Жарақат, зақымдану және күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек



1. Тақырып
2. Мақсаты
3. Дәрістердің тезистері
4. Көрнекі материал
5. Әдебиет

1. Тақырып
2. Мақсаты
3. Дәрістердің тезистері
4. Көрнекі материал
5. Әдебиет
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

Дәріс №3

1. Тақырып: Жарақат,зақымдану және күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек.
2. Мақсаты: Студенттердің білімін жоғарлату және біліктілігін көтеру үшін жарақат,зақымдану және күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыруды үйрету.
3. Дәрістердің тезистері:
Апат кезіндегі хирургиялық бағыттағы зақымданулардың ерекшеліктері.
Бейбітшілік өмірдегі медициналық апаттардың анализі көпшілік зақымданулар хирургиялық сипатта екенін көрсетеді,осыдан "жалпы соғыстық емес зақымдану" термині пайда болды. Көпшілік және бірмезгілді халықтың апат кезіндегі зақымдануы жарақаттанған адамның барлығына тез уақытта және бар мүмкіндікпен көмектесуге кедергісін тигізеді. Бейбітшілік кезіндегі апаттардың берілген мәліметтері бойынша жарақаттанғандардың 30% - ы ауыр немесе өте ауыр жағдайда болады және олар өмір көрсеткіші бойынша жедел хирургиялық көмекті талап етеді,ал қалғаны жеңіл немесе орташа ауырлықта, медициналық көмекті кейінге қалдыруға болады,бірақ бұл әр түрлі ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.
Көпшілік зақымдалу кезінде маңыздысы уақыт факторы. Зақымдану уақыты мен алғашқы мединицалық көмекті ұйымдастыру арасындағы уақытты максимальды қысқарту ауыр асқынулардың санын азайдады . Жедел хирургиялық көмек көрсету уақытын тездетуде хирургтардың профиссиональды және моральды - психологиялық дайындығы маңызды. Бұл жағдайды шешуде кейбір приципиальды жағдайларды қолдану көмектеседі.
oo Апаттың маңызды проблемасы жиі кездесетін және қауіпті жарақаттар кезіндегі жараларды және жаралық инфекцияларды емдеу болып табылады.
oo Жара дегеніміз сыртқы травмалық фактормен шақырылатын тері жабындылар мен шырышты қабаттың бүтіндігінің бұзылуымен жүретін тәндер мен мүшелердің зақымдануы. Зақымдану факторына байланыста кесілген,жаншылған,соғылған,үсіген, аралас,оқтан боған жараларды ажыратады.
oo Жаралар біріншілік және көпшілік болуы мүмкін . Жарақаттушы агент бірнеше мүшелерді зақымдайтын болса ондай жараларды аралас жаралар деп айтады. Әр түрлі зақымдаушы факторлармен зақымдалған жаралар комбинирленген жаралар деп аталады ( мысалы, жара + күйік). Анатомиялық субстратты зақымдауына байланысты жұмсық тінді жаралар,сүйекті , буындарды, нервтерді, ішкі мүшелерді зақымдаумен жүретін жараларды ажыратады. Егер жара белгілі бір қуыспен ( бас сүйегі, төс, іш, буын) қосылатын болса,ондай жараларды енген жара деп атайды. Атылған жаралар және екіншілік снарядтардан боған жаралар соқыр болуы мүмкін ( зақымдаушы снаряд тіннің ішінде тоқтап қалған кезде) өтпелі (кіретін және шығатын тесігі боған кезде) және жанаспалы ( зақымдаушы снаряд терінің бір сегментін мен тек жанасып өткен кезде). Сонымен қатар анатомиялық орналасуына байлынасты жаралар болады ( төс,іш,мойын,бас сүйегі,аяғы, т.б).
oo Емдеу мекемелерінде шокқа қарсы және қабынуға қарсы терапиямен қатар тез арада жараны хирургиялық өңдеу жүргізіледі. Оның мақсаты - ерте инфекцияның және іріңді асқынудың алдын алу. Орындалу уақытына байланысты ерте, қалдырылған, кеш түрін ажыратады.
oo Ерте хирургиялық өңдеу жарақаттан кейін 1 тәуліктің ішінде жасалуы тиіс,тек осы жағдайда ғана ол өзінің алдын - алу мақсатын орындайды.
oo Қалдырылған хирургиялық өңдеу жарақаттанғаннан кейін екі тәулік ішінде жүргізіледі. Профилактикалық маңызын жар процесін антибиотиктермен жапқанда ғана сақтайды.
oo Кеш хирургиялық өңдеу жарадан кейін 48 сағат өткеннен кейін,ешқандай антибиотиктерді қолданбастан жасалады.
oo Жараны хирургиялық өңдеудің ең маңызды элементі тілу, кесіп алып тастау,анатомиялық байланыстарды орнына келтіру және жараны дренирлеу болып табылады,

2.. Қан ағу және жедел қан жоғалту. Емдеу тактикасы және трансфузионды терапия.
oo Қан тамырлардың зақымдануы нәтижесінде жарақаттанғаннан кейін немесе одан кейін біраз уақыттан кейін қан ағу пайда болады. Кей жағдайларда қан тамырлардағы хирургиялық кірісулердің қайта ашылуы салдарынан болатын екіншілік қан кету пайда болады. Сыртқы қан кету диагностикалауда еш қиындық туғызбайды өйткені қан жарадан кетеді. Ішкі қанауларда диагностикалау қиындық туғызады,өйткені олар белгісіз сипатта болады сондықтан өте қауіпті. Олардың диагностикас үдемелі анеми негізінде қойылады: тері жабындалары мен шырышты қабаттардың бозаруы, жалпы әлсіздіктің үдеуі, суық тер,шөлдеу,бас айналу,ұйқышылдық,пульстің жиілеу,артериялық қысымның төмендеуі.
oo Қан жоғалтудың асқынуларының алдын алу трансфузионды терапия болып табылады. Бұл терапияны жүргізу жоғалтқан қан көлеміне байланыста болуы керек. Ересек адамның орташа қан айналым көлемі дене салмағының 5-6 литры немесе 7% немесе ерлерде бір кг дене массасына 70 мл ал әйелдерде - 65 мл. АҚМ - ң 25% жоғалту қалыпты,осы кезде оның компенсациясы өздігінен қалпына келу арқылы реттеледі. АҚМ - ң 25-40% жоғалту ауыр жағдай және қарқынды кірісуді талап етеді. АҚМ - ң 40% жоғары жоғалту кезінде қарқынды қан жоғалту дамиды,ол геморрагиялық шоқа алып келеді.
oo Жарақат кезіндегі қан жоғалтуды анықтау кейде келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі : иық сынуы кезіндепри - 300-500 мл; тізе сүйегі сынған кезде - 300-750 мл; жамбас сүйегі сынған кезде - 500-1000 мл; бір жақты жамбас сүйегі сынған кездепри - до 1500 мл, екі жағынан сынғанда - до 3000 мл; бас сүйегінің,іштің,төстің ашық жарақаты кезінде - 1200 - 1800 мл. травмалық шоктың І дәрежесі кезінде қан жоғалту - 500 мл, I I дәрежесінде - 1000 мл, III дәрежесінде - 2000 мл және одан жоғары. Қан жоғалтудың көлемі Альговер индексі бойынша есептеледі (пульс жиілігі мен систолалық қысым арасындағы ара қатынас). Қалыпты жағдайда Альговер индексі бірден аз. 0,9-1,2 индексі кезінде жоғалту АҚМ-ң 20% құрайды, 1,3-1,4-30% кезінде АҚМ - ң және 1,5 одан да жоғары - АҚМ 40%. Емдеу мекемелерінде АҚМ жетіспеушілігі есептік немесе радиоизотопты әдіс арқылы есептеледі, бірақ олар нақты мәлімет бермейді.
oo Жедел қан жоғалтуды емдеу трансфузионды терапия мен оны алмастырушы заттарға байланысты болады. Жоғалтқан қанды донорлық қанмен толтыру патогенетикалық патофизиологиялық жағынан дәлелденбеген. Жедел қан жоғалту кезіндегі гемотрансфузияға көрсеткіш өмірге қауіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күйік жарақатының ауырлығы мен ақырын болжау
Күйік төртінші дәрежесі - терінің ғана емес, тері асты клетчаткасының және жатқан құрылымның тереңдеуі
Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы
Термиялық, химиялық және термохимиялық күйіктер
Төтенше жағдайлар кезіндегі жарақаттар
Таңу түрлері және дененің түрлі бөліктері: бас, қол-аяқ жараланганда стерильденген таңудын ережесі
Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы сыну кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы күю және үсу кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
Жақ бет күйіктері
Электр мен сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Пәндер