Бәсеке – рынокты экономиканың негізі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Жетілген бәсеке ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2 Монополистік, жетілмеген бәсеке ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3. ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ РЫНОКТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІ
3.1 Олигополия жағдайындағы бағаның құрылуы ... ... ... ..20
3.2 Монопсония (жеке сатып алушының рыногы) ... ... ... ...21
3.3 Баға алалаушылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
4. ТАУАРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
5. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ІС.ӘРЕКЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ Экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасы
Қорғауға жіберілді
____________________________
Кафедра меңгерушісі _______________
_________________2011 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Экономикалық теория пәні бойынша
Бәсеке - рынокты экономиканың негізі
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Жетілген бәсеке ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2 Монополистік, жетілмеген бәсеке ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 14
3. ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ РЫНОКТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІ
3.1 Олигополия жағдайындағы бағаның құрылуы ... ... ... ..20
3.2 Монопсония (жеке сатып алушының рыногы) ... ... ... ...21
3.3 Баға алалаушылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
4. ТАУАРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
5. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 34
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарық құрылымдардағы кәсіпорындардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор. Сонымен, зерттеу нысаны жетілген бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты - тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу.
Нарық механизмінің негізгі элементі нарықтық баға, сұраныс, ұсыныс және бәсекенің ара қатынасы болып табылады.Сатушылар арасындағы бәсеке күшейген сайын, сатып алушылар сұранысынан тауар ұсынысы өседі, ал нарықтық баға төмендейді. Өндірістің қысқарылуына әкеледі. Ал керісінше, бәсекелестік ортада сатушылар әлсірейді, төлемге қабілетті сұраныс тауар ұсынысынан жоғарылайды. Нәтижесінде баға өсіп, тауар өндірісі тиімді болып кеңейеді.
Тарихи логика тұрғысынан жетілген бәсекелі рынокты талдаудан кейін жетілмеген бәсекелі рынокты зерттеуге көшу қиын емес еді. Жетілмеген бәсекелі рынокты талдауға көрнекті үлес қосқан экономистердің қатарына О. Курко, Э. Чембирлин, Дж. Робинсон, Дж. Хинс және басқалары жатады. Жетілмеген бәсекелі рынокты механизмін анығырақ түсіну үшін рыноктық құрылымдарды жіктеуді қарау маңызды. Солай болғанда жетілген мен жетілмеген бәсекелердің арасындағы айырмашылықтар анығырақ көрінеді.
Нақты жағдайда тек таза (жетілген) немесе жетілмеген бәсекелі таза монополия болмайды. П.Самуэльсонның пікірінше, нақты өмірде монополиялар жетілмеген бәсекенің элементтерімен ерекше қабысуы ретінде көрініс алады.
Монополияны талдауда монополия ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы бар. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз этимологиясынан (моно-біреу, полио-сатамын) шығару дұрыс емес. Нақты өмірде рынокта бір ғана фирма - тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе. Сондықтан таза монополия ұғымы туралы әр уақытта шарттылықтың белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек.
Жетілген бәсеке және таза абсолютті монополия екі логикалық шекті, қарама-қарсы рыноктық жағдайды бейнелейтін теориялық абстракциялар. Бұл үлгілер әрбір осы жағдайларда өз пайдасын барынша көбейтуге ұмтылатын жеке фирманың рационалды тәртібінің шарттарын тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Таза монополияның абстрактілі жағдайлары мынадай маңызды сипаттармен ерекшеленеді:
1. Монополист деген жақын субституттарда (яғни, өзара алмастыратын тауар) жоқ тауарды жалғыз сатушы. Бұл жағдайлардың шарттылығы жоғарыда айтылды.
2. Монополист - сатушы рыноктық қатынастарға тек өз өнімін сатып алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынадай: егер монополист бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Бір қарағанда монополисттің өз өнімінің бағасын төмендетуі туралы пайымдау оғаш көрінуі мүмкін. Өйткені үйреншікті түсінікте монополист ұғымы шамадан тыс жоғары бағалармен байланысты. Монополист фирманың рыноктағы хал-ахуалын түсіну үшін жетілген және жетілмеген бәсекелердің шарттарын тағы да салыстыру керек.
Жетілген бәсекеде фирма (өндіруші) рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға баға деңгейін рынок белгілейді. Осы жағдайда фирма өз пайдасын бағамен айлалы әрекет жасау жолымен емес, жиынтық шығындары барынша аз болатын өндіріс көлемін іздеу арқылы көбейте алады.
Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің сапалық және сандық сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын таурды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Бәсекенің соңғы түрінде тауар өндірушілер демпинг, бойкот саясатын, бәсекелестерін шикізат пен көлікті пайдаланудан тыс қалдыру, тіпті бүлдіргілік, зиянкестік жасау әрекеттері сияқты сан алуан әдістерді қолданады. Бәсекелестіктің бұл түрі тауар өнімінің бір қолға шоғырланып, монополиялық пайда табу мақсатын көздеу саясатында жиі кездеседі. Сондықтан, экономикада мұндай келеңсіздіктердің орын алмауы үшін монополияны тежейтін мемлекеттік органдар арнайы шаралар қарастырып, тиімді бәсекелестікті өрістетуге қолайлы жағдай туғызады. Нарық жағдайында қоғамдық өндірістегі тепе-теңдік бәсекенің көмегімен реттеліп отырады. Бәсекенің бірнеше түрлері бар. Оның ең бастысы бағаны орнықтырып, өнімнің сапасын жақсартуға бағытталады. Бұл нышан нарық экономикасына көшкен елдер арасында кең өріс алып отыр. Оны жүзеге асыру үшін шетелдік озық технологияны өндіріске енгізіп, еңбекті ұйымдастыру дәрежесін жоғарылатып, отандық тауар өнімдерінің сапасын шетелдік тауарлармен бәсекелесе алатындай дәрежеге жеткізу жұмыстары қолға алынған. Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өмір шендігі, оның тауарлар нарығында және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты - баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді. Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.
1. БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Бәсеке, конкуренция (лат. concurrere - қақтығысу) - тауар өндірушілер немесе оны өткізушілер арасындағы көбірек пайда табу жолындағы сайыс. Бәсеке өнім мөлшерін молайтуға, оның сапасын жоғарылатуға, тауар құнының төмендеуіне әсер етеді. Тауар өндірушілер тұрғысынан қарағанда бәсекенің негізгі мақсаты - өз өнімдерін молайту арқылы капитал жинау, баю, өз бәсекелестерінен басым түсу. Осы мақсатқа жету жолында әділ немесе әділетсіз бәсеке түрлері кездесуі мүмкін. Рыноктың мәнді белгілерінің бірі - бәсеке болып табылады. Бәсеке нарықтық қатынас субъектілері арасындағы күрестің немесе бақталастықтың қоғамдық формасы. Бәсеке мақсаты - өндіріс факторлары мен тауарларды таратуға апаратын жақсы жағдайларды ұйымдастыру арқылы қосымша таза табыс алу.Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатып алу сату актісінде көрінеді. Мұңдай ерекшеліктің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.
Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:
* өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;
* өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;
* бәсекеге төзімді өнім өндіру;
* өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;
* пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.
Өнімнің өмір сүру циклі бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің өмір сүру цикліне оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, өмірі жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
* жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;
* өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;
* кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;
* ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.
Бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер өз бәсекелесіне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді бейниетті бәсеке деп атауға болады:
* бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;
* тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
* бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
* тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау;
* бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;
* келісім бойынша өздері ғана білуіне тиісті салаға жататын конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу. Аталған шартбұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген.
Бәсеке шектеулігіне байланысты - жетілген бәсеке нарығы мен жетілмеген бәсеке нарығы (монополистік бәсеке нарығы, олигополия, монополия).
Жетілген бәсеке нарығының ерекшелігі :
* Тәуелсіз фирмалардың көптігі;
* Бағаны қадағалау жоқ. Бағаны нарық белгілейді;
* Тауар деффициті(жетіспеушілігі) жоқ. Сапасы мен құрылымы бойынша тауар түрінің көптігі;
* Нарыққа еркін кіруге және шығуға болады.
Монополистік бәсеке нарығының ерекшеліктері:
* Ұқсас тауарларды және қызметтерді көрсететін фирмалардың көптігі;
* Тауар айырбасына баға шектеуінің әсері;
* Спецификалық нарыққа тауар мен қызметтің дифференциясы;

Олигополия нарығының ерекшеліктері:
* Ұқсас тауарлар мен қызметтерді көрсететін ірі фирмалар бірнешеу;
* Баға лидерінің әсері;
* Кейбір тауарларға баға дифференциясы, бірақ стандартты тауарларға аз;
* Нарыққа кіру қиын. Үлкен инвестицияларды қажет етеді.
Монополия нарығының ерекшеліктері:
* Бір өнім мен бір ірі фирма;
* Баға үстінен толық бақылау;
* Тауар дифференциясы жоқ;
* Нарыққа кіру өте қиын.
2. БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Жетілген бәсеке
Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс - бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:
* жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;
* әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;
* сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;
* сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;
* өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.
Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
* қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
* тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;
* тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
* өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемшіліктері:
* ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
* қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
* ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
* фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
* еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
* әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
Нарық қатынастары қашанда жұп қатынастар болады: сатушы-сатып алушы, т.б. Осы қатынас өндіріс пен тұтынудың байланысын сипаттайтын ұсыныс пен сұраныстың түрін алады.
Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды:
-сұраныс заңы: сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа - азырақ алады;
-ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.
Мысал ретінде сұранысты сатуға дайындалған тауарлардың саны арқылы және олардың бағасы арқылы көрсетейік. Бұнда сұраныстың қисық сызығы мынадай қатаң байланысты көрсетеді: баға кеміген сайын сұраныс өсе түседі. Нарықтық сұраныс осы тауарды осы бағамен сатып алатын барлық сатып алушылардың жиынтық сұранысы болады. Осыны 2-кесте және 1-сурет арқылы байқауға болады.
2-кесте
Пачкадағы шайға сұраныс пен ұсыныс
Баға
Сұраныс
Ұсыныс
Баға
Сұраныс
Ұсыныс
0
40
0
70
20
30
10
35
10
90
10
35
30
30
20
100
5
45
50
25
25
Баға өскенде сұраныс төмендейді, ұсыныс өседі. DD-сұраныс қисығы; SS-ұсыныс қисығы. Сұраныс қисық сызығымен ұсыныс қисық сызықтарын бетестіру арқылы нарықтық тепе-теңдікті белгілеугe болады. Ол DD мен SS қисық сызықтарының түйіскен Е нүктесінде болады. Е нүктесіндегі баға тепе-теңдік баға деп аталады. Осы нүктеде сұраныс пен ұсыныс арасында нарықтық тепе-теңдік орнайды. Баға 25 болғанда А1В1 көлемінде тапшылық пайда болады, баға 70 болғанда АВ көлемінде артықшылық туады. Осыдан қорытынды еркін бәсекеде нарықтың механизм, бағаның ауытқуы мен ұсынылған тауарлардың көлемінің өзгерулері арқылы сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестік орнатады, нарық тепе-теңдікке жетеді.
Микродәрежеде тепе-теңдік жалпы және жеке тепе-теңдік болып бөлінеді.
Жалпы тепе-теңдік - бұл жиынтық қоғамдық өндіріс (тауарлар мен қызметтердің жиынтық ұсынысы) және тұтынуға тағайындалған ұлттық табыс аралығындағы сәйкестік, яғни, халықтың сатып алу қабілеттігі және тауарлар мен қызметтердің ұсынысының бір-бірімен сәйкестігі.
Жеке тепе-теңдік - жиынтық қоғамдық өндіріс жеке өндірушілермен өндірілетін және халықтың белгілі топтарына сатылатын, жеке тауарлар топтарының жиынтығынан тұрады. Жеке тауарлар топтары бойынша жалпы сәйкестік болса да сұраныс жағынан да, ұсыныс жағынан да ауытқу (сәйкессіздік) болуы мүмкін. Жалпы (жиынтық) сәйкестік шеңберінде тауарлардың бір тобының сатылуының өскені, олардың басқа топтарының сатылуының азайғаны болады. Мысалы, еттің сатылуының азаюын нанның сатылуының көбеюімен жабуға болады.
Жалпы тауарлық сұраныс бірнеше бөлшектерге бөлінеді: қоғамның құрылымына байланысты (жұмысшылар және инженер техникалық жұмыскерлер, жұмыспен қамтамасыз етілген еркектер мен әйелдердің, ересектер мен балалардың, жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлердің арақатынастары, т.б.); қоғамдық өндіріске байланысты (тауарлардың әртүрлі тобын өндіру); халықтың әр түрлі тобының ұнатуларына байланысты техника дамуының дәрежесіне және әр түрлі тауарларды өндіру мүмкіндіктеріне байланысты; өндірістік құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына сұраныс дәрежесіне байланысты.
Тұтыну заттарына сұраныстың қалыптасуына қоғамның құрылысы (жұмысшы отбасының, шаруа отбасының, интеллигенцияның, кәсіпкерлердің, т.б. тұтыну құрылымдары) әсер етеді. Тауарлардың жеке топтары бойынша орнаған тепе-теңдік жеке тепе-теңдік болып табылады.
Икемділік сұраныс пен бағаның, ұсыныс пен бағаның, бағалар мен жалақының ара тәуелдігін көрсетеді. Ол бағаның өзгеруіне байланысты, сұраныс пен ұсыныстың өзгеру деңгейінің шапшаңдығын сипаттайды. Сұраныстың проценттік өзгерісінің, бағаның проценттік өзгерісіне еселік қатынасы, бағаға байланысты сұраныстың икемділігі немесе икемділіктің коэффициенті болып табылады.
Ed = %Q %P, немесе %Q Q %P P,
бұнда Ed - бағаға байланысты сұраныстың икемділік коэффициенті;
Q - тауарға сұраныстың көлемі;
P - тауардың бағасы.
Икемділіктің бірнеше типтері болады .
* бірлік икемділік - бағаның әрбір 1 % - ке өзгеруіне сұраныстың көлеміне сәйкес 1 % - ке өзгереді (Ed=1).
Ed = %Q %P = 2% 2% = 1;
* сұраныс көлемінің проценттік өзгерісі бағаның проценттік өзгерісінен тез жүріп отырса сұраныс икемді болады (Ed 1).
Ed = %Q %P = 4% 2% = 2 ;
* икемді емес сұраныс - сұраныстың көлемінің проценттік өзгерістері бағаның проценттік өзгерістерінен төмен болады (Ed1).
Ed = %Q % P = 2 % 4 % = 0.5 ;
* өте икемді емес сұраныс - бұл бағаға қандай өзгеріс жүрсе де, сұраныстың көлемі өзгермегені (Ed=0).
Ed = %Q % P = 0 4% =0 ;
* шексіз икемді сұраныс - бұл баға өте аз өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз көп өзгеруі (Ed = Yen).
Ed = % Q % P = 4 % 0 = Yen .
Келтірілген формулалар мынаны көрсетеді:
* сұраныс көлемінің өсуіне сәйкес баға да пропорционалды түрде төмендеп отырады;
* сұраныс көлемінің өсуі бағаның төмендеуімен салыстырғанда, екі есе жылдам жүреді;
* сұраныс көлемінің өсуі бағаның төмендеуімен салыстырғанда, екі есе баяу жүреді;
* бағаның өзгерісі сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етпейді: тамақ өнімдері (нан, картоп, жарма);
* жалақы көбейгенде, әл-ауқат жоғарылағанда, сұраныстың өсуі мүмкін.
Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады:
Бағаның төмендеуімен байланысты тауарға сұраныс өссе, бірақ тауар өндірушінің жалпы табысы өзгермесе, онда осындай сұраныстың икемділігі бірге тең болады; егер бағаның төмендеуінің нәтижесінде тауарға сұраныс өсуімен қатар тауар өндірушінің жалпы табысы өссе, онда бағаға байланысты сұраныс икемді болады; егер бағаның төмендеуі тауарға сұранысты өсірсе, тауар өндірушінің жалпы табысы төмендесе, онда тауарға осындай сұраныс икемді емес болғаны.
Икемділік өзара алмасатын тауарларды пайдаланумен байланысты болады. Егер тауардың алмастырушылары көп болса, онда баға бойынша сұраныс икемді болады. Егер тауардың алмастырушылары жоқ болса, онда сұраныс икемді болмағаны. Егер белгілі тауардың бағасы төмендеп, ал алмастырушылардың бағасы тұрақты болса, онда бұл тауарға сұраныс өсе түседі, осындай сұраныс икемді болады.
2.2 Монополистік, жетілмеген бәсеке
Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагентерге әсер етеді.
Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғасырға дейін монополиялар шектелген сферада болған. Кейін монополиялау процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырушылық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады - картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, парасаттылық келісімдер, т.б. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия, олигопсония, дуополия, билатералдық монополия.
Монопсония - белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.
Олигопсония - белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.
Олигополия - бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше, ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.
* бірсалалық сауда - өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым;
* ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;
* өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, өндірістік пирамида типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, әдетте олигополия деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорациялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады.
Дуополия - белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мұлде болмайды. Дуополия - бұл олигополияның ең жабайы түрі.
Билатералдық монополия (екі жақты монополия) - тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұлар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады. Мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.
Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшеюі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздеп әрекеттенеді - өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады. Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ бәсекелестік кезінде шығындар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиелінесе түседі.
3-кесте
Нарықтың негізгі түрлері
Сатып алушылар
Сатушылар
Көп
Бірнеше
Бір
Көп
Полиполия (толық бәсеке)
Олигополия (сатушылар-бірнеше, сатып алушылар көп)
Монополия (сатушы-біреу, сатып алушы-көп)
Бірнеше
Олигопсония (сұраныс олигополиясы)
Билатералдық олигополия (сатушылар мен сатып алушылар бірнеше)
Шектелген монополия (бір сатушы, бірнеше сатып алушылар)
Бір
Монопсония (сұраныс монопсониясы)
Шектелген монопсония (бірнеше сатушылар, бір сатып алушы)
Билатералдық монопсония (бір сатушы және бір сатып алуш
Нарықтың осы түрлері 3-кестеде көрсетілген.
Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты өте күрделі болады. Біріншіден, бүгінгі жағдайда, монополияның тұтынушылар мен потенциалдық бәсекелестері туралы толық ақпараты болады. Екіншіден, монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысының қалыптасуына елеулі әсер тигізеді, өйткені ірі монополиялар үшін жарнаманы пайдалану жеңілірек түседі. Үшіншіден, монополия өзінің саяси және қаржылық салаларындағы байланыстарын пайдаланып, тапсырма берушілерге (мемлекеттік мекемелерге немесе контрагенттердің компанияларына) елеулі ықпал етеді. Осы жағдайлар, әдетте, бәсеке процесіндегі қауіпті төмендетеді және монополиялық пайда түсуін қамтамасыз етеді.
Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми-техникалық тіресу, өнеркәсіптік-өндірістік тіресу, сауда-саттық тіресу (сайысу).
Ғылыми-техникалық тіресу. Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:
- жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;
- ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.
Ғылыми-техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады:
1. Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді: бәсекелес фирмалар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді; ҒТП әкеле,тін пайда ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп, пайданы барлық фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады.
2. Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар енгізудің арқасында таза монополистік тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі блады.
Бұнда екі жағдай қолданылады - ауқым нәтижесі және х - тиімсіздік түсінігі.
Ауқым нәтижесі. Көп фирмалардың өндіріс көлемі, олардың әрқайсысына масштабтың өсуінен болып тұрған нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал технология және өндіріс шығындары берілген болғанда көп бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық сұраныс жетімсіз болуы мүмкін. Бұндай жағдайда нарыққа қатынасы жағынан фирма ірі монополистік болуға тиісті, шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін өндіріс шығындары төмен болғанда өнімді тиімді өндіруге қабілетті болуы керек.
Х -тиімсізідік Әдетте, өндіріс шығындарын зерттегенде, мына жағдай болады деп есептеледі: барлық технологиялардан фирма ең тиімдісін, шығарылымның әр дәрежесінде оған орташа шығындардың барынша төмен шамасын жұмсауын қамтамасыз ететінін таңдап алады деп. Ал нақты өмірде, фирманың қандайы болмасын, шығындарды төмендетудің бар мүмкіндігін толық қолданбайды. Шығындарды орташа шығындардың ең төмен дәрежесіне жеткізудің потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін Х-тиімсіздігі түсінігі енгізілген. Бұл мына жағдайда орын алады - өндірістің көлемі қандай болмасын, фирманың нақты шығындары минималдық мүмкін шығындардан артық болғанда. Осындай артықшылық фирма кәсіпкерлік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz