Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

«Есеп, аудит және қаржы нарығының индикаторлары» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті

Орындаған: «Есеп және аудит» мамандығының

күндізгі оқу бөлімінің 4-курс студенті

Оментаев Қ. Қ.

Ғылыми жетекші:

ҰҒА акдемигі Нарибаев К. Н.

Диплом жұмысы Мемлекеттік Аттестациялық Комиссиясының алдына қорғауға жіберілді

«Е, А және ҚНИ» кафедрасының

меңгерушісі, э. ғ. д., профессор Айманова Л. Б.

Алматы, 2008

Жоспар:

Кіріспе . . . -3

I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері

1. 1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама. . -5

1. 2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру . . . -7

II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі

2. 1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама . . . -24

2. 2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру . . . -26

III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті

3. 1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау . . . -53

3. 2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру . . . -69

Қорытынды . . . -76

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . -78

Қосымша беттер

Кіріспе

Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асы- рудағы басты мақсаты - пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе - ол капиталдың жеткіліктілігі. Менің дипломдық жұмысым осы капитал жайында болмақ.

Мен дипломдық жұмысымның тақырыбын «Ұйымның меншікті капита- лының есебі, талдауы және аудиті» деп таңдаған себебім - ұйымның шаруа- шылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық түрақтылығына әсер ететін бірден-бір экономикалық категория ол-меншікті капитал. Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кә- сіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі үйым- ның меншікті капиталы болып табылады. Меншікті капиталдың есебі бухгал- терлік есепте ең бір негізгі орын алады, өйткені ұйымның шаруашылық қыз- метін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көзі ол - ұйымның мен- шікті капиталы. Ал меншікті капиталдың талдауын жүргізу - меншікті капи- талдағы өзгерістерді орынды бақылап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын сақ- тап қалуға әсер етеді. Әрбір ұйым үшін анықтап алатын мәселе - шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы капиталының жеткіліктілігі, бос тұрған ақша-қаражаттарын айналысқа жібере отырып, эконмикалық өсуге жағдай жа- сау. Бұл мәселе дипломдық жұмысымда зерттеген «Байсерке Агро» ЖШС-гі үшін және де қазіргі кризистік жағдайда барлық ұйымдар үшін үлкен мәселе болып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Байсерке Агро» ЖШС-гі туралы мәлі- меттерді пайдалана отырып, ұйымның меншікті капиталының есебін, талдауын және аудитін зерттеу.

Осы қойған мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

1. Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама беру;

2. Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;

3. «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатын қарастыру;

4. «Байсерке Агро» ЖШС-нің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;

5. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталына талдау жасау;

6. Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыруды зерттеу.

Дипломдық жұмысты жазу барысында ҚР заңнамалық актілерін, отандық және шетелдік экономистердің осы тақырыпқа арналған еңбектерін және өзім өндірістік іс-тәжірибеден өткен «Байсерке Агро» ЖШС-гі жайлы мәліметтерді пайдаландым.

I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері

1. 1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылған- дағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын ал- ғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қарал- ған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшылары- ның, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға үлестері- нен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қыз-мет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Кәсіпорын мүлкінің құрамы. Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқару- шы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөліне- ді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналыстан тыс) актив- тер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөлінеді.

Негізгі активтер (айналымнан тыс) негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның мате- риалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша-қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебитор- лық борыштар және басқа активтер жатады. Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері. Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • бөлінбеген табыс;

Кәсіпорынның жарғылық капиталы - қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құралады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қыз- метін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрыл- тайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Кәсіпорын өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жар- ғылық капиталы мынадай түрлерге бөлінеді:

Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері) .

Жарғылық капитал мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрыл- тайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тір- келуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгі- зілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Қосымша төленген капитал - ұйымның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал - кәсіпорынның өзінің меншітіндегі не- гізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құ- нының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның жарғысында қаралады (көрсетіледі) .

Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағытарға пайдаланған сомаларын шегеріп таста- ғандағы қалған бөлігі болып табылады.

1. 2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру

Жарғылық капиталдың есебі. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жай және артықшы- лығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның серіктестіктердің, өндірістік кооператив- тердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқығы бар.

Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салым- дары, ақша да, бағалы қағащдар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интелектуалдық қызметтің нәтижесінде берілген құқын да қоса ал- ғанда) болуы мүмкін.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдар- дың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі ке- рек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

Шаруашылық жүгізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылар- дың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде субъектіге пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке са- лым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептеуге жатқызуына болмайды.

Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең бо- лады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берілген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25℅-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жар- ғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жина- лыстың шемімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктің қатысушылары белгіленген мер- зімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзі- нің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жар- ғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атау- лы) құнына тең болады. Ұйым өзінің шығады деп жариялап қойған акция- ларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25℅ тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акцио- нерлік қоғам үшін - бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін - жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.

Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған саны- ның шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесі- нің шешімен белгіленеді.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шыға- рылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған жә- не жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған ак- цияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгілен- ген минималды деңгейден төмен болмауы керек.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орна- ластырып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жария- ланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредитор- лар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттан- дырады:

- дивиденттер алуын;

  • қоғамды басқаруына қатысуын;
  • қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатынын;

Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазу- лы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта - акционерлік қоғамның акционерлерінің тізі- мінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құнын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5020-шы «Жай ак- циялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар», 5030-шы «Салымдар мен жарналар» шоттары енетін 5000-ші «Жарғылық капитал» деген шоттар бөлім- шесінде жүргізіледі.

5000-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 5000-ші бөлімшесінің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.

5000-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша операция- ларын қарастырайық.

5020-шы «Жай акциялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар» шот- тарының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салы- натын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші «Төленбеген капитал» шотымен корреспонденцияланады.

Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номинал- дық құны төленсе, онда ол: 1030; 1010 дебеті бойынша және 5110 шотының кредиті бойынша көрініс табады.

Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 2730; 2410; 1310; 1320; 1330; 1350 және 5110 шоты кредит- теледі.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бұл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір бөлімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 1270 «Есептелген пайыз» шотының дебеті бойынша және 6110 «Акция бойын- ша дивиденттермен пайыз түріндегі табыс» шотының кредиті бойынша көр- сетіледі.

Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіс- пей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5110 шоты дебет- телген және 5030 шоты кредиттелген - қызылмен жазылады.

Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сома- сы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.

Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капиталда азаяды, демек: 5030 шоты дебеттеледі де, 1030, 1010, 2730, 2410, 1310, 1320, 1330 шоттары кредиттелінеді.

Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5020, 5010 шоттары дебеттеледі де, «Қайтып алынған капитал» шоты кредиттеледі.

Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі. Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-шы «Төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

5110 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капиталы» ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарын- да болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.

Сондай-ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталды тіркейді (акцияларды, обли- гацияларды, кепілдік парақтарды т. б. ), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5110-шы «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5000-шы «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары - 5020-шы «Жай акциялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар» (акционерлік қоғамдарда) және 5030-шы «Қосқан үлестер және жарналар» (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.

Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5110-шы «Төленбеген капитал» шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

  • материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде - 2730 шоты;
  • жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жар- ғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде - 2410 шоты;
  • материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу ке- зінде - 1310, 1320, 1330;
  • ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде - 1010, 1030 шоттары дебеттеледі.

Егер де 5110 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

5110-шы шот бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.

Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам акцио- нерлердің жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең тө- менгі деңгейден кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы көлемін қысқарту жөнінде шешім қабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыру- ға міндетті.

Сонымен қатар, АҚ-ның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын тол- тыруды талап етуге құқылы. Егер мұндай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүд- делі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған шот шешімдері қажет.

Бұл жағдайда АҚ өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшы- ларына олардың мүдделігі мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сон- дықтан өз акцияларын нарықтық айналымға шығарады.

«Қайтарып алынған капитал» шоты 5020 және 5010 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.

«Қайтарып алынған капитал» шотының дебеті акционерлердің меншігін- дегі акцияларды қайтып сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: «Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де және 1010, 1030, 1060 шоттары кредиттеледі.

Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша да, номиналдық құннан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:

1. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық (атаулы) құнға тең болған жағдайда: «Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де және 1010; 1030 шоттары кредиттеледі.

2. Сатып алынған акцияның құны номиналдық құннан төмен болған жағ- дайда:

- сатып алу құнына:

«Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де және 1030; 1010; 1060 шоттары кредиттеледі;

- сома айырмасына, яғни акциялардың құны номиналдық құннан аз болған жағдайда:

«Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де және 5510 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты кредиттеледі (яғни ақша-қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда оларға қосымша қаражаттарды қосады) .

3. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық құннан жоғары болған жағдайда:

- сатып алу құнына:

«Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де, 1010, 1030, 1060 шот- тары кредиттеледі;

- сома айырмасына, яғни акцияның құны номиналдық құнынан артық бағаға сатып алынған жағдайда:

5510 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты дебеттеледі де, «Қайтарып алынған капитал» шоты кредиттеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Metrocom Service» ЖШС
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
JPK Corporation ЖШС
Кәсіпорынның жарғылық капиталға
Кайс Астана ЖШС ұйымының жалпы сипаттамасы, қаржылық талдау
Банктің қызметіндегі табыстар мен шығындардың сипаттамасы
Қаржылық есеп, талдау және аудит
Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне талдау
Кәсіпорынның шаруашылық – қаржылық қызметі. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz