Кәсіпорындарда меншікті капитал есебін жүргізу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 Ұйымдарда меншікті капитал есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері
1. 1 Меншікті капиталдың экономикалық маңызы және оны қалыптастырудың ерекшеліктері . . . 7
1. 2 «ЭЛИКА» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері . . . 12
1. 3 «ЭЛИКА» ЖШС-нің бухгалтерлік есеп жұымысы және салық-есеп саясаты . . . 18
2 Кәсіпорындарда меншікті капитал есебін жүргізу
2. 1 Жарғылық капитал және оның бухгалтерлік есебі . . . 23
2. 2 Резервтік капиталды қалыптастыру және оның есебі . . . 27
2. 3 Ұйымның бөлінбеген пайдасының (жабылмаған зияны) есебін жүргізу . . . 28
3 Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті
3. 1 Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілікті дайындау тәртіптері . . . 34
3. 2 Аудитті жүргізу әдістемесі . . . 37
3. 3 Ұйымның жарғылық және резервтік қоларының есебін аудиттеу . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
ҚОСЫМШАЛАР . . . 61
КІРІСПЕДиплом тақырыбының өзектілігі меншікті капиталдың тәжірибе жүзінде ұйымның қызмет саласында үлкен мән алады, сонымен қатар меншікті капитал шаруашылық қызметке қажетті материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығын айқын көрсетеді.
Нарық шартында кәсіпорын, кредиттік мекемелер және тағы да басқа иелік ететін объектілер мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдалану арқылы келісім шартқа түседі. Бұл қарым-қатынас сенімді болуы үшін қатысушылар өздеріне қажетті қаржылық ақпараттарды алып және пайдаланып отыруы қажет. Ақпараттардың сенімді болуы аудитормен тексеріліп жүргізіледі.
Коммерциялық ұйымның, кәсіпорындардың негізгі мақсаты табыстың көлемі неғұрлым жоғары алу болып саналады. Меншік иелерінің капиталға салған салымдарының кері қайтарылымы кәсіпорыннан тыс саладан түскен табыстың көлемінен кем болмауы керек.
Сонымен қатар, жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың негізгі мақсатының бірі - табыс көзін сақтап қалу, соның ішінде меншікті капитал. Меншікті капиталдың сол кәсіпорын өзінің әрі қарай жұмыс жасау қабілетін сақтап қалу үшін орны жоғары.
Меншік иелері, соның ішінде ұжымдық меншік иелері- акционерлер, сонымен қатар кредиторлар өздігінен көптеген кәсіпорын операцияларының жүргізілуіне, қорытынды есептердің жүргізілуіне қатысып, бақылай алмайды. Сондықтан олар квалификациясы бар тәжірибелі мамандардың қызметін пайдаланады. Аудиторлық қызмет - сенімді қаржылық ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын және сол кәсіпорындағы қызметтерді жүргізуде сақталынатын заңдылықтар және қызметтердің нәтижесі туралы ақпараттар мемлекетке салық салу және экономика саласында шешімдер қабылдау үшін қажет. Ақпараттардың сақталуы нарықтағы капиталдың тиімді жұмыс жасауын жоғарылатады, сондай-ақ экономикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі және баға береді.
Меншікті капитал тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады. Меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығы.
Шаруашылық субъектісі алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасының заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъект құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде акционерлік қоғамға қосқан үлестерінен құралады.
Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа көздерден, тегін түскен мүліктермен, ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Меншікті капиталдың есебі және аудиті деп аталатын дипломдық жұмысымды талдау барысында меншікті капиталдың көптеген түсініктерімен таныстым. Бухгалтерлік есепте меншікті капитал: жарғылық капиталдан, қосымша капиталдан, резервтік капиталдан және өзге де меншікті капиталдан тұрады. Дипломдық жұмысым осылар негізінде жазылады.
Зерттеу пәні меншікті капитал, сонымен бірге меншікті капиталдың құрылымы, түрлері, пайдаланылуы және оны аудиттеу тіртіптері қарастырылады.
Зерттеу объектісі ретінде «Алматы Пана LTD» ЖШС алынды.
Диплом жұмысымның мақсаты меншікті капиталдың есебін, аудитін талдау және анықтау, аудиторлық қорытынды беру.
Жоғарыдағы атылған міндеттерге қол жеткізу үшін дипломдық келесі міндеттер алға қойылды:
- меншікті капиталдың экономикалық мазмұнын ашу;
- кәсіпорындағы жарғылық капиталдың есебін қарастыру;
- кәсіпорындағы резервтік қордың есебін қарастыру;
- ұйымның бөлінбеген пайда немесе жабылмаған зиян есебін зерттеу;
- меншікті капитал қозғалысы бойынша операцияларды аудиттеу тәртіптерін қарастыру.
Дипломдық жұмысымның әдістемелік базасы. Дипломдық жұмысты орындау барысында ҚР-ның заңдылық және нормативтік актілері, бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі әдебиеттер мен материалдар, ұйымның есеп-салық саясаты мен бухгалтерлік есеп мәліметтері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1 Ұйымдарда меншікті капитал есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері
1. 1 Меншікті капиталдың экономикалық маңызы және оны қалыптастырудың ерекшеліктері
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары мен алажақтары болуы керек. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы меншікті капитал болып саналады. Ал, қаржы есептерін әзірлеп тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздемеде меншікті капиталға былайша анықтама береді: меншікті капитал- бұл субъектілердің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активі. Шаруашылық субъектісі алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасының заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс, және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнын құрайды. 1-«Қаржылық есеп беруді дайындау және ұсыну» қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес меншікті капиталға мыналар жатады [1] :
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- қосымша төленген капитал;
- бөлінбеген пайда немесе жабылмаған зиян.
Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.
Жарғылық капитал - меншік иесі субъектінің (кәсіпорын) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестицияланған қаржыларының сомасы болып саналады. Жарғылық қор мүшелері субъектінің жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген өкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мүшелері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін [2] .
Жарғылық капитал экономикалық субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол кәсіпорынның негізгі элементі болып саналады. Себебі ондағы өзгерістер белгілі бір заңдылықтарға сәйкес жасалынады. Кәсіпорынның жарғылық капиталы оның жарғылық міндеттемелерін орындауға қажетті қаржының құралу көзі. Жарғылық капитал өндірістік қызметтің пайда табу мақсатындағы алғашқы капиталы және де кәсіпорынның меншік иелерінің алғашында кәсіпорынды құруға жұмсаған қоры. Кәсіпорынның меншік иелері заңды және жеке тұлға ретінде қызмет атқара алады. Жарғылық капиталдың қалыптасуы кәсіпорынның құрылуымен және оның ұйымдық-құқықтық формасымен байланысты болып келеді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында әр кәсіпорынның жарғылық капиталының қалыптасу ретін қатаң бақылап отырады.Жарғылық капиталдың кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасына сәйкес мынадай түрлері болады: жарғылық капитал, жарғылық қор, жинақ капиталы [3] .
Жарғылық капитал - салымдардың ақшалай өлшемінің жиынтығы. Шаруашылық қоғамның мынадай түрлері бар: акционерлік қоғам, ЖШС және тағы да басқалары.
Жинақ капитал - заңдылықтар бойынша жарғы қабылданбаған, яғни тек құрылтайшылық құжаттары бар кәсіпорында қалыптасады. Бұларға толық және сенім шаруашылық серіктестіктері жатады. Жинақ капитал құрылтайшылардың салымдары негізінде құрылады.
Жарғылық қор - кәсіпорын меншік иелерінің кәсіпкерлік қызметін іске асыруға қажетті мүлігі болып саналады. Жарғылық қор мемлекеттік және жергілікті кәсіпорында жарғылық капитал немесе жинақ капитал есебінде жүреді.
Қазіргі кезде кәсіпкерлік қызметтің ең көп тараған түрі олар акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер болып табылады.
Акционерлік қоғамның заңды меншігі оның акционерлеріне тиісті емес. Егер акционерлік қоғам дағдарысқа ұшыраған жағдайда және олардың қарыздары қолда бар мүліктің құнынан жоғары болса, онда акционерлер қарыздық міндеттемелер мен қарыздық шығындар бойынша жауап бермейді. Жарғылық капитал кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігіне кепілдік беретін мүлкінің ең аз мөлшерін анықтайды.
Акционерлік қоғамдар ереже бойынша ұйымдық немесе корпоративтік меншікке ие болады. Меншік иелері болып заңды тұлға, жеке тұлға, салымшылар ұжымы және акционерлер корпорациясы табылады. Жарғылық капитал меншікті капиталдың қалыптасуының негізгі аспектілеріне әсер етеді.
Акция - құнды қағаз, акция иелері акционерлер жиналысына қатысуға және одан белгілі бір сомадағыпайда, яғни дивидент алуға құқылы. Шығарылған акциялар тіркеуден өтуге тиіс.
Акционерлік қоғамның жиналысы құрылтайшылармен шешіледі. Құрылтайшылар жиналысында жарғы, құрылтай келісім-шарты және де акцияның ақшалай құны бекітіледі. Жарғыда аталуы, өткен орны, көлемі, акцияның түрі және номиналдық құны, жарғылық капиталдың құны, қызмет түрі, құрылымы, қоғамды басқару органдары және олардың шешімдері, тағы да басқалары. Жарғылық капиталдағы елеулі өзгерістер акционерлердің қатысуымен шешіледі және мемлекеттік органдарда тіркелуі керек [2] .
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына кіретін мүлкін ақшалай бағалау жалпы қатысушылардың өзара келісімімен жүзеге асады, ал төленуге тиіс қосымша акциялар мен өзге де бағалы қағаздар қоғамның директорлар кеңесімен бекітіледі. Осыған сәйкес директорлар кеңесі мүліктің жарғылық капиталға кіретін нарықтық бағасын белгілеу керек. Акционерлік қоғамның мекемеге кіретін мүліктік құны жалпы қатысушылармен төленетіндігіне көңіл аудару қажет. Бұл кезде осы қоғамның жарғылық капиталға кіретін мүлкі директорлар кеңесінің құны басым даусымен анықталады (директорлардың жартысынан кем емес даусы) .
Шаруашылық қызмет үрдісінде қоғамда жаңа мүліктер пайда болуы мүмкін немесе активтер көлемі ұлғаяды.
Мұндай мүлік көздерінің есебі немесе құнының өсуі бухгалтерлік есепте қосымша капитал деген ұғыммен енгізілген. Ол есеп объектісі сияқты инфляциялық процедураның болуына байланысты қоғамның бухгалтерлік есеп стандарттарындағы бағалау әдістерінің өзгеруінен пайда болады.
Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы құнынан (номиналдық) артық құнымен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды [4] .
Қосымша төленбеген капитал - негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалағанда олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқалардан туындайды [5, 113 б] .
Қосымша капиталға кіретін ұйым табыстары ұйымның меншікті капиталын көбейтеді, бірақ есептілік кезеңде қоғам қызметінің қаржылық жағдайына әсер етпейді [5, 13 б] .
Мысалы: ұйым жоғары құнды ғимаратты иелігіне өтеусіз алуы мүмкін. Осыдан оның мүлкі мен капиталы өседі, бірақ есептілік кезеңде ұйым қызметінің қаржылық жағдайы зиян болып табылады. Қаржылық жағдайдың қызметіне кірмейтін табыстар салықтық есепте мыналарға жатады: салық салынатын түсімді есептеу барысында қосымша капиталға кіретін табыстар салық салынатын түсімге қосылады.
Қосымша капитал мынадай жолдармен құралады:
1) Қайта бағалау бойынша ұйымның айналымнан тыс активтерінің негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді қаржылық салымдар және өзге де капиталдық салымдар құнының өсімі;
2) Заңды және жеке тұлғалардан өтеусіз алынған мүліктерімен ақша қаражаттары;
3) Сату-сатып алу сомасының айырмашылығымен акцияның номиналдық құнының сомасы есебінен акцияның қосымша эмиссиясы немесе акциялардың номиналдық құнының жоғарылауы номиналдық құнынан асатын баға қызметі бойынша;
4) Ұйым қоры және табыс есебінен құралған айналымнан тыс активтердің құнының өсімі;
5) Ұйымның жарғылық капиталына шетел инвесторларынан салынған оң бағамдық айырмашылықтың көрінуі.
Қосымша капитал тек қана жоғарыда көрсетілгендер бойынша құралмайды. Қосымша капиталға не қосу керектігін және оны қалай пайдалану керектігін тиісті ережелерді дайындайтын ұйымның иелері шешеді. Бұл ережелер құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасында көрінуі тиіс және кейін ол есептеу саясатында бұйрық болып беркітіледі.Резервтік капитал - келешекте болуы мүмкін зияндар мен шығындардың орнын толтыруға арналып, шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан бөлінген меншікті капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен шаруашылық субъектісінің жарғысында қаралады.
Резервтік капитал болашақта көрінбеуі мүмкін шығыстар мен зияндарды жабатын кәсіпорынның құқтары және құрылтайшылардың құжаттары арқылы пайда болады. Резервтік капитал - бұл кәсіпорынның үзіліссіз жұмысына кепілдік беретін және үшінші жаққа қарайтын қосымша қаржы көзі болып табылады. Мұндай қаржы көздерінің болуы кәсіпорындарға өзінің міндеттемелерін жабу мүмкіндігін береді 4 .
Резервтік капитал қанша жоғары болса, соншалықты мөлшердегі зияндар өтелуі мүмкін және кәсіпорын басшылығы зияндарды анықтауда реттеу мүмкіндігін алады. Резервтік капитал міндетті және міндеті емес тұлғалардан құралады.
Қазіргі кезде акционерлік қоғамдар мен шетелдік инвестициясы бар кәсіпорындарда резервтік капиталды қалыптастыру міндетті болып саналады. Егер құрылтайшының құжатарында резервтік капиталды құру туралы бөлім қабылданбаса, онда оны құруға құқысы жоқ. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансында міндетті резервтік капиталдың жеткіліксіз көлемі түсімнің жеткіліксіздігін немесе зиянды жабу үшін пайдаланылған резервтік капиталын көрсетеді.
Акционерлер жиналысында құрылған резервтік капиталдың минималды шегі болады. Бұл резервтік қордың көлемі кәсіпорынның жарғылық капиталдың кем дегенде 15 пайызын құрауы керек. Ал шетелдік инвестициясы бар кәсіпорындарда жарғылық капиталдың кем дегенде 25 пайызынан кем емес. Резервтік капиталдың көлемі кәсіпорын табысының 50 пайызынан кем емес түрінде құрылуы керек [6] .
Резервтік қор капиталы есептік жылдағы баланс шығындарын, облигацияларды жабу және басқа құралдар болмаған жағдайда акционерлік қоғамның акциясын сатып алу үшін қалыптасқан.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кез-келген кәсіпорынның қаржылық нәтижесі пайда немесе зиян болып табылады.
Пайда тауардың сату бағасы мен оның толық өзіндік құны арасындағы айырмашылық, яғни таза табысы. Кәсіпорынның қорытынды көрсеткіші - пайдадан, тұтынылған өндіріс құрал-жабдықтарына жұмсалған шығындар мен қызметкерлердің еңбегіне төленген ақның орны жабылады. Пайда көлемі сатылған
өнім мөлшеріне және сапасына, өнімнің өзіндік құнына, сату бағасына және басқа түрдегі түсім мен шығынға байланысты. Пайданың бір бөлігі кәсіпорынның өзінде қалады, ал екіншісі мемлекеттік бюджетке түседі. Егер кәсіпорын шығынмен жұмыс жасаған жағдайда, ол шығынды жабу көздері анықталады.
Бөлінбеген пайда дегеніміз - кәсіпорынның таза табысынан мемлекеттік бюджетке төленетін салықтарды алып тастағаннан қалатын пайда. Бухгалтерлік есепте бөлінбеген пайда құрамына кәсіпорын акционерлерінің дивидент түріндегі пайдасы да кіреді [7] .
Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы акционерлерге дивидент төлеуге және резервтік қорға аудару үшін пайдаланылады. Кәсіпорын өзінің есепті саясатына байланысты бөлінбеген пайдасын алдын-ала жоспарланған іс-шараларды да қаржыландыруға жұмсауы мүмкін.
Бұл іс-шаралар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Өндірістік мақсаттағы іс-шараларда кәсіпорын қаржысы өндірісті ұлғайтуға, жаңа технологиялар сатып алуға жұмсалса, өндірістік емес мақсаттағы іс-шараларда кәсіпорын қаржысы өзінің қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету, олардың әлеуметтік жағдайын көтеруге жұмсалады.
Арнайы салаға арналған қорлар кәсіпорынның меншік иелерінің тағайындаған нормасы бойынша қалыптасады. Олар заң бойынша жинақтаушы қор, әлеуметтік сфера қоры және тұтыну қоры болып бөлінеді.
Кәсіпорынның жинақтаушы қоры төмендегідей мақсаттарға жұмсалады:
1) Жаңа объектілердің құрылысы мен өндірісті ұлғайту, қайта құруды қаржыландыру;
2) Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
3) Акция, облигация және басқа құнды қағаздарды шығарумен байланысты шығындар;
4) Инвестициялық қор, біріккен кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар мен ассоциациялар құруға төленетін жарна;
5) Табиғатты қорғауға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру.
Тұтыну қорының жинақтаушы қордан айырмашылығы, ол қызметкерлерге материалдық көмек көрсету мен оларды әлеуметтік жағынан қамсыздандыруға жұмсалады. Арнайы салаға арналған қаржы акционерлердің бекіткен сметасы бойынша жұмсалады.
Тұтыну қоры қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қорғауға арналады. Олар: санаторияларғажолдама беру, материалдық көмек беру, сыйақылар, балаларға жолдама беру, жолда тегін жүру құқығы, тұрғын үй құрылысы және тағы да басқалары.
Әлеуметтік сфераға арналған қаражат әлеуметтік сфераны дамытуға жұмсалады. Мысалы: тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, бала-бақшалар, демалыс орындары.
Сонымен, бөлінбеген пайда (табыс) - шаруашылық субъектісінің жалпы табысының барлық шығындарын өтегеннен кейін, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.
Бухгалтерлік есепте меншікті капиталдың әрбір элементі бөлек синтетикадық шоттарда есептеледі. Ондағы өзгерістер, қозғалыстар тиісті заңдылық және нормативтік актілермен реттеледі, шектеледі.
1. 2 «Алматы Пана LTD» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері
«Алматы Пана LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылы ҚР Әділет басқармына тіркеліп, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодесі және Жеке кәсіпкерлік қызметі туралы заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін құрылған болатын. ЖШС ҚР салық Кодесіне сәйкес толық қаржы және салық есебін жүргізеді.
Серіктестіктің ҚР есеп айырысу шоты, салықтық тіркеу нөмірі, өзінің жарғысы және балансы бар. Серіктестіктің негізгі қызмет мақсаты табыс табу болып саналады. Бұл серіктестіктің негізгі қызметі оның жарғысына сәйкес Алматы қаласы тұрғындарға көтерме және бөлшек сауда арқылы халық тұтынатын тауарлар сату, күзет қызметі, сервистік жөндеу мен монтаждау, автокөлік арқылы жүктер мен жүргінщілерді қалааралық тасымалдау, құрылыс, өндірістік техникаларды жалға берумен айналысады.
Серіктестіктің жылдық қаржылық есептемелерінің дұрыстығын, сондай-ақ оның істерінің ағымдағы жағдайын тексеру мақсатында және оны растау үшін серіктестік, оның директоры және оның қызметіне басқа да мүліктік мүдделеріне қатысы жоқ тәуелсіз аудиторларды тартуға құқығы бар.
«Алматы Пана LTD» ЖШС Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы заңына сәйкес заңды тұлға болып табылады. Серіктестік өз атынан келісім жасауға, сондай-ақ мүліктік және жеке мүліктік емес мәмілелерді жүзеге асыруға құқылы. Ұйым өзіне тиесілі мүлікпен барлық міндеттемелеріне жауапты болады.
Кез келген ұйымның қаржы-шаруашылық жағдайын бағалау үшін, баланс активтері мен олардың қалыптасу көздерімен қатар, олардың технико-экономикалық көрсеткіштері арқылы талдау орынды. Сонымен, зерттеу жүргізілген ұйымның мәліметтері негізінде оның технико-экономикалық көрсеткіштерін 1 кесте арқылы талдау жүргізе аламыз.
Зерттеу жүргізілген «Алматы Пана LTD»ЖШС 2010 жылғы қаржылық қызмет қорытындысы пайдамен аяқталып отыр. Егер ұйым 2010 жылы жұмыстарды мен қызметтерді өткізуден түсімді өткен жылмен салыстырғанда 13 428 450 теңгеге немесе 16, 32 пайызға артық алған болса, соған сәйкесті өткізілген өнімнің өзіндік құны да 5 193 870 теңгеге немесе 13, 15 пайызға жоғарылап отыр.
Ал кезең шығындары 19, 1 пайызға төмендеген. Ұйымның таза табысы 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 60, 7 пайызға дейін төмендеп отыр. Оның себебі, өткізілген өнімнің өзіндік құны, яғни ұйымның өндірістік шығындары жоғарылап отырғанымен түсіндіруге болады.
Бұл кестеден зерттеу жүргізілген ұйымның қаржылық жағдайын жақсы деңгейде деп айтуға болады. Дегенмен де, ұйымның банктік кредиторлар алдындағы борышы жоғарылап отыр, соған байланысты олардың алдында тұрған негізгі міндеттің бірі, ұйымның қзымет көрсету көлемін ұлғайта отырып, кредиторлар алдында борыштарын уақытында өтеу болып саналады.
1 кесте - «Алматы Пана LTD» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz