жүзеге асырылуда. Еуропа елдерінде, шежірені сонымен қатар
тарихи жағрафияға кеңінен қолдануда. Ол жерде, жанұялық миграциялар, оның
жергілікті қоғамға әсері, араласу мәселесі, т.б. проблемалар бойынша жұмыс
істелуде. Еуропа елдерінде шежірелік анықтамалардың алфавиттік, есімдік
көрсеткіштері жарыққа шықты. Мысалға,Австрияда осындай бір көрсеткішке 7700
адамның 4000 астам немересінің тізімі берілсе, Германияда шежіреге қатысты
анкеталық мәліметтер мен естеліктердің жинақтары, Англия мен Францияда
шежірелік кестелердің 40 астам түрінің жинақтары шығарылды [14, с. 27-30
бб.].
Кеңес өкіметінің орнауымен бұрынғы Ресей патшалығының қол астында
болған халықтардың жаңадан бастау алған шежіретану ісі дағдарысқа ұшырап,
шежіре - зерттеу объектісінен алынып тасталды (Орта Азия, Қазақстан, т.б.)
Бұның басты себебі, дәстүрлі “әлеуметтік тапсырысқа” мемлекет тарапынан
шектеу қойылуы, шежірелік білімнің негізі саналатын шежіреші қариялардың
азаюы, шежіре жеткізудің дәстүрлі жүйесіне мемлекет тарапынан соққы
берілуі, шежіре зерттелген күннің өзінде де таптық принциптен шыға алмай,
біржақты зерттелуі, т.б. Осының нәтижесінде, бұрыңғы Кеңес өкіметі
құрамындағы халықтардың көпшілігінде шежіретану ісі жарты ғасырдан астам
уақытқа тоқтатылды. Ал, басқа халықтарда шежіретану ісі біражола құрып
кеткен жоқ. Олардың қатарында, башқұрт, татар, Кавказ халықтары бар. Бұл
түркітектес халықтар шежіресінің Кеңес өкіметі тұсында жойылып кетпеуінің
басты себебі, шежіренің “бөлшектене” білуінде жатыр. Бұл дегеніміз, әр адам
ең алдымен өз жеті атасын (бірінші бөлшек), содан соң үлкен ата-бабасын
(екінші бөлшек), одан соң ортақ ата-бабасын (үшінші бөлшек), соңында
руластар тарихына көз жүгіртеді (төртінші бөлшек), т.с.с. Олай болса, жеті
атасын білетін әрбір адамда шежірелік білімнің негізі бар. Кеңес өкіметі
кезінде, 4,3,2 бөлшектер жайлы айтылмаса да, өз жеті атасы жайлы білімді
әрбір ұлтжанды азамат өз балаларына құпия түрде жаттата берді. Міне,
шежіренің осынау қиын-қыстау кезеңдегі халық санасына біражола өшіп
кетпегенінің басты себебі. Бұл ерекшелік қазақ халқына да қатысты болды.
Кеңес өкіметі ыдырай бастағаннан кейін, бодан елдердің ұлттық санасының
оянуымен, ұлттық құндылықтарды қайтадан қалпына келтіру жүзеге асырылды.
Әрине, уақыт тұрғысынан көп зардап шексек те, “ештен кеш жақсы” дегендей
осы істі қайтадан, объективті, ұлттық тұрғыда зерттеуді жүзеге асырудамыз.
Евразия даласындағы көшпенді халықтардың бүкіл өмірі - өздері пайда
болғаннан бері бірдей дамып келе жатқан ауызша тарихтың бойында сақталған.
Ауызша тарих – адамзаттың, белгілі-бір халықтың өзіндік дамуы жайлы
мәліметті өз санасына сақтап қана қоймай, өздерінің қоғамдағы ерекшелігін
және әлемдік мәдениетте алатын орнын айқындауға көмектесетін фактор болып
табылады. Ал, ауызша тарихтың барлық ерекшеліктері сақталған халық ауыз
әдебиетінің бөлімі – бұл шежірелер. Кез-келген шежіре нұсқаларында, аңыз-
әңгімеде, жыр-дастандарда белгілі бір дәрежеде тарихи шындыққа негізделген
оқиғалар мен тарихи тұлғалар жайлы деректер кездеседі. Бұл деректердің
авторлары болған оқиғаға өздері қатысуы, әлде естуі немесе көшіру мүмкін.
Қалай болғанда да бұл дерек топтамасында - әсерлеу, бейнелеу, күшейту басым
болып жатады. Сондықтан, кез-келген ауыз әдебиеті дерегінің арасында нақты
шекара жоқ. Кейде аңыз-әңгімелер шежіренің құрамына, ертегілер болса -
аңыздарға, ал шежірелер - әңгімелерге, т.с.с. бір-бірінің құрамына кіріп
кетіп отырады. Яғни, кез-келген ауыз әдебиетінің дерегі қаншалықты
субъективті болса да, соншалықты объективті болуы мүмкін. Бұл дегеніңіз,
деректі ғылыми айналымға енгізерде жасалынатын деректанулық талдау —
деректің ерекшелігіне сай болуы керек деген сөз. Міне, сондықтан да қазақ
шежіретану ғылымының негізінің қалыптасу мәселесі әзіргі таңда аса бір
өзекті мәселе болып табылады [15, 82-83 бб.]..
Шежіренің көптеген деректері аңыздарға негізделеген. Ал, аңыздарға
көпшілік сене бермейді. Оның басты себебі, ол аңызда белгілі-бір дәрежеде
тылсым күштің әсері бар болып келуінде. Бірақ, біз аңызды 100 %-дық ойдан
құрастырылған деп айта алмаймыз. Себебі, аңыз - өзі пайда болған уақыттағы
адамдардың дүниетанымынан, өмірге деген көзқарасынан, өмірде болып жатқан
құбылыстар мен оқиғаларға деген адамдардың түсінігінен туындаған халық ауыз
әдебиетінің бір түрі. Мысалға, сақтар, ғұндар, түркілер кезеңіндегі
аңыздарда әлеуметтік – этникалық құрылым жайлы халық түсінігі және
өздерінің дүниетанымы жайлы көзқарастары туралы мәліметтер сақталған.
Бұған халық арасында белгілі аңыздарды, басқа елдерде кездесетін және сол
кезеңнің тарихи жазба ескерткіштері болып табылатын деректермен салыстыру
арқылы көз жеткізуге болады. Мысалға, Ғұндар көсемі – Мөдэ жайлы – Қытай
деректері; Түркілердің атасы – Оғыз жайлы - араб, парсы, Европа, қытай
деректері; Қарахан жайлы – араб, парсы деректері, т.б. Бұл жердегі
мәліметтерді талдау барысында, көптеген аңыздарда тарихи фактілердің
кездесетінін көруге болады. Қытай, араб-парсы жазба деректерінде,
көшпенділердің өз аузынан естіген аңыз-әңгімелер көптеп кездеседі және оған
сол жазбалардың авторларының көпшілігі терең мағына бергенін көруге болады
[15, 79 б.]. Рашид ад-Дин өз еңбегінде – “кейбір тарихшылар оқиғаларды
көрмей, естігені арқылы жазады... Кейбір тарихшылар оқиғаларға өзі қатысып,
бел ортасында жүреді... Кейбіреуі тек естігенін немесе көшіріп жазады...
Ауыздан-ауызға берілген деректерде тарихи шындық болуы әбден мүмкін. Бұның
мәліметтеріне сену дегеніміз, пайғамбарлар мен олардың қызметтеріне, халық
билеушілеріне, атақ-даңқты адамдарға... әртүрлі құдай жарлығына, заңдарына,
діндерге сену деген сөз. Себебі, олар жайлы дерек аң алдымен ауыздан-ауызға
беріліп келді. Бірақ, олардың мәліметтерін ұйып тыңдамаған, өлгенше
сенбеген адам кемде-кем шығар. Олай болса, ауызша тарих айтуда белгілі-бір
дәрежеде тарихи шындық бар. Тарихшы эмоцияға салынбауы керек. Тарихтың
ішінде кездесетін, жақсылық пен жамандық, қорқақтық пен батырлық, жеңіліс
пен жеңіс, т.б. факторлар тарихшыға эмоциялық жағынан әсер етпеу керек.
Тарихшы оқиғаны қалай болды, солай ғана жазу керек” деген көзқарасты ұстана
отырып, автор ауызша тарихты әлемнің көптеген мәдени орталықтары
қолданатынын айтады [16, 27-28 бб.]. Жалпы осындай бағыттағы ортағасырлық
деректер, әсіресе араб-парсы деректері ауызша тарих айтудан туындаған.
Мысалға, Шыңғыс-намэ, Тауарих-и гузиде нұсырат-наме, Жылнамалар
жинағы, Түрік шежіресі, т.б. [17, 41-43 бб.]. Шежіре түркі халықтарының
барлығында да сақталған, бірақ та түркі халықтарының ішінде көшпенді мал
шаруашылығымен айналысатындар арасында шежіре өзіндік ерекше түрін сақтап
қалған. Ал отырықшы түркі халықтарында шежіре халық ауыз әдебиетінің басқа
да түрлерімен араласып кеткен. Сондықтан да, әзіргі көптеген түркі
халықтары ішінде де шежіренің өзіне, тіпті жеті атаға дейін қыз алыспау
дәстүріне де мән беріп қараудың маңыздылығы жойыла бастаған.
Шежіре – халық тарихының көптеген ақтаңдақ мәселелерін ашуға
көмектесетін дерек көзі. Ең алдымен, шежіре — ұлт тазалығы мен ұлт
құрамының ерекшелігінің басты көрсеткіші. Шежіре –Евразия даласына шашырай
қоныстанған түркі халықтарының туыс екендігін дәлелдейтін ұғым. Л.С.
Толстова өз кезегінде – Тарихи дерек ретінде көптеген қызығушылықты –
халық шежіресі тудырады (қарақалпақтарда – шежіре, башқұрттарда – шежере,
түркімендерде– седжрей, қырғыздарда-седжере, т.б.) деп атап көрсеткен
болатын [18, 23-24 бб.]. Себебі, шежіре – көшпенділердің кеңістік пен
уақыт, тарих пен адамзат арасындағы қатынасты анықтайтын фактор. Шежіре –
кез-келген кезең (кеңістік) мен әртүрлі уақыт, кез-келген оқиға мен адамзат
арасындағы қарым-қатынасты анықтауға көмектесетін, уақыт пен кеңістікке тез
бейімделетін деректік қордың жиынтығы. Шежіре – бұл дерек көзі ғана емес,
халық қазынасы. Оған өз кезегінде түрлі тарихи кезеңдегі өмір сүрген
адамдар әртүрлі оқиғаларды енгізе алады және шежіренің деректерінде сол
тарихи кезеңдердің ерекшелігі сақталынады [17, 94 б.]. В. Юдин өз
кезегінде, “это степное устное историческое знание можно было бы назвать
степная устная исторология, так как термин историография не был бы
корректным в отношении устной традиции ... .. они представляют собой как
бы сборники исторических рассказов – глав исторического знания кочевников
Дешт-и-кипчака,... рассказы главы имели специальное название – қары сөз
(старое слово, древний сказ)... Степная устная историография
характеризуется несколько видоизмененными, ко теми же самыми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әріп пен ен-таңба арасындағы бұлдыр сағым
Қазақ елі Орыс мемлекетінің губернияларының құрамына енді
Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік бастауы
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
Өзбек ұлтының қалыптасуы және Өзбек мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XV-XVIII ғасырдың I жартысы)
Қазақ рулары және рулық таңбалары
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласына қатысты саясатын толық және жүйелі көзқарас тұрғысынан зерттеу
Қазақ халқы ою - өрнегінің ішкі мәні
Қазақ тарихы дәстүрлі ауызша тарих
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі
Пәндер