Шығыс Қазақстан облыстық мұражайлар тарихы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ, ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Тарих және география мамандығы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МҰРАЖАЙЛАР ТАРИХЫ
Ғылыми жетекшісі
оқытушы
«» 2006 ж. Ж. А. Қалимолдина
Қазақстан және шет елдер кафедрасының
меңгерушісі, т. ғ. д., профессор
«» 2006 ж. З. О Дүкенбаева
Орындаған 5ТГ -2 тобының
студенті
«» 2006 ж. С. Қалымбекова
Норма бақылаушы
«» 2006 ж. Қ. Р. Жириндинова
Өскемен, 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Бірер сәт қана елестетіп, байқаңызшы… Туған бала анасын, әкесін танымайды. Бірге туған бауырларын, бала күнде ойнаған бірге оқыған достарын танымайды. Туған жерін, туған ауылын, оқыған мектебін де ұмытқан. Бәрі де есінен шығып кеткен. Бала есінен айырылған. Адам үшін бұдан өткен ауыр қасірет болуы мүмкін бе? Орны толмас өкініш, жан- жүйеңді үгілтер аянышты хал демей не дерсің, мұны? Баласы ондай халге ұшыраған, ондай бала өсірген ата- ана да, ел сормаңдай дей беріңіз.
Адамның ес де адам баласына табиғат берген, ешнәрсе теңдесе алмайтындай ең асыл, керемет қасиеттердің бірі. Ес жоқ болса ол бір меңіреу, мылқау, бейшаралық, айуаннан да әрмен сансыз, Сорлы тірлік дей беріңіз. Ондай тірлікті басы жұмыр пенде көрмесін, мақұлық атаулының еншісінде қала берсін, ондай мәңгүрттік. Шыңғыс Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн” романдағы мәңгүртті еске алыңыз.
Есің болса мынау байтақ дүниені, жаратылыстың керемет құбылыстарны, әдемілікті түсініп, қабылдаудың да басқаша қоршаған ортамен, айналадағы адамдармен қарым - қатынасың, өткен кеткен мен болашаққа көзқарасың, ниетің мен қаректің де басқаша.
Адамның есі де тұнығы мен тұңғиығына көз жетіп болмайтындай, қат - қат, ұшы - қиырсыз мұрат реуішті асыл қазына, керек кезінде тиісті пұшпаған толғап қалсаң, өткен дүние, көрген дүние егжей - тегжейімен есіңе түсіп, көз алдына келе қояды.
Мұражай халықтың есі іспетті ештеңеге теңгеруге келмейтіндей кереме қазына. Туған ата- анасына, туыстары мен достарына, туған Отанына деген әсте бір айнымас, ыстық жүрегі бар, зерделі азамат мұрағат қазыналарына әсте көзжұмбайлық жасай алмайды, оны ескерусіз қалдырмайды. Қайта ең асыл қанына ескерткішіне балап, ерекеше қастерлейді.
Мұражай дегеніміз тарихи материал, өткен өмірдің деректі ескерткіш. Ол өткен өмірдің деректі ескерткіш. Ол өткен өмір құбылыстарын, бастап кешкен тарихты, дипломатиялық қарым - қаынастарды, саяси- қоғамдық, экономикалық өмірдің алуан - алуан құбылыстарын зерттеу үшін сақталады. Бір қарағанда мұражай - жанды тірліктің жансыз дерегі сынды көрінері де бекер емес. Бірақ та бұл сырт көзге ғана. Асылында, мұражай әлемі тереңіне бойлап, жіті үңілетін зерделі иесіне кезіксе, бір кереметі оған да тіл бітіп сөйлейді, жан дірілі мен айғақты сырын айқара ашып тілдеседі. Мұражай шежіре - кеніш, шежіре - сыр дейтініміз содан.
Олай болса, ел тарихының тамыры болатны мұражай ісі туралы ойлар, мәліметтер іздеу бойында рухани қазынасы бар әрбір адамды қызықтырары сөзсіз. Осы бағытта оқып, көңіл бөліп, зерттей келе тікелей қазқсатндағы мұражай ісінің өткен жолы мен қазіргі деңгейі жайында жүйелі пікір қозғайтын еңбектердің аз екенін байқаймыз. Сондықтан да өз өлкеміздің шежірісін білу жолында Шығыс Қазақстан мемлекеттік мұражай тарихына қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да баға беріп, ой елегінен өткізіп көрейік деп отырмыз.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік мұражайларының тарихы тереңнен бастау алады.
Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облысының негізгі әкімшілік бөлігінің орталық болып саналуы 1939 жылдың қазанынан басталады. Бұған дейін облысымыздың территориясы Семей губерниясының қарамағында болатын. Сондықтан да Өскеменде бұл кезде мұражай болған жоқ еді. 1940 жылы 17 сәуірде Шығыс қазақстан облыстық мемлекеттік мұражай құрылады. Оған НКВД - ның мұражай бөлімінің бастығы Н. И. Чичевскийді басқарушы етіп тағайындайды. Осылайша басталған мұражай тарихы әртүрлі кезеңдерді басынан өткерді.
1960-70 жылдары мұражайға жоғарғы гуманитарлық білімдері бар тарихшы мамандар келе бастайды. Олар: С. Е. Черных., Ф. А. Сайкина., Г. П. Андрусенко., М. Г. Шустер., Л. А. Пекаторос., К. Ю. Ван., С. Я. Семибратов., тағы басқалар болды. Бұл адамдар тез арада мұражайда өз жұмыстарын атқаруға кіріседі. С. Е. Черных (1965-1988 жылдардағы мұражай бөлімінің жетекшісі) құжаттарды сақтаудың жаңа формасын ұйымдастырды.
Тақырыптың өзектілігі. Ел басының «мәдени мұра» бағдарламасын негізге ала отырып өткенімізден мол мәліметі баяндайтын мұражай және оның жәдігілерінің болашақ ұрпаққа отансүйгіштікті жеткізудегі орасан зор рөлін ашып көрсету.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мұражай деректерін пайдалана отырып оның тарихын жазуда бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтеріне сүйенуге тура келді. 1981 жылдан 1988 жылға дейін үш деректі очерк басылып шығады. Олар С. Е. Черныхтың «С берегов Иртыша» (1981 ж), «Одна, но пламенная страсть» (1986 ж) . «Под небом Алтая» (1989 ж. ) болды.
Жұмыстың мақсаты. Тарих тәжірибесінде ұрпақтардың кешегісімен бүгінгісін байланыстыратын, тұнып тұрған қайнар көз мұражай деректерінің маңызын баяндау.
Жұмыстың міндеттері. Шығыс Қазақстан облыстық мұражайларының тарихын жаң - жақты жеткізу, жәдігерлердің құжаттарын белгілі бір хронологиялық ретке келтіру.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Тарихи деректер мен материалдарға салыстырмалы анализ жасау негізінде жазылды.
Бітіру жұмысының қолданыстық маңыздылығы. Бітіру жұмысты Қазақстан тарихы, өлке тарихы, мұражайтану және мұрағаттану, Қазахстан мәдениеттің тарихы пәндері бойынша семинар жұмыстарына қолдануға болады.
Бітіру жұмысының құрылымы. Кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ШЫҒЫС МҰРАЖАЙЛАРЫ
1. 1 Шығыс Қазақстан облысының тарихи өлкетану мұражайы
тарихынан
1914-15 жылдары алғаш мұражай халық үйі жанында ұйымдастырылды. 1939 жылы мұражай облыстық болып өзгертілді. 1946 жылға дейін ол бірнеше рет жабылып, қайта құрылды. Шығыс Қазақстан Облыстық депутаттар советінің 1946 жылы 29 тамыздағы № 495 бұйрығы бойынша қайта қалпына келтірілді.
1946 жылдың 24 қазанда Кантарез Василий Михайлович мұражайдың директоры болып тағайындалды. Ұзақ уақыт мұрадайдың өз ғимараты болмады. Сондықтан жұмыстары жөнді болмай тек 1947 жылдың 25 мамырда мұражайға Горбкий көшесі 20 - дан ғимарат берілді. Нәтижесінде бұл жерде мұғалімдер үйі мен А. Гайдар атындағы балалар кітапханасы орыналасқан жер. 1947 жылғы қазан айының соңында мұражай штаты бекітілді, директор, ғылыми кеңесші, суретші, кіші қызметкерлер. 1947 жылы Шығыс Қазақстан Облысында Қазақ Кеңестік Советтік Республикасы ғылыми академиясының «Жергілікті өндіріс» атты көрмесі өтті және ол мұражайды толығымен қалтырылды. Соның нәтижесінде, 1946 жыл 1 қаңтарда мұражайдың жалпы көлемі 112 шаршы мұражайдың жалпы көлемі 112 шаршы метр болды. Сонымен қатар залдың өзі93 шаршы метр болды. 1947 жылы 1 қаңтарда мұражайда 185 зат болса, ал 1948 жылы 7 қарашасынан 1948 жылы 7 қарашасынан 1948 жылы 1 қаңтарына дейін мұражайға 226 адам келген, соның ішінде 5 оқушылар экскурсиясы, онда 137 адам болған.
1957 жылдар 1965 жылдарға дейін мұражай ғимараты Горький көшесі 52 үйде орналасқан. Оның ауданы 600 шаршы метр болды. Соның ішінде экспозициялығы 400 шарты метр. 1957 жылдың 1 қаңтарында жалпы қорда 3800 зат болды. 1965 жыл қорлар қосалқы бөлмеге көшірілді, ал мұражай жасау үшін пионерлер үйін жөндей бастады. 1967 жылы 10 қарашада мемлекеттік комиссия облыстық мұраға Урицкий көшесі 40 тан жаңа ғимарат беру туралы ақтіге қол қойды. Бұл ғимаратта мұражайының қазіргі уақытқа дейін жұмысын істеуде. Мұражайының жалпы ауданы 1200 шары метр оның 800 шаршы метр экспозициялық, ал 50 шаршы метрі қор үшін. Жалпы қорда 37357 зат бар. Мұражай қызметкерлер құрамына келер болсақ 16 адамнан тұрады, оның 6 ғылыми қызметкер. 1978 жылы мұражайда жаңа құрлыстар жүрді. Олар «Көрме залы», «Қорлар сақтау» бөлмесі. Қазіргі күнде мұражайдың жалпы ауданы 2200 шаршы метр, соның ішінде экспозиция үшін 1103 шаршы метр ал қорлар сақтау үшін 190 шаршы метр.
1967 жылдармен салыстырғанда мұражайдың қоры едәуір ұлғайды, 1980 жылы 1 қаңтарында 60215 зат болды. 1972 1980 жылдары мұражайда ескерткіштерді қорғау бөлімі қоғамдық мұражайлармен жұмыс істейтін құрамында 5 дамаы бар бөлімше, қалпына келтіру шеберханасы. Оның құрамында шеберхана меңгерушісімен суретей өңдеуші болды. 1979 жылы Шемонайха қаласында мұражай филиалы ашылды. 1980 жылы 1 қаңтарында мұражайдың штаты 44 адамнан тұрады, оның 22 - сі ғылыми қызметкер. Мұражайдың ғылыми қызметкері әртүрлі ғылыми ағарту жұмыстарын жүргізді. 1967 жылы қызметкерлер 100 ге жуық дәріс оқыды. 1978 - 1979 жылдары оның саны 217 ге жетті. 1977 жылы жұмыстың жаңа түрі ойлап табылды, ол жылжымалы мұражай. Онда Азамат соғысымен О. С, өлке экономикалық дамуы туралы, өндіріс белсенділері туралы көптеген экспонаттар болды. Көрмеге 1700 адам келген осы кезден бастап жылдымалы мұражайдың көрмесі мұражайдың дәстүріне айналған. 1975 жылдары Зайсан мен Табағатай ауданында жылжымалы мұражайға 4000 адам келген. Жұмысшылардың сапалық құрамы өзгерді. 1967 жылы 7 ғылыми қызметкердің 5 жоғары білімді болса 2 орташа, ал стажы 5 жыл болатын 3 адам жұмыс істеді. 1980 жылы 1 қаңтарда барлық ғылыми қызметтің жоғары білімі болды. Дәлірек айтсақ 22 қызметінің 8 стажы 5 жылдан көп болды. Мұражайдың ғылыми қызметі мұражайда өз біліктіліктерін өсірді. 1978 жылы 20 ақпанда мұражай Кеңестік Советтік Республикалар қарулы күштері үстінен мәдени басшылығындағы белсенді жұмысы үшін кәсіп одақ орталық комиитетінің дипломымен марапатталды. Мұражай бүкіл кеңестік және республикалық мұражайлар көрмесінде белсенділік танытып отырды. Кеңестік Советтік Республикалар Одағы мәдениет министірлігімен республикалық ұйымдастыру комитетінің дипломына Лениннің 100 жылдығы қарсаңында ие болды. Бүкіл кеңестік оқу ағарту ісіне белсенді қатысқаны үшін, КСРО ғылымының 50 жылдығына байланысты КСРО мәдениет министірлігінің дипломымен марапаталды. Мұражай құрылысынан бастар мұражайлық қор қалыптасқан, 1948 жылы 1 қаңтарда 179 кітап болса, 1967 жылы 1852 болды. Осы жылдардың 25 қыркүйегінде мұражай жөндеу жұмысына байланысты жабылды. Мұражайдың табиғат секторындағы маңызы зор коллекцияға Шығыс Қазақстан Облысындағы Қалба - Нарым аймағындағы жыныстар мен минералдар жатады. Олардың 1973 жылы геология және миноралогия ғылымының кондидаты Филиппов В. А өткізген. Сондай ақ пединституттың студенті Хроковтың 1972 жылы өткізген құстар коллекциясы болып табылады. Бөлімшенің ең үлкен коллекциясының бірі археологиялық коллекция болып табылады. Оның құрамына С. С. Черниковтың Шығыс Қазақстанда жүргізген археологиялық экспедициясында табылған минералдық қазбалар жатады. Қазбалар тас, қала, темір дәуіріне жатады. Соның ішінде Қазақстанда тұңғыш рет палеомиттік еңбек құралдары толық қанды зерттеулер нәтижесінде этнографиялық коллекцияларға да толы болды. Онда мынадай материалдар ерекше орын алады:
- Шаруа және қала киімі
- Орыстың ұлттық киімдері
- Орыс және қазақ тұрғындардың қолөнер шығармашылығы.
- Халықтық техника
- Ыдыстар мен ағаш бұйымдар.
Қорларды қамтамасыз етудің үлкен жұмысын совет қоғамдық тарих бөлімі жүргізеді. Мұндайда ғалымдар мен түсті метал, ғылыми прогреске көп үлес қосқан адамдар туралы материалдар сақталған.
Табиғаты тамаша жері шұрайлы Зайсан ауданының ерте заманнан бері көптеген саясаткерлер зерттеген және оған арнап өз еңбектерін жазған. Өткен кезеңдерде Зайсан жеріне әлемнің түпкір - түпкірінен көптеген ғалымдар, саяхатшылар, жазушылар келіп табан тіреген. Тегі жер ұйықтың әсем табиғаты мол байлығы қызықтырса керек. 1876 жылы Қазақстан, Батыс Сібірді ұлы заолог, жазушы, натуралист «жануарлар» 1876 жылы Қазақстан, Батыс Сібірді ұлы заолого, жазушы, натуралист «жануарлар өмір» атты алты энциклопедияның авторы Альфред Брем, әйгілі неміс ғалымы Отто Финш аралаған. 1876 жылы 16 мамырда олар Зайсан қаласына келіп, А. С. Хохловпен танысады, өздерінің зоологиялық коллекцияларын Андрей Степановичтің жинағандарымен толықтырады.
А. С. Хохлов ғалымдарды Зайсан өңіріндегі сирек кездесетін жануарлар жөнінде кеңестер береді. О. Финштің айтуынша ол ғалымдардан кем білмейтін Мырзам батыстан келген зоологтарға түз киік (жабайы түйе) жөнінде өз бақылауларын бұл жануарларын ерекешеліктерін әңгімелейді. Мырзамдан алған мағлұматтарын ғалымдар Лондондағы зоологиялық қоғамға хабарлап, оның жазбаларында бастыртады.
А. Брем, О. Финш Зайсаннан қар барысын, екі құланның, құлақты кірпінің терісін естелік қылып алып қайтады. Олар еліне қайтады. Олар еліне қайтып «Батыс Сібірге саяхат» атты кітапын шығарады. Онда олар Зайсан қаласын суреттейді. Оны былайша баяндайды: «Зайсанский пост быстро развился до степени порядочного села» - писал Винюков в 1874 году, и я могу вполне подтвердить слова. Местечко производит на приезжающего в степи весьма приятное впечатление, особенно своими широкими улицами, засаженными ивами, и окаймленными оросительными каналами. Его маленький сложенные из кирпича домики с плоскими крышами выглядит правда, не особенно внушительными, но они оказываются очень прочными и дают приятное убежище во время сильных жарков.
Офицеры имеют свой клуб, а предусмотрительности майора Тихонова местечко обязана хорошим парком с посещением для общественных собрании. Парк лежит в правом берегу быстрого горного потока Жеменей, вытекающего вблизи Зайсана из скал, через который перекинут широкий прочный деревянный мост» - деген (Брем. А., Финш. О «путешествение в Западную Сибирь» 1882 г. с- 204 - 205) .
Алтайды зерттеуші В. А. Полторацкийдің арнаулы экспедициясымен шыққан жұбайы Любовь Полторацкая күйеуінің ғылыми деректерін аса ұқыптылықпен жинап, оларды өзі зерттеді, түсірілген фотосуретімен толықтырып отырады. Полторацкая сонымен қатар мұзтаудың ақбас шыңдарын тұңғыш фото объектілеріне бейнелеуші.
Айтылған сапарында түсірген елу сурет «Батыс Сібірдің көріністер мен түрлері» атты альбомға жинақтап, 1875 парижде өткен халықаралық географиялық көрмеде Любовь Полторацкая орыс ғылымын Алтай және Семей өлкесі туралы географиялық көріністі қызықты дүниелерімен таныстырады.
Фотосуреттерде табиғаттың таңғажайып көріністер мен қатар, қазақ ауылы, қыстауының кейпі, тұрмысынан - киім түрлері, киіз үйдің ою - өрнектері, ыдыс - аяқ шаруашылық бұйымдары көрініс тапқан. Құрылысы жинақты, мазмұны салмақты альбомы үшін Полторацкая 1879 жылы Мәскеуде өткен антрополық көрмеде үлкен күміс медальды жеңіп алады.
Сонымен бұл елді орыс ғалымдар мен саяхатшылары да зерттеген. Мысалға атақты саяхатшы М. И. Прежевальский ол Орталық Азияға сапарын Зайсаннан бастаған. 18877 жылы өзінің екінші экспедициясынан оралған ол Зайсан үш ай аялдап, ғылыми зерттеулер жасаған. «Ауасы саф, суы балдай ну орман оранған Зайсан қаласы курортқа бергісіз» деген екен.
Шығыстағы әсем қаламыз Зайсан - бүгін нарық жағдайында өмір сүреді. Мемлекеттік регистрде тіркелген шаруашылық субъектілері 165, одан басқа 338 шаруа қожылығы бар.
Қазіргі ауданда жалпыға бірдей білім беретін 30 мектеп жұмыс істеуде. Күні бүгін жасындағы барлық бала мектептерге тартылған. Сондай ақ кәсіптік техникалық училище, балалардың музыка мектебі, жасөспірімдердің спорт мектебі, жас техниктер станциясы жас ұрпақ тәрбиесіне, шымыр өсуіне, өнерді меңгеруіне ат салысуда. Аудан оралық ауырухана, тері аурулары, туберкулезден емдеу диспансерлері жұмыс істейді. Олар әр елді мекенді, ауылды, үйлерді аралап жүріп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Халық игілікті іске өз үлестерін қоса білді. Бабаларының, әкелерінің көзіндей көріп жүрген бұйымдарын халық үшін деп мұражайға өткізе бастады. Көптеген жәдігерлер сатып алынады. Нәтижесінде біршама бұйым жиналады. Мысалы Саспаев Болат 1976 жылы өткізген батырдың сауаты облыстық мұражайда жоқ, өте құнда экспонат. Талайлардын еңбектері жиналған жәдігерлер саны жеті мыңнан асты. әрбір жәдігердің өз тарихы, өзіндік құны бар. Көбі көзден тайған, ұмытылған құнды бұйымдар.
Алғашқы 1974- 1995 жылдары аралығында мұражай жағдайы өте қиын болады. Себебі алғашқы мұражай үйі Зайсан ауданының шетінде орналасты, ол жерге көрушілер саны аз барды, тіпті ол жерде мұражай бар екенін кейбіреулер мүлде білмейді ді. Ал көрінбейтін жерде бұйымдарды қалай орналастырсаң да көрермен жүрегіне жол таппассың. Сөйтіп 1998 жылы директор орнына келген Әденбек Әбілмажінов ағамыз аудан әкіміне кіріп, одан мұражай көрермендерінің жүрегін жаулап алатын, ауданның орталығынан кеңсе сұраған. «Іздегенге сұраған» дегендей бұл сұрау өз қалауын табады. Сөйтіп 1998 жылы мұражай үйін ашуға аудан орталығында орналасқан бұрыңғы аудандық оқу бөлімінің ғимаратын береді. «Осы жылдардан бастап келушілер саны күрт өсті» дейді мұражай директоры Әденбек Әбілмажінов мырза. «Бұрыңғы отырған орындарыңда жаман емес, ескілікті тарихи үй ғой» - деушілер де табылады. Бірақ біздің мақсат халық ортасында орналасқан үй алу еді, сол арқылы өлке тарихын халық назарына ұсыну, насихаттау» - деп өз сөзін толықтырды директор Әденбек Әбілмажінов мырза.
Қазіргі уақытта аудан жұртшылығына 7 зал қызмет көрметеді. Әр залдағы экспонаттар залдың аттарына қарай топтастырылған. Олар өлкемізде Кеңестер өкіметін құрушылар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылар залынан Отан үшін от кешкен қаһармандар өмірінен мағлұмат беріледі.
бейруда материалдар комбинаттары, құрлыс индустриясының орындары болды.
Бұрындары Урицкий көшесі шіркеу переулогы деп аталып ұзақ жылдар бойы негізгі көлік жолы қызметін атқарған.
Мұнда ХІХ ғасырда сәулеті Покров шіркеуі тұрған кезде алыстан, оның жасыл шатырлары көрініп тұратын.
Покров шіркеуі 1882-1885 жылдары салынған Ғибратхана айналасына, ұмытылмас салт- саналық беріп тұрғандай ерекше болып тұратын. Шіркеу іші керемет болатын. Онда бар 9- қоңырау болған, ең ауырының салмағы 162 пұттан асатын.
Покров шіркеуін атеизм белен алып тұрған кезеңде 1936 жыл құртып жіберген. Ең басында оны бөліп жасып алмаушы болады. Одан кейін оны жарын жібереді бірақ шіркеу сол бұзылған күйінде ұзақ тұрды. Одан кейін комсомолдар оның қойған бөлігін бұзып алды. Кіріс - шығыс есебі бойынша 200 мың дана кірпіш майэкстракциялық дауысттың құрылысына жібере салады. Қалған қаржыны Киров ескерткішін салды құрылымына бөледі.
1902 жылы шіркеуге қарама - қарсы маринск әйелдер училищесіне арналған бір қабатты ғимарат салынды. Педагогикалық курстың тыңдаушылары халық біліміне бөлінген қоғамдық қаржы есебінен оқыды.
Қазір бұл жерде этнографиялық мұражайдың көрме бөлмелерінің бірі орналасқан. Шіркеудің жанында бір қабатты қалалық басқарудың ғимараты орналасты. 1918 жылы онда Өскемен Совдепі орналысты. Жөндеуден өткеннен кейін бұл ғимаратқа тарихи өлкетану мұражайы қоныс аударды.
Кеңес билігінің жылдары «Шіркеу переулогы» Урицкий атындағы көше болып өзгертілді. Базар переулогы Ертістің ағысынан басталып жебе тәрізді қаланың барлық ішкі көшелерін келіп өтіп Үлбінің жағысына дейін шыққан. Переулоктың ойы бір кварталды толық алып тұрған базарға байланысты қойылған.
Ол базардың орнында қазіргі Киров саяжайы орналасқан.
Базар переулогына халық үйі кіріп тұрған. Бұл қазіргі Жамбыл атындағы драма театры. Үйді салуға саяси жер аударылғандардың бастамасымен қалалықтар ақша жинаған. Осы переулокта ғасырдың басында саудагер Меншиковтың үлкен екі қабатты үйі тұрғызылған. Кейінірек сол үйге типография орналыстырылды. Біраз жөндеуден кейін сол үйде мұражай ашылған.
1935 жылдан бастап осы аудан толығымен өзгеріске ұшырай бастайды. Базар мен Пакров шіркеуін бұзып тастады. Саяжай ашты. Содан кейін - ақ бұрынғы шулы аудан тып - тыныш көшеге айналды. Бірақ 1943 жылы жерлес батырымыз Т. Тоқтаровтың есімі берілді. Қазір облыстық әкімшіліктің автобекеті тұрған жерде өрт сөндірушілер бекеті болған. Переулогтың өрт сөндірушілер деген аты осыдан қалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz