Соғыстан кейінгі ирак жағдайы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І АҚШ САЯСАТЫ: ЛАҢКЕСТІК ПЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТІ

1.1. Лаңкестік: анықтамасы,себебі, мақсаты ... ... ... ... ... ... 11
1.2. Лаңкестікпен күрестің жаңа кезеңдері ... ... ... ... ... ... ..16
1.3. Терроризм . қатерлі саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
1.4. Соғыс алдындағы Ирак ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
1.5. Арабтардың нағыз жойқын қаруы . мұнай ... ... ... ... ... .31

ІІ. СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ИРАК ЖАҒДАЙЫ

2.1. Ирак дағдарысының маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.2. Ирак дағдарысына Қытайдың ұстанымы ... ... ... ... ... ...41
2.3. Ирак дағдарысының сабақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ----------------------------------- ------------------------3
І АҚШ САЯСАТЫ: ЛАҢКЕСТІК ПЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТІ

1. Лаңкестік: анықтамасы,себебі, мақсаты.-----------------------11
2. Лаңкестікпен күрестің жаңа кезеңдері.------------------------- 16
3. Терроризм – қатерлі саясат.---------------------------- ----------22
4. Соғыс алдындағы Ирак.------------------------------ -------------28
5. Арабтардың нағыз жойқын қаруы – мұнай---------------------31

ІІ. СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ИРАК ЖАҒДАЙЫ

1. Ирак дағдарысының маңызы----------------------------- --------34
2. Ирак дағдарысына Қытайдың ұстанымы-----------------------41
3. Ирак дағдарысының сабақтары-------------------------- --------42
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- -----------------------------46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ---------51

К І Р І С П Е

Тақырыптың өзектілігі. ХХІ ғасырда кең өріс алып отырған басты қауіп
халықаралық лаңкестік. ХІХ ғасырда лаңкестік қару ретінде саяси күресті жиі
қолданған, ал ХХ ғасырда оны жеке топ емес, жекелеген мемлекеттер сыртқы
елдердегі жауларын құрту үшін қолданатын болды.
2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа жасалған лаңкестік әрекеттен соң БҰҰ
аймақтық ұйымдар лаңкестерге қарсы бірігіп күрес жүргізуге келісті. АҚШ-тың
лаңкестікке және жаппай қырып-жоятын қарулардың таратылуына қарсы тұру
саясатын желеу етіп, басқа елдердің саясатымен санаспайтындығы көпшілікке
ұнамады. Айталық, Югославия президенті С.Милошевич Босния және Герцоговина
мұсылмандарын қырған кезде АҚШ бастаған НАТО оны әскери күшпен тізе
бүктірді. Оған Ресей, Қытай қатты наразылық білдірді. 2003 жылы АҚШ пен
Англия Иракқа қарсы соғыс ашып, Саддам Хусейнді биліктен кетірді. АҚШ-тың
осы саясатына Франция, Германия, Ресей, Қытай қарсы болды.
Кіші Буш кезіндегі Америка саясаты қалыптасқан жағдайды бұзып-жаруға,
басқалармен санаспауға, өз жауластарын әрқашан жұдырық астында ұстауға
ұмтылуда. Әсіресе, осы бағыт 2001ж. 11 қыркүйектегі лаңкестердің АҚШ-қа
қарсы жасаған шабуылынан кейін айқын көрініс тапты. БҰҰ-ның қолдауымен АҚШ
өз жақтастарымен Ауғанстандағы талибандар үкіметін құлатып, онда әскер
ұстауда. Буш әкімшілігі Солтүстік Корея, Ливия, Сирия, Иран, Мьянма, ОАР
сияқты елдерді қысымға алып, ядролық қару жасау жөніндегі жоспарларын
тоқтатуын талап етуде, оларды “лаңкестік әрекетті қолдауда және адам
құқығын бұзуда” деп айыптап келеді. АҚШ әр аймақта, соның ішінде Орталық
Азияда да, өзінің саяси-әскери жасақтарын күшейте түсуде. Оның саясаты,
жоғарыда айтып өткеніміздей, халықаралық лаңкестікке қарсы соғыс ашып,
Саддам Хусейн тәртібін жою. Буш әкімшілігі АҚШ мүддесін қорғауда тайсалмай
әскери күштерін жұмсап, дүние жүзінде Америка үстемдігін тұрақтандыруға
тырысуда.
2003 жылы АҚШ дегеніне жетіп, мақсатына жетті деуге болады.
МАГАТЭ (халықаралық атом қуат. қатысты агенттік) БҰҰ-ның Қауіпсіздік
Кеңесі қабылдаған шешімі бойынша Ирактың ядролық, химиялық және
бактериологиялық қарулар шығаратын өндіріс орындарын жоюға, кейін тіпті
Ирак зымырандарын қысқартуға да құқылы болды. Иракқа қашықтығы 250
шақырымнан аспайтын зымырандар ұстауға ғана рұқсат берілді. Ал Саддам
Хусейн араб елдерінің бірқатар бөлігі мен Ресей тобындағылардың көмегіне
сүйенді.
2003 жылы наурыз айында АҚШ пен Англия “Ирактың жасырып қойған жаппай
қырып-жоятын қаруы бар, ол дүние жүзіне қауіп төндіруде” деген сылтауды
бетке ұстап, Иракқа қарсы өз әскерлерін пайдаланды. Мұны БҰҰ-ның
Қауіпсіздік Кеңесі қолдай қоймады. Әйтсе де 1 мамырда АҚШ-тың әскері
Бағдатқа дейін жетіп, БААС-шылдар тәртібі жойылды. Ал Саддам Хусейн қолға
түсіп, ісі сотта қаралды.
Елдің 2004 жылдың басынан бері шетел әскерлеріне қарсылық қозғалысы
өрістеді. 2004 жылы 28 мамырда Ирак уақытша үкіметі құрылып, билік солардың
қолына берілді. Парламент құрылды.Бұдан былай елдегі жағдайды реттеуге БҰҰ-
да қатысуға келісім берді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Әлемде “супер держава” болып
саналатын АҚШ-тың ұстанып отырған саясатының терістігін дәлелдеу және бұл
соғыстың ендігі жерде халықаралық қатынастар әлеміне төндірер қаупінің зор
екендігін ашып айту курстық жұмыстың мақсаты болып табылады. Аталмыш
мақсаттарға жету үшін мақала, ғылыми материалдарға сүйене отырып, зерттеу
мақсатынан туатын басты мынадай міндеттерге тоқталуымыз керек:
- Терроризмнің қазіргі таңда алатын орнын көрсету;
- Лаңкестікпен күрес шараларын көрсету;
- Екі ел арасындағы шиеленістің дүниежүзіне әсерін көрсету;
- Осы соғыстың халықаралық заң шеңберінде алатын орнын анықтау;
- Соғыстың шығу себебін, мақсатын, маңызын, нәтижесін анықтау;
- Дағдарыс сабақтарын ашып көрсету;
- АҚШ-тың саясатының өзге мемлекеттер үшін қаншалықты қауіпті екенін
ашып айту;
- Ирактың соғыстан кейінгі жағдайына тоқталу;
- Осы дағдарыстың жүру барысын картадан көрсету.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған тақырыптың
хронологиялық кезеңі жоқ деп айтуға болады. Бұл бағыттағы тарихи-
монографиялық және ғылыми-методологиялық әдебиеттер қоры көп. Себебі бұл
ғаламдық мәселелердің қатарына жататындықтан, осы мәселеге байланысты
кітаптар, мақалалар, ғылыми зерттеулер, деректі фильмдер (кинолар)
шығарылуда.
Тарихнамалық шолу. А.Әміреева, Абай атындағы АлМУ теориялық және
саясаттану кафедрасының ізденушісінің “Саясат” журналының 2003 жылдың 10-
нөмірінде “Лаңкестік күрестің жаңа кезеңі” атты мақаласы жарық көрді. Бұл
мақалада лаңкестік тақырыбын жан-жақты қарастырып, лаңкестікпен күрестің
жаңа кезеңдеріне тоқталып, жаңа кезеңдерінің ерекшеліктерін талдап өтеді.
Сонымен қатар, діни экстремизм жайлы және Таяу Шығыстағы қақтығыстар
жөнінде сөз қозғалады.
“Терроризм тамыры қайда және оны қалай қырқамыз?” мақаласының авторлары
Р.Әбсаттаров және Ә.Отыншиева. Бұл мақалада ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр
аралығындағы терроризмнің дамуы және ерекшеліктері қарастырылған.
Антитеррорлық коалициялардың құрылуы. “Террор”, “терроризм” сөздерінің
мағынасын кең ауқымда зерттеп түсіндіреді.
“Ирак дағдарысының сабақтары”. Бұл мақаланың авторы Сайын Борбасов. Ол
Қазақтың ұлттық педагогикалық университеті тарих факультетінің деканы,
бірнеше монографиялық еңбектердің авторы. Мына туралы жазылған: АҚШ пен
Ирак арасындағы дағдарыстың шығындары; “Шөл дауыл” операциясын еске алу;
Ұлыбританияның соғысқа қатысудағы мүддесі; және ең соңында АҚШ-тың Иракқа
шабуылынан қандай саяси сабақтар алуға болатындығы жайлы. Негізінен алты
сабағын қарастырған.
“Буштың сыртқы саясаттағы қадамы” – журналист Ержан Әбдірамановтың
мақаласы.. “АҚШ-та Клинтон, Ресейде Ельцин дәуірінің аяқталуымен бірге екі
держава арасындағы бұрынғы жаймашуақ қарым-қатынастың да күні батуға
таянған секілді. Вашингтонның Қытайға әсіресе, Ресейге қатысты саясатынан
соңғы уақыттарда сезілген ызғар кей сарапшыларды барынша пессемистік
болжамдар жасауға мәжбүр етіп отыр. “Соңғы уақыт” деп отырғанымыз АҚШ-та
кіші Джордж Буш президент болып сайланғаннан бергі мерзім екені ешкімге
жасырын болмаса керек.” – дейді Ержан Әбдіраманов.
Журналист Мұхтар Жанұзақұлының “Әл-Жазира” телекомпаниясының
интернеттегі сайтынан http:english.aljazeera.net аударған мақаласы
“Арабтардың нағыз жойқын қаруы - мұнай” деп аталады. Мұнда Ирак мұнайының
нысанаға іліккендігі жарияланады.
“После Саддама” - КОНТИНЕНТ журналының 2003жылғы басылымында жарық
көрген мақала. Соғыстан кейінгі Ирактың жағдайы; АҚШ-тың билік жөніндегі
жоспары; Ирак курдтарының өз мүдделеріне сай қойған талабы сияқты мәселелер
қарастырылады.
Тағы да, ядролық қаруға байланысты келісімді және 2 кестені ұсынғымыз
келіп отыр.
ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ ТАРАТПАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ
1-бап. Осы келісімге қатысушы ядролық қаруға ие әрбір мемлекет ядролық
қару немесе басқа да ядролық жарылыс құралдарын ешкімге бермеуге, сонымен
қатар ядролық қару мен жарылыс құрылғыларға тікелей не жанама түрде бақылау
жасатпауға; кез келген ядролық қаруға ие емес мемлекетті ядролық қару
немесе басқа да ядролық жарылғы құрылғыларын шығаруға немесе басқа
жолдармен оларды иемденуге, сонымен бірге мұндай қарулар мен жарылыс
құрылғыларына бақылау орнатуға көмектеспеу; қолдау көрсетіп,
итермелемеулері керек.
2-бап. Осы Келісімге қатынасушы ядролық қаруы жоқ әрбір мемлекет
ешкімнен ядролық қару немесе ядролық жарылыс қондырғыларын қабылдамауға
міндеттенді...
6-бап. ...Осы Келісімнің әрбір қатынасушысы ерікті түрде арада ядролық
қаруларды тоқтату және пәрменді халықаралық бақылаумен жаппай және толық
қарусыздандыру жөнінде келіссөздер жүргізуге міндеттенді. Мәскеу қаласында,
Вашингтон мен Лондонда маусым айының бірі күні бір мың тоғыз жүз алпыс
сегізінші жылы үш дана болып жасалды.
Тимербаев В.М. Россия и ядерное нераспрос-е. М.,1999. С.354-359.
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ЕЛДЕРІНДЕГІ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫҢ САНЫ.
(дана есебімен)
Елдер 1990 жылдардың басына ХХ ғасырдың соңына
АҚШ 19140 10000 шамасында
КСРОРесей 25400 10000 шамасында
Ұлыбритания 300 -
Франция 610 -
Қытай 370 434
Үндістан - 80 шамасында
Пәкістан - 15-20 шамасында
Израйль 50-100 шамасы 100-200 шамасында

Международная жизнь. 2000.№2. С.33
Деректемелерге шолу. Ирактың айналасында болып жатқан жағдай дүние
жүзілік қоғамның көңілін аулауда.
Жоғарыда айтып өткеніміздей бұл дағдарысқа байланысты көптеген
материалдар бар. Соның ішінде қазіргі таңда жарық көрген кітаптар мен
түсірілген деректі фильмдерге тоқталып өтсек.
Мысалы мына кітаптар: “Иракский кризис.” М.,2002г.; “Республика Ирак в
системе международных отношений (80-е годы ХХ в. – начало ХХІв.).”
М.,2002г.
Енді осы кітаптың біреуін талқылап өтсек.
Авторлардың мақсаты – соңғы 2 онжылдықтағы Ирактың халықаралық
қатынастағы ғаламдық және аймақтық деңгейдегі рөлі мен орнын анықтау. Олар
Ирактың ұлы державалармен және көрші елдермен қатынасын мұқият зерттеді.
Кітапта маңызды орынды соңғы 20 жыл ішіндегі АҚШ пен Ирактың қатынасына
мінездеме беру тақырыбын алды. Авторлар мынаны көрсетіп өткен: Персид
бұғаздарына байланысты Вашингтонның саясаты жиі өзгеріп отырса да, АҚШ-тың
мұнай көздерін бақылап, күннен-күнге мұнайлы аймақтарға әскери-стратегиялы
күштерін орналастыру арқылы, билік жүргізуі теріс саясат екендігін. Сол
кітаптың ішінде жазылған мына бір пікірді айта кеткеніміз жөн: “Политика
США в отношении Ирака является ничем иным, как политикой грубого нажима и
диктата, которая ставит иракский народ в бедственные, тяжелейшие социально-
экономические условия.”
Тағы да монографиясында Ирактың көрші елдермен(Түркия, Иордания, Сирия)
қатынасы қарастырылып өтеді.
Енді екі деректі фильм жөнінде сөз қозғасақ. Біріншісінде мынадай
жағдай түсірілген: Америка әскерлерінің өздері мынаны мойындады – “біз
Иракта жаппай қырып-жоятын қарудың жоқ екенін біле тұра, оларға қарсы соғыс
жарияладық. Қару астына атқылап, басып тастауды көздедік. Бұл АҚШ-тың
бұрынғы саясатын ары қарай жалғастыру.”
Бұл Ирактағы соғыс 1991 жылдан бері келе жатыр(“Буря пустыни”). Ал ол
соғыстың нәтижесі, қазіргі таңда жас балаларға қатты әсер етуде, әрине Ирак
жеріндегі балаларға. Мысалы, ликимия, рак, т.б. ауруларға ушығып, салмақ
аздық, өспей қалу, не болмаса ерте жетілу сияқты жағдайларды кешуде.
Американдықтар тіпті көтеріліс барысында Ирактың тұрғындарының арасында
өзара қайшылықты тудыруды да жоспарлаған.Шииттер мен курдтар Буштың
бағытымен жүрді.
Американдықтар британдықтармен бірігіп соғыстың жүру барысын, ондағы
жерлерді картада көрсетіп, кім қай жақтан келетінін белгілеп қойған.
Американдықтар Ирактың ішінде танкімен еркін жүріп, көзге түскен қарайғанды
аямай қыра берді.
Екіншісінде, ОРА-574 деп аталған әскери жасақтың әрекеттері
көрсетіледі.Бұл жасақ Ауғаныстанда да соғысқан. Олар Иракта соғысатынын да
білді. Және оған қатты дайындалды. АҚШ әскерлері – “жасыл береттер” деп
аталды. Бірақ американдықтар “жасыл береттерден” жасқанды. Себебі олардың
операциясының кейбір жолдарынан бейхабар болды. Ал олар әр ұлттан құрылған
болатын. Соғыс барысында американдықтар тіпті Саддам Хусейннің харонында
жатақ орын ретінде қоныстанып жатты.
Бұл аз дегендей ОРА-574 әскерлерін осы соғыстан кейін басқа елдерге
қарсы дайындайды.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы. Курстық жұмыста АҚШ пен Ирак арасындағы
шиеленістің түпнегізін зерттеуге талпыныс пайда болды. Осы жұмысты зерттеу
барысында көптеген материалдар бір жүйеге келтіріліп, сараптамаға түсіп,
жинақталды.
Курстық жұмыстың қолданыстағы маңызы. Курстық жұмысты халықаралық
қатынастар, тарих, өлкетану, құқық, саясаткер, тілші мамандықтарында дайын
материал ретінде арнаулы семинар, реферат, лекция, курстық жұмыстарында
кеңінен қолдануға әбден мүмкіндік бар.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, 2 тарау, қорытынды, қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І.АҚШ САЯСАТЫ: ЛАҢКЕСТІК ПЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ.
1. ЛАҢКЕСТІК: АНЫҚТАМАСЫ, СЕБЕБІ, МАҚСАТЫ.
2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тағы болған зұлымдық актіден кейін
лаңкестікпен күрестің бұрын тарихта болмаған жаңа кезеңі басталды. Бүкіл
дүние жүзінде лаңкестік және экстремизм құбылыстары жөніндегі ұғым
түбірімен өзгерді. Осы қауіп-қатерге қарсы күресте бүкіл әлемдік
қауымдастықтың бірлескен әрекеті қажет болды.
Бұрын адамдар соғыс болып жатқан аймақтан қауіптенетін болса, енді кез
келген жерден, кез келген уақытта қауіп-қатер күтуге болады. Оны болжап
айту өте қиын. Соңғы жылдары лаңкестік және онымен күрес мәселелері туралы
көптеген авторлардың, оның ішінде осы жұмыс авторының еңбектері жарық
көргені мәлім. Республикда халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның
материалдары “Қазіргі жағдайдағы лаңкестікпен күресу проблемалалары” атты
кітапта жарық көрді. Осыған қарамастан, лаңкестікпен күрес мәселелері
көкейтесті күйінде қалып отыр.Ол әлі де болса жан-жақты ғылыми зерттеуді
қажет етеді. Бұл мақалада лаңкестікпен күрестің жаңа кезеңі және оның
ерекшеліктері зерттеледі.
Егер ХХ ғасырдың бірінші жартысында лаңкестік құрылымдар әлемнің
әртүрлі жерлерінде жеке-дара, бірікпеген қимыл жасаған болса және олар
көбінесе ұлт-азаттық қозғалысы туының астында жүргізілген болса, бүгінде
олардың көпшілігі ірі ұлтаралық ұйымдарға біріккен. Қазіргі кездегі
коммуникация құралдары, әлемдік шаруашылықтың жаһандасуы, жаппай көші-
қонның (көбінесе жасырын) көбеюі, осының бәрі ірі ұлтаралық лаңкестік
ұйымдардың құрылуына алып келеді. Іске басшылықта олар идеологиялық, діни,
этникалық негіздерге сүйенеді.
Лаңкестік қимылдардың жиынтығы “халықаралық лаңкестік” деген терминмен
аталып, ХХІ ғасырдағы адамзаттың негізгі проблемасына айнала бастады.
Көптеген эксперттердің көрсетуінше, бұл проблема – жаһандастырудың теріс
жақтарының бірі.
Лаңкестіктің негізгі себептері әртүрлі елдердің экономикалық дамуының
әркелкілігі, әлеуметтік жіктелудің өршуі, байлар мен кедейлер арасындағы
қарама-қайшылықтардың шиеленісуі, көптеген дамушы елдерде жұмыссыздықтың
көбеюі, заңсыз көші-қон ұлтаралық қақтығыстардың кең етек алуы, халықтардың
өмір сүру салт-дәстүрлеріне батыстың үлгісін енгізу әрекеті тағы басқа
факторлар.
Сонымен қатар, дамыған елдер жасырын қару-жарақ сатумен айналысуда.
Соңғы он жылда бүкіл әлемде жеңіл атыс қаруын заңсыз сату үш есе өскен.
Бірсыпыра дамушы елдерде жастар жұмыссыздықтың қасіретінен шығудың жолы
етіп, қолдарына қару алуға мәжбүр болып отыр. Лаңкестік ұйымдарға бұл -
әлеуметтік базаға айналуда.
БҰҰ ұлтаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі конвенциясының
шеңберінде әзірленген оқ ату қаруы жөнінде хаттама, Нью-Йоркте 2001жылғы
шілдеде өткен жеңіл және атыс қаруының заңсыз саудасы жөніндегі
конференциясы іс-қимыл бағдарламасын қабылдады.
Халықаралық құқық және барлық елдердің заңдары – лаңкестердің қимылын,
атап айтқанда, адамдар ұрлау, өлтіру, ұшақтарды немесе көліктерді айдап
әкету адамдарды кепілдікке ұстап ақша талап ету, жарылыс пен өрттер жасау
тағы басқа қоғамға және мемлекетке қауіпті деп жариялады.
Кейбір көзқарас бойынша, лаңкестік деген әскери қимыл ретінде саналып
отыр
Лаңкестік дегеніміз – этникалық, әлеуметтік топтардың, мемле-кеттердің
және жекелеген адамдардың өз мүдделерін қорғауға бағытталған, бірақ
ешқандай ақтауға болмайтын қорқыныш пен үрей идеологиясы және куштеу
әрекеті. Лаңкестікті кішкентай мемлекеттер мен топтар өзінен күштілерге
қарсы лажсыздықтан, ал мықты мемлекеттер мен әр түрлі топтар өздеріне
жақпайтындарға қарсы қолданады. Оның обьективті және субьективті факторлары
бар.
Ланкестіктің басты мақсаты – адамдарды түңілушілік жағдайға келтіру.
“Террор” деген сөз латынша – “страх” деген мағынаға келеді. Этно-саяси
ланкестіктің мақсаты - өзінің этникалық топтарына арналған жеке мемлекет
ұйымдастыру, олар өздерін “өз халқының азаттығы жолындағы күрескерлер” деп
жариялады.
Діни лаңкестік – географиялық, этникалық және әлеуметтік шекараны
мойындамайды. 90-жылдарда бүкіл лаңкестік ұйымдардың жартысы – діни негізде
құрылды.Олардың ірілері: “Әл-Каида” Ливанның шиит топтарын ұйымдастырған
“Хез болла”, “Хамас”, “Әл-Джихад-ал-ислами” тағы басқалар...
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтары
Ассамблиясының VIII сессиясында сөйлеген сөзінде, ислам дінін лаңкестіктен
айыра білудің қажеттігін атап көрсетті.
2002жылдың қаңтарында БҰҰ ҚК өзінің №1373 шешімімен Кеңестің
терроризммен күрес жөніндегі комитетін құрды. ҚК-нің шешіміне сай БҰҰ-ға
мүше елдер лаңкестік әрекеттердің бәрінде қылмыстық іс санауға тиіс,
терроршылар мен оларды қолдаушылардың қаржылық құралдары мен активтерін
тоқтатып,оны оларға беруге тыйым салады. Терроршыларға баспана беруден бас
тартуға міндетті. Комитет осы талаптардың орындалуын бақылауға алады.
2003 жылдың ақпанында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сыртқы Істер министірлері
деңгейінде болып өткен лаңкестікпен күрес мәселелері жөніндегі мәжіліс
қорытындысы бойынша арнайы Декларция қабылданды. Онда лаңкестік іс-
қимылдар, әсіресе бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталған жағдайда ерекше
анықталатыны, сондай-ақ лаңкестіктердің ядролық, биологиялық және басқа
қауіпті материалдарға қол жеткізу қатерінің артып келе жатқандығы, оған
қарсы күрес шаралары аталады.
Міне, дәл осы жерде мынадай сұрақ туындайды (әрине, осы курстық
жұмысытың тақырыбты таңдауға байланысты): АҚШ пен Ирак арасындағы шиеленіс
пен лаңкестікпен күрестің жаңа кезеңі арасында қандай байланыс бар?
Әлбетте, тікелей байланыс. Алда осы лаңкестікпен күрестің жаңа кезеңдеріне
жеке-жеке тоқталып өткенде, тақырыбтың мәні ашылады деп ойлаймыз.
“Соңғы жылдардағы АҚШ пен Ирак арсындағы шиеленіс” деген тақырыпты
қозғап, қолға алған себебіміз, қазіргі таңда бәрімізді мынадай маңызды
сұрақтар толғандырады: Вашингтонның осындай қадам жасауына (яғни, Иракқа
қарсы әрекеті) не себеп болды? Мұнайға деген қызығушылық немесе шыныменде
Иракта демократиялық режимді орнату ма? Бұл әскери операция халықаралық заң
шеңберінде ескерілеме? АҚШ-тың қатынасы қаншалықты мұсылмандардың, әсіресе
араб әлемінің халін ауырлатпақ? Жалпы дүние жүзіне байланысты да осы
американ-ирак соғысының ықпалы туралы пікірлер басым көпшілік жерде
қозғалып жүр. Бұл жерде негізінен лаңкестік, террористік және дүние жүзі
елдеріне төнген қауіп туралы мәселе қарастырғандықтан, тақырыпты глобальды
проблемалар қатарына енгізуге болады.
ХХІ ғасыр таңында терроршылдыққа жол бермеу көпшіліктің мақсаты болып
отыр. Мемлекеттік террорға сүйенген Германия мен Италия, Жапония мен КСРО,
Израиль мен Мао тұсындағы Қытай тәжірибелері жаңа ғасырда орын алмау керек.
Сонымен бірге бүгінгі таңда басқа жаңа қателер де халықтарды алаңдатуда.
Барған сайын қоршаған орта: ауа, су, топырақ бұзылып жер азуда. Экология
апатын адам өз қолымен жақындатуда. Кен орындары мен қаптаған автомобильдер
табиғатты ластауда. Нашақорлық, маскүнемдік, жұқпалы аурулар адам өміріне,
келешек ұрпақтарға қауіп төндіруде. Ол олма, бұған қоса жаппай қыру
қарулар(ЖҚҚ), ядролық, ракеталы ядролық, химиялық, бактериялогиялық т.б.
жасауға және жинауға әлі де жол берілуде. 1968 жылы атом қаруын таратпау
туралы халықаралық шарт күшіне толық кірді, алайда оны қабылдамаған елдер
бар. Олардың араларында Үндістан мен Пәкістан 1998 жылы ашық ядролық
сынақтар жүргізді.
Міне осындай көптеген өзекті мәселелердің ішінде, неге Ирак – АҚШ
арасындағы өзекті мәселені таңдамасқа? Неге сіздерге тақырыпты ашып айтып
түсіндірмеске? Осы мәселені талқылай келе, Қытайдың белгілі саясаткері
айтқандай қайсысы қара мысық, қайсысы ақ мысық, және кімдікі бұрыс, кімдікі
дұрыс екенін курстық жұмыс барысында неге анықтамасқа? Егер тақырып қызық
болып, біз ойлағандай ашық талқыланатын болса, онда тышқанды ақ мысық
аулады ма, әлде қара мысық аулады ма деген сұраққа жауап бере алатын
боламыз.
Ал ол үшін, жоғарыда қарастырылып өткен лаңкетік тақырыпшасын ары қарай
кеңейтіп, ендігі жерде лаңкестікпен күрес кезеңдерін ашып, келесі
тақырыпшаны бастау арқылы, курстық жұмысты әрі қарай шиеленістіруіміз
керек.

1.2. ЛАҢКЕСТІКПЕН КҮРЕСТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢДЕРІ.
Лаңкестіктің жаңа кезеңдерінің бірнеше кезеңдері бар. Біріншіден, ол
халықаралық лаңкестікке байланысты. Халықаралық лаңкестік әсіресе, қайсыбір
мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылуда. Яғни мемлекеттіер мен мемлекеттер
арасындағы соғыс халықаралық лаңкестікке қарсы соғыс түрінде жүргізілуде.
Барлық лаңкестік түрлерінің ішінде мемлекеттік лаңкестік бірінші орын
алады. Сондықтан да өте қауіпті. Түрлі экстремистік топтар қайсыбір
мемлекеттің қолдауын тауып отыр. Ондай топтар бомбылау, басқа да
операцияларды жүзеге асыра алады.
Халықаралық лаңкестікпен күрес ісінің де өзіндік ерекшеліктері
айтарлықтай. С. Алексеев айтқандай, халықаралық лаңкестікпен күрес
формуласы бәрі де “болады” дегенге келіп тірелуде: егеменді мемлекетке
қарасы преветивті соғыс жүргізуге “болады”. өзге мемлекетің азаматын
тұтқындау және оларды алыс жаққа алып кетуге “болады”. Әлеуметтік құрылымды
өзгерту жөнінде үзілді-кесілді талап қоюға “болады”.
Екіншіден, лаңкестікпен күрестің жаңа кезеңінде АҚШ әлемінің әртүрлі
аймақтарындағы тентек, лаңкес елдердің тізімін жасап, өз мүддесін жүзеге
асыру үшін, әскери соққы беруде. Осының бір дәлелі АҚШ президентінің соңғы
кездегі лаңкесшіл мемлекеттер ретінде 11 елдің атауы болып табылады.
Сөйтіп, ол бұрынғы аталған үш елге (Ирак, Иран, Солтүстік Корея) қоса басқа
да мемлекеттерді атай бастады. Одан кейін, тіпті болмай бара жатқан
жағдайда, атом қаруын пайдалануымыз мүмкін деп мәлімдеді. Керек болса,
атомдық соққы беретін елдердің қатарында Қытай мен Ресей де болуы мүмкін
деп соқты. Жанжалдың ушығып бара жатқанын сезген Буш алғашқы мәлімдемесін
біраз жұмсартып, атом қаруын жай қару ала алмайтын бекіністерге,
үңгірлерге, терең жер астындағы шұңқырларға тығылған лаңкесшілерге қарсы
қолданылуы мүмкін деді. Осының бәрі, бір жағынан, авантюралық қорқыту,
қоқан-лоққы еді. Бұны өздерінше Американың ерекше миссиясы деп көрсетуге
тырысады. Ал шындығында ағылшын газеті “Гардианның”(Guardian) жазғанындай,
бұл әрекеттер қаншама “бүркемеленіп”, “лаңестікке қарсы соғыс” деп
аталғанымен, отарлау немесе империалистік саясаттан басқа ештеңе емес.
Вашингтон біраз аймақтарда өз әскери күштерін көптеп орналастырып алды.
Сөйтіп өз әскери базаларын Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанда құрып құрып
алды. Ондағы мақсаты – бұл аймақта ұзақ мерзімге қалып қою. Мұндай саясат
Қытайдың, Ресейдің наразылығын тудыруда. Бірақ бұған АҚШ құлақ асатын емес.
Қайта, оның үстініне, лаңкестікке қарсы соғыс желеуімен АҚШ өз қарулы
күштерін Кавказ аймағында да пайдаланбақшы. Оған Грузия президенті
Швернадзе келісім беріп те үлгерді. Бұл жерде АҚШ-тың түпкі мақсаты
Ауғанстан мен Кавказға дейінгі географиялық аймақты бақлауға алып, мұнай
мен газға байланысты экономикалық мүдделерін қорғау болып табылады. Осыдан
кейін халықаралық жағдайдың ушыға түсетіні, түрлі қақтығыстардың орын
алатыны баршаға аян.
Соңғы уақытта БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі де әлемдік проблемалардан тыс
қалып есесіне, бұл ұйымның бұрын атқарған функцияларын НАТО бір жолата
уысына жиып алғаны аңғарылады. “Өгей елдер” мәселесі Қауіпсіздік Кеңесінде
қарала қалған күннің өзінде, соғысу жөнінде әйтеуір сылтау табылып,
өктемдік АҚШ-тың қолына шоғырлануда.
Үшіншіден, лаңкестікке қарсы күрестің жаңа кезеңі әлемдік саясатқа
ықпалын мүлде өзгертіп жібірді. АҚШ-тың қазіргі саясаты патриотизм ұғымын
өз шегінен шығарды. Соқыр сезімге негізделген ашылып қорғану американдық
патриотизм толқынында жүзеге асырылуда. Ол, өз халқының қауіпсіздігін
қорғау емес, әлемді иелену. Халықаралық өшпенділік, жеңуге деген құштарлық
немесе кек алушылық халықтың ожданын улап, патриотизм ұғымын бұрмалап
жіберді. Ол ол ма, демократиялық құқықтарды шектеуге қарсы бірде-бір сөз
айтылмауда. “Антилаңкестік операция” негізіндегі мемлекеттік “әділ жаза”
беру саясатының өзі жауыздық пен зұлымдыққа айналып отыр. Бұл өркениетті
құқыққа сай келмейді.
Төртіншіден, АҚШ-тың дүние жүзіне үстемдік жолындағы қантөгіске
апаратын саясатына оған әріптес мемлекеттердің біразының саясаты біркелкі
емес, екіұшты. Американың қантөгіске апаратын саясатына қарсылық күшейіп,
миллиондаған демонстранттар алпыстан астам мемлекеттерде өз наразылықтарын
білдіргеніне қарамастан, АҚШ оларды көзіне ілмегені белгілі. Мәселені
бейбіт жолмен шешу керек дейтін мемлекеттердің өзі АҚШ-тың ықпалынан шыға
алмай қалғаны да жасырын емес. Мысалы, Қазақстан Республикасының сыртқы
істер министрі Тоқаевтың сөзіне сенсек, егер Иракта қырып-жоятын қару
табылған жағдайда, бұл елге қарсы әскери акция жасау дұрыс болып шығады
екен. Оны өз сөзімен берсек: “Если в Ираке будет обнаружено оружие
массового поражения, то военная акция против этой страны будет оправданна.”
Бейбіт халық қырылатын болса, біздіңше, оған ешқандай ақтау болуы тиіс
емес. Тоқаевтың пікірімен салыстырғанда, басқа кейбір мемлекеттердің
тарапынан болған ұсыныстар, біздіңше әлдеқайда әділеттірек.
Иракқа қарсы АҚШ-тың әскери соққы беруінен өзгеше, араб елдерінің
көзқарастары мынадай: 1.БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі қырып-жоятын қару
табылса, ресми түрде мәлімдеме жасайды және Ирак оны инспекторлардың
бақылауына өз еркімен береді. Онда әскери соққы берілмеуі тиіс.
2. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі жаппай қырып-жоятын қару өндірісіне
бағытталған бақылауды инспекторлардың қалыпты жұмыс жағдайында жалғастыруы
туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ, жаппай қырып-жоятын құралдар өндіріледі
деген күдіктегі барлық объектілерді бақылауға алу жалғасады. Мұндай
жағдайда, әскери дау-жанжал тоқтатылуға тиісті. Осы пікірлерді салыстырып
қарайтын болсақ, лаңкестікке қарсы күрес саясатында біраз айырмашылықтардың
барын байқау қиын емес.
3. АҚШ саясаты, лаңкестікке қарсы күрес желеуімен басқа елдерді өз
айтқанына көндіруге бағытталған. Олай болса, өзін сыйлайтын әрбір егеменді
мемлекет ондай үстем пікірден құтылудың жолын қарастыруы тиіс. Ол жол –
мықты деген мемлекеттермен тең дәрежелі өмір сүруге қол жеткізуі. Мықты
мемлекеттер айта салды екен деп, оның айтқанын қайталай салмай, теріс
болса, теріс деп айта алу терезесі тең мемлекетке лайықты. Қазақстанның көп
векторлы саясатын осыған бағыттамай болмайды.
Буш әкімшілігі АҚШ сенаты мен конгресінен иракқа қарсы соғыс
операцияларын жүргізуге келісімін алған кезде, өз операцияларын БҰҰ ҚК-нің
қарары аясында жүргіземіз деп сендірді. Бірақ, Иракқа қарсы АҚШ
әкімшілігінің жүргізген операциялары аса қиынға түсті. Әлемге әмірін
жүргізгісі келетін АҚШ әкімшілігінің халықаралық қауымдастықпен арақатынасы
алшақтай түсті.
4. Антилаңкестік операция халықаралық қауіпсіздік проблемаларын толық
шешіп бермегенімен, АҚШ-тың Орталық Азияда, Таяу Шығыста орнығуына
мүмкіндік туғызды. Ал оның салдары, біздіңше, одан да күшті. Е.Кариннің
сөзімен айтсақ, бір жағында АҚШ-тың, екінші жағында Қытай мен Ресейдің
арасындағы байқала бастаған гео-саяси тепе-теңдік бұзылып, Вашингтон
аймаққа егестің жаңа деңгейін алып келуі мүмкін.
Бәрі де тыныш, бәрі де бейбіт сияқты. Бірақ, Каспий аймағы Москва мен
Вашингтонның қатты бәсекелес аренасы болып отыр. Бұл екеуінің арасында
Грузиядағы лаңкестікке байланысты мәселесі тұр. Грузия, бір жағынан, Каспий
аймағындағы мұнай-газ байлығының қақпасы болып табылады. Ал Ресей болса,
осы байлықтардың Грузия арқылы Батысқа қарай айдалуына қарсы. Оны Ресей
аумағы арқылы жібергісі келеді. Бұл үлкен бәсекелестік.
Москва мен Вашингтон арасындағы бәсекелестік Орталықазиялық бес
мемлекетке байланысты. Себебі, бұл мемлекеттер өз аумағын ядролық қарусыз
өңір деп мәлімдегені белгілі. Ал бұл дегеніміз – Ресей мемлекетінің ядролық
қаруды одан әрі таратуына үлкен кедергі.
Сонымен, лаңкестік қауіп-қатер де Азияның төрінен көрініс берді.
Үндістанның ядролық қаруға ие болуы елімізге қауіп төндіреді деген желеумен
Пәкістан да ядролық қаруға ие болды. Орталық Азия аймағына таяу жатқан
Ауғаныстандағы жағдайдың ушығуы, Таяу Шығыс елдеріндегі түрлі қақтығыстар
Азияны оқ-дәрі қоймасына айналдырып, Орта Азия республикаларына, оның
ішінде Қазақстанға да қауіп төндіріп отыр. ТМД кеңістігіндегі мемлекеттер
арасында өзара шешілмеген мәселелер аз емес. Өзбекстан мен Қырғызстанның,
Өзбекстан мен Түркіменстанның, Өзбекстан мен Қазақстанның арасындағы толып
жатқан шешімін таппаған мәселелер бар.
130-дан астам этнос өкілдері тұратын Қазақстанда аталған салада біраз
жетістіктер болғанымен, тоқмейілсуге болмайтынын зерттеулер көрсетіп отыр.
Иракқа қарсы соғыстан кейін Ауғаныстан мәселесі әлде-қайда артта қалды.
Бірақ, Ауғыныстандағы жағдай осыдан кейін ауырлауы мүмкін. Орта Азия
республикаларына теріс ықпалы да болмай қоймайды. Иракқа қарсы соғыстың өзі
Орталық Азия аймағына қарай экстремистік топтар әрекетінің белсенділігін
арттырады.
Әлемдік қауымдастықтың көз алдында лаңкестік соғыстың стратегиясы мен
тактикасын жаңаша жолға қойған “белгісіз бір ұйым” жер жүзін дүрліктіріп
жіберді. Қазіргі лаңкестік соғыстың ерекшеліктері негізінен мынаған саяды:
ғаламдық дәрежедегі белсенділік; жергілікті экстремистік топтардың ынтасын
қолдау мақсатында әртүрлі мемлекеттерге дау-жанжалдарды кеңінен пайдалану;
үлкен қаржылық қорларының болуы; шаһидтерді (өз басын өлімге тігушілер)
белсенді пайдалану; жоғары дәрежедегі құпиялық; жақсы барлау және
контразведка жетілген PR-менеджмент. Осы айтылғандардың бәрі лаңкестік
соғыстың кең таралуына толық негіз бар деген сөз.
Діни экстремизм мен тұрақсыздықтың негізгі ошағы Орта Азияда Ауғанстан
мен Тәжікстан еді. Ол кейінгі кезде Өзбекстан мен Қырғызстанды да қамтып
отыр. Діннің радикалды тармақтарының билікке ұмтылатыны жасырын емес.
Ондайлар өз мақсатына жету үшін дінді әсірелейді, оған халықтың бәрін бас
июге көндіру арқылы қол жеткізгісі келеді. Бұған қарама-қарсы жақ көнгісі
келмейді. Осыдан келіп бұл екеуінің арасында лаңкестік басталады. Ал оған
қарсы соғыс ешқандай ережеге сүйенбейді, гуманизм талаптарын мойындамайды.
1.3. ТЕРРОРИЗМ – ҚАТЕРЛІ САЯСАТ.
Қазіргі әлемде терроризм идеясының пайда болуы және оның таралуы бірден-
бір қатер. Бұл идея мемлекеттің іргетасын шайқалтуға, түптеп келгенде, әр
түрлі елдердің мәртебесін өзгертуге, қорқыныш туғызуға, саясаты күштеу
әдістермен өзгертуге бағытталған. Бүгінгі таңда қауіпті ауқымда қатерлі
салдар тудыратын деңгейге жеткен терроризм саяси-құқықтық құбылыс ретінде
ғаламдық күрмеуі қиын мәселеге айналды. Адамзат оған екі ғасырдың тоғысында
кезікті.
Мәселенің мәнін қарастыруға кіріспестен бұрын терроризм ұғымын анықтап
алған жөн сияқты. Терроризм - өзінің жалпы ұғымын және ерекшелікті
белгілерін анықтауда объективтік тұрғыдан қиындық туғызды. Субъективтік
сипаттағы қиыншылықтар мынандай себептерден шыққан: біріншіден, терроризм
құбылыс ретінде философиялық, саяси, тарихи, психологиялық, құқықтық,
публистикалық және басқа қырлары арқылы зерттеледі. Зерттеушілердің бәрі
(тарихшылар, саясаттанушылар, психологтар, журналистер және т.б.) аталмыш
құбылысты өз көзқарасы тұрғысынан қарастырып, “терроризм” ұғымына өз
түсініктемесін берді. Сонымен қатар әдебиеттерде оны кәдімгі әдеттегі
түсіндіру басым болды; екіншіден, терроризм ұғымын жасауға екі қоғамдық-
саяси жүйенің жылдар бойы қордаланып қалған идеялық-саяси қарама-қайшылығы
ықпал етті. Терроризм – көбінесе коммунистік және ұлт-азаттық қозғалыстары
деп немесе керсінше, империалистік мемлекеттер мен олардың арнайы
қызметтерінің зиян-кестік әрекеттері деп түсіндіріліп келеді.
Осыған орай терроризмді саяси-құқықтық құбылыс ретінде қарастыру
алдымен “террор” мәтінінің өзін анықтаумен тығыз байланысты. “Террор”
(terror) ұғымы латын тілінен аударғанда “қорқыныш, үрей” мағынасында
айтылады. Және зәре ұшыратын саясат, саяси құрылысына күштеу шараларымен
қысым көрсету ретінде анықталады. Террорды әдетте белгілі бір кезеңде өмір
сүрген мемлекеттің билік қызметімен байланыстырады. Ол ерекше қуғын-
сүргінмен, мемлекеттік биліктің ел ішіндегі саяси құрылыстарына және оның
сыртындағы қарсыластарына қыр көрсету қызметімен сипатталады.
“Террор саясаты”, “бұқаралық террор”, “жаппай террор” дегендер жалпы
террор ұғымына жатады. “Соғыс”, “агрессия”, “геноцид”, т.б. ұғымдар да
террор категориясына ұқсас. Бұл олардың арақатынасын анықтау қажеттігін
туғызады. Жалпы террор дегеніміз – күші басым қарсыластың аса әлсіз
қарсыласты басып-жаншу құралы.
Террор мен терроризм жайлы айтқанда оларды жүзеге асырушыларына қарап
айтуға болмайды. Террор – бұл арнайы қызметтердің алдында бір қадам ілгері
жүретін санаткерлердің ісі. Бір қызығы, террор мен терроризм теориясын
зерттеумен лаңкестердің өздері белсенді айналысқан, ал мемлекет террордан
қатты зардап шегетін бұл проблеманы көрмейді. Демек, террор ұғымы бұқараны
белгілі бір тәртіпке салу мақсатында қолындағы шексіз билікке сүйенген
қоғамдық-саяси құрылымның жүзеге асырар әр алуан идеологиялық күш көрсету
шарасы.
Терроризмге, біріншіден, жалпы қауіп-қатер төндіру; екіншіден, әрекетті
көпшілік алдында іске асыру; үшіншіден, әлеуметтік деңгейде саналы түрде
шиеленісті, үрейлі жағдайды қалыптастыру; төртіншіден, қайсыбір талаптарды
қанағаттандыру мақсатында белгілі бір адамдарға ету тән. Сонымен қатар,
терроризм диверсия, бандитизм, қарақшылық, аманатқа алу, қорқытып үркіту,
бұзақылық және тағы басқа да категориялармен бір деңгейде тұр.
Демек, терроризм – қылмыстық заңның бабына сәйкес белгіленетін әдеттегі
жазаланатын қылмыстық істің бір түрі болып табылатын саяси-құқықтық
құбылыс. Алайда, терроризмнің кездейсоқ болатын әдеттегі қылмыстан
өзгешелігі оның реттелетін қылмыстық-саяси үрдісі болуында. Осыған
байланысты террорлықтың қылмыстық іс ретіндегі негізгі мәнді сипаттарын
анықтау қажет. Ғылыми әдебиеттер, халықаралық құжаттарды және бірнеше
елдердің қылмыстық заңдарын талдау – қылмыстық іс ретіндегі терроризм
белгілі бір объектіге бағыт-талған және көпшілікке қауіпті әрекетті іске
асыру немесе өндіріске асырмақшы болу екенін көрсетеді. Терроризмнің
террорлық актіден айырмашылығы күштеу әрекетінен ғана көрініп қоймайды,
сонымен бірге сондай әрекеттерді іске асырамын деп, қорқытудан көрінеді.
Сонымен терроризм деген не?
Терроризм қарсыласты қорқыту, күш көрсету саясаты немесе зорлықпен,
қуғын-сүргінмен қоқан-лоққы жасау, олардың мақсаты қорқыныш, үрей туғызу
және террорлықбағытқа қажетті әрекетке мәжбүр ету немесе әрекеттен бас
тарттыру. Біздіңше жеке адамның, топтың немесе ұйымның белгілі бір
тұлғаға,не үмітке өз талаптарына сәйкес шешім қабылдатуға мәжбүр ету
мақсатын да күш қолданатын заңға қайшы келетін барлық әрекеттер терроризм
ретінде бағалануы керек.
Терроризмнің алуан түрлі көріністері адамзатқа ерте кезден белгілі.
Мысалы, тарихқа жүгінсек, еврейлердің атақты адамдарының өкілдерінің жойған
римдіктермен ынтымақтас болған Иудеядағы (б.з.Іғ.) сикарилер сектасының
әрекетін терроризм ретінде сипаттауға болады. Орта ғасырда бұл мұсылмандық
ассошафендер сектасының өкілдері ұйымдастырған префектілер мен калифтердің
өлімі, Үндістан мен Қытайда жасырын қоғамдардың саяси террорлары, исламның
сунит ағымының белгілі адамдарына үрей тудырған қазіргі Иран аумағындағы
исламиттер сектасының әрекеті. Осы секталардың бәрі өздеріне жақпаған
адамдардың көзін жою тәсілдерін қолданған. Көріп отырғанымыздай, терроризм
тарихы өзінің түп тамырымен ғасырлар тереңіне кеткен. ХІХғ. ІІ жартысынан
бастап терроризм қоғамдық өмірдің тұрақты факторына айналды. Осы тұста
неміс радикалы Карл Гейншен авторы аталған “бомбы философиясы” қалыптасып,
ол саяси күресте адам өлтіруге тыйым салуға болмайтындығын және адамдарды
жаппай жоюды “адамдардың жоғарғы мүддесі” анықтайтындығын дәлелдеді. Бұл
тұжырымдама одан әрі өзінің дамуын М.Бакуниннің “қирату теориаларынан”
жалғасын тапты. Оның теориясы бір ғана әрекетті – қиратуды мойындады,
саясатта ешқандай ымыра болмауы тиіс деп есептеді. Бұл кезде Еуропа
елдерінде АҚШ пен Ресейде жақсы ұйымдасқан солшыл радикалды қозғалыстар
пайда болды, олар өз үкіметтерінің қызметіне ықпал ету мақсатында “үгіт-
насихатты әрекетпен” қолданды. Ресейде халықшылар, Германияда, Макенодияда
және Сербияда радикал ұлтшылдар, Италия мен АҚШ-та анархистерде дәл
солардай болды.
ХХғ. терроризм мемлекетік деңгейге жетті, оны қолдану себептері
көбейді. Билікті тартып алу терроризмнің құмарлық мақсатына айналды,
мұндайда “қоғам игілігі” дегенді ауызға алуға да болмайды. Мұндай
лаңкестікке ресейдегі “қызыл террор” мен фашистік Германиядағы ұлтшылдық
террор мысал бола алады. Бүгінде терроризм өмір сүріп тұрған саяси жүйелер
мен қатынастарға үлкен қатер төндіріп, күн өткен сайын мейлінше етек алып
барады.
Терроризм барған сайын нарко-бизнеспен және заңсыз қару-жарақ сатумен
біте қайнасып кетті. Сондай террорлық ұйымдардың қамқоршысы араб
миллиардері және әлемдегі нөмір бірінші лаңкес Усама бен Ладен. Қазіргі
кезде дүниежүзінде 500-ден астам террорлық ұйымдар мен экстремистік
бағыттағы топтар әрекет етуде. Мысалы: Аум Синрике, 1987ж. Секо Асахи
Жапонияда негізін салған діни секта; 1917ж. құрылып, ХХғ.50-жж. жалғасын
тапқан Ирландияның республикалық армиясы; 1987ж. шейх Ахмет Ясин негізін
салған Хамас Палестинадағы ұйым; Хезболлах, Алла партиясы – ХХғ. 80-жж.
Ливанда пайда болды; Өзбекстанның ислам қозғалысы; КСРО-ның ыдырауы кезінде
пайда болған шешен терроризмі.
Терроризмді тек бірлесе отырып жеңу мүмкін екенін ұғыну шарт.
Терроризммен күрес жолдарын айта келіп, Президент Н.Ә.Назарбаев
Қазақстанның бірінші күннен бастып антитеррорлық коалицияны қолдайтынын,
қорқынышты жауыздықты тек қана күш біріктірумен жоюға болатынын атап
көрсетті.
Қазіргі кезде дүниежүзілік қауымдастықтың терроризм актілеріне қарсы
әрекет жасау мәселесінде жаңа халықаралық құқық тәртібін орнатуды қолға
алды. Оның негізіне бірнеше халықаралық конвенциялар қабылданды. Атап
айтқанда, әуе кемелерінде жасалған қылмыстық және басқа да әрекеттер туралы
Конвенция 1963ж.; Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған
заңсыз актілермен күрес туралы Конвенция 1971ж.; Терроризмді
қаржыландыруға қарсы күрес туралы Конвенция 1999ж. т.б.
Терроризмге қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың
негізгі күш-жігері халықаралық ұйымдар шеңберінде жүзеге асырылады. Оған
негіз болатын бағдарламалық қорытынды құжаттар баршылық. Мысалы, 1994ж. БҰҰ
Бас ассамблеясы 49 сессиясында “Халықаралық терроризмді жою шаралары”
туралы декларация қабылдады. Онда терроризммен күресте мемлекетаралық тығыз
үйлесімділік пен ынтымақтастықтың қажеттігі айрықша атап көрсетілді.
Көріп отырғанымыздай, соңғы жылдары дүниежүзілік қауымдастық
халықаралық терроризммен күресте мемлекеттердің ынтымақтастығын мейлінше
күшейтті. Терроризмен күресте табысқа қол жеткізу, біздіңше арнайы
қызметтің антитеррорлық орталықтармен және олардың өзара нақты жедел
ынтымақтастығына байланысты. Терроризммен күрес – бұл терроризмнен
сақтандыру мен ескерту шаралары болып табылады.
Сонымен қатар, біздіңше, терроризмге қарсы алдын алу шараларының
қатарына мыналар жатады:
-қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз
етуге, азаматтардың экономикалық, саяси, ұлттық, діни және т.б. құқықтары
мен еркіндіктерін қанағаттандыруға қажетті жағдай жасайтын мемлекеттік
тиімді шаралар;
-азаматтардың алдында билік пен заңның беделін күшейту, жағымды
өзгерістердің мүмкіндігі мен қабілетіне сенімді нығайту;
-адам құқығы жөніндегі әлеуметтік мемлекеттік және қоғамдық органдардың
жұмысын жетілдіру;
-қоғамда жоғары саяси және құқық мәдениетін қалыптастыру;
-азаматтардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуі үшін, қажетті
жағдайлар және олардың жалпы адамзаттық, рухани-адамгершілік құндылықтарды
игеруі үшін керекті алғышарттар жасау;
-қару-жарақтың “қара базарына”, соның ішінде жаппай қырып-жою
құралдарына мемлекеттік және халықаралық бақылау.
Терроризмді құрту ұзақ процесс, бұл мақсатқа жету үшін ол объективтік
және субъективтік алғышарттарды жасау қажеттілігін керек ететін үрдіс.
Терроризм де түп-тұқиянымен құртылуы тиіс. Алайда онымен күресте оның
нышандарын ғана емес, түп тамырын құртқанда ғана табысқа жетуге болады.
Терроризмді бір ғана өрескел күшпен жеңеміз деу адамзатты қырып-жою деген
сөз. Бұл жерде жұдырық толық жеңіске жеткізбейді, оған ақыл, ынтымақ керек.

1.4. СОҒЫС АЛДЫНДАҒЫ ИРАК.
СОҒЫСТЫ ҚОЛДАҒАННАН РЕСЕЙ НЕ ПАЙДА КӨРЕДІ?
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘСКЕРИ ӘРЕКЕТТЕН КЕЙІНГІ ИРАК ЖАҒДАЙЫ
Буш бастаған консерваторлардың билiк басына келуi
Иракқа жасалған Ағылшын-Америка жорығы және нәтижесі
ХХғасырдағы Иран мемлекеті
АҚШ - тың Ауғаныстан және Иракпен соғыстары
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Араб халықтарына Ұлы державалардың жүргізген отарлық қысымын әшкерелеу
Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу мәселелері
Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны
Халықаралық қатынастардағы аймақтық қауіпсіздік мәселелеріндегі орта шығыс
Пәндер