Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері
Кіріспе
1. Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары
2. Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері
3. Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер

Жоспар

Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Аймақтардың шаруашылық кызметінің ұлғаюы республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қарым-қатынастарының мәселесіне, жергілікті бюджеттерді басқаруды дұрыс ұйымдастыруға жаңаша көзқарасты талап етеді.
Қазақстан Республикасы экономикасының күрделі кеңістіктік құрылымы мен жүргізіліп жаткан экономикалық саясаттың жемісті болуы оның жергілікті деңгейге жүзеге асуына тікелей байланысты екендігін ескерсек, осы орайдағы жергілікті бюджетті басқарудың маңыздылыгы да айқындала түседі. Олай болса, жергілікті деңгейдегі мәселелердің оңтайлы шешімін табу жолдарының негізі болып табылатын жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру, бюджетаралық қатынастарды оңтайландыру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру тәрізді мәселелер ерекше зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз.
Республика экономикасының дамуы соңғы жылдары аса кемелденіп, толығып келеді, оны реттеу жөнінде әр түрлі мүмкіндіктер едәуір баршылық. Біздің елімізді әлемдік қоғамдастық рыноктық экономикасы бар мемлекет ретінде мойындады. Қазақстан тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде әлемдік қоғамдастықпен ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай есуге қол жеткізді.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің әлемдік интеграция жағдайында дамуы әр түрлі саладағы жетістіктері деңгейімен, жалпы әлемдік жүйедегі белгілі бір міндетті іс-әрекет және орны болуымен байланыстырылады. Нақтылы елдің даму деңгейі әлемдік қоғамдастықпен айкындалады, әр түрлі дәрежеде экономикаға ықпал етеді. Бұл ең жоғары орынға жетуге ұмтылдырады, соған жету рейтингінің өсуін ғана білдірмейді, сонымен қатар келешекте шынайы дамуды бейнелейді. Кез келген экономиканың рейтингі даму деңгейінің белгілі бір көрсеткіші ретінде қаралады. Ол алдағы уақытта бәсекелес әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттап қана қоймай, басқа экономика тарапынан интеграция ықпалымен болатын оның тартымдылық шарты болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі айырмашылық орын алатын болса кез келген мемлекеттің бір қалыпты дами алмайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Сондықтан да қандай да бір елдің бәсекеге төтеп бере алатын қабілеті оның аумақтық деңгейде мемлекеттік тұрғыдан ықпал етудің шаралар жүйесін, белгілі бір аумақтардың мүдделері мен өзіндік ерекшеліктерін экономикалық даму тұрғысынан нығайтудың деңгейіне байланысты.[1]
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгешеліктер объективті тұрғыдан аумақтық даму теңсіздігінің әмбебап экономикалық заң әрекеттеріне бағынышты. Сондықтан да бұл арадағы міндет осы экономикалық заңның талаптарына жекелеген аумақтардың даму деңгейлерін тенестіру үдерісін бағындырып, осы айырмашылықтарды біртіндеп жою болып табылады.
Әрбір аймақтың экономикаға қаржылық ресурстарды жұмылдыру үшін өз мүмкіндіктерін пайдалануы қажет. Бұл тигізер пайдасы бар табиғи кені жоқ аумақтар үшін ерекше маңызды. Тиісті талдау негізінде аумақ үшін, соған орай, тұтас экономика үшін алдағы болашақты қамтамасыз ететін, үнемі ілгері басатын, аумақтық даму мүмкіндіктерін анықтаудың маңызы зор. Бұдан шығатын қорытынды, әр түрлі деңгейдегі экономиканың дамуын макро-және аумақтық қамтамасыз ету Қазақстан үшін бүкіл болашақтың негізі болып табылады.
Аймақтық бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құрамына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толтырылмайды, сонымен қатар бюджеттік реттеу механизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілік-ті бюджетгердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мем-лекеттік қызмет керсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігіне жеткізеді.

Қазақстан Республикасында республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн дамытудың және келешекке арналған осы тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы аудиттiң күштi қызметiн құру Есеп комитетiнiң өкiлеттiлiктерiн кеңейту, оны сапалық және сандық жағынан нығайту қажеттiгi туралы тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы". Жарлығының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң тұжырымдамасы туралы".
Ұсынылып отырған Тұжырымдама республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындайды.
Қаржы саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру халықаралық талаптарға сәйкес, нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен бекiтудi, олар белгiлеген объектiлер мен құқықтық нормалардың қолданылу аясын бөлудi ескере отырып республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау ұғымын айқындаудың объективтiк қажеттiгiнен туындап отыр.
Сол сияқты қолданылып жүрген заңнамаларда қаржы саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының арасында міндеттер мен өкілеттіктерді айқын шектеудің жоқтығы, осы органдардың бір-бірімен де және мемлекеттiк қаржы бақылау жүйесiнен тыс қызмет ететiн аудит институтымен де өзара iс-қимыл мәселелерiнде тиiстi айқындылықтың болмау жағдайлары мәселенiң өзектілігiн растай түседi.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн одан әрi дамыту мемлекет пен елiмiздiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қаржы-экономикалық қарым-қатынастары жүйесiндегi маңызды мәселелердiң шешiлуiне елеулi ықпал ете алады, сондай-ақ экономика саласындағы әртүрлi құқық бұзушылықпен нысаналы күрес жүргiзуге мүмкiндiк бередi.[3]
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу;
5) дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;
7) басымдық принципi - бюджеттiк процестi республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;
9) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, осы Кодекстiң 40-бабының 6-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.
Бюджет қатынастары - мемлекетпен, халық, мекемелер,кәсіпорындар арасында пайда болатын қаржы қатынастары деген ұстанымды ұстайтын болсақ, онда бір жағынан мемлекет кәсіпорындар, мекеме мен халық қаражаттарын ала отырып, мемлекет бұл қаражаттарды өз иелігіне жұмылдырады және өзінің мемлекеттік қызметін орындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы реттеу қызметіне пайдаланады. Әсер ету нысандары әр түрлі болуы мүмкін: кәсіпорындарды қаржыландыру және қаражаттандыру; мемлекеттік инвестицияларды іске асыру; өнеркәсіптің қорғаныс салаларының айырбасталымын қаржыландыру арқылы экономиканың құрылымдық қайтақұруына әсер ету. Мұнда кіріс немесе шығыс баптарын ұлғайту немесе азайту қатынасы саяси кеудемсоқтыққа байланысты елдің халықпен айлаөшарғы жасау қаупі туындайды. Осыған орай , бюджет саясатының қалыптасуы , оның іске асуының бағытталуы барлық кезде тек экономикалық даму үрдістерімен ғана байланысты емес, сондайөақ саяси кеудемсоқтықты көрсетеді. Егер, бюджет саясатының бағытталуы экономиканың дамуы заңдылықтарының анықталуы негізінде емес, ал ол көпшілік дауыс пен көптеген түзетулер нәтижесінде анықталады, онда мұндай бюджет саясаты тұрақты болмай, үнемі өзгерту үстінде болады, яғни тек экономикалық саланың қайта қалыптасуы нәтижесінде ғана емес, сондай - ақ биліктің осы немесе өзге саласының жағжаяттық пайымдауынан.Макроэкономикалық реттеудің маңызды құралы болып бюджет саясаты табылады, ол салық салу мен мемлекеттік шығындарды өзгерту арқылы іскерлік белсенділік деңгейіне мемлекеттің әсерін көрсетеді.[4]
Қазақстан Республикасында республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды Есеп комитетi жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн тұрақты қызмет ететiн
мемлекеттiк орган ретiнде құрылған.
Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Конституциялық Заңына және бекiтiлген ережеге сәйкес Есеп комитетi белгiленген тәртiппен алынатын ақпаратты талдау және жүргiзiлетiн бақылау іс-шараларының негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентiне комитет жұмысы туралы тоқсан сайынғы баяндамаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентiне өзiнiң мазмұны мен сипаты бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi жөнiндегi қорытынды болып табылатын комитеттiң жылдық есебiн берiп отырады. Есеп комитетiнiң жылдық есебi Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында бекiтiледi.
Жергiлiктi бюджеттер мен олардың атқарылуы туралы есептердiң бекітілуі, оның ішінде республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) ауданды, кентті, ауылды (селоны), ауылдық (селолық) округті ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңға сәйкес тиiстi жергiлiктi өкiлеттi органның (мәслихаттың) құзыретi болып табылады. Жергіліктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн мәслихат өзiнiң өкiлеттiк мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды және оның мүшелерiнiң санын белгiлейді. Тексеру комиссиясының өкiлеттiктерi мен жұмыс iстеу тәртiбi мәслихаттың регламентiмен айқындалады.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң шығыстары сметаларының дұрыс жасалуы мен бекiтiлуiн, сондай-ақ бюджеттiк қаражаттың қазынашылық шешiмдерге сәйкес пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. Ал жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң шығыстары сметаларының дұрыс жасалуы мен бекiтілуiн, сондай-ақ бюджеттiк қаражаттың пайдаланылуын қазынашылық рұқсат беруге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттарының пайдаланылуына тексерулер жүргiзудiң тәртiбiн және кезеңділігiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейтiндiгiне қарамастан, оған оларды үйлестiру, әдiстемелерiн әзiрлеу мен енгiзу өкiлеттiлiктерi берілмеген, ал Есеп комитетiнiң осы "тәртiбi және мерзiмдiлiгi" айқындамасына қатысуы заңдарда тiптi көзделмеген де.
Есеп комитетi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiнiң қызметiне оларға бюджеттен бөлiнген қаражатты мақсатты және тиiмдi пайдалану бөлiгiнде талдау жасайды және бақылайды, көрсетiлген бағдарламалар мен оларды құрастырушы ішкi бағдарламалардың экономикалық тиiмдiлiгi мен орындылығына баға бередi.
Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының бұл функциялары мен мiндеттерiн iске асыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылау болып табылады.
Қазақстан Республикасында республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын ішкi бақылау жүйесiнiң аралас үлгiсi қалыптасты. Орталықтандырылған iшкi бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырса, орталықтың қарамағынан шығарылған iшкi бақылауды кейбiр министрлiктердiң бақылау-тексеру қызметтерi жүргiзедi.
Бұл үлгiнiң негiзгi кемшiлiгi тәсiлдер мен әдiстемелердiң үйлестiрiлмеуiне байланысты бақылау объектiлерiндегi жағдайдың терең зерттелмеуi болып табылады, бұл, бақылау процесiнде бiр-бiрiн қайталау мен кемшiлiктердiң пайда болу мүмкiндiгiн туғызады. Осы үлгi қаржылық есептiлiктiң кейбiр элементтерiмен сәйкестiк бақылауын ғана жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, ал тиiмдiлiк бақылауы одан тысқары қалып отыр.

Салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады.
Салықтық түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер.
Салықтық емес түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген, негiзгi капиталды, гранттарды сатудан түсетiн түсiмдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленген бюджетке төленетiн мiндеттi, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусiз негiзде берiлетiн ақша.
Мынадай ақшалар негізгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады:
1) мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;
2) мемлекеттiк материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетiн ақша;
3) мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн жеке меншiкке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскелерiн өзге құқықтық нысандарда өткiзуден түсетiн ақша;
4) мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша.
Ресми трансферттер түсiмдерi - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншісiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетiн трансферттер түсiмдерi.
Кiрiстердiң жаңа түрлерiн енгiзу, қолданылып жүргендерiнiң күшiн жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске мiндеттi түрде өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзiле отырып жүзеге асырылады.
Нысаналы ресми трансферттердi қоспағанда, кiрiстердiң нысаналы мақсаты болмайды.
Қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ететiн шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге байланысты шығындар;
3) мемлекеттiк тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегi үшiн ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) заңды тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттiк мекемелер және қоғамдық бiрлестiктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негiзде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншiсiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу;
7) мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындауға арналған шығындардың өзге де түрлерi.
Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн iске асырудың басқа, неғұрлым тиiмдi тәсiлi болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда берiлуi мүмкiн. Заңды тұлғаларға субсидия берудiң басым бағыттары орта мерзiмдi фискалдық саясатпен айқындалады.
Ресми трансферттердiң жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкiн. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.
Қаржылық байланыстарын орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құның бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететiн шығындарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады.[7]
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың резервi:
1) төтенше резервтi;
2) шұғыл шығындарға арналған резервтi;
3) облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резервтi қамтиды.
Төтенше резерв Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады.
Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою, соттардың шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау мақсатында ғана пайдаланылады.
Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда облыс бюджетiне, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне кредит беру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделедi.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне кредит беру үшiн облыстық бюджетте көзделедi.
Кассалық алшақтықты жабуға қарыз беру қаржы жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң және жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң жалпы көлемi тиiстi бюджет түсiмдерi көлемiнiң екi процентiнен аспауға тиiс.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген көлемдер шегiнде тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жоятын шешiмдерi бойынша жүзеге асырылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемiнде пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi мәслихатқа тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган резервтерiнiң мөлшерiн ұлғайту туралы ұсыныстар енгiзедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн тиiстi бюджетке қайтаруды қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.[8]
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz